Инфоурок Химия КонспектыУрок по химии на тему "Циклоалкандар" 11 сынып

Урок по химии на тему "Циклоалкандар" 11 сынып

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Циклоалкандар

Сабақтың мақсаты:

а) біліктілік: циклоалкандаржайлы мағлұмат беру.Қаныққан көмірсутектердің жалпы формуласын,физикалықжәне химиялық қасиеттері мен циклоалкандардың қасиеттерін салыстыра білу, тиісті химиялық теңдеулерін жазу.Циклоалкандарды алу әдістерімен қатар табиғатта таралуына көңіл аудару.

ә) дамытушылық: оқушылардың өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту; әр оқушының білімдік, ұжымдық қабілетін ояту; еске сақтауын, ой-өрісін дамыту; сөзжұмбақ, ребус, «үйлестірме кесте» жасай білуге баули отырып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдаландыру,танымдылық белсенділігін арттыру.

б) тәрбиелік: көпшіл, ұйымшыл болуға баулу; ынтымақтастыққа, өзін-өзі басқаруға, бақылауға, байқағыштыққа жетелеу;білім деңгейіне қарамай серігін, көршісін қадірлей білуге; әр оқушының қабілетін дамытып; еңбек етуге баулу; кәсіптік бағдар беру.

Сабақтың міндеттері:

а) өз ойларын еркін айтып, бір-бірінің пікірін тыңдайды.

ә) ұжымдаса бірлесіп жұмыс істейді.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру, жинақтау сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап,баяндау, оқулықпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Көрнекілігі: тест сұрақтары, тараптама материалдар(сұрақ-жауап)

Пәнаралық байланыс: биология,география, тарих, қазақ әдебиеті.

Сабақтың формалары: жеке, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың тегі: жаңа материалды игерту сабағы, жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру, бұл сабақта нені біліп шығатыны туралы айтып, оқушы зейінін сабаққа аударамын.

Ұзтаз  ұстанымы: сабақта барлық оқушылардың қамтылуы.

Оқушы ұстанымы: ынта,жігер,шынайылық.

Сабақ жоспары:

1.Ұйымдастыру (2 минут)

2. Үй тапсырмасы (10 минут)

3. Жаңа сабақ (20 минут)

4. Пысықтау (5 минут)

5.Үйге тапсырма (2 минут)

6. Бағалау (3 минут)

7. Қорытындылау (3 минут)

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен амандасу

2. Сынып бөлмесінің тазалығына көңіл аудару.

3. Кезекші мәлімдемесін тыңдау.

4. Журнал бойынша түгелдеу.

5. Оқу құралдарын түгелдеу.

6. Тәртіпке шақырып, оқушылардың сабақ бастауға көңіл күйі, оқушы назарын сабаққа толық аудару.

7.Сабаққа белсенді қатысуды, бір-бірінің жауабын тыңдауды ескерту.

8. Жаңа сабаққа дайындық.

9. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

10. Сабақ жоспарымен таныстыру.

ІІ. Үйтапсырмасын сұрау кезеңі.

Өткен сабақтарда өтілген «Алкандардың жеке өкілдері және олардың қолданылуы» тақырыбы бойынша сұрақ –жауап әдісімен түсінгендерін, сабақты меңгергендерін сұрап білемін.

І-тапсырма. Сұрак-жауап.

1. Метан меноның туындылары қайда қолданылады?

2. Өнеркәсіпте метаннан синтез-газды қалайалуға болады?

3. Метан молекуласында көміртек атомының гибридтелу түрі?

4. Метан молекуласында көміртегінің гибридтелген электрон бұлтының кеңістіктегі пішіні қандай?

5. СН4 қандай көмірсутектеріне жатады?

6. Метаннның табиғи көзі. .

7. Жарық әсерінен метанды хлорлау кезінде түзілетін заттар . . .

8. Метанды хлорлау реакциясындағы ең алғашқы сатыдағы қажетті бос радикал?

9. Автокөлік бензинінің негізгі құраушы-октанның жану өнімдерінің қалыпты жағдайдадағы агрегаттық күйі қандай болады?

10. Бензиннің қандай түрлерін білесіңдер?

11. Бензиннің қолданылуы мен жану өнімдерінің қоршаған ортаға әсері туралы айтып беріңдер.

12. Пропанның жану өнімдерін біртіндеп сіңіру үшін қандай заттарды колдануға болады? Жүретін барлық реакциялардың теңдеулерін жазып, байқалатын құбылыстарды түсіндіріңдер .

13.  Неге қанаққан көмірсутектер деп атайды. Жалпы формуласы қалай өрнектеледі?

14. Көмірсутектер тізбегі неге ирек пішінді болады?

15. Этанның жануы және оны хлорлаудың 2 сатысын жазыңдар

ІІ-тапсырма.Есеп шығару.

1. Метан газы жанған кезде 72 г су түзілген. Жанған метанның массасы (г) 

Шешуі:  СН4 + 2О2 → СО2 + 2Н2О

М(CН4) = 16 г/моль

М(Н2О) =  36 г/моль

х г CН4 ---  72 г Н2О

16 г CН4 ----36 г Н2О

2. 2,8 г этан бромсутекпен әрекеттескенде түзілетін бромэтанның массасы (г)

Шешуі: С2Н4 + НВr → С2Н5Вr

М(С2Н5Вr) = 109 г/моль

М(С2Н4) =  28 г/моль

 2,8 г С2Н4   ---- х г С2Н4Вr2

28 г С2Н4 ---- 109 г С2Н4Вr2

ІІІ-тапсырма.Сәйкестікті табыңдар.

1. Алкандардың химиялық құрамы реттік санмен, аталуы әріптермен берілген. Соны жұпта.

1)  С2Н6                          А) Октан

2)  С5Н12                         В) пентан

3)  С8Н18                         С) дектан

4)  С10Н22                        Д) этан

5)  С7Н16                          Е) гептан

ІV-тапсырма. 1. Мына айналымдарды:

С → СН4 →СН3Вr  → С2Н6 → СО2

С + 2Н2 →СН4

СН4 + Вr 2 → СН3Вr +HВr

2СН3Вr + 2Na → С2Н6 + 2NaВr

2Н6 +6О2 → 4СО2 +6Н2О

Жүзеге асыруға мүмкіндік еретін химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.

V-тапсырма. Кесте толтыру.

1. Төмендегі кестені толтырыңдар және алканның құрамындағы көміртектің санымен көміртек пен сутектің массалық үлестерінің араларындағы тәуелділікті бейнелейтін график құрыңдар.

Алканның молекулалық формуласы

Салыстырмалы молекулалық массасы

Массалық үлесі ,%

Көміртектің

Сутектің

СН4

16

75,0

25,0

С2Н6

С3Н8

С4Н10

С5Н12

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.

Сабақтың тақырыбын айту, мақсатымен таныстыру. Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларды «Циклоалкандар» тақырыбы жайлы түсіндіремін. Осы сабаққа жоспар құрып диалогарқылы өту әдісін қарастырайық.

Циклоалкандар. Қаныққан көмірсутектердің тағы бір тобына циклоалкандар жатады. Циклоалкандар — құрамындағы көміртек атомдары өзара дара байланыстар арқылы байланысқан, жалпы формуласы СnН2n болатын циклді қаныққан көмірсутектер.

Жалпы формуладағы n ≥ 3. Циклоалкандар — молекуладағы көміртек атомдары өзара σ-байланыс арқылы жалғасқан алициклді көмірсутектер. Циклоалкандағы көміртек атомдары алкандардағы сияқты sp3 гибридтелген күйде болады.

Циклоалкандарды циклопарафиндер немесе нафтендер деп те атайды. Жалпы формуласынан циклоалкандар құрамының сәйкес алкандардан айырмашылығы — олардың молекуласында сутектің екі атомы кем болатынын байқауға болады. Ең қарапайым циклоалкан үш мүшелі сақинасы бар циклопропан С3Н6. Келесі мүшелері: циклобутан С4Н8 және циклопентан С5Н10, циклогександар С6Н12, т.б.

Құрылымдық изомерия (көмірсутекқанқасының изомері) – циклдің  мөлшеріне (үлкен-кішілігіне) сәйкес изомерия. Екеуінің де молекулалық құрамы бірдей С4Н8.

метилциклопропан           циклобутан            циклопентан            циклогексан

Циклоалкандардың изомерлері мен атаулары |

Циклоалкандарды сәйкес алкан атауының алдына цикло-деген сөз қосып атайды. Егер бүйір тізбектері, яғни радикалдары болса, олардың орны көрсетіліп, аты аталады. Циклоалкандардың изомерленуі: а) циклдің құрамындағы көміртек атомдарының санына; ә) көмірсутек молекулаларындағы орынбасарлардың түрі мен олардың орындарына байланысты; б) алкендер мен класаралық изомері болады.

Циклоалкандардың табиғатта кездесуі мен алынуы

Бес және алты мүшелі циклопарафиндер (циклопентан, циклогексан) және олардың гомологтары мұнайдың кейбір түрлерінің құрамында болады. Сондықтан оларды "нафтендер" деп те атайды. Циклоалкандарды мұнайдан бөліп алады, сонымен қатар синтездік жолмен де алады.

1. Құрамындағы галоген атомдары екі шеткі көміртек атомдарында орналасқан алкандардың дигалогентуындыларына мырышпен немесе натриймен әсер етіп алады. Төменгі циклоалкандарды, мысалы, дибромпропанға мырыш ұнтағымен әсер етіп алады.

С3Н6Вr2 + Zn → С2Н6 + ZnВr2

2. Циклоалкандар мен олардың туындыларын бензолды және оның сәйкес туындыларын катализатор қатысында гидрлеп алуға болады:

C6H6 + 3H2 → C6H12

Циклоалкандардың қасиеттері. Физикалық қасиеттері .Циклоалкандардың алғашқы екі мүшесі циклопропан мен циклобутан газдар, кейінгілері — сұйық заттар, жоғары циклоалкандар — қатты заттар. Циклоалкандардың қайнау және балқу температуралары сәйкес алкандар мен алкендерден жоғары. Алкандар сияқты бұлар да суда ерімейді.

Химиялық қасиеттері Циклоалкандардың тұрақтылығы мен химиялық қасиеттері көбінесе циклдегі көмірсутек атомдарының санына байланысты болады. Бұл көмірсутектердің ішіндегі химиялық ең тұрақтылары — құрамында бес және алты көміртек атомы бар циклоалкандар. Циклоалкандардың көміртек атомдары sp3 гибридтенген күйде болады. Молекуласының құрамында үш және төрт көміртек атомдары бар циклопропан мен циклобутандардың валенттік бұрыштары 109°28’-тан едәуір ауытқитын (кіші) болғандықтан, циклде кернеу пайда болады да, олар бес және алты мүшелі циклоалкандардай тұрақты бола алмайды.

Циклоалкандардың біраз қасиеттері алкандарға ұқсас: химиялық белсенділіктері төмен, жану және орынбасу реакцияларына түседі.

Алкандардан айырмашылығы — циклоалкандар қосылу реакцияларына түсе алады.

1. Цикл ашылу арқылы жүретін реакциялар (қосылу реакциялары). Циклдегі көміртек атомдарының арасындағы байланыстар үзілген жерге басқа элемент атомдары (галогендер, сутек, т.б.) қосылады.

 ал циклопропан бромды қосып алып, 1,3-дибромпропан түзеді.

             СН2    

                                     + Вr2 ВrСН3 – СН2 – СН2Вr

Н2С                СН2

Кіші циклді қосылыстар үлкен циклді қосылыстарға қарағанда қосылу реакцияларына оңайлау түседі. Мысалы, гидрлену реакциясының (сутектің қосылуы) әр түрлі циклоалкандарда жүру жағдайлары (температурада) өзгеше.

в) циклопропанның циклдері үзіліп сутекті қосып алкандар түзеді:

             СН2    

                                         + Н2   СН3 – СН2 - СН3

Н2С                СН2

2. Орынбасу реакциялары. Бес және одан да көп мүшелі циклді қосылыстарға орынбасу реакциялары тән.

С6Н12 + СІ2   С6Н12СІ + НСІ

2. Дегидрлену реакциясы айырылу реакциясына жатады. Цикло- алкандар дегидрлену (сутек бөлінетін) реакцияларына түседі. Мысалы, өршіткі қатысында циклогександы дегидрлегенде бензол түзіледі.

С6Н12    С6Н6 +  3Н2

4. Циклоалкандардың жануы. Құрамы алкандар сияқты көміртек пен сутек атомдарынан тұратындықтан, циклоалкандар да жанады. Оттек жеткілікті болса, нәтижесінде, көміртек (IV) оксиді мен су түзіледі.

6Н12 + 15О2 → 12СО2 + 6Н2О +Q

Оттек жетіспесе, реакция нәтижесінде көміртек (II) оксиді немесе күйе түзіледі.

Циклоалкандардың жеке өкілдері және олардың қолданылуы. ЦиклопропанС3Н6газ тәрізді зат. Есірткілік қасиетіне байланысты медицинада қолданылады.

Циклогексан С6Н12 — сұйық зат, еріткіш ретінде қолданылады. Циклогексаннан циклогексанол, циклогексанон, адипин қышқылы және капролактам алады. Мұнайды өңдеген кезде циклогексан мен метилциклогексан бензол мен толуол сияқты химиялық синтезге қажетті ароматты көмірсутектерге айналады.

Қолданылуы. Көп қолданылатын ең маңызды циклоалкандарға циклопентан, циклогексан, метилциклогексан,т.б. жатады.Олардан бензол, толуол, бояулар, дәрі-дәрмектер алады. Циклопентан медицинада наркоз ретінде қолданылады.Циклопентанды мотор майына қосу арқылы оның жанғыштық сапасын арттырады. Циклопентанның маңызды туындысы циклопентакарбон қышқылы және оның туындыларынан жуғыш заттар, каполактам, адипин қышқылдары, т.б. алынады.

ІV.Жаңа сабақты пысықтау.

Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау мақсатында әр түрлі әдістер қолдануға болады.Оның негізгілері: мысалы, сұрақ –жауаптар, деңгейлік тест сұрақтарын беруге болады.Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болғаң соң жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру үшін оқушыларға мынадай сұрақтар беремін.

І-тапсырма.

Жалпы формуласы болса да СпН2п

Өздері бірақ олефиндер емес екен.

Ашық тізбектің соңғы мүшелеріне

Өзара тұйықталуына мүмкіншілік келген.

Сол себепті сақиналы болып,

Көмірсутектер тұйықталған екен.

Сондықтан оларды

"Тұйық парафиндер" дейді,

"Циклпарафиндер" дейді,

"Тұйық көмірсутектер" дейді,

Қалай айтсаң да, мейлі!

Бес мүшелік, алты мүшелік циклопарафиндерді

Марковников мұнай құрамынан тапқан.

Оларды басқалардан өзгеше етіп,

"Нафтендер"- деп атауы да сондықтан.

V. Үй тапсырмасын беру кезеңі.

§ 3.6, 1- 15 –жаттығулар. Есептер жинағынан тапсырмалар.

VІ. Оқушылардың білімін бағалау кезеңі.

Сабақта сұраққа мәнді де мағыналы жауап берген, қосымша сұрақтарға жауап беріп отырған оқушыларды бағалау.

VІІ. Қорытындылау кезеңі.

Жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру үшін оқушыларға мынадай өзіндік жұмыс бойынша сұрақтар мен жұмбақтар беремін.

І-тапсырма. Формулалар құрастыру.

1. Құрамдарында:

а) 6 көміртек атомы;

ә) 8 сутек атомы;

б) 10 көміртек атомы;

в) 36 сутек атомы

болатын циклоалкандардың молекулалық формулаларын құрастырыңдар.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по химии на тему "Циклоалкандар" 11 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Научный руководитель

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: ЦиклоалкандарСабақтың мақсаты:а) біліктілік: циклоалкандаржайлы мағлұмат беру.Қаныққан көмірсутектердің жалпы формуласын,физикалықжәне химиялық қасиеттері мен циклоалкандардың қасиеттерін салыстыра білу, тиісті химиялық теңдеулерін жазу.Циклоалкандарды алу әдістерімен қатар табиғатта таралуына көңіл аудару.ә) дамытушылық: оқушылардың өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту; әр оқушының білімдік, ұжымдық қабілетін ояту; еске сақтауын, ой-өрісін дамыту; сөзжұмбақ, ребус, «үйлестірме кесте» жасай білуге баули отырып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдаландыру,танымдылық белсенділігін арттыру.б) тәрбиелік: көпшіл, ұйымшыл болуға баулу; ынтымақтастыққа, өзін-өзі басқаруға, бақылауға, байқағыштыққа жетелеу;білім деңгейіне қарамай серігін, көршісін қадірлей білуге; әр оқушының қабілетін дамытып; еңбек етуге баулу; кәсіптік бағдар беру.Сабақтың міндеттері:а) өз ойларын еркін айтып, бір-бірінің пікірін тыңдайды.ә) ұжымдаса бірлесіп жұмыс істейді.Сабақтың түрі: жаңа білім беру, жинақтау сабағы.Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап,баяндау, оқулықпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.Көрнекілігі: тест сұрақтары, тараптама материалдар(сұрақ-жауап)Пәнаралық байланыс: биология,география, тарих, қазақ әдебиеті.Сабақтың формалары: жеке, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.Сабақтың типтері: жаңа сабақты меңгерту.Сабақтың тегі: жаңа материалды игерту сабағы, жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру, бұл сабақта нені біліп шығатыны туралы айтып, оқушы зейінін сабаққа аударамын.Ұзтазұстанымы: сабақта барлық оқушылардың қамтылуы.Оқушы ұстанымы: ынта,жігер,шынайылық.Сабақ жоспары:1.Ұйымдастыру (2 минут)2. Үй тапсырмасы (10 минут)3. Жаңа сабақ (20 минут)4. Пысықтау (5 минут)5.Үйге тапсырма (2 минут)6. Бағалау (3 минут)7. Қорытындылау (3 минут)Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.1.Оқушылармен амандасу2. Сынып бөлмесінің тазалығына көңіл аудару.3. Кезекші мәлімдемесін тыңдау.4. Журнал бойынша түгелдеу.5. Оқу құралдарын түгелдеу.6. Тәртіпке шақырып, оқушылардың сабақ бастауға көңіл күйі, оқушы назарын сабаққа толық аудару.7.Сабаққа белсенді қатысуды, бір-бірінің жауабын тыңдауды ескерту.8. Жаңа сабаққа дайындық.9. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.10. Сабақ жоспарымен таныстыру.ІІ. Үйтапсырмасын сұрау кезеңі.Өткен сабақтарда өтілген «Алкандардың жеке өкілдері және олардың қолданылуы» тақырыбы бойынша сұрақ –жауап әдісімен түсінгендерін, сабақты меңгергендерін сұрап білемін.І-тапсырма. Сұрак-жауап.1. Метан меноның туындылары қайда қолданылады?2. Өнеркәсіпте метаннан синтез-газды қалайалуға болады? 3. Метан молекуласында көміртек атомының гибридтелу түрі?4. Метан молекуласында көміртегінің гибридтелген электрон бұлтының кеңістіктегі пішіні қандай?5. СН4 қандай көмірсутектеріне жатады?6. Метаннның табиғи көзі. .7. Жарық әсерінен метанды хлорлау кезінде түзілетін заттар . . .8. Метанды хлорлау реакциясындағы ең алғашқы сатыдағы қажетті бос радикал?9. Автокөлік бензинінің негізгі құраушы-октанның жану өнімдерінің қалыпты жағдайдадағы агрегаттық күйі қандай болады?10. Бензиннің қандай түрлерін білесіңдер?11. Бензиннің қолданылуы мен жану өнімдерінің қоршаған ортаға әсері туралы айтып беріңдер.12. Пропанның жану өнімдерін біртіндеп сіңіру үшін қандай заттарды колдануға болады? Жүретін барлық реакциялардың теңдеулерін жазып, байқалатын құбылыстарды түсіндіріңдер .13.Неге қанаққан көмірсутектер деп атайды. Жалпы формуласы қалай өрнектеледі?14. Көмірсутектер тізбегі неге ирек пішінді болады?15. Этанның жануы және оны хлорлаудың 2 сатысын жазыңдарІІ-тапсырма.Есеп шығару.1. Метан газы жанған кезде 72 г су түзілген. Жанған метанның массасы (г)Шешуі: СН4 + 2О2 → СО2 + 2Н2О М(CН4) = 16 г/мольМ(Н2О) =36 г/моль х г CН4 ---72 г Н2О16 г CН4 ----36 г Н2О2. 2,8 г этан бромсутекпен әрекеттескенде түзілетін бромэтанның массасы (г) Шешуі: С2Н4 + НВr → С2Н5ВrМ(С2Н5Вr) = 109 г/мольМ(С2Н4) =28 г/моль 2,8 г С2Н4---- х г С2Н4Вr228 г С2Н4 ---- 109 г С2Н4Вr2ІІІ-тапсырма.Сәйкестікті табыңдар.1. Алкандардың химиялық құрамы реттік санмен, аталуы әріптермен берілген. Соны жұпта.1)С2Н6 А) Октан 2)С5Н12В) пентан 3)С8Н18С) дектан 4)С10Н22Д) этан 5)С7Н16 Е) гептан ІV-тапсырма. 1. Мына айналымдарды:С → СН4 →СН3Вr→ С2Н6 → СО2С + 2Н2 →СН4СН4 + Вr 2 → СН3Вr +HВr2СН3Вr + 2Na → С2Н6 + 2NaВr2С2Н6 +6О2 → 4СО2 +6Н2ОЖүзеге асыруға мүмкіндік еретін химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.V-тапсырма. Кесте толтыру.1. Төмендегі кестені толтырыңдар және алканның құрамындағы көміртектің санымен көміртек пен сутектің массалық үлестерінің араларындағы тәуелділікті бейнелейтін график құрыңдар. Алканның молекулалық формуласы Салыстырмалы молекулалық массасы Массалық үлесі ,% Көміртектің Сутектің СН4 16 75,0 25,0 С2Н6 С3Н8 С4Н10 С5Н12 ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.Сабақтың тақырыбын айту, мақсатымен таныстыру. Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларды «Циклоалкандар» тақырыбы жайлы түсіндіремін. Осы сабаққа жоспар құрып диалогарқылы өту әдісін қарастырайық. Циклоалкандар. Қаныққан көмірсутектердің тағы бір тобына циклоалкандар жатады. Циклоалкандар — құрамындағы көміртек атомдары өзара дара байланыстар арқылы байланысқан, жалпы формуласы СnН2n болатын циклді қаныққан көмірсутектер. Жалпы формуладағы n ≥ 3. Циклоалкандар — молекуладағы көміртек атомдары өзара σ-байланыс арқылы жалғасқан алициклді көмірсутектер. Циклоалкандағы көміртек атомдары алкандардағы сияқты sp3 гибридтелген күйде болады.Циклоалкандарды циклопарафиндер немесе нафтендер деп те атайды. Жалпы формуласынан циклоалкандар құрамының сәйкес алкандардан айырмашылығы — олардың молекуласында сутектің екі атомы кем болатынын байқауға болады. Ең қарапайым циклоалкан үш мүшелі сақинасы бар циклопропан С3Н6. Келесі мүшелері: циклобутан С4Н8 және циклопентан С5Н10, циклогександар С6Н12, т.б. Құрылымдық изомерия (көмірсутекқанқасының изомері) – циклдіңмөлшеріне (үлкен-кішілігіне) сәйкес изомерия. Екеуінің де молекулалық құрамы бірдей С4Н8. метилциклопропанциклобутанциклопентанциклогексанЦиклоалкандардың изомерлері мен атаулары | Циклоалкандарды сәйкес алкан атауының алдына цикло-деген сөз қосып атайды. Егер бүйір тізбектері, яғни радикалдары болса, олардың орны көрсетіліп, аты аталады. Циклоалкандардың изомерленуі: а) циклдің құрамындағы көміртек атомдарының санына; ә) көмірсутек молекулаларындағы орынбасарлардың түрі мен олардың орындарына байланысты; б) алкендер мен класаралық изомері болады.Циклоалкандардың табиғатта кездесуі мен алынуы Бес және алты мүшелі циклопарафиндер (циклопентан, циклогексан) және олардың гомологтары мұнайдың кейбір түрлерінің құрамында болады. Сондықтан оларды "нафтендер" деп те атайды. Циклоалкандарды мұнайдан бөліп алады, сонымен қатар синтездік жолмен де алады.1. Құрамындағы галоген атомдары екі шеткі көміртек атомдарында орналасқан алкандардың дигалогентуындыларына мырышпен немесе натриймен әсер етіп алады. Төменгі циклоалкандарды, мысалы, дибромпропанға мырыш ұнтағымен әсер етіп алады.С3Н6Вr2 + Zn → С2Н6 + ZnВr2 2. Циклоалкандар мен олардың туындыларын бензолды және оның сәйкес туындыларын катализатор қатысында гидрлеп алуға болады:C6H6 + 3H2 → C6H12Циклоалкандардың қасиеттері. Физикалық қасиеттері .Циклоалкандардың алғашқы екі мүшесі циклопропан мен циклобутан газдар, кейінгілері — сұйық заттар, жоғары циклоалкандар — қатты заттар. Циклоалкандардың қайнау және балқу температуралары сәйкес алкандар мен алкендерден жоғары. Алкандар сияқты бұлар да суда ерімейді.Химиялық қасиеттері Циклоалкандардың тұрақтылығы мен химиялық қасиеттері көбінесе циклдегі көмірсутек атомдарының санына байланысты болады. Бұл көмірсутектердің ішіндегі химиялық ең тұрақтылары — құрамында бес және алты көміртек атомы бар циклоалкандар. Циклоалкандардың көміртек атомдары sp3 гибридтенген күйде болады. Молекуласының құрамында үш және төрт көміртек атомдары бар циклопропан мен циклобутандардың валенттік бұрыштары 109°28’-тан едәуір ауытқитын (кіші) болғандықтан, циклде кернеу пайда болады да, олар бес және алты мүшелі циклоалкандардай тұрақты бола алмайды.Циклоалкандардың біраз қасиеттері алкандарға ұқсас: химиялық белсенділіктері төмен, жану және орынбасу реакцияларына түседі.Алкандардан айырмашылығы — циклоалкандар қосылу реакцияларына түсе алады.1. Цикл ашылу арқылы жүретін реакциялар (қосылу реакциялары). Циклдегі көміртек атомдарының арасындағы байланыстар үзілген жерге басқа элемент атомдары (галогендер, сутек, т.б.) қосылады. ал циклопропан бромды қосып алып, 1,3-дибромпропан түзеді.СН2+ Вr2 → ВrСН3 – СН2 – СН2ВrН2ССН2Кіші циклді қосылыстар үлкен циклді қосылыстарға қарағанда қосылу реакцияларына оңайлау түседі. Мысалы, гидрлену реакциясының (сутектің қосылуы) әр түрлі циклоалкандарда жүру жағдайлары (температурада) өзгеше.в) циклопропанның циклдері үзіліп сутекті қосып алкандар түзеді: СН2+ Н2 СН3 – СН2 - СН3 Н2ССН22. Орынбасу реакциялары. Бес және одан да көп мүшелі циклді қосылыстарға орынбасу реакциялары тән.С6Н12 + СІ2 С6Н12СІ + НСІ2. Дегидрлену реакциясы айырылу реакциясына жатады. Цикло- алкандар дегидрлену (сутек бөлінетін) реакцияларына түседі. Мысалы, өршіткі қатысында циклогександы дегидрлегенде бензол түзіледі. С6Н12С6Н6 +3Н24. Циклоалкандардың жануы. Құрамы алкандар сияқты көміртек пен сутек атомдарынан тұратындықтан, циклоалкандар да жанады. Оттек жеткілікті болса, нәтижесінде, көміртек (IV) оксиді мен су түзіледі.2С6Н12 + 15О2 → 12СО2 + 6Н2О +QОттек жетіспесе, реакция нәтижесінде көміртек (II) оксиді немесе күйе түзіледі.Циклоалкандардың жеке өкілдері және олардың қолданылуы. ЦиклопропанС3Н6 — газ тәрізді зат. Есірткілік қасиетіне байланысты медицинада қолданылады.Циклогексан С6Н12 — сұйық зат, еріткіш ретінде қолданылады. Циклогексаннан циклогексанол, циклогексанон, адипин қышқылы және капролактам алады. Мұнайды өңдеген кезде циклогексан мен метилциклогексан бензол мен толуол сияқты химиялық синтезге қажетті ароматты көмірсутектерге айналады.Қолданылуы. Көп қолданылатын ең маңызды циклоалкандарға циклопентан, циклогексан, метилциклогексан,т.б. жатады.Олардан бензол, толуол, бояулар, дәрі-дәрмектер алады. Циклопентан медицинада наркоз ретінде қолданылады.Циклопентанды мотор майына қосу арқылы оның жанғыштық сапасын арттырады. Циклопентанның маңызды туындысы циклопентакарбон қышқылы және оның туындыларынан жуғыш заттар, каполактам, адипин қышқылдары, т.б. алынады.ІV.Жаңа сабақты пысықтау.Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау мақсатында әр түрлі әдістер қолдануға болады.Оның негізгілері: мысалы, сұрақ –жауаптар, деңгейлік тест сұрақтарын беруге болады.Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болғаң соң жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру үшін оқушыларға мынадай сұрақтар беремін.І-тапсырма. Жалпы формуласы болса да СпН2п Өздері бірақ олефиндер емес екен. Ашық тізбектің соңғы мүшелеріне Өзара тұйықталуына мүмкіншілік келген. Сол себепті сақиналы болып, Көмірсутектер тұйықталған екен. Сондықтан оларды"Тұйық парафиндер" дейді, "Циклопарафиндер" дейді, "Тұйық көмірсутектер" дейді, Қалай айтсаң да, мейлі!Бес мүшелік, алты мүшелік циклопарафиндерді Марковников мұнай құрамынан тапқан. Оларды басқалардан өзгеше етіп, "Нафтендер"- деп атауы да сондықтан. V. Үй тапсырмасын беру кезеңі.§ 3.6, 1- 15 –жаттығулар. Есептер жинағынан тапсырмалар.VІ. Оқушылардың білімін бағалау кезеңі.Сабақта сұраққа мәнді де мағыналы жауап берген, қосымша сұрақтарға жауап беріп отырған оқушыларды бағалау.VІІ. Қорытындылау кезеңі.Жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру үшін оқушыларға мынадай өзіндік жұмыс бойынша сұрақтар мен жұмбақтар беремін.І-тапсырма. Формулалар құрастыру.1. Құрамдарында:а) 6 көміртек атомы;ә) 8 сутек атомы;б) 10 көміртек атомы;в) 36 сутек атомыболатын циклоалкандардың молекулалық формулаларын құрастырыңдар.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 395 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Презентация по химии на тему "Готовимся к ЕГЭ- кислые соли"
  • Учебник: «Химия. Профильный уровень (в 2 частях)», Кузнецова Н.Е., Литвинова Т.Н., Лёвкин А.Н.
  • Тема: § 54. Основные классы неорганических соединений и взаимосвязи между ними
  • 30.12.2020
  • 4032
  • 203
«Химия. Профильный уровень (в 2 частях)», Кузнецова Н.Е., Литвинова Т.Н., Лёвкин А.Н.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.11.2020 1473
    • DOCX 63.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мовлян Ольга Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мовлян Ольга Викторовна
    Мовлян Ольга Викторовна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 115979
    • Всего материалов: 240

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по химии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 351 человек

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель химии

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Курс повышения квалификации

Современные образовательные технологии в преподавании химии с учетом ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 137 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 379 человек

Мини-курс

Развитие дошкольного мышления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Состав и анализ финансовой отчетности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками: применение туристических приемов для эффективного обучения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

"С понедельника — начну!.." Практическое руководство к модификации образа жизни

Перейти к трансляции