Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері. Өсімдіктер және жануарлар жасушаларын салыстыру. Жарық микроскобынан көрінетін жасуша құрылымдары: пластидтер, вакуоль, ядро, цитоплазма, жасушалық мембрана, жасушалық қабырға.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
7.4.2.1 жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі ұғымын түсіндіру
7.4.2.2 жануарлар және өсімдіктер жасушаларын ажырату
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар:
Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі ұғымын түсіну
Жасуша бөліктерін, органоидтарын атау
Оқушылардың басым бөлігі:
Берілген суреттерден, перепараттардан жасуша құрылысын, органоидтар қызметін ажырату
Кейбір оқушылар:
Өсімдік және жануарлар жасушасының айырмашылығын түсіндіру
Бағалау критерийі
Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесіне анықтама береді.
Жасуша бөліктері мен органоидтерінің құрылысын, қызметін түсіндіре алады.
Оқытудың тілдік мақсаты: Жасушаның өсімдік және жануар жасушасы деп екі топқа не себепті бөлінгенін айтады, Жасушалар құрылысындағы айырмашылық белгілерін атайды.
Жазылым дағдысы: Өсімдік пен жануар жасушасының айырмашылығын жаза алады.
Құндылықтарға баулу
Жеке жұмыс өмір бойы білім алу, жұптық жұмыс адалдық, топтық жұмыс жауапкершілік, ұйымшылдық
Пәнаралық байланыс
Ағылшын тілі, орыс тілі, жаратылыстану
Алдыңғы білім
Жаратылыстану
5.4.2.3 Микроскоппен жұмыс істеу ережелерін қолданады.
5.6.2.1 Ағзаларды тірі табиғат дүниесіне жіктеу.
Биология
7.1.1.1 - жүйелеудің маңызын түсіндіру;
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
(3 мин)
(5 мин)
Ұйымдастыру. Амандасу.Түгендеу. Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Топқа бөлу
Стикерге жазылған сөздер (жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі) арқылы 4 топқа бөлінеді.
1- тапсырма.
а) Құпия код
1
Омыртқасыз
2
Омыртқалы
Төменде берілген жануарлардың аттарын атау қай топқа жататынын дұрыс жауап алдындағы 1 және 2 сандарымен белгілеу.
-Құмырсқа
-Жолбарыс
-Ұлу
-Құс
-Балық
-Сүтқоректілер
-Қарапайымдар
-Жалпақ құрттар
-Қабықтылар
Бағалау: "Бір сөйлеммен тұжырымда"
«Миға шабуыл»
Топтың атаулары арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Топтың ережелері
стикер
Интербелсенді тақта
Сабақтың ортасы
(15мин)
(10 мин)
3- тапсырма.
«Аялдама» әдісі арқылы оқулықтағы мәтінді, суреттерді қолдана отырып, әр топ өз топ атаулары (жасуша, ұлпа, мүшелер, мүшелер жүйесі) туралы ақпаратты топта талқылап, қорғау.
І топ: Жасуша ұғымы, жасушаның үш құрылымы.
Кестені толтыру
Берілгені
Жасуша құрылысы
атауы
ерекшелігі
қызметі
Деспкриптор
Жасуша атауын білу
Жасушаның үш бөлігін атау
Әр бөліктің ерекшелігін ажырату
Әр бөліктің атқаратын қызметін дұрыс түсіну
ІІ топ: Ұлпа, өсімдік және жануар ұлпаларының типтері
Ұлпалар
Жануар ұлпалары
Өсімдік ұлпалары
түрлері
орналасуы
қызметі
түрлері
орналасуы
қызметі
Деспкриптор
Ұлпа анықтамасын білу
Ұлпаларды толық атау
Өсімдік және жануар жасушаларын айыра білу
Қай ұлпадан не түзілетінін түсіну
Әр ұлпаның қызметін ажырату
ІІІ топ: Мүше, өсімдік және жануар мүшелері
Деспкриптор
Мүше анықтамасын білу
Мүше неден түзілетінін ұғу
Мүшелердің атауларын айту
Өсімдік , жануар мүшелерін ажырата білу
ІҮ топ: Мүшелер жүйесі терминіне түсінік
Мүшелер жүйесі неден түзілетінін білу
Жануарлардағы мүшелер жүйесін атау
Мүшелер жүйесі қызметінің ерекшелігін айту
4- тапсырма
Адасқан сөздер
Тірі ағзалар құрылымын өсу ретімен орналастыру.
(жасуша, , ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі).
Бағалау: «жаман емес», «жақсы», «керемет»
5- тапсырма.
Өсімдік және жануар жасушасының құрылысын салыстыру, кесте толтыру.
а) Мәтінді оқу
ә) Микроскоппен жануар және өсімдік жасушасының дайын препараттарын қарау
б) Суреттеріне назар салу
Берілгені
Өсімдік
жасушасы
Жануар
жасушасы
Қабықшасы
(membrane)
Цитоплазма
(Cytoplasm)
Ядро
(nucleus)
Вакуоль (vacuole)
Пластидтер
(Plastid)
Хлоропласт (green)
Хромопласт (red, yellow)
Лейкопласт
(colorless)
Жасуша құрылысы көрсетілген суреттерді қолдана отырып жасуша органоидтарын анықтау.
Деспкриптор
Жасуша бөліктерін тани білу
Әр жасуша бөліктерінің ерекшелігін табу
Өсімдік жасушасының жануар жасушасынан ерекшелігін ажырату
Бағалау: Жұптарымен алақан түйістіру
Биология
7-сынып
Е.А.Очкур,
Ж.Ж.Құрманғалиева
Алматы «Мектеп» 2017
§ 13 48-50 бет
Кесте
Тірек сызба- белгі
Топ аттары жазылған таратпа қағаз
Микроскоп, дайын өсімдік, жануар жасушасының препараттары
Оқулық §14
52-53бет
Жануар жасушасы
Өсімдік жасушасы
Сабақтың соңы
( 9 мин)
( 3мин)
6- тапсырма
Біліміңді тексер
Берілген сипаттамалар қай бөлікке тән екенін дұрыс жауаптың («Ж»- жасуша, «Ұ»- ұлпа, «М»- мүше, «Мж»- мүшелер жүйесі) бас әріпін қойып белгілеу
№
Сипаттамалар
Жауап
1
Құрылысы,
шығу тегі, құрылысы мен қызметі бірдей жасушалар тобы
2
Тірі ағзалар құрылысының ең кіші бірлігі
3
Үш бөліктен: қабықша,
цитоплазма мен ядродан тұрады
4
Мүшелер атқаратын қызметтері бойынша ... бірігеді
5
Тұрақты орны, құрылысы бар және белгілі бір қызмет атқаратын
ағза бөлігі
6
Жануарларда төрт түрі, өсімдіктерде алты түрі болады.
7
Тамыр, сабақ, жапырақ
8
Қан айналым, тірек- қимыл, асқорыту
9
Жүрек, өкпе, бүйрек, бауыр
Деспкриптор
Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі деген түсініктерді ажырата алу
Өсімдік, жануар мүшелерін айыра білу
Мүшелер жүйесін ажырату
Жасуша құрылысын білу
7- тапсырма
Биологиялық диктант
Алғаш Р. Гук қолданған ұғым(жасуша,клетка, cell)
Жасушаның ішін толтырып тұратын зат(цитоплазма,cytoplasm)
Чтобы скачать материал, введите свой E-mail, укажите, кто Вы, и нажмите кнопку
Нажимая кнопку, Вы соглашаетесь получать от нас E-mail-рассылку
Если скачивание материала не началось, нажмите еще раз "Скачать материал".
Скачивание материала начнется через 60 сек.
А пока Вы ожидаете, предлагаем ознакомиться с курсами видеолекций
для учителей от центра дополнительного образования "Профессионал-Р"
(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №3715 от 13.11.2013).
Оставьте свой комментарий:
Комментарии: