Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
1 слайд
“Жауһар жырды жүрегінде тербеген...”
2 слайд
2014 жыл
Фариза Оңғарсынова
3 слайд
4 слайд
5 слайд
6 слайд
Шығармашылық жолы: алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде
1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20 – дан астам өлеңдер жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, “Біздің Камшат” повесі, аудармалары “Жазушы”, “ Жалын” сынды баспаларынан жарық көрді. Орыс, туысқан Республикалар ақындарының, Чили ақыны П. Неруданның жырларын, кейбір драмалық шығармаларды қазақ тіліне аударған. Ф.Оңғарсынованың өлеңдерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды да дәл нысанаға алумен ерекшеленеді. Мысалы: “ Жүрек емің” деген өлеңінде азаматтық сарын, ар – ождан тазалығы немесе арсыз жандардың жағымсыз жат қылықтарын ашына былайша жырлаған:
Не қасиет күтерсің бүгін елден,
Жасқаншақтап күйеудей бұрын келген.
Айтар сөзін көмейге көміп қойып,
Күн кешеді қорқумен, дірілдеумен. (үзінді)
Шындық, қайсарлық, адамгершілік, махаббат, сенім сияқты фило –софиялық категориялар Фариза Оңғарсынованың поэзиясында нанымды, салмақты көрініс тапқан.
7 слайд
Әке туралы ой:
Бесікте жаттым уілдеп,
Сол бір сұрапыл соғыс күндерде,
Қан кешіп біздің әкелер
Сонау батыста жырақ жүргенде.
“Жан әке” деген бір ауыз сөзді
Айта алмай
Қалғандар көп қой, бір мен бе?..
Жиырмада, қыздар, жайқалған гүлдей
Көз тартып бейне жанасың,
Сол жиырма жаста құшақтап
Мені қалыпты жалғыз анашым.
1957ж
АНАМА
Кеудеңде мені тербеттің,
Жас шыбық енді көктеді.
Мінекей мен де ер жеттім,
Еңбегің бекер кетпеді.
Өмірде мынау ең жақын,
Аяулым сенсің, анашым!
Болмаса мейлі зор даңқың,
Мен үшін бірақ данасың.
1957ж
Өлең жолдарынан үзінді:
8 слайд
А Қ Ы Н
Ақынның нәзік жүрегі
Самалдан тоңар гүл еді.
Халқының махаббатымен
Ақсұңқар құстай түледі,
Ел ғана – тұғыр, тірегі.
Әділет үшін жан салып,
Алдында тұрсын қанша алып –
Шындыққа жетпей тынбайды,
Қияметтерге қарсы ағып,
Баурайды сонда бал шабыт.
1961 ж.
9 слайд
Қыз сыры
Жігіттердің жүрегін
Ұрлай бергім келмейді.
Сүйдім деген тілегін
Тыңдай бергім келмейді.
Кез келгенін ғашық қып,
Әлек еткім келмейді.
Аз күндік жай машық қып
Және де өткім келмейді.
Алғашқы арман-тілекті
Шетке ысырғым келмейді.
Бірді сүйген жүректі
Көпке ұсынғым келмейді.
1959 ж.
10 слайд
Жастық пен балалық:
Жастық:
Қасіреттермен қол жеткен салтанаттарда
Даңқын еліңнің өрлеткен шартараптарға
Мақтаныштарды мақта сен, тайсалма, жаным,
Жалға сен солай шақта.
Әсем қайсарлар әнін !
Балалық:
Қызыл туларға қараймын
Алаулап тұрған шыңдарда.
Алдымда өмір - ақ айдын
Мені де салар сындарға.
Інісі болдым жасымнан
Комсомол аға қыранның.
Ерлікпен даңқын асырған
Коммунистерге ұланмын!
11 слайд
Марапаттары: қазақ ақыны, халық жазушысы журналист елі үшін, ерінбей, аянбай еңбек атқарғаны үшін : 1976 жылы “ Құрмет белгісі”
сосын ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты 1979 жылы, Халыққа білім беру ісінің үздігі 1985, Қазақстаның халық жазушысы 1991 жылы, «Парасат ордені» 1996 жылы, Қазақстанның халық ақыны, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
12 слайд
13 слайд
14 слайд
15 слайд
Қазақтың ұлттық поэзиясына өзіндік өзгеше леп әкеліп, ерекше дарын иесі екендігін барша өнер сүйер қауымға мойындата білген Фариза Оңғарсынованы ақтық сапарға шығарып салуға ҚР Премьер-Министрi Серiк Ахметов, ҚР Парламентi Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдiхалықова, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Нұртай Әбілқаев, Астана әкiмi ИманғалиТасмағамбетов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрi Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚР Парламентi депутаттары, елiмiздiң көрнектi мәдениет және өнер қайраткерлерi, жазушылар, ақындар және мыңға тарта елорда жұрты келдi.
75 жасына қараған шағында аяулы ақын апамыз – қоғам қайраткері, халқының ардақтысы Фариза Оңғарсынова 2014 жылы, 23 –ші қаңтар күні өмірден озды.
Фариза Оңғарсынова сегіз қырлы, өткір сөзін ақыл адырнасымен құлаш тайтартып, әрбір ойын желге қарсы ұшқан жебедей кісінетіп айтатын, сезімін тұманнан тұнған тамшыдайын мөлдір етіп сөйлететін ақын еді.
Фариза мәңгі қазақтың жүрегінде, қазақ - қанша мәңгі жасаса, қазақтың -Фаризасы да мәңгі жасайды !
16 слайд
Екі ауыз сөз
Көркем сөз майданында ақынға, жазушыға, еркекке, әйелге, кәріге, жасқа деп шектеліп қойылған саржайлау да жоқ, құлазыған қу дала да жоқ. Ащы көл де ортақ, тұщы көл де ортақ. Ғарышқа дейінгі биіктік те ортақ. Жер-ананың отты жүрегіне дейінгі тереңдік те ортақ. Ерлік, батылдық, адалдық, ұяттылық, арлылық, намысқойлық сияқты адамгершілік-азаматтық қасиеттердің бәрі де ортақ. Мен қазақтың ақын қызы Фаризаны осындай асқарлардың биігінде көремін.
Сол биіктерге көтеріле беру, сол тереңдікке бойлай беру, сол адамгершілік қасиеттерді толықтыра беру - ақын-жазушының бәріне ортақ арман. Мұның екінші аты, ең дұрыс аты - адам жанындағы, адам рухындағы тереңдік.
1982 ж.Ақтөбе облыстық қоғамдық-саяси газеті
Ғабит МҮСІРЕПОВ, жазушы
17 слайд
Фаризаны оқысам, қанаттанып қаламын
Өнердің басқа салалары сияқты поэзияда да талантты ақындар сирек туады.. Мен жасы елуге қадам басқан Фариза Оңғарсынованы осы тарихи тізімдегілердің қатарына қосамын.
Фариза да бүгінгі қазаққа осы сабақты өзінше оқытады.
Фаризада халықтық рух бар, ол - елімен бірге, қазағынан бөлінбейтін ақын. Оның тілі жүйрік, өткірлігі мен тапқырлығы, қанағаттығы бәрімізді де қызықтыратын, қуантатын ақын.Абай бастаған ұлы ақындары бар елде қыздан шыққан Фаризасы болу да қазақ елі үшін керемет жарасым. Мен осы жарасымды көргеніме бақыттымын.
Желтоқсан 1988 жыл.
Әбділда Тәжібаев, ақын, драматург
Ақтөбе облыстық қоғамдық-саяси газеті
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Шығармашылық жолы: алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20 – дан астам өлеңдер жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, “Біздің Камшат” повесі, аудармалары “Жазушы”, “ Жалын” сынды баспаларынан жарық көрді. Орыс, туысқан Республикалар ақындарының, Чили ақыны П. Неруданның жырларын, кейбір драмалық шығармаларды қазақ тіліне аударған. Ф.Оңғарсынованың өлеңдерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды да дәл нысанаға алумен ерекшеленеді. Мысалы: “ Жүрек емің” деген өлеңінде азаматтық сарын, ар – ождан тазалығы немесе арсыз жандардың жағымсыз жат қылықтарын ашына былайша жырлаған: Не қасиет күтерсің бүгін елден, Жасқаншақтап күйеудей бұрын келген. Айтар сөзін көмейге көміп қойып, Күн кешеді қорқумен, дірілдеумен. (үзінді) Шындық, қайсарлық, адамгершілік, махаббат, сенім сияқты фило –софиялық категориялар Фариза Оңғарсынованың поэзиясында нанымды, салмақты көрініс тапқан.Марапаттары: қазақ ақыны, халық жазушысы журналист елі үшін, ерінбей, аянбай еңбек атқарғаны үшін : 1976 жылы “ Құрмет белгісі” сосын ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты 1979 жылы, Халыққа білім беру ісінің үздігі 1985, Қазақстаның халық жазушысы 1991 жылы, «Парасат ордені» 1996 жылы, Қазақстанның халық ақыны, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
6 656 277 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Бондарь Юлия Юрьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300 ч. — 1200 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч.
Мини-курс
5 ч.
Мини-курс
6 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.