«Берел
орта мектебі» м.м.
Мырзабекова
С.А.
1ж:
Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!
Наурыз мерекесі құтты болсын!
2ж:
Уа халайық, халайық! Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың, Наурыз тойын бастайық.
Құтты болсын мереке, Болсын думан береке!
1ж:
Келе жатыр жылымыз, Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып, Жадырасып бәріміз.
Күннің жаңа нұры бар, Мұның ғажап сыры бар
Халық сүйген мейрамды, Қарсы алайық
Наурызды!
2ж:
Наурыз келсе құт келгені, халайық,
Есік ашып, шашу шашып,
Ел болып қарсы алайық,
Қош келдің Наурыз!
(Әжелер шығып аластайды, орындарына
отырады)
1ж:Ұлыс
күндеріңіз құтты болсын! Ата-бабаларымыздың сөзін айтсақ, «ақ түйенің қарны
жарылған күн» бұл күні бабаларымыз бен әжелеріміз үй-үйді аралап, ауыл-ауылды
аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен-кішілерге ақ баталарын беріп, ізгі
тілек тілейді. «Ұлыс күні қазан толса, он жыл ақ мол болар» деп нақыл айтып,
ауыл арасын бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақырады.
2ж:
Халқымыздың мифологиялық аңыздары бойынша Наурыздың 22 түнінде сағат3 те даланы
Қызыр ата аралайды. Жаңа күн табалдырықты аттап үйге енгенде «Жалғыз шала сәуле
болмас» деп, қос шырақ жағылып қойылады. Ыдыс атауларын «ырысқа » деп жеті
түрлі тағамға толтырып қояды. Жыл бойы дән тасқын-тасқын, ақ мол, жауын-шашын
көп болсын деп тілейді.
1ж:
Ендеше, қазір бізге де Қызыр атамыз келе жатыр екен барлығымыз дауыстап
шақырайық!!!
(Қыдыр ата келіп орнына жайғасады)
2ж:
Сені тойлап, қарсы алып, Бар әлемге жар салып
Бейбітшілік тойы деп, қол соғады барша
жұрт.
1ж:
Ана жақта аттың дабыры естіледі, кім екен келе жатқан?
2ж:
Бүгінгі тойға алыстан ат терлетіп аса қадірлі қонақтарымыз да келіп қалыпты.
Қане, бәріміз оларды қошаметпен қарсы алайық!
1ж:
Наурыз келсе, құт келгені, халайық! Аңыз бен ертегіден бізге жеткен, Құрметті
қонақтарды қарсы алайық!
(Ортаға Тазша бала шығып өз өнерін
көрсетеді.)
2ж:
Астапыралла, анда тағы біреулер сөйлеп, әндетіп келеді?
1ж:
Уа, бәрекелді, алыстан ат артып, атты шаршатып, етікті тоздыртып мына мейрамға
келе жатқан қу Алдар екен. Ендеше Алдардың сыйын тамашалайық! (Ортаға
6-сыныптан Алдар шығады)
2ж:
Ұлыстың ұлы тойына кілең бір сайдың тасындай өнерпаз жастар жиналған екен.
Жастар жүрген жер осындай деп айтар еді аталарымыз. Ал біз болсақ, осы «Наурыз»
мерекесімен қайта оралған жастар арасындағы салт-дәстүрлерді білгіміз келеді.
Ендеше, халқымыздың жастар арасында болатын бір рәсімдері бар екен соны
көрейік.
1ж:
Жанарғаны сананың, ұмытады мұны кім.
Ата салтын бабамның, алып келді ұлыс күн.
Салт-дәстүрім жарасса, қайта құрып жаңаша,
Жарыса өнер көрсетіп, той тойлайық тамаша!
(Ортаға 7,8 оқушылары салт –дәстүр
көрсетеді)
2ж:
Туған соң адам боп, білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең, жұрт айтады надан
деп,
Кең даланың ежелгі, қазақ дейтін халқымыз,
Өзге ұлттай біздің де, бар дәстүр мен
салтымыз – дегендей міне салт –
дәстүрімізді жаңғыртайық, ағайын!!
1-жүргізуші:
Болады екен жыл сондай, қандай болса
Наурыз!
Жан қалмасын жай тұрған, мәз болсын
жас-кәріміз
Күй шертілсін ән айтып, би билейік
бәріміз!
(9-сынып оқушыларының биі)
2ж:
Әдемі би билеп, ән жырлап,
Халықты қуантты ұл-қызы
Құт болып азат күн – Наурыз,
Шырқалсын қазақтың ән-жыры.
(--------------------------------------
әні орындалады.)
1ж:
Күй толқыны тағы да бір тербесін,
Әсем залды қоңыр күйің тербесін
Балалардың өнеріне тәнті боп,
Риза болып, қол соғылсын келгенсін!
( Қыздардың орындауында күй
-----------------------------------)
2ж:
Күн ғой бүгін жарылған, ақ тұйенің қарыны.
Ақ дастархан жайылған, лаулап ошақ жалыны.
Қуант таныс құрбыны, бақыт тілеп, қол ал
да,
Не тілесең бұл күні, орындалар сол алда.
1Ж:
Құт –береке Наурыз айым келді деп,
Жер түледі, жасыл желек желбіреп.
Айналайын атамекен, кең далам,
Толықсиды нұрға балқып, елжіреп,
2ж:
Аспанымда ақша бұлттар аунайды,
Наурыз тойы көңілімді баурайды.
Тебіренген табиғат та мәз-мейрам,
Аңқылдаған қазағымнан аумайды.
1ж:
Жатыр шалқып көңілім, шалқып әнім,
Наурыз сыйлар қуаныш, бақыт нәрін,
Ұлыстан соң күтіп тұр Ұлы күнің,
Наурыз көжеге бәрің кел, Бәрің кел!
(Қыдыр ата бата береді).
2ж:
Құрметті, ата-аналар, көрермендер, оқушылар, мерекелеріңізбен!
1ж:
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
2ж:
Наурызға ақ жол!
1ж:
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм-тұз!
Барлықтарыңызды дастарханға шақырамыз!!!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.