Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Өзін-өзі тану» курсының сабақтарын ұйымдастыру ерекшеліктері

«Өзін-өзі тану» курсының сабақтарын ұйымдастыру ерекшеліктері

Скачать материал

«Өзін-өзі тану» курсының сабақтарын  ұйымдастыру ерекшеліктері

 

Ж.Е.Молдағалиева Ж.Досмұхамедов

атындағы педагогикалық колледжінің

жаратылыстану кафедрасының оқытушысы

 

«Тек бас-аяғынан руханилықпен суарылған тәрбие ғана адамның

бұйығы қалпын жеке тұлға деңгейіне көтеріп шығады.»

(С.А.Назарбаева «Өмір әдебі» кітабынан.)

   

Адам – ол ұлы тұлға. Адам өзінің сана сезімге, ақылға, рухани-адамгершілік қасиеттерге ие болғанда ғана «Адам» деген ұлы мәртебелі атқа ие бола алады. Біздің басқа тіршілік иелерінен айырмашылығымызда осында. Құранда «Адам баласының жүрегіне барлық жақсы нәрсені енгіздім» дейді. Яғни мейірімділік, рахымдылық, ар-намысқойлық, сабырлық, ұят, махаббат тағы басқа да ұлы қасиеттерге толы екенін айтады. Өмір сүру барысында жүрегіміздегі осы қасиеттерді қолдана білуіміз керек. Қабдеш Жұмаділов «Қоғамның дамуы-техника мен технолгияның қарыштап өсуімен емес, адамгершілік қасиеттердің биік дәрежеде көтерілуімен өлшенуге тиіс» деп жазады. Осы пікірді жалғастырып, Әл-Фараби «Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып екеуі біріккенде бұлар адамдық қасиеттер болып табылады» дейді. Осы жағдайды ескере отырып әрбір адам өзінің ішкі жан дүниесіндегі жаман қасиеттерден құтылып, орнын жақсы асыл, сұлу, көркем қасиеттерге толтыруы тиіс.

Адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде. Жас ұрпақты ғылыми білім берумен шектеу аз, оларды адамгершілік – рухани жағынан нағыз адам етіп қалыптастыру керек.

Жастарды мәдениетілікке, сыпайылылыққа, әдептілікке баулу, жастайынан отаншылдыққа, тазалыққа, мейірімділікке, ұйымшылдыққа үйрету, рақымшылдық, жанаршырлық  және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білу, кешірімді болуды үйрету де «Өзін-өзі тану» пәнінің үлесіне тимек.

 «Өзін-өзі тану» курсы жастардың бойында жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастырып, адамзаттың адамгершілік – рухани мұраларын игеруге бағытталған. Және жас ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, өзін-өзі танып білуге негізделген. Сонымен қатар әр адамның жан дүниесіне сергектікпен үңілуге көзделген.

Өзін-өзі тану –жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тұлғаның рухани адамгершілік білімінің түйінді рөлін атқаратын оқу пәні болып табылады.

Өзін-өзі тану дегеніміз- тұлғаның өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жүзеге асыру мақсатында өзі туралы нақты білім алуға бағытталған шығармашылық іс-әрекеті.

«Өзін-өзі тану» рухани –адамгершілік білім беру- әрбір оқушының өзінің жан дүниесін сезінуіне және өзінің дербестігін түсінуіне ықпал етуді мақсат етіп қояды.

Аз уақыт ішінде «Өзін-өзі тану» курсымен жүргізілген жұмыстар барысында бұл пәннің қажеттілігіне оқушының жеке тұлға ретінде қалыптастырудың жалғастыруына, сонымен қатар оның бойында адамгершілік қасиеттерді дамытудың ең тиімді жолы екеніне көзіміз жетіп отыр.

