Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"Тәуелсіз Елдің болашағы – Жастар!"

"Тәуелсіз Елдің болашағы – Жастар!"

Скачать материал

"Тәуелсіз Елдің болашағы – Жастар!"

 

Раниль:    Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын!

 

Бибинур:  Армысыздар, құрметті оқытушылар және студенттер! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23 жылдығы қарсаңында математика және информатика кафедрасы ұйымдастырып отырған «Тәуелсіз Елдің болашағы – жастар!» тақырыбындағы шараға қош келдіңіздер!

 

Гимн

 

Раниль:

«Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» - деген Н.Ә.Назарбаев. Себебі ел болашағы – жастардың қолында болса, оларды өз елінің патриоты, саналы тұлға етіп тәрбиелейтін мамандар – ұстаздар, педагогикалық оқу орындарының студенттері мен түлектері, яғни – біздер!

 

Бибинур:

«Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы-осы»,- деген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арнау сөзін Қазақ елінде тұратын және оны өз отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түкпірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз!

Раниль: Бабалардың  арманы, аналардың тілегі болған бақыт-Тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды. Азаттық деген осынау қасиетті  ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды

Бибинур: Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуібіздің жетістігіміз. Еліміздің  тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын!

Раниль:

           Тәуелсіздік  -  тірегім алмас үнді,

           Тәтті үміті халқымның   сан  ғасыры

           Көк байрақты ,  кемеңгер  кемел   ойлы

           Келбетіңнен  көремін   жалғасымды.

Бибинур:

Тәуелсіздік – шырайлы лағыл  таңсың,

           Жүректерге үміт боп  жағылғансың

           Аяулысың  білмеген алақаннан –

           Суып барып қайтадан табылғансың.

 

Раниль: Десек те жасаған әр жыл қандай бақ,

            Жастықтың гүлін уақыт жұлған аяп?

            Әрине тарих үшін 23 жыл түгіл,

            Жүз жыл да – көзіңді ашып-жұмғандай-ақ.


Бибинур:

            Өзгертіп өндірдей ғып өңін елдің,
            Қырандай шырқап шықтың өріне өрдің,
            Жүр ақтап майдангерлер, жаңа ұрпақтар
            Өсиетін, армандарын өлілердің.
            Дүниеде болмасын деп зар қасірет,
            Келеміз замананы алға сүйреп.
            Бүгін де тұр біздерге
            Жер бетінде
            Азаттық,
            Бейбітшілік арқа сүйеп.        

 

Раниль: «Тәуелсіздік күні» тақырыбындағы баяндамасымен ортада 3аКИНФ тобының студенті Губайдуллина Ақерке. Бейнероликті дайындаған 2пТП тобының студенттері Жубандықов Нариман, Айтқалиев Айболат, Өмірбаева Айкүміс.

 

Баяндама

Бейнеролик көрсетіледі.

 

Раниль:    Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқалар,

                Әр адамда өз анасынан басқада,

                 Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада

               Болу керек құдіретті төрт АНА.

Бибинур: Туған жері-түп қазығы, айбыны,

Раниль:  Туған тілі- сатылмайтын байлығы,

Бибинур: Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі,

Раниль:  Қадамына шуақ шашар үнемі.

Бибинур: Және туған тарихы, еске алуға  қаншама

             Ауыр әрі қасіретті болсада,

            Төрт АНАҒА жағдай жасай алмаған

            Пенделердің басы қайда қалмаған?

Раниль:     Төрт анасын қорғамаған халықтың

              Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.

Бибинур:   Қасиетті бұл төрт АНА – тағдырыңның тынысы,

             Төрт АНА үшін болған күрес- күрестердің ұлысы!

Раниль: Ортаға мәнерлеп оқу шеберлерін шақырамыз.

1аМК – Альфия

1пМК – Гулсая

1аТП – Айжан

1аТП – Зоя

 

Би: «Қаражорға» - 1пМК тобы қыздары

Бибинур:   Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін бүгінгідей мереке күні алға қарай тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың тыныш өмірінің негізін қалау үшін қазір де бұл бағыттағы іс-әрекетті жалғастыру керек. Қоғамдық өмір сабақтары мен Отанымыздың мүддесі қазіргі таңда патриоттық дәстүрге сай келетін жаңа талаптарды қойып отыр. Ата-бабаларымыздың алдында тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр.

Раниль: Елімізде тоталитарлық жүйенің қыспағын көрмеген, коммунистік идеологияның шарпуына шалынбаған жаңа жас ұрпақ өсіп келеді. Бұлар – тәуелсіздіктің белбалалары. Елбасы осы ұрпаққа айрықша үміт артады. Елдің ертеңі осылар деп қарайды. Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуін осы ұрпақпен тікелей байланыстырады. Жастар – елдің болашағы.

 

Бибинур: Әрбір жаңа ұрпақ өмірге өзімен бірге жаңа леп, жаңа ахуалды қоса әкеледі. Бұл ұрпақ прагматизмді, тиімділікті, жаңалыққа, инновацияға иек арта келеді. Кешегі күні үлкен бейнетке түсетін, қол күшімен атқарылатын процестерді енді техника күшімен атқарады. Қалам-қағазға жүгініп, қолмен есептеп жататын шаруалар техника үлесіне көшті. Компьютер арқылы қажетті мәліметтерді таба алады, алысқа хабарды интернет, ұялы телефон арқылы жібере алады. Бүгінгі ұрпаққа бұл қиындық келтірмейді, техника құлағында еркін ойнайды. Жастар қоғамдағы қозғаушы күшке айналды.

 

Раниль: Білімсіз қоғамда прогресс, жаңа өрлеу мүмкін емес. Н.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, қазіргі уақыт адамзат биігін білекпен емес, біліммен бағындырудың заманы. Бүгінгі жас ұрпақ мұны анық сезініп, білім бұлағынан молынан сусындауға зейін қоюда.

 

Бибинур: Тәуелсіз Еліміздің болашағы, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің математика және информатика кафедрасына тиесілі 4 мамандықтың болашақ иелері де өз күш-жігерлерін, білімдерін тәуелсіз елінің гүлденуіне жұмсамақ.

Раниль: Ендеше, кезекті сол жалынды жастарымызға берелік!

 Бибинур:

Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты. 

Ақыл – ойлар әлемді арбап алды. 

Математика ғылымдар патшасы боп 

Таңырқатып, аңыз болған адамзатқа. 

Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса, 

Омар Хайям, әл – Фараби жолын қуса, 

Елімнің болашағы гүлденеді. 

Ғылымның шамшырағы жанып тұрса. 

Раниль: Ортаға «Математика» мамандығының студенттерін шақырамыз.

 

Ән: Қамашева Ләйлім – 3сМК тобы

 

Бибинур:

Бұл жерде танысасың Ньютонмен,

Кемеңгер, ол – физик кезінде өткен.

Кездесесің дәл сондай тағы да бір

Студенттермен физикаға білім сепкен.

 

Раниль: «Бұл фокус емес, бұл – физика!» - 3аФК тобының студенті Карипуллиев Райымбекті қарсы алыңыздар.

 

Ән............

 

Бибинур:

Информатика болашаққа бастайды,

Келешекке білім қуған жастарды.

Қадам басып 21 - ші ғасырға

Барлық әлем жаңалығын тастайды.

Раниль: Ортада «Негізгі мектептің информатика мұғалімі»  біліктілігінің студенттері. Дисплейде сурет салу

 

Ән............

Раниль:

Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,

Компьютер, бар сенің қасиетің.

Бір емес бірнеше іс атқарасың,

Жалғыз өзің, мыңның ісін басқарасың.

Ақпарат, ақпараттық әрекетті

Жүзеге асырасың, бас ұрасың

Интернет желісін жүктейсің де,

Әлемдік жүйеге сен енесің

Өмірдің тулап жатқан толқынында.

Өзіңді өзгелермен бір көресің

 

Бибинур: Ортада «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенті Ұзақбаева Ақерке

Раниль: Padlet.com веб-сервисі туралы 2пТП тобы студенті Өмірбаева Айкүміс айтып өтеді.

Айкүміс: Құрметті студенттер! Тәуелсіздік күніне арналған тілектеріңізді интернеттегі мына адрес бойынша жолдауыңызды сұраймыз.

 Рефлексия - Padlet.com веб-сервисінде жұмыстану(2пТП):

Би - 1асТП қыздары

Бибинур: «Мен жастар - біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!» деген болатын Елбасы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты биылғы Жолдауында. Ендеше, құрметті көрермендер, келесі кезекті Сіздерге береміз. «Тәуелсіздік Сізге не берді, Сіз Тәуелсіздікке не бересіз?» тақырыбы төңірегінде өз ой-пікірлеріңізді білдірсеңіздер...

Көрермендердің ой-пікірлері

Раниль: Келесі сөз кезегін математика және информатика кафедрасының меңгерушісі Жұматова Мариям Сағынбайқызына береміз.

Жұматова Мариям Сағынбайқызы сөйлейді.

Бибинур: Қалың елім қазағымның жа­на­рын­да жа­нып тұрған оты бар жа­лын­ды, жігерлі жас­та­ры! Патриот болу – өз Отаныңды шың жүректен сүю, өзіңе және өз халқыңа сеніп, қоғамға қызмет ету. Бірақ өзіңнің тарихынды, ана тіліңді, шығу тегіңді білмей нағыз патриот бола алмайсың. Отан сүю — әрбір ет — жүрегі, қан — та­мы­ры қазақ деп соғатын қазақжанды, ел­жан­ды, ұлтжанды ұландардың баға жет­пес бо­ры­шы.

Раниль: Сондықтан, па­рыз­да­ры­мыз­ды асқақ абы­рой­мен, аса адал орын­дау арқылы ұлтымыздың іргетасын бірге нық тұрғызайық. Еңселі еліміздің ертеңі біздің қолымызда. Қазақстанды биікке жетелейік, жеткізейік. Жарқын болашаққа  қадам ба­сып ке­ле жатқан халқымыз үшін Тәуелсіздігіміз мәңгі жа­сай берсін!

 

Бибинур Әрқашан да әрқайсымыздың «кішкене отбасымыздан басталатын кең-байтақ ұлы Отанымыздың» тәуелсіздік күні құтты болсын, көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін!

 

Ән: «Қазақстан» - 1аТП студенті Сүлейменова Зоя

 

Раниль: Осымен «Тәуелсіз Елдің болашағы - жастар» тақырыбындағы шарамыз өз мәресіне жетті.  Келгендеріңізге көп рахмет!

 

Бірге: Мереке құтты болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тәуелсіз Елдің болашағы – Жастар!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер гостиничного комплекса

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

"Тәуелсіз Елдің болашағы – Жастар!"Раниль: Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын!Бибинур:Армысыздар, құрметті оқытушылар және студенттер! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23 жылдығы қарсаңында математика және информатика кафедрасы ұйымдастырып отырған «Тәуелсіз Елдің болашағы – жастар!» тақырыбындағы шараға қош келдіңіздер!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 978 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.03.2020 1764
    • DOCX 59 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Федотова Елена Ринатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Федотова Елена Ринатовна
    Федотова Елена Ринатовна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 90892
    • Всего материалов: 190

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 782 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 991 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 760 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 979 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Мини-курс

Коррекционно-развивающая работа и оценивание в образовании для детей с ОВЗ

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Мини-курс

Карьера и развитие в современном мире

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами и стоимостная оценка в современном бизнесе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе