- 31.12.2020
- 4179
- 6
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
МАҚАЛ-МӘТЕЛ САЙЫСЫ.Дайындаған: Хожабаева Маңғыстау облысы 2014 жыл Сайыс: Білімділер додасыМақсаты: мақал-мәтелдер қазақтың қысқа әрі нұсқа даналығы , өмірден түйген қорытындысы , тұрмыс айнасы екеніне көздерін жеткізу, орынды пайдалана білуге үйрету. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен әдебиет, орыс тілі, сурет. Көрнекілігі: слайдТүрі:сайыс Сайыстың барысы: Ұйымдастыру кезеңі - Бүгінгі сайыстың жақсы өтуіне тілектеспіз.Сайыстың алдында тіл туралы белгілі адамдардың айтқан сөздерін еске түсірейік. Шыңғыс Айтматов: «Тіл жоқ жерде, ұлт жоқ.» Максим Горький: «Тіл аспап сияқты,оны жақсы білу керек,оны меңгеру керек.» Бауыржан Момышұлы: «Тіл дегеніміз-қай халықтың болмасын,кешегі,бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры.» Махмұт Қашқари: «Игі істің басы-тіл, тәрбие басы-тіл.» Нұрсұлтан Назарбаев: «Тілден артық қазына жоқ,тілден артық қасиет жоқ.» Ал енді сайысымызды бастайық. І.Үй тапсырмасын тексеру Шарты:Топтың атын және ұранын дайындап келу. Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын , үй тапсырмасын тексерейік.Әр топқа топтың атын , ұранын дайындап келу тапсырылған. І топ «Сұңқар». Ұраны: Сұңқардай қалықтаймыз, Ізденуден жалықпаймыз! ІІ топ «Тұлпар». Ұраны : Тұлпардай жүйрік болу арманымыз, Жетуге соған тырысамыз ! ІІІ топ «Тапқырлар». Ұраны : Тапқырмыз деп ұрандап, Өмірде біз келеміз жарқылдап! ІІ. Сұрақ-жауап сайысы. Шарты: Қойылған сұрақтарға тез жауап беру. - Мақал-мәтелдер деген не? - Мақал-мәтелдердің адам тәрбиелеудегі ролі қандай? - Мақал-мәтелдердің тақырыптары қандай? - Мақал-мәтелдер нені сынайды? - Мақал-мәтелдердің көлемі қандай? - Мақал-мәтелдер қалай айтылады? - Мақал-мәтелдер қалай таралған? - Мақал-мәтелдерді кім шығарады? Тапсырмалар (Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.). Суретке қарай отырып,ондағы заттардың аттарын атаңыз және ол сөздер лексиканың қай түріне жататынын айтыңыз.Сурет қай ғылымға қатысты, осы салаға қатысты терминдерді еске түсір ( тарих,психология)Кірме сөздер: радио, комьпютер, микрофон,аквариум,принтер,телефон,кітап.шкаф,палас,жалюз,комбинизон.Жаңа сөздер: тосап,шұжық, қайнатпа, қысқатолқынды пеш, тышқан, тоңазытқыш,пернетақта,шаңсорғыш, құлтемір.. ІІ. Берілген мақал-мәтелдерді дұрыс құрастыру. (Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.) Бұрысы 1.Құрмет, тілге ,құрмет-елге. 2. Жерде, тіл ,жоқ ұлт, жоқ. 3. Тас жарады,тас, тіл жармаса, бас ж 1.Тілін біл,жеті түрлі, жеті жұрттың, білім біл. 2.Ұяда, ұшқанда ,соны іледі, не көрсе 3. Мектеп, білім- теңіз кеме . 1.Мыңды жығады ,білекті ,жығады , бірді, білімді. 2.Ыстық ,отан , оттан да. 3.Жау алмайды, досы көпті ,ақылы көпті дау алмайды. Дұрысы 1.Тілге құрмет-елге құрмет. 2.Тіл жоқ жерде – ұлт жоқ. 3.Тіл тас жарады,тас жармаса, бас жарады. 1..Жеті жұрттың тілін біл,жеті түрлі білім біл. 2.Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. 3.Білім- теңіз, мектеп- кеме . 1.Білекті бірді жығады , білімді мыңды жығады 2.Отан - оттан да ыстық. 3.Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті дау алмайды. Даналықтан дән іздеЖұптар сандарды таңдау арқылы өздері мағынасын түсіндіретін мақал – мәтелді таңдап, талдайды.Шығармашылық жұмысТоптар суретке қарай отырып, көрсетілген бейнелердің пайдасы мен зияны туралы мәтін жазады ( суретте кітап пен комьпютер)ҮІІІ. Қорытынды. (толғаныс) 1.Бүгінгі сайыс сендерге ұнады ма? 2.Сайыс қалай өтті? 3.Мемлекеттік тілді үйренуде мақал-мәтелдерді білу не үшін қажет?
6 665 159 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Аверкина Светлана Алексеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс профессиональной переподготовки
600 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Мини-курс
2 ч.
Мини-курс
3 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.