 «Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаты - жас ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, өзін-өзі танып білуге негізделген. Сонымен қатар әр адамның жан дүниесіне сергектікпен үңілуде көзделген. ХХІ ғасырдың ерекшелігінен туындаған ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетін «Өзін – өзі тану» - еліміздегі білім беру жүйесін  дүниетанымдық тұрғыдан өзгертудің  нақтылы бастама пәні. Осы  уақыт ішінде «Өзін-өзі тану» курсымен жүргізілген жұмыстар барысында бұл пәннің қажеттіліне, студенттің жеке тұлға ретінде қалыптастырудың жалғастыруына, сонымен қатар оның бойында адамгершілік қасиеттерді дамытудың ең тиімді жолы екеніне көзіміз жетіп отыр. «Өзін-өзі тану» курсының сабақтары қайталанбас ерекшеліктермен оқушыларды қызықтырады. Егер өзге сабақтарда оқушының рухани тәрбиесіне көбірек көңіл бөлуге уақыттың аздығы кедергі болса, енді арнайы бөлінген уақытты оқытушы бұл тәрбиені кең, терең оқушы бойына сіңіруге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, «Өзін-өзі тану» сабақтарында оқытушыға оқушының рухани адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу барысында өзге сабақтарда алған мағлұматтарды қолдануға, оларды бір-бірімен ұштастыруға, толықтыруға қолайлы жағдай туғызып отыр.

«Өзін-өзі тану» курсы оқытушыға өзінің педагогикалық қабілетін танытуға мүмкіндік туғызады. Әрбір сабақты дайындау және өткізу дифференциалды, шығармашылық ізденісті талап етеді. Бұл курс оқытушының интерактивті әдістері: психологиялық тренингтерді, әлеуметтік – рөлдік ойындарды және адамтану технологияларын білуін талап етеді.  «Өзін-өзі тану» курсын жүргізудегі негізгі формасы ретінде топтық тренинг қолданылады. Тренинг ағылшын сөзі «үйрету» дегенді білдіреді. Тренинг – белгілі бір жемісті жетістіктерге жету үшін жобаланған, жүйеленген үйрету немесе оқыту үрдісінің бір саласы болып табылады. Тренинг негізгі құрылымдары іс-әрекет яғни қимыл ойындары, пікірталас, жағдаятты талқылау, жалпы жағдаяттар бұлардың барлығы жеке тұлғаның дамуына тікелей бағытталған. Сондықтан негізгі мақсат – жеке тұлғаның жақсы салаларын дамыту, жағымсыздықтан арылту. Бұл оқытушыға оқушыны жан-жақты дамытуға мүмкіндік береді.

«Мен кіммін?» тренингі. Мақсаты: Бұл жаттығуды әлі бірін-бірі танымайтын жаңа топқа өткізуге болады. Осы жаттығу арқылы олар бірін-бірі жақсы біліп, тез қарым-қатынасқа түседі деуге болады.

Жүру барысы: Әрбір қатысушы қолдарына қарындаш пен қағаз алады. Содан кейін оларға мынадай нұсқау беріледі. 1 – ден бастап 10 – ға дейінгі сандарды бір бағанға орналастырыңыз.Содан кейін әрбіреуіне «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап беру үшін «Мен - ...» деп басталатын сөзді өзінің мінез бітістері, қызығушылықтары, эмоциясы туралы, яғни өзін суреттеп беретін фразалармен аяқтау қажет. Дайын болған қағазды арттарына жапсырып қояды. Содан кейін барлығы бөлмеде жан-жаққа тарап арттарындағы жазылған сөздерді оқиды. Әркім өзі кімді жақын білгісі келеді. Соған жақын барып артындағы жазылған сөздерді оқиды. Сөйтіп, олар бірін-бірі жақсы біледі.

Құзіреттілік – бағдарға арналған тапсырмалар оқушылардың ойы мен сезімін еркін білдіруге, өзгелермен қоғамдаса өмір сүруге, түйіні қиын шиеленісті жағдайдардан дұрыс жол табуға, зиянды және қауіпті құмарлықтан бойын аулақ ұстауға, жауапты шешім қабылдауға әдеттендіреді. Ол құзыреттілік баланың өмірлік т.б. мәселені дұрыс шеше білу қасиетін алдыңғы орындарға қояды. Себебі, оқушы оқып, көріп, естіп алған білімін өз тәжірибесінде, өз өмірінде қолдана алғанда ғана шын мәніндегі дұрыс дамып, қалыптасу жолында, бағдары дұрыс баға беруге болады.

Өзін-өзі тану барысында оқушының өзін жетілдіріп отыруы арқылы құзыреттіліктері қалыптасады және оны өзін-өзі тану сабақтарында жетілдіріп, дамытып отыру пән мұғалімдерінен үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өзін-өзі тану сабақтары арқылы оқушы өзін адамдық «кәсіптің» иесі ретінде адамдық тұрғысынан құзыреттілікке ие болуды мақсат етуі тиіс. «Өзін-өзі тану» курсының рухани өнегені дамыту сабақтары оқушылардың өз-өзіне қатынастарын өзгертеді, өзіндік бағасы салыстырмалы бола бастайды, өздеріне жеткілікті тұрғыда сыни қатынас қалыптасады, өзін және өзгелерді құрметтеу пайда болады.

Адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде.

Оқытушы сабақты көтеріңкі, жақсы көңіл күймен ұйымдастырып, әрбір студенттің өзін ерекше сезінуіне, бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасауына, өзіне сенім артуына және өзгелердің де сеніміне ие болу мақсатында «Тыныштық сәтінен» бастайды. Бұл әдіс-тәсілдерді қолдану барысында оқушылар бір-біріне жүрек жарды тілек ойларын білдірумен бірге әртүрлі әндер, өлеңдер айтады.

Сонымен бірге «Өзін-өзі тану» пәнінде оқушының өз ойын жинақтай алу мүмкіндігіне ие болатын, қиялын дамыта алатын, өзінің ішкі «Менін», мінез-құлыққа жағымды ықпал етіп, олардың сезімі мен эмоциясын, жалпы рефлексияға қабілеттерінің дамуын ынталандыратын «Тыныштық сәті», «Өзіммен-өзім» сияқты дәстүрлі сабақтарда кездеспейтін релаксация тұрғысындағы әдістемелік тәсілдер қолданылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында мұғалімнің сөзі, сондай-ақ үнтаспалар, бейнетаспалар қолданылады.

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, оқу материалын эмоционалдық-бейнелі тұрғыдан қабылдауға ықпал ететін өзін-өзі тану сабақтарының міндетті элементінің бірі  «Сабақтың дәйексөзі» болып табылады. Сабақтың дәйексөзі ретінде халық даналығы, халық мақалы, нақыл сөз, даналық сөз, ұлы адамдардың ұлағатты сөздері алынады және сабақ барысында талданады. «Өзін-өзі тану» пәнін жүргізудің тағы формасы ретінде - топтық  тренинг қолданылады.

Рухани өнегені дамыту сабақтары жемісті болады: оқушылардың өз-өзіне қатынастары өзгереді, олардың өзіндік бағасы салыстырмалы бола бастайды, өздеріне жеткілікті тұрғыда сыни қатынас қалыптасады, өзін және өзгелерді құрметтеу пайда болады. Ең басты оқушылар жақсы көңіл-күйді, жан дүниесінің жылуын сақтауға үйренеді. Бұл сабақ өмірдегі сәтсіздіктерден сақтамасада, өздерінің көзқарастарын өзгертуге мүмкіндік береді.

Оқушының өз өмір жолын таңдай білу қабілетін дамытуда, ер бала мен қыз баланың өмірлік ұстанымын, табиғи міндеттерін түсіндіруде, өз өміріне ойлы көзбен қарап, адам өмірі ең жоғары құндылық екенін санаға сіңіруде «Өзін-өзі тану» пәнінің маңызы өте зор.                                                             

            Жақсы тәрбие мен саналы білім алған жас ұрпақ өмірден өз орнын табады.

Өзін-өзі танудың бір тармағы – жеке тұлғаның өздігінен дамуын тану, өзі туралы білім алуға бағытталған шығармашылық іс-әрекетін тану, сол тану нәтижесінде жан-жақты жетілген, өзін үнемі дамытатын креативті, шығармашыл жеке тұлға болып қалыптасу. Міне осы тұрғыда қоғамға жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істей білетін жақсы адам қажет.

            Қорыта айтқанда жалпы адамзаттық, рухани-адамгершіліктік өмір құндылықтарының мәнін түсінетін, айналасындағы адамдармен жағымды қарым-қатынас орната алатын, ұжымда, топта еңбектене білетін, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру, оны болашақта қоғамнан өз орынын таба білуіне ықпал жасау баршамызға ортақ міндет.

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

 

1.      М.Х.Балтабаев «Үздіксіз білім беру жүйесінде оқушыларға рухани- өнегелі тәрбие берудің концепциясы», Алматы-2002ж.

2.      Ж.О.Иманғалиева, С.О.Сүлейменова «Өзін-өзі тану сабағындағы ойындар мен тренингтер»

3.      Б.Игенбаева «Адамгершілік сабақтары» , Алматы-2003ж.

4.       «Өзіндік таным» журналы , 2005-2006 жж.

5.      «Білім» ,№6,7  2006 ж. Ғылыми педагогикалық журнал.

6.                  Б.Қ.Игенбаева «Мен - Адаммын» , Алматы-2000.

7.                  Ұ.Асылов «Әдептану» , Алматы-2003.

8.                  Н.В.Самоукина «Психологический тренинг».

«Первые шаги школьного психолога», Ярославль-2002г.

9.                  Бержанов К., К.Сейталиев «Ауыз әдебиетіндегі адамгершілік,  

     тәрбие мәселелері», Қаз. Мектебі, 1970 №2

 

      

 

   

 

  

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Өзін-өзі тану» курсының сабақтарын ұйымдастыру ерекшеліктері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заместитель директора

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Адам – ол ұлы тұлға. Адам өзінің сана сезімге, ақылға, рухани-адамгершілік қасиеттерге ие болғанда ғана «Адам» деген ұлы мәртебелі атқа ие бола алады. Біздің басқа тіршілік иелерінен айырмашылығымызда осында. Құранда «Адам баласының жүрегіне барлық жақсы нәрсені енгіздім» дейді. Яғни мейірімділік, рахымдылық, ар-намысқойлық, сабырлық, ұят, махаббат тағы басқа да ұлы қасиеттерге толы екенін айтады. Өмір сүру барысында жүрегіміздегі осы қасиеттерді қолдана білуіміз керек. Қабдеш Жұмаділов «Қоғамның дамуы-техника мен технолгияның қарыштап өсуімен емес, адамгершілік қасиеттердің биік дәрежеде көтерілуімен өлшенуге тиіс» деп жазады. Осы пікірді жалғастырып, Әл-Фараби «Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып екеуі біріккенде бұлар адамдық қасиеттер болып табылады» дейді. Осы жағдайды ескере отырып әрбір адам өзінің ішкі жан дүниесіндегі жаман қасиеттерден құтылып, орнын жақсы асыл, сұлу, көркем қасиеттерге толтыруы тиіс. Адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде. Жас ұрпақты ғылыми білім берумен шектеу аз, оларды адамгершілік – рухани жағынан нағыз адам етіп қалыптастыру керек.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 909 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.02.2020 380
    • DOCX 52 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Акименко Наталья Александровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 71428
    • Всего материалов: 225

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 473 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Мини-курс

Психологическое консультирование семей: от неблагополучия к гармонии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Коррекционно-развивающая работа и оценивание в образовании для детей с ОВЗ

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Аспекты эмоционального благополучия и влияния социальных ролей на психологическое состояние

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе