Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации
версия для слабовидящих
Главная / Информатика / "Macromedia Flash бағдарламасында анимация құру" тақырыбындағы КҒА жұмысы+презентация+қосымша

"Macromedia Flash бағдарламасында анимация құру" тақырыбындағы КҒА жұмысы+презентация+қосымша

Документы в архиве:

8.71 МБ Macromedia Flash редакторында анимация құру».pptx
406.69 КБ Логикалық есептер бастауыш.swf
2.86 МБ МАН информатика2014-2015.docx

Название документа Macromedia Flash редакторында анимация құру».pptx

 Тақырыбы: Macromedia Flash редакторында анимация құру
Зерттеу жұмысымның мақсаты: Қазіргі заман талабына сай, Macromedia Flash реда...
Macromedia Flash бағдарламасы: Анимацияның бірнеше түрін қолдайды; Интерфейск...
‹‹
1 из 22
››

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1  Тақырыбы: Macromedia Flash редакторында анимация құру
Описание слайда:

Тақырыбы: Macromedia Flash редакторында анимация құру

№ слайда 2 Зерттеу жұмысымның мақсаты: Қазіргі заман талабына сай, Macromedia Flash реда
Описание слайда:

Зерттеу жұмысымның мақсаты: Қазіргі заман талабына сай, Macromedia Flash редакторында анимация құрудың тиімді жақтарын ұсына отырып, тиімділігін көрсету. Сонымен қатар бұл программа бойынша ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелерін жинақтап, оқушылар мен мұғалімдерге білім беруде пайдалануға ұсыну.

№ слайда 3 Macromedia Flash бағдарламасы: Анимацияның бірнеше түрін қолдайды; Интерфейск
Описание слайда:

Macromedia Flash бағдарламасы: Анимацияның бірнеше түрін қолдайды; Интерфейске интерактивті элементтер жасауға болады; Импортталған графикалық форматтарды қолдайды (оның ішінде растрлық); FLASH фильмдерін HTML форматына ғана емес, интернетте қолданылатын кез келген форматқа көшіруге болады; Платформалық тәуелсіздік; FLASH фильмдерді автономдық түрде де, тор броузерінде де көруге болады; Бетті тартымды ету үшін «жай» анимация жасауға болады; Анимацияланған батырмаларға гиперсілтеме жасап қоюға, немесе басқан уақытта белгілі бір іс-әрекетке бастама болатындай етуге болады; Тор бетіне қолданушыдан ақпарат алу үшін қолданылатын жарнамалық баннерлер жасауға болады және т.б.

№ слайда 4
Описание слайда:

№ слайда 5
Описание слайда:

№ слайда 6
Описание слайда:

№ слайда 7
Описание слайда:

№ слайда 8
Описание слайда:

№ слайда 9
Описание слайда:

№ слайда 10
Описание слайда:

№ слайда 11
Описание слайда:

№ слайда 12
Описание слайда:

№ слайда 13
Описание слайда:

№ слайда 14
Описание слайда:

№ слайда 15
Описание слайда:

№ слайда 16
Описание слайда:

№ слайда 17
Описание слайда:

№ слайда 18
Описание слайда:

№ слайда 19
Описание слайда:

№ слайда 20
Описание слайда:

№ слайда 21
Описание слайда:

№ слайда 22
Описание слайда:

Название документа МАН информатика2014-2015.docx

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КІШІ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ







hello_html_m28f4e471.png



















Тақырыбы: Macromedia Flash бағдарламасында анимация құру


Секция: информатика


Аты-жөні, сыныбы: Ешмұхамбет Аружан Жасұланқызы, 7 «Б» сынып


Оқу орны: Ақын Сара атындағы орта мектеп


Ғылыми жетекшісі: А.П.Мустафаев-«Өрлеу» БАҰО АҚ Инновациялық технологиялар кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент


Мектепішілік жетекшісі: Асель Данияровна Адамбекова












Сарқан қаласы, 2014 жыл




Мазмұны

Кіріспе................................................................................................................................... 3-4

Негізгі бөлім

  1. Macromedia Flash бағдарламасының мүмкіндіктері............................................. 5-9

  2. Анимация............................................................................................................. 10-12

  3. Macromedia Flash бағдаламасында анимацияланған интербелсенді батырмалар жасау..................................................................................................................... 13-17

Қорытынды........................................................................................................................... 18

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................................... 19





Кіріспе

КҒА жұмысының тақырыбы:

«Macromedia Flash редакторында анимация құру».


Зерттеу жұмысының мақсаты:

Қазіргі заман талабына сай, Macromedia Flash редакторында анимация құрудың тиімді жақтарын ұсына отырып, тиімділігін көрсету. Сонымен қатар бұл программа бойынша ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелерін жинақтап, оқушылар мен мұғалімдерге білім беруде пайдалануға ұсыну.


Зерттеу жұмысының міндеттері:

Macromedia Flash программасымен танысу;

Ақпараттық құралдардың адамдардың өмірде алатын орнын түсіндіру.

Программалық жабдықтаманың қатарында Macromedia Flash программасының орнын көрсету.


Мәселе: Білім беруде және тәрбие саласында ақпараттық құралдардың және Macromedia Flash бағдарламасының алатын орнын зерттеу.


Зерттелетін зат: Қазіргі заман талабына сай, ақпараттық қоғамда бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде Macromedia Flash редакторының пайдасы бар екенін зерттеу. 


Жұмыстың тақырыбы «Macromedia Flash редакторында анимация құру» болғандықтан, бұл тақырып негізінде мен Flash редакторында анимациялық интербелсенді батырмалар жасадым. Анимацияланған батырма, қолданушының іс-әрекетіне байланысты жұмыс атқарады. Оған гиперсілтеме жасап қоюға, немесе басқан уақытта белгілі бір іс-әрекетке бастама болатындай етуге болады. Және тек ғана бос батырмаларды жасап қоймай, білім беруде, сабақ барысында пайдалануға болатындай SWF қосымшасын жасадым. Әр интербелсенді батырмаларға бастауыш сынып оқушыларына арналған қызықты логикалық есептер енгізіп, SWF форматында сақтадым. Әрине бұл жұмыс іске аспас еді, егер маған Flash редакторы көмектеспесе. Кадрлық анимацияны құру өте көп еңбекті қажет етеді. Онда объектілер өзара әрекеттесетін басқа қиын бейнелердің бір-бірімен байланысы. Сонымен қатар кадрлық анимацияны Flash–та фильмнің интерактивті элементінде қолданылады. Мысалы, батырмалар. Әрбір батырма күйінің анықталған кілттік кадры уақытша диаграммаға сәйкес келеді. Менің ғылыми жұмысымның негізгі бөлімінің бірінші бөлімінде Flash редакторында жұмыс жасау мүмкіндіктері туралы әңгімелеп шықтым. Екінші бөлімінде тәжірибелік кезеңге, өзімнің жасаған анимацияма тоқталып өттім.

Flash технологиясының негізгі векторлық графикалық форматынан Shockwave Flash (SWF) құрылды. Бірақ бұл ең алғаш векторлық формат емес, SWF құрушылары ойдағыдай тапқан графиканың бейнелеу мүмкіндігі арасындағы үйлесімді, онымен жұмыс жасайтын инструментальді құралдар және қорытындысында Web – парақтарының қосылуының механизмі. SWF қосымшасының артықшылығы оның жеңіл тасымалдауында, яғни бұл формат әртүрлі аппараттық – программалық платформада қолданылады (сонымен қатар, ОЖ – сі Mac OS Macintosh компьютерлер және Windows ОЖ – мен жабдықталған IBM компьютерлері). Тағы бір SWF – тың ерекшелігі: құрылған негізгі бейнелер тек анимацияланып ғана қоймай, сонымен қатар олар қосымша интербелсенді элементтер мен аудио құрылғылардың болуына мүмкіндік туғызады. Интербелсенді мультимедиялық қосымшалардың тасымалдауы мен құру мүмкіндігінің күрт өсуі танымал SWF форматының Web – дизайнерлердің ортасында орындалады. Сондықтан бұл форматтың пайда болуы Macromedia фирмасында Plug_In компонентінің қоса салынған 2 негізгі желі браузері үшін құрылған: Internet Explorer және Nestcape Communicator. SWF форматының тарауына Бүкіләлемдік компьютерлік желі көп әсерін тигізді.

SWF форматының танымал болуының тағы бір себебі, Macromedia фирмасы бұл форматтың жеңіл және оңай құрал – саймандармен қолданылуы.

Мультимедиялық презентациялар құру үшін - Macromedia Director Shockwave Studio, ал графикалық бейнелерді салу үшін - Macromedia Freehand, Macromedia Fireworks,интербелсенді оқытушы курстарын құру үшін – Macromedia Authorwave, Macromedia Course Builder. Сондықтан да Web-публикациясының ішінде ең танымал, әрі жеңіл қолдануына ыңғайлы болып келетін - Macromedia Flash болып табылады. Macromedia Flash Web – парақтарын толық құруға және әрбір сайттың анимациясымен безендірілуіне мүмкіндік береді. SWF форматының көмегімен, оны әдетте Flash деп атап кетті.

Flash техналогиясының құрамына мыналар кіреді:

векторлық графика;

анимацияларды қолдау;

интерфейстің интербелсенді элементтерін құру мүмкіндігі;

әртүрлі графикалық форматтарды қолдау (сонымен қатар растрлы графикалы да);

Flash фильмдерді HTML форматына қосу;

Flash фильмдерін Web- браузерде көру мүмкіндігі;

әртүрлі визуальді саймандардың болуы.

Flash технологиясы Shockwave Flash (SWF) форматында қолданылатын векторлық графикаға негізделген. SWF құрушылары, графиканың тамаша мүмкіндіктерімен, олармен жұмыс жасайтын құрал жабдықтарды, (шыққан нәтижені WEB-бетке қоса алатын механизмді тиімді пайдалана отырып, үйлесімді өнім таба алды. SWF-тың тағы бір ұтып тұрғаны, бұл форматты кез келген платформада қолдануға болады. (яғни, MacOS операциялық жүйесімен басқарылатын Macintosh компьютерлері мен Windows ОЖ бар IBM компьютерлері). SWF–да құрылған бейнелерге анимация ғана қолданып қоймай оларды интерактивті элементтермен және дыбыспен де әрлеуге болады.

Осындай қосымша қасиеттерінің арқасында SWF форматы тор әрлеушілерінің ризашылығына ие болып, қолданысқа кіріп кетті. Macromedia отбасында дүниеге келгеннен ақ, бұл форматқа Internet Explorer және Netscape Communicator тор браузерлеріне арналған компоненттері (Plug-In) жасалды. Ал бұл, SWF-тың бүкіләлемдік торда одан әрі атышулы болуына септігін тигізді. Нәтижесінде бұл броузер құрушылары SWF-ті қолдайтын компонентті өз өнімдерінің ядросына қосып қоятынын жария етті. Бұл бастаманы бағдарламалармен қамтамасыз ететін тағы да басқа өндірістер қолдап әкетті (мысалға, Adobe фирмасы).

















Flash MX-те жұмыс жасау мүмкіндігі

Macromedia фирмасы SWF форматын қолайлы құралдармен, қарапайымдылықпен жабдықтағандықтан, аталмыш формат өзінің табынушыларына бай. Негізінде, бұлай жабдықталған құралдар жетерлік.

Олардың қайсы бірі мультимедиялық презентация жасауға бағытталса (Macromedia Director Shockwave Studio), келесі бірісі графикалық бейнелерді дайындауға бағыталған (Macromedia FreeHand и Macromedia Fireworks), ал үшіншілерімен интерактивті оқу курсын дайындауға болады. (Macromedia Authorware және Macromedia CourseBuilder). Дегенмен тор беттерін құрушылардың арасында Macromedia Flash көп қолданылады, өйткені тек осы өнім ғана, тор бетін аяғына дейін әрлей алады. Ал жақсы әрленген бет әрине көпшіліктің көңілінен шығады. Интернет пайдаланушылардың жақсы көретіндігінен болар, бұл өнімді жай ғана Flash деп атайды. Сонымен Flash технологиясының құрамына не кіреді соны көрейік:

Векторлық графика;

Анимацияның бірнеше түрін қолдайды;

Интерфейске интерактивті элементтер жасауға болады;

Импортталған графикалық форматтарды қолдайды (оның ішінде растрлық);

FLASH фильмдерін HTML форматына ғана емес, интернетте қолданылатын кез келген форматқа көшіруге болады;

Платформалық тәуелсіздік;

FLASH фильмдерді автономдық түрде де, тор броузерінде де көруге болады;

Flash пен жұмыс істеу кезінде көптеген терминдерді кездестіреміз, мысалға, тэг, атрибут, бет т.б. Сондықтан Flash-ті түсіну үшін осы терминологиямен таныс болайық..

Кез келген Flash фильмін құратын кезде объекті – бағытталған жолды қарастырамыз. Бұл дегеніміз, кез келген объект өзінше бір объект болып саналады, оның өзіне тән қасиеті және тек сол объектіге ғана қатысты болатын іс-әрекеттер болады. Мысалға, «текст» объектісі үшін, оның өлшемі, түсі, жазылу, көріну түрі болады. Оны көшіруге, өшіруге, қиуға, оларды гиперсілтемеге айналдыруға болады. Басқа объектілер туралы да дәл осылай айтуға болады. Объект деген түсініктеме, символ (Symbol) көп жағдайда терминімен сипатталады. Символ дегеніміз, объектінің, анықталған қасиеттері бар, шаблоны. Символ, символдар кітапханасында (Library) сақталып, бір фильмде бірнеше рет қолданыла алады.

Әрбір символдың жаңа көшірмесі символ дарасы (Instance) деп аталады. Бұл дараның қасиетіне қолданылған өзгеріс кезінде, кітапханадағы басқа да даралардың қасиеті автоматты түрде өзгереді.

Фильмде түрлі объектілер қолданылады. Әр элементтің іс-әрекетін сипаттау үшін, оларды әр қайсысын әр қабатқа (Layer) орналастырады. Flash құрушылары бұл қабатты түссіз қағазбен салыстырады. Осындай қағаздарды жинап сіз сахналық қойылым жасай аласыз. Қойылым (Scene) – Flash пен жұмыс істеуде кездесетін тағы бір термин.

Әрбір қойылым қандай да бір анықталған қабаттар байланысынан тұрады. Жай фильмдер үшін, бір қабаттан тұратын жай ғана қойылымнан жасайды. Күрделі фильмдер әр түрлі дайындалған қойылымдардан тұрады. Бір қойылымнан екіншіге өту уақыт диаграммасын емес, басқа механизмді пайдаланды. Әйтпесе олар, орналасқан реті бойынша ойнала береді. Фильм егер көрік пен тартымды күрделі құрылымдармен ерекшелеу керек болса, ActionScript пайдаланылады.

Сөз етілген FLASH құрамын жеке-жеке талқылап өтелік.

Графика

Қазіргі кезде тор беттерін әрлеуге көбінесе растрлық графика қолданылады. Оларға GIF (Graphics Interchange Format, ақпарат алмасуға арналған графикалық формат), JPEG (Join Photographic Experts Group – Біріккен бейне эксперттерінің тобы) және PNG (Portable Network Graphics – Жылжымалы графикалық формат) жатады.

Растрлық графика нүктелер жиынтығы (пиксель – pixel) арқылы сипатталады. Бұл нүктелер бір бірімен байланыста болмағандықтан, олардың әрқайсысының түсі мен координатын анықтау керек. Жай ғана мысал, екі-ақ түсті (ақ қара) бейнені сипаттаған кезде, әр пиксельдің түсін беру үшін екілік санау жүйесін пайдаланады: 0 – қара, 1 – ақ.. Ал, 256 түсті бейнені сипаттаған кезде енді әр пиксельге 8-дік санау жүйесін қолданады (256=28). Суреттің сапасы жақсы болу үшін, әр пиксель үшін 24 разрядқа дейін қолданылады.

Растрлық бейнелердің тағы бір кемшілігі - бейне сапасы, пайдаланып отырған монитор пиксельдерінің өлшеміне де байланысты. Яғни кей мониторларда суреттің сапасы әдемі болып тұрса, екінші жерде ол ондай қасиеттен айырылады. Сапасы нашар суреттердің пикселін көбейтуге арналған бағдарламалар болғанымен олар да бұл проблеманы толық шеше алмайды.

Ал енді векторлық графика туралы сөз айтсақ. Векторлық графика – орналасуын математикалық формулалар арқылы сипаттайтын қисықтар жиынтығынан туратын бейне. Мысалға, кез келген шеңберді бейнелеу үшін 3-4 сан ғана керек, радиус, центр координаттары, сызық қалыңдығы. Осыған байланысты, векторлық графика растрлық графикаға қарағанда бірнеше артықшылықтарға ие:

Математикалық формулалармен сипатталған суреттер, растрлық графикаға қарағанда жадыда аз орын алады.

Бейнені өзіміз қалаған кез келген масштабқа сапасын жоғалтпай, өзгертуге болады.

Кез келген платформаға еш «қатесіз» көшіруге болды.

Әрине, векторлық графиканың өзіне тән кемшіліктері болады, мысалға, реалға жақын суреттерді бейнелей алмаймыз. Мұндай мәселені шешімі, жан жақты қанағаттандыратын ортақ бір келісім керек. Мінекей, FLASH авторлары осы шешімді тиімді пайдаланды: тор бетін құру кезінде сіз тек қана векторлық емес растрлық бейнелерді де импорттауыңызға болады.

Дыбыс

Flash дыбыстың фильмде қолдану үшін бірнеше жол ұсынады. Сіз, тоқтамай, сюжеттің мазмұнына қарамай, қолданушының әрекетіне жауап бермей ойнап тұра беретін дыбыспен жабдықтай аласыз. Ал проектіңіз одан әрі қызықты болу үшін әр батырманы басқанда дыбыс шығатындай етуге болады. Және тағы бір жолы, ActionScript сценарийлерін пайдалану. Flash та дыбыспен қамтамасыз етудің екі түрі бар оқиғалы басқару (event sound) және ағымды (stream sound).

Оқиғалы басқару дыбыс кезінде берілгендер аяғына дейін жүктеліп болғаннан кейін ғана дыбыс оны тоқтатқанға дейін ойнатыла береді. Ал ағымдағы дыбыс үшін алғашқы кадрлар жүктелгеннен кейін ақ ойнату басталып кетеді.

Дыбыспен жұмыс істеу оңай болу үшін, Flash авторларға келесі мүмкіншіліктерді ұсынады:

Дыбысты кітапханаларға бөліп қоюға болады, яғни енді бір кітапханадағы дыбысты бірнеше фильмдерде қолдануға болады.

Дыбысты, экспортталатын фильмнің сапасы мен көлеміне қарап, параметрлерін өзгертуге болады. Яғни автор, дыбыс сығу жолын өзі таңдай алады.

Flash филімдерін қолдану түрлері

Жоғарыда айтылғандай Flash - тің мақсаты, графика мен анимацияға толы интерактивті тор беттерін құру болып саналады. Жоғарыда айтып өткендей Flash ті тамашалау үшін екі түрлі жол бар, біріншісі WEB браузер арқылы, екіншісі Flash фильмді басқа форматқа ауыстыру арқылы.

Flash арқылы фильмді құру және өзгерту кезінде автор, FLA форматындағы файлдармен жұмыс істейді. Бұл бағдарламау ортасының тек өзіне қатысты форматы, және бұл форматты басқа бағдарламалар «түсінбейді». Тор броузерлерінде фильмді көру үшін, SWF форматына экспорттау керек. Бұл форматты Internet Explorer, Netscape және Opera броузерлерінің соңғы нұсқалары қолдайды, немесе арнайы Flash-плеер арқылы ойнатуға болады. Бұл плеер, Flash редакторының құрамына кіреді. Flash фильмін ойнатудың екінші түрі Windows Media Player арқылы. Бұл үшін, Flash фильм AVI форматына экспортталуы керек. Бірақ, фильм көлемі он есе кейде 100 есеге дейін көбейіп кетеді. Экспорттау кезінде фильм өзінің сапасын жоғалтады, сондықтан бұл тиімсіз болып есептеледі. Flash фильмін көрудің тағы бір жолы, фильмді GIF форматына көшіру. Бұл экспорттаудың да екі түрі бар, біріншісі фильмін әрбір кадрын gif форматына өзгерту болса, екіншісі бірақ gif файлын құру.

Тор бетін құру

Flash фильмін броузерде тамашалаудың екі жолы бар:
Фильмді SWF форматында сақтап, файлды тышқанның көмегімен броузер терезесіне апарып қоямыз;

Фильмді редакторда HTML форматқа экспорттауға болады.

Flash – ті тор бетінде қолданудың бірнеше түрі бар:

«жай» анимация, бетті тартымды ету үшін;

Анимацияланған батырма, қолданушының іс-әрекетіне байланысты жұмыс атқарады. Оған гиперсілтеме жасап қоюға, немесе басқан уақытта белгілі бір іс-әрекетке бастама болатындай етуге болады;

Тор бетіне қолданушыдан ақпарат алу үшін қолданылады;

Жарнамалық баннер.

Күрделі фильмдерді құру кезінде клип (Clip, немесе Movie clip) өте маңызды орын алады. Клип – бұл символдың арнайы түрі. Бұл мини-фильмге арнайы уақыт диаграммасы құрылады, және жеке параметрлері қондырылады (мысалға, кадрлар алмасу жиілігі). Клипті, фильмін басқа да элементтері тәрізді, кітапханаға, тағы да қолдану үшін, қосып қоюға болады. Әрбір дарасы үшін, есім беруге болады.

Flash филімін құрудағы реттілік

Windows қа арналған бағдарламаның көбісінде, оны жүктеген уақытында, автоматты түрде, бос дайын шаблон терезесі ашылады. Мысалға Word процессорын жүктеген уақытта, бос документ ашылады, бұл жерге сіз мәтін, графика немесе сурет қоя аласыз. Flash та да, дал осылай ұйымдастырылған. Алғаш жүктеген уақытта, автоматты түрде, жаңа фильм құратын (дәлірек айтсақ алғашқы қойылымын жасау үшін) терезе ашылады. Егер керек болса, автор, фильмнің параметрлерін өзгерте алады.

Жалпы параметрлерін қондырғаннан кейін фильмнің алғашқы қойылымын жасай беруге болады. Объектілердің орналасу тәртібін анықтап алғаннан кейін оларды рет ретімен әрбір жаңа қабатқа орналастыра беруге болады. Қабат параметрлерін өзгерту фильмді құрудағы ең бір жауапкершілікпен қарайтын бөлім. Фильмдегі қабаттар (яғни, объектілер) бір бірімен байланысып тұратындықтан, келесі бір қабатты сипаттағаннан кейін, алдындағы қабаттарды қайта жөндеу керек болады. Мұнын еш қиындығы және қорқыныштылығы жоқ., бұл Flash бағдарламасына таңсық емес. Жаңадан қойылатын объектті кітапханадан алуға болады немесе жаңадан құруға болады. Flash сізге ойыңызда тұрған бейнені экран бетіне салу үшін барлық құрал жабдықтармен қамтамасыз етеді. Бір бейненің объектілерін басқа суреттерден импорттап та алуға болады. Құрылған фильмді немесе жасап болып отырған іс әрекеттің жұмысын тексеру үшін, Flash тестіден өткізіп отыруға мүмкіндік береді. Әр жасалған өзгерістен кейін сақтап алып отыруды ұмытпаңыз.

Фильммен жұмыс жасап болғаннан кейін, ойланыңыз сізге бұл фильм неге керек? Егер тор бетіне салу үшін болса, онда жүктелу уақытын ескеруді ұмытпаңыз. Бұл үшін арнайы уақытқа тестілейтін қосымшасы бар Flash бағдарламасының.

Жеңіл және түсінікті нөмірленген Flash – тың нұсқасы тоқтап, оның орнына МХ деп аталатын нұсқасына өзгертілді. Бұл әріптер нені білдіреді? Multiextended («кеңейтілген») сөз тіркесі пайдаланушының аббревиатурасына ассоциалануы керек. Бір сөзбен айтқанда – Mixed (араласқан) дегенді білдіреді. Flash құрушылары қолданушылардың назарын аудару үшін, бұл программаның интерфейсін (жұмыс ортасын), қолданушының әртүрлі категориясына жеке бағытталған.

Flash МХ ортасын әрбір қолданушы қосқан кезде жұмыс облысының пакетін 3 вариантын таңдауға мүмкіндік бар. Бұл :

Designer – бұл ең алдымен графикалық редактормен жұмыс істейтін дизайнерлер үшін бағытталған;

Developer – Web-жариялымдарын құру үшін Flash МХ-ты қолдануында жұмыс істейтін құрушылар үшін бағытталған;

General – жалпы жағдайлар үшін.

Редактрлеудің құрал-саймандар панелі

Редактрлеудің құрал-саймандар панелі терезенің сол шекарасында орналасқан. Графикалық объектілерді құру және өңдеу үшін өте қолайлы құрал-саймандармен қамтамасыз етеді. Графикалық редакторлардың жұмысындағыдай, бұл құралдар бәріне мәлім. Бұл саймандар ыңғайлы болу үшін 4 бөлікке бөлінген.

Tool (құрал-саймандар) – нақты құралдарды таңдау батырмасы орналасқан; бұл құралдарды 2 түрге бөледі: таңдау және сурет салу құралдары;

View (Түр) кескіннің көру құралдарын басқару, бұл өрісте 2 батырма орналасқан:

Hand Tool (Қол) – батырманы шерту арқылы режім қосылады және жұмыс облысын тышқан көмегімен әртүрлі бағытта орналастыруға мүмкіндік береді

Zoom Tool (Масштаб) – жұмыс облысындағы батырманы шерту арқылы тез масштабтау режимі қосылады және бұл режимді қосқанда Options өрісінде екі қосымша батырмалар пайда болатын масштабтау бағытын таңдау үшін рұқсат етеді (үлкейту немесе кішірейту).

(түстер) – бұл бөлімде бөлек түстер таңдау контуры және объектілерді қоюлату батырмаларын қамтамасыз етеді.

(параметр) – таңдалған сайманның қосымша параметрлерін орнату элементтерін көрсететін; қосымша параметрлері бар құралдар үшін Options өрісі бос болады.

Жұмыс облысы

Жұмыс облысы терезенің барлық орталық бөлігін алады. Жұмыс облысында әртүрлі объектілерді редактрлеу операциялары, дегенмен «кадрға» тек қана сол объектілер монтаждық үстел шегінде орналасады. Жұмыс облысындағы қалған бөлігі не үшін қажет? деген бұл жағдайда сұрақ туындау мүмкін.

Жауабы былай:

Белгілі бір жұмыстарды орындау үшін;

Кадрға объектінің біртіндеп кіруінің эффектісін тарату (немесе, керісінше, одан шығу).

hello_html_34d275c2.png

Flash MX-тe фильмдерді жариялау

Flash – фильмдерінің негізгі форматы, оларды Flash- плеері арқылы құрып шығуын қамтамасыз ететін форматы. Серверде орналасқан Flash-фильмдер –файлында алдымен басқа файлдармен толықтырылуы керек. Бұл ең алдымен құжаты, файлын браузер көмегімен жүктеу: яғни –файлы браузерге жүктеледі, Flash – плеерін шақырады, содан соң өзінің кезегінде - файлы ашылады. Алдын-ала ескеру қажет, өз файлыңызға кірушінің Flash – плеері жоқ болуы керек. Бұл жағдайда фильмді толығымен кескіндерді графикалық форматта алмастыруға, браузерді қолдайтын (мысалы,немесе анимацияланған). Фильмнің Веб-серверде орналасуына қажетті құрылған файлдарды менюіне кіретін (жариялау) командасын орындау керек. әуелгі –файлын конверттеуді форматында қамтамасыз етеді және де альтернативті графиктік форматты да. Бұл команда көмегімен –құжатын генерирлеуге, берілген фильм параметрінің жіберілуіне арналған. Егер де біз алдын-ала үлгіні түзетсек, оның негізінде -құжатының генерациялану орындалады. Үлгіні өңдеу түшін сыртқы -редакторын қолдану керек. Егер керек бір типті - файлдарын жалғыз файлға экспорттау, менюіне кіретін (экспорт) тұтастай қолдануға болады.

Фильмді жүктеуді бағалау параметрлері негізінен үш режимде болуы мүмкін:

(үзіліссіз график);

(жүктеу процессін көрсету);

(кадрлық графика).

Мәтінмен жұмыс жасау

Әртүрлі Flash–фильмге мәтін қосуға болады. Қарапайым мәтіндік редактор жұмысындағыдай мәтін өлшемін, аралығын, түсін, стилін және түзету тәсілдерін орнату мүмкін. Харіпті басқа объектілерге трансформациялап, оның масштабын өзгертуге, айналдыруға, еңкейтуге болады. Бұл жағдайда редактрленген объекттің символдарын сақтау мүмкіндігі бар.

Мәтіннің үзіндісі негізінде гиперсілтеме құрылуы мүмкін.

Әрбір Flash-фильм динамикалық мәтіндік өрістерден тұрады және пайдаланушы редактрленетін (өңдеу) өрістері болып табылады. Flash–фильмде редактрленген өрістер мәтіндік өрістер сияқты, Web-параққа орналастыруға арналған форма. Бұның көмегімен пайдаланушы керек ақпаратты алуға толық мүмкіндігі бар, серверде немесе клиенттік сценарийде өңдеуге тиісті. Сонымен қатар, мәтіндік облыстағы көп жолды құра алады.

Қажетті жағдайда мәтінді графикалық объект ретінде конверттеп, одан ғана мәтіннің символдары бөлек графикалық фигура ретінде жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Мәтінді құру және өңдеу

Flash - фильмге мәтіндік өрісті қосу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

құралын панелінен қосу

мәтіндік өрісті тышқанның көмегімен жұмыс үстелінің позициясы арқылы шертеміз; қорытындысында бұл позицияда мәтіндік меңзер шығады және ерекшеленген рамка қоршалған;

Ерекшеленген рамканың оң бұрышында маркер болады және ол мәтіндік өрістің типін анықтайды. Соған көңіл бөлген жөн.

оң басын бұрышындағы төртбұрыш маркер мәтіндік өрістің бекітілген еніне сәйкес келеді. Бұндай өрісте автоматты түрде келесі жолға көшу орындалады. Өрістің ені пайдаланушы өзі маркердің көмегімен орнатады. Фильмді Web-серверде жарияланғаннан кейін мұндай өрістің мазмұнын сценарий немесе -парақтарының оқырманы өзгерте алмайды.

оң басы бұрышындағы дөңгелек маркер мәтіндік өрістің кеңейтілгеніне сәйкес келеді. Бұл біржолды мәтіндік өріс, ені автоматты түрде мәтінді еңгізгенде үлкейіп отырады. Мұндай өрістің мазмұнын сценарий немесе Web-парақтарының оқырманы өзгерте алмайды.



Анимация

FLASH-тағы анимация негізі объектінің қасиетін өзгерту болып табылады. Мысалға, объектілер көрініп немесе жоқ болып кетуі, өзінің тұрған орнын, көлемін, өлшемін, түсін, көріну деңгейін өзгертуі мүмкін т.б.

FLASH-та объектіні анимациялау механизмінің үш түрі бар.

Кадр бойынша(«классикалық») анимация, яғни автор әрбір кадрды өзі жасайды немесе басқа қосымшадан импорттап алып олардың көріну ретін анықтайды;

Автоматтық анимациялау (tweened анимация), яғни автор бірінші және соңғы кадрды ғана құрады, ал қалғанын FLASH автоматтық түрде құрады. tweened-анимацияның екі түрі бар, біріншісі анимация, объектінің қозғалысына негізделсе (motion animation), екіншісі анимация объектінің трансформациялануына (пішінін өзгерту) негізделген (shape animation);

Сценарийге негізделген анимация; сценарий – ActionScript деп аталатын FLASH тілінде жазылған әрекетті сипаттау. Бұл тіл синтаксисі көптеген тор шығармаларын жасауда қолданылатын басқа тілдердің синтаксисіне ұқсас келеді. (мысалға, JavaScript және VBScript).

Бұл механизімдердің артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де болады. Tweened – анимацияның басқалардан бөліп тұратын екі артықшылығы бар:
Біріншіден, авторға енді әр кадрды жеке-жеке құрып отырудың енді қажеті жоқ.;

Екіншіден, мұндай FLASH «мультфильмін» ойнату үшін алғашқы және соңғы кадрларын сақтап алса болғаны, бұл фильм көлемін әрине кішкене етіп сақтауға септігін тигізеді.

Бірақтан, tweened – анимация, объектінің қасиеттері бірдей өзгеретін тек қарапайым сюжеттерде ғана пайдалануға болады. Ал, ActionScript сценарийі арқылы объектіге күрделі қозғалыстар жасауға болады. Ол үшін, ActionScript тілін білу керек. Сонымен, егер өзіңіздің «мультфильміңізді» құрғыңыз келсе қай механизіммен жүзеге асыратыңызды таңдап алыңыз.

FLASH анимациясының мүмкіндігін көргіңіз келсе Disney (www.disney.com) компаниясының торын тамашалаңыз. Ол жерде FLASH мүмкіншілігін кеңінен қолданған.

Macromedia (www.macromedia.com) компаниясының торында арнайы «күн торы» (Site Of The Day) деген рубрикасы бар, ол жерден FLASH технологиясын жете пайдаланып отырған торларға сілтеме берілген.

Flash арқылы интерактивті фильмдер құруға болады, ойнату барысында тор қонағы тышқан немесе пернетақта көмегімен фильмнің басқа фрагментіне өтіп кете алады, объектілерді қозғалта алады, және формаға ақпарат енгізе алады т.с.с. Flash фильмдердің интерактивтілігі ActionScript тілінде рет ретімен жазылған командалардың көмегімен, оқиғаға қатысты іске асады. Мысалы, мұндай оқиғаға, белгілі біл кадрға секіру саналады. Интерактивті объектіге батырмалар (мысалға, басқару тақтасының қызметін атқаруға жинақталса), фильм фрагменттері немесе жеке кадрлар. ActionScript –ке қатысты емес стандартты командалар бар, оларға фильмді ойнату, тоқтату, дыбысын қосу мен өшіру, берілген URL - ға өту сияқты оншақты стандартты командалар бар. Бұл тілде күрделі сценарийлер де құруға болады, бірақ ол үшін бағдарламалау тәжірибесі болу керек қолданушының.

Web-сайттар үшін анимация құру

Macromedia Flash MX Web – сайтын қолданушыға ұмытылмайтындай, айқын етіп және де құрылған векторлық графиканы растрға, дыбысқа, анимациялауға және интерактивті идеясымен байланыстырады.

Web – тораптарын құру процессінде Macromedia Flash Mx жеңіл интеграцияланып, Macromedia Freehand және Fireworks импорт мүмкіндігінің көмегімен жүзеге асырылады. Macromedia Flash Mx Web –қосымшаларын теру құралдарының кең құрылуымен қатар Macromedia Generator интеграциясымен тығыз байланысты. Оның мүмкіндіктері мынадай:

Web-Native Printing Web –қосымшалар құрумен қатар жоғары сапалы баспа болуына мүмкіндік береді.

Action Script Tools – бұл Web –қосымшаларды эффективті, әрі маңызды құрылуына, оның жаңа тілдердің JavaScript сценарийіне ұқсас, Action Script және Debugger редакторының көмегімен, сонымен қатар SmartClips функциясы – элементтерінің жиі қолданылатынын шешімін құрады.

HTML Text Support форматтанған HTML- мәтіні мен гиперсілтемені қосуға мүмкіндік береді және қанық мәтіндік ақпаратты файлға оңай құрады.

XML Transfer Support – электрондық сауда үшін XML-дің көмегімен күшті қосымшаларды жасауға болады.

Macromedia Generator Developer Edition Support – Web –сайтын эффективті болуы үшін және оның көмегімен Flash – контентасының құрылу процессін автоматтандырады.

Common User Interface – Macromedia фирмасынан Web – дизайн үшін кез-келген қосымшаларды қолданушының интерфейсін жеңіл құруға рұқсат етеді.

Web - беттері үшін Flash –клиптер анимация және векторлық графиканың элементтерімен беріледі. Мазмұнды толық Интернет беттеріне Web-дизайнерлер Flash Mx-тің көмегімен навигациялық панельдер, динамикалық логотиптер, толық форматты клиптерді синхронды дыбыспен қамтамасыз етеді. Flash-клиптер векторлық графиканың тиімді элементтері болып табылады, себебі олар өте тез жүктеледі және өзінің масштабын монитордың өлшеміне сәйкес қолданушы өзі таңдайды.

Web – беттерінде Flash –клиптерін көрген боларсыз, оның ішінде Disney, The Simpsons, Pepsi жарнамалары сияқты Flash –технологиясында жасалған. Миллиондаған Веб-қолданушылар компьютер сатып алғанда, браузерлер немесе жүйелік программалық қамсыздандыру кезінде компьютерде алдын-ала орнатылған Flash Player-ды қондыруды талап етеді. Ал көптеген қолданушылар Macromedia фирмасының Веб-беттерінен көшіріп алады. Flash Player компьютерде клиптерді браузерге немесе бөлек программа қарауға жағдай туғызады.

Flash Mx-пен жұмыс жасағанда сіз құрылған клипті салып немесе графиканы импорттайсыз, оны жұмыс өрісінде өңдеп және монтажды сызғыш арқылы тірілту эффектісін қолданасыз (TimeLine). Бұндай клип немесе фильм интерактивті болып жасалуы мүмкін, яғни анықталған бейнелер өзгеріп және оқиғаларға әсер етеді. Бұны сіз Flash форматында экспорттап, бетін қосып, оны бетіне Веб-сервер ретінде аударасыз.

Flash жүйесінде құрал- саймандармен құрылған әрбір клип немесе фильм түріне қарай түрленуі мүмкін және Интернет браузері арқылы көруге болады. Қорытындысында әрбір фильмге 3 файл сәйкес келеді. Бұл:

өңделген және құрылған фильм үшін құрылған файл ();

фильмнің кодын тек қана көруге болатын файл();

браузер арқылы фильмді көруге арналған – жүктеуші файлы().

Өзіңіздің уақытыңызға қарап сіз фильмнің сюжетін және көркемділік қабілетіңізге қарай фильмдегі кейіпкеріңізді «тірілту» анимациясының екі әдісін қолдана аласыз:

кадрлық анимацияны («кадр за кадром») сіз әрбір кадрды өзіңіздің қолымен құрасыз;

автоматты анимацияны (-анимацию) сіз кілттік кадрларды, ал қалған аралық кадрларды өзі құрады.

Назар аудару керек бұл екі механизм бірге қолданылуы мүмкін, тек ғана бір фильмнің рамкасында ғана емес, сонымен қатар әрбір объектіге. Мысалы, қиыны сюжеттік жоспарда олардың фрагменттері кадрлық анимацияда құрылады, ал «болжалған» даму фрагменттердің сюжеті арқылы автоматты анимацияның көмегімен құрылады.

Бұндай біріктіруді әрбір объект үшін қолдану біріктірілген уақыт осі арқылы, уақытша диаграмма – редактор терезесінде көрсетілген қолдануға болады. Бір уақытша диаграммада «өмір сызығын» бірнеше объектілерді біріктіріп, бір көрініс алуға болады және бірнеше «кейіпкерлер» қатысуы. Автоматты анимацияның ерекшелігі оның көмегімен бір объектті берілген қабатта анимациялауға болады. Көрініс құру үшін оның ішінде бірнеше анимацияланатын әрбір объектілерді бөлек қабатқа орналастыру керек.

Қандай болмасын бөлек кадрларды құру, объектінің өзгеруі уақытқа байланысты бейнеленуі. Сіз фильмді құруыңызға болады, мысалға бір сағат көлемінде бір шар қозғалмай үстелдің үстінде жатуы мүмкін. Бұл жағдайда сіздің фильміңіз бір-біріне ұқсас болады, және де көрермен сіздің фильміңізді статикалық бейнеден айыруы қиынға соқтырады. Басқа жағынан қарасақ, бірнеше әдемі кадрларды құрып, оны бір уақыт моментінде қосуға болады. Соның нәтижесінде көрермен көріністі көрмей қалады.

Кадрлық анимация

Кадрлық анимацияны құру үшін ең алдымен фильмнің әрбір кадрын дайындау керек. Ол үшін келесі жағдайларды ескеру қажет, бір кадрдан келесіге көшу сәйкестігін, кейіпкерлердің қозғалуы, келесі кадрдан алдыңғы кадрдың айырмашылығын ескеру. Басқа сөзбен айтсақ, құрылған «мультик» көп кадрдан тұрса, сонша кейіпкерлердің қозғалысы табиғи болып көрінеді. Сондықтан да кадрлық анимацияны құру өте көп еңбекті қажет етеді. Онда объектілер өзара әрекеттесетін басқа қиын бейнелердің бір-бірімен байланысы. Сонымен қатар кадрлық анимацияны Flash–та фильмнің интерактивті элементінде қолданылады. Мысалы, батырмалар. Әрбір батырма күйінің анықталған кілттік кадры уақытша диаграммаға сәйкес келеді.


































2. Анимацияланған интербелсенді батырмаларды жасау

Анимацияланған интербелсенді батырмаларды жасау үшін маған батырмалардың пішінін сызып алу қажет болды. Алдымен мен Macromedia Flash 8 бағдарламасын іске қосып, жаңа Flash құжат құрып алдым.

hello_html_m61c92b33.png


CTRL+F8 пернелер үйлесімін басып батырмаға ат бердім. Бізде 4 Frame пайда болады, бірінші фрэймде батырманың түсін тағайындап, оның пішінін сызып аламыз. Керекті мәтінді жазып, оны батырманың үстіне ыңғайлап орналастырамыз және де батырма мен мәтінді белгілеп алып F6 пернесін басамыз, екінші фреймге көшкеннен кейін анимацияланған батырмаға нұсқағышты апарғанда түрі қандай болатынын көрсетеміз (Мысалы: үлкейтеміз немесе кішірейтеміз). F6 пернесін тағы да басып, анимациланған батырманы басқанда батырма қалай өзгеретіндігін көрсетеміз (Мысалы: үлкейтеміз немесе кішірейтеміз).


hello_html_m7bfb3d81.png

Келесі кезеңде тағы да F6 пернесін басып ешқандай өзгерістер жасамаймыз, бастапқы қойылымға Scene1-ді басып барамыз. Бұл жерде артқы көрініске өзіме ұнаған суретті импорттап алып орналастырдым.


hello_html_m666cd845.png


Келесі кезеңде өзіміз құрған батырманы бағдарлама кітапханасынан тасымалдап жұмыс өрісіне апарамыз. Мінекей менің бірінші батырмам да дайын болды. Енді менің батырмамды басқанда басқа фрейм, яғни көрініс шығып тұру үшін F7 пернесін басып жаңа фрейм құрамыз. Таза фреймде анимациланған батырманы басқанда пайда болатын суретті немесе жазуды орналастырамыз. Енді біздің батырмамыз орналасқан фреймге барып F9 пернесін немесе Actions батырмасын басамыз. Пайда болған терезеде «stop();» - деп жазамыз.

hello_html_m566b99f3.png


Енді Actions терезесін жауып, батырманы белгілеп тағы да F9 пернесін басамыз. Батырманың ашылған Actions терезесіне «on (release) {

gotoAndStop(2)

}» - деп жазамыз. Бұл жердегі «2» саны батырманы басқанда нешінші фреймді ашу керектігін көрсетеді.


hello_html_1c2682bf.png


Енді жасаған жұмысымызды тексеріп көру үшін Ctrl+Enter пернелер үйлесімін басамыз. Мінекей анимацияланған интербелсенді батырмам істеп тұр.


hello_html_ma84d75f.png


Ал енді батырманы басқанда ашылған фреймнен қайтадан батырма орналасқан фреймге өту үшін кері қайту батырмасын жасаймыз. Ол үшін өзіме ұнаған суретті импорттап алып фреймге орналастырдым (немесе жай қарындаш құралын пайдалануға да болады) және жаңа батырманы белгілеп алып, үстінен тышқанның оң жақ батырмасын басып, контекстік менюден Convert to Symbol командасын таңдадым. Пайда болған диалог терезесіне батырмаға ат беріп, оны белгілеп F9 батырмасын басамыз және Actions терезесіне «on (release) {

gotoAndStop(1)

}» - кодын енгіземіз. Бұл жердегі «1» саны «Артқа» батырмасын басқанда бірінші фреймге ауысатынымызды көрсетеді. Мінекей бір анимацияланған интердбелсенді батырмам дайын болды. Егер Сіздерге бірнеше батырманы жасау керек болса, жоғарыда көрсетілген әрекеттер тізбегін оындау қажет. Енді жасалынған жұмысты SWF форматында сақтау үшін File---Export---Export Movie командалар тізбегін орындау қажет.


hello_html_m57e8fd19.png


Нәтижесінде Macromedia Flash Player көмегімен ашылатын SWF қосымшасы дайын болды.


hello_html_1a886a89.png

Бұл SWF қосымшасы анимацияланған интербелсенді батырмалар негізінде жасалынған қосымша. Мен өз жұмысымды білім беруде, сабақ барысында пайдалануға болатындай жасадым. Бастауыш сыныптарында кез келген сабақтың барысында сергіту сәті ретінде оқушыларға менің Macromedia Flash бағдарламасында жасаған анимациялық SWF қосымшасын пайдалануға болады. Зерттеу барысында мен 4Б сынып оқушыларына өзімнің жұмысымды ұсындым. Жұмысымды ұсынған мақсатым анимациялық SWF қосымшасына деген оқушылар мен мұғалімнің көзқарасын білу болды. Яғни менің Macromedia Flash бағдарламасын зерттеу барысында жасаған жұмысымның мұғалім мен оқушыларға пайдасы барма, әлде жоқ па деген сұрақты өзіме қойып 4Б сыныбының сабағына бардым. Нәтижесінде зерттеу барысында менің анимациялық интербелсенді батырмаларым оқушылардың зейінін өзіне қаратып, батырмаларда берілген қызықты логикалық есептерді оқушылар қызығушылықпен шешуге тырысты. Мұғалімді де бұл SWF қосымшасы қызықтырды. Мен өз кезегімде менің зерттеу жұмысымның өз мектебіме пайдасын тигізгеніме риза болдым. Менің ойымша Macromedia Flash бағдарламасының анимацияларды қолдау, интерфейстің интербелсенді элементтерін құру мүмкіндіктерін пайдалана отырып оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай жоғарғы сыныптарға арналған сергіту сәттерін жасауға болады. SAM_1369SAM_1363SAM_1367SAM_1370






Қорытынды


Зерттеу жұмысымның мақсаты: қазіргі заман талабына сай, Macromedia Flash редакторында анимация құрудың тиімді жақтарын ұсына отырып, тиімділігін көрсету. Сонымен қатар бұл программа бойынша ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелерін жинақтап, оқушылар мен мұғалімдерге білім беруде пайдалануға ұсыну болды. Зерттеу барысында мен 4Б сынып оқушылары мен мұғаліміне өзімнің жұмысымды ұсынған болатынмын. Жұмысымды ұсынған мақсатым анимациялық SWF қосымшасына деген оқушылар мен мұғалімнің көзқарасын білу болды. Яғни менің Macromedia Flash бағдарламасын зерттеу барысында жасаған жұмысымның мұғалім мен оқушыларға пайдасы барма, әлде жоқ па деген сұрақты өзіме қойып 4Б сыныбының сабағына бардым. Нәтижесінде зерттеу барысында менің анимациялық интербелсенді батырмаларым оқушылардың зейінін өзіне қаратып, батырмаларда берілген қызықты логикалық есептерді оқушылар қызығушылықпен шешуге тырысты. Мұғалімді де бұл SWF қосымшасы қызықтырды. Мен өз кезегімде менің зерттеу жұмысымның өз мектебіме пайдасын тигізгеніме риза болдым. Мен өзімнің алдыма қойған мақсатыма жете білдім деп ойлаймын. Себебі қазіргі кезде ақпараттық технологиялар жоғарғы қарқын алып, дамып келе жатқан соң білім беруде тек ғана дайын ақпараттық құралдарды пайдалану емес әр мұғалім өзі жасаған қосымшаларды қолданған жөн деп ойлаймын. Менің ойымша Macromedia Flash бағдарламасының анимацияларды қолдау, интерфейстің интербелсенді элементтерін құру мүмкіндіктерін пайдалана отырып оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай жоғарғы сыныптарға арналған сергіту сәттерін жасауға болады. Жалпы осы тақырыпты таңдаған себебім Flash редакторы анимация жасауға ыңғайлы, қолданғанда өте жеңіл және мүмкіндігі шексіз. Қорыта келе Flash редакторында анимация жасаудың ыңғайлығын сөзбен айтып жеткізу қиын. Бұл редактор дүниежүзіндегі №1 орынды алып отыр. Қолданғанда өте жеңіл, өте ыңғайлы және мүмкіндігі шексіз. Қазіргі шығып жатқан нұсқаларында тіпті кез-келген платформаларға арналған қосымша құру мүмкіндігі бар екен. Егер мұндай мүмкіндік бета тесттен сәтті өтсе, онда қазіргі программисттердің басым бөлігі осы редакторға өтетіндігіне өз басым күмән тудырмаймын.

Қазіргі кезде кез-келген жарнаманы жасауда өте сәтті қызмет көрсетіп келе жатқан бұл редакторды қалай мақтасақ та жарасады. Себебі векторлық графиканың жадыдан өте аз орын алатынын ескеретінін білсек, онда интернет желісінде тез жүктелетін осы редакторды қай адам болмасын қолдануға тіпті мүдделі де болады. Flash – ті тор бетінде қолдануға да болады. Мысалы «жай» анимация, бетті тартымды ету үшін, жарнамалық баннерлер жасау үшін. Қазіргі кезде кез келген сайттарға шықсаңыздар веб беттер жарнамалық баннерлерге, бетті тартыды жасау үшін қолданылған аниацияларға толы. Мұның барлығын Macromedia Flash бағдарламасында оңай әрі тез жасауға болады.

Ойымды қорытындылай келе Macromedia Flash редакторында анимация құрудың тиімді жақтарын зерттей отырып білім беру үрдісінде ұстаздар мен оқушыларға қолдануға өз жұмысымды ұсынамын.


Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Литтлджон Бинджер. “Macromedia Flash MX 2004”, 2004, издательство “ BHV.

2. Г. Миллер. “Сети и мультимедиа”. Издательство “Ноллидж”, 2003 г.

3. Крис Касперски. “Хакинг: в шутку и всерьез”. Издательство “Роадстар”, Москва, 2001г.

4. Р. Гардиан. “Мультимедия и коммуникация”, 1998 г., Киев, “КГУ-Диалог-Наука”.

«Глобальные сети: информация и средста доступа» - издательство ПГТУ.

5. Гиттель Э., Джеймс С., «ISDN просто и доступно» - 1999 г.

6. Олифер В.Г., Олифер Н.А., «Macromedia Flash 6» - Издательство «Питер» 2000 г.

7. Фролов А.В., Фролов Г.В., «Глобальные сети компьютеров. Практическое введение в Internet» - 1998 г.

8. Шафрин Ю. А., Основы компьютерной технологии. – М. АБФ.1997 г.

9. Кенин А. М., Печенкина Н. С., IBM PC для пользователей. – Екатеринбург, 1993 – 1997 г.г.

10. Журналы «Компьютера» за 1999-2000 г.г.

11. HTML: справочник. Под ред. Ю.Колесникова. - СПб: Питер, 2000.

12. Интернет материалдары






  • Информатика
Описание:

Тақырыбы: Macromedia Flash бағдарламасында анимация құру

 

Секция: информатика

Мазмұны

Кіріспе...................................................................................................................................  3-4

Негізгі бөлім

  1. Macromedia Flash бағдарламасының мүмкіндіктері.............................................  5-9
  2.  Анимация.............................................................................................................  10-12
  3. Macromedia Flash бағдаламасында анимацияланған интербелсенді батырмалар жасау.....................................................................................................................  13-17

Қорытынды...........................................................................................................................  18

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................................  19

 

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Қазіргі заман талабына сай, Macromedia Flash редакторында анимация құрудың тиімді жақтарын ұсына отырып, тиімділігін көрсету. Сонымен қатар бұл программа бойынша ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелерін жинақтап, оқушылар мен мұғалімдерге білім беруде пайдалануға ұсыну.

 

Зерттеу жұмысының міндеттері:

– Macromedia Flash программасымен танысу;

– Ақпараттық құралдардың адамдардың өмірде алатын орнын түсіндіру.

– Программалық жабдықтаманың қатарында Macromedia Flash программасының орнын көрсету.

 

Мәселе: Білім беруде және тәрбие саласында ақпараттық құралдардың және Macromedia Flash бағдарламасының алатын орнын зерттеу.

 

 

Зерттелетін зат: Қазіргі заман талабына сай, ақпараттық қоғамда бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде Macromedia Flash редакторының пайдасы бар екенін зерттеу. 

Скачать материал
Автор Кумисай Толеуовна Иманберлинова
Дата добавления 11.12.2014
Раздел Информатика
Подраздел Другое
Просмотров 7823
Номер материала 6969
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

Популярные курсы