Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыТәуелсіздік тұғыры биік болсын

Тәуелсіздік тұғыры биік болсын

Скачать материал

Мақсаты:

1.      Еліміздің тәуелсіздік шежіресінен түсінік беру, тәуелсіздік алып жеткен жетістіктермен таныстыру

2.      Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту

3.      Өз елін, жерін сүйетін, елінің өсіп өркендеуіне өз үлесін қосатын, елін мақтан тұта білетін азамат тәрбиелеу

Жоспар:

1.      Кіріспе

2.      Ел тарихынан шағын түсінік

3.      Өткен жылдар жемісі

4.      «Қазақстан ХХІ ғасырда» оқушылар шығармашылығы

5.      «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын» музыкалық концерт

Мұғалім: Қазақстан! Қазақ халқының атамекені, ұлы ордалы киелі ошағы. Қазақстан Республикасы – Еуразияның орталық бөлігінде орналасқан тәуелсіз мемлекет. Аумағы – 2724мың км2. Қазақстан Республикасы зайырлы, демократиялық және біртұтас мемлекет болып табылды. Елордасы – Астана қаласы. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығаратын жоғары органы сенат және мәжілістен тұратын парламент. Атқарушы билігі – республика үкіметі. Ақша бірлігі – теңге. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Өткен тарихқа көз жүгіртсек ХV ғасырда қуатты қазақ хандығы құрылды. Бірақ бейбіт өмір сүре алмайды, ұлан – байтақ елімізге жоңғар қалмақтары шабуыл жасап елді қан жылатты. Дүрліккен ел шұбыра қашып «Ақтабан шұбырынды алқакөл сұлама» зұлымдықтарын бастан кешті. Халқымыздың басынан қара бұлт сейілмейді. Ұлттық намысын жоғары ұстаған қазақ халқы талай сыннан сүрінбей өтіп 1941 – 1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысында ерен ерлік үлгісін көрсетті. Қазақ халқы ғасырлар бойы азаттықты аңсады. 1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған қазақ жастары ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті. Енді 20 жылдық тәуелсіздік тарихына көз жүгіртсек. Егемендігіміз ұзағынан болсын!

1 – оқушы: 1990 жылы 25 қазанда Егемендік туралы декларацияға қол қойылды.

Арманға ақыр жеттік ел болдық та Егемен,

Ойда жоқта түскен жоқ ол төбеден.

Тарихы сол күрестердің тартуы ол

Аруақ қолдап, әділ шындық жебеген.

   2 – оқушы: 1991 жылы 1желтоқсанда республика журтшылыгы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың президенті етіп сайлады. 1991жылы 2 қазанда Алаштың Ақберені Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.( Президент портреті көрсетіледі)

 

                          

  3 – оқушы: 1992 жылы Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар ұйымына мүше болып қабылданды.1992жылы 8мамырда Республика ұланы құрылды. 1992жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік рәміздері қабылданды. (Республика туы, елтаңба көрсетіліп, әнұран хормен орындалады).

  4 – оқушы: 1993жылы ұлттық валюта – төл теңгеміз дүниеге келді, ол еліміз өміріндегі елеулі жаңалық, айтулы оқиға болды. (Теңге суреттері көрсетіліп, шағын түсінік беріледі)

  5 – оқушы: 1994жылы 30маусымда тәуелсіз Қазақстанның ғарышкері Талғат Мұсабаев аспан көгіне айлық сапарға аттанды.

  6 – оқушы: 1995жылы тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш «Атазаңы» қабылданды. Сөйтіп Жаңа Конституция мен еліміздің жаңа тарихы бастау алды.

  7 – оқушы: 1996жылы 30тамызда жаңа «Қазақстан Республикасы Конституциясына» 1жыл толды. Бұл күні Алматының орталық алаңында «Тәуелсіздік» ескерткіші ашылды.

8 – оқушы: 1997жыл – «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу» жылы болып белгіленді.

9 – оқушы: 1998жылы 20мамырда Қазақстан Республикасының астанасы – Астана (Ақмола) қаласы болып бекіді. Ал 10 маусымда жаңа кіндік қала ретінде Астананың тұсаукесері болды.

             

                             Сен білесің бе?

1. Қазіргі кезде Астана қаласының тұрғындары саны шамамен қанша адамға жетті? (700мыңдай адам)

2. Астана рәмізі Бәйтеректің ұзындығы не себептен 97 метр? (Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997жылы көшуіне байланысты)

3. Жаңа көпірдің ұзындығы (214 метр)

4. Жаңа көпірге қандай ат берілді? (Сарыарқа)

5. Астанадағы ең басты қатынас жолы? (Республика даңғылы)

6. Көпірдің оң жағалауында тұрған биік ғимарат? (Астана – Тауэр)

7. Қазақстанның схемалық картасы іспетті парк қалай аталады? (Атамекен)

8. «Думан» океанариумында теңіз суымен толтырылған қанша аквариум сыйып тұр? (13 үлкен аквариум)

9. Астана қаласындағы газон қанша шаршы метр? (1млн. 200шаршы метр)

10. Қала орталығындағы «Жыл мезгілдері» атты жасыл сквер неге бұлай аталған? (Ауданы 6,5гектар бұл сквердің түсі жылдың кез – келген мезгілінде өз атына сай болып тұрады)

11. «Қазақ елі» монументінің биіктігі қанша метр? Онда орналасқан құс мүсінінің салмағы қанша тонна? (биіктігі 91метр, құс мүсінінің салмағы 2,5тонна)

12. Астана дәл іргесінен табылған ежелгі қаланың аты? (Бозоқ қаласы)

1 – оқушы: 1999жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылы болып белгіленді.

2 – оқушы: 2000жыл «Мәдениетті қолдау жылы» болды.

3 – оқушы: 2001жылы 16желтоқсанда тәуелсіз еліміз 10жасқа толды.

4 – оқушы: 2002жылы «Денсаулық» жылы болып жарияланды

5 – оқушы: 2003жыл «Ресейдің Қазақстандағы жылы» болып жарияланды

6 – оқушы: 2002-2005жыл «Ауыл жылы» болып жарияланды

7 – оқушы: 2006жыл Қазақстандағы Пушкин жылы болып белгіленді.

8 – оқушы: 28ақпан 2007жыл Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» халыққа жолдауы жаңа жеңістерге жол ашты.

9 – оқушы: 2008жылы Астана 10жасқа толды.

Ақ ордам менің Астанам,

Еңсесі биік басқадан,

Көркейеді күн санап,

Арқа төсі жас қалам.

Астанам – нұрлы Астанам

Гүл жайнаған жас қалам.

Егеменді елімді

Болашаққа бастаған.

10 – оқушы: 2009жыл «Дағдарыстан – дамуға» Елбасының халыққа жолдауы еліміздің жасампаздық жолын жалғастырудың басым бағыттарын белгілеп берді.

11 – оқушы: 2010жыл 29қаңтарда «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері тақырыбында Қазақстан халқына Елбасы жолдауы арналды. 2010жылғы 1-2 желтоқсанда Астанада жаңа мыңжылдықта тұңғыш рет ЕҚЫҰ-ның VII саммиті өтті.

2011жыл. Тәуелсіздігінің жиырма жылдығын тойлағалы отырған елімізге ерекше оқиғаның бірі – 7-ші қысқы Азия ойындары. Сөйтіп, қаңтардың 12-сінде Кувейт елінің астанасы Эль – Кувейттен еліміздің оңтүстік астанасы атанған Алматыға 7-ші қысқы Азия ойындарының алауы жеткізіліп, Азияда алауы эстафетасы еліміздің 16қаласын шарлап, өз алауын жақты. Азияда елімізге 70медаль, зор жеңіс, қуаныш, мерей сыйлады.

2011жылы 3сәуірде кезектен тыс президент сайлауы болды. Сайлау нәтижесінде президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қайта президент болып сайланды.

1 – оқушы: Елбасының өзек жарды ойлары: «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан»,

2 – оқушы: «Салтанаты жарасқан қаласы бар,

Байтақ ұшан-теңіз даласы бар,

Аруақ қолдаған бабасы бар ел екенімізді мақтан етейік!»

3 – оқушы: «Ел болу үшін ұлттық рух, ұлттық қасиет және ұлтқа деген сенім болу керек»

4 – оқушы: «Ел көшін бастау – маған сын, мені қостау – елге сын»

5 – оқушы: В.А.Сухомлинский «Тағдыр Отанымыздың қандай қиын түпкіріне апарса да өз бесігіңді ұмыта көрме»

6 – оқушы: Баубек Бұлқышев: «Адал адам Отанын сүйеді. Адал, жүрекке Отан анасындай. Отанның дегенін істеу – қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махабатты бізде өлшеуге болмайды» 

Бастаушы:Мен қазақпын жаныммен, жүрегіммен,

Еңбек өмір, ер өмір, жыр өмірмен.

Алабөтен болмаймын өзгелерден,

Өзгемен бір өзім боп жүремін мен.

1 – оқушы: Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды

Туымызға жас туған.

Бір қарамай өтпейді.

Сол көк тудың астында

Көгереміз, көктейміз

Ән: «Отан»

2 – оқушы: Республикам күндей күлген шығыстан

Асыл елім, жан жүректі ұғысқан.

Ата – баба аңсап өткен бақытым

Алтын бесік – Қазақстан Гүлстан.

Жүр барайық ашайық, ән арнасын,

Жырау толғап, домбырасын қолға алсын.

Дастархандар көзді тартып жайнасын,

Қыпша белді қыздар билеп талмасын.

Би: «Ақ көгершін»

3 – оқушы: Тауып тыңнан текті жол,

Сағат сайын өсті ол,

Әлемді жалт қаратып

Шуақ нұрын төкті мол..

Ел тілегі бұрынғы

Астана боп тірілді

Көне Отырар, Сауранның

Көзіндей ол бүгінгі…

Тасқа қашап текті өлең

Арпалысқан өртпенен

Күлтегіннің – Астана

Ақ арманы көксеген,

Еркін елдің – қызыры,

Қызығы да:

Қыз, ұлы.

Гүл жайнаған Астана –

Тәуелсіздік тұғыры!

Тұғырлы ел ғұмырлы!

4 – оқушы: «Бәйтерек» құшақ жайған көшем жаңа

Астана қарқын алды, өсер дара.

Есілдің жағалауын жарқыратқан

Аққудың ұясындай әсем қала

Құлшынған күншығыста жас қалаға

Батасын берді Алатау бастап алға.

Егемен елге ерекше нұрын шашқан

Тілейміз құт, береке Астанаға!

5 – оқушы: Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,

Білдім дербес елімнің үлгісі деп.

Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,

Беттерінен көз тартып тұрды сурет.

Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,

Құт – береке болшы бір елге келген.

Өз туы, елтаңба, әнұраны бар

Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?

О, дариға алтын бесік туған жер,

Қадіріңді келсем білмей кеше гөр…

Сүйем сені туған ел атамекен,

Абзал анам сенсің ғой құшағың кең.

6 – оқушы: 2030 барыс жылға тапсырма -

Болашақтың бүгінге беретұғын бағасы.

Егеменді елімнің көк байрағы тігілді,

Ораза ұстап, құрбан шалып жатырмыз,

Қайта тауып жоғалтқан дінімді.

Егемен елімнің Президенті бастаған.

Отанымда барлық ел – жұрт татулықты қостаған.

7 – оқушы: Ауыр күнді артымызға тастауы –

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаның бастауы.

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!

8 – оқушы:Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен – кіші, ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Әрдайым елімменен кеңескен,

Шығара да алмас мәңгі ел естен.

Жас Отаным біраз жылдың ішінде

Басқа елмен терезесі теңескен.

Елбасымыз, біргеміз біз өзіңмен,

Жаралғанбыз қайсар қайтпас төзімнен.

Өзіңізбен болсақ егер мәңгілік.

Әділеттің атар таңы сезілген.

9 – оқушы:Көреміз біз әлі талай бақыт гүлін,

Балалық шақ айтқызып бақыт жырын.

Ойнап – күліп, білім алу – бәрі бақыт

Осы жерде туғаныма бақыттымын.

Міне 20 жыл тәуелсіздік алғалы,

Орындалып ата – баба арманы.

Қуаныштан толқып тұрмын мен бүгін.

Бастаушы: Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ. Біздің болашағымыз үшін маңдай терін төгіп, орасан зор істер атқарып жүрген Нұрсұлтан ағамызға алғысымыз шексіз. 20жыл толғалы отырған Тәуелсіздігіміз құтты болсын! Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармаймыз. ХХІ ғасырда Қазақстанда бейбітшілік болып, егеменді елдігіміз ұзағынан болсын!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәуелсіздік тұғыры биік болсын"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 773 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.02.2020 126
    • DOCX 30.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Очирова Зоя Бадмаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Очирова Зоя Бадмаевна
    Очирова Зоя Бадмаевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 75456
    • Всего материалов: 248

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 31 региона

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 90 человек из 33 регионов

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 398 человек из 63 регионов

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Предпринимательские риски

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешный педагог: навыки самозанятости, предпринимательства и финансовой грамотности

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 23 регионов