Инфоурок Геометрия КонспектыАшық сабақ "Квадрат теңдеулерді шешу" (8 сынып)

Ашық сабақ "Квадрат теңдеулерді шешу" (8 сынып)

Скачать материал

Қостанай қаласындағы №20 орта мек-

тебінің математика пәнінің мұғалімі

Әмір Гүлбадан Сейілханқызы.

Сыныбы: 8 сынып.


Пәні: Алгебра


Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулерді шешу.


Сабақтың мақсаты: Квадрат теңдеулерді шешу тақырыбы бойынша оқушылардың алған білімдері негізінде есептер шығару дағдысын қалыптастыру, білімі мен біліктілігін жетілдіру. Тақырып бойынша алған білімді жүйелеу.


Сабақтың дидактикалық мақсаты: Квадрат теңдеу және оның түрлерін білу, квадрат теңдеу дің түбірлерінің саны мен түбірлерінің формуласын білу, оның дискриминантқа тәуелді екенін білу. Виет теоремасы және оны есептер шығару барысында қолдана білу.


Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру, өз бетінше жұмыс істеуге қалыптастыру. Мамандыққа баулу, құрылысшы мамандығымен таныстыру, жауапкершілікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: «Біз үй тұрғызамыз» практикалық сабақ.

Берілген сабақты өткізердің алдында дайындық жұмыстары жүргізіледі. Оқушыларға құрылысшы мамандықтары; сылақшы, дәнекерлеуші, ағаш ұстасы, т.б...кәсіптер туралы оқып, мағлұматтар жинақтап келу тапсырылады.


Сабақтағы қарым-қатынас: Ұжымдық, топтық және жеке-дара жұмыс түрлері.


Сабақтың барысы: 1-кезең: Ұйымдастыру: (2 мин)



«Үй құрылысын салатын мамандарды белгілеу»


hello_html_3617bd84.jpghello_html_4b44717f.png



Мақсаты: Сабақтың жүру барысымен таныстыру.

Негізгі шарты:

Сыныпта 25 оқушы бар, олар 3 топқа,( яғни бұдан былай бригада деп аталады) бөлінеді,әр топта немесе бригадада 6 баладан (олар бригада мүшелері, оның ішінде біреуі әр топтан топ жетекшісі «бригадир» -оқушы сайланады.(Ескерту! Бұл оқушының білім деңгейі жоғарырақ болуы керек). Ол оқушылар мен топ жұмысын әр кезең сайын есептеп, бағалау парағына жазып отырады. Сыныпта ең жақсы оқитын 1оқушы мұғалімге көмекші, яғни «оқушы-мастер» болып сайланады. Бұл сабақта мұғалім-«прораб» рөлін атқарады. Сабақта берілетін тапсырмалар жазылған үлестірмелі карточкалар құрылыс материалдары ретінде түрлі –түсті қағазға жазылып таратылады. Мысалы іргетас блогы-сұр түсті карточклар, кірпіштер-қоңыр түсті карточкалар, есік пен терезелер-көк , үй шатыры- жасыл, трубалар- сары түсті үлестірмелі карточкалар,т.б... Карточкалар сыртына тапсырмалар жазылады. Тапсырмалар кезеңдерге байланысты оңайдан біртіндеп күрделене бастайды. Осы тапсырмаларды сабақтың әр кезеңінде орындап, магнитті тақтада карточкаларды ретімен жапсыру арқылы үй құрылысы жүзеге асады. Әр кезең бойынша


2-кезең: «Үй іргетасы-фундамент блок қою» (сұрақ-жауап. 6 мин)

Мақсаты: Тақырып бойынша алған білімді қайталау.

Негізгі шарты: Жұмысқа барлық оқушы қатысады. 6 «іргетас-блок» карточка бар, әр бригадаға 2 карточкадан тапсырылады. Бригадир алып, әр бригада кезекпен іргетас-блок карточкасында жазылған сұрақтарға ауызша жауап береді, дұрыс жауапты «оқушы-мастер» қабылдап алады. Егер жауап дұрыс болмаса, онда бұл іргетас –блок карточкасы ақауы бар деп танылады да, оның орнын басқа құрылыс материалымен ауыстыруы керек. Сондықтан басқа бригада мүшелері дұрыс жауаптарын берулеріне болады.


hello_html_m5667f756.jpg


«Іргетас-блок» карточкаларына арналған сұрақтар.

1-«іргетас-блок» карточкасы

1. Квадрат теңдеудің анықтамасын бер.

2. x2 = d теңдеуінің қанша түбірі бар, егерде d > 0 болса?

2-«іргетас-блок» карточкасы

1. Қандай теңдеулерді толымсыз квадрат теңдеулер деп атаймыз?

2. x2 = d теңдеуінің қанша түбірі бар, егерде d < 0 болса?

3-«іргетас-блок» карточкасы

1. Қандай өрнек дискриминант делінеді, ол не үшін қажет?

2. ах2 = 0 теңдеуі қалай шешіледі?

4- «іргетас-блок» карточкасы

1. Квадрат теңдеудің түбірлерінің саны мен дискриминантының арасында қандай тәуелділік бар?

2. ах2+вх = 0 теңдеуі қалай шешіледі?

5- «іргетас-блок» карточкасы

1. Келтірілген квадрат теңдеулер қандай теңдеулер?

2. ах2 + с =0 теңдеуі қалай шешіледі? Әр уақытта шешімі бола ма?

6-«іргетас-блок» карточкасы

1. Қандай теңдеулер биквадрат теңдеулер деп аталады?

2. Түбірлер табу формуласын жаз.


hello_html_m4e33b12.png




3-кезең: «Үй қабырғаларын қалау» (топпен жұмыс10 мин)


Мақсаты: Тақырып бойынша алған білімді бекіту немесе нақтылау.

Негізгі шарты: Мұнда оқушылардың тапсырмаларды өз бетімен орындауы және өз білімдерін бағалай білуіне назар аударылады. Әр бригадаға «кірпіш»-карточкалары таратылады, оның әрқайсысында ---- тапсырмалар бар. Карточкадағы тапсырмаларды бригада мүшелері , яғни оқушылар орындап болған соң «бригадир» -жетекшіге тапсырады, ол «мастер-көмекшінің» берген жауаптарымен тексеріп, тақтада магнит арқылы жапсырып, кірпіш-тапсырмаларды қалайды. Қате шығарылған есептері бар карточкалар «ақауы» бар деп танылып, басқа дұрыс жауап табылған тапсырмамен ауыстырылады. Бұл кезеңде әр топтан 3 оқушы берілген карточкадағы тапсырмалардан кем дегенде 2 есептен шығарады,бригадир дұрыстығына көз жеткізіп қабылдап алады да, мастерге тапсырады. Егерде жауабы қате болса, ақауы бар деп танылып, дұрыс жауабы бар карточкамен алмастырылады.

hello_html_7d5a6a88.jpg


«Кірпіш» карточкаларға арналған тапсырмалар

1 бригадаға карточка:

1) Толымсыз квадрат теңдеулерді шеш:

а) 3х2-12=0 б) 2х2 + 6х=0 в) 1,8х2 = 0 с) х (х + 0,5)= 0

д) 7х2 – 14 =0 е) (х+1)(х-2) =0 ж) 3х – 2х2 =0 з)х 2 + 9 =0

2) Квадрат теңдеулердің дискриминантын табыңдар:

а) 3х2 – 5х + 2 =0 б) 3х – 1 + 6х2 =0 в) х4 + 15х2 -16 =0 с) 2- 3х = 5х2

д) 5у2 – 4у =1 е) 3х – х2+19 =0 ж) х2 + 7 – 4х =0 з) 2х 4 -19х2 +9=0


3) Түбірлері мына сандарға тең квадрат теңдеулерді Виет теоремасын қолданып құрыңдар:

а) -1 және 2; б) 1 және 3; в) 3 және 2; с) -16 және 1;

д) 14 және 2; е) 4- және 3; ж) 2; з) -5 және -2.


2 бригадаға карточка:

1) Толымсыз квадрат теңдеулерді шеш:

а)2х2 – 18 =0 б) 3х2 – 12х =0 в) 2,7х2 =0 с) (х+2)(х-1)= 0

д) 7х- х2 =0 е) х(х – 0,3) =0 ж) х2 + 16 = 0 з)х2 -36х =0

2) Квадрат теңдеулердің дискриминантын табыңдар:

а) 5х2 – 8х – 4 =0 б)3х4 – 13х2 +4=0 в) х4 – 17х2 +16 =0 с) 2х2 +3х- 2 =0

д) 3х2 + 7х -6 =0 ж) 3х2 +9 = 12х – х2 з) 6х2 – 7х +1=0 е) 5х2 -8х +3

3) Түбірлері мына сандарға тең квадрат теңдеулерді Виет теоремасын қолданып құрыңдар:

а) -3 пен -2; б) 7 мен -1; в) -4 пен -3; с) 2 және 5;

д) -1 және 2; е) 4 ж) 11 және 3; з)-1 мен 3.


3 бригадаға карточка:

1) Толымсыз квадрат теңдеулерді шеш:

а) 10х2 +5х =0 б) 12х2 + 3х =0 в)8 – 9х2 =0 с) 6х2 – 18 =0

д) 4х2 – 9 =0 ж) 9у2 – 4 =0 з) х2 – 6х =0 е) 6 – 54х2 = 0

2) Квадрат теңдеулердің дискриминантын табыңдар:

а) х2 – 6х + 8 =0 б) х2 + 10х + 9 =0 в) 5х2 – 4х – 12 =0 с) 3х2 +5х – 2 =0

д) 5х2+1=6х-4х2 е) х(х+2)=3 ж) 2х4- 19х2 +9 =0 з) –х2+7х -10=0

3) Түбірлері мына сандарға тең квадрат теңдеулерді Виет теоремасын қолданып құрыңдар:

а) 1 мен 2; б) 6 мен -1; в) 7 пен 3; с) -2 және- 5;

д) -1 және - 2; е) 7 және 5 ж) 16 және 3; з) -9 мен 4.

Осы кезеңде әр бригададан бір-бірден дәнекерлеущі, ағаш ұстасы белгіленеді. Оларға да жеке тапсырмасы бар карточкалар таратылады, мастер арқылы дұрыс жауабы табылғандары қабылданып алынады. Тақтада магниттің көмегі арқылы жапсырылады.

hello_html_m53d4ecad.gif

«Дәнекерлеуші-сварщиктер» карточкалары-(жеке жұмыс- 5 мин)

1-бригада дәнекердеушісі: Екі натурал санның көбейтіндісі 48- ге тең, оның біреуі екіншісінен 2-ге артық. Осы сандарды тап.

2-бригада дәнекердеушісі: Екі натурал санның көбейтіндісі 33-ке тең. Оның біреуі екіншісінен 8 санға кем. Осы сандарды тап.

3-бригада дәнекерлеушісі: Біреуі екіншісінен 4-ке артық екі оң сандардың көбейтіндісі 96-ға тең. Осы сандарды табыңдар.


hello_html_m34b7cf17.jpghello_html_m6d71cd2a.jpg


«Ағаш ұстасы» үшін берілетін карточкалар-(жеке жұмыс- 5мин)


1-бригада ұстасы: hello_html_m53d4ecad.gifhello_html_6337dae8.gif;

2-бригада ұстасы: hello_html_m654d4df5.gif ;

3-бригада ұстасы: hello_html_1d298304.gif.





hello_html_m56ac4251.jpghello_html_4e5db533.jpg


hello_html_m53d4ecad.gif

Ескрту! Егерде есеп шығару барысында қиындықтар болса, онда «мастермен» және «прорабпен» кеңесуге болады.


4-кезең: «Үй шатырын жабу» (6 мин)

Мақсаты: Топтың жұмысын бағалау, «Үлгілі бригада» вымпелін қай топ жеңіп алатынын анықтау.

Негізі шарты: Бұл кезеңдетоп жетекшісі, яғни «бригадирлерге» тапсырма таратылады. Олар тақтада орындайды, қай бригадир тез әрі дұрыс шығарса, сол бригадаға ұпай қосылады. Ал қалған бригада мүшелері өз бригадирлерінің есептерін тақтадан дәптерлерінеге жазып, шығарылу жолын түсініп, өзара талдайды.

hello_html_m47004da2.jpghello_html_m173d1596.jpg



«Бригадирге» берілетін карточкалар


1-нші бригадирге:Мотоциклші жолға 30 минут кешігіп шықты. Жоғалтқан уақыттың орнын толтыру үшін ол жылдамдығын 10 км/сағ –қа арттырды да белгіленген пунктке дәл уақытында келді. Бүкіл жолдың ұзындығы 60 км болса, мотоциклші қандай жылдамдықпен жүрген?

2-нші бригадирге: Ара қашықтығы 24 км болатын А пунктіне В пунктіне қарай велосипедші шыққан. 20 минуттан кейін оның соңынан екінші велосипедші шығып, В пунктіне біріншіден 10 минут ерте келді. Бірінші велосипедшінің жылдамдығы екінші велосипедшінің жылдамдығынан 3км/сағ кем. Бірінші велосипедшінің жылдамдығын табыңдар.

3-нші бригадирге: Екі порттық кран бірлесіп, баржадағы жүкті 6 сағатта түсіріп болды. Егер екіншіге қарағанда бірінші 9 сағат ерте бітіретін болса, әр қайсысы жеке-жеке неше сағатта жүкті түсіріп болады?


5-кезең; «Мұржа – пеш жүргізу» (3 мин)


Мақсаты: Жұмысты аяқтау үшін «мастерге» арналып жеке карточка беріледі, ол тапсырманы толық дәледуімен түсіндіреді. Бұл тапсырма халықтық тәлім-тәрбие беретін мазмұндағы есеп.

hello_html_5a610f88.jpg


«Мастерге» берілетін карточка


«Амандасу» Мәжіліске қатысушылар бір-бірімен сәлемдесіп қол алысқан, біреу қол алысудың барлық саны 66 болғанын санапты. Мәжіліске қанша адам келген?

(Жауабы: 12 адам қатынасқан)


6-кезең: Сабақты қорытындылау (3 мин)


Бригадалардың,(топтардың) бригада мүшелерінің(оқушылардың) кезең бойынша ұпайлары есептелініп, қорытындысы шығарылады. Қай топ ұпайы көп болса, сол жеңімпаз болады, «Үздік вымпел» тапсырылады.




hello_html_m1cbd1dd7.jpg


Бағалау парағы:


Оқу кезеңдері

Ұпай саны

Қосымша ұпайы

Топ ұпайы

Жалпы ұпай

Ауызша жауап






Топпен жұмыс






Жеке-дара жұмыс






Қорытындылаудағы белсенділігі






7-кезең: Үй тапсырмасын беру.(2 мин)

Қайталау, 2-тарау. 1-4 тақырыптар, №,327 , 354 есептер.

Оқушылар өздерінің шығармашылы бойынша тақырып негізінде қосымша 3 есептен құрастыруларына болады, ол бағаланатыны ескеріледі.

8-кезең: Рефлексия. (2 мин)

Мақсаты: Сабақ соңында міндетті түрде оқушылармен өтілген сабақ туралы пікірлерін білу.

Бүгінгі сабақ; 1) жеңіл А) иә Б) жоқ В) білмеймін

2) әдеттегідей А) иә Б) жоқ В) білмеймін

3) қиын А) иә Б) жоқ В) білмеймін

4) қызықты А) иә Б) жоқ В) білмеймін






















Өткізілген сабақты талдау.

Мұғалімнің аты-жөні: Әмір Гулбадан Сейілханқызы.

Сабақтың тақырыбы: Квадрат тнңдеулерді шешу

1.Сабақтың алдына қойылған негізгі міндеттер:

Ескерту! Бұл сабақ математика пәнінен білімді меңгеруі төмен сынып 9 сынып бойынша құрастырылған.

А) Білімдік. Сабақтың өту барысында оқушылардың пән бойынша білімдерінің негізін қалау,теориялық алған білімді іс-жүзінде іскерлікпен қолдана білуін қамтамасыз ету. Олар квадраттық теңдеудер тақырыбынан формулаларды нақты түрде қолданады, орындайды, нәтижесін көреді, есептеу дағдысы жетілдіріледі.

Б) Дамытушылық. Сабақтың өту үрдісінде оқушыларға теориялық білімді жүйелеуге, тақырыпты қайталауға, квадрат теңдеулерді шешу барысында ойын сабағын пайдаланып есептеулерді дұрыс жүргізуге үйрету.

В) Тәрбиелік.Математикада ойын сабағын пайдаланып сол пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушыларды қоғамымыздағы немесе өндірістегі құрылысшы мамандығымен таныстыру.Пән сабағында мамандыққа баулу жұмысын жүзеге асыру. Қазіргі кезде елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тұрғын үй» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында республикамыздың барлық елді және қалалық мекендерінде құрылыс жұмысы жандануда. Осыған орай 9-сынып оқушылары негізгі мектепті бітірген соң арнайы кәсіптік мамандық беретін мектептерге баруы мүмкін. Дәнекерлеуші, кірпіш қалаушы, ағаш ұстасы т.б... мамандықтарын сүюге ынталанады. Келтірілген практикалық тапсырмаларды орындай отырып мамандық туралы түсінік алады, еңбек адамдарын құрметтеуді біледі, мамандықты сүйеді. Жауапкершілікке, бір-біріне көмектесуге үйретеді.

Оқушылардың әрекетін ұйымдастыру сабақтың оқыту, дамыту және тәрбиелеу мақсаттарына сәйкес болды. Оқушылардың пәнге қызығушылғы қалыптасты. Алгебрадан осы тақырып негізінде алған білімдерін қайталуға, алға қойған үй құрылысын аяқтауға арналған мақсатына жетуге есептер шығару арқылы жетуге тырысты.

2. Осы міндеттердің орындалу барысы: Сабақты өткізу барысында алға қойған міндеттер сынып оқушыларының деңгейіне қарай сәл өзгерді, себебі деңгейі жоғарылау есептер шығару барысында мұғалімнің көмегіне сүйену кездері болды, өйткені бұл сабақ құрылымы үлгірімі төмен оқушылары бар сынып үшін құрастырылған.

3. Сабақта қолданылған әдіс-тәсіл сыныптағы оқушылар мен сыныптың ерекшелігін еске ала отырып құрылды. Алдын –ала дайындық жұмыстары жүргізілді, қайталауға қажетті тақырыптар мен формулаларды қарап шығу тапсырылды.

А) сыныптың оқушыларының мүмкіндік деңгейі, пәнді меңгеруі орташа, оларға өз деңгейлеріне сай есептер берілді, тек ішінара жақсы оқитын оқушылар топ жетекшілері, соларға деңгеі жоғарылау есептер берілді

В)Оқушылардың көңіл-күйі және сабаққа әзірлігі алдын ала бағытталған, сол себепті ынта жігерлерімен қатысты, өз топтары үшін нәтижеге ұмтылыс байқалды.

Сабақты жалпы бағалау


1. Оқушылар топ жетекшілері мен мұғалімнің жетелеуші сұрақтары арқылы жұмыс істеді.

2. Шығармашылықпен жұмыс істеуге тек соңғы кезеңдерде, атап айтқанда топ жетекші- бригадир мен мастерлердің жекеленген жұмысы кезінде жүзеге асты. Жалпы сыныпта ондай жағдай туғызу болған жоқ.

3.Балалармен жұмыс істеу барысында өз сабағыма қанағаттандым, себебі оқушылардың қызығушылығы сабақтың өн бойында сақталды.



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "Квадрат теңдеулерді шешу" (8 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты:Квадрат теңдеулерді шешу тақырыбы бойынша оқушылардың алған білімдері негізінде есептер шығару дағдысын қалыптастыру, білімі мен біліктілігін жетілдіру. Тақырып бойынша алған білімді жүйелеу.

Сабақтың дидактикалық мақсаты: Квадрат теңдеу және оның түрлерін білу, квадрат теңдеудің түбірлерінің саны мен түбірлерінің формуласын білу, оның дискриминантқа тәуелді екенін білу. Виет теоремасы және оны есептер шығару барысында қолдана білу.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру, өз бетінше жұмыс істеуге қалыптастыру. Мамандыққа баулу, құрылысшы мамандығымен таныстыру, жауапкершілікке тәрбиелеу

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 506 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.09.2015 7980
    • DOCX 2.4 мбайт
    • 116 скачиваний
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Әмір Гүлбадан Сейілханқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Әмір Гүлбадан Сейілханқызы
    Әмір Гүлбадан Сейілханқызы
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 23783
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Внедрение системы компьютерной математики в процесс обучения математике в старших классах в рамках реализации ФГОС

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 139 человек из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 493 человека

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "Математика" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 203 человека из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 511 человек

Мини-курс

Сохранение и продвижение традиционных российских ценностей и культуры

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Проведение и применение трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 108 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 50 человек

Мини-курс

Стартап: стратегия, развитие, и инвестиции

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе