Главная / Музыка / «Әуенді тап» сазды-ойын сценариі.

«Әуенді тап» сазды-ойын сценариі.

Курсы профессиональной переподготовки от Московского учебного центра "Профессионал"

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования только до 31 мая действуют скидки до 70% при обучении на курсах профессиональной переподготовки (184 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: ВЫБРАТЬ КУРС


«Әуенді тап» сазды-ойын сценариі.

Мақсаты: Оқушыларды эстетикаға тәрбиелеуге, музыканы тыңдай білуге, оны ажырата білуге үйрету. Әр-түрлі жанрдағы музыкаларды ажыратып, мағынасын түсінуге тәрбиелеу. Тез ойлануға, шапшаңдыққа үйрету. Есту қабілетін дамыту. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға шақыру.

Міндеті: Қандай ән болмасын оны танып білуге үйрету. Есте сақтау қабілетін одан әрі дамыту.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайдтар, аспаптар.

Сахына әсем безендірілген, жақсы әуен ойналып тұрады.

Ойынға 7,8,9 сыныптардан бір оқушыдан қатысады.

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Технология пән бірлестігінің «Өнерлі өрге жүзеді» апталығының аясында өтейін деп отырған «Әуенді тап» сазды-ойынына хош келдіңіздер!

Ойынымызды бастамас бұрын ойын шартымен таныстырып өтейін. Ойын 3 бөлімнен тұрады. Әр бөлімге 2 оқушыдан қатысады. Экраннан екі тақырып беріледі және ұпай саны жазылған төрт ұяшық бар. Алдымен тақырып сосын ұяшық таңдалынады. Әнді тапқан оқушы ұпайға ие болады. Осылайша кім көп ұпай жинаса сол іріктеу кезеңіне өтеді. Іріктеуге үш бөлімнің жеңімпаздары қатысады. Ойын шарты осындай.

Финалға екі оқушы қалады. Олар тыңдалатын әнді жеті немесе алты, бес нотадан табуға саудаласады. Осылайша жеңімпаз анықталады.

1-ші бөлімнің ойыншылары: Төлеміс Әли. 7 «ә» сынып

Қабдіхамит Ерназ. 5 «ә» сынып

2-ші бөлімнің ойыншылары: Хасенова Гүлім. 8 «а» сынып

Уахитов Арсен. 8 «ә» сынып

3-ші бөлімнің ойыншылары: Әмірғазин Нұртөре. 9 «а» сынып

Бертағина Айым. 9 «ә» сынып

Қорытынды: Хасенова Гүлім 190 ұпаймен 1 орын

Қабдіхамит Ерназ 170 ұпаймен 2 орын

Бертағина Айым 120 ұпаймен 3 орын иеленді.

Орындалған әндер.

1 Бөлім. Балалар әндері: «Айгөлек» «Қошақаным» «Әнші балапан» «Ақ сиса»

Халық әндері: «Күміс құман –ай» «Әриайдай» «Беу, айдай» «Бипылбипыл»

2 бөлім. Патриоттық әндер: «Егемен Қазақстан» «Көк тудың желбірегені» «Қазақ жігіттері» «Қазақтай ел қайда»

Хит әндер: «Іздеме» «Шайхана» «Ай мүсін» «Сүйгенің қайда»

3 бөлім. Шәмшінің әндері: «Кешікпей келем деп ең...» «Арыс жағасында» «Ақ бантик» «Сыған серенадасы»

Лирикалық әндер: «Аяла» «Сен сүйген ару» «Әкешім-анашым» «Тәттісің»

Іріктеу. Жергілікті ақын-сазгерлер әні: «Қостанай» «Арайлы аманкелді» «Айналайын Торғайым» «Жүрегімнің алауы»

Табиғат туралы әндер: «Жау жаңбыр» «Жылайды жапырақ» «Қар» «Шақырыды көктем»

Финал. Ана, ұстаз, ауыл жайында.



























Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі.

«Әуенді тап»



















Музыкалық сайыс



Өткізген: Изтелеуова Р.Ш.













2015-2016 оқу жылы.

  • Музыка
Описание:

Мақсаты: Оқушыларды эстетикаға тәрбиелеуге, музыканы тыңдай білуге, оны ажырата білуге үйрету. Әр-түрлі жанрдағы музыкаларды ажыратып, мағынасын түсінуге тәрбиелеу. Тез ойлануға, шапшаңдыққа үйрету. Есту қабілетін дамыту. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға шақыру.

Міндеті: Қандай ән болмасын оны танып білуге үйрету. Есте сақтау қабілетін одан әрі дамыту.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайдтар, аспаптар.

Сахына әсем безендірілген, жақсы әуен ойналып тұрады.

Ойынға 7,8,9 сыныптардан бір оқушыдан қатысады.

Автор Изтелеуова Роза Шоптибаевна
Дата добавления 31.01.2017
Раздел Музыка
Подраздел Планирования
Просмотров 1185
Номер материала MA-069872
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии: