Новогодняя скидка — 70% на все курсы только до 31 декабря!
Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации
версия для слабовидящих
Главная / История / урок по истории Казахстан на тему: Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтерілісі

урок по истории Казахстан на тему: Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтерілісі

Сабақтың тақырыбы 1837 – 1847жылдардағы Кенесары Қасымұлы басшылығымен болған ұлт – азаттық көтеріліс

Сабақтың мақсат- міндеттері.

Сабақтың мақсаты: ХІХ ғасырда қазақ даласында орын алған ұлт – азаттық көтерілістердің мазмұнына шолу жасай отырып, К. Қасымұлы бастаған көтерілістің шығу себептері, сипаты, көтеріліс кезеңдері, жеңілу себептері туралы білім алушыларға осы кезең туралы толық мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: көтерілістің басталу себептеріне сипаттама беру. Кенесарының қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескенмелекет қайраткері екендігін және көтеріліс барысына тигізген ықпалын бағалау. Көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептерін және көтерілістің маңызын ашып көрсету.

Дамытушылық: білім алушыларды тарихи құбылыстардың күрделі кешендерін талдай білуге және идеологиялық құбылыстардың таптық мәнін аша білуге баулу.

Тәрбиелік: Кенесарыдай батырдың ерлігін дәріптей отырып, білім алушылардың ұлттық сана – сезімін қалыптастыру, жеріне, еліне деген сүйіпеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру, өз Отанының тәуелсіздігін қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: семинар сабақ

Сабақтың өту әдісі: топтық, жұптық, жекелей, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың көрнекілігі: Кенесары Қасымұлының портреті, слайдтар, карта, кітап көрмесі

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру сәті: Сәлемдесу. Білім алушылардың сабаққа қатысуын және сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың жоспары

  1. Кенесары Қасымұлының Қоқан хандығымен күресі

  2. Көтерілістің басталу себептері және барысы

  3. Көтерілістің шешуші кезеңі және жеңілуі

Сабақта топ үш топқа бөлініп отырады. Әр топ алдын ала берілген тапсырмалар бойынша сабаққа дайындалады.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «1837 – 1847жж. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс». Осы аталған тақырып бойынша семинар сабағы өтеді.

«Ой қозғау» стратегиясы (төменде көрсетілген кластерді толтыру)

Үш топ білім алушылары қазір К. Қасымұлына сипаттама берейік.

Кенесары Қасымұлы – хан, қазақтардың патшалық Ресей мен Қоқан хандығына қарсы ұлт-азаттық қозғалысының басшысы.




(1802 – 1847жж.)5260


НЕСІМЕН АТАҚТЫ?

Батырлығымен, ұйымдастырушылығымен,әділ, талантты әскери қолбасшы



КІМ?

Батыр,қолбасшы,хан,мемлекет қайраткері








КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ

















ҚАНДАЙ АДАМ?

Ашаң жүзді,орта бойлы,жаурыны қақпақтай,төртпақ тұлғалы

НЕ ІСТЕДІ?

Қол бастап отыршылдыққа қарсы күресті









2 кезең: Әр топтың топ жетекшісі қысқаша баяндама жасайды.

1-топ. Кенесары Қасымұлының Қоқан хандығымен күресі.

Кенесары мен Қоқан хандығы қарым-қатысының шиеленісіп кетуінің өзіндік себебі де бар еді. Өйткені, Қоқан хандығының билеушілері 1836 жылы оның бірге туған бауыры Саржан сұлтанды, 1840 жылы әкесі Қасым төрені өлтірген болатын. Мұның өзі оның Қоқан хандығының билеушілеріне деген ыза-кегін өршіте түсті. Қоқан хандығына қарсы күресте Кенесары Жанқожа Нұрмұхамедұлы батырдың көмегіне сүйенді. 1845 жылы Кенесары хан Қоқан хандығының Жаңақорған, Жүлек және Созақ сияқты бекіністерін тартып алды. 1846 жылы Қоқанның және бір мықты бекінісі Меркіні де қолға қаратты. Содан бастап Қоқан хандығының қазақтарға озбырлық жасауы уақытша болса да тыйылды. Бірақ Кенесары өзіне Қоқан мемлекеті сияқты және бір қатерлі дұшпан тауып алды.

2 – топ. Көтерілістің басталу себептері және барысы. Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы сұлтан Кенесары көтерілістің басты мақсаты – Қазақстанның патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтап қалу, қазақ жерлерін бекіністер мен жаңа округтік билеу арқылы жан- жақты отарлауды тоқтату еді. К. Қасымұлының көтерілісі ХІХғ.бүкіл Қазақстанды қамтыды. Ұлы, Орта, Кіші жүз қазақтары бұл көтеріліске белсене қатысты. Көтерілістің басты қозғаушы күші – қазақ шаруалары.езілген үш жүз шаруаларының осы саяси күреске қатысуының басты мақсаты ұлт – азаттық сипат берді.көтеріліске ірі ақ сүйек өкілдерінің қатысуы біріншіден, көтерілісті өз мүдделеріне пайдалану және артықшылықтарын қайтарып алу болса, екіншіден, көшпенді феодалдық мемлекет құру болды.

1837жылы қараша айында К. Қасымұлы Петропавл қаласынан шыққан керуенге ілісіп келе жатқан Ақтау бекінісі қазақтарының тобына тұңғыш шабуылын жасап патша өкіметіне ашық қарсылығын көрсетті. 1838 жылдың көктемінен көтерілісшілердің патша жазалаушы қолдарымен қақтығыстары жиіледі. 1838жылы мамыр айының 26 күні Кенесары отрядтары Ақмола бекінісіне тұтқиылдан шабуыл жасады. Көтерілісшілер бекіністі өртеп жіберді.1838 жылдың жазы мен күзінде Орта жүз қазақтарының негізгі бөлігі Кенесары туы астына шоғырланды. Ал күз мезгілінен қозғалыс Кіші жүзді шарпыды.бұл қозғалысқа би Жоламан Тіленшіұлыда қосылды.1841 жылы тамыз айында Кенесарының қолы Ташкентке аттанды. Алайда сарбаздардың арасында жұқпалы аурудың тарауы себепті бұл жорық тоқтады. Көтерілісшілердің бір тобы ірі қоқан әскерлері орналасқан Созақ, Ақмешіт, Жаңақорған, Жүлек бекіністерін қоршады. 1842 жылы Сотниковтың қазақ даласына Сібір әскери шебінен жіберілген тобы КУенесарының топтарына шабуыл бастады. Кейіннен құрамы күшейтілген Сібір жазалау отряды Ақсақалтөбе маңында 1000 түйе, 3000 жылқы, 10000 мың қойды айдап кетті. 100 адамды өлтірді, бейбіт ауылдарды соққыға жықты. 1843 жылы тамыз айының 1 мен 7 күні Орынбордан аттанған топпен Кенесары сарбаздары арасында кескілескен ұрыс екі жаққа да көптеген шығын әкелсе де, нақты нәтиже болмады.

Карта мен жұмыс. (білім алушылар картадан көтеріліс ошақтарын көрсетеді)

Безимени-3

Безимени-12

3 – топ. Көтерілістің шешуші кезеңі және жеңілуі. 1845 жылдың жазында көтерілісшілердің түпкілікті мақсаттарын тастамайтынына көзі жеткен патша үкіметі қазақ жерін бекіністер арқылы отарлауды жалғастырды. Кенесарының Сары арқадан Ұлы жүзге қарай бет алуының бір себебі Қоқан хандығының езгісіндегі қазақ руларына дербестік алуына көмектесіп, өзіне тірек жасау еді.Кенесарының ұйымдастырған мемлекеті феодалдық мемлекет болды. Сұлтан және оның басты әлеуметтік тірегі – ақсүйек феодалдар бүкіл қазақ жерін өз меншігі ретінде қарады. Кенесарының басты арқа сүйеген тобы –би, старшындар, ауқатты топтан шыққан батырлар.1841 жылы хандық билікті қолына алған Кенесары билер сотын жойып хандық сотты кіргізді.көтерілістің басылып қалуына себеп қазақ халқының рулық – патриархалдық жіктелуі, бірқатар феодалдық топтардыңоны қолдамауы, Ресей империясы билеушілерінен жеңілдіктер алған сұлтандар мен билер орталықтандырылған феодалдық мемлекетті құруға мүдделі болмады. Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға озбырлығы, ауыр жазаға тартуы көтеріліс қатарын әлсіретті; кенесары Бұқар, Қоқан феодалдарымен қырқысып, күшін сарқып патшалы Ресейдің қимылдарына қарсы біріктіре алмады. Көтерілістің тарихи маңызы – бұл көтеріліс үш жүзді толық қамтығын тұңғыш отаршылдыққа қарсы бағытталған ірі көтеріліс; ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдегі азаттық көтерілістерінің бір құрамдас бөлігі болды; патша өкіметінің Орта Азияны жаулап алуын біраз кешеуілдетті; Кенесар Қасымұлы қозғалысы қазақ елінің ішкі қайшылықтарының патша өкіметінің саясатымен байланыстылығын көрсетті.

Тест тапсырмалары. (барлық білім алушыларға беріледі)

  1. 1836 ж. Кенесарының ағасы Саржанды өлтіруге бұйрық берген хан:

А) Қоқан ханы В) Хиуа ханы С) Бұқар әмірі

D) Ташкент билеушісі Е) Ноғай ханы

2. Кенесарының саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен:

А) Әкесі Қасым сұлтан В) Ағасы Саржан С) Исатай Тайманұлы

D) Жоламан Тіленшіұлы Е) Сырым Датұлы

3. Кенесары Қасымұлы көтерілісі қамтыған аймақ:

А) Орта жүз В) Ұлы жүз С) Кіші жүз бен Орта жүз

D) Қазақстанның оңтүстігі Е) Бүкіл үш жүз

4. 1778 жылғы Сырым басындағы ауыр жағдай:

А) Балалары қайтыс болды В) Казактар тұтқынында болды

С) Қақтығыс кезінде ауыр жарақат алды D) Мал-мүлкі өртеніп кетті

Е) Көтеріліс талқандалды.

5. “Сырым Датұлы 1775 ж. көтерілісшілер топтары жетекшілерінің бірі” деп жазған:

А) Нұралы хан В) Генерал Н. Рейнсдорф С) Генерал А. Суворов

D) “Инвалид” газеті Е) жазушы В. Даль

6. Сырым 1791 ж. наурызда Табын және Кердері руларына қай жаққа көшуді ұсынды?

А) Арал өңіріне В) Хиуа маңына С) Ыстықкөлге қарай

D) Мұғалжар тауларына Е) Жайық бойына

Деңгейлік тапсырмалар.

I деңгей

  1. Кенесары қашан хан болып сайланды? (1841ж.)

  2. ХІХғ. 20 -30 жылдары Хиуа хандығы қандай руларға қысым көрсетті?

(Шекті, табыл, төртқара, байұлына)

  1. Отаршылдық қанауға қарсы қазақтардың күресін кім басқарды? (Абылай ханның немерелерінің бірі сұлтан Саржан Қасымұлы)

  2. Кенесары Қасымұлының көтерілісі қай уақытта, қай аймақты қамтыды? ( 1837-1847 жылдары, бүкіл Қазақстанды қамтыды.

  3. Көкшетау өңірінен көтеріліске қатысқан сұлтандарды ата.(Шеген, Қанқожа Уәлиұлы, Таны Тортайұлы, Айғаным ханым.)

ІІ деңгей. «Даталар сөйлейді»

  1. 1803, 1805, 1841 жылдары –

Кенесары қолы Ташкентке аттанды.

  1. 1838 жылы –

Кенесары отрядтары Ақмола бекіністерін тұтқиылдан шабуылдады

  1. 1835, 1842 жылдары –

Сібір әскери шебінен жіберілген Сотниковтың тобы Кенесары жасақтарына қарсы шабуыл бастады.

  1. 1843 жылы тамыз айы –

17 тамыз күні полковник Бизановтың қарулы тобы көтерілісшілерге ешқандай тойтарыс бере алмай, «Ор» бекінісіне қайтып оралды.

  1. 1844 жылы шілденің 20 – нан 21 – не қараған түні –

Кенесары Қасымұлы ірі жеңіске жетті.

ІІІ деңгей. 1837 – 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс (кестені толтыру)

Көтерілістің басталу себептері



Көтерілістің мақсаты



Көтерілістің басты қозғаушы күші



Көтеріліс қамтылған аймақ



Көтерілістің тарихи маңызы



Венн диаграммасы”

Сырым мен Кенесары көтерілісінің салыстырмалы сипаты.

К. Қасымұлы бастаған көтеріліс С.Датұлы бастаған көтеріліс

  • Бүкіл үш жүзді қамтыған көтеріліс

  • Бүкіл үш жүзді қамтыған көтеріліс

  • Феодалдық топтардың

Кенесарыны

қолдамауы

  • Көтеріліс 10 жылға созылды





-Кіші жүзді қамтыған

ұлт-азаттық көтеріліс

-Қазақ феодалдары-

ның арасындағы

алауыздық

және ру-аралық

қақтығыстар

-Көтеріліс 14 жылға

созылды



-Көтеріліс 10 жылға созылды

-Қазақ өлкесін-

дегі ең ұзақ

көтерілістер




















Сематикалық картамен жұмыс.


Оқиғалар

жылдар

1836

1837

1838

1840

1841

1845

1847

1.

Көтерілістің

басталуы



+






2.

Қоқандықтардың Саржанды өлтіруі


+







3.

Әкесі Қасымды өлтіруі





+




4.

Кенесарының хан сайлануы






+



5.

Батыс Сібір генерал-губерна- торына хат жолдауы




+





6.

Долгов пен Герн бастаған елшілік- тің хан ордасына жетуі







+


7.

Көтерілістің аяқталуы








+



Сабақты бағалау.

Үйге тапсырма беру. ХІХғасырдағы ұлт – азаттық қозғалыстар.




  • История
Описание:

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт азаттық қозғалысы туралы түсінік, көтерілістің таихи маңызы, жеңілу себептері , кезеңдері туралы сабақ жоспары жазылды. сабақ жоспарында аралас сабақ түрі формасында, интеративті әдіс - тәсілдерді қолдана отырып жасалды. Сабақта оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру әдіс тәсілдері қарастырылды.

Автор Нукенова Тамаша Кадыркожаевна
Дата добавления 15.10.2017
Раздел История
Подраздел Планирования
Просмотров 581
Номер материала MA-071847
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

Популярные курсы

Курс повышения квалификации
«Достижение эффективности в преподавании истории на основе осуществления положений историко-культурного стандарта»