- 14.12.2020
- 129
- 2
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Пәні: қазақ тілі Күні: 15.02.2012ж Сыныбы: 2 (екінші) Тақырыбы: Зат есім Мақсаты: 1) білімділік: Зат есім туралы түсінік беру, білімдерін кеңейту, сұрақтарын ажырата білуге үйрету. 2) дамытушылық: Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3) тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жинақылыққа, сауатты, әрі көркем жазуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: топтық сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтау Көрнекілігі: слайдтар, суреттер Сабақтың барысы: I. Қызығушылықтарын ояту. Сабаққа дайындау, құралдарын түгендеу. 1. Қабат-қабат қапталған, Асыл сөзбен апталған. Парағы бар сөйлейтін, Ол қазына өлмейтін. Бұл не? (кітап) Кітаптарың дайын ба? Оқушылар: дайын 2. Ұшымен қазық, Кең көзді жазып, Үстінен өттім, Асыл сөз жазып. Бұл не? (дәптер) Дәптерлерің дайын ба? Оқушылар: дайын 3. Денесі бар шыбықтан, Темір тұмсық құдықтан, Сусын алып ішеді, Ойы із боп түседі. Бұл не? (қалам) Қаламдарың дайын ба? Оқушылар: дайын II. Үй тапсырмасын тексеру. 3-жаттығу. Заттың атын білдіретін сөздерді атау. Бүкіл ауыл адамы, Мақтайды Айгул, Сараны. Сурет те салады, Кесте тіге алады. Саусақтары майысып, Күй сандықты басады. Баяулатып, жарысып, Әуендерін қосады. III. Өткен сабақты қайталау. Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені, Болашағым, бақытым, дара тілім, Міне, балалар, кемеңгер, ақын-жазушыларымыздың тілі туған тіліміз, қазақ тілі сабағы. Ендеше, бүгінгі сабағымызға қатысып отырған бірнеше мұғалімдеріміз бар екен, өз білімімізді ортаға салып, сабақты жақсы өткізуге уәде бересіздер ме? (ия) IV. Мағынаны ашу. Алдымызда қандай мейрам келе жатыр балалар? - 8-наурыз Аналар мерекесі, қыздар мерекесі - Аналарымызға, қыздарымызға не сыйлаймыз? (гүл) - Мынау не? - Гүл. Зат есім. - Гүл қандай? - Әдемі. Сын есім. - Гүл не істейді? - Өседі. Етістік. - Гүл нешеу? - Екеу. Сан есім. Оқулықтағы ережені шығарып алу Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады. V. Оқулықпен жұмыс. 2-жаттығу. Бейнеленген суреттердің аттарын жазу, сөйлем құрау. 3-жаттығу. Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді екі топқа бөліп жазу. Сергіту сәті: «Ұйқасын тап» ойыны. Аппақ доп тауып, Шақырды ақ... (тауық) Алмастан тыным, Шабады... (құлын) Өзінше ноян, Қорқақ бір... (қоян) 4-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу, зат есімдердің астын сызу. І-топ. 1-ші, 2-ші сөйлемдерді көшіріп жазу. ІІ-топ. 3-ші, 4-ші, 5-ші сөйлемдерді көшіріп жазу. VI. Ой толғаныс. Сабақты қорытындылау. Суреттердің жартысын табу арқылы заттардың атын тауып, оларға сұрақ қою. Оқушыларды бағалау, мадақтау. Сабақты аяқтау.
6 662 540 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Симонова Елена Олеговна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
36 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Мини-курс
6 ч.
Мини-курс
4 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.