Инфоурок Другое КонспектыУрок по психологии на тему"Іс әрекет және оның түрлері"

Урок по психологии на тему"Іс әрекет және оның түрлері"

Скачать материал

Пәні:

Психология

Тобы:

2бКШО

Уақыты:

12.11.2014

Сабақтың тақырыбы:

«Іс- әрекет және оның түрлері»

 

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат - міндеттері:

 

А)   ақпараттық

 

 

Б)   коммуникативтік

 

 

 

В)  проблеманы шешу

 

 Іс - әрекеттің  анықтамасы, түрлері, баланың дамуы және қалыптасуы туралы алынған ақпаратты талдау, жинақтау, қорыту, құрылымдау, логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, қорыту, құрылымдау, тікелей және  жанама  дәлелдеме, ұқсастығы   бойынша  дәлелдеме,   моделдеу, ойлау эксперименті, материалдарды жүйелеу) колдана отырып, ақпараттарды өндеу;

 

Іс- әрекеттің негізгі түрлерін ажырату, қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін акпараттарды қолдануға, тұлғаны қалыптастыратын іс - әрекеттің маңызды тұстары мен аспектілерін түсіну, ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі    құралдарын қолдану;

 

Іс - әрекеттің ерекшеліктерін ескеріп, дағдысы қалыптасып, өз іс - әрекетінде белсенділік көрсете алу, өз қызметіне мақсат қоюға, оны іске асыру үшін қажетті   жағдайларды анықтауға, ондағы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға дайын болу, өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға дайын болу;

 

Сабақ типі:

Жаңа сабақ

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

АКТ, оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту, проблемалық оқыту.

Танымдық белсенділігіне қарай топтастырылған әдістер: оқу ақпаратын логикалық бөліктерге бөлу, талдау, түсіндіру.

Сабақтың әдісі:

Сөздік, көрнекілік, топтық жұмыс. РАФТ әдісі,түртіп  алу, екі жақты күнделік ідісі, презентация, рефлекция.

Пәнаралық байланыс:

Педагогика,  дене тәрбиесі,анатомия, психология

Оқыту құралдары:

Дәріс мәтіндері, оқыту құралдары, , проектор ,маркер, плакат, доп.

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспарының жобасы

Сабақтың барысы:

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі

 

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі

 

 

Сабақтың жоспары:

 

 

1.  Іс- әрекет туралы жалпы түсінік

 

2. Іс- әрекет түрлері

 

3. Дағды мен икем

 

4.  Дағдының дамуы және оны қалыптастыру

 

      

 

Амандасу, түгендеу.Оқушыларды сабаққа дайындау.

 

Сабағымызды психологиялық дайындықтан бастап, бір-бірімен амандасып, тілек тілеу ұсынылады.

Қайырлы күн досым,

Қайырлы күн болсын.

Сәрсенбінің күні,

сәттілікке толсын.

Бүгін алар бағамыз,

кілең бестік болсын

 

Ой қозғау:

Студенттерге әр түрлі суреттер көрсетіліп, ондағы суреттерді бір сөзбен қалай атауға болатындығын сұрап, сабақтың тақырыбы

ашылады.

 

Сабақ тақырыбы «Іс әрекет және оның түрлері»

 

Дәптерімізге тақырыпты және сабақ жоспарын түсіріп алайық.

Студенттер сабаққа зейінін аударып, дайындалады.Оқу құралдарын әзірлейді.

Студенттер бірге қайталайды.

 

 

 

Берілген суреттерге қарай отырып, сабақтың тақырыбын біледі.

 

 

 

Дәптерлерін алып сабақ тақырыбын, жоспарын жазады.

 

 

 

 

 

 

 

  

Сабаққа әзірлігін, жұмысқа даярлығын ұйымдастырады.

 

Ой қозғау  арқылы сабақ тақырыбы ашылып, өз ойларын нақтылайды.

 

Психологиялық дайындық арқылы студенттер бір-біріне 5- тік  баға алуларын тілейді.

 

 

Іс- әрекет туралы ұғым қалыптасады.

ІI Жаңа материалды түсіндіру

 

 

Ұжымдық оқыту технологиясы бойынша топты 3- ке бөлді.

 

1топ"Ойын"

2топ: "Оқу"                                        

3топ: "Еңбек"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Студенттерді топқа бөліп топ атауларын айтады.

Дәрістің 1 сұрағы   Іс-әрекет туралы жалпы ұғым

 

     Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан саладарында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. «Әрекетіміз дұрыс болу үшін, -дейді Әл-Фараби,  - біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін анықтап алуға тиіспіз». Адамды іс-әрекетке итермелейтін оның түрлі қажеттері. Адам іс-әрекеті – күрделі процесс. Оның құрамына жеке амалдармен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесі кіреді. Іс-әрекет ұғымынан әрекет ұғымын ажырату қажет. Өйткені бұның бірінішісінің ауқымы аса кең, ал әрекеттің сипаты шағын. Ол жеке мақсатты орындауға бағытталады, әрекетті орындау тәсілдері операция деп аталады. Адам іс-әрекетінің белгілі түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасап, оны шамасынша өзгертіп отырады.

Дәрістің 2-сұрағы бойынша: Іс- әрекет түрлері    туралы түсіндіріледі.

Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар-құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын, мұнда да баланың қабілеті, белсенділігі  байқалатынын

Оқу

Оқу – іс-әрекетінің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру.
Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті – оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Сонымен бірге, жаңа буын оқу арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, ғылым – білім жүйелерін меңгереді, сөйтіп, өзін практикалық әрекетке дайындайды. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді.

Еңбек.

Адам психикасын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратын әрекеттің бірі – еңбек. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты. Еңбектегі табыстар мен нәтижелер, адамның дүние танымына, наным-сеніміне, мақсат – мүддесіне, нақты қажетіне сәйкес келу-келмеуіне қарай әр түрлі болады.
Ғылым мен техниканың дамуы, білім жүйесі мен дағдының ойдағыдай қалыптасуы қара күштің салмағын біртіндеп кеміте береді, оны басқару оңайланады.

Дағды мен икем

Алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталынуын дағды деп атайды.

Икемділік дегеніміз – адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті. Икемділік білім мен тәжірибеге негізделеді. Кімнің білімі мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады.

Дағдының дамуы және оны қалыптастыру. Жас баланың дағдылары мен әдеттері үлкендердің қылығына еліктеу негізінде қалыптасады. Еліктеу арқылы бала түрлі тұрмыстық дағдыларға машықтанады. Бала дағдыларын үлкендер қадағалап отыруы тиіс. Баланың дағдыларын дамытуда оған әуелі жақсы үлгі көрсетіп, содан кейін ғана оны жаттықтыра бастаған дұрыс нәтиже береді.

Әдеттерді тәрбиелеу жолдары:

1.Мұғалім мектеп оқушысына қажетті әдістерді алдымен олардың ата – аналарына түсіндіргені дұрыс. Өйткені кез келген ата –ана мектептік дағдылар мен әдеттердің қалайша қалыптасып отыратынын біле бермейді.

2) Оқушының дағды, әдеттерінің даму дәрежесі біркелкі болмайды. Ол әр оқушыда түрліше дамып отырады. Сондықтан мұғалім бұлардың әрқайсысына жеке назар аударып, жеке бақылап отырмайынша, әдеттердің дұрыс жақтары мен теріс жақтарын ажыратпайынша, дағды, әдет тәрбиесі ойдағыдай     ұйымдастырылмайды.

  Топтарға бөлініп отырады.

        

Студенттер гипермәтін арқылы жаңа мәтінмен танысады. Берілген мәтінге көз жүгіртіп, әркім өз бетінше шолу жасайды.  Жаңа тақырып  туралы мәліметтерді жазады. Іс-әрекет туралы жалпы ұғыммен танысады.

Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару – оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Адамның сана-сезімі өскен сайын оның әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады. Адам психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымыз қажет. Сөйтіп сана мен іс-әрекеттің бірлігі, психиканың іс-әрекет үстінде дамитындығы жайлы мәселе психологияның басты принциптері болып табылады. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері: ойын,оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады.Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрлі көрінетіндігінде.

 

Ойынның мәнімен, ұйымдастыру жолдарымен танысады. Бала өмірінде ойнның маңыздылығын біледі.  Ойынның қозғаушы күші – баланың нақты тілегі мен қызығуы. Еңбек үстінде адамның мақсаты мен мотивінің арасында келіспеушілік болуы мүмкін. Ойында бұл жағы болмайды. Еңбектің қандай түрі болмасын одан қоғамдық пайдалы өнім шығуы қажет.

 

1        Оқу әрекеттерінің өзіне тән мотивтері болады. Тәрбиешіге, не оқитын адамның өзіне осы мотивтерді білу оның әрекетінің мақсатын дұрыс анықтау үшін аса қажет. Баланың жасы өскен сайын психикасы да өсетіндіктен, оның оқуға деген қатынасы да өзгеріп отырады. Мәселен, жоғарғы класс оқушыларының оқу мотивтері бастауыш мектептегілерден басқаша болады. Білім игеру үлкен саналықты, өз бетімен жұмыс істеп үйренуді, өз мінез – құлқын меңгеруді керек етеді.

2        Еңбек тек өнімді, пайдалы болып қана қоймай,ол сонымен қатар шығармашыл  еңбек болуы қажет.Оған күшті, ерік-жігер, қажыр-қайрат керек. Жалқау адамда шығармашылық  еңбек болмайды.

 

Дамуы шегіне жеткізілген дағдылардан мына төмендегідей белгілерді байқауға болады:

Дағды алудың белгісі – әр түрлі амалды  тез орындап, шапшаң қимылдау;

Дағды қалыптасқаннан кейін күштеніп, зорланып, қиналып істеу жойылады;

Дағдыланудың үшіншісі белгісі – бірқатар жеке амалдарды біріктіріп, одан тұтас бір амал жасай алу;

 

Әдеттерді тәрбиелеуде ата – аналар мен тәрбиешілер арасында бірыңғай талап болмайынша істің оңға басуы қиын болады. Осы айтылғанға орай мұғалім жүргізетін шаралардың кейбірі мына төмендегілер:

3) Мұғалім жеке оқушылардың басында ұшырасып отыратын жаман әдеттерді дер кезінде көре біліп, оған бүкіл класс ұжымының назарын аударым, қоғамдық пікір туғызған жөн.

4) Әдеттерді тәрбиелеу баланың жеке басын, әсіресе, оның ерік – жігер сапаларын тәрбиелеумен қатар жүргізілуі тиіс. Ұстамдылық, өзін – өзі меңгере алу, мақсатқа ұмтылғыштық сияқты жақсы қасиеттердің қалыптасуы баланың кейбір ұнамсыз әлеттерден арылуына жәрдемін тигізеді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Студенттер Бала дамуындағы қимыл-қозғалыс ойындары туралы түсініктері қалыптасады. Сабаққа қызығушылықтары оянады.

 

 

 

 

 

 

Іс-әрекет және  түрлері   жөнінде білімдерін толықтырады, бір-бірінің ойларына ден қойып, өзгелердің пікірімен санасу дағдыларын жетілдіреді. Жаңа сабақты тыңдауға қызығушылық танытып, сабаққа белсенді араласуға ынталанады.

Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс

Адам өміріндегі іс-әрекеттің маңыздылығын ұғынады.

Іс-әрекет түрлерімен танысады.

 

 

 

 

 

 

 

Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі екендігін біледі.

 

Ойын арқылы баланың ой-өрісі, бір-бірімен қарым –қатынасы артады.

Ойын арқылы бала өз қажетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді.

 

Балалардың қиялын, ойлауын, сөйлеуін дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар екенін ұғынады.

 

Ойын арқылы тәрбиеші мен балалар арасында достық байланыстың орнауына және  балалардың  ұжымдық  өзара қарым-қатынасын нығайтуға      ықпал  ететіндігін түсінеді.

 

Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді.

 

Оқу әрекеттерінің өзіне тән мотивтері болатындығын біледі.

 

 Баланың жасы өскен сайын психикасы да өсетіндіктен, оның оқуға деген қатынасы да өзгеріп отыратындығын ұғынады.

 

Еңбек әрекетінің маңыздылығын, қажеттілігін түсінеді.

Еңбек түрлерінің жеке- жеке мәнін:

 

Бастауыш класстардағы еңбек тәрбиесі – баланы жүйелі түрде еңбек дағдыларына үйретудің бірінші қадамы.

 

 

 

Алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталынуын дағды деп атайды.

Мектептегі оқу-тәрбие процесінің міндеті балаға тек білім беру ғана емес сонымен қатар оны түрлі дағды – әдеттерге, бір нәрсені істеп үйренуге жаттықтыру болып табылатындығын біледі.

Икемділік адамның әр нәсені орындай білу қабілеті екендігін, білімі мен тәжірибесі көп адам қай нәрсеге де икемді келетіндігін;

 

 

Дағдыны қалыптастыру жолдарын біледі.

 

Балалрдың бойына жақсы әдет қалыптастырудың жолдарын табуды үйренеді.

Балалардың жақсы әдеттерін шындап, жаман ідеттен арылуға үлес қосу керектігін ұғынады.

ІІІ   Жаңа білімді бекіту

 

 

Жаң сабақты бекітіп, нақтылау бағытында әр топқа тапсырмалар берілді.

1топ: «Ойын» Іс әрекеттің адам өміріндегі маңызы тақырыбында еркін жазу арқылы сипаттайды

 

Студенттерге презентация жасауға тапсырма беріледі.

2 топ: «Оқу» «РАФТ» әдісі бойынша ойын әрекетін сипаттаңыз?

  

Р- роль

А- аудитория

Ф- фон

Т- тақырып

 

3 топ: «Еңбек» бұл топқа

"Оқу әрекетінің ұйымдастыру жолдары"  тақырыбында презентация  орындау тапсырылады.

Тапсырмалардың жауабы тыңдалып келесі тапсырмалар беріледі.

        1топ: "Ойын" тобы

 

 

2топ: " Оқу"  тобына Дағдыны қалыптастыру жолдарын көрсету ұсынылады.

 

3топ: "Еңбек" тобы. Венн диаграммасы арқылы Дағды мен икемнің айырмашылығын көрсету

 

 

Студенттер  алған білімдері бойынша тапсырмаларды орындайды.

 

1топ: «Ойын»

«Іс әрекеттің адам өміріндегі маңызы  »тақырыбында презентация жасайды.

 

 

Берілген тапсырманы орындап, топ алдында қорғайды.

 

 

2 топ: «Оқу» тобы өздеріне берілген тапсырма ойын түрін көрсетеді.

 

 

Оқу әрекетінің ұйымдастыру жолдарын айтып, өз жауаптарын береді.

 

 

Өздеріне берілген еңбек әрекетінің мәнін ашып, еңбектің түрлерін мысалдармен айтады.

2топ:  "Оқу" тобы  Дағдыны қалыптастыру жолдарын көрсетеді

    

 

 

3топ: "Еңбек" тобы

Венн диаграммасы арқылы Дағды мен икемнің айырмашылығын жазып көрсетеді.

 

 

 

Студенттер сабақ барысында игерген білімді және өздерінде қалыптасқан түсініктерді  пайдаланып, тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша алған білімдерін бекітеді.

 

Өз беттерімен жұмыс жасау дағдысын меңгереді, нақты пікірін білдіруге, топ алдында өз ойын айтуға дағдыланады.

1 тапсырма бойынша адам өміріндегі іс-әрекеттің маңыздылығын түсінеді.

2тапсырма бойынша «РАФТ» әдісі бойынша ойын әрекетін сипаттап, ойын үлгісін көрсетеді.

3тапсырма: Оқу әрекетінің ұйымдастыру жролдарын жете түсініп, машықта қолдана білу:

 

Ойын, оқу, еңбек әрекеттері жігерлілікке, шыдамдылыққа және ұйымшыл болуға тәрбиелейді. Сондай ақ тез арада ойлау қабілеттерін дамытады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Еңбек әрекетін түсініп, олардың түрлерін мысалдармен дәлелдейді.

 Өз ойларын айтуға, бірін –бірін тыңдауға үйренеді.

Дағдыны қалыптастырудың жолдары:

Баланың партада отыруын, қаламды ұстауын, дәптерді дұрыс қоюын барлық дұрыс дағдыны үйрету керектігін:

 

 

Венн диаграммасы арқылы Дағды мен икемнің айырмашылығын біледі.

Топ студенттері жасаған жұмыстарын қорғап қаншалықты тақырыпты түсінгендері аңғарылады.

 

ІҮ. Қорытындылау  Бағалау.

 

Рефлекция жүргізілді. «Қалпақтар» ойыны

Әр топ өздерінің жаңа тақырып бойынша не ой түйгендерін,қалпақ киіп  көрсетеді.

     

Топ студенттері барлығы бағаланады.

«Қалпақтар » ойыны арқылы  өздерінің сабақта алған ақпараттарын айтады.. Оқушылар сабаққа қатысулары бойынша өз әрекетінің нәтижесін біледі

Іс- әрекет және оның түрлері тақырыбында білімдері кеңейеді.

 

Өздерінің және өзге студенттердің іс - әрекеттерінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетеді; Өз қызметіндегі қызығушылығын анықтайды.

 

Ү.  Үйге тапсырма

Жалпы тақырыптың барлығын оқып, дайындалып келу.

Оқушылар бүгінгі сабақ  материалымен толықтай танысады және қосымша ақпараттар жинайды, ізденіп дайындалады.

Басқа педагогикалық  әдебиеттер бойынша қосымша ақпаратпен танысады, ізденуге үйренеді.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по психологии на тему"Іс әрекет және оның түрлері""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Спортивный психолог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

 

Іс - әрекеттің  анықтамасы, түрлері, баланың дамуы және қалыптасуы туралы алынған ақпаратты талдау, жинақтау, қорыту, құрылымдау, логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, қорыту, құрылымдау, тікелей және  жанама  дәлелдеме, ұқсастығы   бойынша  дәлелдеме,   моделдеу, ойлау эксперименті, материалдарды жүйелеу) колдана отырып, ақпараттарды өндеу;

Іс- әрекеттің негізгі түрлерін ажырату, қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін акпараттарды қолдануға, тұлғаны қалыптастыратын іс - әрекеттің маңызды тұстары мен аспектілерін түсіну, ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі    құралдарын қолдану;

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 819 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Лекция предмета " Ревьюирование программных продуктов "
  • Учебник: «Основы учебно-исследовательской деятельности: учебное пособие для среднего профессионального образования», Байкова Л.А.
  • Тема: Глава 2. Особенности профессиональной психолого-педагогической деятельности в современном образовании
  • 03.10.2020
  • 2647
  • 73
«Основы учебно-исследовательской деятельности: учебное пособие для среднего профессионального образования», Байкова Л.А.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.01.2015 3656
    • DOCX 3.6 мбайт
    • 52 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Макашева Фарида Нагимуллиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Макашева Фарида Нагимуллиевна
    Макашева Фарида Нагимуллиевна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14202
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 458 человек из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление рисками и финансовое моделирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интеллектуальная собственность: медиа и фотографии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы искусствознания

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе