Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы,
Қ.Сәтбаев
атындағы жалпы білім беретін
мектебінің логопед – мұғалімі Шукурова
Нуржамал Шариповна
1-сабақ
Сабақтың
тақырыбы: Аманат. А
дыбысы
Сабақтың
мақсаты:
-ЗЕЙІН ҚОЮҒА ,ӨЗ
ІС-ӘРЕКЕТІН БАҚЫЛАУҒА ҮРЕТУ.
-ФОНЕМАТИКАЛЫҚ
ЕСТУІН ДАМЫТУ.
-А ДЫБЫСЫНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІГІН ТҮСІНДІРУ
-АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ
ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ОРЫНДАУ.
-ҰСАҚ МОТОРИКАҒА
АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ЖАСАУ.
Көрнекіліктер: суреттер, артикуляциялық жаттығулар,
слайдтар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1) амандасу
2) сабаққа дайындалу кезеңі.
1.АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ
ЖАТТЫҒУЛАР
«Терезе»
Ауыз кең ашылған –
«А-а-а»
Ауыз ашық
2.«А»ДЫБЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІМЕН ТАНЫСТЫРУ
Иектің
төмен түсіп, тілдің кейін жылжуы кезінде ауыз қуысының кең ашылуынан пайда
болады.
3.
ДЫБЫСТЫҚ-ӘРІПТІК ТАЛДАУ
Аманат, ата, ана,
мұра.
4. БУЫН ҚҰРАМЫМЕН
ЖҰМЫСТАНУ
Ас – ас – ас асық,
ас, бас
Ал – ал – ал сал,
бал
Аң – аң – аң аңыз,
таң
5.ФОНЕМАТИКАЛЫҚ
ЕСТУІН ДАМЫТУ
Сөздің басындағы,
ортасындағы,соңындағы дыбыстарды айтып бер
ҰСТАЗ, ПАРТА, ТАҚТА,
ҚАЛАМ
6. ҰСАҚ
МОТОРИКАҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР
«Қайық»
ЕКІ АЛАҚАНЫМЫЗ
ҚАБЫРҒАЛАРЫНА ҚОЮЛЫ ЖӘНЕ ОЖАУ ТҮРІНДЕ ҮЛКЕН САУСАҒЫМЫЗ ТУРА ТӨРТ
САУСАҚТАРҒА ТАҚАУ ОРНАЛАСҚАН. ЫНТАЛЫ САУСАҚТАРДЫ 5-10-ҒА ДЕЙІН ҰСТАП ТҰРУ,
СОНАН СОҢ СІЛКУ
7. Сергіту сәті
Алатаудың аясында,
Алма терді Алмагүл.
Артта қалмай алда
жүр,
Апорт деген
алмасынан,
Ал, тәттісін таңдап
жүр.
7. Мәтінмен
жұмыс
Аманат
Аманат-(дәстүр). «Кісінің аманатынан уақытында құтыл. Еңбегіңе
(ақыңа) қиянат жасаған адамға сен қиянат жасама ( Мұхаммед Пайғамбардың
хадистерінен). Бір адамның екінші біреуге сақтауға берген бағалы заттары.
«Аманат» - түбірі «аман» деген сөзден шыққан болуы керек. Аманатты сақтау және
оны мезгілінде тапсыру зор адамгершілікке жатады. «Аманат –аман сақтайды» -
дейді халық. Аманатқа қиянат жасамайды. Ол өте ауыр күнә деп есептеледі.
Аманаттың бұрын ел аралық қатынаста да үлкен мән-маңызы
болған. Көбінесе ол бірлік, татулық, бітім жолына қызмет еткен. Тарихымызда «ақ
үй аманат алып барған деректер жиі кездеседі. (Ш.Уәлиханов). Ерте кезде
жауласушы екі ел татуласқан кезде аманатқа адам да қалдырып кететін болған.
Тапсырма:
1.
Мәтінді оқы
2.
Мәтінді түсіндір
3.
Мәтінне «А» дыбысы бар
сөздерді тап
Қорытынды:
2-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Әдет. Ә
дыбысы
Сабақтың
мақсаты:
-ЗЕЙІН
ҚОЮҒА ,ӨЗ ІС-ӘРЕКЕТІН БАҚЫЛАУҒА ҮРЕТУ
-ФОНЕМАТИКАЛЫҚ
ЕСТУІН ДАМЫТУ
-Ә
ДЫБЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІН ТҮСІНДІРУ
-АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ
ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ОРЫНДАУ
-ҰСАҚ
МОТОРИКАҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ЖАСАУ
Көрнекіліктер: суреттер, артикуляциялық жаттығулар,
слайдтар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1) амандасу
2) сабаққа дайындалу кезеңі.
1.АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
«Терезе»
Ауыз
кең ашылған – «А – а - а»
Ауыз
жабық
«Тісімізді тазалаймыз»
Жымиып
аузымызды ашамыз.
Төменгі
тісімізді тілдің ұшымен кезек-кезек шайамыз
2. Ә-ДЫБЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІМЕН ТАНЫСТЫРУ
Ауыз мол ашылып,
тіл мен иектің төмен түсуінен пайда болатын жіңішке, ашык, езулік дауысты
дыбыстың таңбасы. Көбінесе сөздің бірінші буынында қолданылады.
4. ДЫБЫСТЫҚ-ӘРІПТІК
ТАЛДАУ
•Әже
– әкесінің шешесі, үлкен шеше.
•Әке
– балалы болған ер адам.
•Әлем – жер жүзі, дүние жүзі, жиһаз.
•Әсем – әдемі, керікті, көркем.
•Әуе – жер үстін қоршаған көк күмбез аспан.
•Әдемі – көркем, сұлу, әсем.
•Сәнді – көркі келісті, әдемі.
•Дәмді бабымен дайындалған тәтті, жұғымды тағам.
•Ән – музыкалық шығарманың әуені, сазы.
•Сән – әдемі, жарасымды.
•Әнші – әнді орындаушы адам.
4.
БУЫН ҚҰРАМЫМЕН ЖҰМЫСТАНУ
Сә
– сә – сә сән
Жә
– жә – жә жәшік
Мә
– мә – мә мәс
Рә
– рә – рә рәміз, рәсім
Шә
– шә – шә шәлі
5.
ФОНЕМАТИКАЛЫҚ ЕСТУІН ДАМЫТУ
Сөздің басындағы,
ортасындағы,соңындағы дыбыстарды айтып бер
Әлем,
әсем, әдемі, әнші әтеш, дәптер, тәртіп, тәулік, жәшік.
6.
ҰСАҚ МОТОРИКАҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР
«Тамырлар»
Қолымыз алдымызға
қоюлы, алақанымызбен өзімізге қарай, саусақтар ажыратулы, ынталы түрінде
5-10-ға дейін ұстап тұру. Сонан соң қолымызды сілкіндіру
7. Мәтінді мәнерлеп оқы
Әдет
Әдет. «Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдептен» (мақал). Адамдарда әртүрлі
әдет болады. Мысалы: біреу түсте ұйықтауды немесе құлағын шұкып отыруды әдетке
айналдырады. Енді біреу өсек, өтірік айтуды, арыз жазуды немесе ұрлық қылуды
әдет қылады. Мұның бәрі халық ұғымында, санасында «әдет» деп аталады. Оның
жақсы да, жаман да түрлері бар. Жоғарыда айтылған мақал оның жақсысын үйренуге,
жаманынан жиренуге шақырады. Әдет те халықпен бірге келе ұлттық ғұрпымыздың
бір түріне жатады.
Мәтінді дауыстап
оқы
Мәтіннен
түсінгеніңді айт
Сұрақтарға жауап
бер
Қорытынды
3-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Бата. Б дыбысы
Сабақтың мақсаты:
-ЗЕЙІН
ҚОЮҒА ,ӨЗ ІС-ӘРЕКЕТІН БАҚЫЛАУҒА ҮРЕТУ
-ФОНЕМАТИКАЛЫҚ
ЕСТУІН ДАМЫТУ
-Б
ДЫБЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІН ТҮСІНДІРУ
-АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ
ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ОРЫНДАУ
-ҰСАҚ
МОТОРИКАҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ЖАСАУ
Көрнекіліктер: суреттер, артикуляциялық жаттығулар,
слайдтар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1) амандасу
2) сабаққа дайындалу кезеңі.
1. АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ
ЖАТТЫҒУЛАР
«Қамыр
басамыз»
Жымиып,
тілімізді кезекпен соғу. – «пя-пя-пя...»
«Тісімізді
тазалаймыз»
Жымиып
аузымызды ашамыз.
Жоғарғы
және төменгі тісімізді тілдің ұшымен кезек-кезек шайамыз
2.
Б-ДЫБЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІМЕН ТАНЫСТЫРУ
Б дыбысын еріннің
бір-біріне әуелі нық тиіп, артынша кілт ашылуынан пайда болады
«Кім көп сөз
біледі?» ойыны. Балаларға Б дыбысынан басталатын сөздер айтқызу.
Балық,
бақа, бөрік, банан, бал, балға, балмұздақ
3. ДЫБЫСТЫҚ-ӘРІПТІК ТАЛДАУ
Бақа,
балық, Болат, бөрік, бақша, бала, бар, баспа, бөлме, балапан
4. БУЫН ҚҰРАМЫМЕН ЖҰМЫСТАНУ
Ба-
ба- ба бақа
Бо
– бо- бо бота
Бө
– бө – бө бөрік
Бе
– бе – бе Берік
Бұ
– бұ – бұ бұта
5.
ФОНЕМАТИКАЛЫҚ ЕСТУІН ДАМЫТУ
Сөздің басындағы,
ортасындағы,соңындағы дыбыстарды айтып бер
Балға,
балта, барабан, банан, буын, бас, балақан, бүркіт, бейбіт, түбіт, бидай
6.
ҰСАҚ МОТОРИКАҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР
«Тату
саусақтар»
Саусақтар алға
созылған, түзу төрт саусақ, бас бармақ бір біріне тақап орналасқан. Ынталы
түрінде ұстап тұру. Қолымызды сілкіндіру
7. Сергіту сәті
Бота,бұзау,балапан,
Бақ ішінде ойнап жүр.
Бұлақ жақта бақа көп
Бақ-бақ қуып мойнақ жүр.
8.Мәтінді мәнерлеп оқы
Бата
Бата
(бата беру, бата алу), (дәстүр). «Батамен ер көгерер» (мақал). Ақ түлеудің
белгісі – бата. Ол кез келген жерде айтыла бермейтін қасиетті рухани ұгым. Ең
жақсысын халық «ақ бата» деп қастерлейді. Батаның бірнеше түрлері бар.
1. Жас
талапкерге бата. Бұл ерлік, өнер, өмір жолына, ұзақ сапарға аттанар алдында
әдейі барып тілейтін бата. Мұндай баталар талапты , халық сүйген, ер
азаматтарға ғана берілген.
2.
Дастарқанға бата. Дастарқаның, мол болсын,
Абыройың зор болсын. (ақ бата)
Батаның
екінші түрі дастарқанға ризашылықпен беріледі. Дұрыс мүшелі қонақасы берілмесе
шешен, өткір тілді адамдар бата арасында сол үйдің сараңдығын да қосып айтып
жіберетіндер болған.
3. Алғыс
батасы. Бақ берсін, бас берсін.
Өміріңе ұзақ жас берсін! (ақ бата)
Үлкен
кісілер немесе кез келген адам біреудің қайырымдылығы мен жақсылығы, ізгі
кызметі үшін де бата береді. Батаның тәрбиелік мәні зор. Батаны кұрметті, елге
сыйлы адамдар береді.
5. Жаңа
айдың батасы.
6. Наурыз
батасы.
Мәтінді дауыстап оқы
Мәтіннен түсінгеніңді айт
Сұрақтарға жауап бер
Қорытынды
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.