- 03.10.2020
- 413
- 1
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Қостанай автомобиль көлігі колледжінің
жоғары санаттағы оқытушысы
Мұхамбетжанова Гүлбану Здейқызы
Тақырыбы: « Мемлекеттік тіл – менің тілім!»
Іс-шараның өткізілу барысы
Мақсаты:
- мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін ояту;
- білім алушылардың ой-белсенділігін, таным ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру;
- мемлекеттік тілді паш ете отырып, өзге ұлт өкілдерінің ана тілімізді оқып-үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
1. Ұйымдастыру (Слайд)
Бүгінгі біздің іс-шарамыздың тақырыбы «Мемлекеттік тіл – менің тілім!». Топты 2 топқа бөлеміз.
Жүргізуші: Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,
Мемлекеттік тілді үйренгенде, білген де жөн болар.
1 сайыс –«Таныстыру» әр команда өз атын, девизін айтып таныстырады.
2 сайыс – «Өлеңді мәнерлеп оқу»
3 сайыс – « Сұхбаттасу»
Екі командадан екі білім алушы шығып, сұхбаттасады. (еркін тақырыпта)
4 сайыс – «Мақал-мәтелдер әлеміне саяхат»
1. тапсырма - Екі топ кезектесіп мақал-мәтелдер айтып жарысады;
2. тапсырма - Жүргізуші мақал –мәтелдерді оқиды, сіздер аяқтайсыздар.
Тіл буынсыз, ой (түпсіз)
Білім өлсе,қағазда аты қалар, ұста өлсе, істеген (заты қалар)
Үндемеген үйдей пәледен (құтылады)
Бай - бір жұттық, батыр – бір (оқтық)
Өнерлі өрге (жүзер)
Білім –кеме, мектеп – (теңіз)
Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік (елдікке жеткізер)
Аш адам ұрысқақ, ақсақ қой (тырысқақ)
5сайыс – «Кім жылдам?» - екі команданың капитан командалары шығып, тоқтамастан 3 рет жаңылтпашты айтып шығулары қажет. Бұл ойын шарты: жылдам, тоқтамай, қателеспей, дұрыс айтып шығу керек.
6 - сайыс – «Кім мықты?» - екі команда 3 минут ішінде сөзден сөз шығару қажет.
«Қазақстандықтар» сөзінен
7 сайыс –«Сөздік ойыны»
Ал, енді көрермендермен ойын өткізіп жіберейік.
Ребенок – бала
Город –қала
Пестрый –ала
Степь – дала
Отрасль -сала
Мама –ана
Мудрый – дана
Новый –жаңа
Зеркала -айна
Пища – ас
Голова –бас
Бровь – қас
Возраст –жас
Камень –тас
Возьми –ал
Мед –бал
Положи –сал
Скот – мал
Белый –ақ
Сад- бақ
Урок –сабақ
Нечетный – тақ
Конь –ат
Категория –санат
Крылья – канат
Сталь –болат
Щедрый –жомарт
Әділқазылар алқасы шешім қабылдағанша ән кезегіне береміз.
(Ән айту)
Сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Жүргізуші;
Ана тілім- қазақ тілім, мемлекеттік тілім,
Қасиетті тіліміздің мәнін біл.
Мемлекеттік тілді құрметтеңдер адамдар,
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл!
6 665 064 материала в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Мухамбетжанова Гульбану Здеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч.
Курс повышения квалификации
36/72/108 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч.
Мини-курс
3 ч.
Мини-курс
6 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.