Күні ___________
Сыныбы ____7_______
9 сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Молекулалардың қозғалысы. Диффузия. Дене температурасының молекулалар
жылдамдығына тәуелділігі.
Сабақтың мақсаты: 1. Диффузия құбылысын, оның пайдалы, зиянды жақтарын түсіндіружәне
температураға анықтама беру.
Оқушыларды өнегелі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуіңе ықпал ете отырып,
оқушылардың ойлау қабілеттерін қалыптастыру.
3. Білімділікке, шыншылдыққа, өзін-өзі сыйлауға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер: су, бояу түйіршіктері, термометр, 27-сурет ,нтерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: биология, химия
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығын тексеру, назарын сабаққа аудару, сабақ мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Атомдарды құрайтын бөлшектер қалай аталады ?
2. Заттарды құрайтын бөлшектер қалай аталады ?
3. Молекула дегеніміз не ?
4. Су молекуласының құрамы туралы не білесіңдер?
5. Табиғатта атомдардың неше түрі бар? Заттардың сан алуандығын қалай түсіндіруге борлады?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Көптеген тәжірибелер заттар мен денелерді құрайтын бөлшектердің үздіксіз қозғалыста болатынын дәлелдеді. Мысалы, өткір иісті затты бөлмеге алып кірсе, оның иісі тез арада бөлме ішіне таралып кетеді. Бұдан затты құрайтын ұсақ бөлшектер үздіксіз қозғалыста болады деп жорамалдауға болады.
Молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалыстары салдарынан жанасып тұрған заттардың бөлшектерінің бір-біріне өтіп таралуын диффузия деп атайды.
Қатты денелерде де диффузия құбылысы байқалады.
Мысалдар айта кетемін.
Тұрмыста, табиғатта және адам мен жан-жануарлар әлемінде диффузияның пайдалы да, зиянды да жақтары бар. Мысалы, ауадағы оттегі суға диффузия арқылы өтетіндіктен, ондағы жануарлар дем алып, тіршілік ете алады.
Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады: денелерді құрайтын бөлшектер бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалыста болады. дене көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып тұрады.
Ауаның жылынуы мен салқындауы, мұздың еруі, судың буға айналуы, металдардың балқуы, газдардың сұйылуы – осылардың барлығы да денелердің жылулық күйініңі өзгерісін білдіреді.
Дененің немесе заттың жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама температура деп аталады. Денелердің температурасын термометрмен өлшейді. Температураны өлшегенде Цельсий немесе Кельвин шкалалары қолданылады. Температураның өлшем бірлігін градус деп атайды. Цельсий шкаласындағы градус деп, ал Кельвин шкаласы бойынша деп белгіленеді. Денелердің температурасы тұрмыста Цельсий шкаласында көрсетілген градуспен өрнектеледі. Ғылыми зерттеулерде көбіне Кельвин шкаласын пайдаланады.
Көптеген тәжірибелер денелердің температурасы олардың құрамына кіретін молекулалардың қозғалыс жылдамдығына байланысты өзгеретінін дәлелдеді. Мысалы, қант пен тұз суық суға қарағанда ыстық суда тезірек ериді. Оның себебі: ыстық судың молекулалары салқын судың молекуласына қарағанда жылдамырақ қозғалады. Сөйтіп қант бөлшектерін ыстық су молекулалары жиі-жиі соққылап, тездетіп ерітеді.
Екі металды түйістіріп, балқыта қыздырсақ, олар бірімен-бірі берік тұтасасып қалады. Өйткені молекулалардың қозғалыс жылдамдығы артады да, екі металдың бөлшектерінің бір-біріне өтуі шапшаңдайды. Бұл құбылысты шеберханадағы ұсталар металдарды өңдеп, әр түрлі бұйымдар жасау үшін пайдаланады.
Тәжірибенің нәтижелерін былайша қорытындылаймыз: дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы неғұрлым үлкен болса, оның температурасы да соғұрлым жоғары болады. Міне, сондықтан температура дененің немесе заттың жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама болып табылады.
IV. ЖБ жұмысы.
Сұйықтардағы диффуия неге газдар диффузиясына қарағанда баяу жүреді?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Неліктен біз гүлдің иісін алыстан сеземіз?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Заттың молекулалары бір-бірін тартады. Бірақ олардың арасы неге ашық?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Температура дегеніміз -________________________________________________
________________________________________________________________________
V. Жаңа сабақты бекіту.
1. Әтір иісі бөлмеге не себептен тарайды?
2. Диффузия деген не?
3. Диффузияның пайдасы қандай? Зияны бар ма?
4. Қандай жылу құбылыстарын білесіңдер?
5. Температура дегеніміз не?
VI. Сыныпта орындалатын тапсырма.
Тәжірибе:
Стақанға суық су құйыңдар да, оның түбіне бір түйір марганцовка тастаңдар. Суды араластырмай, қанша уақыт өткен соң марганцовка молекулалары судың үстіңгі қабатына жететінін анықтаңдар. Байқалған құбылысты түсіндіріңдер.
VII. Үйге тапсырма. § 15. Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру, 6-тапсырманы орындау.
VIII. Қорытынды. Бағалау.
Чтобы скачать материал, введите свой E-mail, укажите, кто Вы, и нажмите кнопку
Нажимая кнопку, Вы соглашаетесь получать от нас E-mail-рассылку
Если скачивание материала не началось, нажмите еще раз "Скачать материал".
Сабақтың тақырыбы: Молекулалардың қозғалысы. Диффузия. Дене температурасының молекулалар
жылдамдығына тәуелділігі.
Сабақтың мақсаты: 1. Диффузия құбылысын, оның пайдалы, зиянды жақтарын түсіндіружәне
температураға анықтама беру.
2. Оқушыларды өнегелі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуіңе ықпал ете отырып,
оқушылардың ойлау қабілеттерін қалыптастыру.
3. Білімділікке, шыншылдыққа, өзін-өзі сыйлауға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер: су, бояу түйіршіктері, термометр, 27-сурет ,нтерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: биология, химия
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығын тексеру, назарын сабаққа аудару, сабақ мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Атомдарды құрайтын бөлшектер қалай аталады ?
2. Заттарды құрайтын бөлшектер қалай аталады ?
3. Молекула дегеніміз не ?
4. Су молекуласының құрамы туралы не білесіңдер?
5. Табиғатта атомдардың неше түрі бар? Заттардың сан алуандығын қалай түсіндіруге борлады?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Көптеген тәжірибелер заттар мен денелерді құрайтын бөлшектердің үздіксіз қозғалыста болатынын дәлелдеді. Мысалы, өткір иісті затты бөлмеге алып кірсе, оның иісі тез арада бөлме ішіне таралып кетеді. Бұдан затты құрайтын ұсақ бөлшектер үздіксіз қозғалыста болады деп жорамалдауға болады.
Молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалыстары салдарынан жанасып тұрған заттардың бөлшектерінің бір-біріне өтіп таралуын диффузия деп атайды.
Қатты денелерде де диффузия құбылысы байқалады.
Мысалдар айта кетемін.
Тұрмыста, табиғатта және адам мен жан-жануарлар әлемінде диффузияның пайдалы да, зиянды да жақтары бар. Мысалы, ауадағы оттегі суға диффузия арқылы өтетіндіктен, ондағы жануарлар дем алып, тіршілік ете алады.
Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады: денелерді құрайтын бөлшектер бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалыста болады. дене көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып тұрады.
Ауаның жылынуы мен салқындауы, мұздың еруі, судың буға айналуы, металдардың балқуы, газдардың сұйылуы – осылардың барлығы да денелердің жылулық күйініңі өзгерісін білдіреді.
Дененің немесе заттың жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама температура деп аталады. Денелердің температурасын термометрмен өлшейді. Температураны өлшегенде Цельсий немесе Кельвин шкалалары қолданылады. Температураның өлшем бірлігін градус деп атайды.
Көптеген тәжірибелер денелердің температурасы олардың құрамына кіретін молекулалардың қозғалыс жылдамдығына байланысты өзгеретінін дәлелдеді. Мысалы, қант пен тұз суық суға қарағанда ыстық суда тезірек ериді. Оның себебі: ыстық судың молекулалары салқын судың молекуласына қарағанда жылдамырақ қозғалады. Сөйтіп қант бөлшектерін ыстық су молекулалары жиі-жиі соққылап, тездетіп ерітеді.
Екі металды түйістіріп, балқыта қыздырсақ, олар бірімен-бірі берік тұтасасып қалады. Өйткені молекулалардың қозғалыс жылдамдығы артады да, екі металдың бөлшектерінің бір-біріне өтуі шапшаңдайды. Бұл құбылысты шеберханадағы ұсталар металдарды өңдеп, әр түрлі бұйымдар жасау үшін пайдаланады.
Тәжірибенің нәтижелерін былайша қорытындылаймыз: дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы неғұрлым үлкен болса, оның температурасы да соғұрлым жоғары болады. Міне, сондықтан температура дененің немесе заттың жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама болып табылады.
IV. ЖБ жұмысы.
1. Сұйықтардағы диффуия неге газдар диффузиясына қарағанда баяу жүреді?
_____________________________________________________________________________________________
2. Неліктен біз гүлдің иісін алыстан сеземіз?
_____________________________________________________________________________________________
3. Заттың молекулалары бір-бірін тартады. Бірақ олардың арасы неге ашық?
_____________________________________________________________________________________________
4. Температура дегеніміз -________________________________________________
V. Жаңа сабақты бекіту.
1. Әтір иісі бөлмеге не себептен тарайды?
2. Диффузия деген не?
3. Диффузияның пайдасы қандай? Зияны бар ма?
4. Қандай жылу құбылыстарын білесіңдер?
5. Температура дегеніміз не?
VI. Сыныпта орындалатын тапсырма.
Тәжірибе:
Стақанға суық су құйыңдар да, оның түбіне бір түйір марганцовка тастаңдар. Суды араластырмай, қанша уақыт өткен соң марганцовка молекулалары судың үстіңгі қабатына жететінін анықтаңдар. Байқалған құбылысты түсіндіріңдер.
VII. Үйге тапсырма. § 15. Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру, 6-тапсырманы орындау.
VIII. Қорытынды. Бағалау.
Автор | |
---|---|
Дата добавления | 26.11.2014 |
Раздел | Физика |
Подраздел | Конспекты |
Просмотров | 5524 |
Номер материала | 5520 |
Оставьте свой комментарий:
Комментарии: