- 01.10.2020
- 940
- 40
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Сынып:6
Сабақтың тақырыбы: Жабайы аңдар.
Сабақтың мақсаты:
♦ Білімділік: Жануарлар тірі табиғаттың негізгі бөлігі, олардың да алуан түрі бар екені туралы түсінік қалыптастыру, жабайы аңдардың түрімен таныстыру. Осының ішінде Қазақстанда мекендейтін жабайы аңдар атауларын үш тілде меңгерту.
♦ Дамытушылық: Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін, жабайы аңдардың атауларын қазақша, ағылшынша, орысша меңгерту.
♦ Тәрбиелік: Жануарларға қамқорлық көрсету жайында сөйлесе отырып, оларға қамқор болуға бағыт беру.
Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Көрнекілігі:
1) Интерактивті тақта ( жануарлар топтамасының сызбасы, суреттер).
2) Жануарлардың жеке топтама суреттері.
Пән аралық байланыс: Әдебиет. Орыс тілі. Ағылшын тілі. Жануартану.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Сәлемдесу.
«Шаттық шеңбер»- бір-біріне жақсы тілек білдіреді.
(Бір-біріне тілек айту арқылы қарым-қатынысқа түсу)
Біздің сыныпта ұл-қыздар
Тату-тәтті тұрамыз.
Әлемдегі бар адамға
Тек жақсылық тілейміз.
Мен сендерге сабақта сәттілік тілеймін.
( балалар бір-біріне сәттілік тілейді)
2.Cабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
«Білім» ағашы .
Бүгін сабақта әр орындаған тапсырмалар үшін алмалар (қызыл-«5» сары «4», жасыл «3) таратылады. Түстеріне қарап бағалаймыз.
Мұғалім тарапынан топты бағалау түрі жүріп отырады.
Қызыл түсті-дұрыс орындаған түсінікті. (қызыл алма )
Жасыл- тапсырмаларда қате жібергенін білдіреді
Сары түс- түсініксіз, дұрыс орындамағандығын білдіреді.
3.Өткен тақырыппен жұмыс.
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
-Бұл өлеңде не туралы айтылған?
Балалар табиғат дегеніміз не екен?
Ол-біздің қоршаған орта.
-Дұрыс балалар.
Табиғатсыз ешқандай тіршілік жоқ. Ол –барлық тіршілік иесінің ортақ үйі, табиғаттың бізге берер сыйы да көп. Табиғаттың тіршілік иелерінің бірі-нелер?
«Кім тез ӘРІПТЕР АРАСЫНАН СӨЗДЕР тауып алады?»
А
Қ
А
С
Қ
Ы
Р
Р
А
Д
А
Ю
Е
Й
Ы
Б
П
Т
И
І
Н
С
Ы
І
Қ
О
Я
Н
Т
Л
Л
У
Ғ
И
М
А
А
Т
Ү
Л
К
І
Н
Н
К
І
Р
П
І
(арыстан, аю,түлкі,кірпі, қоян, қабылан, қасқыр, тиін, піл)
1. «Миға шабылу». Сұрақ - жауап
Оны қалай бір сөзбен айтуға болады? (Жабайы аңдар)
Жабайы аңдарды еске түсірейік? Сөзжұмбақты шешу
2. Жұмбақты шешу.
Қандай аң? тауып көр:
( Жауабын үш тілде айтыңдар)
1. Бір аң бар қайраты көп, болған күшті
Басынан өткізеді әрбір істі. (Арыстан)
2.Қорықпайды күшті аңнан,
Қорқады тек тышқаннан. (Піл)
3. Жазда қыдырады,
Қыста тынығады. (Аю)
4. Орғыған қорқақ, көзі қыли,
Қыс пен жазда екі түрлі тон киеді. (Қоян)
5) Бұтақтан – бұтаға секірген,
Кішкентай ғана шапшаң аң, (Тиін)
6.Өзі қу, әрі айлакер,
Жүрген жері айқай да шу. (Түлкі)
7. Аузы бейне шалғы орақ,
Шөп емес бірақ малды оранды.(Қасқыр)
8. Терісінде жолы бар,
Өткір-өткір тісі бар. (жолбарыс)
9.Төрт аяқты,
Мың таяқты. /Кірпі/.
10. Адам пішіндес,
Айтсаң, түсінбес
Шұлық тоқымас.
Кітап оқымас. (маймыл)
11.аңдардың ішіндегі ең жүйрік аң .. (қабылан)
Интерактивті тақта ( жануарлар топтамасының сызбасы, суреттер).
Арыстан – лев – lion (лайэн)
Жолбарыс – тигр – tiger (тайгер)
Қасқыр – волк – wolf (вулф)
Маймыл - обезьяна – monkey ( манки)
Түлкі – лиса – fox ( фокс)
Піл – слон – elephant ( лефант)
Қабылан – леопард – leopard ( леопард)
Аю – медведь – bear ( биар)
қоян-заяц-rabbit ( раббит)
Тиін-белка-squirell `(сквирэл)
Кірпі-еж- hedgehog
-Біздің ауыл қасында айнала орман. Біздің орманда қандай аңдар бар екен кім біледі?
( балалардың жауаптары)
- Аңдар біздің орманда тіршілік ету үшін . Біз не істеуміз керек?
ІҮ. Жаңа сабақты қалыптастыру: «Жабайы аңдар»
1. Сөздік жұмыс.
Тақырып бойынша оқулықта берілген жаңа сөздермен жұмыс.
Бөрене – бревно
сақтану – опасаться
тасқын су – пловодье
ыңғайлы – удобный
ойпат жер – низменность
қателеспейді - не ошибаются
үңгірін кездестірдік - здесь увидели берлогу
болжағыш - превидящий
күрке - палатка
а) сөздерді тізбекпен оқу;
ә) әр түрлі сөз тіркестерін құрастыру;
б) жабайы аңдары бар суреттер бойынша сөйлемдер құрастыру.
2. Оқушылар дайындап келген мәліметтер.
1-топ. Аюлар
2-топ. Ақ аю
3-топ. Қоңыр аю.
Оқылым, мәтінмен жұмыс. «ДЖИГСО» стратегиясы.
Мақсаты: ДЖИКСО әдісі тақырыптың мазмұнын жақсы меңгерту, оқығандарын берілген тақырыптың нақты 5 аспектісін анықтау, табу.
естерінде жақсы сақтату, өз ойларын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
2 - тапсырмадағы «Болжағыш аю» мәтінін оқу.
Тапсырмалар.
1топ. –Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастыру.
2топ. Диалог құрастыру.
3-топ. Мазмұның айтып беру.
3. Грамматикалық тапсырмалар.
1. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазыңдар
Бұл-……..болатын тасқын …….. сақтану.
Бәрі де ……. жерлерде қазылған.
Мен биыл ……….олардың …. үңгірін кезіктірдім.
Керекті сөздер:үш, қыста, биік, судан, көктемде
Дұрыс жауабы:
Бұл-көктемде болатын тасқын судан сақтану.
Бәрі де биік жерлерде қазылған.
Мен биыл қыста олардың үш үңгірін кезіктірдім.
( Тақтада жұмыс)
2. Мәтіннен септік және жіктік жалғауы,тәуелдік жалғауы бар сөздерді теріп, жалғауларын ажыратыңдар.
(аңшының, күркесіне, бізден, бөренені, жағасына, белшемізден, қарға, жерге, терілерін, соңынан, күркеде, біріміз, сорпасын, қойманы, көктемде, жердің, қыста, олардың, судан, уақытта.
Рефлексия.
Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер? Не білдіңдер? Не білгілерің келеді?
Топтың әр мүшесі рефлексия жасайды. «Білдім, үйрендім, білгім келеді»
Білдім
Үйрендім
Білгім келеді
Оқушылар білімі бағаланады.
Үйге тапсырма: 1. «Маған ұнайтын жабайы аң » тақырыбына шағын Эссе жазып келу.
6 663 611 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Жакубекова Гульнар Жолтаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс профессиональной переподготовки
600 ч.
Мини-курс
4 ч.
Мини-курс
3 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.