Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыЖыл үздігі - 2013

Жыл үздігі - 2013

Скачать материал
Скачать материал "Жыл үздігі - 2013"

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по охране труда

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебі...

    1 слайд

    Батыс Қазақстан облысы
    Теректі ауданы
    Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебі
    “Мектеп – кеме, білім – теңіз” демекші, сол теңізде сәулелі нұрын шашқан - мектеп

  • МазмұныӨзім туралы
Әдістемелік тақырып
Тақырыптың өзектілігі, жұмыстың бағыты...

    2 слайд

    Мазмұны
    Өзім туралы
    Әдістемелік тақырып
    Тақырыптың өзектілігі, жұмыстың бағыты, өзін өзі жетілдіру
    Оқытудың әдіс-тәсілдері, жаңа технологиялар
    Мұғалімнің және оқушының шығармашылық жұмысы
    Жарияланған басылымдар
    Нәтиже

  • Аты, тегі, әкесінің аты:  Маштаев Асхад...

    3 слайд

    Аты, тегі, әкесінің аты: Маштаев Асхад
    Темірханұлы
    Туған күні: 13 қаңтар 1989 ж.
    Білімі: Жоғары
    Қашан, қандай оқу орны бітірді: 2011 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
    Мамандығы: Математика пәні мұғалімі
    Педагогикалық өтілі: 2 жыл.
    Біліктілік санаты: ІІ
    Марапаттар: Мектепішілік “Сынып жетекші-2013” байқауы І орын иегері, Теректі АӘК “АКТ қолдану арқылы ең үздік сабақ – 2012» сайысы “Интерактивті тәсілдерді үздік қолданушы” номинациясы, І Республикалық жас педагогтар “Жаңа мектепке-жаңашыл үстаз” сайысы “Ең креативті” номинациясы иегері, І Республикалық қашықтық пән олимпиадасы “Үздік нәтиже” номинациясы иегері.
    Қашан біліктілік арттыру курсынан өтті: СТО, 2013 ж.
    Соңғы аттестациялау мерзімі: 2013 ж.

    Өзім туралы

  • Әдістемелік тақырып:Математика пәнінен білім берудің тиімді, жаңа әдістерін...

    4 слайд

    Әдістемелік тақырып:
    Математика пәнінен білім берудің тиімді, жаңа әдістерін қолдана отырып, сапалы білім беру
    МАҚСАТЫ:
    Оқушылардың қызығушылығын қалыптастырып, білім алу қабілеттілігін арттыру, логикалық ойлауын, шығармашылық дағдысын дамыту.
    Міндеттері:
    Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай тудыру арқылы, оқушының жұмыстану қабілетін қалыптастыру;
    Ізденіспен, өздігімен жұмыстанатын тұлға тәрбиелеу;
    Оқушы бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, құзырлылық, сезімталдық, әділдік сияқты қасиеттерін дамыту.

  • Менің жұмыс бағыттарым Пән мұғалімі“Зерде” жас ұстаздар 
мектебінің мүшесіМұғ...

    5 слайд

    Менің жұмыс бағыттарым
    Пән мұғалімі
    “Зерде” жас ұстаздар
    мектебінің мүшесі
    Мұғалім – тәрбиеші
    (сынып жетекші)
    Шығармашылық
    топ мүшесі
    Әдістемелік
    бірлестік хатшысы

  • “Танымның үш жолы бар: ең оңайы – еліктеу, ең ащысы –тәжірибе,  ең мәр...

    6 слайд

    “Танымның үш жолы бар: ең оңайы – еліктеу, ең ащысы –тәжірибе, ең мәртебелісі – ойлау” Конфуций
    Математика сабағында АКТ қолдану
    “Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі” Ыбырай Алтынсарин

  • Математика 5 сынып жұмыс дәптері. Теректі АӘК. 
Хаттама №2.   21 мамыр 2013...

    7 слайд

    Математика 5 сынып жұмыс дәптері. Теректі АӘК.
    Хаттама №2. 21 мамыр 2013 ж.
    Аудандық «Ең үздік сабақ жоспары-2012» Номинация «Интерактивті тәсілдерді үздік қолданушы» 2012 жыл
    І Республикалық қашықтық математика пән олимпиадасы. Номинация «Ең үздік нәтиже» 2012 жыл
    І Республикалық жас педагогтар арасында «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» байқауы. Номинация «Ең креативті» 2013 жыл
    Қазақ халқының этнографиясы бойынша І Республикалық олимпиадасы. Номинация “Аудан ең жақсы нәтиже” 2013 жылы
    І Республикалық педагогикалық оқуларының аудандық кезеңі “Математика пәнін оқытудағы тиімді педагогикалық технологиялар” 2013 жылы
    Аудандық жас мұғалімдер семинары. Үздік баяндама “Математика пәнінде тиімді әдістерді қолданып, нәтижеге жету” 2012 жыл
    Мектепшілік сынып жетекшілер сайысы. І орын 2013ж
    Аудандық семинар “Қабілетті оқушыларды олимпиадаға дайындау” баяндама 2012 жыл
    Биікке бастар жол ...

  • Мектепте өткен әрбір іс-шарада,
Сыныптың атсалысар барша адамы.      Салауатт...

    8 слайд

    Мектепте өткен әрбір іс-шарада,
    Сыныптың атсалысар барша адамы.
    Салауатты өмір салтын қолдаймыз.
    “Достық” фестивалынан көрініс.
    “Алтын дала” туриадасы
    “Таза ауыл” айлығы
    МЕНІҢ СҮЙІКТІ СЫНЫБЫМ

  • Жалықпадық табиғатқа саяхаттан
Шаршаңқырап, аяғымыз талсадағыСпорт күніТабиға...

    9 слайд

    Жалықпадық табиғатқа саяхаттан
    Шаршаңқырап, аяғымыз талсадағы
    Спорт күні
    Табиғатқа саяхат
    Жүгірушілер күні
    “Алтын дала” туриадасы

  • Сертификат. Номинация “Республика бойынша үздік нәтиже”
2012 жылСертификат. Н...

    10 слайд

    Сертификат. Номинация “Республика бойынша үздік нәтиже”
    2012 жыл
    Сертификат. Номинация “Облыс бойынша өте жақсы нәтиже”
    2012 жыл
    Математика пәні мұғалімдеріне арналған І Республикалық қашықтық олимпиадасы.

  • І Республикалық жас педагогтар арасында “Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз” сайыс...

    11 слайд

    І Республикалық жас педагогтар арасында “Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз” сайысы. Диплом номинация “Ең креативті ұстаз”
    2013 жыл
    Сайысқа 180 ұстаз қатысып, соның 15-і марапатталды.

  • “Ең үздік сынып жетекші – 2013» мектепішілік байқауы. 
Диплом І орын
2013 жыл...

    12 слайд

    “Ең үздік сынып жетекші – 2013» мектепішілік байқауы.
    Диплом І орын
    2013 жыл
    Сайыстарда жеңістерге қол жеткіздім,
    Сәтті болып басқан әр қадамым.

  • “АКТ қолдану арқылы ең үздік сабақ – 2012»  аудандық байқауы. Мадақтама. Номи...

    13 слайд

    “АКТ қолдану арқылы ең үздік сабақ – 2012» аудандық байқауы. Мадақтама. Номинация “Интерактивті тәсілдерді үздік қолданушы”
    2012 жылы
    Аудандық “Ең үздік сабақ – 2012” байқауы

  • “Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі-білім берудің сапасын қамтамасыз ету...

    14 слайд

    “Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі-білім берудің сапасын қамтамасыз ету шарты” атты І Республикалық педагогикалық оқуларының аудандық кезеңіне қатысқаны туралы сертификат.
    2013 жыл
    І Республикалық педагогикалық оқулары. Аудандық кезеңінен

  • Қазақ халқының этнографиясы бойынша 
І Республикалық қашықтық олипиадасы. Сер...

    15 слайд

    Қазақ халқының этнографиясы бойынша
    І Республикалық қашықтық олипиадасы. Сертификат. Номинация “Аудан бойынша ең жақсы нәтиже”
    2013 жыл
    Ұстаздар күніне арналған “Ұстаздар балы”
    Облыс әкімі Н.Ноғаевпен

  • Өзіндік білімін көтеруӨзін-өзі жетілдіру
 1. Қазақстан Республикасының жалпы...

    16 слайд

    Өзіндік білімін көтеру
    Өзін-өзі жетілдіру
    1. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру туралы мемлекеттік стандарты.
    2. Жалпы орта білім туралы концепциясы.
    3. Еңбек заңы туралы кодекстер.
    4. 2050 стратегиясы.
    5. Тіл туралы заң.
    6. Әдістемелік тақырып бойынша әдебиеттер
    7. Пән бойынша әдістемелік әдебиеттер.
    8. Психология туралы әдебиеттер.
    9. Ғаламтор.

  • “Сапалы білім – мемлекет пен жастардың негізгі капиталы”...

    17 слайд

    “Сапалы білім – мемлекет пен жастардың негізгі капиталы” Н.Ә. Назарбаев
    Біздің қолымыздан бәрі келеді.

  • Жарияланған әдістемелік
 жинақтар5 сынып математика 
 пәнінен жұмыс  дәптері...

    18 слайд

    Жарияланған әдістемелік
    жинақтар
    5 сынып математика
    пәнінен жұмыс дәптері .
    Хаттама №2. 21 мамыр 2013ж
    Теректі АББ –
    2013 ж
    www.ustaz.kz сайты
    Санның бөлігін табу. 5 сынып
    www.ustaz.kz сайты
    5 сынып математикадан тереңдетілген
    сыныпқа күнтізбелік жоспар.
    2013 жыл
    Мұғалім –өзінің білімін
    үздіксіз көтеріп отырғанда
    ғана мұғалім, ал оқуды,
    ізденуді тоқтатқанда оның
    мұғалімдігі де жойылады.
    К.Д Ушинский.
    Электронды тест.
    9-11 сынып оқушыларына
    ҰБТ-ға дайындыққа көмекші
    құрал. Тест 15 нұсқадан тұрады.
    Электронды тестті оқушының
    білімін бағалау үшінде қолдануға
    болады. 2013 жыл

  • Атқаратын қоғамдық жүмыстар2012 жылдан бері  “Нұр Отан” партиясының мүшесіАуы...

    19 слайд

    Атқаратын қоғамдық жүмыстар
    2012 жылдан бері “Нұр Отан” партиясының мүшесі
    Ауылдың тазалығы – халықтың айнасы.
    «Нұр Отан» партиясымен бірге
    9 мамыр – Жеңіс күнімен ардагерлерді құттықтап,
    көмек көрсетті.
    “Жас Ұланның” жас өрендері.

  • Өнерпазбын жарысып сан салалы,
Би билеп, әсем әуез ән саламын.Ұстаздар күніне...

    20 слайд

    Өнерпазбын жарысып сан салалы,
    Би билеп, әсем әуез ән саламын.
    Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт
    Ұстаздар күні. Пародия
    Ұстаздар күні. Флэшмоб
    Ұстаздар күні

  • «…Мықтап ұстар асылым – Азаттығым,
      Келешегім,
      Ертеңім,
      Ғ...

    21 слайд

    «…Мықтап ұстар асылым – Азаттығым,
    Келешегім,
    Ертеңім,
    Ғажап күнім,
    Сен боп, мен боп қосайық жеке үлесті,
    Арқаласып халықпен мақсат жүгін!»

    Сәбит Бексейіт

  • Мен жанбасам лапылдап,
Сен жанбасаң лапылдап, 
Ол жанбаса лапылдап,
Аспан қа...

    22 слайд

    Мен жанбасам лапылдап,
    Сен жанбасаң лапылдап,
    Ол жанбаса лапылдап,
    Аспан қалай ашылмақ
    Назым Хикмет
    ғасыр бізге сеніп тапсырылған

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Эссе

Жас келсе, іске!...

                                              «Жастар -қоғамның ерінбейтін ең тамаша отряды»

                                                                                                         С.Мұқанов

      Елбасы өз Жолдауында: «... Кейінгі толқын жастарғаайтарым: Сендер - болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер.Біздің бүгінгі атқарып жатқан қыруар шаруаларымыз тек сендер үшін жасалуда.Сендер тәуелсіз Қазақ елінің перзенттерісіңдер.Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдыңдар.Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің - елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш,- деп сенім арта отырып, - ...Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында отыруы тиіс»,- деп міндет қойғанын бәріміз білеміз. Біздің  еліміздің өркендеп гүлденуі, болашағы  -  жастардың, әрине біздің қолымызда. Біз сол жас мемлекетіміздің әрі қарай қанат жаюы үшін тынбай еңбектенуге тиіспіз. Отанымыз дамыған елдің қатарына қосылуы үшін экономикасы мықты іргелі ел болуы керек. Ал ол экономиканы көтеру үшін не қажет? Ол, әрине, терең білім. Болашағымыздың білімді болуы үшін аянбай тер төгіп жүрген ұлы еңбек иелері ұстаздар қауымы деп білемін. Сондықтан да мен бұл мамандыққа тосыннан келген жоқпын.     

       ... Мектепте оқып жүрген кезімде сынып жетекшіміз «Менің арманым» деген тақырыпқа шығарма жазыңдар дегенде:«...елім үшін еңбек етіп, сауатты білімді ұрпақ тәрбиелеп, халқыма пайдамды тигізсем деп армандаймын»,- деп жазғаным есімде.

     Балаң көңілден шыққан арманым алдамай, өзім қалаған жоғары оқу орнының грантын иелендім. Қызыққа толы студенттік шақтың төрт жылы төрт-ақ күндей өте шықты. «Дипломымды алдым, енді қайда барам, жұмысты қайдан табам?» деген сан сұрақтар мені мазалаған жоқ. Неге дейсіз ғой?

     Елбасының жастарды қолдау мақсатымен жүзеге асырылып жатқан «Дипломмен - ауылға» бағдарламасының арқасында ауылдан бір- ақ шықтым. Мұндағы мақсатым- өзім алған білімді ауыл балаларына үйретіп,

«Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар, қалан»,-

 деп ұлы Абай атамыз айтқандай, осы өмірге кірпіш болып қаланып, шәкірт жүрегінен жол таба білсем, мен үшін одан асқан бақыт жоқ деп ойлаймын!

    ...«Ғылымдар патшасы» аталған математика пәнінің мұғалімімін. Математика қиын да, қызықты пән. Математиканың маңызы жоғары. Егер математиканы білмегенде, мысырлықтар таңғажайып, әлемнің жеті кереметтерінің бірі  пирамидаларды тұрғыза алар ма еді?! Ол барлық пәнмен байланысты десем, артық айтпағандық болар. Оның химиямен, физикамен, биологиямен, информатикамен тығыз байланыстылығында дау жоқ. Ал тарихпен қандай байланысы бар?

  Тарих толығымен даталардан және соған сәйкес оқиғалардан тұрады. Оларды есте сақтау үшін математикалық ойлау қабілеті керек. Географиямен байланысына келсек, қалалардың ара қашықтығын анықтағанда масштаб, қолда бар карталар есепке алынады, қарапайым математикалық есептеулер арқылы қажетті деректерді алуға болады. Әдебиетпен байланысы: көз алдыңызға логикалық ойлау қабілеті жақсы дамыған адамды келтіріңіз. Егер ол бір шығарманың авторын жақсы білмесе де, оның туған, өлген жылын білу арқылы сол уақыт арасында болған оқиғаларды оңай еске түсіріп, шығарманың атын еске түсіре алады. Бейнелеу өнерінде де математиканың бар екенін көруге болады. Ренессанс дәуірінде суретшілер өздерінің суреттерінде үш өлшемді әсер жасау үшін математиканы қолданған. Ежелгі Грекия сәулетшілері Афиныдағы Парфенолды тұрғызу кезінде алтын тік төрт бұрыштарды пайдаланған.
      Негізінде, математика өздігінен ауруларды емдемейді, жер қойнауындағы байлықтарды ашпайды, машиналарды жүргізбейді. Бірақ оның әдістерін ұқыпты қолдану арқылы материалдық құндылықтарды сақтап қалуға, аурудың алдын алуға, жер қойнауындағы қазына байлықтың мөлшерін анықтауға, оны қолданудағы экономикалық тиімділікті есептеуге мүмкіндік береді.   

     Қоғам үшін де математиканың рөлі ерекше, себебі, әр түрлі бағыттағы математикалық әдістерді қолданбаса, ғылыми прогрестің болуы мүмкін емес. Міне, осындай маңызы зор ғылым математиканы таңдағанымды мақтаныш етемін. Шәкірттерімді осы ілімнің қыр- сырымен сусындатып, болашағына керекті білім нәрін бергім келеді. Сол үшін де өзімнің жастық жігерімді аямай, қызықты  қызметіме құлшына кірісіп те кеттім. Әзірше нәтижесіз емеспін деп ойлаймын. Екі жылғы еңбегімде шәкірттерімнің алды аудандық олимпиадаларда алдыңғы қатарлардан көріне білді. Өзім де, аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып, бағымды сынап келемін.      

      Өзім тәрізді талай жас маманның орын тауып жатқаны Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында деп білемін. Өйткені, ел басшысы жастар саясатына қатысты бір сөзінде: «... төрт базалық эле­мент – кәсіби жақсы білім, жақсы төленетін тұрақты жұмыс, от­ба­сын құруға арналған жеке үйі, са­ла­у­ат­ты өмір сал­тын жүргізуге арналған мүмкіндіктің бо­луы жас­тар мәселесін шешудің қадамдарының бірі»,- деген болатын. Осы қадамдардан өттім деп айта аламын. Себебі, білімім, тұрақты жұмысым бар, аллаға шүкір.  Жас мамандарға арналған бағдарлама негізінде өзім жұмыс істейтін ауылдан төрт бөлмелі пәтерге ие болдым, салауатты өмір салтын ұстанып жүрміз. Осыдан артық не керек? Ендігі міндетіміз еліміз үшін тынбай еңбек ету ғана.

Маштаев Асхад Темирханович

Теректі ауданы

Ақсуат ЖОББМ-нің математика пәні мұғалімі

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 863 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.01.2015 1290
    • PPTX 12.2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Маштаев Асхад Темирханович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Маштаев Асхад Темирханович
    Маштаев Асхад Темирханович
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 74094
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 769 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 842 человека

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Мини-курс

Психологическое благополучие и успех в учебе: методы помощи детям на разных этапах развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 209 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 128 человек

Мини-курс

Стратегическое планирование и маркетинговые коммуникации

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 19 регионов

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек