Инфоурок Информатика Другие методич. материалыҚұжаттың терезе түрін баптау. Құжатты қарау тәртіптері. Терезелерді бөлу, ретке келтіру

Құжаттың терезе түрін баптау. Құжатты қарау тәртіптері. Терезелерді бөлу, ретке келтіру

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: § 10 Құжаттың терезе түрін баптау. Құжатты қарау тәртіптері. Терезелерді бөлу, ретке келтіру.

Мақсаты

Білімділік: Microsoft Word мәтіндік процессорының мүмкіндіктерін еске түсіру арқылы практикалық тапсырмалар орындау, мәтіндік редакторының терезелерінің жаңа мүмкіндіктерімен танысу.

Дамытушылық: Оқушылармен мәтіндік процессордың мүмкіндіктерімен жұмыс істей отырып ой – өрістерін, шығармашылық қабілеттерін, білім – білік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа, шапшаңдылыққа тәрбелеу.

Сабақтың әдісі: АКТ қолдану

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Пән аралық байланыс: бейнелеу, әдебиет

Қолданылатын көрнекілік: интерактивті тақта, компьютер, тақырыпқа сәйкес слайд, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі

2.      Үй тапсырмасын пысықтау

3.      Жаңа сабақ

4.      Практикалық тапсырма

5.      Сергіту сәті (көз, қол жаттыгулары, мақал – мәтел)

6.      Сабақты қорытындылау

7.      Үйге тапсырма

8.      Бағалау

 

1.                  Ұйымдастыру кезеңі.

       Оқушылармен амандасып, сынып оқушыларын түгелдеу

2.      Үй тапсырмасын пысықтау

Компьютерде Excel кестелік редакторында жасалған тест тапсырмасын орындау.

3.        Жаңа сабақ

Мәтіндік процессор  - Microsoft Office Word программасын іске қосылғанда ашылған құжат терезесінде Құрал саймандар мен Пішімдеу панельдері болмайды. Сондықтан оны өзіміз баптауға тура келеді. Құжатпен жұмыс істеу барысында көп қолданылатын батырмаларды алу үшін:

Басты (Главная) мәзір жолынан – пішімдеу және стандартты панельдерді орнатамыз.

Сонымен қатар құжат беттерінің орналасуын және масштабын өзгертуге болады. Ол үшін түр (вид) мәзірінен –беттің орналасуы бойынша керекті батырманы шертеміз.

Масшатабты өзгерту:

·         Түр мәзірінен масштаб бұйрығын таңдаймыз;

·         Масштаб тобының келесі ауыстырып-қосқыштарының бірін шертіңдер;

·         200% - мәтіннің бейнелеуін мөлшерден екі есе ұлғайтады;

·         100% - масштабты үнсіз келісім бойынша күнделікті режимге келтіреді;

·         75% мәтін көлемін кішірейтеді;

·         Беттің ені бойынша (по ширине страницы) – мәтін жолының мөлшері терезе өлшемімен сәйкес келеді;

·         Мәтіннің ені бойынша (по ширине текста) – беттің мөлшерін барлық мәтін экранға сиятындай етіп өзгертеді;

·         Жалпы бет (целая страница) – экранға бетті тұтастай орналастырады;

·         Бірнеше бет (несколько страниц) – құжаттың барлық беттерінің кішкене нұсқасын бейнелейді;

·         Еркін (произвольный) тізімін пайдалана отырып, құжатты бейнелеуде кез келген масштабты орнатуға болады;

·         ОК батырмасын шертеміз.

Құжат терезесіндегі сызғышты баптау

            Сызығышта құжатты табуляциялау өрістері мен маркер белгіленеді. Егер құжат бірнеше бағандардан тұратын болса, сызығышта бағандардың орналасуы мен бағандар арасындағы алшақтың көрсетіледі. Сызығыштың көмегімен өрісті кеңейтуге және тарылтуға, абзац шегіністерін өзгертуге, құжаттағы нысандардың қашықтығын және орналасуын түзету үшін қолданылады. Сызығышты іске қосу үшін: Түр (Вид) – Сызғыш (Линейка) батырмасын орнатамыз.

Құжатты қарау тәртіптері

Word программасында құжатты көрудің бірнеше режимі қарастырылған, олардың әрқайсысы бір құжаттың әртүрлі мәнін көрсетеді.

·         Беттің орналасуы;

·         Оқу режимі;

·         Web құжат;

·         Құрылым;

·         Черновик

·         Алдын ала қарау режімі

Черновик режимі мәтін енгізу және пішімдеу үшін құрылған. Бұл режимде беттерге бөлу және беттерді безендірудің кейбір элементтері көрінбейді.

Web құжат режімі Web парақтарды жасау үшін қолданылады. Бұл режімде беттің келбетін көруге болады.Мәтін әрқашан құжат терезесіне сыйып тұрады, ал графика браузерде қалай көрінсе, солай орналасады.

Беттердің орналасуы режімі – құжаттың төменгі жоғырғы колонтитулдарын қосып, құжаттың баспаға шығатын нақты түрін көрсетеді. Бұл режимде құжатты қалай енгізсек, сол қалпында көруге болады. Мұндай режім баспаға берілетін құжатпен жұмыс жасау кезінде қолайлы. Беттерді бөлу режімінде көлденең және тік сызығыштардың көмегімен құжат өрісін қолмен орнату ыңғайлы.

Құрылым режімі үлкен мәтіні бар құжат жасау үшін қолданылады. Бұл режім құжат стилі көмегімен пішімделген болса қолайлы. Құрылым режімі мәтін мазмұнының үйлесімділігін қадағалайды. Себебі ол абзацтар мен тақырып деңгейлерін көрсететін шегіністермен қамтамасыз етілген. Тақырыптың деңгейі төмен болған сайын, оның шегінісі терезенің сол жақ шекарасынан көп болады.  Бұл режімде колонтитулдар, графикалық нысандар, келбет және пішімделген абзацтар бейнеленбейді. Құрылым режімінде құжат терезесінің сол жақ бөлігінде арнайы символдар пайда болады. Бұл символдар мәтінді жылдам жинақтауға және ашуға, сонымен қатар құжатты қайта құрастыруға мүмкіндік береді.

Оқу режіміде жұмыс жасап отырған бет экранда тұтас ашылады, ал терзенің жоғарғы бөлігінде беттер арасында ауысуға арналған бағыттағыштар бар. Егер осындай бағыттағышқа шертсе, онда көріп отырған бет келесі немес алдыңғы бетке ауысады. Оқу режіміне өткен кезде көру параметрлерінің мәзірі пайдаланып құжатты өздеріне қолайлы етіп көруге болады.

Алдын ала қарау режімі құжатпен жұмыс істеу барысында, сол құжаттың қағазға басылатын түрін көруге мүмкіндік береді. Бұл құралдың көмегімен өз қалауларын бойынша  беттер өрісінің дұрыс тегістелгендігін, олардың нөмірлерін көруге болады. Алдын-ала қарау режіміне өту үшін келесі әрекеттердің бірін орындаңдар:

·         Ctrl+F2 батырмаларын басыңдар

·         Файл-баспаға шығару батырмасын шертсек, он жақта жұмыс жасап отырған құжатты көруге болады.

Терезелерді бөлу, ретке келтіру

Жұмыс жасап отырған құжатты екіге бөлуге және бір мезгілде екі құжатпен жұмыс жасауға болады. Терезені бөлу үшін: Түр (вид) мәзірінен – бөлу (разделить) батырмасын басамыз. Ортасында сызығыш маркермен бөлінген құжат пайда болады.

Егер бірнеше терезесі ашылған құжатпен жұмыс істеп отырсақ, осы құжатты рет-ретімен орналастырып көруге болады. Ол үшін мыналарды орындаймыз:

Түр (вид) мәзірінен – барлығын ретімен орналастырамыз (Упорядочить все) батырмасын басамыз.

Бірнеше құжатпен жұмыс жасаудың тағы бір қолайлы әдісі құжаттарды қатар орналастырып жұмыс жасау. Ол үшін келесі терезеге көш (перейти в другое окно) бұйрығын орындаймыз.

4        Практикалық тапсырма. А,В,С деңгейі бойынша практикалық тапсырманы 20 минут орындайды.

А деңгей

Оқулықтағы тәжірибелік тапсырмалар

1.      Сақталған құжаттарды ашып, сызғыш орналастырыңдар.

2.      Құжатты әртүрлі режімже қарап шығыңдар.

3.      Сызғышты алып тастыңдар.

4.      Құжатты жинап қойыңдар.

5.      Жаңа екі құжат ашып, екі түрлі атпен сақтаңдар және жинап қойыңдар.

6.      Түр (вид) мәзірінен терезелер топтамасына өтіңдер.

7.      Терезені бөлу, құжаттарды реттеу, келесі терезеге өту бұйрықтарын шертіп, құжаттардың орналасыуын көріңдер.

8.      Кейінгі құрылған екі құжатты жойып жібіріңдер.

9.      Алдыңғы құжатты еш өзгеріссіз жауып тастаңдар.

10.  Жаңа құжат ашып, төмендегі мәтінді жазып, оған стильдің түрлерін қолданыңдар:

Ақын қазақ даласындағы жазғұтырымның барлық суретін толық беруменбірге, бұл кезді қазақ халқын еңбекке жұмылдыратын, тіршілік үшін күрестің қайнар көзі деп таниды.

Мал семірер, ақ пенен ас көбейер,

Адамзат көңілі өсіп, көтерілер.

Қара тастан басқаның бәрі жадырап,

Бір сараңнан басқаның пейілі енер.

Тамашалап қарасаң, тәңір ісіне,

Бойың балқып, ериді іште жігер.

(Абай Құнанбайұлы)

В деңгей

1. Төменде берілген мәтінді мына көрсетілген әрекеттер бойынша теріп, жаз.

а) қазақша әріпті теру қарпін таңда;

ә) қаріптің өлшемін 14-ке тең деп ал;

б) оқу режіміне келтір

с) «10 сынып» деген атпен сақта;

Адам баласының жүріп өткен жолдарына назар салсақ, көз алдымызға қоғамды басқаратын халық елестейді. Сол халықтың басты мақсаты ақылды да саналы, тәртіпті де еңбексүйгіш ұрпақ тәрбиелеу. Әрбір халық өз ұрпағының қайырымды да адал, әділ де ержүрек, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор, ар-ұяты мол кішіпейіл болып өскенін қалайды. Соның ішінде қазақ халқы да өз ұрпағын тәрбиелеуде талай ғасыр бойы жасап келе жатқан әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне арқа сүйейді.

   С деңгей

1.      Мәтінді Microsoft Word редакторында тер;

2.      Қаріп өлшемін 14 Times New Roman  өзгертеміз;

3.      Оң және сол жақ бойынша туралаймыз;

4.      Жазылған үш мәтінді барлығын ретімен орналастырып, экран бетіне шығарамыз.

Жайық өзен өзінің басын Орал тауының 600 м биіктігінен алады. Оның жалпы ұзындығы 2354 шақырым, оның 500 шақырымы ғана облыс территориясымен өтеді. Жайық өзені Каспий маңы ойпатын кесіп өтіп, Каспий теңізіне құяды. Негізгі арнасына Батыс Қазақстан облысының жерінде бірнеше салалары қосылады. Оның оң жақ салаларына - Ембулатовка, Быковка, Рубежка, Шаған және Деркөл, ал сол жақ салаларына - Елек, Шыңғырлау, Барбастау және Ащы өзендері жатады. Соңғысы басын Шалқар көлінен алады да, Жайық өзеніне су мол жылдары ғана қосылады.
Өзеннің орта бөлігінде көктемгі тасқын судың артығы қолдан қазылған Кешім каналы арқылы терт суқоймасына құйылып, шабындық және жайылымдық жерлерді суаруға пайдаланылады.
5 Сергіту сәті. Көз, қол жаттығулары

Қол және көз жаттығуларын музыка арқылы сүйемелдеумен орындау.

Қол саусақтарына арналған жаттығулар: Алақанды уқалап, қолды қысу, білезіктен айналдыру. 3-4 рет орындау.

Көз жаттығулары: Көзді бірнеше рет жыпылықтату, көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет орындау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақал – сөздің мәйегі

1.      Вирусты антивирус өлтірер,

Антивирусты уақыт өлтірер.

(Ерді намыс өлтірер,

Қоянды қамыс өлтірер.)

2.      Антивирус компьютер үшін туады, Компьютер үшін өледі.

(Ер жігіт ел үшін туады, Ел үшін өледі.)

3.      Компьютер процессорымен мықты.

(Ағаш тамырымен мықты, Адам дос - жарымен мықты.)

4.    Жақсы WORD жарым ырыс.  (Жақсы сөз жарым ырыс.)

5.        Операциялық жүйе – буынсыз, Процессор түпсіз. ( Тіл – буынсыз,Ой – түпсіз.)

6.      Информатика пәнін оқысаң ерінбей,

Компьютерді жетік білесің тіленбей.

(Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.)

7.      Елді ер сақтайды,

Компьютерді антивирус сақтайды.

(Шеге тағаны сақтайды,

Таға атты сақтайды.)

(Ат ерді сақтайды,

Ер елді сақтайды.)

8.      Колонкасыз компьютердің үні шықпас. (Жаяудың шаңы шықпас, Жалғыздың үні шықпас)

9.      Жігітті компьютеріне қарап, бағала.  (Жігітті досына қарап, бағала)

10.   Байт биттен құралады.   (Теңге тиыннан құралады)

11.   Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.
(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

12.   Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім.
(Аттың сыры, иесіне мәлім)

13.   Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса.
(Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)

14.  Білмесең, «анықтама»-дан сұра. (Білмесең білгеннен сұра)

15.   Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы. (Бір ақылдан, екі ақыл артық)

16.   Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды.(Досы күштіні-жау алмайды)

17.   Күлсең ескірген компьютерлерге күл.(Күлсең кәріге күл)

18.  Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады. (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

6. Сабақты қорытындылау. Стикердегі диалог

1. Құжат беттерінің масштабын өзгерту үшін қандай әрекетерді орындаймыз?

2. Масштаб диалогтік терезесінен мәтіннің ені бойынша (по ширине текста) бөлімін тандасақ қандай әрекет орындалады?

3. Құжатты қарау тәртіптерін ата:

4. Ctrl+F2 батырмалар үйлесімінің нәтижесінде қандай әрекет орындалады?

5. Алдын – ала қарау режімінің мүмкіндігі:

6. Бірнеше құжатпен жұмыс істеу үшін қандай әрекет орындаймыз?

7. Терезені бөлу үшін қандай әрекет орындалады?

8. Бірнеше құжатпен жұмыс істей отырып келесі құжатқа өту үшін қандай әрекетті орындаймыз?

9. Web – құжат режімінде беттің келбеті қалай орналасады?

10. Оқу режімінде беттің келбеті қалай орналасады және бір беттен екінші бетке қалай көшеміз?

11. Терезені бөлу үшін қандай әркет орындалады?

12. Қай құжатты қарау режімінде беттерге бөлу және беттерді безендірудің кейбір мүмкіндіктері көрінбейді.

7. Үйге тапсырма. § 10 Құжаттың терезе түрін баптау. Құжатты қарау тәртіптері. Терезелерді бөлу, ретке келтіру. Өз отбасы туралы эссе жазып келу.

8. Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың білім деңгейлеріне, сабаққа қатысуына қарап бағалау. Бағалау парағын әр оқушы өзі толтырып отырады.

Бағалау парағы

Барлық сынып үшін тапсырмалар

Жұмыстың негізгі түрлері

Ұпайлардың ең үлкен ұпайы

Өзін-өзі бағалау

Мұғалімнің бағалауы

1.      Үй тапсырмасын пысықтау

5 ұпай

 

 

2.      Жаңа сабақ

5 ұпай

 

 

3.      Практикалық тапсырма

5 ұпай

 

 

4.      Сабақты қорытындылау

4.1.Стикердегі диалог

5 ұпай

 

 

4.2.Компьютерлік  қорытынды тест

5 ұпай

 

 

Барлық ұпайлар

 

 

 

Бағасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Құжаттың терезе түрін баптау. Құжатты қарау тәртіптері. Терезелерді бөлу, ретке келтіру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Тьютор

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

"Құжаттың терезе түрін баптау. Құжатты қарау тәртіптері. Терезелерді бөлу, ретке келтіру" тақырыбында 10 сыныптың қоғамдық - гуманитарлық бағытында сабақ жоспары.

Мақсаты

Білімділік: Microsoft Word мәтіндік процессорының мүмкіндіктерін еске түсіру арқылы практикалық тапсырмалар орындау, мәтіндік редакторының терезелерінің жаңа мүмкіндіктерімен танысу.

Дамытушылық: Оқушылармен мәтіндік процессордың мүмкіндіктерімен жұмыс істей отырып ой – өрістерін, шығармашылық қабілеттерін, білім – білік дағдыларын қалыптастыру.

 

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа, шапшаңдылыққа тәрбелеу.

Сабақтың барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі

2.      Үй тапсырмасын пысықтау

3.      Жаңа сабақ

4.      Практикалық тапсырма

5.      Сергіту сәті (көз, қол жаттыгулары, мақал – мәтел)

6.      Сабақты қорытындылау

7.      Үйге тапсырма

 

8.      Бағалау

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 445 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.01.2015 535
    • DOCX 362.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Атанбай Айдана Сарсенгалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Атанбай Айдана Сарсенгалиевна
    Атанбай Айдана Сарсенгалиевна
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 52978
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Разработка и сопровождение требований и технических заданий на разработку и модернизацию систем и подсистем малого и среднего масштаба и сложности

Системный аналитик

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 33 регионов

Курс повышения квалификации

Методы и инструменты современного моделирования

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 20 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 40 регионов

Мини-курс

Основы программирования и мультимедиа: от структуры ПО до создания проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 20 регионов

Мини-курс

Фитнес: особенности построения смешанных групповых тренировок

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусственный интеллект: тексты и креативы

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе