Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыВнекласный урок на тему "Қош бол,Әліппе!" (1-класс)

Внекласный урок на тему "Қош бол,Әліппе!" (1-класс)

Скачать материал

Әліппемен  қоштасу  ертеңгілігі.

Мақсаты: Оқу  тілін  дамытып, сөздік  қорын  молайту. Оқушылардың  әліппеден  алған  білімдерін  тиянақтау.

Әр  оқушының  іс –әрекеттері  арқылы  икемділігін, қабілетін  көрсету. Шығармашылық  мүмкіндіктерін  ашу.

Оқушыларды  Елін, Отанын  сүюге, оны  қорғай   білуге  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақ  әліпбиі, нақыл  сөздер, «Әліппе», «Ана  тілі», интерактивті  тақта, шарлар.

Құрметті  жиналған  қауым,  ата –аналар, ұстаздар!

Бүгінгі   әліппе  оқулығымен  қоштасқалы  отырған  ертеңгілігімізді, сіздердің  балаларыңыздың   осы  күнге   дейін  сауат  ашып,  оқып  жазуға   үйреткен  әліппе  оқулығынан  алған  білім  мен  ілімдерін   ортаға  салатын  кез  келді.

«Әліппе»  бітіру   алдағы   өмірге  бастайтын   көп  белестердің  бірі.  Ендеше  біз  сол  белестің   бірінен  астық, сондықтан    бірінші  той  сіздер  мен  біздер  үшін  ортақ  та  салтанатты  мереке.  Мерекемізді   бастауға  рұқсат  етіңіздер!

1-жүргізуші:

Тыңдаңыздар!  Тыңдаңыздар!

Естімеген  естіңіздер,

Тыңдамаған  тыңдаңыздар

Қазір  бізде  «Әліппе»  тойы   басталады.

 

2-жүргізуші:

Нұрлы  үмітін  арқалаған  арқаға,

Жан  сәулесін  тарататын  баршаға.

Шын  пейілмен  құрметімізді  көрсетіп,

Бүлдіршіндерді  шақырайық  ортаға!

 

Вальс  биі

Оқушылар:

Армысыздар, құрметті  ұстаздар!

Ардақты  ата-аналар!

 

1-жүргізуші:

1 «Ә»  сыныбы  оқушыларының  «Әліппеге  рахмет!»  атты  ертеңгілігін  бастауға  рұқсат  етіңіздер!

 

2-жүргізуші:

Міне , бүгін  біз  барлық  ғылымның  атасы, біздің  болашағымыздың  негізі – Әліппені  бітіріп  отырмыз.

 

Мұғалім: 

Іші  толы  әріпке,

Білімдегі  жарық  не?

 

Оқушылар:  Ол, сүйікті  Әліппе!

 

Мұғалім:  Олай  болса, бәрімізге  қымбат  «Әліппені  ортаға  шақырайық !»

 

Әліппе:

Армысыздар, жас  достар!

Армысыздар, ата –ана!

Болашаққа  жол  бастар,

Әліппең  келді  ортаға

Білім  деген  ғажаптың

Әліппесін  меңгерген

Келешегі  қазақтың

Басталады  сендерден

Таудай  болса  талабың

Айтары  көп    әріптің

Қуанышы  баланың

Қуанышы  ананың

Жақсы  білім –көрімдік

Болсын  сізге  халайық!

Не  үйреніп, не  білдік

Қане,  ортаға  салайық

 

Би:   «Әдемі-ай»

1-      Оқушы:

Әліппем  менің  әліппем

Сені  қолға  алып мен

Есігін  аштым  мектептің

Ертеңгі  сәуле  жарықпен

 

2-оқушы:

Ашыла  берді  алдымнан

Кең  дүние  есігі

Соғылған  сандар  алтыннан

«Әліппе»  білім  бесігі

 

 

3-оқушы:

Әліппе  деген  алтын  жол

Апарар  сені  алысқа

Жеңіл  емес  ауыр  жол

Тырмысып  бақ  намысқа.

 

4-оқушы:

Оқуды  көп  ойладық

Қызғына  тоймадық

Әріптерді  үйреніп,

Сауат  аштық,  тойладық.

 

Хор:  Әліппе.

 

1-жүргізуші:

Әліппе,  сіз  біздің  қадірлі  қонағымызсыз.  Осы  уақытқа  дейін  алған  білімімізді   көрсетіп,  ән –күймен, өнермен  өрнектеп,  өнерімізді  ортаға  салайық.

 

2-жүргізуші:  Олай   болса,   төрге  шығып,  жайғасыңыз!

 

Әліппенің  тапсырмалары:

   Балалар,  біз  білім   алу  үшін  ең  алғаш    қайда   келеміз?

 

Оқушылар:  Мектепке

 

Әліппе:   Мектеп   туралы   қандай  мақал –мәтел, өлең  білесіңдер?

5-оқушы:

-          Мектеп  кеме, білім  теңіз

-          Мектеп  білім  ордасы.

 

6 – оқушы:

Анадай,  асыл  мектебім

Құшағы  нұрлы  көктемім.

Өмірдің  аттап  өткелін

Қойныңда  өсіп, көктедім.

 

«Әріптер  әлемі»   ойыны. 

 

Жердегі  буындасрдан  сөз, сөйлем  құрайды.

Әліппе:  Балалар, біз  әліппеден  оқу, жаза  білуді  үйренсек, математикадан  санауды, есептеуді, сандарды  жаза  білуді  үйрендік.  Ендеше, сандарды  сөйлетейік.

Ән:   «Қуыршақтар»   Орындайтын:  Аяулым.

 Санамақ

7- оқушы:

Бір  дегенім – білім,

Білім  жарық   күнің.

 

8-оқушы:

Екі  дегенім –еңбек

Еңбек  бәрін  жеңбек.

 

9-оқушы:

Үш  дегенім –үміт

Үмітсіз  жоқ  жігіт.

 

 10-оқушы:

Төрт  дегенім –талап

Талмайтұғын   қанат.

 

11- оқушы:

Бес  дегенім – бірлік

Бірліксіз  жоқ  тірлік.

 

12-оқушы:

Алты  дегенім – арман

Атар  таңың  алдан.

 

13- оқушы:

Жеті  дегенім –жігер,

Жеңер  жолын  білер.

 

14-оқушы:

Сегіз  дегенім-сенім,

Сүйенішің  сенің.

 

15-оқушы:

Тоғыз  дегенім –талғам,

Тура  жолға  салған.

 

16- оқушы:

Он  дегенім –Отан

Отанды  сүй ботам.

 

Оң  қолымда  бес  алма

Сол  қолымда  бес алма

Барлығын  қосқанда

Болады  неше  алма?

 

 

Бес  алманың  үшеуін 

Досың  сұрап  алады

Айтшы  сонда  нешеуі

Өз  қолыңда  қалады?

 

Есеп  сабағы  хор.

 

Мұғалім:  Балалар  біз  42  әріпті  түгел  жаттап  алдық. Оқуды , жазуды  үйрендік

17-оқушы:

Қош  бол  құтты  әліппем

Көп  нәрсені  үйреттің

Таныстырып  әріппен

Тақылдатып  сөйлеттің.

 

Әліппе:  Балалар  сендер  мені  жақсы  игеріпсіңдер. Мен  сендерге  ризамын, сау  болыңдар!

 

Батырлыр  биі.

18-оқушы:

Әліппемен  қош  айтысып  қаламыз

Енді  қолға  басқа  кітап  аламыз

Ата –ана  қуанышқа  ортақ  бол

Сауатты  боп  шықты  міне  балаңыз.

Мұғалім:  Балалар, сендер  әліппені  оқып  тауыстыңдар. Ендігі  сендердің  жаңа  достарың  ана –тілі  оқулығы  болады. Ана  тілін  ортаға  шақырайық.

 

Ана  тілі

Армысыңдар  жас  достар

Туған  елдің  тілімін

Ақылы  мен  танымын

Түсіндірер  бәріне

Ана  тілі  пәнімін.

Ана  тілім  елдігім

Ана  тілім  болмаса

Бүтінделмес  кемдігім.

Төтеп  беріп  сынға

Қайыспаған  ауырға

Адал  болып  досына

Бас  имеген  жауына

Елдің  атын  кім  дейміз?      /Қазақ  елі /

Таулары  бар  ең  биік

Даласы  бар  жерұйық

Бұл  қай  ел?  /Қазақстан /

 

Жақында  қандай  мерекені  атап  өттіңдер? / Тәуелсіздігіміздің  24 жылдығы.

Он  алтыншы  желтоқсан

Тәуелсіздік  алған  күн

Мерекеге  ел  тосқан

Атамменен  барған  күн

Мерекеге  шығады

Бүкіл  халық  біліп қой

Отандастар  ұғады

Тәуелсіздік  ұлық той.

Хор:   Отан.

 

1-      жүргізуші:

Армысыздар  ұлағатты  ұстаздар

Білім  іздеп  инемен  құдық  қазғандар

Құшақ  жая  қарсы  аламыз  сіздерді

Би  билейік  ән де  бүгін  шырқалар.

 

2-жүргізуші:

Қош  келіпсіз  ақ  жаулықты  аналар

Жүздеріңнен  мейірім  мен  нұр  тамар

Алдарыңда  жауқазындай  құлпырған

Біз  алаңсыз  балған  шақты  балалар.

 

1-      жүргізуші:

Қош  келіпсіз,  өр  тұлғалы  әкелер

Қыран  құстай  балапанын  мәпелер

Бүгін  міне  әліппемен   қоштасады

Азамат  боп  кешегі  сәби  еркелер - дей  отырып,  ана  туралы  әнімізді  қабыл  алыңыздар.

 

Ана  туралы  ән.   Орындайтын:   Илхам.

21-оқушы:

Алфавиттің  «А»  тұрады  басында

Әрқашанда  «Ә»  тұрады  қасында

Байқайсыңба  «Б»  тұрады  үшінші

Ал  осының  сыры  неде  түсінші?

 

22-оқушы:

«А»  деген  ол  аналар  ғой  ардақты

«Ә»  деген  ол  әкелер  ғой  салмақты

«Б»  деген  ол  балалар  ғой  әдемі

Біздің  елде  үшеуі  де  кәделі.

Алшақ  кетпей  содықтанда  расында

Тұрады  олар  алфавиттің  басында.

 

Ана  тілі:   Мен  сендерге  ризамын  балалар. Әліппе  сендерге  көп  нәрсе  үйреткен  екен.  Енді  бұрынғыдан да  көп  оқитын  боласыңдар. Мен сендермен  дос  боламын.

 

Мамбо  биі  орындалады.

 

23-оқушы:

Есті   бала  ер  жетіп

Елдің  қамын  ойлаған

Ессіз  бала   кері  кетіп

Есерлігін  қоймаған.

 

24-оқушы:

Шындықты  сақтаймыз

Шыншылды  жақтаймыз

Шаршы  топ  алдында

Шығарып  мақтаймыз.

 

25-оқушы:

Күндерге  күн  ұласты

Жылжып, жылжып  жыл асты

Ойдағыдай  бітірдім

Мен  әліппе  кітабын.

 

2-жүргізуші:

Бәрімізді  сүйіп  өткен

Балаларға  үйреткен

Әліппемен  ұстазға

Бас  иеміз  құрметпен.

 

Ән:  «Көңілді  күн» орындайтын:  Ұлдана.

 

Мұғалімнің  сөзі.

 

1-жүргізуші:

Осыменен  құрметті  қонақтар  «Әліппеге  рахмет!»  атты  ертеңгілігіміз  аяқталды.

2-жүргізуші:

Зейін  қойып  тыңдағандарыңызға  рахмет!

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внекласный урок на тему "Қош бол,Әліппе!" (1-класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист-аналитик

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бұл 1-сыныпқа арналған ертеңгіліктің жоспары.Тақырыбы: "Қош бол,Әліппе!" Мұнда оқушылардың білімі мен өнері,сөйлеу қабілеттері сыналады.Сыныптан тыс шарада оқушылар өлеңдерді жатқа оқып,әндер айтады.Әліппенің 1-сынып үшін қандай маңызы бар екендігі айтылады.Жоспар бойынша ашық сабақ өткізуге болады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 842 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.02.2020 132
    • DOCX 21 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шаймиева Анфиса Рафаиловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шаймиева Анфиса Рафаиловна
    Шаймиева Анфиса Рафаиловна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 113663
    • Всего материалов: 206

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 34 регионов

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 65 человек из 29 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 67 человек из 35 регионов

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное управление проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Готовимся к ЕГЭ по литературе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе