- 31.12.2020
- 4177
- 6
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспарыМектеп :№1 ОЖББМ №10 Мерзiм: 14.11.2015Мұғалiм :Губайдуллина А.ХСынып:9 Оқушылар саны: Тақырып:Жақсылық-жан жадыратады. Құндылық:СүйіспеншілікҚасиеттер:жомарттық,адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық Сабақ мақсаты: -Риясыз жақсылық жасауды ұғындыра отырып,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.Міндеттері:-Оқушыларды күллі тіршілікке сүйіспеншілікпен, жомарттықпен көмектесуге баулу. -Оқушы бойындағы жанашырлық қасиеттерін дамыту.- Oқyшылapды риясыз қызмет жасауға тәpбиeлey. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)Оқулық,үнтаспа Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңi. 5Т ережесіТыныштық сәтi.Нұрға бөлену2.Үй тапсырмасын тексеру№10 сабақ,51беттегі А.Қоныстың «Сөз құдіреті» мәтінін оқып келу. Сұрақтар:-Жақсы сөз,шынайы тілек адамға қалай әсер етеді?-Әжесі немересіне « жақсы сөз жаман ырыс » дегенді қалай түсіндіріп берді?-Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады? Ескерту 3.Дәйексөз.«Жүрекпен істеген жақсылық ең алдымен өзіңе пайда» Л.Н.Толстой-Неліктен жүректен шыққан ізгілік адамның өзіңе пайда?-Адам жүрегіңде жақсылық, ізгілік қасиеттері мәңгілік ұяласа не болады? -Жақсы ой,сөз,іс адамды неге жетелейді? Лев Николаевич Толстой (28 тамыз (9 қыркүйек) 1828 жылы дүниеге келген. Орыс әдебиетінің әлемге аты шыққан жазушысы, ағартушы, публицист. 4.Оқиғаларды әңгiмелеу Өмір сүрудің ең жақсы жолы» Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады.Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді.Ол ақкөңіл,жайдарлы болғандықтан,ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін.Бір күні ауыр науқастанып,бұл дүниеден өтерін сезген адам,артында қалған үш ұлын қасына шақырып:-Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады.Мирасымды соған қалдырамын.Менің дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де бір-бір доллардан беремін.Осы долларға бір нәрселер алыңдар.Кешкісін келгенде алған нәрселерің менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек.Шартым осы. Ұлдары үлкен компанияны басқару мүмкіндігінен айрылып қалмауды ойлап,не істерлерін білмей қатты абыржыды.Қалаға барып үшеуіде долларларын жаратты.Кешкісін әкелерінің қасына келгенде үлкен баласы:-Досымның шаруашылығына барып,екі қап сабан сатып алдым,-деді де,қаптарды ашып,сабанды әр тарапқа шаша бастады.Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп,бөлмені толтыра алмады.Ал екінші баласы:-Дүкенге барып екі жастық алдым,-деді де жастықтарды сөгіп,ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады.Бірақ жүн де жерге түсіп,бөлмені толтыра алмады.Ал үшінші ұлы:-Долларды ұсақтап,50 центін мешітке бердім,20 центін қайырымдылық қорға бердім,20 центін садақа ретінде тараттым.Қалған 10 центке екі нәрсе алдым,қалтасынан сіріңке мен шырақты алды.Бөлменің жарығын сөндіріп,шырақты жақты.Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді.Әкесі баласына риза болып:-Мирасымды саған қалдырамын,өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы-айналаңа жарық тарату екенін білдің. Сұрақтар:-Үшінші ұлының әрекетінен нені түсінуге болады? -Айналаңа жарық тарату дегенді қалай түсінесіңдер?-Риясыз сүйіспеншілікпен әрекет ету арқылы неге жетеміз? 5.Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.Сыныпты түрлі-түсті жүрекшелер арқылы 3-топқа бөлу.1 – топБір-біріне көзқарас арқылы сүйіспеншілік сыйлау; 2 - топ Бір-біріне әрекетпен сүйіспеншілікті білдіру; 3 – топБір-біріне сөзбен сүйіспеншілікті жеткізу. 6.Топпен ән айту.«Жақсы адамдар» Әні мен сөзі: А. Оралов 7.Үй тапсырмасы.№11 сабақ,57 беттегі А.Құнанбаевтың «Отыз алтыншы қара сөзін» оқып келу. 8.Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен қойылады. Балалар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.Мұғалім жәй дауыспен: - Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.Енді көздеріңді аша ғойындар. Осымен біздің сабағымыз аяқталды.бүгінгі күндеріңіз қуаныш әкелсін.Рахмет.Сау болыңыздар!
6 662 274 материала в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Микова Марина Анатольевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс повышения квалификации
72/180 ч.
Курс профессиональной переподготовки
600 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Мини-курс
3 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.