Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации
Главная / Другое / Өзін - өзі тану пәнінің сабақ жоспары "Адам - әлем бөлшегі" 8-сынып

Өзін - өзі тану пәнінің сабақ жоспары "Адам - әлем бөлшегі" 8-сынып

Курсы профессиональной переподготовки от Московского учебного центра "Профессионал"

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования только до 31 августа действуют скидки до 50% при обучении на курсах профессиональной переподготовки (184 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: ВЫБРАТЬ КУРС


hello_html_m2bb32712.gifhello_html_m2bb32712.gifhello_html_m79b5f56d.gifhello_html_38b7243c.gifhello_html_m1daa1eea.gifhello_html_m48b7c22e.gifhello_html_m48b7c22e.gifhello_html_1c0006e7.gifОқу әрекеті: Өзін-өзі тану.

Сыныбы. 8 сынып

Тақырыбы: Адам - әлем бөлшегі.

Мақсаты: Б: «Әлем», «Адам», «Адамзат» құндылықтарының мәнін ашу.

Адамның әлеммен үйлесімі, адам өмірінің мәні туралы білімдерін кеңейту.

Д: Өзін, қоршаған әлемді түсіне білуге, танып-білуге баулу.

Т: Сүйіспеншілікке, ізгілікке, қамқорлыққа, топпен жұмыс жасауға, бірлікке тәрбиелеу.

Құндылығы: дұрыс әрекет, сүйіспеншілік.

Қасиеті: жағымды қарым-қатынас, қамқорлық, бағалау.

Көрнекілік: үнтаспа, ин тақта, маркер, ватман, жеміс ағашы.

Әдіс-тәсілі: жағымды ойлауға бағыттау, әңгімелесу, мәтінді оқу, деңгейлік тапсырма, қорытындылау,

Ықпалдасуы: әдебиет, тарих, музыка, бейнелеу.

Сабақтың түрі: сайыс түрінде

Сабақ барысы.

I Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, көңіл күйлерін бақылау, сабаққа дайындықтарын бақылау, назарларын сабаққа аудару. Жетондар арқылы 2 топқа бөлінеді. Әділқазылар топтан «білімді» және «батыл» топ шығарады

Жағымды ойлауға бағыттау; үнтаспа қойылады, оқушылар бір баланың бойындағы жақсы мінезін жазып , қолдарына жапсырады. Ол жазғанды бала алып дауыстап оқиды да жеміс ағашына жапсырады.

II Үй тапсырмасын пысықтау.

М. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының «Қақтығыста» атты бөлімінен үзіндіні мазмұндау және адамның түнгі және күндізгі уақыттарды қабылдау кездерін салыстырып айту.


Ауылдың кешкі оттары көрінді- адам баласының таңғы тіршілігі байқалады.

Түн жым-жырт , жел де жоқ- арайлы таң да атты.

Бірақ сәл ғана білінген сызды салқын бар- сәл ғана білінген сызды салқын бар.

Толған ай, дәл төбеде биіктеп, нұрлана жарқырап тұр-күн шапағы нұрын шашып тұр.

Жұлдыздар да алыстан, ұзақ ұшқын шашылғандай сәл ғана жылт-жылт етеді-таңғы күн сәулесімен тіршілік те оянғандай.

Түнгі аспан барынша жайнап тұр- аспанда теңгедей бұлт жоқ.

Сиқыр ғаламы әлсіз адамның ойымен, қиялымен ойнағандай- шырқап, қалқып, тамылжиды.

Жарық айлы түн дүниесі -жарқыраған күн нұрланып тамылжып тұр.


Астраномиядан хабары мол Әбіш жұлдыздан планеталарды айырып қарап, әр жұлдыздың өзі бір күн системасындай өлшеу, мөлшер жеткісіз әлем екенін ойлай түсті. Сондай жұлдыздар миллиарт болғанда, жер бір-ақ қат нүктедей- көріп тұрғанына ойланыңқырап , ой түйді.


Арқаның түні көкшіл емес, қара көлеңкелі болады- ал күні мейірімді анадай жарқырайды.

Бірақ бүгінгі түн ондай емес, өзінше бір алуан көкшіл бозғыл түн-бүгінгі күн мұнарланып тұрғандай


Әбіш ауылға жетуге асыққан жоқ. Біраз үнсіз, күрсіне түсіп, дүниені тамашалады.

(әр топтан бір оқушы қарсы топқа сұрақ қояды)

Ендеше адам баласына табиғат уақыты қалай әсер етеді екен?

Адам өмірінің жұлдызды сәттері дегенді қалай түсінесіңдер?

III Жаңа сабақ барысы.

1 «Ғажайыптар әлемі» ойыны ( сұрақтар қою арқылы жаңа сабаққа дайындық).

2 Сабақтың тақырыбы мен мақсатын жариялау.

«Адам -әлем бөлшегі», адамның табиғатпен үйлесімі, адам өмірінің мәні туралы білімімізді кеңейту.

3 Әңгімелеу. З Серікхалиұлының адамның табиғатты танып білуі туралы жазғанын қысқаша әңгімелеп айтып беру.

Адам баласы қоршаған ортамен қарым қатынас жасау барысында өз бойына ештеңені жимауы мүмкін емес. Табиғат - ұстаз, тәжірибелі тәрбиеші. Адам табиғаттан көрген-білгенін саралап, ойға түйіп, баға беруге талпынады. Таным нысаны айқындала түскен сайын адамның ой-өрісі кеңейіп, мүмкіндіктері ашыла түседі. Әрине әлі де жаратылыс құбылысының танылмаған, құпия сыры көп. Адам көзге көрініп тұрған дүние болмысын да, жерден шалғай ғалам кеңістігін де мейілінше зерттеп, оларды шынайы өмірмен байланыстыру үшін ізгі талпыныстар жасауда. Жаратылысқа адам баласы қамқорлық жасап, өзгертіп, құбылтып, бүкіл қуаныш-қызығының құт- береке көркіне , игілігіне айналдырған кезде ғана Әлем-адамдар әлемі болмақ. Ендеше адам жаратылыс қандай болса сол күйінде, қаз-қалпында қабылдап, сезіну керек. жер-жаһанмен рухани сабақтасу дегеніміз ғаламның «адамға тәуелсіз өз ерекшелігін» танып – білу талабынан туындап жатыр. Ендеше адам деген атқа сай болып, бүкіл әлем ғажайыбын тану. Адам — табиғаттың ажырамас бөлігі.

4 Шығармашылық жұмыс (2 топ) Қарсы топқа тапсырма беру.

1топ; Адам баласының өмірдеріңдегі міндеттері мен бағыт - бағдары туралы жоба құрыңдар.

Өмірдегі міндеттеріміз






Өмірдегі ұстаным, бағыт-бағдарым.





2топ; «Әлем» анаграммасын шешіңдер.

1 Болмыстағы әсемдік, сұлулық. (әдемілік)

2 Ойлаудың жолдары мен оның формалары туралы ғылым. (логика)

3 Ержүректілікпен, ұстамдылықпен, табандылықпен ұштасып жататын жеке бастың ерекшелігі.(ерлік)

4 Бүкіл адамзатқа тән сезімнің жоғары түрі.(махаббат)


5 Дәптермен жұмыс. Бүгінгі күнді жазу, тақырыпты жазу және тапсырманы орындау.

Таңғы шық, жаңа түскен қар, таң шапағы, табиғат, кемпірқосақтан алатын әсерің қандай. Суреттеп жаз.

6 Дәйексөзді жазу.


«Адам баласы түйсік, сезімі мен ақылы арқылы өзі өмір сүріп жатқан әлемді танып біледі». ( мысалы: ағаштың суретін әр адам әр түрлі салуы мүмкін, ендеше әр адамның қабылдауы әр түрлі)

8 Тапсырма.

Өнер туындылары туралы өз ойларын айту. «Таңның атуы» (Т. Б. Ысқақов), «Күзгі бояулар»(О. Т. Кацюба), «Дерексіз жылдамдық» (А.Ю. Құспанғалиева)


Қорытынды.


1 Шығармшылық жұмыс

Бір топқа «Әлем» тақырыбынад постер жасау.

Екінші топқа «Табиғат» тақырыбында коллаж жасау. (әр топ өз шығармаларын қорғайды, қорғап болған соң әлем мен табиғаттың ортақтығын, үйлесімділігін айтады).


Өлең оқу. «Армысың , адамдар!» (М Мақатаев)

Соңғы тыныштық. Бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді жүрек түбіне апарып, өз өмірлеріңде пайдалана біліңдер.

Үй тапсырмасы «Ақ гүл» әңгімесін оқып келу.

  • Другое
Описание:

Бұл сабақта «Әлем», «Адам», «Адамзат» құндылықтарының мәнін ашумен қатар адамның әлеммен үйлесімі, адам өмірінің мәні туралы білімдерін кеңейту көзделген.Оқушыларды өзін қоршаған әлемді түсіне білуге, танып-білуге баулу. Сүйіспеншілікке, ізгілікке, қамқорлыққа, топпен жұмыс жасауға, бірлікке тәрбиелеу.Құндылығы: дұрыс әрекет, сүйіспеншілік.Қасиеті: жағымды қарым-қатынас, қамқорлық, бағалау.

Автор Бадисолтанова Раушан Аманбаевна
Дата добавления 06.01.2017
Раздел Другое
Подраздел Планирования
Просмотров 2762
Номер материала MA-069336
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии: