Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Сабақтың тақырыбы: Заманауи оқытудағы тест тапсырмаларының рөліСабақтың мақсаты: тест технологиясының тиімділігі және кемшіліктері туралы мәлімет беру, ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын тест түрлерімен таныстыру.Сабақтың түрі: тренинг-сабақСабақтың әдісі: топтық жұмыс, постер қорғауСабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, топқа бөлуге арналған суреттер, карточкалар Сабақ жүрісі:1.Кіріспе сөз Қазіргі адамзаттың қол жеткізген табыстарының бәрі білім мен ғылымның нәтижесі десек, алдағы уақытта да елдің елдігін сақтаудың, жеке тұлғаның бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудың басты шарты білім мен ғылымда болып отыр. Сондықтан да Елбасымыз бен Үкіметіміз білім беру саласына ерекше көңіл бөліп келеді. Білім сапасы үшін жауапкершілік те жыл санап жоғарлап келеді. Қазіргі қоғам білім беру жүйесі моделін құрастыруға жаңа бағыттар мен көзқарастарды талап етеді. Білім беру технологияларының басты мақсаты білім беру сапасын арттыру, оқушылардың білімін, біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Шетел тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғаралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері шетел тілдерінің сұранысқа ие болу қажеттілігін тудырып отыр. Шетел тілі оқушыларға басқа халықтың орасан зор рухани байлығына енуге тікелей жол ашып,олардың өзінің ұлттық мәдениетін терең сезінуіне мүмкіндік жасап, гуманитарлық білім деңгейін жоғарылатады. Шетел тілін ана тілімен қатар оқып-үйрену оқушылардың өз ойын електен өткізуге,адамның жалпы сөйлеу дағдысын дамытуға,оның тілдік қарым-қатынас жасау мәдениетін жетілдіруге саналы түрде ықпал етеді.2.Психологиялық дайындық «Танысу» жаттығуы Қатысушылар есімдеріне бірінші әрпіне сәйкес келетін сын есімді қосып айту керек.3.Топқа бөлу Қатысушылар карта суырады. Картадағы белгілер бойынша 3 топқа бөлінеді 1-топ- 2-топ- 3-топ- 4.Топтық тапсырма Әр топқа ағылшын тілі сабақтарында пайдаланылатын тест түрлерін орындауға тапсырма беріледі.Орындауға берілетін уақыт-5 минут.Орындап болғаннан кейін тексеруге тест жауаптары беріледі.1. Балама тест № Statements Yes No 1 Astana is the former capital of kazakhstab. * 2 Almaty is the smallest city of our country. * 3 ``Astana-Baiterek`` is the symbol of the new,young capital. * 4 Ethno-memorial complex Map of Kazakhstan-Atameken is located in Astana. * 5 Kazakhstan is the 9th largest country in the world. * 6 The city of Taraz is a modern city. * 7 Burabay National Nature Park is situated in Mangistau region. * 8 The Aisha-Bibi Mausoleum is a masterpiece of ancient architecture. * 9 In 1995 N.A.Nazarbaev was elected as the President of the Republic of Kazakhstan. * 10 Kazakhstan has become the member of UN in 1998 * 2. Глоссарий Theme: ``The members of the British Royal Family`` 1 King George A Queen Elizabeth’s sister 2 Queen Mary B Queen Elizabeth’s husband 3 Princess Margaret C Queen Elizabeth’s father 4 Prince Philip D Queen Elizabeth’s grandmother 5 Prince Anne E Queen Elizabeth’s grandson 6 Prince William F Queen Elizabeth’s daughter Key: 1C; 2D; 3A; 4B; 5F; 6E 3. Дұрыс жауабын таңдау тесті Articles1.My … bag is … yellow. a) -,- b) a,a c) -,a d) the,-2.I have … no sister. a) a b) an c) the d) -3.My … friend has … big … cat. a) -,a,- b) a,a,- c) -,a,a d) -,-,-4.She is reading … interesting … book. a) an,a b) an, - c) an,the d) -,-5.In … morning I eat … sandwich and drink … tea. a) the,a,- b) -,a,a c) the,the,a d) the,-,-6.I got … letter from my … sister yesterday. … letter was very interesting. a) a,a,the b) the,the,- c) a,-,the d) - ,-,-7.Today … weather is fine. … sun is shining brightly.Let’s go to … sea. a) a,the,the b) a,the, - c) the,the,the d) a,-,the8.Are you … teacher?-No,I am not.I am … doctor. a) -,a b) a,- c) a,a d) -,-9.There is no … bread on … table.Where is … bread? a) the,a,a b) -,the,the c) -,a,the d) -,the,a10.Our … TV-set is in … corner of … room. a) -,the,the b) a, the,the c) -,a,the d) the,a,-Key:1a; 2d; 3a; 4b; 5a; 6c; 7c; 8c; 9b; 10a 4. Семантикалық карта Theme: ``Her Majesty the Queen`` 1921 1926 1940 1947 1936 1948 1952 1953 1 The Queen Elitzabeth II was born in … . + 2 She became heir presumptive in … . + 3 She broadcasts for the first time in … . + 4 Prince Philip , the Queen’s husband was born in … . + 5 They married in … . + 6 Their eldest child,Prince Charles was born in … . + 7 Prince Elitzabeth came to the throne in … . + 8 Her coronation took place in … . + 5. Сәйкестендіру тесті Match the words and their definitions1.trust a) hidden riches regarded as valuable 2.complete b) formal,lawful3.treasure c) to bring back to a formal condition4.official d) confidence in a person5.restore e) to end,finish6.ahead f) in advanceKey: 1d; 2e; 3a; 4b; 5c; 6f 6.Суретті тестKey: 1 A; 2 C; 3 E; 4 B5.Топтық тапсырма. Берілген тақырып бойынша постер қорғау.1-топ. Ағылшын тілі сабақтарында тест технологиясын қолданудың тиімділіктері және кемшіліктері.2-топ. Тест тапсырмаларын құруға және бағалауға байланысты қойылатын талаптар.3-топ. Бастауыш сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларын құрудағы ерекшеліктер.6.Релаксация. «Мен кіммін?» жаттығуы Қатысушыларға мынадай карточканы толтыруға тапсырма беріледі: -Мен әдемі адаммын, себебі ... . -Менде керемет мынадай екі қасиет бар, олар ... . -Менің өз өмірімде жасаған ең жақсы ісімнің бірі ... . Талқылау сұрақтары: Бұл сұрақтарға жауап беру қиын болды ма? Не себепті? Өзің туралы «жақсы» жазғанда қиындықты сездің бе? Бұл жаттығу не үшін жүргізілді?7.Қорытынды Дидактикалық белгілеріне қарай білімді тексеру күнделікті, алдын-ала қорытындылау деп бөлінеді. Әдістеме бойынша ауызша,жазбаша және эксперименттік деп бөлуге болады.Оқушылар білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде, соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып отыр. Тест ағылшын сөзі (test).Аударғанда байқау,бақылау,зерттеу деген мағынаны білдіреді. Педагогикада тест пайдалану 130 жылдан астам уақытты қамтиды. Ең алғашқы тестіні 1864 жылы ағылшын Джордж Фишер құрастырып, оны Гринвич госпиталінде пайдаланған. Содан бері білімді тестік жүйемен тексеру Америка,Франция,Англия сияқты елдерде кеңінен тараған. Білім деңгейін тест арқылы тексерумен айналысып жүрген ғалым-педагогтар тест-оқушылардың өз-өзін тексеруге мүмкіндік ашатын есеп беру, оқыту әдісі деп есептейді. Сондықтан бұл әдіс сабақ үрдістерін бір-бірімен байланыстырып қана қоймай, білімді тексеру, бекіту, қайталау, жүйелеу құралы болып отыр. Тағы бір тиімді жағы уақыт үнемделеді, оқушылар қызығып, белсенділігі артады. Оқыту процесінде оқушылардың өткен тақырыпты қандай деңгейде меңгергені есепке алынып отырмаса, оның нәтижелі болуы екіталай. Оқу процесі нәтижелі болуымен бағаланады.Ол нәтижелі болу үшін оны бағалай білу керек. Қазіргі кезде кең тараған жазба жұмысынң бір түрі-тест.Оны орындау барысында 4 қызмет қамтылу керек: үйретушілік, бағыттаушылық, тексерушілік, тәрбиелік. 1.Тест жұмысының үйретушілік мәні-оқушылардың игерген білімі,біліктілігі мен дағды деңгейлерін одан әрі жүйелеп жетілдіру,тілі мен ойын,зейіні мен зердесін дамыту. 2.Бағыттаушылық мәні-жеке оқушы мен бүкіл сыныпты оқытудың түпкі мақсатына қарай жетелеу. 3.Тексерушілік қызметі-оқытудың белгілі бір кезеңінде бағдарлама талабына сай оқушылардың білімі мен біліктілігін тексеру. 4.Тәрбиелік мәні-оқушыладың жауапкершілік сезімін арттыру,сол арқылы еңбек сүйгіштікке,әділдікке,төзімділікке баулу. Тест оқушының білім дәрежесінің қандай екенін анықтайтын және ол білімдерді түрлі жағдайда қолдана білуін тексеруге мүмкіндік беретін тиімді жолдардардың бірі. Тест тапсырмаларын құрастыруға көп уақыт жұмсалады, бірақ тексерудің тездігі арқасында мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді.Тест технологиясы арқылы оқушының бағдарламалық материалдың минимальді деңгейін қалай игергенін дәл анықтауға мүмкіндік туады.Оқу тесті негізінен тақырыпты,тарауды немесе курсты оқушылардың қандай дәрежеде меңгергенін қысқа мерзімде анықтау үшін құрылады.Ол сонымен қатар оқушының қандай қажетті білімді игермегенін анықтайды. 8. «Чемодан жинаймыз» жаттығуы «Біздің жұмысымыз аяғына жетіп қалды. Біз қоштасамыз. Бірақ жан-жаққа тарап кетер алдында чемоданымызды жинаймыз. Біз бүгін бірге жұмыс істедік, сондықтан әрқайсымыздың жолсөмкемізді жинауға көмектесеміз. Қастарыңыздағы топ мүшесіне жұмыс жасау барысында қандай қасиет қажет екенін байқадыңыз соны және бір тілегіңізді жазып,жолсөмкесіне салып, ұсыныңыз.»9. Кері байланыс.«Құрметті мұғалімдер!Осымен сабағымыз өз мәресіне жетті.Белсеннділік танытып,қатысқандарыңызға көп-көп рахмет.Енді қолдарыңызға берілген смайликтерге сабақтан алған әсерлеріңізді,ұсыныс-пікірлеріңізді жазып,маған тапсыруларыңызды сұраймын»
6 663 403 материала в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Мельникова Наталья Леонидовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.