Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыВнеклассная работа на тему"Тапқыр достар"

Внеклассная работа на тему"Тапқыр достар"

Скачать материал

Тапқыр достар(өзге ұлт өкілдері арасындағы сайыс)

Мақсаты: өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру,мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру,қазақ тілінде ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін ояту.

Сабақ түрі: сайыс сабақ

Көрнекілігі: Тіл туралы қанатты сөздер,мақал-мәтелдер, плакаттар, шарлар.

Пән аралық байланыс: әдебиет,тарих.

 

Қуан халқым, күшіне енді Тіл заңы,

«Сүйінші» деп ақын тілмен жырлады.

Ел елдігі бағаланар тілімен,

Сол арқылы құлпырады гүл бағы.

«Тілім» дейсің жан жүрегіңмен тілініп,

«Тілім» дейсің білмегенге күйініп.

Өз тіліңді, өз ұлтыңды білмесең,

Өзге ұлттар кетеді ғой бұрылып.

 

Құрметті ұстаздар, оқушылар!Қазақстан Республикасы- тәуелсіз мемлекет. Біздің еліміздің өз Атазаңымыз, мелекеттік рәміздеріміз, мемлекеттік тіліміз бар. Онымен біз әрқашан мақтан ете аламыз!  «22-қыркүйек-Қазақстан халықтары тілдері күні» мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған  «Тапқыр достар» атты сайысымызға қош келіпсіздер! Сайысымызға өзге ұлт өкілдерінен құрылған топтар қатысып, өздерінің мемлекеттік тілді қаншалықты білетінін, мемлекеттік тілге деген құрметін  көрсетеді.

Қазақ тілі –дүние жүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі.

Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас,-деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен осы қасиетті тілімізді дәріптеу мақсатында сайысқа түскелі отырған өзге ұлт өкілдерінен құралған топ мүшелерін ортаға шақырайық. Бірінші топ «Болашақ» тобын қарсы алайық. Ал енді ортаға екінші тобымыз «Жас қыран» тобын қошеметпен ортаға шақырайық.

Асыл тастан, өнер жастан

Шығады деп дарынды

«Халық айтса қалып айтпайды,»

Әрқашан да нанымды,-дей келе сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.Әділқазы алқалары таныстырылады.

1.____________________________________________________

2.____________________________________________________

3.____________________________________________________

Әділқазылар алқасымен таныс болдық. Енді бүгінгі сайсымыздың шарттарымен таныстырып өтейік. Сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.

1.     Таныстыру

2.     Сөз тапқанға

3.     Сен білесің бе?

4.     Кім жылдам?

5.     Көрерменнің көмегі

6.     Өнерпаз болсаң

Сайыстың шарттарымен таныс болдыңыздар. Енді сайысымызды бастайық.

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан –деп Абай атамыз жырлап өткендей, сайыскелерімізбен танысайық.

 1.Бөлім. «Таныстыру» деп аталады. Әр топтың өзін таныстыруын тыңдайық. Сөз кезегі «Болашақ» тобында.

Қанекей, Болашақ тобына қошемет көрсетейік! Болашақ тобы өз таныстыруын айтады.

Келесі сөз «Жас қыран» тобына беріледі.Жас қыран тобы өз өнерлерін көрсетеді.

Өте тамаша. Ду қол шапалақтайық.

Әділ қазылар алқасы «таныстыру» бөлімінің бағасын берсеңіздер?Әділқазылар алқасы бағаларын береді.

 

2.«Тілім» дейсің жан жүрегіңмен тілініп,

«Тілім» дейсің білмегенге күйініп.

Өз тіліңді, өз ұлтыңды білмесең,

Өзге ұлттар кетеді ғой бұрылып.

Екінші бөліміміз «Сөз тапқанға» деп аталады. Бұл сайыстың мақсаты берілген сұраққа жауапты тек өзі алған әріптен бастап жауап беру. Олай болса, сайыскерлерімізді әріп алуға шақырайық. Қане, бірінші кезекте Болашақ, содан кейін ««Жас қыран»» тобы мүшелері. Алынған әріптеріңізді айтып шықсаңыздар.Сайыскерлер алған әріптерін айтып шығады.

Таныс болдық. Ендеше, сайысымызды бастайық.

Әр топқа 20сұрақтан қойылады.

Әділқазылар алқасы бағасын беріп өтсеңіздер.Әділқазылар алқасы бағаларын береді.

3. бөлім.

Отан-тарих, Отан-тіл,

Жасаған елің, ер халқың.

Отан-өлкең, Отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын... демекші келесі бөлімімізде қазақ тілі, Қазақстан туралы түрлі сұрақтар беріледі.

Бұл  сайысымыз «Сен білесің бе?» деп аталады. Тақтада 6 ұяшық берілген. Әр сайыскер 1 ұяшықтан ашып, егер сұраққа дұрыс жауап берсе, сол ұпайға ие болады. 

Қанекей екі топтан 1-1 оқушыдан шақырайық. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі.

Әділқазылар алқасы бағасын беріп өтсеңіздер.

Әділқазылар алқасы бағаларын береді.

 

4.Сүйемін туған тілді анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім. (С.Торайғыров)

Төртінші бөлім  «Кім жылдам» деп аталады. Сайыстың мақсаты берілген бір сөзден мейлінше көп сөз құрастыру. Ортаға екі топ мүшелерін де шақырамыз. Сіздерге 3 минут уақыт беріледі.

Әділқазылар алқасы бағасын беріп өтсеңіздер!

5.Бөлім. «Көрерменнің көмегі» деп аталады. Ортаға әр топ жанкүйерлерінен 5-5 оқушыдан шақырайық. Сайыстың шарты топ мүшелері кеспе қағаздардағы берілген сөзді атамай, тұспалдап  өз жанкүйерлеріне түсіндіре алса ұпай беріледі.  Қанекей «Болашақ» тобын шақырайық. Ендігі кезек «Жас қыран» тобында.

Әділқазылар алқасы бағасын беріп өтсеңіздер.

Көңілге түрлі ой салар

Әсем ән мен тәтті күй,

Әнді сүйсең, менше сүй-деп__________________ ортаға                                                      әсем әнімен ортаға шақырайық.

6. Сайысымыздың келесі бөлімі «Өнерпаз болсаң» деп аталады. Сайыстың мақсаты әр топ өз өнерлерін ортаға салады.(Ән айту, би билеу, көрініс құру т.б.)  Ортаға «Болашақ» тобының өнерпаздарын шақырсақ. Ал енді «Жас қыран» тобының өнерін тамашалайық.

Ал енді ортаға мың бұралған биші қыздарымызды ортаға шақырып, билерін тамашаласақ.

Әділқазы алқалары екі топтың ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен сыйлық беріледі. Сайысқа қатысушыларға, келген қонақтарға рақмет айтылады.

Құрметті ХХІ ғасыр ұландары! Ұлтымыздың болашағы- сендерсіңдер. Осынау жанкештігімен, еңбегімен бізге жеткен тіліміздің қадір-қасиетін түсініп, тілге құрмет көрсетіп, елімізді, жерімізді көркейте берейік!

Сау болыңыздар!

 Тапқыр достар. (Өзге ұлт өкілдері арасындағы сайыс).

 

Сайыс бөлімдері:

 

1. Таныстыру.

2. Сөз тапқанға (әріптерден сөз құрастыру).

3. Сен білесің бе? (сұрақтар)

4. Кім жылдам? (Бір сөзден көп сөз құрастыру)

5. Көрерменнің көмегі.

6. Өнерпаз болсаң.(Өз өнерлерін көрсету).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әділқазылар алқасының бағалау парағы

 

«Болашақ» тобы

 

р/с

Бөлім аттары

Ұпай (5,4,3)

Қорытынды

1

Таныстыру

 

 

 

 

 

2

Сөз тапқанға

 

 

 

 

 

3

Сен білесің бе?

 

 

 

 

 

4

Кім жылдам?

 

 

 

 

 

5

Көрерменнің көмегі

 

 

 

 

 

6

Өнерпаз болсаң

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әділқазылар алқасының бағалау парағы

 

«Жас қыран» тобы

 

р/с

Бөлім аттары

Ұпай (5,4,3)

Қорытынды

1

Таныстыру

 

 

 

 

 

2

Сөз тапқанға

 

 

 

 

 

3

Сен білесің бе?

 

 

 

 

 

4

Кім жылдам?

 

 

 

 

 

5

Көрерменнің көмегі

 

 

 

 

 

6

Өнерпаз болсаң

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеклассная работа на тему"Тапқыр достар""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Менеджер по управлению сервисами ИТ

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақстан халықтары тілдері мерекесіне орай ұйымдастырылған өзге ұлт өкілдері арасындағымемелекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында "Тапқыр достар" атты сайыстың жоспары берілген.Сайысқа 2 топ қатысады. Әр топ 3 адамнан тұрады. Топтың өз аты, ұраны болуы тиіс. Жалпы бұл сайыс Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді қаншалықты білетінін, сөздік қорын, ой өрісін тексеру мақсатында өткізіледі. Сайыс 6 бөлімнен тұрады. 1. Таныстыру 2. Сөз тапқанға 3. Сен білесің бе?4Кім жылдам 5Көрерменнің көмегі 6. Өнерпаз болсаң. Әділқазылар алқасы әр сайыстан соң топқа баға беріп отыады. Қазақ тілі туралы өлеңдер оқылып, ән, би орындалады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 844 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.09.2020 245
    • DOCX 65.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Макеева Алёна Юрьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Макеева Алёна Юрьевна
    Макеева Алёна Юрьевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 67504
    • Всего материалов: 207

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 778 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 991 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 144 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Мини-курс

Психология развития личности: от мотивации к самопониманию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 84 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Формирование здоровых детско-родительских отношений: влияние и преодоление сепарации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 159 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Мини-курс

Архитектура мира: от Крита до Австралии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек