Инфоурок Другое Научные работыӨзімшілдік пен көпшілдік 4 сынып

Өзімшілдік пен көпшілдік 4 сынып

Скачать материал

«Өзін-өзі тану» пәні  сабағының   жоспары

 

Мектеп: Бекі бастауыш мектебі.    

Мұғалімі: Ж.А. Абжатова

Сыныбы: 4   Мерзімі:12.02.2018ж

Тақырыбы: Өзімшілдік пен көпшілдік (20 – сабақ)

Құндылық: Дұрыс әрекет  Қасиеттер: сыйластық, бірлік,көпшілдік

 

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға «көпшілдік» адами қасиеттер туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының  мәнін ашу

Сабақтың міндеттері:

-«көпшілдік»,»өзімшілдік» ұғымдары туралы  түсінік беру; .

-өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

3.Оқушыларды сыйластыққа, бірлікке, көпшілдікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

5 қажеттілік: оқулық, күнделік, дәптер, пеналь,бейджик

глобус

Сабақтың барысы:

Топқа бөлу

1 топ « Бірлік»  2 топ «Татулық» 3 топ «Көпшілдік»

Ұйымдастыру  кезеңі  5Т ережесі.

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

Татулық

Тыныштық сәті

Су асты патшалығына ойша саяхат.

Оқушыларға қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстаңдар. Жайлы, баяу музыка   (Подводный мир дельфинов и музыка релакс)

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет.                              Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.(оқушылар алған әсерлерімен бөліседі)

Ескерту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың көңіл- күйін көтеру мақсатында

 ІІ

Үй тапсырмасын тексеру

«Ақылды тыңдай білу де өнеге» тақырыбы бойынша оқушылардың білімін тексеру

Мазмұны оқушылардан сұралады.

Сұрақтар:

1.Мәтін не туралы?

2. Мәтінде балаларына айтқан әке өсиетінің мәні неде?

Жаңа сабақ Мағынаны тану

«Өзімшілдік пен Көпшілдік»

Оқулықпен жұмыс Гүлбаршын Әзімбаева «Қызғаныштың кесірі»

Дәйексөз

« Болмағын кекшіл, болсайшы көпшіл» Абай

1.Хормен оқыту;

2.Ұлдарға , қыздарға айтқызу

3.Дәптерге жаздыру

4.Мақалдың мағынасын қалай түсіндіңіз? Қорытындылау

Өзімшілдік – жаман қасиет. Халық аузындағы « Жалғыз жүріп жол тапқанша , көппен бірге адас» деген нақыл осы тақырыпқа сәйкес келеді.Көпшіл адам көптің көмегімен үлкен белестерді бағындыра алады.

Оқулықпен жұмыс Гүлбаршын Әзімбаева «Қызғаныштың кесірі»

Сұрақ- жауап

*Мәтін не туралы?

*Назымның қуанышының себебі неде?

*Назымның әрекеті туралы не айтар едіңіз?

*Назым неліктен жалғыз қалды?

*Назымға қандай ақыл – кеңес берер едіңіз ?

Мұғалім сыйы Жаңа ақпарат

Білім беру саласындығы бүкіләлемдік өзгерістер аясында адами қасиеттерді жүзеге асыру идеясын елімізде тұңғыш рет «Бөбек» қорының президенті, Еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева «Өзін –өзі тану» рухани – адамгершілік білім жобасын  ұсынды. «Өзін – өзі тану» эксперименттік жобасы Қазақстанда 2001 жылдан бері жүргізіліп келді. «Өзін –өзі тану» рухани-адамгершілік

білім жобасының білім мекемелерінде пән ретінде жүргізілуі баға жетпес құнды дүние.

Сара Алпысқызы Назарбаева- 12 ақпан 1941 жыл Қызылжар ауылы, Бұқаржырау ауданы, Қарағанды облысында дүниеге келген.Білімі жоғары, мамандығы инженер-экономист.Биыл 67 жасқа толып отыр.

С.А.Назарбаева қайырымдылық қызметі үшін «Достық» орденімен, Философияда өзіңді –өзің таны және оқу мәдениетіне қосқан үлесі үшін Шыңғыс Айтматов атындағы 1 – дәрежелі алтын медалімен, «Юнити» халықаралық сыйлықтың,СОС Киндердоф Халықаралық қорының алтын медалі,БҰҰ-ЮНИСЕФ халықаралық қорының алтын медалі,Исхан Дограмачи Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйлығы,Халықаралық «Алтын жүрек» сыйлықтарымен марапатталған.

Сара Алпысқызы-Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың зайыбы. «Бөбек» қорының президенті.Өзін-өзі тану білім беру жобасының авторы. Қоғам қайраткері. Қазақстанның бірінші ханымы. Панасыз жетім балалардың қолдаушысы. Өскелең ұрпақты  рухани-адамгершілікке бағыттаушы.

Шығармашылық жұмыс

 

Көпшілдік 1 топ

Өзімшілдік 2 топ

-бауырмалдық

-жеке бас пайдасын ойлау

-ақкөңілдік

-басқалармен санаспау

-көппен тіл табысу

тәкаппарлық

-мейірімділік

-кешірімшілдік

-қызғаншақтық

-менменшілдік

-жанашырлық

-өркөкіректік

-жомарттық

-кекшіл

3 топ

Данышпан атаның ақыл-кеңестерін білдіретін түйіндеме сөздер: Презентация

Адамдарға...( ізет білдіріңдер!)

Түсінбегеніңді...(сұрап ал!)

Атылған сөз...( атылған оқ)

Сөйлеушінің ..( сөзін бөлме)

Топпен ән айту.

 «Мейірімді болайықшы ағайын»

                                     Сөзі: С. Қали

                                     Әні :  Қ. Махан

 Көктем етіп көркейтсе де маңайын,

 Көріп жүрміз өкпешілдің талайын.

 Өшігуді кояйықшы өзгеге,

 Кешірімді болайықшы, ағайын!

 

 Көк нөсерін көл етсе де жауындар,

 Көк пен жерді сел етсе де дауылдар,

 Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,

 Мейірімді болайықшы , бауырлар!

 

 Болашаққа қол ұстасып барайық,

 Ақиқаттың ауылын іздеп табайық.

 Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,

  Кішіпейіл болайықшы, халайық!

 

 Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,

 Сонда дағы бөлінумен шаршап ек,

 Өзімізге қалайтұғын нәрсені,

 Тілейікші өзгеге де, болса деп!

 

 Ұлттың қамын жүректермен ұғынып,

 Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып.

 Қаратайық, Құбылаға жүздерді,

 Таратайық адамзатқа жылылық!                               

 

YІ Үй тапсырмасы

Қойшы қаһарман    ертегі

 

Сабақтың қорытынды сәті

Балалар енді, өз бойларыңнан қандай жақсы қасиеттерді көргілерің келеді?Көпшілдің көпке көмегі тиеді. Соны алдарыңызда тұрған суға арнап іштей бағыттаңыздар... Енді осы бүгінгі сабақта алған құнды білімдеріңіз бен арман- тілектерің орындалсын-деп, суды  таза жүрек,ақ ниетпен өздеріңіз іше қойыңыздар. Ол сіздерге үлкен күш ,сергектік  сыйлайды. Рахмет! Сабақ аяқталды.

Екі жұлдыз, бір тілек

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзін-өзі тану сабағының мониторингі

 

Мектеп _______________ Мерзiм ____________ Мұғалiм ______________________Сынып ___________________________________

Оқушылар  саны _____ Тақырыбы __________________________________

Құндылық _____________ Қасиеттер ________________________________

 

Сабақ барысы:

 

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың өтуін талдау:

2.Үй тапсырмасын тексеру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Дәйексөз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Оқиғаларды әңгiмелеу (әңгімелесу).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. Шығармашылықіс-әрекеттер,

топтық жұмыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6.Топпен ән айту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7.Үй тапсырмасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.     Мұғалім стилі (авторитарлы, либералды, ізгілікті)

2.     Сабақтағы тәртіп

3.     Сабақтың рухани-адамгершілік тереңдігін ашуы

4.     Мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті

5.     Жұмыс дәптерін толтыруы

6.     Сабақ жоспарының болуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған ____________________

сабағының мониторингі

 

Мектеп _______________ Мерзiм ____________ Мұғалiм ________________________Сынып _________________________________

Оқушылар  саны _____ Тақырыбы __________________________________

Құндылық _____________ Қасиеттер ________________________________

 

Сабақ барысы:

Сыртқы интеграция (өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін пайдалану)

 

 

 

 

 

1.     Тыныштық сәті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ішкі интеграция (сабақтың мазмұнына жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың өтуін талдау:

2.     Үй тапсырмасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.      Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.     Мұғалім стилі (авторитарлы, либералды, ізгілікті)

2.     Сабақтағы тәртіп

3.     Өзін-өзі танудың ___________________ пәнімен ішкі интеграциясының рухани-адамгершілік тереңдігі

4.     Мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті

5.     Сабақ жоспарының болуы

 

 

 

 

 

 

«Орманға ойша серуен» .

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына  көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта  оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз

 

           

Су туралы нe білeміз?

 

26 Mayıs 2011, Perşembe / ӘСЕМ АЛШЫНБАЕВА,

                         Add to Google      

6

 

Су. Екі ғана əріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр.Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған су туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз.Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Су адамның психикалық энергиясын бойына сіңіре алады және оны ұзақ уақыт бойында «есіне» сақтап, тіпті басқаларға жеткізе алады. Судың бойына жинақталған таза энергия небір ауруларға ем болады», — деп жазады. Ғалымдардың айтуынша, расында да судың қасиеті өте мол. Мәселен, су дене температурасын тұрақтандырады, азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды, адам зейінін ашады, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны жөнге келтіреді, көзге жанар береді, ағзада қан жасалуын реттейді, иммунитетті күшейтеді.

 

 

Қанды сұйылтып, қан айналымы кезінде қоюлануының алдын алады, бүйрек және бауырдағы қалдықтарды (шлак) тазалап, дәруменнің және минералдардың таралуын қамтамасыз етеді, азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады, ішектердің жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етеді, кәрілікте есінен алжасудың алдын алуға көмектеседі. Су – мидың функциялары үшін күш және электрлік энергия көзі. Сонымен қатар ішіп жүрген суымыз денені жарақаттанудан қорғайтын, жасушалардың және бұлшық еттердің бірігуін қамтамасыз ететін, тері жасушаларын ылғалдандырып, сауықтыратын қасиеттерге де ие.

 

Жалпы, ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Денеде 20 пайыз су жетіспеушілігінің болуы өте қауіпті және ол өлімге дейін жетелейтін көрінеді.

 

Енді өзіміз тұтынып жүрген түрлі тағамдар құрамында кездесетін суға тоқталайын.Асқан еттің құрамында 40 пайызға, қуырған жұмыртқада 70 пайызға жуық, көкөніс салатында 80 пайыз су бар. Қою тамақпен және нанмен бірге адам ағзасына 0,7-1,0 литр су барады. Демек, күніне 4-5 стақан ғана «еркін» су ішсе, адам ағзасына жетіп жатыр. Бірақ ішкенде де кез келген суды іше бермей, тазалығына, құрамына мән беру қажет. Себебі табиғи, таза су ғана адамға ем болады, қуат береді. Мұндай суды үй жағдайында дайындап алу да қиын емес. Кәдімгі крандағы суды мұздатқышта қатырса, ол әдемі кристалдарға ие болады, яғни құрамы табиғи қалпына келеді. Әр қайталаған сайын суды шайқап отырса, судың энергиясы арта түседі.

 

Егер адам қажетті мөлшерде су ішпесе, мидың жұмыс істеуі баяулайды, тәбетсіздік, әлсіздік туады, іш қатады, қан қоюланып, жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады т.б. Міне, байқасаңыз, тіршіліктің көзі болған судың жетіспеуінің әсерінен-ақ ағзада ауытқушылық орын алады. Мұны тіптен біраз жыл бұрын ирандық дәрігер Батмангхалиж зерттеп, аурулардың көбі денедегі су тапшылығынан болатынын дәлелдеп берген.Өкініштісі, біз табиғаттың тегін тарту етіп жатқан байлығына немқұрайлы қараймыз. Ортаның ластануы су құрылымын өзгертетіндіктен, біздің өмірімізге теріс әсер етеді. Ғалымдардың айтуына жүгінсек, қандай да бір сыртқы факторлар әсерінен судың құрамы өзгермесе де, құрылымы өзгереді. Суды ластау үшін міндетті түрде химиялық қоспалардың төгілуі қажет емес. Судағы ағзалардың тіршілігін күрт өзгерту үшін оның құрылымына әсер ету де жетіп жатыр. Адам өзінің бұзық ойлары, сөздері және іс-әрекеттерімен өзін ғана емес, өте аз суы бар қоршаған ортаны да улай алады.

 

Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, 1973-1982 жылдар арасында 1500 су тасқыны болса, 1983-1992 жылдарда 3500-ге жеткен. Ал 1993-2002 жылдардағы су тасқыны 6000-ге жетті. 2004 жылдың желтоқсан айында болған Оңтүстік–шығыс Азиядағы су тасқынының салдарынан 220 мың адам із-түзсіз жоғалды. 2005 жылдың қазан айындағы Еуропадағы су көтерілуінен 200 мың адам қаза болды. Соңғы 30 жылда табиғи су апатынан 4 млн. адам өлсе, 4 млрд. адам зардап шеккен. Осыған ғылыми түсініктеме жасаған ғалымдар ортаның энергомәліметтік ластануына судың жауап қайтаруы дейді.

 

Иә, тіршіліктің қайнар көзі судың да сұрауы бар. Олай болса, әлем құндылығы суды ластамау, ысырап етпеу, қажетті деңгейде көңіл аудару — бүгінгі күннің маңызды мәселесінің бірі.

 

 

Yorum yaz / share.thought

у - әлемдегі ең көп таралған зат. Кез келген нәрсе судан тұрады.Осы секілді қызықты мәліметтер төменде.

 

1. Қызанақ 90 пайыз судан тұрады.

 

 

 

2. Жыл сайын төрт миллион адам судан тарайтын аурулардан қайтыс болады.

 

3. Табиғаттағы судың 1,1 пайызы ғана ішуге жарамды болып келеді.

 

 

 

4. Адамның қан құрамы суға қарағанда алты есе қою келеді.

 

5. Бір көлік машинасын жасап шығару үшін 177 литр су шығындалады.

 

 

 

6. Зерттеу нәтижесі бойынша, атмосфера құрамындағы су мөлшері барлық өзендерді бірге қосып санағандағы мөлшерден көп.

 

7. Сиырға 1 литр сүт беру үшін 5 литр су ішу керек.

 

 

 

8. Ер кісінің ағзасы  шамамен 70 пайыз судан тұрады.

 

9. Жер шарының 3 пайызында ғана тұщы су, ал қалған 97 пайызы ащы су.

 

10. Ғалымдар судан шыққан дыбыстың, ауадан тараған дыбыстан гөрі жылдам тарайтынына көздері жеткен.

 

 

 

11. Біздің дәретханамыз үйде қолданып жүрген судың 35 пайызын пайдаланады.

 

12. Бір келі кофе өндіру үшін 22 мың литр су қажет.

 

 

 

13. Газет парақтарын шығару үшін шеберлер 300 литр суды керек етеді.

 

14. Ауыл шаруашылығы егін өсірумен айналысу үшін әлемнің 70 пайыз су қорын қажет етеді. Жай өнеркәсіпке 22 пайызы ғана керек.

 

 

 

15. Инфекциямен қатысты аурулардың 80 пайызы су тораптарынан жұғады.

 

16. 18 литрлік канистрдің  20 келілік салмағы бар.

 

17. Африка құрлығында  жылына орташа есеппен 5-10 адам соғыстан емес диарея ауруынан өледі.

 

 

 

18.  Егер адам ағзасына 2 пайыз су жетіспейтін болса, ондай жағдайда адамның ойлау мен жұмыс  жасау іс-әрекеті 20 пайызға төмендейді.

 

19. Құрғату аяғы ауыр әйелдің толғағын шақырады.

 

20. Жерімізде жалпы су қоры 1 500 000 00 кубтық километр.

 

 

 

21. Қарбыз 92 пайыз судан тұрады.

 

22. Жылан суда  шаға алмайды.

 

 

 

23. Мамандардың айтуынша судың 1,7 пайызы қатты күйінде, яғни мұз тәріздес болып кездеседі. Бұл суды пайдалануға мүмкіндік бермейді.

 

24. Ысқыш (губка) мұздай суды ыстық судан гөрі өзіне жақсы тартып алады.

 

25. Әрбір сусиыр (бегемот) су астында туылады.

 

http://erketai.kz/wp-content/uploads/2013/04/su3.jpg

 

Тәрбиешінің кіріспе сөзі: Балалар, «су» деген сөзді естігенде кезде көз алдарына ең алдымен не елестейді?  (балалардың жауаптары тыңдалады)        -Дұрыс айтасыңдар арине. Суды адамдар не үшін пайдаланады?           Жануарлар мен өсімдіктерге не үшін қажет? (балалар өз ойларын ортаға салады). Ал судың пішіні болады ма? (тарелкага суды құйып көрсету) Өте дұрыс, жарайсыңдар! Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Ал сендер суға байланысты қандай мақал-мәтелдер билесіңдер?

Судыңда сұрауы бар.

Су анасы — бұлақ,

Сөз анасы — құлақ.

Судың жолын құм бөгер,

Ердің жолын сұм бөгер.

Сумен ойнама — батарсың,

Отпен ойнама — жанарсың.

Түнгі су — ну, күңдізгі су — бу.

Жұмбақтар: (жауабын тапқан бала сол суреттерді тақтаға іледі)

1 Дәміде жоқ, түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ.  (Су)

2 Моншағым көктің,

Тестім түбін шөптін.  (Тамшы)

3 Көз жасын төгіп елжіреп,

Жүреді көкте көлбіреп,

Жел қуса кетер селдіреп.  (Бұлт) (4 слайд)

Тәрбиеші: — Міне осылардың барлығы сумен байланысты. Балалар  ал сендер білесіңдер ме су қайдан, қалай пайда болатынын?  (балалардың жауаптары тыңдалады) Дұрыс айтасыңдар. Ендеше мен сендерге толығырақ түсіндіре кетейін.

Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып, өзенді құрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып, қайта оралады. Жаңбырдан аққан кішкентай сулар бірігіп, жылғалар болып, үлкен теңіз құрайды.

Табиғаттағы судың айналымы туралы сызба-нұсқасы (№1 қосымша)

kun

(Балалардан сызбаны қайтадан қайталатқызып сұрау) Ал, енді сендермен бірігіп бірнеше  тәжірибелер жүргізіп көрейік. (5-6 слайд)

I Тәжірибе «Су — мөлдір» (7-8-9 слайд)

● Балалардың алдына екі шыны ыдыс тұрады: біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды. Суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық көрінбейді. Яғни, «Су – мөлдір, сүт мөлдір емес».

● Балаларға бояу беріп, судыңда түсін өзгертуге болатынын да тәжірибе жүзінде біледі.

su

 

II Тәжірибе «Суда дәм жоқ» (10 слайд)

● Балалар түтікше арқылы су ішіп көреді. Онда дәм бар ма? Оларға салыстыру үшін шырынның дәмін көрулерін ұсынады. Суға қант қосып, дәмінде өзгертуге болады. Балалар өз ойларын айтады, неліктен судың дәмі өзгергендігін.

III Тәжірибе «Судың иісі жоқ» (11 слайд)

● Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста түссіз тәтті суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады.

Сергіту сәті

Ал, балалар тұрайық, мойнымызды бұрайық,

Қолымызды созайық, су ішінде қалықтап,

Қане, жүзіп алайық,

Оңға бір, солға бір қарап, денемізді бұрайық. (12 слайд)

Тәрбиеші: Ал, балалар жаңа ғана біз сендермен жұмбақтардың жауабын шештік, бірнеше тәжірибелер жасадық. Ал енди мен сендерге бир еки сыйқыр көрсетейін….(13 слайд)

I Сыйқыр (фокус) көрсету: (осы сәтте жай ғана музыка ойнап тұрады)

Керек заттар:шикі жұмыртқа, стақан, бірнеше шай қасық тұз. (14 слайд)

 

1.Стақанға таза су құйып, суға шикі       2.Жұмыртқаны стаканнан шығарып

жұмыртқаны саламын.Жұмыртқа           қоя тұрып, стақандағы суға  тұзды

су түбіне батып кетеді(15 слайд).               Жақсылап ерітемін. (16 слайд)

su1

3.Енді жұмыртқаны қайтадан      Тұзсудың тұздылығын арттырады. судағы

осы суға саламын. Жұмыртқа       тұздың мөлшері көбейген сайын оның

суға батқан жоқ!(17 слайд)            тығыздылығы күшейіп, ол суға түскен кез

келген зат батып кетпей су бетінде қалқып

жүреді.(18 слайд)

su2

II Сыйқыр (фокус) көрсету: (19-20 слайд)

Керек заттар: стақан, су, бояу (марганцовка)

Бірінші стақанға су құямын. Балаларға айтамын мұқият қарап отырыңдар деп….Еш нәтиже шықпады. Екінші стақанға су құймастан бұрын сыйқырлы сөз айтамын (сим салабим!)  ішіне су құямын, сол сәтте судың түсі қызыл түске боялады. Балалар аң-таң болып қалады…

 Дидактикалық ойын: «Табиғат аясында» (21 слайд)

Шарты: Балаларды екі топқа бөліп, алдарына бір бірден А4 қағазы мен қоса түрлі түсті қима суреттерді беремін. Сол суреттер арқылы балалар өз еріктері бойынша қандайда бір компазиция құрап, дайын болған бейнені әңгімелеп берулері керек. Яғни, сурет бойынша жұмыс жасайды. (№2 қосымша) (22-23слайд)

Міндеттері:  Баланың тез ойлау қабілеттерін дамытып қана қоймай, дайын болған суретті мазмұндап беруге дағдылану. Тіл байлығын дамыту.

 

Сабақты қорытындылау:  (24 слайд)

Сонымен балалар, бүгіңгі сабақта не туралы айтылды?

Жер бетінде су қандай күйде кездеседі?

Су қайдан пайда болады екен?

Сендермен бірге қандай тәжірибелер жасадық?

(балалар жауаптары)

Су-түссіз, бояу қосқанда өзгеред і.

Су-дәмсіз, бірақ қант қосқанда дәмі өзгереді.

Судың пішіні болмайды.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өзімшілдік пен көпшілдік 4 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға «көпшілдік» адами қасиеттер туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Сабақтың міндеттері:

-«көпшілдік»,»өзімшілдік» ұғымдары туралы түсінік беру; .

-өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

3.Оқушыларды сыйластыққа, бірлікке, көпшілдікке тәрбиелеу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 836 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.03.2018 831
    • DOCX 36.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абжатова Жумагуль Абжатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абжатова Жумагуль Абжатовна
    Абжатова Жумагуль Абжатовна
    • На сайте: 6 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 47199
    • Всего материалов: 28

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 473 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология развития личности: от мотивации к самопониманию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 85 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов