Инфоурок Логопедия, Дефектология Другие методич. материалыТұтықпа

Тұтықпа

Скачать материал

 

 

 

Әдістемелік құрал

 

«Тұтықпа»

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны:

 

    Кіріспе.................................................................................................................3

 

1.     Тұтықпаға түсініктеме..................................................................................4

2.     Тұтықпа белгілері.........................................................................................5

3.     Тұтықпа кезіндегі жүргізілетін шаралар ..................................................7

4.     Тұтықпадан түзету жолдары.......................................................................8

5.      Тыныс алу үшін қолданылатын ойындар мен жаттығулар..............................................................................................9-26

6.     Қорытынды..............................................................................................27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

Арнайы әдебиеттерде тұтықпаның механизміне қатысты әр түрлі көзқарастар кездеседі. Ерте заманда тұтықпаны бас миы мен тілдің ылғалдылығының кемшіліктерінің салдарынан болатын ауру деген түсініктер болған. ХІХғ аяғында тұтықпаны күрделі психофизикалық бұзылу деген пікір тұрақтала бастады. Кейбір авторлардың пікірінше,  ақаулықтың негізінде физиологиялық бұзылыстар біріншілік, ал психологиялық көріністер екіншілік сипат алды деген. Ал көптеген зерттеушілер психологиялық ерекшеліктері көрініс табады, ал физиологиялық көріністер соның салдарынан болады деп есептейді.

Тұтықпа балаларды клиникалық зерттеу нәтижесінде В.С.Кочергина тұтықпаны симптом да емес, синдром да емес, ол орталық нерв жүйесінің ауруы деп тұжырымдайды. Тұтықпаның пайда болуына бас ми қыртысының жүйке процестерінің өзара қатынастарының бұзылуының маңызы зор. Қазіргі уақытқа дейін тұтықпаның механизмін зерттеушілер тек клиникалық және физиологиялық жағынан ғана емес, нейрофизиологиялық, психологиялық тұрғыдан қарастыруға әрекеттеніп келеді.

Нейрофизиологиялық зерттеудің мағлұматтары (И.В.Данилов, И.М.Черепанов) бойынша тұтығушының доминантты жарты (сол жақ) шары сөйлеу кезінде өзінің басқарушы, жетекші ролін толық тұрақты атқара алмайды. Р.М.Боскис тұтықпаны баланың сөйлеу тілінің дамымыуына жатқызады және оның негізінде күрделі сөйлеуді өңдеп құрастырумен байланысты туындайтын сөйлеу қиыншылықтары жатады деп есептейді. Р.Е.Левина тұтықпаны сөйлеу тілінің дамымауы деп қарастырып оның мәні сөйлеу тілінің коммуникативтік функциясының бұзылуы деп біледі.

 

        

 

 

 

 

 

 

 

Тұтықпа

Тұтықпа деп-сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тырысу салдарынан, сөйлеудің жылдамдығы мен ырғақтылығының бұзылуы. Тұтықпаның пайда болуына бас ми қыртысының жүйке процестерінің өзара қатынастарының бұзылуының маңызы зор.

 

Мидың үлкен жарты шарының іс-әрекетіндегі жүйенің босаңсып шектен шығуы бір жағынан жағымсыз экзогендік факторлардың әсерінен болуы мүмкін. Жүйкенің шектен шығуы жоғарғы жүйке жүйесінің бұзылуына әкеледі. Бастапқы ми қызметінің бұзылуы, ми мен ми қыртыс асты бөлімдерінің арасындағы индукциондық қатынастарының және ми қыртысы асты құрылымдарының қызметін реттейтін шартты рефлекстік механизмдерінің бұзылуына әкеліп соғады. Тұтықпа көбінесе баланың сөйлеу функциясының қалыптасу кезеңінде (2-6жас аралығында) пайда болады. Арнайы әдебиеттерде мектеп жасына дейінгі балаларда басталған тұтықпаны өз бетінше сөйлеу ақаулығы деп қарастырады. Жалпы сөздік тырысқағы мол адамдарға асықпай бәсең сөйлеуге кеңес беріледі. Қобалжудан үнемі сақтану қажет. Тұтықпанның себебі әлі белгісіз. Баланың сөйлеу қабілетінің жетілмеуі, бала өзін қоршаған ортадан қыспақ көруі. Мысалы, үлкен адамдар балаға дұрыс сөйлеуге шексіз қыспақ көрсетуден тууы мүмкін.

Тұтықпаның негізгі белгісі-ауызша сөйлеу процесінде сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тырысуы. Тырысу тек сөйлеу кезінде немесе сөйлей бастағанда байқалады.

Тұтықпа қыздарға қарағанда, еркек балаларда үш есе жиі кездеседі. Мұның механизмі әлі де түсініксіз болып келеді. Қыздардың моторлық функциялары: жүруі, сөйлеуі, ұсақ моторикасы ұлдарға қарағанда тезірек қалыптасады.

 

 

Тұтықпа белгілері:

Көптеген балаларда тұтықпа пайда болғанға дейін, сөйлеудің қарқынды даму кезеңінде, физиологиялық итерация, сөйлеу кезіндегі тыныс алу мен күрделі фразалы айтудың психикалық мүмкіншіліктерінің арасындағы үйлеспеушілік байқалады.

Тұтықпаның пайдо болуына сөйлеудің қарқынды даму жылдамдығының да әсері зор. 1,6-1,8 айдағы ауызша толық сөйлеуі жаңа қалыптасын келе жатқан сөйлеудің функциональды жүйесіне қауіп төндіреді.

Тұтықпа байқалғанға дейінгі кезде баланың мінез-құлқында әр түрлі ерекшеліктер (урейлену, жылауық, шыдамсыздық, ұялшақ т.б.) байқалады. Кейбір балаларда 2-5 жаста қараңғыдан қорқу, невротикалық энурез т.б. байқалады. Кейде тұтықпа байқалмай тұрып, кенеттен психикасының зақымдалуынан кейін балада мутизм байқалады. Бала кенеттен сөйлемей қалады, бет әлпетінде үрей саақталып қалады.

Көптеген балаларда тұтықпаның бұл түрі жайлы байқалуына қарамастан, жеті жаста болады. Тұтықпа ерекшеліктеріне тән:

-                     Тұтықпа 2-6 жасқа дейінгі жаста байқалады.

-                     Тұтықпаға дейін жайылма сөйлемдерді қолданады.

-                     Ақаулық кенеттен немесе созылмалы психикалық зақымдалудан басталады.

-                     Тырысудың деңгейі тұтығушының эмоционалды жағдайына және қатынас ортасына байланысты.

-                     Белгілі бір жағдайда жатық сөйлеу мүмкін (өзімен болғанда, эмоционалды жайлы жағдайда, сөйлеу процесін көңілін басқа жаққа бөлгенде.

 

 

Тұтықпа кезіндегі жүргізілетін шаралары:

        Дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға магнитафондық сабақтардың маңызы зор. Бұл сабақтардың мақсаты баланың зейінін сөйлеу жылдамдығына, мәнерлігіне, ырғақтылығына, сөйлемді дұрыс құрастыруға аудару болып саналады. Магнитафондық сабақтарды жүргізудің әр түрлі варианттары қолданады. Мысалы, көркем сөз шеберлерін еліктеу, қайталау, салыстырмалы сабақтар т.б.

 

 

 

 

Қазіргі кезде «көрінетін сөйлеу» әсерін тудыратын әр түрлі компьютерлік бағдарламалар кеңінен қолдануда. Сөйлеу кезіндегі тыныс алуды ұзарту, сөйлеудің интонациялық саздылық жағын және оның кідіріс процестерін қалыпқа келтіріп, түзету мақсатында көрінетін сөйлеу бағдарламасының бірнеше модульдері қолданады. Мысалы,

1)    «Ұзақ демалу модулімен жұмыс». Мақсаты тыныс алудың ұзақтылығы мен күшін ерікті реттеу дағдысын қалыптастыру. Бірнеше ойын жүйесін қолдану арқылы бала жұтқан ауаны үнемі бөліп пайдалану. Тапсырманы көзбен көріп бақылауы, жаңа дағдының қалыптасуына көп көмегін тигізеді.

2)    «Дауыстың жоғарлығын өзгерту» модулінің мақсаты даусын ерікті, жоғарылату, бәсеңдету.

3)    «интонация» модулімен жұмыстың мақсаты дұрыс интонацияны қалыптастыру.

4)    «Дауыстың қаттылығы мен жоғарлығы» жұмыстың мақсаты  сөйлеудің кідірісін, жылдамдығын, бірге айтылуын түзету.

«Көрінетін сөйлеу» компьютерлік бағдарламаны қолдану барысында тұтығушының сөйлеуі туралы нақты деректер алуға болады.

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұтықпадан түзету жолдары

 

 

Тұтықпаны түзетуде мұғалімнің орны ерекше. Мұғалім тұтығушының отбасымен тығыз байланыс жасайды, сыныптағы балалардың тұтығушыға ықыласпен қарауын қадағалайды, сыныптағы, мектептегі қоғам жұмысына тартып, баланы сөйлеуін түзетуге қызығушылығын белсендірілуіне жағдай жасайды.

Түзету жұмысының негізгі міндеттеріне: жалпы, ұсақ, артикуляциялық моторикасын, фонациялық тыныс алуын, сөз қорын молайту т.б. жатады. Түзету педагогикалық жұмыс тұтықпаның клиникалық  түріне байланысты жүргізіледі. Баланың өзінің тәртібі  мен сөйлеу кемшіліктерін және тұтықпаны түзету тәсілдерін меңгеруі, оның түзету логопедиялық процесіне белсенді табысты қатысуына мүмкіндік береді. Жұмыс барысында әр түрлі дәстүрлі және арнайы оқу құралдары қолданылады. Оларға көптеген оқулықтар, оқу процесінде, ойындар, диафильмдер, видио материалдар жатады.

 

 

Тыныс алу үшін қолданылатын ойындар мен жаттығулар

Екі ұрытты толтырып, балаға қарап үрлеу керек. Балаға да солай істеуін сұрап, егер үрлей алмаса, үйрету.

«Жұлдыздарды ұшырайық»

Тапсырма: жұлдыздар мен жүрекшелерді үрлеу, (заттардың өте жеңіл екенін ескеріп, балалардың заттарды ұшыру үшін үрлеу жылдамдығын түсіндіру.

«Жел мен көбелек»

Бұл тапсырма үшін кез келген гүл суреті бар картина қажет. (балаларға қызықты болу үшін әр түрлі жәндіктер ді қоюға болады.)

Көбелек гүлге қонды,

Кенеттен жел соғып

Көбелекке тиіп, бұлттарға ұшырды.

 

 

 

«Кеме жүзді»

Ойын үшін қағаздан жасалған кеме жасалады, тегіс үстелге кою. Балаға кеме үстелдің соңына дейін жету үшін қалай үрлеу керек екенін үйрету. (Ойын баланың ұзақ, қатты тынысын дамытады.)

 

 

«Футбол»

Ойын барысы: түрлі түсті қағаздан жасалған доп пен қақпа жасау. Оқушыларға допты қақпаға үрлеп кіргізуді түсіндіру. Көп ұпай жинаған ойыншы ұтады.

 

«Қар жауды»

Мақсаты: балалардың созылмалы тынысын дамыту, ерін бұлшық еттерін жаттықтыру.

Құралдар: мақта бөлшектері

Ойын барысы: Мұғалім мақта бөлшектерін үстелге қояды, балаларға қыс мезгілін жайлы қайталайды.

Қыс мезгілін елестетейік, далада қар жауып тұр. Қане жауып тұрған қарды үрлейік. Мұғалім көрсетеді, оқушылар қайталайды. Мақтаны жерден көтеріп қайта қайталату.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бұл не қылған дыбыс»

 

 

 

 

Мақсаты: Баланы бір дыбысты бір дыбыстан және сөздің басындағы дыбысты ажыратып үйрету.
Құрал: Бірдей дыбыстан басталатын суреттердің аттары.
Ойын барысы: Ойынға 3-5 балаға қатысуға болады. Ойыншылар үстел басына отырады, тәрбиеші балаларға суреттерді көрсетіп атайды. Балалар зейінді тыңдап сөздегі бірдей дыбыстарды танып білу қажет. Табылған дыбыс нақты айтылу қажет. Мысалы: ааапа, аана, ааайна, ааалма.

 

«Бірінші дыбысты ата»


Мақсаты: Сөздегі бірінші дауысты немесе дауыссыз дыбысты белгілеп үйрету, фонематикалық естуді дамыту.
Ойын барысы: Тәрбиеші сөздерді айтады бірінші дыбысты дауыспен белгілеп айтады. Дауысты болса: созып, дауыссыз болса: нақты, күшпен айтылады.
«Соңғы дыбысты тап» деген ойын дәл осылай ойналады тек қана соңғы дыбысты белгілеп табады.

«Ұйқтама, сөзді тез ата»


Мақсаты: фонематикалық есту қабілетін дамыту, бастапқы дыбысты басқа дыбыстардан ажырата білуін және басқа сөздегі осы дыбыстармен сәйкестіруін дамыту. Баланың сөздік қорын молайту.
Құралдар: бір дыбыстан басталатын суреттердің атаулары: 2-3 нұсқасы
Ойын барысы: Бұл ойынды балалармен, олар бірінші дыбысты анықтап үйренгеннен кейін ойнауға болады. Cуретті көрсетіп қандай дыбыстан басталатынын сұрау. Сосын осы дыбыстан тағы басталатын сөздерді атаңдар.

                  

 

«Сөзді аяқтап көмектес»


Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, жетіспейтін дыбыстарды жалғастыру.
Құралдар:Заттық суреттер
Ойын барысы: Балалардың алдына бір-бірден суреттерді орналастырады, содан кейін сөздің соңғы дыбыстарын аяқтамай айтады. Бала суретке қарап сөзді аяқтау керек. Ойынды қиындатуға болады: сөзді суретсіз аяқтау, немесе берілген дыбыспен, буынмен аяқта.
Қал-та, бал-та, мал-та, ба-та, қа-л, ма-л, ша-л, ба-л.

  

 

 

«Дыбыс қайда тығылды»

                    


Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, сөздегі дыбыстын орнын анықтау.
Ойын барысы: Ойынның алдында балаларға сөздің басы, ортасы, соңы бар екендігін түсіндіру қажет. Сосын тәрбиеші сөздерді айтады, ал балалар берілген дыбыстын орнын анықтау керек.

«Тізбек »


Мақсаты: Сөздің бірінші және соңғы дыбысын ажыратып үйрету.
Құралдар: Заттық суреттер
Ойын барысы: Бірінші суретті орналастырады, содан кейін сонын соңғы дыбысына басталатын суретті қояды т.с.с жалғастырады.
Ара- алма- автобус-сабын- нан

 

«Маса»

 Балалар отырып, орындықтың аяқтарын аяғымен құшақтайды. Қол белде. Дем алып денемізді асықпай оң (сол) жаққа айналдыру керек; дем  шығарған кезде масаның ызылдауы «З» деп айту керек; тез бастапқы қалпына отыру керек; тағы да дем алып басқа жаққа қарай бұрылу керек.

 

 

 

 

 

«Қарға».

 

Балалар отырады. Қолымызды дене бойымен төмен түскен. Тез қолымызды оң және сол жаққа арқылы үстіне көтеріп – дем алып, асықпай қолымызды түсіріп- дем шығару керек. «Кар!» деп айту керек.

 

 

 

«Суретті таңда»


Мақсаты: Берілген сөзге суретті тауып көрсету.
Құралдар: Берілген дыбыстан басталатын сөздері бар заттық суреттер, басқа дыбыстардан басталатын бірнеше суреттер.
Ойын барысы: Ойынның алдында заттық суреттерді үстелге орналастыру, балалар қарап алады. Сосын тапсырма беріледі бір дыбысқа барлық суреттерді жинастыру. (қалта, ақша, аққала т.с. с)

 

 

 

 

«Дыбысты ата»


       Мақсаты: Сөздегі бірінші, соңғы дыбысты белгілеп үйрету.
Құралдар: Барлығында бір дыбыс бар заттық суреттер
Ойын барысы: Тәрбиеші суреттерді атап көрсетеді. Балалар тыңдап барлық сөздердегі дыбысты атайды. Және осы дыбысқа өзінің мысалдарын келтіреді.

 

 

 

 

 

 

 

«Керікті сөзді көрсет және ата»


Мақсаты: Есту зейінділігін, фонематикалық қабылдауын дамыту; балаларды сөзде дыбыстарды естіп, дыбыс жұптарын ажыратуға үйрету (с – з, с – ц, ш – ж, ч – щ, с – ш, з – ж, ц – ч, с – щ, л – р), сөйлемдерде керекті сөздерді дұрыс белгілету
Ойын барысы:
Тек қана берілген дыбыстары бар сөздерді белгілеу
Асқат пен Мақсат
Жамап – жасқап,
Жасапты он шақты аспап,
Соның ішіндегі
Ақ сапты аспабы
Жап – жақсы аспап

 

 

«Сөздер дауыстап және ақырын айтылады»

 

Мақсаты: Дауыс аппаратын және сөйлеу тілінің есту қабілетін дамыту: сөздерді жылдамдығына дауыс жоғарылығына қарай естіп ажыратуға үйрету, әр жылдамдықпен дауыс жоғарылығымен айтып жаттықтыру.
Ойын барысы:
Балалар жаңылтпашты жаттайды (жаттықтырған дыбысына байланысты). Мысалы с-з дыбысына дифференциация жасағанда:
Сыздық судан сүлік сүзді
Сыздықтың сүлік салмасын үзді.
Жаңылтпашты ең алды сыбырлап, сосын ақырын дауыспен, сосын қатты дауыспен айтуын ұсынады.
Тағы да дауысты жаттықтыру үшін тақпақтарды, буын ұйқастарды, санамақтарды пайдалануға болады.

«Қандай дыбыс барлық сөздерде бар?»


Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту және дыбыстық талдаудың элементтерін: сөзде берілген дыбысты белгілеу, бірінші және соңғы дыбысты анықтау.
Ойын барысы:
Тәрбиеші үш – төрт, барлығында бірдей дыбыс бар, сөздерді айтады: шана, ағаш, күшік, қолшатыр – сұрақ қойылады, барлық сөздерде қандай бірдей дыбыс бар? Балалар ш дыбысын айтады.
Сосын басқа дыбыстарға сөздер беріледі: жаңғақ, ожау, тәж – ж; чемодан, чемпион – ч; асық, сағат, тас, сүлгі – с; аяз, қазық, зембіл – з; лалагүл, лақ, балық, қол – л; ара, арба, раушан, қар – р;
Тәрбиеші дыбыстын дұрыс айтылуын қадағалайды.

 

                     

             

   

 

 

«Сөздегі бірінші дыбысты айт»


Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту.
Ойын барысы: Тәрбиеші ойыншықты көрсетіп, оның аты қандай дыбыстан басталатынын сұрайды. Содан кейін басқадай сөздер беріледі: достарының аттары, жануарлар, заттар. Дыбыстардың нақты айтуын қадағалау (дыбысты созбай айтқызу б-бэ емес)

 

 

 

«Сөздегі соңғы дыбысты айт»

 

 

 

 

Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту.
Көрнекі құрал: суреттер (автобус, жаз, қаз, тас, тіс, күз, мұз, тұз, бас )
Ойын барысы:
Тәрбиеші суретті көрсетіп соңғы дыбысты атауын сұрайды. Барлық суреттерді атап өткесін, С дыбысына аяқталатын сөздерді бір жаққа, З дыбысына аяқталатын екінші жаққа бөлінеді.

Дауыссыз дыбыстармен жұмыс жүргізу кезіндегі ойын әдістері.

 

1)    Дыбыстың артикуляциясы.
- тіл өз үйшігінде турыпты. Ол ұшақтың әнін үйренгісі келді. Ол күлімсіреп барлық тістерін көрсетті де, үйін кең ашты, дауысын қосты, құйыршығын тез жоғарғы есікке лақтырды суық желді жіберді. Тілі «р-р-р-р» деп ән айтты, құйыршықтың дірілдегенің сезді. Ұшақтың әнін бірге айтайық “ р-р-р”!
2) Дыбысты сөзде танып білу
Тәрбиеші суретті көрсетеді немесе сөздерді айтады. Ал балалар р дыбысы бар сөздерді танып біледі: шапалақтайды немесе қолдарын көтереді, сосын бірге айтып өтеді.
3) Буын ұй құстар :
. ра-ра-ра – ұшып жүр ара; ар-ар-ар – дала толы қар; ыр-ыр-ыр – үйдың сыртында қыр; ры-ры-ры – жапырақтар сары; ір-ір-ір – үсті – басы кір;
4) Жаңылтпаштар:
Мұртты мұртын сүртті, мұрттыны біреу түртті. Торта қойдым, орта қойдым, орта қойдым, жорта қойдым.
л – р дыбыстарына дифференциация жұмысын жүргізү

Балалардың дыбысты нақты дұрыс айтуын қадағалау.


 Сөйлеммен жұмыс.

Сөйлемді тыңдап есіне сақтайды: Гүлге қонды ара. Менің киімім ала. Педагог сөйлемді бастайды, ал балалар аяқтайды. Педагогтың қолы кімге тиді сол бала жауап береді: Гүлге қонды.. . Менің киімім ...
Жаңылтпаштар:
Қыста боран болар, қар болар, қыздар шәлі, орамал оранар. Қара ала лақ, қара ала лақ. Қара ала лағым қорада бірақ.
Мәтінде л – р дыбыстарына сөздерді белгілеу.
Мәтендерді тыңдап отырып керекті дыбысты естігенде қолдарын көтереді.

 

 

 

 

 

Ата-аналар үшін сөйлеу тәртібінің жалпы ережелері

 

·        Сөйлеу жатық, эмоциональды , мәнерлі, байсалды болу керек;

·        Ата-аналардың сөзі анық болу қажет;

·        Балалардың тілімен сөйлеуге немесе дыбыстарды бұзып айтуға болмайды;

·        Ересектердің сқзінде балалар үшін қиын айтылатын сөздер көп болмауы керек;

·        Сөйлемдер құрылымы бойынша өте күрделі болмауы керек;

·        Баламен сөйлескенде сұрақты нақты қойып, жауабын айтқанда асықтырмау;

·        Сөйлеу кемшіліктері үшін баланы жазалауға, келекетуге немесе ашуланып түзетуге болмайды;

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Баланың тілінің дамуындағы анықталған барлық ауытқулардың құрамы, демек қажетті педагогикалық шараларды белгілеуді болжамдауға мүмкіндік беретін тексерудің мәліметтерінің қысқаша талдауы.

Бұдан былай  қарай логопедиялық анықтамаға әр оқушының істеген жұмысының нәтижесі жүйелі түрде іріктеліп отырылады. Күні бұрын белгіленген жеке дамыту-түзету жұмыс  бағдарламасы дәлелденіп және толықтырылып отырады, ал кейде оқу барысында анықталған, сөйлеу тілі ерекшеліктеріне байланысты сөйлеу қорытындысы өзгереді. Кейбір жағдайларда алғанқы тексеруден алынған мәліметтер мүлдем жеткіліксіз болып шығуы мүмкін. Баланы тексеру барысында мәліметтер, оны түзету жұмысы кезінде анықталған деректермен толықтырылады.

Тексерулердің мақсаттары мен міндеттері баланың сөйлеу тілінің бұзылуын айқындау, оның сөйлеу тілінің толық дамымауы дәрежесі деңгейін анықтау, қайсысы бірінші реттік болатынын айыру, үнемді жолды таңдау болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тұтықпа"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Проректор

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Кіріспе.Арнайы әдебиеттерде тұтықпаның механизміне қатысты әр түрлі көзқарастар кездеседі. Ерте заманда тұтықпаны бас миы мен тілдің ылғалдылығының кемшіліктерінің салдарынан болатын ауру деген түсініктер болған. ХІХғ аяғында тұтықпаны күрделі психофизикалық бұзылу деген пікір тұрақтала бастады. Кейбір авторлардың пікірінше, ақаулықтың негізінде физиологиялық бұзылыстар біріншілік, ал психологиялық көріністер екіншілік сипат алды деген. Ал көптеген зерттеушілер психологиялық ерекшеліктері көрініс табады, ал физиологиялық көріністер соның салдарынан болады деп есептейді. Тұтықпа балаларды клиникалық зерттеу нәтижесінде В.С.Кочергина тұтықпаны симптом да емес, синдром да емес, ол орталық нерв жүйесінің ауруы деп тұжырымдайды. Тұтықпаның пайда болуына бас ми қыртысының жүйке процестерінің өзара қатынастарының бұзылуының маңызы зор. Қазіргі уақытқа дейін тұтықпаның механизмін зерттеушілер тек клиникалық және физиологиялық жағынан ғана емес, нейрофизиологиялық, психологиялық тұрғыдан қарастыруға әрекеттеніп келеді. Нейрофизиологиялық зерттеудің мағлұматтары (И.В.Данилов, И.М.Черепанов) бойынша тұтығушының доминантты жарты (сол жақ) шары сөйлеу кезінде өзінің басқарушы, жетекші ролін толық тұрақты атқара алмайды. Р.М.Боскис тұтықпаны баланың сөйлеу тілінің дамымыуына жатқызады және оның негізінде күрделі сөйлеуді өңдеп құрастырумен байланысты туындайтын сөйлеу қиыншылықтары жатады деп есептейді. Р.Е.Левина тұтықпаны сөйлеу тілінің дамымауы деп қарастырып оның мәні сөйлеу тілінің коммуникативтік функциясының бұзылуы деп біледі. Тұтықпа Тұтықпа деп-сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тырысу салдарынан, сөйлеудің жылдамдығы мен ырғақтылығының бұзылуы. Тұтықпаның пайда болуына бас ми қыртысының жүйке процестерінің өзара қатынастарының бұзылуының маңызы зор. Мидың үлкен жарты шарының іс-әрекетіндегі жүйенің босаңсып шектен шығуы бір жағынан жағымсыз экзогендік факторлардың әсерінен болуы мүмкін. Жүйкенің шектен шығуы жоғарғы жүйке жүйесінің бұзылуына әкеледі. Бастапқы ми қызметінің бұзылуы, ми мен ми қыртыс асты бөлімдерінің арасындағы индукциондық қатынастарының және ми қыртысы асты құрылымдарының қызметін реттейтін шартты рефлекстік механизмдерінің бұзылуына әкеліп соғады. Тұтықпа көбінесе баланың сөйлеу функциясының қалыптасу кезеңінде (2-6жас аралығында) пайда болады. Арнайы әдебиеттерде мектеп жасына дейінгі балаларда басталған тұтықпаны өз бетінше сөйлеу ақаулығы деп қарастырады. Жалпы сөздік тырысқағы мол адамдарға асықпай бәсең сөйлеуге кеңес беріледі. Қобалжудан үнемі сақтану қажет. Тұтықпанның себебі әлі белгісіз. Баланың сөйлеу қабілетінің жетілмеуі, бала өзін қоршаған ортадан қыспақ көруі. Мысалы, үлкен адамдар балаға дұрыс сөйлеуге шексіз қыспақ көрсетуден тууы мүмкін. Тұтықпаның негізгі белгісі-ауызша сөйлеу процесінде сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тырысуы. Тырысу тек сөйлеу кезінде немесе сөйлей бастағанда байқалады. Тұтықпа қыздарға қарағанда, еркек балаларда үш есе жиі кездеседі. Мұның механизмі әлі де түсініксіз болып келеді. Қыздардың моторлық функциялары: жүруі, сөйлеуі, ұсақ моторикасы ұлдарға қарағанда тезірек қалыптасады. Тұтықпа белгілері: Көптеген балаларда тұтықпа пайда болғанға дейін, сөйлеудің қарқынды даму кезеңінде, физиологиялық итерация, сөйлеу кезіндегі тыныс алу мен күрделі фразалы айтудың психикалық мүмкіншіліктерінің арасындағы үйлеспеушілік байқалады. Тұтықпаның пайдо болуына сөйлеудің қарқынды даму жылдамдығының да әсері зор. 1,6-1,8 айдағы ауызша толық сөйлеуі жаңа қалыптасын келе жатқан сөйлеудің функциональды жүйесіне қауіп төндіреді. Тұтықпа байқалғанға дейінгі кезде баланың мінез-құлқында әр түрлі ерекшеліктер (урейлену, жылауық, шыдамсыздық, ұялшақ т.б.) байқалады. Кейбір балаларда 2-5 жаста қараңғыдан қорқу, невротикалық энурез т.б. байқалады. Кейде тұтықпа байқалмай тұрып, кенеттен психикасының зақымдалуынан кейін балада мутизм байқалады. Бала кенеттен сөйлемей қалады, бет әлпетінде үрей саақталып қалады. Көптеген балаларда тұтықпаның бұл түрі жайлы байқалуына қарамастан, жеті жаста болады. Тұтықпа ерекшеліктеріне тән: - Тұтықпа 2-6 жасқа дейінгі жаста байқалады. - Тұтықпаға дейін жайылма сөйлемдерді қолданады. - Ақаулық кенеттен немесе созылмалы психикалық зақымдалудан басталады. - Тырысудың деңгейі тұтығушының эмоционалды жағдайына және қатынас ортасына байланысты. - Белгілі бір жағдайда жатық сөйлеу мүмкін (өзімен болғанда, эмоционалды жайлы жағдайда, сөйлеу процесін көңілін басқа жаққа бөлгенде. Қорытынды Баланың тілінің дамуындағы анықталған барлық ауытқулардың құрамы, демек қажетті педагогикалық шараларды белгілеуді болжамдауға мүмкіндік беретін тексерудің мәліметтерінің қысқаша талдауы. Бұдан былай қарай логопедиялық анықтамаға әр оқушының істеген жұмысының нәтижесі жүйелі түрде іріктеліп отырылады. Күні бұрын белгіленген жеке дамыту-түзету жұмыс бағдарламасы дәлелденіп және толықтырылып отырады, ал кейде оқу барысында анықталған, сөйлеу тілі ерекшеліктеріне байланысты сөйлеу қорытындысы өзгереді. Кейбір жағдайларда алғанқы тексеруден алынған мәліметтер мүлдем жеткіліксіз болып шығуы мүмкін. Баланы тексеру барысында мәліметтер, оны түзету жұмысы кезінде анықталған деректермен толықтырылады. Тексерулердің мақсаттары мен міндеттері баланың сөйлеу тілінің бұзылуын айқындау, оның сөйлеу тілінің толық дамымауы дәрежесі деңгейін анықтау, қайсысы бірінші реттік болатынын айыру, үнемді жолды таңдау болып табылады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 106 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.06.2020 8412
    • DOCX 2.1 мбайт
    • 142 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шакин Павел Викторович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шакин Павел Викторович
    Шакин Павел Викторович
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 78684
    • Всего материалов: 225

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Ключевые аспекты деятельности электрослесаря по обслуживанию и ремонту электрооборудования

108 ч.

2070 руб. 1240 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности организации работ по дезинфекции, дезинсекции и дератизации

36 ч.

1580 руб. 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Формирование физической культуры: актуальные методы и формы

144 ч.

2160 руб. 1290 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эволюция классической музыки до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Здоровьесбережение и физическое развитие школьников

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методика образовательных игр с детьми раннего возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек