Инфоурок Другое Другие методич. материалыЖарқырасын шыршамыз

Жарқырасын шыршамыз

Скачать материал

«Жарқырасын шыршамыз»   (ертеңгілік)

Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.

Хоровод:     Би: 4 «Б»сынып
Барысы:
Екі  жүргізуші ортаға шығады.

1 - жүргізуші:

Армысыздар ардақты ағайын, ұлағатты ұстаздар!
2 - жүргізуші:

Бармысыздар замандас бауырлар, шабытты шәкірттер!

1 - жүргізуші:

Бүгін бізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайын.
Көргендер де, көрмегенде арманда
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

2 – жүргізуші:

 Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

1 - жүргізуші:

-Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітім бар.

 

2 – жүргізуші:

- Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

 

1 - жүргізуші:

Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,

Жаңа табыс тілейік ісімізге.

Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,

Мына отырған барша жан бәрімізге, - дей келе, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл-ойы жетілген, саналы ұрпақты тәрбиелеп жатқан мектебіміздің бастауыш сыныптар бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі Жылқыбай Қосай ағайға береміз.

 

2-жүргізуші:

Ал, халайық, тұрмайық!

Әндетейік, жырлайық.

Ортамызды ашайық

Ырыс тілеп бұл жылға,

Жырдан шашу шашайық! – деп, ортаға  4 «В» сынып оқушысы Әліхан Гаухарды «Төрлет, Жаңа жыл!» әнімен шақырайық.


(осы кезде залға қарақшылар кіріп, айқайлап-шулап келеді де, шыршаны бір айналып қарайды)

1-қарақшы: О,о,о, қараңдар, қандай ағаш өсіп тұр. Жақсы болды ғой, осы ағаштың көлеңкесінде жатып демалайық. Туу, мыналар неғып жүрген балалар, бізге кедергі жасап. Біз демалатын жер іздеп жүрміз. Көп күннен бері адамдарды тонаймыз деп ұйықтаған жоқпыз. Барыңдар үйлеріңе кетіңдер.


1 - жүргізуші:

-Құрметті қарақшылар! Сіздер бұл жерде демала алмайсыңдар, өйткені бізде мереке болып жатыр. Сіздер басқа жаққа барып демалыңыздар.

 

Қарақшы (ашуланып, атып тұрып)

-Сен кімсің, маған қарсы шығатын. Қайдағы мереке? Айтыңдаршы бұл қайдағы мереке? Қайдағы мереке?  (деп балаларды жұлқып-жұлқып сұрайды)

Балалар:  (барлығы)

-Жаңа жыл!  Жаңа жыл!

Қарақшы:

-Жаңа жыл дейді, ха-ха-ха! Қайдағы жаңа жыл! Сендерге бүгін жаңа жыл тұрмақ ескі жылда болмайды. Мен қазір қаруымды алып келіп барлықтарыңды қырып саламын. Әй жүріңдер, қару алып келейік.  Бұларға көрсетейік. Қарашы өздерін, бізге ұйқы бермей. Тезірек ұйықтаса ғой шіркін!

 

Бір оқушы ортаға шығып:

-Қарақшы ағай, бізге тимеңізші.  Біз шуламаймыз. Мереке болсыншы. Себебі біз бұл мерекені 1 жыл күттік қой. Біз қазір сізге өлең айтайық. Сіздер демалыңыздар. Сосын мерекемізде болыңыздар. Аяз Ата келеді, көп сыйлық әкеледі. Біз сіздерге де береміз. Береміз бе балалар!

 

Қарақшы:

-О,о,о сыйлық  дегенді біз де жақсы көреміз. Жарайды келістік. Сендер бір әдемі өлең  айтыңдар. Біз отырып демалайық.


2 – жүргізуші:

Мектебіміздің бишілерін шақырайық,

Қошеметпен, құрметпенен қарсы алайық.

Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,

Қол соғып биік шыңға самғатайық  - дей отырып, 2 «__б___» сынып оқушыларының биін тамашалаңыздар.

 

(залға сиқыршы кіреді)

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сиқырлы сандығыма қарасам осы жақта мереке болып жатыр екен. Мерекелерің қалай өтіп жатыр? Жақсы ма?

 

Бала: Жоқ, мерекеміз көңілді өтпей жатыр. Мына қарақшылар келіп шыршамыздың түбіне жатып алды. Енді аяз атаны шақыра алмай жатырмыз. Сиқыршы бізге көмектесіңізші.

(осы кезде қарақшының біреуі келеді)

 

Қарақшы:

-Бұл не айқай-шу?  Неге шулайсыңдар? Мынау кім өзі? Аяз ата ма? Әй әкел сыйлығыңнан. Сенде сыйлық көп деп айтқан.

 
1 – жүргізуші:

-Жоқ, қарақшы ағай, бұл Аяз Ата емес. Аяз Ата келу үшін біз қатты айғайлау керекпіз. Біз сіздерден қорқып айғайлай алмай тұрмыз.

 

Қарақшы: -Дұрыс, дұрыс, бізден қорқу керек. сонда мынау кім?

-Бұл сиқыршы.

Қарақшы:

-Өй осындай да сиқыршы бола ма  екен. (күледі)  әй сен рас сиқыршысың ба? Қане сиқыршы болсаң маған 1 шелек алтын, күміс берші. Жоқ бір қап.  Жо-жоқ, бір машина толтырып алтын берші. Қане тезірек, әйтпесе мына қылышты көріп тұрсың ба?

 

Сиқыршы: -Қарақшылар, мен сендерге ештеңе де бере алмаймын. Өйткені, мен қайырымды сиқыршымын. Менің сиқырым тек жақсы жандарға арналады. Кане, одан да балалардың тілегін орындайын.

 

Қарақшы:

-Қайдағы балалардың тілегі. Сен тек біздің тілегімізді орындайсың. Тез тілегімізді орында.

 

Сиқыршы:

-Босатыңыздар, қалтамнан сиқырлы таяқшамды алып сіздердің тілектеріңізді орындайын. (балаларға қарап көзін қысады) Абра-кадабра, сим салабим. (2 рет)

Мына қарақшылар мейірімді, әрі көңілді болсын!

(осы кезде қарақшылар күлімдеп)

-О,о,о, қандай сүйкімді балалар!

-Қандай әдемі балалар!

-Киімдері сондай керемет!

(сосын бір-біріне қарап)

-Біз не осы мейірімді болып кеттік пе не?  Ой қызық ә? Мейірімді қарақшылар бола ма екен? Бірақ маған осындай мейірімді болған ұнайды. Сендерге ше, балалар?

 

Жүргізуші:

-Қарақшыларымыз мейірімді болды, сізге рахмет сиқыршы! Осы сәтті пайдаланып, ортаға Мәдіхан Фатима мен Зухраның орындауында ән тамашалаңыздар!

 

(залға мыстан кемпір кіреді. Қолында аяз атаның қолғабы, басында аяз атаның бас киімі бар)

Мыстан кемпір:

Асау желмен алысқан

Аяз әжелерің асығып

Шаршап келді алыстан

Төрге  мені отырғыз!

Уф, белім-ай!

 

Жүргізуші:

-Балалар, мынау кім?

(барлығы)

-Мыстан кемпір!

Жүргізуші:

-Мыстан әже! Сіз неге аяз атаның қолғабын, бас киімін киіп алғансыз? Неге өзіңізді Аяз әже дейсіз? Аяз әже болушы ма еді?

 

Мыстан кемпір:

-Неге осы, сол бір кәрі шалды жыл сайын барлықтарыңыз құрметтеп осындай тамаша мерекеге шақырасыздар. Ол келсе қуанасыздар. Оны бір жыл бойы күтесіздер. Неге бір рет болсын мені шақырмайсыңдар. Мен де ол сияқты кәрімін, жасым үлкен, міне биыыл 240-қа келем, мен де сыйлы, құрметті болғым келеді. Мерекеге келгім келеді. Сендер мені шақырмасаңдар да мен өзім келдім. Көрдіңдер ме, менің ол сияқты қолғабым да, қалпағым да бар. енді бұдан былай менің атым Аяз әже болады. Ал қане, менің де сол жаман шалдан қай жерім кем. Мен одан әлдеқайда артықпын. Қане, балақай айтшы, Аяз әже деп. (осылай бірнеше балаға айтқызады)  Енді бұл менің мерекем, жылда өзім келемін.

 

Жүргізуші:

-Мыстан әже, сізде Аяз атаның барлық заты бар екен. Сіз оларды қайдан алдыңыз? Ал Аяз Атаның сыйлыққа толы қапшығы қайда?

 

Мыстан кемпір:

-Бірінші, би билеп менің көңілімді көтеріңдер. Содан кейін айтамын қайдан алғанымды.

 

1-жүргізуші:

Өзгелерден бөлек екен мәнері,

Білімі мен ерекше екен өнері.

Думандата шырша тойын қыздыртқан,

Бұл жұлдыздар келеді  2 « А       » сыныптан, деп ортаға биші қызарымызды шақырамыз.

-Ал,Мыстан кемпір айта ғой, енді уәде бойынша.

 

Мыстан кемпір:

-Мен бұны ешкімнен де ұрлап алғаным жоқ. Мен өзім Аяз Атаға ұқсағым келіп кетті. Сондықтан тіктіріп алдым.

 

2 – жүргізуші:

 Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз,

1 - жүргізуші:

Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар!
Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
(осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді).

2 – жүргізуші: Армысыз Ата! Армысыз Ақшақар!

1 – жүргізуші: Құрметті Аяз ата, Ақшақар және достар! Қазір ғана  табалдырығымызды аттаған Жаңа жылымыз құтты болсын! Жаңа Жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін.

Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі,

Жаңа жыл – ақ арманның өрленуі.

Жаңа жыл- партадағы лүпілдеген,

Кішкентай шәкірттердің ержетуі.

(4 сынып оқушыларының тақпақтары орындалады)

2-жүргізуші:

-Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, «Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл жарылқасын» демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер «Тауық» жылы келе жатқан көрінеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді  көтеріп қарсы  алсақ, қалай қарайсыздар?

(тауық жылының сөзі)

 

1-жүргізуші:

Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде жақсылық.

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылық.

-Ескі жылға арналған әсем әніміз бен биіміз бар. қабыл алыңыз!

Мәдіхан Ұлтудың орындауында « ________________________________» ән.                                                                 


2 - жүргізуші: Жаңа жыл – бұл жаңа нұр
Нұрдан ләззат ала біл.
Ақын жазар жаңа жыр,
Жырдан тыңда терең сыр.
Ал достар, бізге деген реніші жоқ шығар. Құрметпен Тауық жылын шығарып салайық.
(осы кезде тауық келеді.)

 

1 – жүргізуші:

Құрметпен ортаға Жаңа жылды шақырамыз. (ортаға жаңа Ит жылы келеді)


Ит жылы: Жақсылыққа бағыттаған
Итпін мен Жаңа жыл!
Жаңа Жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл.

Тауық жылының мерекесін,
Мерекеге жалғаймын.
Елде, жерде, табиғатта,
Бейбіт жолды қолдаймын.

Арым – ұят, жаным – халық,
Қызметім де соларға,
Сеніңдер маған барлығың
Қияға ұшып қонарда.

Ал, Ескі жыл, аман бол,
Ізбасарың мен болам.
Аман болсын деп тіле,
Елім, жерім, кең далам.

2 – жүргізуші:

Жаңа жылда жаңа белден асамыз,
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.
Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,
Жаңа жылда тағы да алға басамыз.
Келесі кезекті тамаша бір биге берейік.
жігіттер  биі (4 «Ә» сынып                                                        )

1 – жүргізуші:

Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін.

Ән: Бәкір Мерейдің орындауында   ______________________________________ әні


2 - жүргізуші:

Мың бұралған ақ қайыңдай
Қыздар шықсын ортаға.
Ал, ендеше қол соғайық
Қошеметпен қолқала.

Би:  Клара   _______________________________________________________

1 – жүргізуші:

Қымбат қонақ жыл тойы,

Саған деген сый – сияпат басқаша.

Сені күтіп ән саламыз түн бойы,

Би билейміз, шырқалған ән тоқтамас.

Келесі кезекті тағы да бір тамаша биге берейік.
____________________________________________________  биі. Феруза апай

2 – жүргізуші:

 Ал, Аяз ата, Ақшақар! Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл мен әдемілік сыйлаған өнерпаздардың арасында табаны жерге тимей, шыр айнала билейтін биші қыздарымыз бар көрінеді. Сол қыздарымызды ортаға шақырсақ па деп тұрмыз. Қалай қарайсыз?

«Алдаймын»  биімен орталарыңызда  4 «В» сынып бишілері

1 – жүргізуші:

Жаңа жыл – туындаған жаңа армандар,

Жаңа жыл – шуылдаған жаңа ормандар.

Ал мынау – мәңгі бақи жаңа дүние,

О, сәлем жаңа жылда жаңарғандар!

Орындалар әсем ән мен сәнді биіміз сіздердің  құрметтеріңізге  арналады.

Би:     4 «А» сынып  оқушыларының орындауында флешмоб.
(рахмет, не деген би десейші!)

 

2-жүргізуші:

Ақ көңілім айналды аппақ қарға

Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.

Қыс қызығы басылмай ұласады,

Қуаныш көп болсын жаңа жылда.

 


1-жүргізуші:

Жаңа жылым жол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрлет, төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын!

 

 

 

2-жүргізуші:

Ұстаз деген құдіреттен нәр алған,

Әлдилеген әрқашанда ақ арман.

Білімімен озық үлгі көрсетіп

Бұл балалар, келеді  3 «____» сыныптан

 

1-жүргізуші:

Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.

Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.

Құт болып береке бер халқымызға

Мерейін мәртебесін биікке асыр.

 

___________________________________________________________________________

 

2-жүргізуші:

Қандай тату өздері,

Күлімдеп көздері.

Қане, қане, келіңдер,

Бір билеп беріңдер!

_____________________________________________________________________________

 

1-жүргізуші:

Ал, Аяз ата, Ақшақар! Асығып тұрған секілді сіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.

2 – жүргізуші: - Ия, Аяз Ата  мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін.
(Аяз ата бата береді)

 

1-жүргізуші:

Ал құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз Ата мен Қарша қызды шығарып салайық. Аяз Ата келесі кездескенше аман болыңыз! Біз сізді асыға күтеміз.

Хор: «Жаңа жыл»

2– жүргізуші:

Бұрқылдап шығып жатқан жақсылықтың,

Жаңа жыл қайнар бұлақ көзі болсын.

Көрсетпей ешбір бетін жамандықтың,

Ұялап әрбір үйге бақыт қонсын.

Ел тыныш, бала-шаға аман болып,

Дос жаран, ағайынмен орта толсын.

Қуаныш әкелетін әрбір жанға,

Жаңа жыл, ағайындар, ҚҰТТЫ БОЛСЫН!


1 – жүргізуші:

Бітуге қалды таяп – ай,
Не қыласың аяп – ай.
Қане, халқым, қол соқшы,
Жаңа жылда аямай!

2 – жүргізуші: Тауық жылы – той жылы
Ит жылы – мол жыл,
Жаңа жыл - жаңа нұр жаудырып,
Ит жылы – сауық жылы болсын, ағайын!

1-жүргізуші:

Жаңа Жыл құтты тағы да құтты болсын! Келесі кезескенше сау-саламатта болыңыздар!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жарқырасын шыршамыз"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Страховой брокер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 844 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Рабочая тетрадь по лабораторным работам дисциплины "Электротехника" (2 курс)
  • Учебник: «Электротехника, учебник для нач. проф. образования», П.А, Бутырин, О.В. Толчеев и др.
  • Тема: Глава 1. Электрические цепи постоянного тока
  • 30.12.2020
  • 32135
  • 18
«Электротехника, учебник для нач. проф. образования», П.А, Бутырин, О.В. Толчеев и др.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.10.2020 237
    • DOCX 25.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Анищенко Наталья Михайловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Анищенко Наталья Михайловна
    Анищенко Наталья Михайловна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 76580
    • Всего материалов: 247

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Мини-курс

Управление рисками и финансовое моделирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Педагогические и психологические основы образования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Мозг и психотерапия: влияние, методы и направления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек