- Учебник: «Биология: учебник для 7 класса », Беркинблит М.Б., Глаголев С.М. и др.
- 30.12.2020
- 2347
- 72
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Есік қаласының облыстық зерде бұзылыстары барбалаларға арналған мектеп-интернаты.Мұғалім-дефектолог: Оспанова Кенжегул ЕрсиновнаСынып: 8 Пәні: Жаратылыстану. Сабақтың тақырыбы: Кеміргіштер.Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сүтқоректілер жөніндегі білімдерін пысықтап, оқушыларға кемірушілердің түрлерімен, тіршілік ерекшеліктерімен, табиғаттағы алатын орнымен таныстыру. Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін, ойлау қабілетін дамыту. Жануарлар дүниесінің тіршіліктегі пайдасына, қажеттілігіне оқушылардың көзін жеткізу. Тәрбиелік: табиғатты аялауға, жануарларды қорғауға, қамқорлыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі. Сабақтың типі: аралас. Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, тестілеу әдісі. Сабақтың көрнекілігі: бейне көрініс, слайдтар, сызба, карта, сөзжұмбақ. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, кезекші мәліметін тыңдау, даярлықтарын қалыптастырып, зейіндерін сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1.Тест сұрақтары: Ең жоғары сатыда дамыған, ақыл-ой иесі: -маймыл; -жылқы; -адам. Сүтқоректілер деп аталу себебі: -жұмыртқа арқылы көбейеді; -уылдырық шашу арқылы көбейеді; -баласын тірідей туып, сүтпен қоректендіреді. Жыртқыш жануарлар не деп аталады? -құстар; -бауырмен жорғалаушылар; -аңдар. Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген сүтқоректілердің неше түрі бар? -60 түрі; -150 түрі; -40 түрі. Сүтқоректілердің негізгі бөлігі қайда тіршілік етеді? -топырақтан ін қазып; -суда; -құрлықта. 2.Сұрақ-жауап әдісі.ІІІ. Білімін тексеру кезеңі: -Балалар, енді мынау тақтадағы сөзжұмбақты шешіп көрейік. Егер оны дұрыс шешсек, үй тапсырмасын қорытындылаймыз, әрі бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы шығады. 1. Мойны ұзын биік жануар. 2. Төрт түліктің бірі.3. Бананды баладан да тез жейтін аң.4. Тікені бар саңырауқұлақ жинайды.5. Аңдардың патшасы.6. Қалталы сұтқоректі.7. Құйрығы ұзын қу.8. Денесі кішкентай, мысықтан қорқады. к е р і К е ш к і м а Й м ы л к і р п і а р ы с т а н к е н г у р у т ү л к і т ы ш қ а н ІV. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын және оның мақсатын жариялау. Білемін Білгім келеді Білдік Сүтқоректілер.Сүтқоректілердің тіршілік әрекеті. Кеміргіштер, олардың тіршілігі, қоректенуі, маңыздылығы. -Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымызда біз кеміргіштер туралы көп нәрселерді үйренеміз. V. Жаңа сабақ. Кіріспе :-Ия, балалар, неге кемірушілер деп ойлайтын боларсыңдар. Жалпы кемірушілердің ең негізгі сипаттамасы яғни белгісі, күрек тістерінң жақсы дамуында. (Үстіңгі жақ сүйегінде екеу және астыңғы жақ сүйегінде екеу) Күрек тістері мен азу тістернің арасында тіссіз бос аралық болады, оны диастема деп атайды. (суретін көрсету –слайд). Олардың күрек тістерінің түбірі болмайды, сондықтан тістері өмір бойы өсіп отырады. Тістері шамадан тыс өсіп кетпеу үшін, олар қатты заттарды, қатты өсімдік тектес азықтарды кеміріп отырады. (слайдтан ағаш кеміріп жатқан құндыздың суретін көрсету).Сүтқоретілердің ең көп таралған, сан алуан түрлерді қамтитын отряды кемірушілер болып табылады. Қазіргі уақытта олардың жер жүзінде 2000ға тарта, ал біздің республикамызда 70-ке жуық түрі бар екен. Олар табиғатта әр түрлі тірішілік ортасына бейімделген, ағаш басына, суға, жер астына, т.б. Мысалы: тиін, ондатр, егеуқұйрық, тышқан, аламан, құндыз, қара күзен, жұпартышқан.Кейбір кемірушілер: құндыз, ондатр, қара күзен, жұпартышқан сияқты түрлерінің үлбірі құнды болғандықтан пайда келтіреді. Осылардың бірнешеуіне тоқтала кетейік. Мысалы:ҚҰНДЫЗ- ірі кеміргіш, ұзындығы 110см, құйрығы 30см, салмағы 20-30кг. Суаттарда тіршілік етеді, денесі түзуге бейімделген. Ағаштың қабығымен қоретенеді. Көктемде 1-5ке дейін ұрпағын дүниеге әкеледі. Балаларын сүтпен асырайды. Құндыз Қазақстанда Жайық өзенінде тіршілік етеді. (Бейне көрініс. Картадан көрсету.)ОНДАТР. Ондатрдың Отаны Солтүстік Америка. Оның ұзындығы 35см, салмағы 1,5кг. Су маңында, інде тіршілік етеді, жақсы жүзеді. Су өсімдіктерімен қоректенеді. Жылына 2-3 рет балалайды, әр балалағанда 7-8ұрпақтан береді, балалары 1-айдан кейін өз бетінше тіршілік етеді. Терісі бағалы аң. (бейне көрініс)ҚАРА КҮЗЕН. Ұсақ жыртқыш аң. Ұзындығы 43см, құйрығы 12-19см, салмағы 800гр. Денесі тығыз жалтыраған жүнмен жабылған, терісі өте жоғары бағаланады. Суаттар мен су маңында тіршілік етеді. Қазақстанда Еділ, Жайық өзендерінде мекендейді. Қазіргі кезде қара күзен Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген. (бейне көрініс)ЖҰПАРТЫШҚАН. Оның ұзындығы 22см, салмағы 0,5кг-дай, жәндікпен және олардың дернәсілдерімен, қыста ұсақ балықтармен, кейбір өсімдіктермен қоректенеді. Аналығы жылына 2рет, 3-5 соқыр ұрпағын дүниеге әкеледі. Жұпартышқанның үлбірі өте бағалы болғандықтан, әрі жұпар иісі үшін де ауланады. Ол сирек кездесетін болғандықтан Қызыл кітапқа енгізілген. (бейне көрініс,слайдтан суреттер көрсету)Бір сыпыра кемірушілер (тышқан, егеуқұйрық, саршұнақ, аламан, т.б.) дәнді дақылдарды, үйдегі азық-түлік қорларын жеп, бүлдіріп зиянын тигізеді.Сергіту сәті: «Қамажай»Дәптермен жұмыс:Жаңа кездескен ұғымдарды дәптерлеріне жазу. Диастема, үлбір.Кітаппен жұмыс: тақырыпты оқу.VІ.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі:Биологиялық диктант. Сөйлемді толықтырып жаз: 1.Қазіргі уақытта кемірушілердің жер жүзінде 2000-ға тарта, біздің республикамызда 70-ке жуық түрі бар. 2.Құндыз ірі кеміргіш, ұзындығы 110см, салмағы 20-30кг. Ағаштың қабығы мен қоректенеді, суаттарда тіршілік етеді. 3.Ондатрдың Отаны Солтүстік Америка. Су маңында, інде тіршілік етеді. Су өсімдіктерімен қоректенеді. Терісі бағалы аң. 4.Қара күзен Қазақстанда Еділ, Жайық өзендерінде мекендейді. 5.Жұпартышқанның үлбірі өте бағалы болғандықтан, әрі жұпар иісі үшін де ауланады. 6.Зиянкесті кемірушілерге тышқан, егеуқұйрық, саршұнақ, аламан жатады.«Олар қайда тіршілік етеді?» ойыны.Әр қайсысына тиесілі кеміргіштер суреттерін іл.VІІ.Жаңа сабақты бекіту: Не білдік?Кеміргіштер: 1.Күрек тісі мен азу тісінің арасын диастема деп аталатынын. 2.Күрек тістерінің жақсы дамығанын. 3.Күрек тістерінің өмір бойы өсетінін. 4.Шамадан тыс өсіп кетпеу үшін қатты заттарды кеміретінін.Балаларды бағалау.VІІІ.Үйге тапсырма беру кезеңі.Кітапханадан қарау. Кемірушілер туралы не білдік жазып келу.
6 664 898 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Клёсова Евгения Владимировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
300 ч. — 1200 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Мини-курс
3 ч.
Мини-курс
3 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.