Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации
версия для слабовидящих
Главная / Музыка / "Салт-дәстүрім асыл қазынам" ( танымдық- зияткерлік ойын)

"Салт-дәстүрім асыл қазынам" ( танымдық- зияткерлік ойын)

«Сәтбаев қалалық оқушылар сарайы» КМҚК

hello_html_m41f17b50.jpg













hello_html_m2f599d5e.gif









(танымдық зияткерлік ойын )











Өткізген: «Домбыра» үйірмесінің қосымша білім

беру ұстазы Берлибекова К.Қ





Түсініктеме

Қазақстан бүгінгі таңда өз алдына дербес мемлекет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында көрсетілгендей, қазіргі білім сапасының басты бағыттарының бірі – мектеп өмірі мен оқу – тәрбие процесін демократиялық бағытта жүргізуді ескере отырып дамыту болғандықтан мектептегі білімінен тыс жасөспірімдердің қосымша білім мен тәрбие алып, жан – жақты тұлға ретінде даму аясында оқушылар сарайының барлық үйірмелерінде аталмыш процестерді іске асыруда. Тұлғаның әлеуметтік қалыптасу міндеті кез – келген мемлекет үшін маңызды .Әсіресе бұл, біздің қоғам үшін балалар мен жасөспірімдердегі Отанына деген сүйіспеншілігі мен азаматтық сана – сезім негізінде өз еліне пайда келтіру ынтасын (талабын), азаматтық - құқықтық қатынастар жөнінде, салауатты өмір салты туралы, ертеден келе жатқан ата – бабаларымыздың салт – дәстүрін, әдет ғұрпы жайлы, адамгершілікті қарым – қатынас және оның тағдырына жауапкершілікпен, түсінушілікпен қарау, табиғатты қорғауға талпындыру, этика және эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру ерекше маңызды.

Тәрбие сағатының тақырыбы: « Салт – дәстүрім асыл қазынам»

Тәрбие сағатының мақсаты:

Жас ұрпақты атадан балаға мұра болып келе жатқан әдет - ғұрыптарымызды, салт дәстүрімізді, мәдениетімізді жеткізу. Оқушылардың қабілетін, шапшаңдылығын, белсенділігін,жан - жақты дамыту, қызығушылығын арттыру. Отанымызды сүюге, ата салт – дәстүрімізді, әдет – ғұрпымызды сақтауға, қастерлеуге, құрметтеуге, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының түрі: танымдық зияткерлік ойын

Көрнекілігі: Плакаттағы нақыл сөздер, шарлар, компьютер, слайд, бейнеролик.

Барысы:

Мұғалім: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен құрметті оқушылар, қадірменді қонақтар. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай өткізіліп отырған «Салт – дәстүрім асыл қазынам» атты танымдық - зияткерлік ойынымызға қош келіпсіздер! Наурыз мейрамы ертеден келе жатқан ұлы мейрам. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда, «нау» - жаңа, «руз» - күн деген сөздерінен қалыптасқан. Ал біздің халқымыз бұл күнді – «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Ұлыстың ұлы күні – күн мен түн теңеліп, жан – жануарларымыз төлдейтін, халқымыздың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн. Наурыз мейрамында қазақ халқының ұлттық тағамдары әзірленіп, ұлттық ойындары ойнатылады, салт – дәстүрлері көрсетіледі.

Ел елдігі бағаланар тілімен,

Сол арқылы құлпырады гүл бағы.

Тіл деп біл өз тіліңді ғалам сүйген,

Өйткені атаң менен анаң сүйген.

Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды,

«Халық айтса қалып айтпайды»,

Ойыншыларымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1 оқушылар сарайының көркем – қолданбалы экологиялық бөлімінің меңгерушісі Байсадықова Э.С

2 оқушылар сарайының көркем – музыка бөлімінің меңгерушісі Жалбырова М.Б

3 оқушылар сарайының ұстаз – ұйымдастырушысы Сарсенбаева Н.Б.

Ойынға қатысушы топтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1 топ. “Мирас” тобы
2 топ. “Асыл мұра” тобы
3 топ. “Болашақ” тобы
Ойын 5 кезеңнен тұрады.

І кезең «Таныстыру», онда әр топ өз капитанның анықтап, тобын таныстырады. (1 минут, бағаланбайды)

ІІ кезең «Бәйге». Әр топқа кезекпен Отанымыз Қазақстан Республикасы туралы 5 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай. Егер топ сұраққа жауап бере алмаған жағдайда, қалаған екі топтың жауап беріп, ұпай жинауына мүмкіндік беріледі. (уақыт 30 секунд)

  1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні қашан?

1991 жылы 16 желтоқсан.

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін атаңыз.

Ту, Елтаңба, Әнұран.

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі Әнұранның авторларын атаңыз. Ж.Нәжімеденов, Ш.Қалдаяқов, Н.Назарбаев

  2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің бірі Елтаңбаның авторларын атаңыз.

Ж.Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов

  1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің бірі Тудың авторын атаңыз. Ш.Ниязбеков.

  2. Есік қорғанынан табылған археологиялық құнды затты атаңыздар.

Алтын адам

  1. Еліміздің ұлттық мерекесін атаңыз. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.

  2. Қай жылы Конституцияға өзгертулер мен түзетулер енгізіліп, қазіргі таңдағы ұсынып отырған Конституция қай жылы қабылданды?

1995 жылы 30 тамыз

  1. Мұсылман дінінің кітабы. Құран

  2. Жыл атаулары. Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.

  3. Қазақстан Республикасы жер көлемі бойынша дүние жүзі бойынша нешінші орында? 9 орында

  4. Қазақстан Республикасының астанасы және мемлекеттік тіліміз.

Астана, қазақ тілі

  1. Отан туралы өлең жолдарын айтыңыз.

  2. Отан туралы мақал – мәтел айтыңыз.

  3. Отан туралы мағлұмат беріңіз.

Кең даланың ежелгі
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттың біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.- дей келе танымдық – зияткерлік

ойынымыздың келесі кезеңіне көшеміз.

ІІІ кезең «Білгір болсаң, тауып көр!»

Бұл кезеңде ІІ кезеңдегі жинаған ұпай саны сақталады. Әр топқа кезекпен – кезек ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына, ұлттық салт – дәстүрімізге байланысты 5 сұрақ қойылады. Топ сұрақтарға ақылдаса отырып жауап беруі керек. Ойлануға 1 минут, білмеген жағдайда, басқа команда жауап беруіне болады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

1-сұрақ: Қазақ халқының ұлттық тағамдарын атаңыз. (еттен жасалған) қазы – қарта, жал – жая, құйрық бауыр, шұжық т.б.

2-сұрақ: Жүн және матадан жасалатын заттарды атаңыздар. (текемет, құрақ, көрпе, ою-өрнек, байпақ т.б.)

3-сұрақ: Киіз үйдің басты бөліктерін атаңыз. (шаңырақ, кереге, уық)

4-сұрақ: Ұлттық киімдерді атаңыз. (сәукеле, кимешек,орамал, бөрік, ішік, шапан, қамзол, мәсі т.б.)

5-сұрақ: Жеті қазынаны атаңыз. ( ер жігіт, сұлу әйел,ақыл – білім, жүйрік ат , қыран – бүркіт,берен мылтық, жүйрік тазы.)

6-сұрақ: Қазақтың ұлттық ойындарын атаңыз. (көкпар, алтыбақан, тоғызқұмалақ, ақсүйек, күрес, аударыспақ т.б.)

7-сұрақ: Сүттен жасалатын ұлттық тағамдарды атаңыз. (қымыз, шұбат, қатық, айран, құрт, ірімшік т.б.)

8-сұрақ: Наурызкөже құрамына қанша тағам қажет, атаңыз. 7 түрлі тағам. мысалы, (су, құрт, ет, тұз, күріш, сүт, ұн.)

9-сұрақ: Қалыңдықтың анасына арнайы берілетін сыйды қалай атайды? Ананың ақ сүті.

10.Сүйінші дегеніміз не? (Қуанышты хабар жеткізуші адам «Сүйінші, сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанған үй иесі «Қалағаныңды ал» дейді, немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл – шын қуанудың, ризашылықтың белгісі.

11.Шашу дегеніміз не? (Қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр. Бала дүниеге келгенде, келін түскенде, құда келгенде, осындай қуанышты күндерде тәттілермен, күміс тиындарымен шашу шашады.)

12.Сыбаға дегеніміз не? ( Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын – жуығына арнап сақтаған кәделі ет сыбаға деп аталады. Үлкен ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдейі сақталады.)

13. Ереулік деген не? (Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрынан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады.)

14.Бесік той дегеніміз не? (Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке салады. Бұл тойға жиналған көрші – қолаң шашуларын ала келеді. Баланы бесікке салардан бұрын ауылдың жасы үлкені, беделді әйел кісі бесік жабдығын орын – орнына қояды.)

15. Тұсау кесер және оны қандай жіппен кеседі? (Бала қаз тұрып жүре бастағанда жасалатын салт – дәстүр. Бұл дәстүр бала құламай, аяғын тез басып жүріп кетсін деген оймен жасалады.)

Уа, жарандар, жарандар!

Бәрін бері мына жәшікке қараңдар,

Ойланыңдар жарандар.

Бұл жәшікте не барын кәне ойыншылар табыңдар.

ІV кезең «Қара жәшік» Қара жәшіктегі жасырынған затты анықтау қажет (1 минут ) Ойлануға 1 минут, білмеген жағдайда, басқа топ жауап беруіне болады. Жауапқа 10 ұпай беріледі.

1.бiрнеше таспа қайыстармен көмкерiлiп, өрiлген, сабы тобылғыдан, ырғайдан, аңдардың тұяғы, мүйiздерiнен жасалған затты атаңыз. Бұл заттың қарапайым түрiнiң бiрi — бишiк.

Қамшы — атқа мiнген адам ұстайтын, бiрнеше таспа қайыстармен көмкерiлiп, өрiлген, сабы тобылғыдан, ырғайдан, аңдардың тұяғы, мүйiздерiнен жасалған атты айдап жүргiзетiн құрал.

2. әйел қолөнерінде қолданылатын құрал-сайман атауы. Қазақ әйелдері тігу, тоқу, жүн дайындау, сырмақ сыру, киіз басу, т.б. жұмыстарды атқару үшін алдын ала сол іске қажетті құрал-жабдықтарын әзірлеп алады. Оларды атқаратын қызметіне, пайдаланатын ретіне қарай топтап көрсетуге болады.

ұршық. әйел қолөнерінде қолданылатын құрал-сайман атаулары. Қазақ әйелдері тігу, тоқу, жүн дайындау, сырмақ сыру, киіз басу, т.б. жұмыстарды атқару үшін алдын ала сол іске қажетті құрал-жабдықтарын әзірлеп алады.
Қандай болса Наурыз - дегендей келесі кезеңімізге келіп те жеттік.

V кезең «Өлең сөздің патшасы» Бұл кезеңде әр топ конвертті таңдап, ішіндегі әнді әнімен айтулары қажет. Жоғарғы ұпай саны 10.

  1. «Қазақтың дастарқаны» 2. «Наурыз думан» 3. «Қара жорға»

Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріліп, қатысқан топтар марапаттайды.

Жас қосатын жасына, жыл басы бұл Наурыз.
Әр кіргізген асыңа, бал татыған сары уыз.

Ұлыс оң болсын, ақ молсын - деп ойынымызды аяқтаймыз.

Келесі кездескенше, сау саламатта болыңыздар!

Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.



















Сұрақтар:

  1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні қашан?

1991 жылы 16 желтоқсан.

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін атаңыз.

Ту, Елтаңба, Әнұран.

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі Әнұранның авторларын атаңыз. Ж.Нәжімеденов, Ш.Қалдаяқов, Н.Назарбаев

  2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің бірі Елтаңбаның авторларын атаңыз.

Ж.Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов

  1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің бірі Тудың авторын атаңыз. Ш.Ниязбеков.

  2. Есік қорғанынан табылған археологиялық құнды затты атаңыздар.

Алтын адам

  1. Еліміздің ұлттық мерекесін атаңыз. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.

  2. Қай жылы Конституцияға өзгертулер мен түзетулер енгізіліп, қазіргі таңдағы ұсынып отырған Конституция қай жылы қабылданды?

1995 жылы 30 тамыз

  1. Мұсылман дінінің кітабы. Құран

  2. Жыл атаулары. Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.

  3. Қазақстан Республикасы жер көлемі бойынша дүние жүзі бойынша нешінші орында? 9 орында

  4. Қазақстан Республикасының астанасы және мемлекеттік тіліміз.

Астана қазақ тілі
















  • Музыка
Описание:

Тәрбие сағатының тақырыбы: « Салт – дәстүрім асыл қазынам»

Тәрбие сағатының мақсаты:

Жас ұрпақты атадан балаға мұра болып келе жатқан әдет - ғұрыптарымызды, салт дәстүрімізді, мәдениетімізді жеткізу. Оқушылардың қабілетін, шапшаңдылығын, белсенділігін,жан - жақты дамыту, қызығушылығын арттыру. Отанымызды сүюге, ата салт – дәстүрімізді, әдет – ғұрпымызды сақтауға, қастерлеуге, құрметтеуге, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының түрі: танымдық зияткерлік ойын

Көрнекілігі: Плакаттағы нақыл сөздер, шарлар, компьютер, слайд, бейнеролик.

Барысы:

Мұғалім: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен құрметті оқушылар, қадірменді қонақтар. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай өткізіліп отырған «Салт – дәстүрім асыл қазынам» атты танымдық - зияткерлік ойынымызға қош келіпсіздер! Наурыз мейрамы ертеден келе жатқан ұлы мейрам. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда, «нау» - жаңа, «руз» - күн деген сөздерінен қалыптасқан. Ал біздің халқымыз бұл күнді – «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Ұлыстың ұлы күні – күн мен түн теңеліп, жан – жануарларымыз төлдейтін, халқымыздың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн. Наурыз мейрамында қазақ халқының ұлттық тағамдары әзірленіп, ұлттық ойындары ойнатылады, салт – дәстүрлері көрсетіледі.

Ел елдігі бағаланар тілімен,

Сол арқылы құлпырады гүл бағы.

Тіл деп біл өз тіліңді ғалам сүйген,

Өйткені атаң менен анаң сүйген.

Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды,

«Халық айтса қалып айтпайды»,

Ойыншыларымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1 оқушылар сарайының көркем – қолданбалы экологиялық бөлімінің меңгерушісі Байсадықова Э.С

2 оқушылар сарайының көркем – музыка бөлімінің меңгерушісі Жалбырова М.Б

3 оқушылар сарайының ұстаз – ұйымдастырушысы Сарсенбаева Н.Б.

Ойынға қатысушы топтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

 1 топ.  “Мирас” тобы
2 топ.  “Асыл мұра” тобы
3 топ.  “Болашақ” тобы
Ойын 5 кезеңнен тұрады.

І кезең  «Таныстыру», онда әр  топ өз капитанның анықтап, тобын таныстырады.  (1 минут, бағаланбайды)

 

ІІ кезең «Бәйге».  Әр топқа кезекпен Отанымыз Қазақстан Республикасы туралы 5 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай. Егер топ сұраққа жауап бере алмаған жағдайда, қалаған екі топтың жауап беріп,  ұпай жинауына мүмкіндік беріледі. (уақыт 30 секунд)

....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Скачать материал
Автор Берлибекова Куляш Канарбаевна
Дата добавления 22.01.2015
Раздел Музыка
Подраздел Другое
Просмотров 12742
Номер материала 54698
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

Популярные курсы

Нет результатов.