Инфоурок ОБЖ КонспектыЗәр шығару жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы

Зәр шығару жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Зәр шығару жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Зәр шығару жүйесі ағзаларының құрылыс ерекшеліктерін, орналасу орындарын, қызметтерін түсіндіру.

Дамытушылық:

·  Тақырып бойынша оқушылардың білімін тереңдету Жалпы білім сапасын жоғарылату

·  Оқушылардың ой - өрісін дамыта отырып, логикалық ойлау қабілетін арттыру Берілген тапсырмаларды дұрыс орындауға бағытберу, оқуға қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелілігі:

Оқушыға өз міндеттерін атқарғанда жауапкершілік, адамгершілік,

жанашырлық, ұқыптылық, сабырлық сақтай білуге үйрету.

Сабақтың  өзектілігі: Зәр шығару жүйесі ағзаларының құрылымды – қызметтік ерекшеліктерін терең ұғыну.

Сабақтың түрі: сайыс сабағы

Сабақтың әдісі: ұжымдық ойлау әрекеті

Көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнекөрініс, плакаттар, миниплакаттар, слайдтар, жалаушалар.

Пән аралық байланыс: патологиялық физиология, патологиялық анатомия, биофизика, биохимия, халықтық педагогика

Сабақтың барысы:

I. Үйымдастыру бөлімі.

II. «Бүйрек» және «Нефрон» топтарының төс белгілері мен атауларын

Қорғау.

III. «Алтын сандық» кезеңі

ІҮ. Жасырын сөз және бейне кезеңі

а) Тірек-сызба, топтастыру.

ә) бүйректің құрылысындағы жасырылған ағзалар

Ү. Сергіту сәті «Көрініс».

ҮІ.«Миға  шабуыл» кезеңі

ҮІІ. «Жеті жұмбақ» кезеңі.

ҮІІІ. Бейнекөрініс

IX. Қорытындылау

Сайыс сабағы болғандықтан I топ жеңіске жетсе, екінші топ жеңіледі. Сондықтан, сабақ барысын әділ бағалау барысында әділ - қазылар алқасын алқасын сайлаймыз.

Қалыпты анатомия пәнінің аға оқытушысы: Қадірбекова Дүрбибі.

Колледж әдіскері және анатомия пәнінің аға оқытушысы: Жаутикова Ғалия Садыққызы.

Ең төменгі ұпай – 5.

Ең жоғарғы ұпай - 15

Орташа ұпай - 10

 

 

Таныстыру

Денемізде зат алмасу процесінде пайда болған керексіз ыдырау өнімдерін сыртқа шығарушы бірнеше ағзаларымыз бар. Олардың ең негізгісі - бүйрек ағзасы. Өйткені бүйрек денедегі барлық қанды тазалайды. Яғни күрделі биологиялық фильтр қызмет жүзеге асады. Ал осы қызметті атқарушы әрине біз нефрондармыз!!!

Яғни біз болмасақ бүкіл ағза уланады деген сөз. Қорыта айтқанда нефронсыз өмір бос.

Біз нефронбыз.

Әр бүйректе санымыз 1 миллион.

Зәр шығару жүйесі құрамында біздерге еш бір ағза тең келмеген.

Таныстыру.

Бүйрекпін мен мың өліп, мың тірілген

Адамзаттың жақсарттым ағзасын мен

Зәр шығару жақсарады менің арқамда

Сондықтан да, қадірлей біл, мен сауымда - дегендей сау кезімде жақсы күтіп, мені суықтатпай сақтамасаң, менен айрылып қалуың мүмкін. Себебі: мен адам ағзасы үшін өте қажетті мүшелердің бірімін. Өзім жайлы айтар болсам:

Мен адам ағзасының құрсақ қуысының жоғарғы бел омыртқа тұсында орналасамын. Менің сыңарым бар. Ол менен 1-2 см төмен орналақан. Менің ұзындығым 12см, ал енім 6 см, салмағым 120г. Сыртым фиброзды ақ қабықшамен қапталған. Менің қақпақшаларым бар. Ол арқылы маған артериялар мен нервтер енеді. Менің жоғарғы жағымда эндокриндік мүше бүйрек үсті безі орналасқан. Морфофункциялық құрылымым нефрон. Жұп мүше болғаным үшін, сол жұбыммен бірге жұмыс атқаруды ұнатамын. Менің атқаратын қызметтерім өте көп. Олардың ішіндегі ең негізгі қызметім несеп түзіп, зәр шығару. Сонымен қатар ішкі орта тұрақтылығын, сілті-қышқыл

теңдігін, осмос қысымын, басқада ішкі сұйықтық ортаның көрсеткіштерін қамтамасыз ететін бір топ қызметтік жүйе жұмысын орындатуға қатысамын. Бірақ адамдардың маған көп көңіл бөлменуі салдарынан, жалғыз қалатын кездерімде болады. Сонда да сыңарымның жоқтығын білдіртпей, өз қызметімді жақсы атқаруға тырысамын.

Ұранымыз: Бауырымыз бүтін, бүйрегіміз аман болсын.

III. «Алтын сандық» кезеңі

1.      Зәр шығару жүйесі ағзаларын ретімен атаңыз?

2.      Белок алмасуы барысында түзілетін соңғы ыдырау өнімдері?

3.      Бүйректің орналасу орны?

4.      Алғашқы несеп құрамында болатын заттар?

5.      Экстагломерулалық аппарат, қай уақытта ренин бөледі?

6.      Бүйректің ішкі құрылысы?

7.      Жас ұлғайған кезеңде бүйрек қызметінің көрсеткіштері неге төмендейді?

8.      Әйел және ер адамның несеп өзегінің ерекшеліктері?

9.      Бүйректің бір орнында тұруы неге байланысты?

10.  Бүйрек топографиясы?

11.  Несеп түзілуі қандай үрдістерден тұрады?

12.  Факультативтік реабсорбция нефронның қай бөлімдерінде жүреді?

ҮІ. «Миға шабуыл» кезеңі

1.     Бүйректің латынша, грекше аталуы?

2.     Анурия болган жағдай, адам денесінде не пайда болады?

3.     Бүйрек қабаттары ?

4.     Бүйректің эритроцит түзілу процессіне қатысуы қалай аталады?

5.     Зәрді уақытша жинап тұратын ағза?

6.     Несептің негізгі органикалық құрамы?

7.     Ер адамда шәует жолымен бірігетін ағза?

8.     Нефронның шумақтық бөлігі қалай аталады?

9.     Бүйрек қақпасы арқылы не кіреді?

10. Бүйректің қыртысты бөлімінде, нефронның қай құрылымы орналасқан?

11. Әйел адамның несеп өзегі қандай?

12. Бүйрекке ағып келетін қанның 85%-і бүйректің қай қабатындағы қантамырларында?

13. Бүйректің құрылым - қызмет бірлігі?

14. Түнде несебін ұстай алмау?

15. Әйелдерде қуық артында орналасқан ағзалар?

16. Мальпиги шумағындағы капиллярларындағы қан қысымы?

17. Қайта сіңу процесі?

18. Жоғарғы иірім түтікшелерінде қайта сіңу қарқыны қандай?

19. Несеп қуыгы атын тілінде?

20. Тәуліктік диурездің көбеюі?

ҮІ «Миға шабуыл» кезеңі.

1.     Генле ілмешегінде орналасқан несеп концентрациялау механизмі қалай аталады?

2.     Ер адамның несеп өзегі?

3.     Бүйректің милы бөлімінде нефронның қандай құрылымы орналасқан?

4.     Бүйрек қақпасынан не шығады?

5.     Белок алмасуының соңғы ыдырау өнімдері жиналып, қанға өтіп, организмді уландыруы қалай аталады?

6.     Несепағар латын тілінде?

7.     Қалыпты жағдайда несеппен нелер шығарылмайды?

8.     Несеп өзегі латын тілінде?

9.     Тәуліктік диурездің азаюы?

10. Сүзілу процесі?

11.  Бүйректе қан айналымын жақсартатын фермент?

12. 3әр шығару жүйесін зерттейтін ілім?

13. Түнде несептің шектен тыс көп болып түзілуі?

14. Ер адамда қуық артында орналасады?

15. Алғашқы несептің қанша пайызы қайта сіңіп, қаншапайызы сыртқа шығады?

16. Қуық бөлімдері...............................

17. Гломерулалық сүзілу үрдісін нефронның қай құрылымында өтеді?

18. Несеп ағар бөлімдері..........................

19. Бүйректің несепті концентрациялау қабілеті, нефронның қай құрылымына тән?

20. Бүйректің қалыпты жағдайда ересек адамдағы үзындығы, ені, салмағы?

Көрініс

Бүйрек ауруының зардабы

Науқас: Сәлеметсіз бе? Мен дәрігерге жолығуым керек еді. Дәрігер өзіндеме ма?

Медбике: Ия, әрине күте тұрыңыз?

Майра Бақтиярқызы науқас келіп түр. Кіргізе берейін бе?

Дәрігер:     Ия кіргізіңіз.

Науқас:      Сәлеметсіз бе?

Дәрігер:     Келіңіз, отырыңыз. Сізді не мазалайды.

Науқас:      Мен үйімнің жалғыз қызымын. 2 жылдан бері созылмалы нефритпен ауырамын. Соның себебінен түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айрылдым. Дәрігерлер үміт жоқ деп отыр. Менің соңғы үмітім сізден.

Дәрігер:     Түсінікті. Сізге айтарым өмірден күдер үзбеңіз. Қарайып батқан күннің де, ағарып атар таңы бар. Мұндай жағдайда тек сіздің ғана емес, сіз сияқты менің де, басқалардың да басынан өткен. Сізге өзімнің басымнан өткен оқиғаны айтып берейін. Осыдан бір жақсы қорытынды шығарасыз деген үміттемін.

Науқас:      Жақсы жарайды. Тыңдап көрейік

Автор:        Осыдан 10 жыл алдыңғы Майраның өмірі. Майра және оның

бауыры Сағи әке - шешесінен ерте айрылған. Жетімдіктің кермек дәмін ерте тартып, өсті. Майра бауырына эке орнына - әке, шеше орнына - ана болды. Ол екеуінің күн көрісі өте нашар болды. Майра күндіз түні жүмыс істеп, бауырына көңіл бөле алмады. Бауыры Сағи әпкесіне жәрдем болсын деп сабақтан кейін әр түрлі жүмыс істеп жүрген. Осының арқасында Сағи науқастанып қалады. Бірақ Сағи оны әпкесіне білдірткісі келмеді. Бір күні Майра жұмыстан келсе, Сағи есік алдында әлсіреп, бозаңқырып отыр екен.

Майра:  Ойбай -ау Сағи саған не болды? Түрің бозарып кетіпті.

Сағи:     Жоға әпке маған ештеңе болған жоқ. Барлығы да жақсы.

Автор:   Осы сәтте Сағи айтар - айтпас есінен танып, жерге құлап түседі.

Майра:  Сағи саған не болды? Көзіңді ашшы. Кім бар көмектесіңіздерші? Ояна ғойшы. Жар деген де, жалғыз бауырым менің.

Автор:   Сол кезде Сағи ауруханаға ауыр халде жеткізіледі. Сол кезде

әпкесі қатты күйзеліске түседі. Сонда дәрігер шығып: Майраға жағдайды айтады:

Әділ дәрігер: Майра ханым менің сөзімді тыңдаңыз. Сабырға келіңіз. Сіздің бауырыңыз нефритпен ауырады.

Майра:       Мен   түсінбедім. Сонда не жағдай ашық айтыңызшы?

Әділ дәрігер:       Бұл бүйректің қатты суықтап, жұмысының бұзылуы. Ол

көптен бері ауырып жүрген. Ол өте асқынып кеткен. Мұны дер кезінде емдеу керек еді, неге осы уақытқа дейін емдетпегенсіз?

Майра:       Бұл жағдайды менде білмедім. Ол бұл жайлы маған ешуақытта шағым айтпаған еді. Енді не болады дәрігер?

Әділ дәрігер: Донор қажет. Бауырыңыздың бір бүйрегі істен шыққан.

Майра:       Донор мен  бола  аламын ба? Менің бүйрегім бола ма? Мен

бауырым үшін бәріне дайынмын.

Әділ дәрігер:       Тексеріп көрейік. Қайткенмен ол сіздің бауырыңыз, сәйкес

келуі керек. Бірақ бұған біз кепілдік бере алмаймыз.

Майра: Жарайды. Жан дегенде жалғыз бауырым ғой ол үшін бәріне де дайынмын.

Әділ дәрігер: Сараптама нәтижесі жақсы өтті. Менің бүйрегім оған келіп, ота жасалынды. Бәрі де сәтті өтті. Айлар өтіп інім дертінен айығып кетті. Кейін мен бір Алланың және дәрігерлердің арқасында бұл дертті көрмегендей болып, кеттім. Содан мен медицина қызметкерлеріне деген қызуғышылығы арта түсті. Арадан жылдар өтіп, мен дәрігер мамандығын бітіріп шықтым. Соның ішінде мен уролог мамандығын игердім. Ең бастысы жүректе үміт отыңыз сөнбесін. Барлығы да жақсы болады.

 

Салғырттықтың салдары

Автор:        Әдеттегідей анасы мен қызының арасында күнде жанжал.  Жанжалдасу себебі, қызының киінбей ашық - шашық жүргені. Мода соңынан қуып, анасының айтқанын тыңдамаганнан күнде үрыс болатын. Күндегідей қызы сабағына баруға дайындалу үстінде. Анасы қызына келіп.

Анасы:       Қызым       айналыйын, жылы киініп жүр. Сен болашақ ана боласың, бүйрегіңе суық тигізіп аласың. Кейін түрмысқа шыққанда өзің қиналасың. Аурудың барлыгы түрмысқа шыққанда байқалады. Сондықтан айтамын гой саган жылы киініп жүр деп, Моданы қайтесің?

Қызы Айнұр:       Анашым сіз мода дегенді қайдан түсінесіз? Менің құрбыларым Айым мен Жәудірден қаламын ба? Болды қойыңызшы анашым

Автор:        Деп Айнұр сабағына шығып кетеді. Күн артынан күн өтіп, ай

артынан ай өтіп мода қуып жүрген Айнұр ауылдың жігітіне ғашық болады. Тағдырдың жазуымен Айнұр ауылдың жігітімен бас қосады. Айнұр тұрмысқа шыққан соң, аяғы ауыр болған кезде, бүйрегі сыр бере бастайды. Көп жатып қалатынды шығарады. Енесі оның жатқанын көріп,

Енесі:          Қазіргі келіндер көтердім деп еркелейді. Кезінде біз ауырмай - сырқамай қанша баланы дүниеге әкелдік.

Автор:        Айнұрға     енесінің әр айтқан сөзінен кейін өзінің ауырғанын

ешкімге білдіртпей жасырып жүреді. Ауруы жанына батқан кезде, анасының баягы айтқан ақылдары есіне түсіп, көзіне жас алады.

Айнұр:       Анашым кезінде айтқаныңызды бекер тыңдамаппын. Ал қазір

бүйрегім ауырып, жаныма қатты батып жүр. Ендігі үмітім осы ішімдегі балапанымды аман -есен дүниеге әкелсем деймін. Кезінде сән қуып денсаулықтың қадірін білмеппін.

Автор:        деп өкінеді. Босану мезгіліне жетпестен жүктіліктің 32-33 аптасында, қан қысымының өте жогары болуымен, бүкіл дененің ісінуімен перзентханага ата - енесі жеткізеді. Айнұрдың анасы жүгіріп, дәрігерге барады.

Анасы:       Менің қызым қалай жақсы ма?

Дәрігер:     Қызыңыз    бұған дейін созылмалы бүйрек ауруымен ауырған.

Қызыңызда I -ші жүктілік 32-33 аптасы преэклампсияның ауыр дәрежесі. Қолымыздан келген барлық жағдайды жасаймыз.

Енесі:          Келінімді    де, болашақ немеремді де, аман сақтап қалыңызшы

дәрігер қызым, Құдай үшін  деп жылайды

Дәрігер:     Апа айтып тұрмын. Жағдай өте қиын, қандай жағдай болса да, дайын болыңыздар. Біз қолымыздан келгенді жасаймыз деп  дәрігер операция бөліміне кіріп, кетеді.

Енесі мен анасы қыздарының тілеуін тілеп, күтіп отырады. Бір кезде сәбидің жылаған даусы естіліп, Айнұрдың енесімен анасы жүрегі жарылардай болып, қуанып жатыр. Біраздан соң дәрігер келіп,

Дәрігер:     Немерелеріңіз құтты болсын. Қыз бала. 1,5 кг. Жағдайы орташа.

Анасы:       Дәрігер, қызым қалай? Жақсы ма? Көрейінші қызымды.

Жарығымды көрейінші

Дәрігер:     Апа,  немерелеріңіз аман - есен сабыр етіңіздер. Өкінішке орай

біз қолымыздан келгеннің барлығын жасадық. Қыздарыңызды аман сақтап қала алмадық. Өйткені созылмалы бүйрек ауруын асқындырып алған. Дәрігер нүсқауында дер кезінде орындамаған. деп дәрігер кетіп қалады.

Енесі мен анасының қуаныштары су сепкендей басылды. Ана жүрегі езіліп, қызының қазасын естігенде дүние екіге қарсы айрылғандай болды. Міне жастар сән қуып, жас кезінде ашық - шашық жүріп, бүйрегіңнен созылмалы ауруына үшырап, өмірі осы жерге дейін жетті.Шарана анасыз жетім қалды. Айнұр сән қумағанда ашық - шашық денсаулығына салғырт қарамағанда өмірі мүлде бүлай болмас па еді. Кім біледі?

Жастар бәрінен де, адамға ең алдымен денсаулық керек. Сондықтан жылы киініп, сән қумай өз денсаулығымызға аса жауапкершілікпен қарайық.

Өйткені, бүйрек ағзасының ролі өте үлкен. Және де жыныс ағзаларымен тығыз байланысты.

Жастар САЛАМАТТЫ ӨМІР САЛТЫН САҚТАЙЫҚ.

Болашағымыз өз қолымызда!

ҮІІ. Тақырып бойынша жұмбақтар жасыру кезеңі

1.     Өзі сондай сүйкімді

Денедегі барлық қанды қабылдауға икемді

2.     Кішкене ғана тостаған

Зәр бөлуді бастаған

3.     Жалғастырар қуық пенен бүйректі

Қызметі ағызады несепті

4.     Құрылысы шым - шытырман иректі

Атқарады қызметін бүйректің

5.     Байланысты жатыр менен қынапқа

Зәр толғанда ұқсайды ол алмұртқа

6.     Ұқсайды ол шүмекке

Өтеді одан тек зәр емес шәуетте.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Зәр шығару жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист контроля качества

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Зәр шығару жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы.Сабақтың мақсаты: Білімділік: Зәр шығару жүйесі ағзаларының құрылыс ерекшеліктерін, орналасу орындарын, қызметтерін түсіндіру.Дамытушылық:Тақырып бойынша оқушылардың білімін тереңдету Жалпы білім сапасын жоғарылатуОқушылардың ой - өрісін дамыта отырып, логикалық ойлау қабілетін арттыру Берілген тапсырмаларды дұрыс орындауға бағытберу, оқуға қызығушылығын арттыру.Тәрбиелілігі:Оқушыға өз міндеттерін атқарғанда жауапкершілік, адамгершілік, жанашырлық, ұқыптылық, сабырлық сақтай білуге үйрету.Сабақтың өзектілігі: Зәр шығару жүйесі ағзаларының құрылымды – қызметтік ерекшеліктерін терең ұғыну.Сабақтың түрі: сайыс сабағыСабақтың әдісі: ұжымдық ойлау әрекетіКөрнекілігі: интерактивті тақта, бейнекөрініс, плакаттар, миниплакаттар, слайдтар, жалаушалар.Пән аралық байланыс: патологиялық физиология, патологиялық анатомия, биофизика, биохимия, халықтық педагогикаСабақтың барысы: I. Үйымдастыру бөлімі.II. «Бүйрек» және «Нефрон» топтарының төс белгілері мен атауларынҚорғау.III. «Алтын сандық» кезеңіІҮ. Жасырын сөз және бейне кезеңіа) Тірек-сызба, топтастыру.ә) бүйректің құрылысындағы жасырылған ағзалар Ү. Сергіту сәті «Көрініс».ҮІ.«Миға шабуыл» кезеңіҮІІ. «Жеті жұмбақ» кезеңі.ҮІІІ. Бейнекөрініс IX. ҚорытындылауСайыс сабағы болғандықтан I топ жеңіске жетсе, екінші топ жеңіледі. Сондықтан, сабақ барысын әділ бағалау барысында әділ - қазылар алқасын алқасын сайлаймыз.Қалыпты анатомия пәнінің аға оқытушысы: Қадірбекова Дүрбибі. Колледж әдіскері және анатомия пәнінің аға оқытушысы: Жаутикова Ғалия Садыққызы.Ең төменгі ұпай – 5.Ең жоғарғы ұпай - 15 Орташа ұпай - 10ТаныстыруДенемізде зат алмасу процесінде пайда болған керексіз ыдырау өнімдерін сыртқа шығарушы бірнеше ағзаларымыз бар. Олардың ең негізгісі - бүйрек ағзасы. Өйткені бүйрек денедегі барлық қанды тазалайды. Яғни күрделі биологиялық фильтр қызмет жүзеге асады. Ал осы қызметті атқарушы әрине біз нефрондармыз!!!Яғни біз болмасақ бүкіл ағза уланады деген сөз. Қорыта айтқанда нефронсыз өмір бос.Біз нефронбыз.Әр бүйректе санымыз 1 миллион.Зәр шығару жүйесі құрамында біздерге еш бір ағза тең келмеген.Таныстыру.Бүйрекпін мен мың өліп, мың тірілген Адамзаттың жақсарттым ағзасын мен Зәр шығару жақсарады менің арқамда Сондықтан да, қадірлей біл, мен сауымда - дегендей сау кезімде жақсы күтіп, мені суықтатпай сақтамасаң, менен айрылып қалуың мүмкін. Себебі: мен адам ағзасы үшін өте қажетті мүшелердің бірімін. Өзім жайлы айтар болсам:Мен адам ағзасының құрсақ қуысының жоғарғы бел омыртқа тұсында орналасамын. Менің сыңарым бар. Ол менен 1-2 см төмен орналақан. Менің ұзындығым 12см, ал енім 6 см, салмағым 120г. Сыртым фиброзды ақ қабықшамен қапталған. Менің қақпақшаларым бар. Ол арқылы маған артериялар мен нервтер енеді. Менің жоғарғы жағымда эндокриндік мүше бүйрек үсті безі орналасқан. Морфофункциялық құрылымым нефрон. Жұп мүше болғаным үшін, сол жұбыммен бірге жұмыс атқаруды ұнатамын. Менің атқаратын қызметтерім өте көп. Олардың ішіндегі ең негізгі қызметім несеп түзіп, зәр шығару. Сонымен қатар ішкі орта тұрақтылығын, сілті-қышқыл теңдігін, осмос қысымын, басқада ішкі сұйықтық ортаның көрсеткіштерін қамтамасыз ететін бір топ қызметтік жүйе жұмысын орындатуға қатысамын. Бірақ адамдардың маған көп көңіл бөлменуі салдарынан, жалғыз қалатын кездерімде болады. Сонда да сыңарымның жоқтығын білдіртпей, өз қызметімді жақсы атқаруға тырысамын.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 508 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.04.2020 4046
    • DOCX 86.5 кбайт
    • 21 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сурина Марина Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сурина Марина Викторовна
    Сурина Марина Викторовна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 85741
    • Всего материалов: 220

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Основы безопасности жизнедеятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель, преподаватель основ безопасности жизнедеятельности

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 884 человека из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 980 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Физическая культура и основы безопасности жизнедеятельности")

Учитель физической культуры и основ безопасности жизнедеятельности

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 66 человек

Курс повышения квалификации

Педагогика и методика преподавания основ безопасности жизнедеятельности

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 80 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 1 036 человек

Мини-курс

Психология семейных отношений: понимание, следствия и решения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Реклама для роста бизнеса: эффективные стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 20 регионов
Сейчас в эфире

Совместимость современных ценностей и классической поэзии

Перейти к трансляции