Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыВнеклассное мероприятия "Әліппемен қоштасу!"

Внеклассное мероприятия "Әліппемен қоштасу!"

Скачать материал

Әліппе-білім данасы

 

Мақсаты:

1.Білімнің бастауы болған әліппеге деген сүйіспеншілік сезімін

 тудыру, мәнерлеп оқуға үйрету, өнерге, әдептілікке баулу.

2. Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,

 шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.

3. Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Әліппе — білім данасы» жазуы, шарлар, гүлдер, балалардың

 қолдан жасалған бұйымдары.               

Барысы:

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Мектебімізге

 қош келдіңіздер! Бүгін үлкен қуаныш-күзде ғана мектеп табалдырығын

аттаған балаларыңыз, міне, бар білімнің бастауы-әліппемен де қоштаспақшы.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар,

Кез келді сіздерден ақ бата алар.

Көрсетпекші өнерін ұл-қыздарың,

Бар қауым тамсана таңдай қағар.

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық,

Балаларды қарсы алайық,

Бәріміз қол соғайық.

(Музыка ойналады, балалар залға кіреді, оларды  таныстырады).

 

Білімімен үлгі болам сыныпқа,

Бойымда алаулаған жалын бар.

Нұрәлімін өнегелі, өнерлі,

Арасында достарымның беделді.

 

Алға ұмтылар дарынмын,

Биікке ұшар қыранмын.

Шахматтан қалмас,

Менің атым Алмаз.

 

Сәулелі де сымбатты,

Сөйлегені тым тәтті.

Елнара деген қыздарың,

Сіздерге арнап тіл қатты.

 

 

 

Ай мен күні анамның,

Ақылдысы әкемнің,

Злиха қызбын кең маңдай,

Әдемімін мен қандай!

 

Жақсылықты жақтайтын,

Бәрін біліп жаттайтын.

Көп оқитын, көп тоқитын,

Мен Нұрсұлу боламын.

 

Сыйлап сәлем беремін,

Үлкендерді көргенде.

Досқа адал шынайы,

Ахметпін сыпайы.

 

Би билеймін айнала,

Ән айтам шырқата.

Талабым зор менің,

Талантты Қаракөзбін.

 

Жұмсағанда барамын,

Айтқан тілді аламын.

Жып-жинақы жүремін,

Мен елгезек Айбекпін.

 

Күні бойы тынбаймын,

Әжемді сыйлаймын.

Спортты сүйетін,

Сүйкімді Мұхамедпін.

 

Әдепті сақтаймын

Әділетті жақтаймын.

Есепті шағатын,

Ерке бала Ерболмын.

 

Мұғалім:

Өсті міне бойларың,

Өсті міне ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың!

Кеше ғана қадам басқан мектебің

Білім берді, санаң өсіп көктедің,-деп «Мектебім» әнін орындайды.

1-оқушы:

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға,

Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

Әліпемен қоштасу тойымызға!

2-оқушы:

Қыркүйекте келдім де,

Сыныпқа кірдім қуанып.

Қарсы алды ұстаз мейірмен,

Қадамымды құп алып.

3-оқушы:

А-ны айтқанда дауысым дірілдейді,

Ұстазым көз алдымда күлімдейді.

Күн сайын әріптердің атын біліп,

Сөз оқимын айырып буынды енді.

4-оқушы:

Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді,

Бұл құпияның сырын ашып,

Ұстазым маған кілтін алып берді.

«Жарқын жүзді ұстазым» әні орындалады.

5-оқушы:

 Бар кітапқа бас болған,

Әліппе- ғылым анасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

6-оқушы:

Әліппем менің, Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің

,Ертеңгі сәуле жарықпен.

7-оқушы:

Әліппе-білім анасы,

Әліппе-кітап данасы.

Әліппе бетін ашпаған,

Адамның бар ма баласы?

8-оқушы:

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертекте,

Үйреткен оны - Әліппе.

 

 

 

9-оқушы:

Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза боп саған жүреміз,

Сүйікті біздің Әліппе!

10-оқушы:

Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат ашып тойладық.

«Әліппе» әні орындалады.

Мұғалім:

Ұрпағы, ұландардың текті жердің,

Білімге бейім болсын деп тіледім.

Келешек ғалымдар да, даналар да,

Шығады өздеріңнен деп білемін.

 

А әрпі: Ата - ананың тілегі,

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тірегі,

Адал болып өскенің.

 

Ә әрпі: Ә деп ұзақ айтамын,

Ә деп үйге қайтамын.

 Әкем, әжем, тәтеме,

Әдемі ән айтамын.

 

Б әрпі: Балқаш деген көл екен,

Қазынасы көп екен.

Байқоңырдан ғарышқа,

Көз тігемін алысқа.

 

Д әрпі: Добым кетті домалап,

Дәу алаңдап жағалап.

Достарымды шақырып,

Ұстамақпын қамалап.

 

Қ әрпі: Қайрат, қозылы,

Қойды қораға қама.

Құлынды қасқырға,

Қалдырмай қадағалап қара!

 

 

Н әрпі: Наның – мәнің,

 Нарың-сәнің.

Найзаң – қауың,

Намысың- аруың.

 

О әрпі: Отан – менің ата – анам,

Отан-досым, бауырым.

 Отан-өлкем астанам.

 Отан-туған ауылым.

 

Т әрпі: Торғай, торғай, торғайсың,

Табиғатты қорайсың.

Тентек төбет торыса,

 Төбешікке қонбайсың.

 

Ш әрпі: Шындықты сақтаймыз,

Шыншылды жақтаймыз.

Шаршы топ алдына,

Шығарып мақтаймыз.

 

Ф әрпі: Фарида мен Фатима,

Фотоаппарат алыпты.

Фархат пенен Фатима,

Фирмаларға барыпты.

«Бақа-бақа» өлеңін  Нұрәлі мен Ахмет орындайды.

 

Мұғалім:

 

Мерекеміз бүгінгі құтты болсын!

Әрқашан мерекелік көңіл толсын!

Кеудеміз күмбілеген жырға толып,

Қане, достар! Ән-жырмен орта толсын!

 

«Бала тілегі» әні орындалады.

 

Өнерпаздар жарысып сан салалы,

Өнер десе, ән десе жан салады.

Бүгінгімерекенің құрметіне,

 Әуелеген әсем ән жолданды.

«Кірпі мен алма»  Злиха мен Елнара орындайды.

 

«Қошақаным» әні Нұрәлі орындайды.

 

Мерекеміз өтіп жатыр салтанатты,

Төгілген күн нұрының шапағаты.

Мың бұралып бишілер би билейді,

Халайық, қол соғыңдар мархабатты.

 

«Қара жорға» биін тамашалаңыздар.

 

Бақытты ғой шынында,

Анасымен балалар.

Құтты болсын мереке,

Аман болсын аналар, -деп

«Ана туралы ән» орындалады.

 

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй - деп

Абай атамыз айтқандай келесі

тамашалайтындарыңыз.  Қазақ биі.

Қол соғып, қарсы алайық!

 

Ән өмірдің айнасы,

Тиеді көп пайдасы.

 

«Қуыршақ әні» орындалады.

 Құрметті қонақтар! Енді сіздер сыныбымыздың

өнерпаздарының билерін тамашалаңыздар.

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі жазып, оқитын халге жетті,

Құтты болсын қадамы балалардың!

 

Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы әрқашан зор болсын.

Білімдерін әрі қарай дамытатын,

Ерінбейтін, еңбекқор азамат болсын!

Хор: «Жас дәуірдің түлегіміз» әні

- Құрметті ұстаздар! Ата - аналар! Бүгінгі біздің «Әліппе-білім данасы»

атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.

-Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет! Көріскенше күн жақсы болсын дейміз.

 

 Қош сау болыңыздар!

 

 

Донской орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-білім данасы

 

 

 

 

 

Жүргізген:  Аубакир Кумисай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014-2015 ж

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеклассное мероприятия "Әліппемен қоштасу!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор музея

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Әліппе-білім данасы Мақсаты: 1.Білімнің бастауы болған әліппеге деген сүйіспеншілік сезімін тудыру, мәнерлеп оқуға үйрету, өнерге, әдептілікке баулу. 2. Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу. 3. Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: «Әліппе — білім данасы» жазуы, шарлар, гүлдер, балалардың қолдан жасалған бұйымдары. Барысы: Мұғалім: Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Мектебімізге қош келдіңіздер! Бүгін үлкен қуаныш-күзде ғана мектеп табалдырығын аттаған балаларыңыз, міне, бар білімнің бастауы-әліппемен де қоштаспақшы. Құрметті ұстаздар, ата-аналар, Кез келді сіздерден ақ бата алар. Көрсетпекші өнерін ұл-қыздарың, Бар қауым тамсана таңдай қағар. Уа, халайық, халайық, Мұнда назар салайық, Балаларды қарсы алайық, Бәріміз қол соғайық. (Музыка ойналады, балалар залға кіреді, оларды таныстырады). Білімімен үлгі болам сыныпқа, Бойымда алаулаған жалын бар. Нұрәлімін өнегелі, өнерлі, Арасында достарымның беделді. Алға ұмтылар дарынмын, Биікке ұшар қыранмын. Шахматтан қалмас, Менің атым Алмаз. Сәулелі де сымбатты, Сөйлегені тым тәтті. Елнара деген қыздарың, Сіздерге арнап тіл қатты. Ай мен күні анамның, Ақылдысы әкемнің, Злиха қызбын кең маңдай, Әдемімін мен қандай! Жақсылықты жақтайтын, Бәрін біліп жаттайтын. Көп оқитын, көп тоқитын, Мен Нұрсұлу боламын. Сыйлап сәлем беремін, Үлкендерді көргенде. Досқа адал шынайы, Ахметпін сыпайы. Би билеймін айнала, Ән айтам шырқата. Талабым зор менің, Талантты Қаракөзбін. Жұмсағанда барамын, Айтқан тілді аламын. Жып-жинақы жүремін, Мен елгезек Айбекпін. Күні бойы тынбаймын, Әжемді сыйлаймын. Спортты сүйетін, Сүйкімді Мұхамедпін. Әдепті сақтаймын Әділетті жақтаймын. Есепті шағатын, Ерке бала Ерболмын. Мұғалім: Өсті міне бойларың, Өсті міне ойларың. Қуанышқа ортақпын, Құтты болсын тойларың! Кеше ғана қадам басқан мектебің Білім берді, санаң өсіп көктедің,-деп «Мектебім» әнін орындайды. 1-оқушы: Көз салып қараңызшы бойымызға, Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға, Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар, Әліпемен қоштасу тойымызға! 2-оқушы: Қыркүйекте келдім де, Сыныпқа кірдім қуанып. Қарсы алды ұстаз мейірмен, Қадамымды құп алып. 3-оқушы: А-ны айтқанда дауысым дірілдейді, Ұстазым көз алдымда күлімдейді. Күн сайын әріптердің атын біліп, Сөз оқимын айырып буынды енді. 4-оқушы: Ең алғаш қолға алғанда Әліппені, Қызығып қарай бердім әріптерді, Бұл құпияның сырын ашып, Ұстазым маған кілтін алып берді. «Жарқын жүзді ұстазым» әні орындалады. 5-оқушы: Бар кітапқа бас болған, Әліппе- ғылым анасы. Әліппеден басталған, Даналықтың данасы. 6-оқушы: Әліппем менің, Әліппем, Сені қолға алып мен. Есігін аштым мектептің ,Ертеңгі сәуле жарықпен. 7-оқушы: Әліппе-білім анасы, Әліппе-кітап данасы. Әліппе бетін ашпаған, Адамның бар ма баласы? 8-оқушы: Келгенде алғаш мектепке, Білмеуші едік әріп те. Оқимыз қазір ертекте, Үйреткен оны - Әліппе. 9-оқушы: Енді біз жаза білеміз, Әріпті қосып әріпке. Риза боп саған жүреміз, Сүйікті біздің Әліппе! 10-оқушы: Оқуды көп ойладық, Қызығына тоймадық. Әріптерді үйреніп, Сауат ашып тойладық. «Әліппе» әні орындалады. Мұғалім: Ұрпағы, ұландардың текті жердің, Білімге бейім болсын деп тіледім. Келешек ғалымдар да, даналар да, Шығады өздеріңнен деп білемін. А әрпі: Ата - ананың тілегі, Адам болып өскенің. Адамдықтың тірегі, Адал болып өскенің. Ә әрпі: Ә деп ұзақ айтамын, Ә деп үйге қайтамын. Әкем, әжем, тәтеме, Әдемі ән айтамын. Б әрпі: Балқаш деген көл екен, Қазынасы көп екен. Байқоңырдан ғарышқа, Көз тігемін алысқа. Д әрпі: Добым кетті домалап, Дәу алаңдап жағалап. Достарымды шақырып, Ұстамақпын қамалап. Қ әрпі: Қайрат, қозылы, Қойды қораға қама. Құлынды қасқырға, Қалдырмай қадағалап қара! Н әрпі: Наның – мәнің, Нарың-сәнің. Найзаң – қауың, Намысың- аруың. О әрпі: Отан – менің ата – анам, Отан-досым, бауырым. Отан-өлкем астанам. Отан-туған ауылым. Т әрпі: Торғай, торғай, торғайсың, Табиғатты қорайсың. Тентек төбет торыса, Төбешікке қонбайсың. Ш әрпі: Шындықты сақтаймыз, Шыншылды жақтаймыз. Шаршы топ алдына, Шығарып мақтаймыз. Ф әрпі: Фарида мен Фатима, Фотоаппарат алыпты. Фархат пенен Фатима, Фирмаларға барыпты. «Бақа-бақа» өлеңін Нұрәлі мен Ахмет орындайды. Мұғалім: Мерекеміз бүгінгі құтты болсын! Әрқашан мерекелік көңіл толсын! Кеудеміз күмбілеген жырға толып, Қане, достар! Ән-жырмен орта толсын! «Бала тілегі» әні орындалады. Өнерпаздар жарысып сан салалы, Өнер десе, ән десе жан салады. Бүгінгімерекенің құрметіне, Әуелеген әсем ән жолданды. «Кірпі мен алма» Злиха мен Елнара орындайды. «Қошақаным» әні Нұрәлі орындайды. Мерекеміз өтіп жатыр салтанатты, Төгілген күн нұрының шапағаты. Мың бұралып бишілер би билейді, Халайық, қол соғыңдар мархабатты. «Қара жорға» биін тамашалаңыздар. Бақытты ғой шынында, Анасымен балалар. Құтты болсын мереке, Аман болсын аналар, -деп «Ана туралы ән» орындалады. Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй - деп Абай атамыз айтқандай келесі тамашалайтындарыңыз. Қазақ биі. Қол соғып, қарсы алайық! Ән өмірдің айнасы, Тиеді көп пайдасы. «Қуыршақ әні» орындалады. Құрметті қонақтар! Енді сіздер сыныбымыздың өнерпаздарының билерін тамашалаңыздар. Әліппені бітірді балаларым, Әліппеден нәр алған даналарым. Өзі жазып, оқитын халге жетті, Құтты болсын қадамы балалардың! Балалардың білімі құтты болсын, Денсаулығы әрқашан зор болсын. Білімдерін әрі қарай дамытатын, Ерінбейтін, еңбекқор азамат болсын! Хор: «Жас дәуірдің түлегіміз» әні - Құрметті ұстаздар! Ата - аналар! Бүгінгі біздің «Әліппе-білім данасы» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. -Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет! Көріскенше күн жақсы болсын дейміз. Қош сау болыңыздар!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 637 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.12.2020 127
    • DOCX 49 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мурзалиева Камила Еркеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мурзалиева Камила Еркеновна
    Мурзалиева Камила Еркеновна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 70977
    • Всего материалов: 217

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1102 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 19 288 человек

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Мини-курс

Воспитание будущего поколения: от педагогики до игровых технологий

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Основы финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе