Инфоурок Физика Другие методич. материалы«Қызықты калейдоскоп» сыныптан тыс шара

«Қызықты калейдоскоп» сыныптан тыс шара

Скачать материал

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

 

 

Зубайрова Дария Нурбековна

физика пәні оқытушысы

 

 

"Қызықты калейдоскоп"

 

Ф И З И К А Л Ы Қ   О Й Ы Н Ы

 

 

Орал - 2014

«Қызықты калейдоскоп»

физикалық ойынының бағдарламасы

 

Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен                     жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге                     қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін                     қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта                     алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ойынның слайдтары, проектор, қобдиша, физикалық приборлар, калейдоскоп, оқушылардың  шығармашылық көрмесі, физикалық тәжірибе жасауға  арналған құралдар

Әдіс-тәсілдері: ауызша жауап беру, тәжірибе жасау

Формасы: ойын сабақ

БАРЫСЫ:

Ойынның шарттары:

 

1.      ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту);

2.      «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар);

3.      «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп);

4.       «КІМ ТАПҚЫР!» (берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);

5.      «ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);

6.      СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)

7.      «ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру);

8.      «ТІЛ - ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)

 

 - Құрметті ұстаздар мен студенттер! «Өмірге өзек болған нақты ғылым» атты математика, физика апталығы аясында ұйымдастырылып отырған «Қызықты калейдоскоп» атты физикалық ойынына қош келдіңіздер!

Уа жараңдар, жараңдар!

Бәрің бері қараңдар.

Бәріңе жар салайық,

Бүгінгі ойын төрінде.

Жылдам шешіп жарысып,

Сұрақ пенен есепті.

Приборларды сөйлетіп,

Жасайық тәжірибені.

Көңілді ойын жасайық,

Асықпайық, саспайық.

Физиканың еліне

Батыл қадам жасайық,

Осылайша шабытпен,

Ойынымызды бастайық!

 

Ойынға 1а,сКШМ тобынан құралған «Ойшылдар» тобы, 1а,сАЖ тобынан құралған «Тапқырлар» тобы, 1аКШИ тобынан құралған  «Алғырлар» тобы қатысып отыр.

Әділ баға беруге,

Шақырайық ортаға

Әділқазылар алқасын– дей отырып ортаға әділқазыларды шақырайық!

-

-

 

 

Қатысушы ойыншыларға сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

I.                   ТАНЫСТЫРУ                    

(Ойынға қатысушы үш топ өздерін таныстырады) ( 5-10 ұпай)

 

1-топ: «Ойшылдар» тобы

Ұраны:

Сәлемдесуі:

             

2-топ: «Тапқырлар» тобы

Ұраны:

Сәлемдесуі:

             

3-топ: «Алғырлар» тобы

Ұраны:

Сәлемдесуі:

             

 

II.                «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар)

 

3 топқа викториналық сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап – 1 ұпай

 

1.      Диффузия латын сөзі / жайылу, таралу /

2.      Электр тогы дегеніміз не? / зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы/

3.      Ең алғаш ғарышқа ұшырылған иттің есімі /Рекс/

4.      Радионың атасы /Александр Сергеевич Попов/

5.      Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым. /Әл-Фараби/

6.      Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? /алма/

7.      Заттың ең кішкентай бөлігі? /атом/

8.      Физика не туралы ғылым? /табиғат/

9.      Ток күшінің өлшем бірлігі? /Ампер/

10.  1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? /адам ғарышқа ұшты/

11.  Темірқазық жұлдызын басқаша қалай атайды? /Жетіқарақшы/

12.  Аттас зарядтар бір-біріне тартыла ма?  (тебіледі)

13.  Жұмыстың халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі? /Джоуль/

14.  Ауаның қысымын анықтайтын құрал /Барометр/

15.  Физиканың жылу құбылыстарын зерттейтін бөлімі /Термодинамика/

 

 

 

 

 

III. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп)

 

Тапсырма: Сіздің қолыңызда – 500 теңге ақша бар, оған 100 бас мал сатып алуыңыз керек. Жылқы – 50 теңге, сиыр – 10 теңге, қой – 1 теңге. Ойынға ойыншылармен бірге барлық көрермендер де қатысуға болады. Есептің шешуі ойынның соңында сұралады.

     Есепті ең бірінші тапқан ойыншыға - 500 теңге ұтыс беріледі.

 

        

 

              50 теңге                           10 теңге                                           1 теңге

 

Жауабы: 1 жылқы, 39 сиыр, 60 қой

- Олай болса, ойынымыздың келесі шартына көшейік.

 

IV. «КІМ ТАПҚЫР!»

(берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);

 

Әр топ конверт таңдау арқылы бір-бірлеп физикалық атын, олардың атқаратын қызметтерін айтады. Әр дұрыс жауапқа  - 5 ұпай

 

Берілетін приборлар:

 

                      

 

                             Амперметр                  Вольтметр                         Реостат

 

1. Амперметр /ток күшін өлшейтін құрал/

2. Вольтметр /кернеуді өлшейтін құрал/

3. Реостат /кедергіні өлшейтін құрал/

 

V. «ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);

 

3 топтың ойыншысы 3 конвертті таңдайды. Дұрыс жасалған тәжірибеге - 10 ұпай.

 

«А» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы

Тапсырма: 1. Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал.

Не байқалады?

Жұмыртқа стақан түбіне дейін түседі, яғни батады.

Себебі: Жұмыртқаның тығыздығы судың тығыздығынан артық.

2. Жұмыртқаны стақанның ішінен ал, стақанға 10 шәй қасық тұз сал, толық ерігенше араластыр. Енді жұмыртқаны стақанға ептеп сал.

Не байқалады?

Жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады, яғни батпайды.

Себебі: тұзды судың тығыздығы жұмыртқаның тығыздығынан артық, сондықтан да жұмыртқа батпайды.

 

 

 

«Ә» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: Стақан, өлшемдері стақан диаметрінен үлкен қалың қағаз

Тапсырма: Стақанды жиегіне дейін су толтыр.

1. Бетін қағазбен жап.

2. Бір қолыңмен стақан түбінен ұстап екінші қолыңның алақанымен су төгілмейтіндей етіп қағаз бетін стақанға қысып ұста.

3. Енді түбін жоғары қаратып, стақанды өте шапшаң төңкер.

4 Қолыңды ептеп қағаздан ажырат.

Не байқалады?

Су стақаннан төгілмейді. Қағаз стақанға кептеліп қалған тәрізді. Төңкерілген стақандағы су неге төгілмейді?

Себебі: Стақан түбіндегі қатты қағазға төменнен жоғары әсер ететін ауаның қысым күші стақан ішіндегі судың салмағынан көп болады. Сондықтан қатты қағаз стақанға тығыз жабысып, су төгілмейді.

 

«Б» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: тарелка, су, тиын, сіріңке, қағаз.

Тапсырма: «Тарелкадағы тиынды қолды суламай қалай алуға болады?»

  1. Қағазды жағып стакан ішіне саламыз.
  2. Стаканды тезірек тиынның жанына тарелка ішіне төңкеріп қоямыз.

Не байқалады? Сонда қағаз сөніп, стакан ақ түтінге толады да, тарелкадағы су оның ішіне жиналып,тиын бұрынғы орнында құрғақшылықта қалады.

Себебі: Жану кезіндегі стакандағы ауа қысымы артып, оның бірқатар бөлігі сыртқа шығады, ішіндегі ауа қысымы атмосфералық қысымнан азаяды. Нәтижесінде тарелкадағы су ауа қысымы аз стакан ішіне қарай бағытталады.

 

VI. СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)

 

Тапсырма: Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіре, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады?

    

   

                                       Жауабы: МЫСЫҚ

 

VII. «ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру);

 

     Жауабын тапқан топқа – 10 ұпай.

     Келтірілген сөздерді мынадай ретпен орналастыру керек: келесі сөз алдыңғы сөз аяқталған әріптен басталуы керек.

 

Сөздер: Ом-Ньютон-реостат-шама-метр-атом-тізбек-Ампер-нано-күш

Дұрыс жауабы: Ньютон-нано-Ом-масса-Ампер-реостат-тізбек-күш-шама-атом-метр

 

 

 

VIII. «ТІЛ - ӨНЕР»

(жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)

Дұрыс жауапқа қазақ тілінде – 10 ұпай, орыс тілінде – 10 ұпай, ағылшын тілінде – 10 ұпай.

Сұрақтар:

1.      Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланады күн сайын жарық үшін. (ток, ток, energy)

2    Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.

      Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, ruler)

3.   Суға салсаң батпайы,

      Отқа салсаң жанбайды. (мұз, лед, ice)

      4.   Қабат-қабат қаптама,

      Ақылың болса аттама.  (кітап, книга, book)

5.   Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа, воздух, air)

      6.  Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді. (күн, солнце, sonne)

 

     Енді «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп) кезеңінің жауабын тыңдап көрейік.

     Тапсырма: Сіздің қолыңызда – 500 теңге ақша бар, оған 100 бас мал сатып алуыңыз керек. Жылқы – 50 теңге, сиыр – 10 теңге, қой – 1 теңге. Ойынға ойыншылармен бірге барлық көрермендер де қатысуға болады. Есептің шешуі сұралады.

     Есепті ең бірінші шешкен адамға - ұтыс беріледі.

 

              

 

 

 

 

 

 

 

 

Үш топтың ойыншыларының бағалау парағы бойынша қорытындысын шығару.

 

Олар жайлы төреші,

Көрермендер өздерің.

Ақ – қарасын айырып,

Куә болды көздерің.

Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендеріңе көп рахмет!

Шын сезінген көрерменге

Айтамыз біз мың рахмет! – дей келе «МИФ» кемесін келесі аралға аттандырамыз. Сіздердің кемелеріңіздің капитаны болған мен  - Зубайрова Дария  - физика  пәнінің оқытушысы. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Р/с

Ойын шарттары

Ойшылдар

Тапқырлар

Алғырлар

1

ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту);

 

 

 

2

«КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар);

 

 

 

3

«ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп);

 

 

 

4

«КІМ ТАПҚЫР!» (берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);

 

 

 

5

«ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);

 

 

 

6

СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)

 

 

 

7

«ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру);

 

 

 

8

«ТІЛ - ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)

 

 

 

 

Жалпы ұпайы

 

 

 

 

 

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

 

Р/с

Ойын шарттары

Ойшылдар

Тапқырлар

Алғырлар

1

ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту);

 

 

 

2

«КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар);

 

 

 

3

«ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп);

 

 

 

4

«КІМ ТАПҚЫР!» (берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);

 

 

 

5

«ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);

 

 

 

6

СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)

 

 

 

7

«ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру);

 

 

 

8

«ТІЛ - ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)

 

 

 

 

Жалпы ұпайы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

 

Р/с

Ойын шарттары

Ойшылдар

Тапқырлар

Алғырлар

1

ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту);

 

 

 

2

«КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар);

 

 

 

3

«ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп);

 

 

 

4

«КІМ ТАПҚЫР!» (берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);

 

 

 

5

«ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);

 

 

 

6

СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)

 

 

 

7

«ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру);

 

 

 

8

«ТІЛ - ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)

 

 

 

 

Жалпы ұпайы

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Қызықты калейдоскоп» сыныптан тыс шара"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Корреспондент

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта  алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ойынның слайдтары, проектор, қобдиша, физикалық приборлар, калейдоскоп, оқушылардың  шығармашылық көрмесі, физикалық тәжірибе жасауға  арналған құралдар

Әдіс-тәсілдері: ауызша жауап беру, тәжірибе жасау

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 556 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.01.2015 733
    • DOCX 1.5 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Зубайрова Дария Нурбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Зубайрова Дария Нурбековна
    Зубайрова Дария Нурбековна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 59365
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по физике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 457 человек

Курс повышения квалификации

ЕГЭ по физике: методика решения задач

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 116 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 117 человек

Мини-курс

Организация и контроль занятий со студентами специальных медицинских групп

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические аспекты родительства и развития ребёнка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Разработка и проведение онлайн-обучения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов