Инфоурок Классному руководителю Рабочие программы«Зиянды әдеттер планетасы.»

«Зиянды әдеттер планетасы.»

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: «Зиянды әдеттер планетасы.»
Сабақтың мақсаты: Білімділік: темекі мен ішімдіктің зиянын оқушыларға түсіндіру; 
Тәрбиелік: қазіргі қоғам талабына сай салауатты,білімді ұрпақ тәрбиелеу 
Дамытушылық: зиянды заттардың салдары туралы білімін кеңейту,оқушының ой-пікірін ортаға салу. 
Көрнекілігі : интерактивті тақта,плакат,кеспе суреттер. 
Сабақтың барысы : 
I. Ұйымдастыру кезеңі          

 Психологиялық дайындық.

-Алақандарымызды күнге қарай ашып, күн шуағымен жылытайық. Бір- біріміздің қолдарамыздан ұстап күн жылуын алақанымыз арқылы бір- бірімізге, күлімдейік.
Хормен: Біз күштіміз,әлдіміз! Бізге ешқандай қиындық кедергі емес.

Оқушыларға сабақтың тақырыбы,мақсатын таныстырамын.
Сыныпты кеспе суреттер бойынша үш топқа бөлемін.

 І. «Кел танысайық». Зиянды әдеттер. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі және уытты заттар жатады. Бұл заттарды ұзақ уақыт, ал кейде тіпті аз ғана уақыт пайдаланғанда организмде психикалық және тәндік тәуелділік дамиды. Зиянды заттарға әуестенудің барлық түрі ақырында ауыр науқасқа шалдықтырады. Бұл аурулар ұзақ әрі арнайы емдеуді қажет етеді. Адам зиянды заттарды пайдаланудан сақтану үшін олардың кейінгі зардаптарын білу керек.

1-топ « Шылымқорлық»
Ұраны:
«Темекіден түтін сорсаң улайсың,өзіңді-өзің жіпсіз байлап шырмайсың» 
1-оқушы: Темекі жапырағында никотин уы бар.Ол жүректі,миды,өкпені уландырады.Сондықтан да шылым шекпейтін адамдарға қарағанда,шылым шегетіндер көп ауырады.Темекі тарту жаман ауруға душар етуі де мүмкін.Темекіні тастап кету тым қиынға соғады.Ең жақсысы оны ешқашан тартпау,ауызға алмау. 
2-оқушы : Бұл отырған шылымқор,сорады кеп шылымды ол 
Қанша айтсанда алмайды тартпа деген тіліңді ол 
Қой десеңде қоймайды,көк түтінге тоймайды 
Сора сора уыты өн бойыңды жайлайды, 
Бірақ шылым сорғанда аузы тыным таппайды 
Шылымсыз тек жүрмейді,жоқ боп қалса тілейді, 
Бірақ оның зиянын білсе дағы білмейді 
3- оқушы : Көк түтінге жас өкпені ыстама, 
Ащы суға өзіңді-өзің қыстама 
Ер жетудің белгісі деп бұл да бір 
Әуес көріп ұстамасты ұстама!               

2-топ «Ішімдік»  Ұраны: «Болар бала кісілікке үйір,тозар бала ішімдікке үйір» 
1- оқушы : Маскүнемдік-үлкен қасірет.Адам ағзасының бауырын зақымдап бірден миға әсер етеді.Адам баласы өз іс әрекетіне жауап бере алмайды. 
2-оқушы : Мен қорқамын темекінің тұтқыны болған жастардан 
Мен қорқамын ішімдіктің құрығына түскен жандардан 
Мен қорқамын зиянды затқа құмар боп 
Денсаулықтан айырылған мына қауымнан 
3- оқушы: Арақ аздың ажалы 
Ақшаның тажалы 
Ырыстың қырсығы 
Абыройдың мылтығы       Жақсылықтың жаңқасы         Төбелестің арқасы 

3-топ « Нашақорлық»
Ұраны: «Есірткіге жолама,жетелейді молаға»
 
1-оқушы : Нашақорлықта үлкен кеселді дерттердің бірі.Есірткіні бір рет тұтынған адам одан арыла алмайды.Ондай зардапқа тап болудың бірден бір себебі қоршаған ортасының да ықпалы аз емес.Сондықтан дос таңдай білу де аса маңызды.Халқымыз есірткіден есіргендер деп бекер айтпаса керек. 
2- оқушы : Нашақорлық жайлаған індет білем, 
Жоймай оны жақсылық күн жоқ білем, 
Күресуге ғасырдың тағдыры үшін 
Оған сенде міндетті,міндетті мен! 

IІ. «Бәйге» ойыны 
1-топ шылымқорлық. 
1.Жастар темекіні тартпау үшін не істеу керек? 
2.Темекіні тастауға болама? 
2-топ Ішімдік 
1.Ішімдік суықта тондырмайды дейді.Оның қаншалықты шындығы бар? 
2.Ішімдік тамаққа тәбетті ашып,асқазанның қорытылуына көмектеседі ме? 
3-топ Нашақорлық 
1.Есірткінің алдында адам сонша дәрменсіз бе?Неге тез беріледі? 
2.Адамның нашақор екенін сыртқы белгісіне қарап қалай ажыратуға болады? 
IІІ. «Көкпар» тартыс ойыны 
Бұл кезеңде топтар кезектесіп мақал айтады. Ең көп мақал айтқан топ жеңімпаз атанады. Топтар ең алдымен топ ішінде 2-3 минут дайындалады. 
1-топ: Ауру қалса да, әдет қалмайды. 
Ас тұрған жерде ауру тұрмайды. 
Тәні саудың - жаны сау. 
Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады. 
2-топ: Іздеп алған аурудың емі табылмас. 
Аурудың алдын ал. 
Тазалық – саулық негізі. 
Саулық – байлық негізі. 
3-топ: Жігіттің дені сау болса – сол дәулет. 
Ауру қадірін сау білмес, 
Аш қадірін тоқ білмес. 
Ауруын жасырған өледі. 
Бас аман болса, бөрік табылады. 
ІV.Ситуациялық жағдайлардан шыға білу 
1.Сенің достарыңның бәрі темекі шегеді.Ал сенің темекі шеккің келмейді,сол үшін олар сені шеттете бастайды.сен олардан бөлініп кете алмайсың.Не істер едің? 
2.Сенің өте жақсы көретін досыңның аузынан ептеп арақтың иісі шығатынын бір-екі рет байқадың.Ол сені сезеді деп ойлаған жоқ.Ата-анасыны айтайын десең досыңның көңілін қимайсың.Сен досыңды қалай құтқарар едің? 
3.Саған жоғары сынып оқушысы «Маған күніне бір қорап темекі алып бер.Екеуміз бірлесіп шегеміз.Мұны тек сен екеуіміз ғана білетін болайық.Әйтпесе...» деп жұдырығын көрсетіп шарт қойды.Өзіңді қандай жолмен құтқарасың? 

V. Постер қорғау. 
Бұл кезеңде әр топ өз плакаттарын қорғайды. 
ҮІ. Қорытынды. 
Жарайсыңдар ! Мен сендерге сенемін !

Кей адамдар көңіл көтеріп, демалу үшін , ренжігенін басу үшін шылым шегіп , ішімдік ішеді. Ал оның адам өміріне соншалықты зиянды екендігін өздерің де атап өттіңдер.Сондықтан жас кезден денсаулықты сақтап, темекіге әуестенбей, темекі шегушілерден бойды аулақ ұстап жүрген дұрыс.

Ей замандас, алдыменен досыңды ұқ.

Досың спорт, таза ауа, өсімдік.

Ала жүріп, осылардың сыйлығын –

Жаңа ғасырға біз берейік көріктік. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                

 

 

 

 

                                           Амангелді жалпы білім беретін орта мектебі

 

 

 

       Тәрбие сағаты

    

       Тақырыбы:«Зиянды әдеттер планетасы»

                     Өткізген:Ауезбекова Қ.И.

           Сыныбы:2«б»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     2016-2017оқу жылы

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Зиянды әдеттер планетасы.»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор риск-менеджмента

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: «Зиянды әдеттер планетасы.» Сабақтың мақсаты: Білімділік: темекі мен ішімдіктің зиянын оқушыларға түсіндіру; Тәрбиелік: қазіргі қоғам талабына сай салауатты,білімді ұрпақ тәрбиелеу Дамытушылық: зиянды заттардың салдары туралы білімін кеңейту,оқушының ой-пікірін ортаға салу. Көрнекілігі : интерактивті тақта,плакат,кеспе суреттер. Сабақтың барысы :I. Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық. -Алақандарымызды күнге қарай ашып, күн шуағымен жылытайық. Бір- біріміздің қолдарамыздан ұстап күн жылуын алақанымыз арқылы бір- бірімізге, күлімдейік. Хормен: Біз күштіміз,әлдіміз! Бізге ешқандай қиындық кедергі емес. Оқушыларға сабақтың тақырыбы,мақсатын

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 542 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.01.2020 636
    • DOCX 21.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Доровко Анастасия Игоревна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Доровко Анастасия Игоревна
    Доровко Анастасия Игоревна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 84429
    • Всего материалов: 245

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 219 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 553 человека

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Мини-курс

Технологии в онлайн-обучении

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 17 регионов

Мини-курс

Психологические механизмы и стратегии: сохранения психологического равновесия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

История классической музыки от античности до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе