Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Туған жер" 2 сынып

"Туған жер" 2 сынып

Скачать материал

Сабақ тақырыбы: Туған жерім - тұғырым, өскен елім - өзегім.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Өтілген тақырыптар бойынша тарауды пысықтау. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, тараудан алған білімдерін тиянақтап бекіту.
Дамытушылық: Оқушылар өздігінен жұмыс істеуге, туған жерін, елін сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Логикалық ойлау қабілетін және өзін - өзі бақылауды үйрету.
Сабақ әдісі: Сабақ дамытушылық түрде өтіп, ой қозғау, сұрақ - жауап әдістері қолданылады.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, орыс тілі, ән сабағы, бейнелеу өнері.
Сабақ көрнекілігі: мақал - мәтел, сандық, бақылау картасы, тест, жалаушалар, ғажайып үштік, нақыл сөздер.
Сабақ барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын өзіме аударып, сыныпты үшке бөліп отырғызамын.
1. “Қабілет” тобы
2. “Дарын” тобы
3. “Білім” тобы
(Әр топтың білімділігін, іскерлігін, қабілетін, тапқырлығын алған жалаушалар саны арқылы анықтап отыру)
I. Құрастырма. Берілген әріптерден сөз құрау, оны орыс тіліне аудару.
1 - топ: т, о, н, а Отан - Родина
е, т, к, е, м, п мектеп - школа
2 - топ: й, б, д, и, а бидай - пшено
е, ж, р жер - земля
3 - топ: с, а, н, а, т, а Астана - Астана
к, н, ү күн - солнце
II. Ғажайып үштік.
Үш топ өздерінің қалаған сандарын таңдап алып, берілген сұрақтарға жауап береді.
1 - топ:
1. Қазақтың тұңғыш президенті кім?
2. “Дегелеңдегі жарылыс” әңгімесін кім жазған?
Басты кейіпкері кім?
3. “Отан” өлеңін жатқа айт.
2 - топ:
1. Оңтүстік Қазақтан облысында өсетін жылу сүйгіш өсімдіктерді ата.
2. “Бақшада” әңгімесінің авторы кім? Осы әңгімеде қандай көкөністер туралы айтылады.
3. “Туған жер” өлеңін жатқа айт.
3 - топ:
1. Қазақстан жер көлемі жағынан дүние жүзінде нешінші орында?
2. “Құмырсқалар” әңгімесінің авторы кім?
3. “Аппақ қыс” өлеңін жатқа айт.
III. Бақылау картасы.
№ Сұрақ Жауап
1 Қазақстан Республикасынеының рәміздері. 1. Ақын.
2 Көк бұйра бір бұлақ.
Тіл қатар былдырап,
Тастарды ұлғылап
Ағады құлдырлап.
2. Отан – оттанда ыстық.
3. Жаңылтпаш.
4 Мақал – мәтел.
4. Елтаңба, әнұран, ту.
№ Сұрақ Жауап
1 Жаңылтпаш. 1. Ұлы жазушы.
2 Қарабатыр кімнің әңгімесі. 2. Қазақ, түрік, орыс, неміс, кәріс, қырғыз, украин, татар, тәжік.
3 Шымкент қаласының ұлт өкілдері. 3. Бозда боз ат мінген атам,
Бозда боздап жүрген атам.
4 М. Әуезов кім? 4. Ыбырай Алтынсарин.

№ Сұрақ Жауап
1 Суықторғай. 1. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
2 Ыбырай Алтынсарин кім? 2. Саға Жиенбаев.
3 Мақал – мәтел. 3. Максим Зверев.
4 “Ұшып келем” оның авторы кім? 4. Ағартушы, алғашқы ұстаз.
IV. Сергіту сәті. (ән) Қалдыбай Нұх.
V. Кім жылдам ойыны.
1 - топ. 2 - топ 3 - топ
1. Кітап 1. Мектеп 1. Жылқы
2. Сырдария 2. Сызғыш 2. Қазыбек
3. А. Құнанбаев 3. Аққу 3. Қаңтар
4. Күз 4. Шымкент 4. Ә. Молдағалиев
5. Күшіңе сенбе, 5. Ақ тай ақ па, 5. Үй үстінде алтын тас,
Біліміңе сен. Қара тай ақ па. Алайын десен табылмас.
6. Орындық 6. Текемет 6. Қаламсап
7. Қой 7. Жаңбыр 7. Жел
VI. Оймен жұмыс істеу.
1 - топ:
Шымкент қаласы туралы шағын әңгіме жаз.
2 - топ:
“Қыс” мезгіліне байланысты сурет салу.
3 - топ:
“Туған жер” туралы өлең жаз.
(бір шумақ)
VII. Жұмбақ айт. Сандық ішіндегі заттарды мұғалім сипаттап айтады, оқушы жауап береді. Ол не?
1 - топ:
Табиғат байлығы өзі қатты, түсі қара, жанғыштық қасиеті бар.
2 - топ:
Дәнді дақылдардың бірі, түсі сары, тағам ретінде пайдаланамыз.
3 - топ:
Бөлменің, сыныптың сәні, көмірқышқыл газын өзіне тартып, оттегін бөліп тұрады.
VIII. Тапсырма.
Үш топқа да “Қарлығаш” деген сөз беріледі. Сол сөзден бір минут ішінде бірнеше сөз құрастыру керек.
IX. Ұйқасын тап.
1 - топ:
Шота!
Арам шөпті ота.
2 - топ:
Дина!
Сөз маржанын жина.
3 - топ:
Жұрын!
Қайда оқыдың бұрын?
1 - топ:
Оңдасын!
Көп пе сенің жолдасың?
2 - топ:
Ажар!
Жүрген жерің базар.
3 - топ:
Айбала!
Өкпелеткен қай бала?

X. Қорыту.
Қалдыбай Нұх. (ән)
XI. Үйге тапсырма:
1. Тарау материалдарын қайталау.
2. Өлең жолдарды толықтыру.
3. Суретті аяқтау.
4. Әңгімені жалғастыру.

 

Мақалаға белгі:Бастауыш сынып, туған жер, туған ел, ашық сабақ

 

http://bilimdiler.kz/terminal.gif

Туған жер-алтын бесігім!

  • 0
  • Авторы: Zhainagul
  • |
  • Пікірлер: 0
  • |
  • Қаралды: 4030
  • |
  •  
  •  
  •  

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы
Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің
«Бейнелеу өнері және сызу» пәнінің мұғалімі
Төкенова Жайнагүл

Тақырыбы: Туған жер-алтын бесігім!
Мақсаты: 1) Балғын жастарға туған өлке тарихын зерделеуге, таным түсінігін кеңейтуге көмектесу. Асты-мұнайға, үсті-адами рухани құндылыққа толы қасиетті, киелі өлке туралы білгендерін ортаға салғызу. Туған жердің тарихына үңіле білуге, болашақта елдің тұтқасы өзіміз боламыз деген түсінік қалыптастыру. Елін, жерін, тілін, әдеп-ғұрпын құрметтейтін, өз Отанын сүйетін тұлға қалыптастыру
2) Тілін дамыту, ойын жеткізе білуге үйрету.
3) Оқушыларды саяси саналылыққа , өз елін, жерін қорғауға, құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.

Түрі: Танымдық сайыс.
Әдісі: Сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Туған жер, ел туралы нақыл сөздер, буклеттер, тапсырмалар, шарлар, жалаушалар.
Жүру барысы: Кіріспе сөз.
Қадірменді қонақтар! «Туған жер-алтын бесігім!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Иә, осынау кең-байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары, даласы мен алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бәрі болашақ ұрпақ, келешек азаматтары, сендерге өсиет болып қалады. Ал сол болашақ егелері, сендер қандай болуларың керек? Бүгінгі танымдық сайысымызда сіздердің туған ел, туған жер туралы білетіндеріңізді ортаға саламыз. Өз білгенімізді еркін ортаға салайық.

1. ҚР Әнұранын орындау.
2. Танымдық ойынды бастаймыз.
1топ: Каспий
Ұраны: Толқынындай Каспийдің тербелеміз,
Биіктерге білімменен кенелеміз.
2топ: Аманат
Ұраны: Аманат деп аталатын тобынан біз,
Аманатын бабалардың орындаймыз.
1 кезең. «Өткел»
Өткелден өту үшін топ басшыларына 5 сұрақ беріледі. Әр дұрыс сұрақ 5 ұпаймен есептеледі.
«Каспий» тобының басшысына:
1 сұрақ. Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздігін алды?
Жауабы: ( 1991ж. 16 желтоқсан )
2 сұрақ. Туған жер туралы мақал айт.
Жауабы: (Ел іші-алтын бесік )
3 сұрақ. Қазақстан Республикасының Ата заңы қай жылы, қай күні қабылданды?
Жауабы: (1995 жылы 30 тамыз)
4 сұрақ. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Жауабы: (қазақ тілі)
5 сұрақ. «Туған өлкем» өлеңінің авторы кім?
Жауабы:Өтебай Тұрманжанов.
«Аманат» тобының басшысына:
1 сұрақ. Қазақстан Республикасының президенті кім?
Жауабы: (Н. Ә. Назарбаев)
2 сұрақ. Қазақстан Республикасы қай жылы Республика болып жарияланды?
Жауабы: (1990 ж. 25 қазан)
3 сұрақ. Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түркіменстан, Әзербайжан республикасымен шектесетін тәуелсіз мемлекет.
Жауабы: (Қазақстан Республикасы)
4 сұрақ. Қазақстан Республикасының бас қаласы.
Жауабы: (Астана)
5 сұрақ. Туған жер туралы мақал айт.
Жауабы: Туған жердей-жер болмас,
Туған елдей-ел болмас.
2 кезең «Белес»
Бұл кезеңде әр топқа қатарынан 2 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен есептеледі. Қосымша көмек алса, 1 ұпайы кемиді, яғни 4 ұпай болып есептеледі.
Ұпайы көп топ бастайды.
« Каспий» тобына:
1 сұрақ.
- Шіркін, жауынды жерге не жетсін!Жер бетінің үнемі ылғал тартып тұрғаны қандай рақат!-деп, мәз-мейрам болып жатты.
Сұрақ:Бұл қай мәтіннен алынған үзінді, кейіпкерлерін ата.

Қосымша көмек:Дүниеде менің илеуімнен жақсы мекен, жайлы қоныс бар ма екен?
Жауабы:Кімнің мекені жақсы?
Тышқан, құрбақа, құмырсқа.
2 сұрақ.
Халқымыздың қасиетті тілі туралы айтылған шығарманы ата.
Қосымша көмек:Бұл шығарманың авторы М. Мақатаев.
Жауабы:Отан туралы.
«Аманат» тобына:
1 сұрақ. Адам сыйға алған дәнін әрі құрғақ, әрі жылы жерде бір күз, бір қыс сақтайды. Көктем шыққан шақта, ақылының арқасында, үйшігінің жанындағы қара топырақты жерді қопсытып, соған әлгі дәнді түгел себеді.
Сұрақ:Бұл қай шығармадан алынған үзінді, авторы кім?
Қосымша көмек:Адам тіршілігінің арқауы деп нанды қандай қадірлесе, бидай да өзіне қамқор болған адамды сондай кенелтіп келеді.
Жауабы:Ақ бидай. Өтебай Қанахин.

2 сұрақ. Кешкі ауыл көрінісі қай мәтінде суреттелген.
Қосымша көмек:Қартқожа үйге сүйеніп, ашамайды шынтақтап, ауылға қарап отыр.
Жауабы:Ыстық қой, шіркін, туған жер! 3 кезең«Бекет»
Бұл кезеңде берілген сұраққа әр топтың жанашырлары жауап береді. Дұрыс жауап 6 ұпаймен есептеледі.
«Каспий»тобының жанашырларына:
Сұрақ. Маңғыстау өңірінде неше әулие мекендеген деп айтады?
Жауабы:362 әулие мекендеген.
«Аманат» тобының жанашырларына:

Сұрақ. Бейнеу ауданының әкімі кім?
Жауабы: Басшы Әзірханов.
Ән:Туған жер орындайтын Адаева Айзада.
4 кезең. «Асу»
Екі сөзге 5 ұпай беріледі.
«Қазақстан» деген сөзден заттың атын білдіретін сөз жасау.
Жауабы:Қаз, ана, ат, тас, нан, сақа, ата, тана, Асан, қас.
5 кезең. «Бәйге»
9 терезеге сұрақтар жасырылған, әр топ өз кезегімен қалаған терезелерін таңдайды. Егер дұрыс жауап берсе сол терезедегі ұпайды алады.
1 сұрақ. Маңғыстау облысы қашан құрылды? (1973 жыл 20 наурыз )
2 сұрақ. Маңғыстау облысының орталығын ата. (Ақтау)
3 сұрақ. Маңғыстау –Қазақстанның қай бөлігінен орын алған (Оңтүстік қиыр батысында)
4 сұрақ. Батыс Қазақстан облыстарын ата. (Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан)
5 сұрақ. Маңғыстау облысының әкімі кім?(Қырымбек Көшербаев )
6 сұрақ. Маңғыстау облысының ең биік нүктесі қалай аталады? (Бесшоқы тауы)
7 сұрақ. Маңғыстау өңірі неге бай?
8 сұрақ. Маңғыстау Каспий арқылы қай елдермен іргелес?(Түрікменстан, Иран, Ресей, Әзербайжан)
9 сұрақ. Маңғыстау облысына биыл неше жыл? (35 жыл)
6 кезең. «Жерұйық»
Жерұйыққа ұпайы көп топ барады.
Бұл кезеңде ойнауға келіскен топ сұраққа жауап береді.
Сұрақ.
Жарысып ойнап желменен,
Биікке талмай өрлеген,
Бағыттан тайып көрмеген,
Қашаннан қайсар ұланбыз.
Көңілін қиял кернеген,
Өмірін шаттық тербеген,
Ертеңге қанат сермеген,
Қашаннан қайсар ұланбыз.
Сұрақ. Бұл қай өлеңнен алынған?
Өлеңдегі ойды кімнің атынан беріп отыр?
Жауабы:Ұланымыз ұлы елдің.
Балалардың атынан.
Соңы:Хор Атамекен әні.

 

 

Оплаченная Реклама:
Гарантированый заработок, от 120$ до 240$ в день!
70$ в день. Доступно всем.
80$ за один день
Вклад под 40% в месяц!
Заработок в интернете без вложений
Заработай на своем сайте. Лучшие партнерские программы. ..

 

Жаңалық жайлы ақпарат

12-02-2013, 09:33

«Туған жер» Қасым Аманжолов

Категориясы: Бастауыш сынып

Тақырыбы: «Туған жер» Қасым Аманжолов
Сабақтың мақсаты: Өлеңді сатылай кешенді талдау арқылы білімдерін көтеру;
Білімділік: ақын Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріп, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, өлеңді сатылай кешенді талдау арқылы білімдерін көтеру; Дамытушылық: оқушыларды сатылай кешенді талдауға, ізденімпаздыққа тапсырмаларды тиянақты орындауға, алғырлыққа баули отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: шығармашылық ізденісіне бағыттау, елін, жерін сүйетін ұл - қыздарды тәрбиелеу;

Сабақ түрі: Аралас сабақ Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ізденіс, топтың жұмысы, сатылай кешенді талдау, ой толғау; Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, слайд, мультимедиялық ( интер белсенді тақта) Пән аралық байланысы: қазақ тілі, математика, дүниетану Жаңа технология: Сатылай кешенді талдау, жалпы оқыту дағдысын дамыту; Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі: Балалар, бір - бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрып тұрады, бір - бірімен сәлемдеседі. Мұғалім:- Сәлеметсіздер ме, балалар! Бір - біріміздің қолымызды ұстағанда нені сеземіз? - Жылылықты сеземіз. - Бір біріңе күлімдеп қараңдаршы, жүздеріңнен нені байқап тұрсыңдар? Жақсы көңіл күйді қуанышты көріп тұрмыз. Қазір бәріміз бірге мына өлең шумағын айтып шығайық: Кел, балалар, күлейік, Көңілденіп жүрейік. Балдырғанбыз демейік, Өмір сырын білейік. - Жарайсыңдар балалар. Бәріңнің көңіл күйлерің жақсы екенін сезіп тұрмын. «Жақсы сөз жанға қуат береді»деген осы. Ендеше орнымызға жайғасып отырайық.

Үй тапсырмасын тексеру: «Елтаңба мен Ту туралы жыр» Кеңес Оразбекұлы Қыран мен Пырақ сөздерінен диалог құраңдар, диалогте мәтіндегі мақалдарды қатыстырып айту. а) Мәтін бойынша сұрақтар:
- Қос Пырақ қандай елдерді аралапты?
- Қыран олардан не деп сұрайды?
- Пырақ не деп жауап берді?
- Мәтіндегі мақалдар не туралы айтылған?
Мақал - мәтелдер Ат ердің................ (қанаты )
Берегеннің қолынан,..........( беремегеннің жолынан )
Ер аралаған..............(сыншы болар)
Отан оттан да.............(ыстық)
Өз елім өлең............. (төсегім)
Әркімнің өзі жері....... (жұмақ)
Туған жер............ ( тұғырың )
Туған ел.............. (қыдырың )
Кісі елінде............(күркірегенше,)
Өз еліңде............... (дүркіре )
Төртеу түгел болса..............(төбедегі келеді )
Ынтымақ түбі................(игілік )
Сонымен мақал мәтелдер не туралы екен? ( туған ел, туған жеріміз жайлы )
Мақал - мәтелдерді сатылай кешенді талдау
Бірліксіз ел тозады, Бірлікті ел озады.
Мақал
1. Мақал Себебі: тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды.
2. Тақырып: Ынтымақ, бірлік туралы айтылған. Себебі: елде бірлік ынтымақ болмаса, халық тозады.
3. Құрылымдық ерекшелігі Тура мағына. Себебі: ешқандай астар, тұспал, ауыспалы мағына мен ишара жоқ, ой ашық айтылған.
4. Әдеби теориялық ұғымдар: Эпитеттер: бірлікті ел, бірліксіз ел. Себебі: заттың құбылыстың айрықша сипаты, сапасы анықталды.
Синоним: тозады - азады:
Себебі: мағынасы жуық сөздер
5. Тәрбиелік мәні:- ынтымақты болуға, бірлікке шақырады.

- Елтаңба, туымыз неге жатады? ( рәміздерге ) - Елтаңба авторы кім? (Жандарбек Мәлібекұлы мен Шота Уалиханов ) - Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков ) Мұғалім: Сонымен балалар, Елтаңбасы, туы, әнұраны болмаса еш ел егеменді бола алмайды. Рәміздер сол елдің бет бейнесін көрсетеді. Басқа елдің төрінде желбіреп тұрған өзіміздің туымызды көргенде жүрегіміз лүпілдеп, бойымызды елімізге деген ерекше мақтаныш билейді.

Еліміздің мемлекеттік рәміздерін әрқашан қастерлеп, қадірлей білу керек. Ендеше мына әнге назар аударып, зейінімізді салып тыңдайық. Ән тыңдау. «Көк тудың желбірегені» Осы әнді тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар? - Көк тудың желбірегені, Жаныма қуат береді. Таласқа түссе жан мен ту, Жан емес маған керегі.- дегенде нені түсінесіңдер? Әнде айтылғандай өздерің жанымды берсем де, туымның желбірегені керек деп айта аласыңдар ма? Неліктен? Оқушылардың елге деген сүйіспеншіліктерін бақылау мақсатында әңгімелеу жүргізіледі. Балалардың жауабын мұғалім түйіндейді.

Мұғалім: Әрбір адам үшін туған ел, туған жер барлық уақытта да қымбат. Өйткені сен туған өлке саған алтын бесік – атамекен болып саналады. Туған елді әңгіме еткенде оған деген сүйіспеншіліктен жүрегіміз лүпілдейді, туған елдің құдіреттілігі соншалықты, жаныңды баурап алады. Көрініс:( 3оқушының әңгімесі) «Туған елге сағыныш»

Жаңа сабақ: - Мұғалімнің түсіндіруі: а) Қ. Аманжолов атамыздың «Туған жер» өлеңімен танысамыз; ә) Қ. Аманжоловтың өмірімен таныстыру Қ. Аманжолов – қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны, атақ даңқы кең жайылған Қ. Аманжолов (1911 - 1955) ұлттық әдебиетіміздің заңғар аспанындағы жарық жұлдызы, мәңгі сөнбес шамшырағы еді.
Өмірден ерте кеткенмен, ол болашақ ұрпаққа мол мұра қалдырды.

Бейбіт өмірді, қан майданды, туған жер мен ата ананы, достық пен махабатты, көңіл күйі мен табиғатты биік парасаттылықпен, шынайы сезіммен зор тебіреніспен жырлады. б) Өлеңді мәнерлеп оқу;( мұғалімнің оқуы ) в) Өлең бойынша сұрақтар: - Ақынның көңіл күйі, туған жерге деген ризашылық сезімі, өлеңнің қай жолдарында берілген

- Өлеңнің соңғы жолдарынан автордың қандай ой пікірін аңғартуға болады? (қызығыңды еркін көріп келем, сен аямай барыңды маған бердің, мен де саған барымды беремін.) - Осы оқулықта ақынның қандай өлеңімен таныстық? ( Көктем өлеңімен танысамыз.) - Ақынның қандай өлеңдерін білеміз? г) Мәнерлеп оқу. Бір оқушы мәнерлеп оқиды; Тапсырма: «Туған жер» өлеңін сатылай кешенді талдау.

«Туған жер» өлеңін сатылай кешенді талдау.
Туған жер
1. Авторы: Қ. Аманжолов.
2. Тақырып: белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындық, автор ойының қазығы. Бұл өлеңнің тақырыбы Автордың туған жерге деген сүйіспеншілігі.
3. Жанр түрі: өлең. өлең дегеніміз - белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келген өрнекті сөз жүйесі.
4. Идеясы: Ақынның айтар ойы мен мақсаты. туған жерге деген сүйіспеншілігін, туған елінің, қасиетін, туған жерінің көріністерін суреттеген.
5. Шумақ дегеніміз аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. Бұл өлең төрт шумақтан тұрады.
6. Тармақ. дегеніміз - өлеңнің әр жолы 16 тармақ
7. Бунақ дегеніміз белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі. Бунақ саны 2 - 3.
8. Буын саны – дауысты дыбыстың санына байланысты. Өлең 11 – буынды.
9. Ұйқас түрі: ұйқас дегеніміз - өлеңнің бітім мазмұнымен тамырлас келіп, оған әуен ерекше сөз беріп тұратын әуен, ерекше сөз беріп тұратын өлең тармақтарындағы сөздердің үндестігі екендігі айтылады. өлең қара өлең ұйқасына құрылған.(а - а - б - а)
10. Әдеби теориялық ұғымдар. а) Теңеулер: жас балаға, байтақ едім, кең едім, жер едің. ә) эпитет дегеніміз - заттың ерекше сипатын сапасын, анықтайтын суретті сөз. б) кейіптеу дегеніміз - табиғат құбылысын жандандырып адам сияқты, күлдіріп, қуанту т. б кейіпте суреттеуді айтады.
11. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні: бұл өлең арқылы әр адам өзінің туған жерге деген сүйіспеншілігін білдіріп, туған жердің ыстық, қымбат екенін біліп, оны аялап, қадіріне жетуге тырысады.
1. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас,
2. Ел іші - алтын бесік
3. Туған жердің жері де көрікті, елі де сүйікті.
4 Әркімнің өз жері «мысыр шахары»

Дәптермен жұмыс:
Оқушылардың білімін беки түсу үшін тапсырма беріледі. Тапсырма: 1. Жезқазған сөзіне математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру. 2. Туған елге, жерге байланысты өлең шығару немесе эссе жазамыз; Қорытынды: Жүректен жүрекке. Балалар еліне деген мақтанышын ән жолдары арқылы білдіреді. Шеңберге тұрып, үнтаспаға қосылып ән айтылады. Ән: «Туған жер» Қасым Аманжолов

Қазақ поэзиясын сатылай кешенді талдау.

1. Авторы___________
2. Тақырып - бұл өнер туындысының іргетасы. Бұл шығарма. Әдеби шығарма дегеніміз белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі. __________________
3. Жанр түрі - поэзия (өлең). өлең дегеніміз - белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келеін өрнекті сөз жүйесі.
4. Идеасы - автор тақырып арқыллы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көз қарасы, өз дүниетанымы тұғысынан бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат, мүддесін, арманын білдіреді. _____
5. Шумақ - аяқталған біртұтас ойды білдіреді................... 6. Тармақ – өлеңнің әр жолы:.................................. 7. Бунақ - белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі...........
8. Бунақ саны - сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты.
9. Ұйқас түрі............................................................................................... Ұйқас дегеніміз - өлеңнің бітім мазмұнымен тамырлас келіп, оған әуен, ерекше сөз беріп тұратын өлең тармақтарындағы сөздердің үндестігі. 10. Әдеби теориялық ұғымдар: Теңеу:............................................................................................... Себебі: Теңеу дегеніміз - заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей ақ. мұны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу. Эпитет:................................................................................. Эпитет дегеніміз -- заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын, анықтайтын сурет. 11. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні..........................................................................................................

Мақал - мәтелдерді сатылай кешенді талдау_____________________Мақал, себебі халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды. Мәтел, себебі ол ой - пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде. 2. Тақырыбы:______________
3. Құрылымдық ерекшелігі: а ) Тура мағына - себебі ешқандай астар, тұспал, ауыспалы мағына мен ишара жоқ, ой ашық айтылған._______________
ә ) Ауыспалы мағына – Себебі ой ишарлап, астарлы берілген. ________
4. Көркемдік тәсілдер:
Эпитет _________________
Себебі заттың құбылыстың айрықша сипаты, сапасы анықталды Әсерлеу:_____________
Себебі: адам немесе адам өмір кешкен ортаның шындығын оқшау халде әдейі өсіріле не өшіріле суреттеу.
Тәрбиелі мәні: ________________
Жезқазған сөзіне математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру.
Берілгені: Жезқазған о = □=?
Шешуі: Жезқазған 9 о= 3(2а, е) □ 6( 2з, ж, қ, ғ, н)
а) 3 □ = 2 (а) жуан ә) 3 □ = 2 (а) ашық 1( е) жіңішке 1( е) жіңішке
б ) 3 □ = 1 (е) ашық а) 1(қ ) қатаң 4(2з, ж, ғ) 2( а) жіңішке 1 (н) үнді

 

 

Ашық сабақ:Ана тілі

Тақырыбы: Ө. Тұрманжанов « Туған өлкем»

Мақсаты: 1.Отан, туған жер,туған тіл жайлы түсініктерін , оның табиғатының әсемдігі, байлығы жайлы түсініктерін тереңдету. Ө.Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңін оқу, мағынасын түсіндіру.

2. Өз ойларын айта білу дағдыларын дамыту.Тіл байлықтарын дұрыс сөйлеу, қатесіз,түсініп оқу дағдыларын дамыта түсу.

3. Туған жерді, елді, қастерлеу, тілді бағалай білу, ата-ананы сыйлау, халқыңа пайда келтіру сияқты адамгершілік асыл қасиеттерге баулу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Көрнекіліктер: «Неткен сұлу ,неткен көркем» слайд, сабақ барысы бойынша жасалған слайд, тапсырмалар жазылған түсті үлестірме –қима қағаздар.

Барысы:

І. Ұйымдастыру: Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару, бір-біріне сәттілік тілеу.

ІІ. Мақсат қою: Бүгін сабақта «Неткен сұлу, неткен көркем, осы менің туған өлкем» атты тарауды әрі қарай жалғастырамыз. Бүгін осы тараудағы «Туған өлкем» атты өлеңмен танысамыз.

Үй тапсырмасын тексеру

1-топ :Д. Әбілев «Туған тілім» өлеңін жаттағандарын топта бір-біріне айту.

2- топ: Қазақ тілі мемлекеттік дәрежеде ме? Пікірталас топ ішінде өткізу.

(Топ ішінде 1 оқушы « Қазақ тілі-мемлекеттік дәрежеде қолданылып отыр» десе 2-оқушы «Қазақ тілі мемлекеттік дәрежеде қолданылып отырған жоқ» деген ұғымдарды дәлелдейді.Кімнің дәлелдеуі нақты, аргументтері шынайы болса қалған топтағы оқушылар сол оқушы жағына шығу керек)

3- топ: Топтағы оқушылар тіл туралы мақалдар бойынша жұптасып жұмыс істейді . Жаттаған мақалдарын бір-біріне айтады.

Цитата

Комментарий

1.     жұпқа: Тілден бал да тамады, у да тамады.

 

2.     жұпқа: Тіл – қылыштан да өткір.

 

3.     жұпқа: Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

 

 

4- топ: Топтастыру

ІV. Жаңа сабақ

1. Неткем сұлу, неткен көркем – фильм көру.

-Балалар, фильм ұнады ма?

-Біздің жеріміз қандай екен?(сұлу, көркем, әсем, әдемі, көркем, тамаша, көз тоймайтын)

- Олай болса, бүгін біз Өтебай Тұрманжанов атамыздың «Туған өлкем» өлеңімен танысамыз.

Сөздік жұмыс: Жұпар- өте жақсы, хош иіс; шалқып,тасқан- өркендеген; бақыт тапқан-бақытты.

2. Мұғалімнің оқуы

3.Өз беттерімен дауыстап оқу.

4.Әр топтан бір оқушыға мәнерлеп оқу үлгісін көрсетуді сұрау.

Сергіту сәті.

Топтық жұмыстар: 1,2,3,4,5,6деп топтарға бөлу.

1 -Өлең не жайында , тақырыбын анықта.

2 -Ақын сезімін білдіретін сөздердің астын сыз.( қуаныш, өкініш, мақтаныш, қайғы, шаттық, реніш)

3: «Алтын дәнді дала» сөз тіркесінің мағынасын ашу.

4: «Ақ күмістей қала» сөз тіркесінің мағынасын ашу.

5:Өлең құрылысына талдау жасау. (3-шумақ, 4тармақ, 2бунақ)

6:-Тілдік талдау жасау. Көркем сөздерді табу: бабам тілі, анам тілі, далам тілі, адам тілі, сыры терең жаным, жүрегімді суырып алыңдар.

Бекіту:

1-топ Туған өлкем- сурет салу.

2- топ: Өлең құрайды:

Зыряным алтын мекенім.

…………………………өтемін.

Қияға қанат қақсам да,

…………………….жетемін.

3-топ: Мақалға ребус құрау Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық. Отан оттан да ыстық.

4- топ: Т кестесін жасау ( Туған жер- Біз)

Туған жер Мен

Үйге тапсырма: Барлығы: Өлеңді жаттау

Таңдау бойынша : Сурет салу немесе сөзбен Зырян табиғатын суреттеу

Қорыту: Бүгін не істедік? Не білдік? Не ұнады,ұнамады?

Бағалау: Өз көмектеріне, топ басшыларының бағалауы мен сабақ бойы мұғалім таратып тұрған стиктерге жүгіне отырып, бағалау жүргізу.

 

 

 

Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар

                                                                                                                            және басқару колледжі Өндірістік оқыту шебері
                                                                                                                                                         Узымбетова Айнур Тлеповна
  Сабақтың тақырыбы:   Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды еліміздің ұлттық белгілерімен, мемлекеттік рәміздерімен таныстыру.
 Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын, өз бетімен жұмыс жасауға, ойлау-сөйлеу шеберлігі мен қабілетін дамытуға үйрету
 Отанды сүюге, туған жерін, туған тілін құрметтеуге, өз отанын қорғай білуге тәрбиелеу.

  Көрнекіліктер: Мемлекеттік рәміздер, шығармашылық жұмыстары, газеттері, Венн диаграммасы.
Пәнаралық байланыс: Ана-тілі.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
                                2. Негізгі бөлім.
                                3. Пікір-сайыс бөлімі.
  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны.
1- жүргізушісі:                                 2- жүргізуші:
Туған жердей жер болмас,          Туған жердің қадірін,
Туған елдей ел болмас.                 Шетте жүрсең білерсің.
3-жүргізуші:  Жер бетінде әр адамның өз туған жері, туған елі болса міндетті түрде оның туған тілі болады.
 1- жүргізуші: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. Қазақстан Республикасының елбасы Н.Ә. Назарбаев (көрнекілік-мемлекеттік рәміздердің суретін пайдалану).
2- жүргізуші: Қазақстан Республикасының туы көгілдір түсті.
Тудың көгілдір түсі ашық аспан барлық халық ұшін әрқашан бейбітшіліктің амандық пен тыныштықтың белгісі.
3- жұргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасыеың ең басты жүгін көтеріп, оған негізгі арқау болып тұрған шаңырақ. Шаңырақ киіз үйдің күмбезі. Шаңырақ «Отан от басынан басталады» деген киелі ұғымға ие. Ошақтың амандығын білдіреді.
1- жұргізуші: Елтаңбаның маңдайшасына бесбұрышты жұлдыз салынған. Бұл жұлдыз «Бағымыз-өрлеп, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұрғандай. Венн диаграммасы бойынша түсіндіру.(оқушылар өздері түсіндіреді).
1-оқушы                                              2-оқушы
Ең бірінші бақытым-халқым менің,
 Ал екінші бақытым-тілім менің,
Соған берем ойымның  алтын кенін.
Тас жұректі тіліммен тілімдедім.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Кей-кейде дүниеден түңілсем де
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
 Қасиетті тілімнен түңілмедім.
3-оқушы:
Бақытым бар үшінші-Отан деген,
Кім мықты-десе біреу-Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.
3.Пікір- сайыс бөлімі.
1-жүргізуші: Құрметті ара-аналар, оқушылар! Бүгін тәрбие сағатының тақырыбына арналған пікір – сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші: Пікір сайысымызға қатысушы екі топты таныстырайық.
1. Таныстыру бөлімі.
1-топ. Біздің топ: Туған жер!
Біздің ұран: Туған жер тіршіліктің анасы!
Біздің ән:
  Тіліміздің бұлағы,             Ана тілін сүйемін,
       Тіршіліктің ел жүрегі,      Отан үшін күйемін.
2-топ. Біздің топ: Болашақ
Біздің ұран: Тіл бар жерде, өмір бар.
Біздің ән:
Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,     
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Болашағым, бақытым, дара тілім.

жүргізуші: Пікір сайыс 3- түрлі тапсырмалардан тұрады.
1-тапсырма: Тәуелсіз Қазақстан елі туралы не айтамыз?
«Туған жер» тобы:
Таңғажайып атың да дәл табылды,
Табылды да талай жұртқа танылды.
Қазақ елі көкке жетті, Көк туың,
Сен тәуелсіз мемлекетсің аңсаған.
«Болашақ» тобы:
Біз намыскер Қазақ елі ұланымыз,
Қорғайтын жерді, Отан қыранымыз.
Талап, еңбек, терең ой, қанағат қыл,
Рақым ет деп Абай айтқан ұранымыз.

Тәуелсіздік! Бабалардың ұраны,
Тәуелсіздік! Болашақтың тірегі,
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге бөлеп, жасартамыз өлкені.
2. Шығармашылық жұмыстарды қорғау.
1-топ. Біздің газетіміз «Туған жер» деп аталады. 1. Туған жерсіз адамның күні жоқ. Алыс кетсең өз ауылыңды сағынасың. Туған ел туралы Сәкен Сейфуллиннің өлеңі жатқа айтылады. 2. Қазақтың дастарханы мол, барлық ұлттың баласын өз шаңырағына жинап, береке-бірлікпен отыр. Бірақ ана әр адамда біреу-ақ, ендеше Отан ана да ол үшін біреу ғана.
2-топ. Біздің газетіміздің аты «Болашақ» Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, біздің болашағымызға үлкен жол ашты, біз өз ана тілімізде сөйлейміз, басқа тілдерді де еркін меңгере аламыз. Біз білімді, тәрбиелі де ұрпақ боламыз. Біз қазірден бастап жақсы оқысақ, «Болашақ» озат оқушылар қатарына қосыламыз. Қазақ елі тәуелсіз, мәдениетті жомарт халық
Пікір алысу (1-2 топ)
Отан-от басынан басталады деген мақалды қалай түсінеміз?
Ана тілін құрметтеу дегенді қалай түсінеміз?
Басқа тілдерді білу қажет пе?
3-тапсырма: Туған жер, туған тіл туралы мақал-мәтелдер жарысы.
4. Қорытынды бөлім. 1. Сайысты қорытындылау.
2. Оқушыларды мадақтау.
3. Ата-аналарға сөз беру. 

 

 

Алмат Исәділ. Балаларға арналған өлеңдер

T02.08.2012

МЕН – ҚАЗАҚТЫҢ БАЛАСЫ!

Мақтаныш
Тақпақ айтам –жаттап ал,
Көкейіңе сақтап ал!
Туған тілім – айбарым,
Одан ыстық жоқ маған.

Туған жердің төсінде,
Гүлдей жайнап өсемін.
Ата-анамды қуантып,
Биіктерге жетемін.

Батырлық бар тегімде,
Көк байрағым көгімде.
Әнұранды жатқа айтам,
Елтаңбам тұр төрімде.

Елордасы – Астанам,
Саған айтам асқақ ән.
Әрқашан да қазақ боп,
Туғаныма мақтанам!

Анама
Анашым әлдилеген,
Күш-қуат алдым сенен.
Өзіңсің бесігімді,
Тербеткен ән-күйменен.

Анашым – мейірбаным,
Шарлатқан көңіл бағын.
Бойыма ақ сүтіңмен,
Сыйладың өмір нәрін.

Анашым күлімдеген,
Баласын «күнім» деген.
Баптаған өз қолыңмен,
Тұлпарым сүрінбеген.

Анашым аялаған,
Құшағың сая маған.
Әлемнің бар асылын,
Мен үшін аямаған.

Анашым, анажаным,
Сағынып салар әнім.
Бар ма жан сенен артық,
Түсінер бала жанын?!
   
Анашым – арман-жырым,
Сыйласын таңдар гүлін.
Жол тосып жүрсің бе әлі,
Желбіреп ақ жаулығың?!

Анашым – ақ тілегім,
Өзіңе Бақ тіледім.
Сезінем әрқашан да,
Жүректің тәтті лебін.

Анашым – сағынышым,
Өмірдің жарығысың.
Өзіңді, қайда жүрсем –
Іздеймін алып ұшып.

Оқушы
Еркесімін атамның,
Еркесімін апамның,
Жасым толып алтыға,
Мен оқушы атандым.
Сабағымды жақсы оқып,
Бүгін тағы бес алдым.
Жарайсың деп аташым,
Жарайсың деп апашым,
Маңдайымнан иіскеп,
Беріп жатыр батасын.

Қар жауғанда
Қар жауыпты далаға,
Қар жауыпты қалаға.
Сырғанаймыз енді біз,
Отырып ап шанаға.

Ойынқұмар көп бала,
Шұрқырасып топтала,
Аппақ қардан жасаймыз,
Әп-әдемі аққала.

Бантик
Кеше тақтым ақ бантик,
Бүгін тақтым көк бантик.
Қызыл, жасыл, сап-сары –
Мендегі бар көп бантик.

Қылықтары күлкілі-ақ,
Ұлдар мені жүр сынап.
Бантигімнің байлауын,
Тарқатады жұлқылап.

Ауылым
Ауыл – ырыс, берекем,
Байлығың да мол екен.
Құшағың да кең екен!
Тарқамасын әрқашан,
Қуанышты мерекең!

Жаңбыр
Жаушы жаңбыр, жау жаңбыр,
Табиғатты жандандыр!
Жайнап өссін құлпырып,
Шөлдеп, солып қалған гүл.

Жауды жаңбыр, ән жаңбыр,
Шөлін басты орман, қыр.
Ал балалар өздерін,
Қолшатырмен қорғап жүр.

Тәуелсіздік күнінде
Көкбайрағы – көгінде,
Тектілігі – тегінде!
Бірлігімен тұтасып,
Жеткен азат өмірге.
Тұғырлы елім, рухты елім,
Той боп жатыр төріңде!

Анам екеуміз
Қолға қалам аламыз,
Бірге жазу жазамыз.
Сұрақтарға берілген,
Бірге жауап табамыз.

Бірге сурет саламыз,
Соған мәз боп қаламыз.
Бірге ойланып есепке,
Қосып, бөліп, аламыз.

Бірге өсіп, толамыз,
Биіктерге қонамыз.
Мектепке де күн сайын,
Қол ұстасып барамыз.

Оқитұғын баланың,
Қадағалап сабағын.
Ойынын да ойнатып,
Дайындайтын тамағын.

Менің анам – жаны ізгі,
Әрбір сөзі маңызды.
Меніменен оқитын,
Сыныптасым тәрізді

Алақаның аялы,
Бесігімді тербеткен.
Дәл осындай ананы,
Таба алмаспын жер-көктен.

Мұғалім
Жаққан білім шырағын,
Таққан ғылым тұмарын.
Әліппені үйреткен,
Ол кім десең – мұғалім!

Баптап ойдың қыранын,
Тапқан асқақ тұрағын.
Жазуға да үйреткен,
Ол кім десең – мұғалім!

Шырқап шаттық жыр-әнін,
Ашқан ақыл бұлағын.
Жақсылыққа үйреткен,
Ол кім десең – мұғалім!

Айтқаныңды ұғамын,
Білімді боп шығамын.
Биіктерден көрінсем –
Сенің арқаң – мұғалім!


Әліппе қасиеті
Туған тілдің бастауы,
Әріптерден тараған.
Әліппеден ең алғаш,
Білім алған бар адам.

Қолыңдағы әліппе –
Әріптердің тұрағы.
Сенің аты-жөнің де,
Әріптерден тұрады.

Әліппені ашқанда,
Барлық бала қуанған.
Сенің Ана тілің де,
Әріптерден құралған.

Жаза аласың енді сен,
Отан, Ана, Бала деп,
Әліппеден аттама,
Кетсең-дағы дана боп.

Жаза аласың енді сен,
Барлық сөзді дәптерге.
Әліппені үйреткен,
Ұстазыңды қастерле!

Білім күні
Әлемдегі барша жұрт,
Бас иеді білімге.
Білім күнін қарсы алып,
Қыркүйектің бірінде.

Білім күні, біл мұны –
Ойға сәуле шашады.
Баршамызға бұл күні,
Метеп есік ашады.

Мектеп – ұя, құт қонған,
Білім нұры тараған.
Ұлағатты ұстаздан,
Сабақ алған бар адам.

Сергіп бойың, ой-санаң,
Үш ай жазда демалып.
Сен келесің қайтадан,
Мектебіңе оралып.

Құлпырады қыр гүлі,
Арайланып таң нұры.
Қауышады бұл күні,
Сыныптастың барлығы.

Ұлан болып үлгілі,
Әлі-ақ өсіп-толады:
Бүлдіршіндер бұл күні,
Мектепке алғаш барады.

Сайрап көңіл бұлбұлы,
Гүлге толып омырау.
Соғылады бұл күні,
Ең алғашқы қоңырау.

Туған Ана тілің де,
Қасиетті дінің де,
Көкейіңе ұялар,
Құштар болсаң білімге.

Бірінші қыркйек
Ай, күндерді санадым,
Күнтізбеге қарадым.
Бойым өсіп кішкене,
Қолқанатқа жарадым.

Жеті жасар баламын,
Мен мектепке барамын.
Сабағымды қалдырмай,
Жақсы оқушы боламын.
***
Таудай болсын талабың,
Бестігін ал бағаның.
Білім күні басталған,
Құтты болсын қадамың!

Түлектер жыры
Асқар шыңға самғаған,
Ақ қанаты талмаған.
Біз жігерлі жастармыз,
Қыр-белестен асқанбыз.
Білім шамын жаққанбыз.

Елжіреп жүректер,
Айтылсын тілектер,
Бақ құсын қондырсын түлектер.

От-жалыны лаулаған,
Гүл-өмірі жайнаған,
Біз үмітті ақтаймыз,
Татулықты сақтаймыз,
Жаңа өмірді бастаймыз.

Нұрлы үмітті жалғаған,
Жарқын жолды таңдаған,
Бақыт елін тапқан біз –
Ажырамас достармыз,
Таусылмайтын дастанбыз.

Жігер жыры
Көзімізде от ойнап,
Бойымызда жас қайрат.
Алға басып келеміз,
Қолымызда-көк байрақ.

Төбемізде-Арай күн,
Рухымызда-бар Айбын.
Санамызға сіңірдік,
Дана сөзін Абайдың.

Қатар жүріп келеміз,
Болашаққа сенеміз.
Бірге өсіп сенеміз,
Әлі-ақ жеміс береміз!

Сенім жыры
Тәуелсіздік – тұмарым,
Бәйтерегім – шырағым.
Ел мерейін өсіріп
Менде шыңға шығамын!

Еңбек етіп табысты,
Жібермеймін намысты .
Мен – әлемге танытам,
Қазақ деген халықты!

Бірлігіміз жарасқан
Бірлігіміз жарасқан,
Арманымыз тау асқан.
Туған жердің шыңдары,
Көк аспанмен таласқан.

Аймалаған күн нұры,
Лайланбасын тұнығы.
Берік болсын мәңгілік,
Тәуелсіздік тұғыры.

Ел мерейі еңселі,
Жарқын өмір – ертеңі.
Айналғандай шындыққа,
Бір ғажайып ертегі.

Біз – біргеміз
Біз – біргеміз,
Берік – іргеміз,
Бірге – тілегіміз.
Ар, Иман – тірегіміз,
Елорда – жүрегіміз.
Біз – біргеміз.

Менің атамекенім
Атамекен – тұрағым,
Сөнбейтұғын шырағым.
Көк байрағым – айбыным,
Қасиетті тұмарым.

Сая болған баршаға,
Байтақ жерім қаншама –
Атыраудан Алтайға,
Жетісудан Арқаға!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Туған жер" 2 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по коллекторской деятельности

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 746 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.11.2020 2482
    • DOCX 75.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Крюкова Ольга Анатольевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Крюкова Ольга Анатольевна
    Крюкова Ольга Анатольевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 94606
    • Всего материалов: 240

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 477 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 848 человек

Мини-курс

Эффективное планирование и управление временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Основы дизайна в Figma

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
Прямой эфир Загрузка...

Прямо сейчас в эфире

Инфофорум: «Всё, что волнует педагогов»