Инфоурок Другое Другие методич. материалыВенерологиялық және урогениталды инфекция қоздырғыштары, ғылыми жоба

Венерологиялық және урогениталды инфекция қоздырғыштары, ғылыми жоба

Скачать материал

 

БЕКІТЕМІН

 Директордың  оқу-әдістемелік

 жұмыс жөніндегі орынбасары

Жантелиева Л.О.

                                                                                                       «____» _____________ 2017 ж.

                           

МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ВИРУСОЛОГИЯ  ПӘНІ БОЙЫНША АШЫҚ САБАҚТЫҢ НҰСҚАУЛЫҒЫ

 

Мамандық 0302000 «Мейіргер ісі»

Квалификация 0306013 «Жалпы мейірбике ісі»

6 семестр 2016-2017 ж. 

3 курс 310 топ

 

А.Ж.Т.

Қызметі

Қолы

Құрастырған

Садыкова Н.А.

Микробиология пәнінің мұғалімі

 

Ашық сабақтың  әдістемелік нұсқаулығы «Мейірбике ісі» пәні бөлімінің отырысында талқыланып, мақұлданды

           

         Хаттама №__

 «___» ________ 2017ж.

 

 

ЦӘК орынбасары

 Умарова Е.А.

 

___________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         

           

 

                                                           Алматы 2017 жыл

 

Пәні:  «Микробиология және вирусология»

Тақырыбы: Венерологиялық, урогениталды инфекциялар қоздырғыштары

Сабақтың мақсаты: Жыныстық қатынас арқылы жұғатын классикалық венерологиялық аурулар туралы жалпы түсінік. Венерологиялық аурулардың қоздырғыштары туралы және оның мақсатын және алдын алу жолдарын үйрету, бактерияларды бір –бірінен ажыраты блу. Көбеюі мен емдеу жолдарын студенттерге ашып түсіндіру.

Білімділік: Венерологиялық және урогенетикалық  аурулардың жыныстық қатынас кезінде жұғуы және оны алдын алуы туралы білім беру.

Дамытушылық: студенттердің алған  білімдерін  іс жүзінде  ұштастыруға, логикалық ойлау  қабілеттерін,  ойын технологиялары арқылы дамыту,  медициналық  сауаттылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, өз ойын нақты, дәл айтуға және өз бетімен жұмыс жасауға жетелеу

Сабақтың типі: Тәжірибе
Сабақтың қамтамасыздандырылуы:

1.      Оқу көрнекілік құралдар: слайд, видеоролик

2.      Үлестірмелі материалдар:жеке-жеке индивидально  карточкалар

3.      ТОҚ: проектор

Пәнаралық байланыс:

Генетика, вирусология, паразитология,  физиология, латын тілі

Өз бетінше жұмыс: топпен жұмыс жасау сызба-нұсқа арқылы талқылау

Сабақтың өту барысы:

 

1.      Ұйымдастыру кезеңі 2- минут

2.      Бастапқы білім деңгейін, яғни үй тапсырмасын тексеру  15 минут

3.      Үй тапсырмасын бекіту 10 минут

4.      Жаңа сабақты түсіндіру 45 минут

5.      Жаңа сабақты бекіту 10 минут

6.      Рефлексия 4 минут

7.      Бағалау 2 минут

8.      Үйге тапсырма беру 2-3 минут

 

1.Ұйымдастыру кезеңі (2 минут):

 

Білімгерлерді тізім бойынша белгілеу,сырт көрінісін, сабаққа дайындығын тексеру.

Оқытушы:

-          Сәлеметсіздер ме? Отырыңыздар! Бүгін сабақта кім жоқ?

2.Бастапқы білім деңгейін, яғни үй тапсырмасын тексеру  (15 минут)

Үй тапсырмасын сұрау, сұрақ-жауап әдісі, фронтальді және топ бойынша;

Слайд бойынша

Карточка №1

Аса қауіпті зоонозды инфекцияларға анықтама беріңіз

Карточка №2

Жалпы қоршаған ортада кездесетін микроорганизмдер туралы қандай ғалымдар зерттеді? Анықтама беріңіз

Карточка №3

Оба туралы жалпы түсінік

Карточка №4

Қандай аса қауіпті инфекцияларды білесіз? Анықтама

Карточка №5

Зоонозды инфекциялық қоздырғыштарды басқа организммен байланысы?Туралы сипаттама беріңіз?

Карточка №6

Зоонозды инфекциялық қоздырғыштарды аса қауіпті инфекциялық ауруларға жатқызуға болама? Неліктен? Сипаттам беріңіз

Карточка №7

Осы зоонозды инфекциялық қоздырғыштарды басқа қандай инфекциялық қоздырғыштармен салыстыруға болады?

 

3.Үй тапсырмасын бекіту (10 минут)

-          Біз сіздермен ауа қауіпті зоонозды инфекциялар туралы өттік,Жалпы бұл тақырып түсінікті ма? Сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ болса жаңа тақырыпқа көшейік

4.Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі (слайд 1-35 бет)(45 минут)

1)Ең алдымен жаңа тақырыпты ашпас бұрын видеороликке назар аударайық;

2)Мерез қоздырғышы туралы (слайд 8 бет) (лат. Syphilis; ) — жұқпалы созылмалы ауру. Қоздырғышы — Treponema pallidum.

Ол тек адамда ғана болады. Көбінесе жыныстық жақындасу арқылы жұғады. Кейде осы аурумен ауырып жүрген адаммен сүйіскенде, сол адам пайдаланған орамал, қасық, шанышқы, қылдырық (тіс шұқығыш), ерін бояуы, темекі арқылы да жұғуы мүмкін. Мерез қан берген адамның қаны, ананың емшек сүті арқылы да жұға береді.Аурудың көзге көрінетін алғашқы белгісі — қатты шанкр. Бұл бозғылт спирохетаның адам организміне түскен жерінде пайда болатын, қатып қалған, ауырмайтын түймедей жалақ немесе сызат жара. Әдетте, мерезбен ауырған адамның жыныс мүшелерінде, ернінде, тілінде т.б жерлерінде кездеседі. Мерезбен ауырдым-ау деген күдігі бар адам мұндай жараны йод, көк дәрі арқылы емдемей, тезірек шипагерге қаралуы қажет.Ауру белгісі пайда болғаннан кейінгі бір апта ішінде жара маңайындағы бездер үлкейіп ісе бастайды. Бірақ, ол жанға батып ауырмайтындықтан, сырқаттың оған көңіл аудармауы да мүмкін. Ауру жұққаннан кейін бір жарым-екі айдың ішінде де сырқаттың жалпы көңіл-күйі пәлендей өзгере қоймайды, бірақ, аздаған әлсіздік, буындардың сырқырауы, дене қызуының ептеп көтерілуі байқалады.

Ауру жұққаннан кейін екі-үш ай өткесін мерездің екінші кезеңі басталады. Бұл кезеңде теріге бөртпе қаптап кетеді, бірақ, ол теріні түсірмейді жане науқасқа да айтарлықтай әсер етпейді. Еріннің, ауыздың ішкі сілекей қабына ақ таңдақтар түседі. Кейде дауыс қарлығуы да мүмкін, сонымен қатар, теріде қызғылт түйіршіктер пайда болады. Жыныс мүшелеріне шыққан майда түйіндер бара-бара үлкейе түседі. Кейде біріне-бірі қосылып, үлкен жараға айналады. Осы жарадан аққан іріңде бозғылт спирохета көбейіп, дене қызуы көтеріледі. Бұл кездегі ауру адамның басқаларға мерез ауруын тарату мүмкіндігі ерекше күшті болады. Біраз уақыттан кейін алгі белгілер өзінен-өзі жоғалып кетеді. Ауру өзін жазылдым деп санайды. Оны бездерден, қаннан ғана табуға болады. Егер ауру адам емделмесе мерездің екінші кезеңі үш-төрт жылға созылады және әлсін-әлсін жоғарыда айтылған белгілер қайталап отырады.

Осыдан соң мерез үшінші кезеңге өтеді. Бұл кезеңде сырқат организмы мүлде әлсіреп, ми мен жұлын жүйелерінің жұмысы бұзылады, адам сал болып қалады, көзі көрмейді, жүкті әйелдер бала тастайды, жүрек, өкпе, бауыр қызметтеры нашарлайды. Мұрын кеңсірігі опырылып, адам пұшық болып қалады.

Мерез ауруы араққұмар, адамгершілік қағидаларына құлақ аспайтын жүгенсіз, бұзық адамдар арасында жиі кездеседі. Сондықтан, мерезді түбегейлі жою үшін ең алдымен жастарға берілетін тәрбиеге мән беру керек.

Мерез жазылмайтын ауру емес, одан айығудың кепілі — шипагерлерге уағында көрініп, жазылғанша үзбей емделу.

3) Соз ауруының қоздырғышы туралы (слайд 10 бет) (лат. Gonorrhoea) — ең зиянды жұқпалы жыныс ауруларының бірі, жіңішке деп те атайды. СОЗ, гонорея (gonorrhoea) — жыныстық қатынас арқылы жұғатын жұқпалы ауру. Создың қоздырғышы — Neіsserіe тобына жататын гонококк. Оны 1879 ж. неміс дерматолог-венерологы А.Нейссер (1855 — 1916) аурудан алған іріңнен тапқан. Ересек адамдарға ауру жыныстық қатынас кезінде, ал балаларға дерт ата-анасынан (мыс., босану кезінде) жұғады. Кейде дерт науқас адаммен бір төсекте жатса, оның сүлгісін, ыдыс-аяғын пайдаланса да жұғуы мүмкін. Аурудың қоздырғышы тек жыныс мүшесінің шырышты қабығын ғана қабындырып қоймайды, сондай-ақ көздің (қ. Бленнорея), ауыздың, тік ішектің (проктит ауруы) шырышты қабығын зақымдайды. Аурудың жасырын кезеңі бір күннен 2 — 3 аптаға дейін созылуы мүмкін. Ауру еркектерде үрпіден, әйелдерде жатыр мойнынан басталады. Ер адам Соз ауруына шалдыққанда, гонококк ағзаға өткеннен кейін қабыну процесі жүреді. Науқастың денесі күйіп, қышына бастайды, кіші дәретке отырғанда ауырсынады. 1 — 2 күннен кейін несепке іріңді зат араласып, кіші дәретке отырғанда қуық қатты ашып ауырып, үрпі қызарып, ісінеді. Бұл кезде науқастың дене қызуы көтерілуі мүмкін, әлсіздік пайда болып, тамаққа зауқы соқпайды. Әйелдер С-ға шалдыққанда, гонококк алдымен жатыр мойнының шырышты қабығын қабындырады. Әйелдерде ауру белгісі бірден білінбейді, сондықтан дерт асқынып кетеді. Бұл кезде жатыр мойны іріңге толып, әйелдің белі және іші төмен тартып, қатты ауырады. Ауру әбден асқынғанда, кіші дәретке отыру қиындап, несепке қан араласады. Созбен ауырғанда дұрыс ем қабылдап, толық жазылып кетпесе, еркек те, әйел де бедеулікке шалдығады. Сондай-ақ дұрыс емделмеген Соз ауруы жеке органдарды (мыс., жүрек, буын, т.б.) да зақымдауы мүмкін. Емі: антибиотиктер, сульфаниламидтер беру; иммунотерапия, физиотерапия тағайындалады. Ауру қайталанбау үшін жеке бастың гигиенасын сақтап, диета ұстау қажет; науқас адам арнайы ауруханада емделіп, дәрігердің бақылауында болады.

4) Соз және мерез қоздырғыштары туралы білімді нығайту үшін, сұрақ-жауап әдісі  ХХІ ғасыр –көшбасшылар «Ақылдылар мен білімділер» ойыны

 

 

 

Урогениталды инфекция қоздырғыштары 10: Бұл микроскопиялық кескінде қандай ауру көрсетілген?

Жауап: Урогенитальды хламидиоз( Қоздырғышы - хламидиялар)

Урогениталды инфекция қоздырғыштары 20: Бұл аурудың бір ерекшелігі – оларда «мантиясы» болады, бұл қандай ауру?

Жауап: Хламидиялар, ЖЖЖ хламидиоз

Урогениталды инфекция қоздырғыштары 30: Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының деректері бойынша 1 жылда 250 млн-ға жуық адам   .....................  тіркеледі екен.

Жауап:Хламидиоз

Урогениталды инфекция қоздырғыштары 40: Хламидиоздың жасырын кезеңі???

Жауап: 7-14 күн

Урогениталды инфекция қоздырғыштары 50: Грамм бойынша бояу әдісі

дегеніміз не???

Жауап: Грамм бойынша бояу дегеніміз — бактериялардың бар не жоғын, оларды граммы оң немесе теріс екенін анықтау үлін қолданылатын негізгі әдістердің бірі.

Венерологиялық инфекция 10 қоздырғыштары: Кескінге қарап, ЖЖЖА кезеңін атаңыз?

  

Жауап: Мерездің екіншілк кезеңі

Венерологиялық инфекция 20 қоздырғыштары: Мерез терминіне толық

 сипаттама беріңіз???

Жауап: Қоздырғышы – treponema pallidium тудыратын жұқпалы венерологиялық ауру, терінің, ішк мүшелердіңң, сүйектің, жүйке жүйесінің зақымдануымен сипатталады. Жүре пайда болған және туа пайда болған түрлері бар.

Венерологиялық инфекция 30 қоздырғыштары:Венерологиялық аурулардың алдын алуын (профилактикасын) атаңыз?

Жауап: Жеке бас гигиенасы, ерте жыныстық қатынасқа түспеу (қыздарға!),жыныстық жолға түсер алдында мүшеқап пайдалану         (ер адам),партнерын жиі ауыстырмау!!!, жыныстық қатынастан кейін ыстық ванна қабылдау, яғни жуыну , жылына 2-3 рет генеколог уролог мамандарына тексерілу, скрининг

Венерологиялық инфекция 40 қоздырғыштары: СКРИНИНГ дегеніміз не???

Жауап: Бұл қауіпті факторларды және ауруды ерте сатысында анықтау үшін белгілі бір жастағы сау тұлғаларды алдын ала медициналық тексеруден өткізу. Бұл  шаралар емдеу тиімділігін  арттыруға және асқынудың алдын алуға мүмкіндік  береді.

Венерологиялық инфекция 50 қоздырғыштары: Ситуациялық сұрақ:  Сіз болашақта Денсаулық Сақтау ұйымында жұмыс істеп тұрсыз, сізге мерез қоздырғышын жұқтырған ерлі-зайыпты жұп келді, бірақ олардың жас аралығы 25-29 жас, сіз қандай көмек көрсетер едіңіз?

Жауап:

Жалпылама сұрақтар  10: ЖЖЖ хламидиозбен әсіресе қай жастағы азаматтар мен азаматшалар ауырады???

Жауап: 20-30 жастағы

Жалпылама сұрақтар  20: Жалпы жылына дүние жүзі бойынша  ЖЖЖА тіркелгендерінің саны?

Жауап: 500 млн

Жалпылама сұрақтар  30: Ситуациялық сұрақ: Сіз болашақ дәрігерсіз, сізге екі студент қыз келді, ол қыздардың өзінің денсаулығына байланысты шағынын және жыныстық қатынасқа ерте түскендігі туралы айтты, дәл қазіргі уақытта бел, және төменгі жағы (қуық, жыныс мүшесінен күнде-күнде сұйықтық бөлінетінін) айтты, сіз қандай көмек көрсетер едіңіз? Сіздің ойыңыз?

Жауап:

Жалпылама сұрақтар  40: Қатты шанкр дегеніміз не???

Жауап: Іріңді жара немесе жыныс мүшелеріндегі, саусақтағы немесе еріндегі ауыртпайтын қотыр жара, мұның өзі мерез белгілерінің бірі болып табылады..

Жалпылама сұрақтар  50: Ситуациялық сұрақ: Барлық ЖЖЖА-дың профилактикасын,емдеу шараларын, бір-бірінен айырмашылығын сипаттап сызып беріңіз?

Жауап:

Микробиология 10: Грамм теріс бактерияларды атаңыз?

Жауап:Менингококтар, гонококтар, таяқшалар, вибриондар, кампилобактериялар, спириллалар, спирохеталар, риккетсиялар, хламидиялар

 

Микробиология 20: Микробиология терминіне анықтама беріңіз? 

Жауап: Көзге көрінбейтін, өте ұсақ тіршілік иелерін зерттейтін ғылым саласы.

микроорганизмдердің құрылысын, тіршілігін, экологиясын, физиологиясын, тыныс алуын

Микробиология 30:Спирохеталардың адамда үш патогенді туыстығы бар:

Жауап: Трипонема, Боррелия, Лептоспира

Микробиология 40: Грациликуттер  дегеніміз қандай бактериялар???

Жауап:Грамм теріс, қабаты қалың бактерияларды айтамыз, Жасуша қабырғасының қабаты: липопротеин, липополисахарид және сыртқы мембранадан тұратын күрделі құрылым құрайды.

Микробиология 50: Фирмикутты бактерияларды атаңыз?

Жауап: Пневмококтар, стрептококтар, стафилакоктар, бациллы, клостридиялар, корине бактериялар, микобактериялар, актиномицидтер

5)Хламидиоз (туралы слайд 15 бет) — жыныстық қатынас арқылы жұғатын жұқпалы ауру. Хламидиоздың қоздырғышы — хламидия бактериясы (лат.Chlamydia trachomatis). Жұқпалы жыныс ауруларының ішіндегі ең кең таралғаны болып есептеледі. Хламидия (лат. Chlamydia trachomatis) — жұқпалы хламидиоз ауруын тудыратын бактерия. Хламидиядың қауіптілігі-ағзада ешбір белгі білдірмейтіндігі жатыр. Індеттің бар-жоғын анықтау үшін арнайы медициналық тексерулерден өту қажет. Егер жұқпалы ауруды уақытылы ауыздықтамасаң оның зиянды салдарына душар боласыз. Сол үшін дер кезінде емделу қажет-ақ. Хламидия жатыр түтікшелерінің қызметін бұзып, оның салдары бедеулік пен жатырдан тыс жүктілікке әкеп соқтырады. Инфекцияның алғы белгісі іштің төмен жағына ауырлық түсіретіндігінде. Ол басқа мүшелердің ауруын қоздырады. Хламидиядан қорлық көріп жүрген еркектердің жұмыртқасына суық тиіп, қуық жолары ісініп, кей жағдайда қызарып, дәрет сындыра алмайтындай жағдайға түседі. Сұйықтық түсінің өзгеріске ұшырауы, іштің төмен жағының бүріп ауыруы әйелдер организміндегі асқынған хламидияның көрсеткіші болып табылады. Еркектерде де сұйықтық мөлшерден көп бөлінеді. Хамидия әрқашан жаныстық қатынас арқылы жұғады. Берекетсіз жыныстық қатынасқа түсетіндерде бұл қауіпті індетке шалдығу мүмкіншілігі зор. Әсіресе 20 мен 30 жас аралығындағы ер азаматтар көп емделеді. Емделу процесі ұзақ инфекциядан сақтанудың бірден бір жолы-сауатты сақтану, әрі медициналық жолмен тексеріліп тұру. Ауруды жұқтырған адам міндетті түрде екі тарап та емделу керек. Бірі емделіп, екіншісі ем қабылдаудан бас тартса уақыттың зая кеткені. Тағы бір ескеретін жайт инфекцияның қайталануына жол бермеу. Әйтпесе, оның ауыртпалы көп болады

5.Жаңа сабақты бекіту  (10 минут)

«Бинго» интеллектуалды ойыны арқылы сұрақ-жауап әдісі:

1-сұрақ: Қай жылы Қазақстанда венерология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары басталды???

Жауап: 1931 жылы

2 - сұрақ: Әлемде кең таралған ЖЖЖА атаңыз???

Жауап: хламидиоз, соз, мерез трихомоноз, кандидоз, микоплазмоз, жыныстық ұшық, бактериалды вагиноз, лямблиоз

3-сұрақ: Бұл қандай бактерия, қоздырғышқа толық анықтама беріңіз? Кім ашты? Қай жылы?

 

 

Жауап: Соз қоздырғышы(gonorrhoea) -Neіsserіe тобына жататын гонококк  - грамм Теріс диплокка бактериялары 1879 жылы Нейссер деген дермотолог -  венеролог ашқан

4 - сұрақ:  Бұл қандай әдіс? Бояу әдісне сипаттама беріңз?

 

 

Жауап:Бактериоскопиялық әдіс, Грамм бойынша бояу әдісі

5 – сұрақ:Соз ауруының жұғу жолы:

Жауап: Ересек адамдарға ауру жыныстық қатынас кезінде, ал балаларға дерт ата-анасынан жұғады. Кейде дерт науқас адаммен бір төсекте жатса, оның сүлгісін, ыдыс-аяғын пайдаланса да жұғуы мүмкін.

6 сұрақ:Әйелдерде соз ауруының ер адамдардың соз ауруынан айырмашылығы неде???

Жауап: Әйелдерде ауру белгісі бірден білінбейді, сондықтан дерт асқынып кетеді. Бұл кезде жатыр мойны іріңге толып, әйелдің белі және іші төмен тартып, қатты ауырады. Ауру әбден асқынғанда, кіші дәретке отыру қиындап, несепке қан араласады. Созбен ауырғанда дұрыс ем қабылдап, толық жазылып кетпесе, еркек те, әйел де бедеулікке шалдығады.

7- сұрақ: Әйелдерде Соз ауруының жасырын кезеңі???

Жауап:2-3 апта

8 - сұрақ: Мерез ауруының қоздырғышы???

Жауап: Бозғылт спирохета (лат. Treponema pallidum)

9-сұрақ: Ауруды атаңыз және бұл белгілер қай кезеңге жатады? Бұл кезеңде сырқат организмі мүлде әлсіреп, ми мен жұлын жүйелерінің жұмысы бұзылады, адам сал болып қалады, көзі көрмейді, жүкті әйелдер бала тастайды, жүрек, өкпе, бауыр қызметтеры нашарлайды. Мұрын кеңсірігі опырылып, адам пұшық болып қалады

 

Жауап: Мерездің үшіншілік кезеңі

10 - сұрақ: Бұл кескін ненің белгісі??? Қандай ауруларда болады???

 

Жауап: Бедеуліктің белгісі, хламидиоз және басқа да ЖЖЖА болады.

Рефлекция: (4 мин)

Кандай жаңа нәрселермен таныстыңдар?

Бүгінгі сабақтан не ұқтындар?

Болашақ маман ретіндегі тақырыпқа көзқарасың қандай?

Бағалау: (2мин)

Сабаққа белсене қатысқан, жұмысты толық орындаған студенттерді бағалау. Бағаны оқу журналына қою

   

Аты-жөні

Бағасы

1

 

 

2

 

 

3

 

 

4

 

 

5

 

 

6

 

 

7

 

 

8

 

 

9

 

 

10

 

 

11

 

 

12

 

 

13

 

 

14

 

 

15

 

 

16

 

 

17

 

 

18

 

 

19

 

 

20

 

 

21

 

 

 

Үй тапсырмасы: (2мин)

1.Жыныстық қатынас арқылы жұғатын инфекциялық қоздырғыштарды қазіргі таңда статистика бойынша салыстыру (соңғы 2010-2016 жж).

2.Ситуациялық сұрақтар  құрастырып келу

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Венерологиялық және урогениталды инфекция қоздырғыштары, ғылыми жоба"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный бухгалтер

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 624 860 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.06.2020 4706
    • DOCX 4.5 мбайт
    • 30 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ефремова Марина Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ефремова Марина Викторовна
    Ефремова Марина Викторовна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 72015
    • Всего материалов: 233

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 458 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии клиентоориентированного бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные направления в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе