Инфоурок Другое Другие методич. материалыТворческий отчет "Табысты оқытудың сыры"

Творческий отчет "Табысты оқытудың сыры"

Скачать материал

Шығармашылық есеп

 

  «Әлемнің   өзгеруін  қаласаң, сол  өзгерудің алғашқысы  өзің бол»

  Махатма Ганди

 

  21- ғасырда өмір суретін жас ұрпақ үшін өзекті болып табылатын білім беру бағдарламаларын дамытуға мектептер қалай қатыса алады дегенге заманауи қөзқарас басқаша.

   Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа ықпалдасуы шетелдік тәжірбиені зерделеп, енгізуді қажет етеді, бұл әсіресе 21- ғасыр ұрпағы үшін өзекті мәселе болып табылады.

   Шығармашылық қасиеттер мен сараланған оқытуды дамытуға бағытталған педагогикалық тәсілдерді енгізу ұлттық білім беру мен оқу бағдарламаларының өзгешеліктерін ескере отырып жүргізілуі керек. Әрбір білім беру мекемесі жұмыс алгоритімін  енгізуі қажет.

Жаңа негіздер.  21- ғасырда қажетті дағдыларды: тез тіл табысқыштық, креативтілік, аналитикалық ойлауды қалыптастыруға көңіл бөлу.

Жеке оқыту. Оқушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келетін оқу жоспары мен оқыту әдістемесін жасау.

Эмоциялық білімдарлық. Жастарды білімде де, әлеуметте де табысты болу үшін өз қабілеттеріне сенімділігін, өзін-өзі бақылауды дамытуға көмектесу.

Ақпараттық білімділік. Сыни тұрғыдан талдау, түсіну және сандық ақпарат құралдарын жасау қабілеттерін дамыту.

Білім ала білу. Табысты  оқу үшін қажетті ептілікті жетілдіру.

     Қашықтықтан оқыту кезінде өз тәжірибемді өзгертудегі мақсатым жеті модуль аясында сабақтар өткізу. Жаңа  тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың білім алуға деген көзқарасын, ынтасын өзгерту. Өз жұмыстарына, өзгенің жұмысына  сыни тұрғыдан ойлана отырып баға беруге үйрету. Ынтымақтастық қарым-қатынас жасай отырып, бір-бірімен пікір алысуға, бір-бірінен үйренуге, өз идеясын ортаға салуға қалыптастыру.     Бағдарлама бойынша  жеті модульді өз іс – тәжірибеме енгізе отырып оқушыларды өздігінен білім алуға қызығушылығын оята алдым. Олар топпен жұмыстың тиімділігін білді.  Мұндай әдісті  мен өз тәжірибемде қолданып отырғаныма қуанамын. Себебі осы кезге дейін оқушылар сабаққа мұндай қызығушылық танытпаған болатын.

    Мектептің мақсаты мен міндеті өзгеріске ұшырағандықтан, мұғалім де өзгеруі керек. Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек? деген сұрақ туындайды. Әлем өзгергендіктен мұғалім өзгеруі керек, өйткені барлық адамдардың ішінен – мұғалімдер ғана үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді. Оқу бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болмауы өсудің тоқтағанын білдіретінін түсінеді, сондықтан өзгереді. Мұғалім болу ақшадан, мәртебеден және танымдылықтан да артық. Мұғалім әлемді өзгерту – жалпы өзгеріс болдыру үшін мұғалім. Қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті. Мұғалім білім алғанды, білім бергенді жақсы көреді, оқушыларға мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын өзі екенін түсінеді, оны істеу үшін өз жолын табу қажет. Сондықтан мұғалім де, оқушы да өзгеруі қажет. /С.Бич, 2012./

   Өзгеріс енгізуді өзімнен бастадым. Пажарес (1992) оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі ұстанымға негізделген ой- тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді. Әдістемелік құралдар немесе оқулықтардан гөрі мұғалімнің сыныптағы іс-әрекеттеріне пәннің қалай оқытылуы керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді. Мұғалімнің ұстанымы- оның көзқарасы, қабылдаған шешімі және іс-әрекеттің негізі.

1.Оқу мен оқытуға көзқарасымды өзгерттім. Мен кіммін? Кәсіби рөлім қандай? Жаңа форматты оқытуда мұғалім -  көшбасшы, бағыт-бағдар беруші.

Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған.(Хәтти, 2009) Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

2.Шешім. Нені өзгерткім келеді?  Сабақтың мақсатын, оқу үрдісін, оқушылардың сабаққа деген көзқарасын. Сабақты жоспарлауда оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, оқушыны ситуацияға тастап, шығу жолын көрсету, әр оқушының жан дүниесін түсіну, өмірмен байланыстыру, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3.Іс- әрекет. Бұл нәрсені өзгерту үшін не істеуім керек? қалай қолданамын? деген сұрақтар аясында жұмыс жасадым.

  Мақсатым сабақтардың бәрін сындарлы оқытуға негіздеу, оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып- білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік беру. Мұндай жағдайда оқушы өз бетімен жұмыс жасауға, өз жұмысына жауапты болады. Шульманның «мұғалімнің үш көмекшісі» деп атаған қасиеттері негіз болды.

       Алғашқы сабақта оқушыларды топқа бөліп, топ ережесін құруды, өзін-өзі реттеуді түсіндірдім. Бұл қалай болады? Қалай жұмыс жасайды? Деген сұрақтар туындады.  Келесі сабақта сауалнама бойынша топқа бөліну,  қай стратегия ұнағанын, не үшін, тиімділігі жайлы мәлімет алдым. Осы нәтиже бойынша жұмысымды жалғастырдым.  Алғашқы өзгерісім сыныпта топтық жұмысқа жағдай жасау болды - сыныпты өзгерттім. Сыныптың өзгеруіне байланысты оқушылардың психологиялық ахуалы да өзгеріске ұшырады. Олар тағы да өзгерістерді күтті. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы орнады. Әр сабақта топқа бөлінуді де өзгертіп отырдым. Санау арқылы, суреттің бөлшектерін жинау, кім –кіммен жақын дос, түстер т.б. Бұл өзгерістер оқушыларға жағымды әсер еткенін байқадым, пәнге деген қызығушылықтары артты, тұйық оқушылар жаймен әрекеттене бастады, өзін- өзі реттеп, топ ережесін бұзбауға тырысты.  Өзгеріс қысқа мерзімді оқиға емес, ол уақытты талап ететінін түсіндім.

    Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді, АКТ-ны қолдандым. Мысалы: «Синквейн», «Топтастыру» әдістерін оқушылар конспект жазудың орнында тиімді екенін байқады. Оқушыларды қатты қуантқан өзгеріс- сабақта ұялы телефонды пайдалануға рұқсат екені. Оқушылар компьютерді жетік меңгермеседе, ұялы телефоннан ғаламторға кіріп, жұмыс жасауды жетік біледі. Гугол праграммасынан керек мағлұмат іздейді, сөздер мен сөз тіркестерін аударады, бір-бірімен онлайында қарым-қатынас жасайды т.б

     Өзгеріс оқыту үдерісімен нақты байланыста, көбіне түсініксіз, ауыр болуы мүмкін. Мери Джейн Драммонд және Коллин МакЛафлин оны былай сипаттайды:

    Сана түбінде хабардар болу сатысы саналы хабардар болу сатысына өтеді, ол өз кезегінде саналы хабардар болуға ауысады. Біз осы үш күйді сезінеміз.

   Өзгерістер оқыту үдерісінде ойлау мен өзін –өзі ұстаудың өте маңызды аспектісі болып табылады. Жеке немесе әріптестермен бірге өзгерісті қалай басқаруға болатынын түсіну ретінде, біз өзімізге оқытуға қажетті жаңа идеялар ала аламыз. Қандай жағдайлар адамға оқуға көмектеседі?  сұрағының жауабы тәжірбиені жақсартады. Өзін оқушының орнына қоя білетін ұстаз мол табысқа жетеді, себебі ол өзі оқиды. Негізгі терең ойлар бірден өзгермейді, сол сияқты жаңа тәсілдер де тез орындалмайды. Өзгерісті табысты бақылау үшін, бізге уақыттың маңыздылығын білу қажет, бұл – жаңа идеяларды және жаңа дағдылар тәжірбиесін оқытуға қажетті уақыт және жұмыстың жаңа жолдарын игеру үдерісі белгілі бір уақыт алатынын мойындау.

    Келесі сабақта оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйреттім. Бұл жерде өзгеріс – постермен жұмыс болды.  Шағын топтар тақырып бойынша сурет немесе модель салып, оны талдап, қорғады. Бұл тапсырма барысында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы ғана дамымай, сөйлесім әрекеті, тіл байлығы, лексикалық қоры жетілді. Бұл әдіс оқушыларға өте ұнады, олар бірлесе, ақылдаса жұмыс жасады. Оқушылар өз идеяларын, ой- пікірлерін ортаға салып, талқылады. Келесі өзгерісті «Авторлық орындықпен» енгіздім. «Табиғат сәні» тақырыбына оқушылар эссе жазды. Бұл тапсырманың алдында тақырыпқа байланысты видео көрді. Алған әсерлерін параққа түсіруін тапсырдым. Әрине жас ерекшелігіне байланысты бұл тапсырманы үлкендердің көмегімен орындауға рұқсат бердім. Бұл жұмыстың нәтижесі оқушылардың өз ойларын, ішкі жан дүниесін, сезімін, әсерін, табиғаттқа деген махаббатын сөзбен жеткізді. Оқушы ашылды, сыни тұрғыдан ойлады, тіл байлығы дамыды. Блум таксономиясы аясындағы жұмыстың басында оқушылар жұмыс жасау кезінде қандай ойлау әрекеттердің түрлерін қолданатындарын өздері салаған суреттеріне жазып шықты. Содан соң осы ойлау әрекеттерін Блум таксономиясына салу арқылы қандай деңгейлерін дамытуға көбірек көңіл бөліп, қайсысы мұғалім назарынан тыс қалатындарына көздерін жеткізді. Келесі практикалық жұмысты орындау  шағын топ ішінде таратылған суретке тақырып қойып, шағын шығарма жазумен айналысты. Бұл тапсырманы орындау барысында олар суретке сын көзбен қарап, тақырыпқа байланысты өз пікірлерін білдіру қажет. Нәтижесінде әр топ өзінің шығармасымен басқа тыңдаушыларды таныстырғанда, суретке байланысты қызықты пікірлер айтылып, ерекше қызық шығармалар жазылды. Жұмысты қорытындылау кезінде  оқушының шығармашылық ойлау, мәселеге сын көзбен қарай білу, талқылау барысында қорытындылау жұмысын орындау қабілеттері дамыды. Блум таксономиясы- сабақ жоспарының қаңқасы. Біз қолданатын ойлаудың барлық түрлерінің көпшілігі, әртүрлі деңгей дағдыларының бірігуін көрсетеді. Біз проблемаларды шешкен және сол немесе басқа жағдайды талдаған кезде, біз оларды бір уақытта дамытамыз және қолданамыз. Білім берудің басты мақсаттарының бірі нақты түсінікке келу және жоғарғы сапалы деңгейде ойлауды дамыту.

  Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мақсаты оқушыларды сөйлету, әсіресе өзге ұлт оқушыларын сауатты сөйлеуге, өз ойын жеткізуге, қарым- қатынас жасауға үйрету. Бізде сыныпта әңгімелесуге болмайды деген түсінік қалыптасқан; мұғалімдерді әлі күнге қатаң кінәлайды (көбіне бірін-бірі кінәлайды). Сыныптағы әңгімелесуді бақылау энергиясы мол оқушыларды бақылаудың бір тәсілі болып табылады. Аталған бақылау түрі әрине көптеген мектептерге қажет. Бұдан басқа, мұғалімдер сыныпта әңгімені пайдалану маңыздылығын түсінетін, бұл сонымен қатар ана тіліне де қатысты білім саясатын әзірлеушілердің әртүрлі көзқарастарымен кездесуі мүмкін. білім беру бағдарламасының барлық нұсқаулығында барлық пән бойынша әңгімелесудің маңыздылығына және балалардың тіл дағдысын дамытуға сілтемелер бар. Алайда нұсқаулықта мынадай маңызды екі сәт: сыныпта білім беру сапасы өзара іс-қимыл үшін мұғалімдер мен оқушылардың әңгімелесуді пайдалану тәсіліне байланысты болатыны және егер оқушылар үшін бірлесіп оқудан пайда алу қажет болса әңгімелесу дағдысын тікелей оқыту талап етілетіні жеткілікті деңгейде түсіндірілмейді. Дегенмен мұғалімдер пәнді меңгеруде оқушылармен әңгімелесуді қолдану қажеттілігінен хабарсыз болуы мүмкін.

Біздер, мұғалімдер үшін әңгімелесу өз кәсібіміздің басты құралы болып табылады, алайда біз оқушылармен өзара әрекет жасауда осы құралды  әңгімені пайдаланғандай (немесе одан да маңыздысы, олар қалай пайдаланатыны) ең жақсы тәсілмен толыққанды пайдаланбауымыз мүмкін.

Зерттеулерден сыныпта «диалогтық стратегиялар» ауқымын пайдаланудың жақсы нәтижелерге әкелетіні белгілі болды. Деректер бойынша,  мұғалімдер келесі тәсілдерді колданған кезде (немесе кей біреуін) оқушылардың белсенділігі артып және жақсара түскендігі анықталды.

Мұғалім:

•        оқушылардың идеяларын зерттеу үшін кейбір «ашық» сұрақтарды пайдаланады.

•        олар өздерінің ойлары мен сөздері арқылы білімін көрсететін кезде оқушыларды көтермелейді (сондай-ақ мұғалімдер жаңа идеялар ойлап табу үшін жаңа сөздік қорын ұсынады).

•        оқушылардың материалды өңдеуіне және өз көзқарастарын білдіруіне ұмтылады, мысалы, 'Сіз бұл туралы қалай білдіңіз?', 'Неліктен?', ‘Сіздің тағы бірдеме айтқыңыз келе ме?' деген сұрақтарға жауап бере алып.

•        Оқушыларға кезек бойынша өз ойларын білдіруге және жете түсінбеушілікті ашуға мүмкіндік береді.

•        Кейбір оқушылардың идеяларын тыңдағанша, сабақтың материалын түсіндіруді бастамайды (түсіндірулер айтылғанмен және олар көтерген проблемалармен байланысты болуы үшін)

•        Оқушыларға олар күмәнданатын кезде тез қозғалудың орнына сұраққа мағыналы жауапты құрастыруы үшін жеткілікті уақыт береді.

•        Тақырыпты зерделеу мәні мен мақсатын оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылауды пайдаланады.

•        Оқушыларға түсіндірулер өткізуге, талқылау бағытын өзгертуге мүмкіндік береді (және, мүмкін, тіпті сабақ бағытын!).

•        Оқушылар үлгілерден үйренуі үшін орынды даулар барысында қарым-қатынасты және оны қолданудың үлгілік тәсілдерін қолданады.

Сыныптағы сөйлесуге оқушылардың барынша белсенді қатысу мүмкіндігін беру мұғалімдерге олардың оқуын бейресми бағалау үшін жақсы мүмкіндік екен. Алайда, егер мұғалім көбірек ашық сұрақтар беруге немесе сыныпта өте дәстүрлі әңгімелесу тәжірибесі ғана болатын сыныптан кеңейтілген жауаптар күтуге тырысатын болса, онда, мүмкін, күмәнді үнсіздікті ғана естиді (жақсы жағдайда). Сыныпта әңгімелесу үшін дұрыс жағдай жасау және жаңа, әртүрлі «негізгі ережелерді» анықтауға әртүрлі әңгімелесу пішіндерін қалыптастыратын мұғалімге байланысты болады. Бұнда уақыт, ептілік орын алды және кейбір табандылықты талап еті. Онда бірақ оқушылар бір-бірінен әңгімелесу арқылы үйренуі мүмкін деген ойға келді. Олар оқушылар жаңа өздерінің алдын ала идеяларын айта бастады және жаңылысуға әкелетін мәселелер туралы айтуға сенімді болды. Осылайша, оқушылар сыныпта көмек болатынына толық сенімді болды. Сыныптағы әңгімелесу, диалог ең негізгі өзгеріс.

     Бағалауда да өзгерістер көп болды. Маңыздысы формативті бағалау мен сумативті (жиынтық) бағалаудың ерекшелігін түсіну. Оқушыларға дискриптор, критерий , глосарии сөздеріне анықтама берілді.  Бағаны тек мұғалім емес, оқушыларда бір-біріне қоятыны өзгеріс болды. Баға критерийлерге сәйкес, жаңа әдістер арқылы қойылды. Мысалы : АВС – үшбұрышы (А- теория, В- логика, С- коммуникация), «ашық журнал» - шағын топ ішінде, балдық жүйе, «екі жұлдыз, бір тілек» т.б   

  Болашақта өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаз болмақпын.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Творческий отчет "Табысты оқытудың сыры""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель организации

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 366 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.09.2020 179
    • DOCX 23.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Клейменова Алеся Александровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 74194
    • Всего материалов: 241

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Мини-курс

Современные направления в архитектуре: архитектурные решения гениальных изобретателей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические особенности педагогического общения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Карьера и развитие в современном мире

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе