Инфоурок Информатика Другие методич. материалыVisual Basic ортасында бағдарлама құру процесінде Шартты операторды пайдалану

Visual Basic ортасында бағдарлама құру процесінде Шартты операторды пайдалану

Скачать материал

Ашық сабақ                

                                  сыныбы  

                                                          өтілген уақыты  

 

Сабақтың тақырыбы: Visual Basic ортасында бағдарлама құру процесінде Шартты операторды пайдалану

 

Сабақтың мақсаты:

 а)  білімділік:  Оқушыларды шартты операторының синтаксисімен таныстыру; жағдайға байланысты шартты және шартсыз операторларды тиімді әрі білімділікпен қолдануды, Windows үшін Visual Basic 6.0 объектілі-бағдарлы бағдарламалау ортасында қосымша құра   білу, қосымша жасауға  пайдалану жолдарын меңгеру.

  ә) дамытушылық: шартты операторды тиімді әрі білімділікпен қолдана алу,   біліктілігін қалыптастыру. Алгоритмдік ойлау стилін жетілдіру және логикалық  ойлауды дамыту.

Надпись: №1 слайд, №1 флипчарт  б) тәрбиелік:   Компьютерлік техниканы дұрыс, ұқыпты ұстауға, бағдарлама құру мәдениеттілігіне, жауапкершілікке тәрбиелеу.

 

Жаңа ұғымдар мен терминдер:

If, then, else, қызметші сөзі, шарт, логикалық өрнек, ақиқат, жалған, тармақ.

Білім мен біліктілкке  қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі тиіс:

-         Шартты операторы түсінігін;

-        қызметші сөздер аты мен мәнін;

-        If, then, else  операторларының қызметін;

-        қызметші сөздердің жазылу синтаксисін;

-        программа құру процесінде қолданылу тәртібін, жолдары мен тәсілдерін.

Оқушылар үйренуі тиіс:

-        есептің берілуіне қарай операторларды таңдай және қолдана білуді;

-        программа құруды дұрыс ұйымдастыруды;

-        бағдарламаны қалыптауды;

-         программаны тестілеу жолдарын;

-         бағдарламаны сақтауды, оны ашуды.

 

Сабақ жоспары:

§  If, then, else  операторлар қызметін талдау;

§  If, then, else  операторлар қолдану тәсілдерін үйрену;

§ Есептерді шешуде If, then, else  операторларын қолдану программаларымен эксперимент жүргізу;

§  Өздік жұмысты орындау.

Сабақтың көрнекілігі:      Интерактивтік тақта, Ash_10.flp атты флипчарт,  Test_10.flp  файлдары және A_cabak.ppt атты презентация файлы

Техникалық құралдар:   компьютер, интерактиктік тақта, Activote құралы

Компьютерді, тақтаны  пайдалану уақыты:  25-30      минут

Пән аралық байланыс: математика, физика, экономика, қазақ тілі, биология

Түрі: Жаңа білім меңгерту

Әдісі: көрнекілікті (демонстрациялық) баяндау

Құрылымы:         I. Ұйымдастыру  кезеңі

                            II. Үй тапсырмасын тексеру

                   III. Білімдерін тексеру

                   ІV. Жаңа материалды түсіндіру

                   V. Түсінгенін тексеру

                            а) Практикалық жұмыс

                            б) Тест

                   VI.  Бекіту, бағалау

                   VII.  Үйге тапсырма

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Сабаққа қатысуын түгендеу.

 

Оқушылардың үй тапсырмасын орындауын тексеру.

Өткен материалдарды игеруін тексеру мақсатында төмендегідей сұрақтарды қою:

 

1.    Енгізу және шығару функциялары қандай қандай қызмет атқарады?

2.    Label  және TextBox компоненттерінің  айырмашылығы неде?

3.    Код жазу синтаксисі қандай?

4.    InputBox және MsgBox функциялары  қандай синтаксисте жазылады?

Надпись:  №2 флипчарт
 


Жаңа сабақ мазмұны.

 

Кейбір есептердің шешуі тек сызықтық алгоритммен қалмайды, сонымен қатар әр түрлі есептеу жолдарын қарастырады. Алгоритм құрған кезде бір немесе басқа әрекетті орындағанда «жағдай бойынша әрекет ету» қажет болатын жағдайлар жиі кездеседі.

Мысалы:     

 Біз ауа райына байланысты күн сайын әр түрлі киінеміз. Егер күн суық болса, онда пальто, ал әйтпесе куртка киеміз.

  Көшеде де тұрып: автобус келе жатыр ма екен деп қараймыз. Егер иә болса, онда біз оған отырамыз, ал әйтпесе – жаяу кетеміз.

Надпись: №2-8  слайд,  №3-8  флипчарт    

 

 

 

 

Матаматикада:

   1.  Қарасай батыр бабамыз 1684 жылы Арқада қалмақтармен соғысады. Со кезде ол 20 жасар жігіт еді. Қарасай батыр бабамыздың туған жылы тақ сан ба, әлде жұп сан ба?

2. х аргументінің берілген мәні бойынша  функцияның мәнін есептейтін бағдарлама жаз:

  y=

3.  c=

 

Программада:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бір немесе басқа жолды таңдау есептің шартымен анықталады. Алгоритмде жазылған әрекеттерді іске асырудың бір немесе басқа жолын таңдау тармақталу командасының көмегімен жүзеге асады.

Алгоритм – орындаушыға арналған әрекет жоспары.

Есептеу процесінің бірнеше мүмкін жолынан біреуін таңдау алгоримті -  тармақталу алгоритмі деп аталады.

Әрбір таңдау жолы алгоритмнің тармағы деп аталады.

Тармақталу алгоритмнің белгісі  -  шартты тексеру операциясының болуы.

Алгоритм схемасында шартты тексеру операциясын  логикалық блок орындайды.

Логикалық блок - ромбымен бейнеленеді.

Ішіне тексерілетін шарт жазылады.

Және де екі шығысы болады: «иә» (ақиқат) және «жоқ» (жалған).

Надпись:             №11 слайд, №11 флипчартЕгер шарт (қатынас) ақиқат болса (орындалса), онда блоктан ‘иә’ шығысы бойынша шығамыз; егер шарт жалған (орындалмаса) болса - ‘жоқ’ шығысы бойынша шығамыз. Демек, программаның орындалу бағыты өзгереді.

Есептерді шешкенде тармақталған есептеу процестерін беру және операторлардың орындалуының табиғи тізбегін өзгерту үшін (басқаруды беру), яғни тармақталу алгоритмін машинада жүзеге асыру үшін Visual Basic 6.0 объектілі-бағытталған программалау тілінде де Turbo Basic немесе Qbasic программалау тіліндегідей арнайы конструкция қолданылады. Олар:

Надпись:             №9 слайд, №9 флипчарт                      Шартты көшу операторы;

                     Шарттсыз көшу операторы;

                     Таңдау (вариант) операторы.

 

Программалау тілінде шартты операторлар екі түрде: толымды және толымсыз формада да қолданылады.

Толымды түрінің жазылу форматы

Псевдокодта

жазылуы:

 

Егер  шарт  онда

оператор1

әйтпесе

 оператор2

егер - соңы

 

 
 (жазылу синтаксисі):

 

If  < логикалық өрнек >   then 

           < оператор1>

           Else

                     < оператор2 >

Надпись:             №12 слайд, №12 флипчарт

 

Надпись:             №13 слайд, №13 флипчарт

 

Мұндағы

If  (егер) оператордың аты немесе қызметші сөз;

Then (онда)  -  оператордың аты немесе қызметші сөз;

Else (әйтпесе)  оператордың аты немесе қызметші сөз;

< логикалық өрнек >   - тексерілетін жай немесе күрделі шарт;

< оператор1>  және < оператор2> - орындалатын операторлар.

Немесе

                     If  B     then  S1 Else S2

Мұндағы В – логикалық өрнек;

                              S1 және S2 – операторлар.

Надпись:             №14 слайд, №14 флипчартОператордың қызметі.

Программаның орындалу процесінде If қызметші сөзінен кейін жазылған  <логикалық өрнек> тексеріледі. Егер ол ақиқат болса, онда then қызметші сөзінен кейін жазылған    <оператор1> орындалады да нәтижесі келесі операторға беріледі, әйтпесе else  қызметші сөзінен кейін жазылған <оператор2> орындалады және нәтижесі келесі операторға беріледі

Надпись:             №15 слайд, №15 флипчартНадпись:             №15 слайд, №15 флипчартШарт – логикалық өрнек, операндалар мен операциялар белгісінен құралған.

Шарт түрлері:

1. Жай шарт (логикалық өрнек) – қатынас амалдарымен байланысқан екі арифметикалық өрнек немесе текстік шама (символдық немесе литерлік шама).

Мысалы:

X+y<7;  y≥lnz;    R≤x2+√d;   2≠3;  ‘қосу’= ‘алу’;  B= ‘да’                          

1.     Күрделі шарт  (логикалық өрнек)  – қатынас амалдары және  логикалық амал арқылы байланысады.

0≤х≤1 → (x>=0) and (x<=1),  немесе (x=0) or (x=1)

Операциялар :

-  салыстыру операциялары; өзара бір типті шамалар салыстырылады.

-   логикалық операциялар;

Мысалы:

(x>=1) and (x<=2) – нүкте [1,2] кесіндісінде жатады,

Шартты оператордың толымсыз түрі:

  If  < логикалық өрнек >   then   < оператор1>

Шартты оператордың толымсыз түрі сирек қолданылуы да мүмкін.

Надпись:             №16 слайд, №16 флипчартЭксперимент:

1. Берілген екі санның үлкенін (max) табу бағдарламасының үзіндісі:

If  x>y then z:=x else z:=y;

If қызметші сөзінен кейінгі шарт ақиқат болса then қызметші сөзінен кейінгі оператор орындалады, яғни x мәні z шамасына меншіктелінеді, ал шарт жалған болғанда else қызметші сөзінен кейінгі оператор орындалып, z айнымалысына  y мәні меншіктелінеді

Кейбір есептерді шешуге  бағдарлама құрғанда бір нәтижемен тоқтамай, тағыда бірнеше нәтиже алу қажет болған жағдайда шартты оператордың толымсыз   if  ... then конструкциясын бірнеше рет қолдануға болады.

2.     Бөлу амалын Visual Basic 6.0 программа қосымшасында орындау.

Private Sub Command1_Click()

a = InputBox("sangy engiz:")

b = InputBox("sangy engiz:")

If b = 0 Then MsgBox ("Sandy nolge boluge bolmaidy!") Else c = a / b: Text1.Text = c

End Sub

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Надпись:             №20-23 слайд, №20-23 флипчарт

Тапсырма

1.  функция мәнін есептейтін қосымша жаса

    2.  шартты анықтап, функция мәнін есептеуге бағдарлама жаз.

3. Арифметикалық төрт амалды орындайтын құрал - Арифмометр қосымшасын жаса.

Надпись: №20 слайд, №20 флипчарт              «арифмометр" сілтемесі  көмегімен «арифмометр" қосымшасының интерфейсі және қызметі көрсетіледі. Түсініктеме беріледі.

 

 

4. a,b,x  бүтін сандары берілген. Меншіктеу қажет:

5. Рауан асық атып ойнау үшін радиусы 2 м шеңбер сызды. Ол шеңбердің жиегінде тұрып ортасындағы асықты атқанда, асық 3 м қашықтыққа ұшып түсті. Асық шеңбердің ішіне түсті ме, әлде сыртына түсті ме? Нәтижені мәтін түрінде: «Асық шеңбердің сыртына түсті» немесе «Асық шеңбердің ішіне түсті» деп беру керек.

6. Фирма қызметкерді жұмысқа қабылдауда. Қабылдау шарты жұмыс стажының 3 жылдан кем болмауын және жасы 35-тен үлкен болмауын талап етеді. Үміткердің осы талапты қанағаттандыратынын тексеретін бағдарлама жаз.

 

Бекіту  сұрақтары

1.    Шартты оператор қандай алгоритмдік құрылымды іске асыру үшін қолданылады?

2.    Шартты оператордың жазылу синтаксисі қандай түрде пайдаланылады?

3.    Шартты беру үшін қандай амалдар қолданылады?

 

Тест

 

Надпись:             №25-26 слайд,Оқушылардың  бұрынғы және жаңа сабақ материалын меңгеруін анықтайтын 4 жауаптан тұратын 10 сұрақты тест тапсырмасы Activote құралын пайдалану арқылы Test_10.flp  атты тест файлымен орындалады.

 

Тест

 

1. VB қосымшаларын жасауда қолданылатын компоненттер орналасуы мен дизайнын

     жасау үшін қызмет атқаратын бас терезені не деп атайды?

    а) Пішін  

    ә) Код терезесі 

    б) Пішін жобасы 

    в) Қасиеттер терезесі

2. Пішін, батырма, енгізу өрісі, жазу т.б. іспеттілерді не деп атауға болады?

    а) Оқиға

    ә) Қасиет    

    б) Әдіс   

    в) Обьект

3. Обьектінің сипаттамаларын не оның күйін белгілейтін атрибут қалай аталады?

     а) Оқиға    

     ә) Қасиет   

     б) Әдіс

    в) Обьект

4. Обьектімен танылатын әрекетті не деп атаймыз?

     а) Оқиға

     ә) Қасиет

     б) Әдіс 

     в) Обьект

5. Обьектіге қатысты жасалатын әрекетті қалай деп атайды?

      а) Оқиға

      ә) Қасиет

      б) Әдіс

      в) Обьект

6. Экранда пішін көрінбей тұрса, онда оны көрінетін ететін әрекеттің қатесін тап.

а) ++ Shift+F

ә)  Проект – Добавить форму 

б) Вид – Проводник проект ов – Form1 екі рет шерту    

в) Вид – Объек

7. Экранда код терезесі көрінбеген жағдайда, оны ашу әрекетінің қатесін тап.

       а) Вид – Код

       ә) Вид – Проводник проектов

       б) Компонентке «тышқанды» екі рет шерту

       в)  F7 пернесіне шерту

8. Экранда қасиеттер терезесі көрінбей тұрса, онда оны жүктейтін әрекеттің қатесін анықта.     

       а) Проект – окно параметров 

       ә) Вид – окно параметров

       б) Құрал-саймандар панеліндегі «окно проектов» пиктограммасына шерту

       в) F4 пернесін шерту арқылы

9. Деректерді енгізу  функциясы:

                     а) Input

                     b) Input a,b

                     c) InputBox

                     d) Input(“…”)

10. If … then … else  қалай аталады?

                     a) Тармақталу алгоритмі

                     b) Егер онда әйтпесе

                     c) Басқарма операторы

                     d) Шартты оператор

 

Надпись:            №25 флипчарт,  №27  слайд,

Үйге тапсырма                          

1. Шартты оператор туралы оқу;

2. а, в, с нақты сандары берiлген. Тексерiңдер: а<в<с теңсiздiгi орындалама? Жауапты мәтiн түрiнде: “теңсiздiк орындалады” немсе “теңсiздiк орындалмайды” – деп берiңдер.

3.     2≤х≤4, 2≤у≤4 координаттарымен шаршы берiлген. Егер М(х,у) нүктесi квадрат iшiнде жататын болса, осы нүктенiң координаттарын еске ұстау керек.

4.     Компьютер ойлаған санды табу қосымшасын жасаңдар

Надпись: №25 флипчарт              «сан тап" сілтемесі  көмегімен «сан тап" қосымшасының интерфейсі және қызметі көрсетіледі. Жобаны құру жөнінде түсініктеме беріледі.

 


Ашық сабақтың өздік талдауы

 

27 қазан 2010 жылы 10Ә  сыныбында «Visual Basic ортасында бағдарлама құру процесінде Шартты операторды оқу» атты тақырыпта ашық сабақ өткіздім.

Шартты оператор қызметі туралы жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты флипчартқа жазылды.

Жаңа сабақ интерактивті тақтаны пайдаланып, ActivStudio программасында  құрылған  флипчарттарды қолдану арқылы демонстрациялық жолмен жүргізуге негізделді.

Жаңа сабақты оқушылардың қызығушылық ниетін ояту, белсенділігін арттыру мақсатында проблемалық мысалдар келтірумен бастадым.

Оқушылар флипчартта келтірілген мысалдар мәнін ой елегінен өткізу және  талдау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын, сабақтың мақсатын түсінді.

Бұл кезеңде оқушылардың назарын өзекті мәселереге аударуға ықпал жасалынды. Өздік ізденуге мүмкіндік тудыруға жағдай жасалынды.

Оператордың қызметі, оны бейнелеу түрлері, жазылу форматы, бағдарлама құрудың жолдарын көрсетуге арналған бағдарламалық мысалдар ActivStudio программасының  флипчарттарын  пайдалану арқылы көрсетілді.

Демек сабақты түсіндірудің  демонстрациялық әдісі іске асырылды. Жаңа  компьютерлік құрал – интерактивті тақтаны пайдалану жүзеге асты.

Математикамен пән аралық байланыс ұштастырылды.

Индукция кезеңінде шартты оператор қызметін ашу процесінде ойларын жинақтауға флипчартта жазылған бағдарлама үзіндісі ұсынылды.

Сабақтың мазмұны техникалық көрнекілік құралдар - ActivStudio программасын, флипчарттарды,  интерактивті тақтаны қолдану арқылы ашылды.

Тапсырмалар флипчарттар арқылы берілді.

Эксперименттік жұмыс ретінде Visual Basic ортасында жасалынған «Арифмометр» атты қосымшасы «ехе» файл арқылы сілтемені қолдану көмегімен көрсетілді. Оқушыларға ақпаратты көзбен көріп алуға мүмкіндік жасалынды.

Оқушылар берілген тапсырманы орындау мақсатында қосымша жобасын, код мәтіндерін Activpen электронды қарындаш көмегімен флипчарттқа жазу арқылы  жүзеге асырды.

Оқушылардың өтілген материалды түсініп, ұққанын бақылау мақсатында 10 сұрақтан тұратын 4 жауапты тест ұсынылды.

Оқушылар Activote құралын пайдаланып жауап беру, нәтижесін тез көру, бағасын білу мүмкіндігіне ие болды.

Қорытынды кезеңінде программа құру жолдарын талқылап, жіберген қателері, басқа қандай тәсілдерді пайдалануға болатыны туралы пікірлерін ортаға салды.

Үй тапсырмасының кейбір қиындық тудыратын жерлеріне қысқаша түсіндірмелер берілді.

Сұраққа жауап беріп, тапсырма орындаған оқушылар білімі бағаланды.

Сабақ өз уақытында аяқталды.

 

Информатика пәні мұғалімі:  Есенғұлов М.К.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Visual Basic ортасында бағдарлама құру процесінде Шартты операторды пайдалану"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по маркетингу (тур. агенства)

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 391 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.04.2020 379
    • DOCX 203.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Урастаев Кажмукан Байгазынович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 69837
    • Всего материалов: 236

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Информационные технологии в профессиональной деятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель информационных технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 188 человек из 53 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Методы и инструменты современного моделирования

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 20 регионов

Мини-курс

Архитектура мира: от Крита до Австралии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов

Мини-курс

Финансовые ключи экспертного успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Литература и культура

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе