Инфоурок Начальные классы Рабочие программыЖолда сақ бол

Жолда сақ бол

Скачать материал

         Біздің елімізде әр түрлі көлік оқиғалары жылдан жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелермен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Жол көлік оқиғаларының зардабын көбіне балалар зардап шегуде. Оның басты себебі көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережесін әлі де болса нашар біледі.

Жол ережелеріне тоқталар болсақ, жол белгілері жеті топқа бөлінеді:

1.     Ескерту белгілері

2.     Басымдылық белгілері

3.     Тыйым салу белгілері

4.     Міндеттеу белгілері

5.     Ақпараттық көрсеткіш белгілері

6.     Қызмет көрсету белгілері

7.     Қосымша ақпараттық белгілер

Оқушы назарынында басты орында көңіл аударуы керек белгі: ескерту белгісі Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағананы хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады. Ендеше оқушылар осы белгілерге байланысты қандай өлең шумақтарын білесіңдер?

Нұрдәулет:

Қиылыста, жол шетінде, бұрышта,

Түрлі түрлі белгілер бар тұратын.

Жүресіңбе, жүрмегенің дұрыс па,

Не істеу керек? Соған қарап ұғасың

Қызыл шеңбер ішіндегі таңбалар,

Әлденеге қатаң тыйым салады.

Өміріңді қорғауға олар арналар,

Елемеген өкінішке қалады.

        

Диана:

Қиылыс па, бұрылыс па алдыңда

Темір жолға таяп әлде қалдың ба?

Өзен бар ма, көпір бар ма, өр бар ма?

Мекені ме жабайы аң мен малдың да?

Соның бәрін біліп алда, абай бол,

Сенің аман жүргеніңді қалайды ол.

Белгілердің сырын еске сақтап ал,

Болашақта жүресің ғой талай жол.

         Өте жақсы оқушылар, жол белгілеріне байланысты өлеңдер біледі екенбіз, енді жүргізушілердің алтын ережесімен таныс болайық

         Жүргізушілердің ережесі:

1.     Көліктерді тек ғана  отырғызу алаңдары, ал жоқ болса тратуар немесе жол жиегіне күтіп тұруға рұқсат етіледі.

2.     Жүргізушілер себепсіз алаңдамау керек(жанында болғанда тыныштық сақтап отыру қажет)

3.     Жүк көліктердің жүк салғышына тұруға, қырына отыруға тыйым салынады.

Осы ереженің сақталуын қадағалайтын бақылаушы болады. Бақылаушыға арналған өлеңдеріңді айта қойыңдар

Қалдыбай:

Бақылап жол тәртібін,

Өткізетін әр күнін.

Реттеушіні көрдім мен,

Қиылыстан дәл бүгін.

Ала таяқ қолында

Айтары көп оныңда

Не істеу керек, тұрса егер

Реттеуші жолыңда

 

Мұқағали:

Реттеуші бұрылды,

Бір қырындап, тік тұрып

Жасыл жанды дегенді

Жүргіншіге ұқтырып.

Реттеуші бар көшеге,

Тап болса егер кімде кім

Тек сол берген белгіге,

Көну оның міндеті.

 

Жақсы оқушылар, біз белгілерді айттық, жүргізушілер ережесін айттық. Енді жаяу жүргіншілердің, яғни жаяу адамның міндеттеріне тоқталамыз.

1.     Жаяулар тратуардың немесе жаяу жолдың оң жағымен, ал олар болмаса, жол жиегімен немесе велосипед жолымен жүруі тиіс;

2.     Жолдан өтіп бара жатқанда жаяулап себепсіз кедергі немесе тоқтап қалмауы тиіс. Көшеден өтпес бұрын алдымен сол жаққа, ал көшенің ортасына жеткенде оң жаққа қарау керек;

3.     Жарқылдақ маягі және арнаулы дыбыс белгісі қосылған көлік жақындағанда жаяулар жолдан өтпей тоса тұруы керек;

4.     Жаяу жүргінші жолдың келесі бетіне өту үшін арнайы, жүргіншілерге арналған жолмен, яғни зебрамен өтуі қажет.

Жолдың келесі жағына өту үшін бізге тағы не көмектеседі?

Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта, жүр!»дейді  (Бағдаршам)

Индира:

Жолды кесіп өтуге мен қамдансам,

Қиылыста қарсы алады бағдаршам.

Менікіндей екеу емес, үш көзді,

Әр көзінің түс бөлек аңғарсаң.

Қызыл түс қимылдама, баспа алға,

Қиылыста қарап тұрма аспанға.

Сары түс сәл сабыр ет, дайындал,

Жасыл түс жүре бергін жасқанба.

Оқушылар бүгін біз не түсіндік? Ойымызды қорытып, серігіп алу үшін, жұмбақтар шешуге қалай қарайсыңдар?

Жұмбақтар:

Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Ысқырықпен түзеткен,

Өміріңді күзеткен (Реттеуші)

Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялдайды (Автобус)

Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешімін. (Жол)

Жоқ өзәнде бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар біраө та (Бағдаршам)

Оқушылар бүгінгі «Жолда сақ бол!» атты жиынымызды қорытындылайық.

Бүркіт:

Бүркіт деген баламын,

Мектепке енді барамын.

Жүруді де үйрендім,

Көшесінде қаламның.

Жол шегіне келгенде,

Тоқтай қалып мен демде

Көз саламын арнайы

Белгісі бар жерлерге.

Мінекей, әне міне дегенше жиынымыз өз соңына таяды. Бүгінгі жиын ұнадыма? Жол ережесін сақтаған, аман болар әрқашан деп жиынымызды аяқтаймыз. Жолда сақ болып, өмірімізді қауіп қатерден сақтайық. Назарларыңызға рахмет!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жолда сақ бол"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий отделом архива

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Біздің елімізде әр түрлі көлік оқиғалары жылдан жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелермен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Жол көлік оқиғаларының зардабын көбіне балалар зардап шегуде. Оның басты себебі көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережесін әлі де болса нашар біледі.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 273 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.10.2020 320
    • DOCX 16.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кузина Нина Михайловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кузина Нина Михайловна
    Кузина Нина Михайловна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 97157
    • Всего материалов: 242

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 206 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 442 человека

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 223 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 059 человек

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 560 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 488 человек

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

История и основы галерейного бизнеса

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические механизмы и стратегии: сохранения психологического равновесия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек