Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Тәуелсіздік бастауы-желтоқсан"

"Тәуелсіздік бастауы-желтоқсан"

Скачать материал

Кеш жоспары :

Тақырыбы: «Тәуелсіздік бастауы –желтоқсан».

Кеш мақсаты:  Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым. 

1.    Жүргізуші:  Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған, тарихы солармен тағдырлас Қазақ даласы, Қазақ жері, Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңші. Бір сәт өткен өмірге шолу жасайық.

 («Желтоқсан желі» Әбиірбек Тінәлі әнінен  үзінді көрсету) 

2.Жүргізуші :  1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Сол пленумда Дінмұхамет  Қонаев бірінші хатшы қызметінен босатылып, орнына бұрынғы Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В. Колбин сайланды. Бұл студент және жұмысшы жастардың бейбіт мақсаттағы шеруіне әкеп соқты. Алаңға шыққан жастарды қарулы күшпен басып – жаншыды. Демонстрация аяусыз басылды. 
Күллі әлемді дүр сілкінткен 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық санасын, намысын жетелеген жаңа әрі қайсар буынның келгенін әйгіледі.

1оқушы.

КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған «Құйын -86» операциясы бойынша көтеріліс қатығездікпен басып жаншылды.Көтерілісшілер сотталып қатал жазаланды. Мыңнан аса адамдар тұтқындалды.

2оқушы:

Талай қазақ қыздарында тоңдыра

,Талай қазақ гүлдерінде солдыра,

Ел билеуге алып келді Колбинды .

Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.

Болмаса да  сол кезде мен сеземін

 жүректе намыс оты сөнбегенін,

ызғарына аяздың төзгендерін.

 Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.

3оқушы :/ Ақерке

 Қаһарлы аяз мұңын шаққан қазаққа

Отан үшін жан берісу азап па?

Елі үшін елжіреген сол жастар

Көрінді ғой жанын қиын азапта.

4 оқушы   / нургул

Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын

Желтоқсанда шықты алаңға жастарың.

Әр ұрпақтың құрбандары жетерлік,

Дербестікке кім сұрамақ басқа құн.

5оқушы: /Гүлім

 

6 оқушы: / Нұрәли

Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан, 
Тарихы оның тым әріден басталған. 
Бодандықтан құтқарам деп елімді, 
Талай боздақ қара жерді жастанған. 
  
Жазалаушы қара құрттай қаптады, 
Қазағымды қырып – жойып таптады. 
Сонда елімнің ұл – қыздары ардақты, 
Қарсы шығып ел сенімін ақтады. 

7оқушы: /Жанерке

Желтоқсанның қанды суық ызғарлы

Қалың әскер қазағымды қорлады.

Тәуелсіздікті қалаған жастардың

Отан үшін табандары тозбады.

8 оқушы: /Сағынур

Жалғыз Отан –адамның жүрегігой

Ер жігіт туған елін сүйедіғой

Ел үшін желтоқсанда құрбан болған

Ербол Қайрат нағыз ердің бірі едіғой.

 

1жүргізуші

Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар қазір барлықтарымыз желтоқсан оқиғасынан кейін қайтып ортамызға оралмағанбірімізге  аға, әкпе, бірімізге ата,әже болған құрметті бабаларымызды 1минут еске алайық.

2 жүргізуші

Келесі тыңдайтындарыңыз, Жанарыстың орындауында «Қыдырып қайтайық» әнін қабыл алыңыздар!

1 жүргізуші

Құрметті оқушылар қазір тамашалайтындарыңыз «Қызық таймс» шоуы.

Шарты: Әр сыныптан 1оқушыдан шығып екі топ құрады

Экранда шыққан сұрақтарға қол көтеріп  жауап береді. 2топта жауап бере алмаса досының көмегіне және 50де 50 телефон арқылы сұрауына болады . Ойын соңында жеңген топ мараматталады.

Оқушыларды марапаттау (Жури мүшелеріне сөз беріледі)

Кезекті әр сыныптардың дайындап келген ән, би, өз шығармашылығына берейік.

2 жүргізуші

Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.

1 жүргізуші

 Қазақ халқы – жауынгер халық. Олар аттың жалында, түйенің қомында жүріп – ақ ұлан-ғайыр жерді бізге мұра етіп қалдырды емес пе? Жер болғанда қандай жер! Қазба байлықтың бәрі бар. Ең бай, шұрайлы, құнарлы, әсем жерлер.Сұлу айдын көлдеріміз, асқар тауларымыз, шалқар белдеріміз көз тартарлық табиғат байлығы Қазақстан жерінде!

2жүргізуші

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін  салтанатты түрде жариялады. Бұл қазақ халқы үшін үлкен оқиға, әлем картасынан өз орнын тапты. Бүгінде ел  экономикасында, әлеуметтік, мәдениет саласында үлкен жетістіктерге жеттік. Елбасы Н.Назарбаевтың білгір саясатының арқасында жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдері бейбіт  те, еркін жағдайда өмір сүріп жатыр. 

8 оқушы /Бақнұр

Тәуелсіздік арқасы деп білемін

Еркін жұрттың байқалмайды кемдігін

Шайқалмасын іргең мәңгі қазағым

Жаса, жаса азаттығым теңдігім.

 

9оқушы  /Жұлдыз

Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған

Жете алмай құрбан болды қанша адам

Тәуелсіздік алды бүгін елім де

Қуаныштымын мен бұл күнде.

 

10 оқушы     / Тұрар

Мен қазақпын қиындықты көп көрген,

Бастан талай зобалаңды өткерген.

Барша жұртқа қонақжайлық танытып,

Ілік іздеп көрмегенім жоқ жерден.

Сондықтанда көтеріңкі көңілім

Гүлге оранып құлпырды өңірім

Елін сүйер ерлеріміз көп болып

Тәуелсіздік ұзақ болсын өмірің.

 

11 оқушы   /Айым

Бабамның арманы, осы еді ғой аңсаған.

Тәуелсіздіку таңдары, бақ береді баршаға.

Көк туымды қолыма бүгін берік ұстадым.

Түсті бақыт жолына менің Қазақстаным

 

12 оқушы /Нұрай

Мерекеге шығады барлық халық біліп қой

Отандастар ұғады, Тәуелсіздік ұлық той.

13 оқушы / Жанарыс

Егемендік бұл елімнің елдігі

Егемендік барлық ұлттың теңдігі.

Егемендік елін,  жерін қорғаған

Ербол менен Қайраттардың ерлігі.

 

15 оқушы / Айнур

Бабасы көрмегенді көрді қазақ,

Қанатыгн  кең жаханға керді қазақ.

Атынан ақ орданың билік айтып,

Төрелік европаға берді қазақ.

Сан ғасыр осы сәтті елім күтті,

Талайдың тіккен туын тәңір жықты.

Батыры бейбітшілік көшбасшысы,

Данаға басын иді небір мықты.

16 оқушы  /Айбота

Секілді заңғардағы тау барысы

Нұр оған ел тірегі, ел намысы

Адамның бұл өмірде арманы жоқ

Халқының бола білген қорғанышы

Өмірдің судай ағып өзегімен

Келеді президенттер кезегімен

Ел басы Назарбаев егіз ұ ғым

Жасайды мәңгі бірге өз елімен

17 оқушы / Мерей

 Байлаған бәйтерегі жас қаланың

Шырқатты азаттықтың асқақ әнін

Бүгіннен басталады шежіресі

Авторы Назарбаев Астананың

Өткенде оба қызық орнатыппа

Шекарам анық еді қай уақытта

Бекітіп  ұлан-ғайыр айналасын

Бір өзі болып отыр елге тұтқа

18 оқушы / Ерсұлтан

Қара бұлтқа оранбасын күн көкте,

Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте.

Отаныңның бақыты үшін мерт болған

Батырларды есіңде ұста, құрметте!

 

1жүргізуші.

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер

Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер!

2жүргізуші

Тәуелсіз – Қазақстаным

Туыңды биік ұстадың,

Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын.

Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,

Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!

1Жүргізуші

Би «Попито»

    1жүргізуші және 2жүргізуші

Құрметті қонақтар осымен біздің сіздерге арналған кешіміз аяқталды. Келіп қатысқандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

 

 

 

 «Тәуелсіздік бастауы-желтоқсан».
 


КЕШ ТАҚЫРЫБЫ:

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                       Өткізген :  5 «Б» сыныбы

                                                                              Сынып жетекшісі: Тулебаева Назым Абайевна

 

 

 

 

 

АБАЙ ОРТА МЕКТЕБІ КММ-2017Ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 Хабарландыру

        5-7 сыныптар арасында.

13.12.2017жылы сағ. 3 00-де болатын «Тәуелсіздік бастауы-желтоқсан» атты кешімізге шақырамыз!

Шарттары:

1.    Әр сынып бір би.

2.    Патриоттық ән.

3.     Өз шығармашылығынан өлеңдер

 

 

Кеш ұйымдастырушы 5 «Б» сыныбы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тәуелсіздік бастауы-желтоқсан""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Товаровед-эксперт

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 284 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.11.2020 477
    • DOCX 186.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ганихина Елена Юрьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ганихина Елена Юрьевна
    Ганихина Елена Юрьевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 86605
    • Всего материалов: 207

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 290 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 336 человек

Мини-курс

Программы лояльности и организационные аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 34 человека