Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыЖоба "Вундеркинд балалар" 8 класс

Жоба "Вундеркинд балалар" 8 класс

Скачать материал

                                                 «Бүгінгі дарын иесі-ертеңгі егеменді еліміздің тірегі»
Н.Ә Назарбаев

                                                Шығармашылық жоба

«Вундеркинд балалар»

        Бұрын үлкендер баланың бойынан ерекше қабілетті, зеректікті байқап қалса,«Тіфә-тіфә, тіл-көзім тасқа! Өзі кіп-кішкентай болып білмейтіні жоқ. Мынау­ іштен оқып туған ғой, тұқымы көбейсін!» деп таңданысын білдіріп, тілеуін тілеп, мәз болысып қалатын­. Сондағысы – баланың болмашы дүниені қайталап, не жатқа айтып бергені. Уақыт өткен сайын­ бала бойында­ғы мұндай «қасиеттерге» таңғалып, таңдай­ қақпайтын да болдық. Бүгінгінің «вундеркинді» бұрынғыд­ан өзгерек. Өзгелерден тумысы бөлек, жаратылысы басқа «алтын балалар».

Бәрін  біліп туған бала­ларды «вундеркинд» дей­міз. Мұн­дай «алтын балалар» кез келген елдің бағы, қоғамның байлығы, ата-ананың мақтанышы екені даусы­з. «Алтын ба­лалардың» жасына қарамастан ересектердің тірлігін жасап, ғылым мен өнерді дамытып, ерекше қабілеттерімен адамзаттың дамуына қо­сар үлестері зор.

Әлемді  мойындатқан «алтын балалар» кішкентайынан «вундеркинд» атанып, есімі тари­хта алтын әріптермен мәңгілікке жазылған әлемдік деңгейдегі тұлғалар бар. Соня секілді бәрін біліп туған «алтын балалар» әлемде аз емес.

Әлемге саяхат: акритАкрит Йасуал (Akrit Jaswal)
Бұл үнді баласы әлемдегі ең жас дәрігер атанған. Бес жасында ол анатомияны жақсы біліп, Шекспирді оқыған, жеті жасында өзінің алғашқы хирургиялық операциясын жасаған. Қазіргі таңда жас Акрит медицина университетінің ең жас студенті. Қатерлі ісіктен қорғайтын дәрі іздестіру үстінде. 


 

 

 

2. Пабло Пикассо (Pablo Picasso)
Пабло сөйлеуден бұрын сурет салуды бастаған екен. Ол ең алғаш әкесінен ымдап қылқалам сұрап, сурет салуға машықтанған. 
12 жасында кез келген бейнені шынайы түрде салып бере алған. Өнер мектебіне қабылдау сынағын бір-ақ күнде тапсырған, ал өзгелер болса, бұл үшін айлап жүретін көрінеді. 16 жасында алғашқы көрмесі өтсе, 20 жасында әлем таныған.

Әлемге саяхат: пикассо

 

 

 

 

Әлемге саяхат: моц3. Вольфганг Амадей Моцарт (Wolfgang Theophilus Mozart)
Моцарт тек қана әлемдік композитор ғана емес, әлем тарихындағы ең танымал вундеркинд.
Төрт жасында фортепианода ойнаған, ал бес жасында өзінің алғашқы музыкалық пьесаларын жаза бастаған. Сегіз жасында өзінің алғашқы симфониясын жазып бітірген. 


 

 

Әлемге саяхат: ионг4. Ким Унг Йонг (Kim Ung-yong)
Гиннес рекордтар кітабына сенсек, кореялық Ким Унг Йонг үш жасында университеттің физика факультетінің студенті атанған, алты жасында өте жақсы бітірген. Жеті жасында АҚШтың НАСА ұйымына жұмысқа шақырылған. Он бес жасында докторлық атағы мен көптеген жетістіктері болған. 

 

 

 

 



Сол сияқты «вундеркинд »  балалар  біздің елімізде де бар.

http://www.halyk-gazeti.kz/images/stories/8.01.04.jpgЕрхан Исламбек – бар болғаны бес жаста. 

 

 

 

 

 

 

 

Қазір Қызылорда қаласында  «Қызғалдақ» балабақшасында тәрбиеленіп жатыр. Бір мен миллионның арасындағы кез келген сандарды ойланбастан қосып, азайта алатын ерекше қасиеті бар.

Жасы кіші болса да, ақылы асқан бүлдіршіннің бірі –Нұрдәулет Руслан.

http://www.halyk-gazeti.kz/images/stories/8.01.05.jpg

 

 

 

 

 

 

 

Қазір қаладағы №4 С.Сейфуллин атындағы орта мектепте 6-сыныпта оқиды. Кішкентайынан компьютердің қыр-сырын меңгеріп алған. Алтыншы сынып­қа келгенде «Информатика» пәнінен қатарластарымен салыс­тырғанда өте жоғары дәрежеде білімі бар екендігін дәлелдейді.

Power Point бағдарламасын қолдана отырып, 6-сынып оқушыларына пәнді иегеретін электрондық оқулық жасаған. Компьютерді екінші сыныптан бері пайдаланған.

       Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. 
Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу - ұстаз парызы. Оқушыны заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. 
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз. 
     Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық - белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі». 
В.Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады»,-деп тұжырымдады. 
Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар. 
Шығармашылық-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы. 
Талант - қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі. 
Данышпандық - қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі. 
Оқушының дарындылығын анықтауда: 
1. Дарынды бала туралы педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік ақпараттар, мәліметтер жинақтау.
2. Бақылау
3. Анкета
4. Психодиагностика
5. Әңгімелесу
6. Интервью сынды жұмыс түрлері жүргізілуі тиіс. 

    Дарынды балаларды анықтау - баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды: 
1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу. 
2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану. 
3. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау. 
4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары. 
5. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты.  Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты-олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру.

Дарынды оқушымен жұмыс істейтін мұғалімге қойылатын педагогика-психологиялық талаптарды мынадай кезеңдерге бөлуге болады. 
1. Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар:
 
- дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі; 
- оқушыны жақсы көруі және қабілеті жоғары оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болуы; 
- дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығу таныту және нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеуі; 
- дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы; 
- дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы;
 
2. Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар 
- өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі; 
- қызмет нысанын, яғни бірыңғай педагогикалық үрдісті білуі; 
- оқушы дарындылығын моделін білуі;  
- дарынды оқушыны анықтаудың психодиагностикалық әдіс-тәсілін білуі; 
- қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білуі; 
3. Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар: 
- дарынды оқушына анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы; 
- дарынды оқушыларды оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс жасай білуі; 
- оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы; 
- дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностикалық күнделік жүргізуі; 
- дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі; 
- баланың отбасы жағдайын зерттеу; 
- сауалнамалар, психодиагностикалық тренингтерді өткізу; 
- ата-анасымен әңгімелесу; 
- пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, пікір сайыс ойындарына қатыстыру; 
Осы айтылған тұжырымдарды қорыта келе, дарынды балалардың қабілетін дамытудың келесі жолдарын іріктеп алуға болады: 
1. Сабақтар 
2. Пәндік үйірмелер; 
3. Олимпиадалар; 
4. Интеллектуалдық ойындар, дебат (пікір сайыс) клубы; 
5. Ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау); 
6. Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру (мұражайға бару, белгілі адамдармен кездесу); 
7. "Жас вундеркинд" байқауларын ұйымдастыру; 
8. Оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық жобалар байқауларына қатысу
.

Белгілі психолог Н.С. Лейтис дарынды баланың негізгі қасиеттері мыналар  деп көрсетеді:

-ұқыптылық, жинақтылық, зейіннің тұрақтылығы, еңбек ету қабілетінің жоғарылығы;

-ақыл-ой, логикалық ойлауының шапшаңдығы, кез келген жағдайды талдап салыстыра білуі;

-барлық күш-қуатын жұмсап тынымсыз еңбек етуі.

Осы аталған қағидаларды басшылыққа ала отырып, кез келген баланың бойындағы қабілетті дамытуға болады. Дарынды бала өзге балалардан өте ерте оянған қабілетінен басқа ешқандай айырмашылығы жоқ. Ол да бала, оның да жазуы нашар болуы, жазуды ұнатпауы мүмкін. Ондай балалар кішкене кезінен–ақ білуге, санауға, оқуға қызыға ұмтылады, оның қызығу аясы үнемі өзгеріп тұрады. Мұндай балалардың өз қатарынан көш ілгері дамығанына қарамастан, жай сыныпта өз қатарларымен оқитындары кездеседі. Олар  ақыл-ой жүктемесіне қанағаттанбай, тентек болып отыратыны немесе өзі ойлап тапқан іспен айналысып, сабаққа қатысы жоқ небір әдеби кітаптардан басын алмай оқуы мүмкін. Ол қиын тапсырмаға қуанып, орындауға белсенді кіріседі, оның көңілінде эмоциялық серпіліс туып, шешім табу барысында бастама көтеріп, тапқырлық көрсетеді. Ол өзге балаға қиын болып көрінетін іске ойын ретінде қарап, үнемі осындай тапсырмалар орындауға даяр тұрады. Ондай балалар еріну, жалығу дегенді білмейді. Олардың білгісі келетін сұрағынан үлкендер шаршайды, не айтарын білмей тоқырап та қалады. Еске сақтау қабілеті, қызыққан нәрсесіне зейінділігі, қиялының байлығы, ашықтығы, әділетсіздікке төзбейтіндігі, оларды одан әрі  дамыту қажет  екенін негіздейді.

Оқу іс-әрекетінде дарынды балалар:

1.Оқу барысында өз-өзін қинамай-ақ жетістіктерге жетіп, білімге ие болады.

2.Өз бетінше іс-әрекетке бейім.

3.Үнемі ісін сапалы етіп, жақсы орындауға тырысады. Осыдан келіп мүмкіндігінен жоғары талап қойып, егер сәтсіздікке тап болған жағдайда қатты қиналады.

4.Қиын мәселе толғантқан кезде ешбір басқа нәрсеге назар аудармай, алаңдамай бар зейінін шоғырландыра алады.

5.Өзінің жинаған білім, дағдысын басына іс түскен жағдайда қолдана алады.

6.Оқу,сабақ, ізденіс, зерттеуге құрылған жағдайда ол үшін өте қызықты да пайдалы.

Алайда, барлық адамдар секілді дарынды баланың да кемшіліктері бар. Олар:

1.Эгоцентризм, басқа адамның, әсіресе зияткерлік пен ақыл-ой тұрғысынан әлсіздеу адаммен әңгімелесетін болса, оның пікірін мойындамай, оған өзінің пікірін таңады.

2.Егер оқу бағдарламасы оңай, іш пыстырар болса, мектепке деген жағымсыз қатынас қалыптасады.

3.Зияткерлік іс-әрекетпен айналысуға көп уақыт жіберетін болғандықтан, денесі жағынан өз қатарынан әлсіз, сондықтан қимыл-қозғалыс ойынына, спорт жарыстарына қатысуға құлқы болмайды.

4.Сөйлесу мәдениеті ақсаңқырамайды, себебі, айтар ойдың алдын орап кетіп, әңгімелесіп отырған адамға кезек бермеуі мүмкін. Сөйлеп отырған адамды бөліп, қатесін түзеп отырады.

5.Барлық жерде бірінші болуға тырысып, мәмілеге бара бермейді.

6.Өз қатарына бұйырып, басшы болуға ұмтылуы.

Абай Құнанбаев адамды қоршаған орта — табиғаттың бір бөлігі дей келе, табиғаттың адам баласына берген керемет сыйы — туылғаннан бастап білуге, түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді. Бірақ, бала өсе келе осы қасиетті біртіндеп жоғалта береді. Ұлы ойшыл адамның ойы мен санасы еңбек іс- әрекеті кезінде қалыптасады деп тұжырымдайды: «Кей қасиет туа бітеді, ал кейбірі еңбек арқылы қалыптасады».

Дарынды балалардың қабілеттілігіне ортаның тигізетін әсері зор.   Дарынды оқушы тұлғаның төрт негізгі аспектілерімен өзара байланысқан түрінде сипатталады. Олар: 1) Интеллект (зияттылық), 2) Шығармашылық (креативтілік), 3) Мотивация, 4) Тұлғаның әлеуметтік бейімділігі. Сонымен, дарынды бала өз талантын түрліше сезінеді. Отбасында іні, бауырларымен ойнағанда өз ерекшелігін сезінсе, мектепте құрдастарымен өзін салыстыру арқылы байқайды. Баланың таным процестері қабылдауы мен тәжірибесіне байланысты. Бала қоршаған ортаны зерттеу барысында, нақты нені жасай алатынын, нені істей алмайтынын біледі. Ал, айналадағы адамдар оның істеген ісін түрлі жолмен бағалайды. Бұл кезеңде ол өзін қоршаған адамдардың, ата-анасының өзіне көңіл аударғанын ұнатады. Ата-ана үшін баласының әрекетін бақылап, бағыттап, оқыту көп қиындық жасамайды. Психологтардың зерттеуі бойынша интеллект жас өскен сайын өспейді, толыса түседі.

Қорыта келе, дарындылықтың дамуына маңызды әсер ететін теориялық нәтижелерден мынадай анықтама шығады: «дарындылық» — бұл интегралды тұлғалық білім, интеллектуалдық жоғары сатысымен, шығармашылық потенциалымен сипатталады. Бұл тұлғаның қабілеттілігі мен өз бейнелігінің бірігуін анықтайды. Белгілі бір қызмет саласында ерекше табысқа жетуге мүмкіндік туғызады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жоба "Вундеркинд балалар" 8 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Семейный психолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Бүгінгі дарын иесі-ертеңгі егеменді еліміздің тірегі» Н.Ә Назарбаев Шығармашылық жоба«Вундеркинд балалар» Бұрын үлкендер баланың бойынан ерекше қабілетті, зеректікті байқап қалса,«Тіфә-тіфә, тіл-көзім тасқа! Өзі кіп-кішкентай болып білмейтіні жоқ. Мынау іштен оқып туған ғой, тұқымы көбейсін!» деп таңданысын білдіріп, тілеуін тілеп, мәз болысып қалатын . Сондағысы – баланың болмашы дүниені қайталап, не жатқа айтып бергені. Уақыт өткен сайын бала бойында ғы мұндай «қасиеттерге» таңғалып, таңдай қақпайтын да болдық. Бүгінгінің «вундеркинді» бұрынғыд ан өзгерек. Өзгелерден тумысы бөлек, жаратылысы басқа «алтын балалар».Бәрін біліп туған бала ларды «вундеркинд» дей міз. Мұн дай «алтын балалар» кез келген елдің бағы, қоғамның байлығы, ата-ананың мақтанышы екені даусы з. «Алтын ба лалардың» жасына қарамастан ересектердің тірлігін жасап, ғылым мен өнерді дамытып, ерекше қабілеттерімен адамзаттың дамуына қо сар үлестері зор.Әлемді мойындатқан «алтын балалар» кішкентайынан «вундеркинд» атанып, есімі тари хта алтын әріптермен мәңгілікке жазылған әлемдік деңгейдегі тұлғалар бар. Соня секілді бәрін біліп туған «алтын балалар» әлемде аз емес.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 985 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.04.2020 584
    • DOCX 253.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Филипович Александра Юрьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Филипович Александра Юрьевна
    Филипович Александра Юрьевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 59885
    • Всего материалов: 231

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Теория и методика билингвального обучения иностранным языкам

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы теории обучения немецкому языку

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика обучения немецкому языку

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стартап: от идеи к успеху

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 14 регионов

Мини-курс

Особенности патриотического воспитания

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Soft-skills современного педагога

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 18 регионов