Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Жастық шақтың психологиялық ерекшеліктері.» баяндама

«Жастық шақтың психологиялық ерекшеліктері.» баяндама

Скачать материал

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі»РМҚК

 

 

 

 

 

БЕКІТЕМІН

Директордың әлеуметтік

және тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары

___________Б.Ж.Бахтиярова

«____»__________2016жыл

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Жастық шақтың  психологиялық ерекшеліктері.» баяндама

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: Байбатшаева Г.С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей

2016-2017 оқу жылы

Жалпы білім беретін пәндер циклдық комиссиясы отырысынды қарастырылды

Төрайымы __________К.Б.Қуанышева

Хаттама №

«    » қараша 2016ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Жастық шақтың  психологиялық ерекшеліктері.

 

Жоспар:

1.    Студенттердің жас ерекшелік психологиясы мәселелері жайлы білімдерін практикалық жұмыстарда қолдану

2.    Студенттерге онтогенездегі тұлғаның психикалық даму ерекшеліктерін, тұлғаның әрбір даму кезеңдеріндегі психикалық даму заңдылықтары жайлы білім беру.

3.  Әрбір жас кезеңдеріндегі тұлғалардың психикалық дамуларындағы индивидуалды айырмашылықтарды зерттеу;

 

Жастық шақ – маңызды шешімдер қатарын қабылдайтын ересектікке өтудің аяқталуы, өмірлік циклдің айналымы болып табылады. Олар кәсіп таңдау, отбасын құру, жалпы өмір стилін және болашаққа нақты тапсырмаларды орындау,  жаңа ересектік статуста және жаңа өмірлік жоспарда құндылық бағдардың коррекциялануы  үлкен әсер етеді. Осы уақыт кезеңінде жоғары оқу орнында оқу, еңбек іс-әрекетіне араласу, неке құру, бала сүю уақыты. Тұлғалық дамудың басты міндеті ересектер әлеміне беку, өмірден өз орнын іздеу, жастар үшін дағдарыстық сипатқа ие. Бір жағынан осы кезеңде дағдарыстан қашу адамның дамуын тежейді. Жастар осы уақыт кезеңін, нақтырақ айтқанда дағдарысты  өтпелі кезең ретінде қабылдап, қуаттана бастайды және өз тағдырын басқаруға қабілеттенеді.

Ерте жастық шақтың негізгі міндетін Э. Эриксон интимділіктің қалыптасуы деп санайды. Мұнда тек қана сексуалды интимділік ғана емес, сондай-ақ  достық қатынастар, эротикалық байланыстар, бірлескен ұмтылыстар жатады. Интимділік сезімінің басқа полюсі оқшаулану сезімі болып табылады, ол сезім адам қанша көп нәрсеге өмірде қол жеткізсе де және игілікті іске жақсы көзқарас қалтырса да адамның бүкіл өмірін жетелеп жүруі мүмкін.

Осы кезеңнің дағдарыстық сәті К. Юнгтің пікірі бойынша адамның шынайы өмірмен тайталасуы, ал осы тайталасу үнемі өзінің елестетулеріне сәйкес келе бермейді. Егер онда шынайылықты бұрмалаушы иллюзия болса, бірден мәселелер пайда болады.   Көбінесе бұл үлкен күтулермен, сыртқы қиындықтарды бағаламаумен, негізделмеген оптимизммен немесе керісінше негативизммен байланысты. Жас тұлға біртіндеп әлемнің тек қана бақыт пен қанағаттанудан тұрмайтынын түсіне бастайды.  Оның оптимизмі мен балалық сезімі түсе бастайды. Бірақ жастар балалық позицияға байлануды (бәрі қалағанынша өзінен өзі келе бере береді) ұзақ уақыт жалғастыра береді. К. Юнг айтқандай  «ештене істемей-ақ қойғым келеді, ал егер бір нәрсе жасау керек болса өз қанағаттануың үшін деген». Осы балалық деңгейде тұрған шешімі жоқ мәселені адам сыртқы өмірге қатынасы позициясында өзгертуі керек: «мен қалаймын, маған беріңдер» ұғымын «мен беремін, мен істей аламынға» айырбастау керек.

Жас тұлғаның дамуындағы дағдарыстық нүктеге екпін түсірген немесе қарастырған Б. Ливехуд.  Жеткіншектен жастық шақтағы тұлғаның айырмашылығы өз санасына ересектік өмірді сіңіріп қана қоймайды, сонымен қатар оған шынайы қатысады. «Мен кіммін?, Мен нені қалаймын?, Мен не істей аламын?»  жастық шақта шешілуі керек маңызды сұрақтар болып табылады. Жастық шақта өзіңді қабылдап үйренуің керексің, өз шешімің мен таңдауыңа жауапкершілік ала білуің керек. Бірақ осының жолына тәжірибе жинақтауың керек, және әр адам өз ақымақтығын өзі жасауы керек. Егер адам жастық шақта өзінің алдына басты мәселелерді қоймаса, және қойылған мәселеден шығу жолын таппаса, өмір бойы жеткіншектік шақта қалып қояды және өзіндік бағалауы қоғамдық пікірмен сипатталады немесе бүкіл әлемге қарсы тұрады.  

Рөлдер теориясымен келісетін болсақ, ішкі дифференциациаланған рөлдер және жаңаны құру қарама-қайшылықты туындатуы мүмкін, осыдан барып жас тұлға бұрынғы және жаңа рөлдер арасындағы шекараны көрмей қалады. Осымен байланысты өзіне деген сенімділіктің болмауы ересектенудің классикалық сұрақтарын  қоюға мәжбүрлейді: «Мен кіммін?, Мен қандаймын?, Мені кім деп санайды?». Анықталмаған рөлдер мен статустың күшеюі  қоғам ортасында жастар үшін нақты айқындалған күтулер жоқтығымен сипатталады.

Жоғары оқу орындарында білім алу жастар мәселесін шешуге әсер етеді. Бір жағынан бәрібір ересек өміріне  кіруді қиындатады. Б. Ливехуд пікірі бойынша «университеттерде оқу және жоғары оқу орынының басқа да формалары жастық шақты табиғи жағдайда ұзартып жібереді, нәтижесінде жеке жауапкершіліктің белгілі бір деңгейіне жетудегі ересектік тұрмыстың алғашқы фазасының дамуы бұзылады» деп жазады. Бір жағынан  жас тұлғаның мектеп қабырғасынан шыққаннан кейін  бірден жоғарғы оқу орнына келуі жастық шақтың негізгі маңызды сұрақтарын мәнділеуге, өзіндік жеке көзқарастың дамуына, өз жауапкершілігін саналауға, өмір жолында жауапкершілікті сезінуге уақыт бермейді.

Бірінші курс студенттерінің байқалмаған эйфориясы қарым -қатынастағы қызығушылықтардың жоғалуына қарай ауысады. Кейіннен ішкі дүниенің бостығы, белгісіз апатия, бір нәрсені жасауға ниеттің жоғалуы, ақпарат алу мен оқуға деген ниеттің жоғалуы пайда болады.  Жастар өзінің тұлғасында не болып жатқанын білмейді.

Оған көбінесе депрессивті жағдай тән («Ештеңеге ниетім жоқ; оқуға, жақсы көруге, сабаққа»), спецификалық емес қорқыныш, мазасыздық  («Өзімді жоғалтып алудан қорқам», «Жанама болудан қорқам немесе мен ешкім емеспін»), өз тәжірибесінің уникалдылығын сезіну («Мүмкін мен өзімді осылай сезінетін шығармын»).

Осы кезеңде жалғыздық сезімі қалыптасады.  Жастардың ортасында мүмкін көп достары болуы мүмкін, бірақ бәрібір өзін қоршаған ортадан тыс қалғандай сезінеді.  Бір жағынан ол жалғыздықтан қатты жапа шегеді, екінші жағына керісінше жалғыздыққа ұмтылады. Жалғыздық сезімі керексіздік сезімімен жетеленеді. Жастар осы негізде өздеріне келесі сұрақтарды қояды: «Мен бүгін, ертең, бүрсігүні біреуге керекпінбе?».

Дағдарыстың ең маңызды аспектісі өзі туралы елестетулердің бұрмалануы, өзін талдау мүмкін еместігі, өз мүмкіндіктері мен ниеттерін бағалай алмау болып табылады. («Айналадағыларға бәрі түсінікті, ал ішкіге ештене түсінікті емес»). Кейбір реніштер өзіңе білініп қалуы мүмкін. («Мен не істей аламын? Мен кіммін?») Осы негізде мамандық таңдауда үлкен қателіктер пайда болады. Таңдау тақырыбы өте маңызды болып табылады. Өз таңдауыңа жеке жауапкершілік таныту маңызды. Кейде осының нәтижесінде қайтадан кішкентай болу ниеті туындайды, барлық мәселелерден алшақтау, барлық міндетті басқа адамның мойнына аудару.  Ал кейде жастар ересектің мінез-құлқының бетпердесін жасап алады.

Қорқыныш пен уайым өз өмірінің мәні туралы ойлауға жинақталады. Уақыт өте келе көптеген жастар дағдарысты шешеді. Позитивті нұсқада ол өз өміріне жауапкершілікті қабылдаумен аяқталады. Бұл өзіне қанағаттану, өмірге деген қызығушылығының артуы, өмірден алғанына қанағаттану сезімін білдіру, қорқыныштан қашу сияқты субьективті алаңдау.

Қоршаған ортамен қазір қайта жасауға келмейтін қарым-қатынас реттеледі.

Осы кезеңде жалғыздыққа деген қатынас өзгереді, ауырлауды жойып, өзіңмен қарым-қатынас жасау үшін, керісінше қажеттілік ретінде қаралады. Көптеген адамдар өздері үшін жаңа байлық ашады.

Осы кезеңде өзінің қайталанбастығы мен жеке даралығын қабылдау өтеді: тұлғалық, кәсіптік, әлеуметтік, үміттенулер мен ұмтылулар. Өткен оқиғаны талдай білуге дағдыланады.  Өмірге қатынасы өзгереді. «Ересектікпен кездесу» дағдарыстың динамикасын қарастыру  нәтижесінде келесідей нәтижеге келуге болады: дағдарыстың негізгі мазмұны - өзін іздеу, өмірде орнын табу.

Бір жағынан жастар дағдарысты өзбетімен игілікті, сәтті шешуге қабілетсіз болады. Терең психологиялық мәселелер психологиялық көмекті керек ететін экстремальды жағдайға дейін әкеледі. Дағдарыс тұлғалық ерекшеліктердің бұзылуының және психосоматикалық аурулардың себепшісі болып табылады.

 

Педагог-психолог:                                        Байбатшаева Г.С.

 

 

Пайдаланатын әдебиеттер:

1.      Вайсман   Р.С.,   Развитие   мотивадионной   сферы      человека   в   старшем   возрасте: М.,1976

2.      Головей Л.А. Психология становления субъекта деятельности в периоды юности и взрослости.СП.,1996

3.      Калмыкова З.И., Продуктивное мышление как основа обучаемости.- М.,1986.

4.      Франкл В. Человек поисках смысла.-М.,1990.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қақтығыстың туындау себептері,және одан шығу жолдары»жадынама

Күні

Аты-жөні

қолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  Орындаған :           Байбатшаева Г.С.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Жастық шақтың психологиялық ерекшеліктері.» баяндама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Жоспар:1.Студенттердің жас ерекшелік психологиясы мәселелері жайлы білімдерін практикалық жұмыстарда қолдану2.Студенттерге онтогенездегі тұлғаның психикалық даму ерекшеліктерін, тұлғаның әрбір даму кезеңдеріндегі психикалық даму заңдылықтары жайлы білім беру.3.Әрбір жас кезеңдеріндегі тұлғалардың психикалық дамуларындағы индивидуалды айырмашылықтарды зерттеу;

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 072 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.12.2020 3632
    • DOCX 62.5 кбайт
    • 47 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Крыуленко Лилия Евгеньевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Крыуленко Лилия Евгеньевна
    Крыуленко Лилия Евгеньевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 118532
    • Всего материалов: 235

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективность обучения школьников на уроках литературы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные технологии в образовании (робототехника)

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе