Инфоурок Обществознание Другие методич. материалыТәрбие сағаты: Желбіре, Жеңіс жалауы!

Тәрбие сағаты: Желбіре, Жеңіс жалауы!

Скачать материал

 

 

Желбіре, Жеңіс жалауы!

 

Мақсаты: Өскелең ұрпақтың шығармашылық іскерліктерін қалыптастыру А. Отансүйгіштікке,адамгершілікке негізделген, адамдық қасиеті жоғары патриот тәрбиелеу; Ә.Ой-өрістерін кеңейту,ойлау,есте сақтау қабілеттерін арттыру; Б. Оқушыларды ізденімпаздық, жан-жақтылық дағдыларын қалыптастыру. Көрнекілігі: Тақырып, Мемлекеттік нышандар, нақыл сөздер, Дүбір қосып өзіндей сан күлікке, Шаттық нұры шашылып зеңбіріктен, Ақ боз аттың алдынан жанды үмітте. Шуағын күн төгеді енді көктен. Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты, Шылбыр үзді даланың арғымағы Қазақстан бет алды мәңгілікке. Тәуелсіздік жалауын желбіреткен / Тақтада өлең шумақтарының ортасында туды жалына байлап жүгіріп бара жатқан арғымақ бейнесі ілінеді/

 

1-жүргізуші: Армысыздар, қымбатты аталар, апалар,қонақтар!Бүгінгі

 іс-шара соғыс ардагерлеріне, өздерінің тылдағы қажырлы еңбектерімен жеңісті шыңдағандарға, қан майданда  әкелері мен ұлдарынан, бауырларынан  айырылған әрбір  жанұяға, қайтып оралмаған қаһармандарды еске алуға, Жеңістің 70 жылдық тойына арналады.

           

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар! Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.

 

ҚР Әнұраны  орындалады

 

2-жүргізуші:

Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні.

Жақсы үміттің шырағы жанды міне!

Аспан бетін қаптаған қара тұман

Серпіліп зұлымдықтың сөнді түні!

1-жүргізуші:

Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,

Жер бетінен жамандық мүлдем үрікті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.

2-жүргізуші:

 Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін,

Халқымыз қуанышта тегіс бүгін,

Жауды жаншып, Отанды азат еткен

Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін.

1-жүргізуші:

Иә, содан бері 70 бейбіт жыл артта қалды. 1945 жылы 8- мамырда Берлинде  фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. Ал, 9- мамыр күні 1000 зеңбіректен бұрын- соңды болмаған 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді.

 

70 жыл бейбіт көктем таң атқалы,

70 жыл шуақты күн таратты әнін.

Елімде сонан бері 70 рет

Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

Талай құс содан бері қайта оралды,

Соғыста өлгендер тек оралмады.

 

2-жүргізуші:1941-1945 жылдары ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіз тұрып еске түсірейік.

 

1-жүргізуші: Жеңіс бізге атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен де келді. Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын қақты.

2-жүргізуші:

          Ұйықтамай Отан

Көз ілмей таңға ұрып,

Мелшиген мына танкілермен жанды үміт.

Бұл жеңіс келген он жасқа толған кезімде

Анамды жарсыз, әкесіз мені қалдырып.

 

Ән: «Батыр бала  Болатбек»

 

   1-жүргізуші: Қазақстанда құрылған 310-314-атқыштар дивизиялары 1941 жылдың күзінен бастап Ленинград үшін болған шайқаста 22 елді- мекенді азат етті. Солардың ішінде қазақ қыздары Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағы Батыры атағы берілді.

 

2-Жүргізуші:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайрандаған...

Ерліктің қос қанаты деп білемін,

Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.

 

 

1-жүргізуші:

Шығыстың қос шынары,

Әлия, Мәншүк – қайсар гүлі қазақтың,

Ерлігіне таң қаламын ғажап тым.

 

Ән: «Әлия»

 

2- жүргізуші: «Ер елсіз болмайды, ел  ерсіз болмайды» демей ме дана халқымыз. Қан майданда қол бастап, елінің намысын жауға таптатпаған батырларға арналады.

 

1-жүргізуші: Желбірейді бейбітшілік жалауы,

Орындалып жас ұрпақтың қалауы.

Әлия мен Мәншүк апайларының ерлігін мақтан тұтатын, мектебіміздің атын шығарып жүрген бишілер тобын ортаға шақырамыз.

Би

2- жүргізуші:

Ағалар саптан шықпасын,

Аналар қабақ шытпасын,

Бақытқа жетіп бар адам,

Сәбилер тыныш ұйықтасын.

 

 «Борыштымыз»  С.Боранбаев.

Қанды майдан,қызыл өрт борандаған...

Талай боздақ сол өрттен оралмаған.

Мен бүгінде бақытты болып жүрсем,

Бұл- солардың қызығы көре алмаған.

Уақыт- тұлпар күндерді ала қашып,

Жеңстен соң алпыс жеті жыл ара қашық.

Қашқан сайын уақыт – олар жақын,

Ұлы істерге бізбен жүр араласып.

Бүгінгі олар ұрпақтың ән- жырында,

Арайлап атқан әрбір таң нұрында.

Аяулы махаббатта, ақ арманда,

Әр адамның қанында, тағдырында.

Мәңгілікке айналып өткенімен,

Керуен тартып көгілдір көк төрімен

Қайтқан құс боп қиқулап туған елге

Оралады әр жылдың көктемімен.

Кеңге сілтеп құлашты, өрісті біз,

Ғарышқа да аудардық қонысты біз.

Бейбіт күннің әр таңғы тынысы үшін

Біз солардың алдында борыштымыз.

                                                                          

«Ардагерлер» М.Әміреев.

Қан майданның жүректе жарасы бар,

Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.

Арамызда жүретін  алшаң басып,

Ардагерлер, азайып барасыңдар.

 

Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,

Жүздерінде жанған от жарқылы бар.

«Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің

Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар.

 

Жасқанбаған жауынан жарақты ер,

Ерлігіңді аңыз ғып таратты ел.

Каһармандық дегенді кейінгі ұрпақ

Жүздеріңе сендердің қарап білер.

 

 

                                                                       

1оқушы: «Сен құрметте оны»

Сен құрметте оны,

Түсіндің бе қарағым?

Ол ақшаға сатқан жоқ

Тізеден кесіп аяғын,

Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ

Қолтықтағы ұзын таяғын.

Кеше елге қатер төнгенде

Ол жауға қарсы шапты.

Бізді жалмамақ болған ажалды

Өр кеудесімен қақты.

Ол арыстанша алысты,

Өлім соққысын өз үстіне алды.

Денесін оқ пәршелесе де

Ел намысын қорғап қалды.

Сен құрметте оны,

Түсіндің бе, қарағым?

Сенің келешегің үшін берді ол

Азаттық жолына аяғын!

 

                                                                       

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты: Желбіре, Жеңіс жалауы!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Бизнер-тренер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Желбіре, Жеңіс жалауы! Мақсаты: Өскелең ұрпақтың шығармашылық іскерліктерін қалыптастыру А. Отансүйгіштікке,адамгершілікке негізделген, адамдық қасиеті жоғары патриот тәрбиелеу; Ә.Ой-өрістерін кеңейту,ойлау,есте сақтау қабілеттерін арттыру; Б. Оқушыларды ізденімпаздық, жан-жақтылық дағдыларын қалыптастыру. Көрнекілігі: Тақырып, Мемлекеттік нышандар, нақыл сөздер, Дүбір қосып өзіндей сан күлікке, Шаттық нұры шашылып зеңбіріктен, Ақ боз аттың алдынан жанды үмітте. Шуағын күн төгеді енді көктен. Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты, Шылбыр үзді даланың арғымағы Қазақстан бет алды мәңгілікке. Тәуелсіздік жалауын желбіреткен / Тақтада өлең шумақтарының ортасында туды жалына байлап жүгіріп бара жатқан арғымақ бейнесі ілінеді/ 1-жүргізуші: Армысыздар, қымбатты аталар, апалар,қонақтар!Бүгінгі іс-шара соғыс ардагерлеріне, өздерінің тылдағы қажырлы еңбектерімен жеңісті шыңдағандарға, қан майданда әкелері мен ұлдарынан, бауырларынан айырылған әрбір жанұяға, қайтып оралмаған қаһармандарды еске алуға, Жеңістің 70 жылдық тойына арналады. 2-жүргізуші: Құрметті қонақтар! Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер. ҚР Әнұраны орындалады 2-жүргізуші: Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні. Жақсы үміттің шырағы жанды міне! Аспан бетін қаптаған қара тұман Серпіліп зұлымдықтың сөнді түні! 1-жүргізуші: Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті, Жер бетінен жамандық мүлдем үрікті. Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз, Аспандатып жырлаймыз жақсылықты. 2-жүргізуші: Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін, Халқымыз қуанышта тегіс бүгін, Жауды жаншып, Отанды азат еткен Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін. 1-жүргізуші: Иә, содан бері 70 бейбіт жыл артта қалды. 1945 жылы 8- мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. Ал, 9- мамыр күні 1000 зеңбіректен бұрын- соңды болмаған 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді. 70 жыл бейбіт көктем таң атқалы, 70 жыл шуақты күн таратты әнін. Елімде сонан бері 70 рет Ашылды Жеңіс күннің парақтары. Талай құс содан бері қайта оралды, Соғыста өлгендер тек оралмады. 2-жүргізуші:1941-1945 жылдары ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіз тұрып еске түсірейік. 1-жүргізуші: Жеңіс бізге атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен де келді. Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын қақты. 2-жүргізуші: Ұйықтамай Отан Көз ілмей таңға ұрып, Мелшиген мына танкілермен жанды үміт. Бұл жеңіс келген он жасқа толған кезімде Анамды жарсыз, әкесіз мені қалдырып. Ән: «Батыр бала Болатбек» 1-жүргізуші: Қазақстанда құрылған 310-314-атқыштар дивизиялары 1941 жылдың күзінен бастап Ленинград үшін болған шайқаста 22 елді- мекенді азат етті. Солардың ішінде қазақ қыздары Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. 2-Жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам, Жанары жаны жаздай жайрандаған... Ерліктің қос қанаты деп білемін, Аяулы Әлия мен Мәншүгімді. 1-жүргізуші: Шығыстың қос шынары, Әлия, Мәншүк – қайсар гүлі қазақтың, Ерлігіне таң қаламын ғажап тым. Ән: «Әлия» 2- жүргізуші: «Ер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды» демей ме дана халқымыз. Қан майданда қол бастап, елінің намысын жауға таптатпаған батырларға арналады. 1-жүргізуші: Желбірейді бейбітшілік жалауы, Орындалып жас ұрпақтың қалауы. Әлия мен Мәншүк апайларының ерлігін мақтан тұтатын, мектебіміздің атын шығарып жүрген бишілер тобын ортаға шақырамыз. Би 2- жүргізуші: Ағалар саптан шықпасын, Аналар қабақ шытпасын, Бақытқа жетіп бар адам, Сәбилер тыныш ұйықтасын. «Борыштымыз» С.Боранбаев. Қанды майдан,қызыл өрт борандаған... Талай боздақ сол өрттен оралмаған. Мен бүгінде бақытты болып жүрсем, Бұл- солардың қызығы көре алмаған. Уақыт- тұлпар күндерді ала қашып, Жеңстен соң алпыс жеті жыл ара қашық. Қашқан сайын уақыт – олар жақын, Ұлы істерге бізбен жүр араласып. Бүгінгі олар ұрпақтың ән- жырында, Арайлап атқан әрбір таң нұрында. Аяулы махаббатта, ақ арманда, Әр адамның қанында, тағдырында. Мәңгілікке айналып өткенімен, Керуен тартып көгілдір көк төрімен Қайтқан құс боп қиқулап туған елге Оралады әр жылдың көктемімен. Кеңге сілтеп құлашты, өрісті біз, Ғарышқа да аудардық қонысты біз. Бейбіт күннің әр таңғы тынысы үшін Біз солардың алдында борыштымыз. «Ардагерлер» М.Әміреев. Қан майданның жүректе жарасы бар, Қайғысы мен зілі бар, наласы бар. Арамызда жүретін алшаң басып, Ардагерлер, азайып барасыңдар. Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар, Жүздерінде жанған от жарқылы бар. «Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар. Жасқанбаған жауынан жарақты ер, Ерлігіңді аңыз ғып таратты ел. Каһармандық дегенді кейінгі ұрпақ Жүздеріңе сендердің қарап білер. 1оқушы: «Сен құрметте оны» Сен құрметте оны, Түсіндің бе қарағым? Ол ақшаға сатқан жоқ Тізеден кесіп аяғын, Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ Қолтықтағы ұзын таяғын. Кеше елге қатер төнгенде Ол жауға қарсы шапты. Бізді жалмамақ болған ажалды Өр кеудесімен қақты. Ол арыстанша алысты, Өлім соққысын өз үстіне алды. Денесін оқ пәршелесе де Ел намысын қорғап қалды. Сен құрметте оны, Түсіндің бе, қарағым? Сенің келешегің үшін берді ол Азаттық жолына аяғын!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 965 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.08.2020 1950
    • DOCX 52.5 кбайт
    • 51 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдулкадырова Салимат Камиловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 64092
    • Всего материалов: 210

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 330 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 318 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов обществознания в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 261 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к ЕГЭ по обществознанию в разделе «Право»

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 91 человек

Мини-курс

Основы игровой деятельности дошкольников: роль игр в развитии детей

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Мастерство влияния и успешных переговоров

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов