Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Заманының тұлғасы".Əсет Найманбайұлы туралы мақала.

"Заманының тұлғасы".Əсет Найманбайұлы туралы мақала.

Скачать материал

                                                    Акимбаева Жанерке Калыхешовна

                                                    КГУ «Гимназия №6 г. Семей»

 

Заманының  тұлғасы

                                         

    Әсет Найманбайұлы – асқақ үнді, әсем ырғақты әндер шығарған сазгерлігіне қоса әдеби қорымызға көркемдігі жоғары мол мұра қосқан  ақындығымен де оқшауланатын тұлға. Бұл тұрғыда ол – әлеуметтік ойларын, демократиялық-ағартушылық идеяларын өлеңмен, әнмен таратқан Абайдыңбағытындағы ақын және оның алдын көрген талантты шәкірттерінің бірі.

   Әсет Найманбайұлы 1867 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан обылысы Мақаншы ауданындағы Бақты аулында дүниеге келген. Әсеттің ән иен өлеңге әуестігі медреседе оқып жүргенде-ақ байқалады. Жаттау, есту қабілеті аса жоғары болған ол ауылға келген әншінің әнін, жыршының қамын бір естігеннен қағып алатын болған. Әлімғазы деген болыс оның әншілігін , ақындығын білген соң өзінің жанына тартады. Ол Әсетті ер жетіп, айналаға әншілік даңқы шығып, әбден атақты өнерпаз болғанша көз жазбай қадағалайды.

   Қоянды жәрмеңкесіне барып, Арқаның ән мектебінен сусындап,оның әсем әндерін Жетісу мен Тарбағатай өңіріне жеткізуші, Біржанның, Ақанның, Құлтуманың әндерін шығыс аймаққа таратушы болады. Әсеттің ақындық мұрасын, яғни поэзиялық шығармаларын үш топқа бөліп қарауға болады. Олар:

1)    өлеңдері

2)    айтыстары

3)    қисса-дастандары

    Әсет өлеңдерінің ішінде халыққа айырықша танымал бөлігі- оның ән-өлеңдері.

Барша халық оның басқа өлеңдерін, айтыстары мен қисса- дастандарын көп білмесе де, «Інжу- маржан» ,«Қысмет», «Мақпал», «Үлкен Ардақ»,  «Кіші Ардақ»,  «Қоңыр қаз» тәрізді әндерін жақсы біледі. Ақынның ән-өлеңдерінің дені жастық шақ, сүйіспеншілік, махаббат тақырыбына арналған. Сазгер

 Ахмет Жұбанов «Әсет шығармашылығының шыңы» деп баға берген «Інжу-маржан» әні-сөзі мен әуені шебер ұштасқан , өзіндік өрнегі, мәнерімен ерекшеленетін қазақ әндерінің ғажап дүниесі.

Өлеңдегі ақынның өзі жайында мағлұмат беруі, өз ерекшелігі, өнердегі, өмірдегі жолы, ата-тегі жайлы баяндау ежелгі дәстүрдегі ақындарға, сал- серілерге тән әдіс. Бұл дәстүрді Әсет те жалғастырған. Әсеттің сөзден бал тамызар шешендігін, суреткерлігін, маржан сөзді нөсерлете төгетін асқақ шабыты мен ақындық қуатын танытатын өлеңдерінің бірі – «Арғынмын, атым Әсет арындаған» деп басталатын өлеңі.

  Бұл өлеңде төкпе ақындарға тән шалқар шабыт та,сұлу үйлесімділік те орын тепкен.

   Әсеттің айтыскерлігіне тоқталсақ, Әсет пен Ырысжанның айтысы-сипаты жағынан қыз бен жігіт айтысы түріне де, жұмбақ айтыс түріне де жатқызуа болатын айтыс. Айтыстағы дәстүр бойынша, әр ақын өз руының атақты адамдарын, бай- мырзаларын, жер, суын, елін айтып мақтанатын, сол арқылы өздерінің артықшылықтарын көрсеткісі келетін. Әсет пен Ырысжанның айтысы бұндай көзбояушылыққа жол бермеген.

    Ақынның мол мұраларының бірі- қисса-дастандар. Бұл салада әдеби қауымға оның тұңғыш белгілі болған шығармасы - «Евгений Онегин». Абайдан кейін Евгений Онегинді қазақ халқына жеткізу – Әсеттің әдебиет тарихынан үлкен орын алатын еңбегі, қазақ және орыс әдебиетіне қосқан үлкен үлесі десек болады. Біраз дастандарын Шығыс әңгіме – аңыздарының оқиғасынан алып жырлаған Әсет Найманбаев бірінші рет өз дастанының оқиға желісін орыс өмірінен алып жырлаған. Сертке беріктік, уәдеге адалдық – Әсет шығармаларында ең көп жырланған тақырып. Әсет дастандарында махаббат, байлық, мансап, зұлымдық, адамгершілік бірдей қатар орын алып, шытырман оқиғалардың дамуы да, шешілуі де қызықтырып отырады.

    Әсет шығармашылығының қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихынан алатын орны ерекше. Оның әуен саздары да, өлеңі де өнерімізге қосылған зор үлес. Өлең сөздерінен Әсеттің арманы, өнер жолындағы өмірі, өкініші мен қуанышы – бәрі, бүкіл жан дүниесі сезіледі. Оның әдеби және музыкалық мол мұрасы халықтың рухани игілігіне айналған, эстетикалық және тәрбиелік мәні зор ұлттық қазына.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     А.Түгелбаев «Тереңге тамыр тартқан», /Әсеттің аударма өлеңдері/  1987жыл  №7, 47бет

2.     Б.Адамбаев «Алтын сандық», әдеби мақалалар 1989жыл 200бет

3.     Ә.Болғанбаев « Алашқа аты шыққан Әсет ақын» 1991жыл

4.     О.Бекбосынов «Әсет ақын қайда туған?» 1992ж

5.     Т.Құдайбергенов «Ақынды еске алғанда» ,/Әсет ақынның 125 жыл толуына орай/ Семей таңы 1992жыл

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Заманының тұлғасы".Əсет Найманбайұлы туралы мақала."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Проректор

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 775 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.10.2020 720
    • DOCX 16.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Волкова Наталья Леонидовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Волкова Наталья Леонидовна
    Волкова Наталья Леонидовна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 93512
    • Всего материалов: 214

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с детьми: эмоциональные и зависимые расстройства

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Мини-курс

Стратегии клиентоориентированного бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов, критиков и общественных деятелей

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе