Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыТӘРБИЕ САҒАТЫ «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА 20ЖЫЛ»

ТӘРБИЕ САҒАТЫ «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА 20ЖЫЛ»

Скачать материал

                    

 ТӘРБИЕ САҒАТЫ «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ       АССАМБЛЕЯСЫНА 20ЖЫЛ»

Ассамблеяның ең басты міндеті – еліміздегі қоғамдық келісім. Қазақстандағы қоғамдық келісім – ең алдымен қазақтың келісімі екенін мықтап есте ұстаған абзал. Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес.

 Тәуелсіздікке 23 жыл тәрбие сағаты(Тәуелсіз Қазақстан)

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан»
Сабақтың мақсаты:Жас жеткіншектерді еліміздің тәуелсіз алғалы жеткен 
табыстарымен таныстырып,білімдерін нығайту.
Отанын құрметтей білетін,болашақта Қазақстанды өркендетуге өз 
үлесітерін қосатыназамат тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Туған жер туралы қанатты сөздер. «Туған ел-тұғырың,Көк туың қыдырың», «Туған жер-алтын бесігің». «Отан үшін күрес-ерге тиген үлес»
Барысы:1.Ұйымдастырушылық кезең.
Мемлекеттік әнұран орындалады.
Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз еліміздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толу мерекесіне арналып отыр.
А)Қызығушылығын ояту.
-Біз қазақ мал баққан елміз,ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Басымыздан құт-береке қашпасын деп,найзаға үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз,басымыздан сөз асырмаған елміз.Достықты сақтай білген елміз,дәм-тұзды ақтай білген елміз.
Осылай деп кім айтқан еді?
-Қаз дауысты Қазбек би
Ә)Мағынаны тану.
Ия осылай деп тебіренген Қазақ елінің қамын ойлаған қаз дауысты Қазыбек би болатын.Ата-бабамыз аңсаған сол тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл толғалы отыр.
16 желтоқсан 1991 жылы республикамыз егемендік алды.
Еліміз егемендік алғаннан бергі жылдарға шолу жасайық.
1-оқушы:1991 жыл-нарықтық экономикаға көшкен жыл.
2-оқушы:1992 жыл-қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубакіров ғарышқа ұшты.
3-оқушы:1993 жыл-Ұлттық теңгеге көшу жылы.
4-оқушы:1994 жыл-Еуразия одағын құру туралы конференция болды.
5-оқушы:1995 жыл-Қ.Р.конституциясы қабылданды.
6-оқушы:1996 жыл-Мемілекеттің жаңа әнұраны.елтаңбасы,туы қабылданды.
7-оқушы:1997 жыл-жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы.
8-оқушы:1998 жыл-халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы.
9-оқушы:1999 жыл-ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылы.
10-оқушы:2000 жыл-мәдениетті қолдау жылы.
11-оқушы:2001 жыл-тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл.
12-оқушы:2003 жыл-Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасы жарияланды.
13-оқушы:2005 жыл-«Қазақстан экономикалық,әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдау жарық көрді.
1-оқушы:2008-09 жыл-Қазақстанда берілетін жәрдем ақы,айлық табыс,пенсия көлемі жоғарылап халықтың әлауқаты артты.
2-оқушы:2010 жыл-Елбасы Назарбаевтың «жаңа он жылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстан жаңа мүмкіндіктері» жолдауы жарияланып,ел экономикасы жоғарғы қарқында дами бастады.
Ой-толғаныс.
Оқушылар өз шығармашылықтарынан өз өлең-жырларын оқиды
Оқушы:Отаным-жүрегім сен,
Күш алам өзіңнен мен.
Жаралғам топырағыңнан
Нәр алғам бұлағыңнан
Сен үшін күресемін,
Аялап құшақтасып
Өтермін өзіңменен
Оқушы:Әнұраным-айбыным,
Қымбатсың маған
Бар шыным.
Естігенде жүрегім
Тебіренер бұлқынып.
Шырқалшы әнім
Мәңгілік !
Туған жер,отан туралы мақал-мәтелдер айтып талқылау.
«Отанды сүю от басынан басталады» «Туған жер тұғырың» «Отан оттан да ыстық»т.б.
Тәрбие сағатын қорытындылау.
Міне егемендігімізді алып,Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан-жылға көркейіп,небір қиындықтарды артқа тастап,жаңа экономикалық өрлеу үстінде.Өз халқын жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдау елдің тағатсыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы.Әр жылғы жолдаудан еліміз жаңа серпіліс пен батыл қадамдар күтеді.Еліміздің экономикасын өркендетуге сендер де ат салысады деп сенемін.
Еліміздің Егемендігі жасай берсін!

Тәуелсіздік тарихта өз ерекшеліктерімен қалды. 
Біз бүгін осы атаулы жылдарға тоқталмақпыз. 
1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Сөйтіп Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің ХV пленумы қабылдаған шешім қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер енгізді. 
Н. Назарбаев қол қойған алғашқы Жарлықтарының бірі — 1991 жылғы тамыздың 29-ындағы «Семей полигонын жабу туралы» Жарлық болды. Елбасының осы тарихи шешімі, батыл қадамы бүгінде дүние жүзіне мәлім тарихи фактіге және біздің ұлттық мақтанышымыздың мәніне айналды. 
Таяуда ғана Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы біздің ел Президентінің ұсынысын мақұлдап, 29 тамызды Халықаралық ядролық қару-жараққа қарсы күрес күні деп жариялады. 
Қазақстан 1992 жылғы 2 наурыздан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі. Қазір еліміздің БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) секілді 70-ке жуық халықаралық ұйымдарда өкілдігі бар. 
Мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1992 жылғы қаңтарда еліміздің ішкі істер әскері құрылды. 
Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Ту авторы — суретші Шәкен Ниязбеков, Елтаңба авторлары — сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов. 
1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді. Мәтінін жазғандар — Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Жадыра Дарибаева. Әуенін жазғандар — Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди (1944 ж. нұсқасы сақталды). 
1992 жылы Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті. 
1993 жыл. 
1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды. 
Одан кейін Елбасының бастамашылдығымен 1993 жылғы мамыр айында «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылданды. Осылайша біздің мемлекет кезінде кертертпа жүйенің кесірінен еліміздің азаттығы мен тәуелсіздігі жолында құрбан болған азаматтарды ақтап, бәзбіреулердің өктем саясатымен жасалған тарихтың қателігін түзеді 
1993 жылғы 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Президент жарлығы шықты. 
Сөйтіп, төл теңгеміз 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға түсті. 
1993 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге жастарды оқыту басталды. 
1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады. 
1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган — Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Оның мақсаты — қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту болды. 
1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА) сессиясы ашылды. Онда қаралған мәселелер: Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту мақсатында бүкілхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныс енгізу. Елбасының бұл қызметте болуының бірінші конституциялық мерзімі 1996 жылдың желтоқсанында аяқталатын еді. 
 1997 жылы министрліктер мен ведомстволар 50-ден 25-ке азайды. Әкімшілік ауданның 220-ның 30-ға жуығы таратылды. Әкімшілік облыстар 19-дан 14-ке кеміді. 1997 жылы 22 сәуірде Торғай, Талдықорған облыстары таратылды. 1997 жылы 3 мамырда Көкшетау, Жезқазған, Семей облыстары таратылды. Қазіргі кезеңде Қазақстанда 14 облыс бар. 
 2030 жылы Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады 
1998 жылы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға Жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың ресми тұсау кесері болып өтті. 
1999 жылдың шілдесінде Астана қаласы ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды. 
2001 жыл автомобиль жолдары жылы болып жарияланды. Трансевразиялық магистраль «Батыс Еуропа —Батыс Қытай» жобасы басталды. Еліміздегі жолдардың көп бөлігі жөнделіп, жаңа жолдар салынды. Әуежайлар мен Каспийдегі теңіз порты қайта құрылды. 
Қалың жұртшылықты Қазақстан халқының тарихи-мәдени игіліктерімен таныстыру мақсатында 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы құрылды. 
2001 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Астана төрінен «Атамекен» Қазақстан картасы» этнографиялық-мемориалдық кешені» деп аталатын мәдени орын ашылды. Қазақстанның кішірейтілген картасы іспеттес. Аспан астындағы мұндай мұражай дүние жүзінің 17 елінде ғана бар. Бельгиядағы «Шағын Европа» саябағы, Австрия, Швейцария, Германия, Испания, Ұлыбритания елдерінің үлгісімен дүниеге келген «Атамекенде» 14 облыс, 2 қала — Астана мен Алматы қалаларының макеттері қойылған. 
2002 жылы Евразияның кіндігі — Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған «Астана – Бәйтерек» монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр. 
2003 жылы Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Бірінші съезі болды. 
Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Сыртқы пішініне қарап жергілікті халық «Пирамида» деп атап кеткен Бейбітшілік және келісім сарайы – ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықтың, халықтар достығының өзіндік символы тәрізді. 
2003 жылы демографиялық жағдайды көтеру және әлеуметтік қолдау мақсатында аналарға бала тууына байланысты бір реттік жәрдемақылар беріле бастады. Ал 2006 жылы бала бір жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақы тағайындалды. 
 2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонаттар бар. Президент Н.Назарбаевтың жеке мұрағаты мен кітапханасы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларының тартулары, Елбасының біргей марапаттар коллекциясы, жеке заттары, құжаттары көрермен назарына ұсынылып отыр. 
2004 жылы 13 қаңтарда ҚР Президенті «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы Қаулыға қол қойды. 
 2006 жылдың 1 қыркүйегінде ашылған пирамида үлгісіндегі Бейбітшілік және келісім Сарайы — Астананың ең үлкен мақтаныштары қатарындағы ғимарат. 
2006 жылы қыркүйек айында дәл осы жерде Әлем діндерінің екінші съезі өтті. 
 2008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы — Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91метр. 
2010 жыл. 
Үкімет индустриялдық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыруға кірісті. Үдемелі индустриялдық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде үстіміздегі жылы ғана 140-тан астам жаңа бәсекеге қабілетті өнеркәсіп кәсіпорындары іске қосылады. 
Астана қаласында мемлекет тарихында тұңғыш рет Орта Азия елдерінің басшыларының қатысуымен ЕҚЫҰ-ның Саммиті өтті. Тіпті, өткен ғасырдың өзінде КСРО-да Мәскеу қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша Еуропа мемлекеттерінің жиынын өткізу мерейіне ие болған жоқ. Сондықтан бұл ірі халықаралық ұйымның Саммитінің Астанада өтуі – мемлекет үшін де, еліміздің әрбір азаматы үшін де биылғы жылдың басты оқиғасы. 

 

 

 

 

 

14

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ– ӘЛЕМ ЕЛДЕРІНЕ ҮЛГІ

Биыл мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен және жетекшілік етуімен 1995-жылы құрылған Қазақстан Халқы Ассамблеясын құру туралы идеяның алғаш көтерілгеніне 20 жыл толды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің мемлекет құру ісінде ұлтаралық келісім мәселесіне ең басты назарын аударып келеді. Қазақстан Халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында сөйлеген сөзінде ол «Мені еліміздің әрбір аймағын мекен еткен, ұлы, нәсілі кім екеніне қарамастан мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін жастардың күн өткен сайын көбейіп келе жатқаны қуантады» деген болатын. Сөйте тұра, Қазақстанда барлық ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің өз тілдерін, мәдениеттері мен діндерін сақтап, дамытуына толыққанды жағдай жасалған.

Ұлтаралық келісім ісінің базалық институты ретінде құрылған Қазақстан Халқы Ассамблеясы мемлекет бас-шының тікелей бастамасымен 1995-жылдың 1-наурызында пайда болды.

Қазақстанның осы бағыттағы істеген істері мен жасаған тірліктері көп ұзамай-ақ халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағаға ие болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы Кофи Аннан «Қазақстан түрлі ұлттардың өкілдері бейбіт түрде тіршілік кеше алатын, ұлттық әрқилылық сипаты мемлекеттің қиыншылығына емес, керісінше өсіп-өркендеуіне, дамуына негіз болып отырған ел ретінде баршаға үлгі бола алатын мемлекет» деп тегіннен тегін айтпаса керек.

Осындай мағынада тағы бір әлемге танымал саясаткер Маргарет Тэтчердің де айтқаны бар. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде «Елдеріңіз тәуелсіздігін алған сәттен бастап Сіздің көреген саясатыңыз мемлекетті азаттыққа, дамуға бастайтын жолға салды. Пессимистер сіздердің елдеріңіздің көпұлтты сипаты ішкі қайшылықтарға бастап, елдеріңізді әлсіретеді деп топшылаған шығар, кезінде. Алайда, барлығы керісінше болып шықты. Қазақстан өзінің сан салалы сипатының арқасында дамып келеді, ол өзінің діни және дәстүрлік әрқилылығын басты байлығы етіп, қарқынды дамудың басты факторларының бірі етіп, тиімді пайдалана алды. Сіздер өзгелерге шынайы үлгісіздер» деген болатын.

2008-жылдың 20-қазанында Президент Қазақстан Республикасының «Қазақстан Халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойды. Ол Қазақстанның саяси жүйесіндегі Ассамблеяның рөлі мен міндеттерін нақтылап берді.

Ассамблеяның ең басты мақсаты – мемлекеттік ұлттық саясатты дайындап жүзеге асыруда Елбасына тірек болу.

Қазақстан Халқы Ассамблеясының қызметі адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығының басымдығы, халық пен мемлекет мүддесінің тоғысуы, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діні мен басқа да айырмашылықтарына қарамастан адам мен азаматтың теңдігі, тең құқылығы және жеке бастық жауапкершілігі секілді қағидаларға сүйенеді.

Қазақстан Халқы Ассамблеясы құрылған күннен бастап оған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі төрағалық етуі ассамблеяның беделі мен орыны мызғымауына негіз болды. Заң бойынша ол Ассамблеяны қалыптастыра немесе қайта құра алады, жалпы басшылық жасап, оның қызметінің басты бағыттарын айқындайды, оның басқарушы лауазым иелерін тағайындай, жұмысынан босата алады, Қазақстан Халқы Ассамблеясының сессиясын шақырып, оның хатшылығын құра алады.

Президент өзінің Қазақстан Халқы Ассамблеясындағы міндеттері мен құзыреттерін бөлісіп, орындайтын орынбасарларын тағайындайды, тұрақты органы – Ассамблея Кеңесін құрып, оған басшылық жасайды, Ассамблеяның бағдарламалық құжаттарын бекітіп, оны жүзеге асыруға байланысты тапсырмалар береді.

Тиісті заң бойынша Ассамблея қазақ халқының топтастырушы рөлiн арқау ете отырып, қазақстандық патриотизмді, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негiзiнде қазақстандық азаматтық бiрдейлiктi және бәсекеге қабiлеттi ұлтты қалыптастыру процесiнде Қазақстан Республикасында этносаралық келiсiмдi қамтамасыз етуді мақсат етеді.

Ассамблеяға:

- этносаралық қатынастар саласында мемлекеттiк органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиiмдi өзара iс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келiсiмдi және толеранттықты одан әрi нығайту үшiн қолайлы жағдайлар жасау;

- халық бiрлiгiн нығайту, қазақстандық қоғамның негiз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келiсiмдi қолдау және дамыту;

- қоғамдағы экстремизмнiң және радикализмнiң көрiнiстерi мен адам-ның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттiк органдарға жәрдемдесу;

- азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетiн саяси-құқықтық мәдениетiн қалыптастыру;

- Ассамблеяның мақсаты мен мiндеттерiне қол жеткiзу үшiн этномәдени және өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң күш-жiгерiн бiрiктiрудi қамтамасыз ету;

- Қазақстан халқының ұлттық мәдениетiн, тiлдерi мен дәстүрлерiн өркендету, сақтау және дамыту секілді міндеттер жүктелген.

Қазақстан Халқы Ассамблеясының жоғарғы органы оның Кеңесі болып саналады. Ол конституциялық квота бойынша Парламенттің төменгі Палатасы – Мәжіліске өзінің 9 өкілін депутат ретінде сайлай алады. Қазақстан Халқы Ассамблеясының қызмет аясы да барынша кең. Ол:

- мемлекеттiк ұлттық саясатты әзiрлеуге және iске асыруға жәрдемдесу;

- қазақстандық патриотизмдi қалып-тастыруға жәрдемдесу;

- мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамыту;

- елде және шет елдерде этносаралық және конфессияаралық келiсiмнiң қазақстандық моделiн насихаттау;

- этносаралық қатынастар жай-күйiнiң, оның iшiнде мемлекеттiк тiл мен Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн қолдану саласында мониторингтi жүзеге асыру;

- мемлекеттiк ұлттық саясат мәселелерi жөнiндегi заң жобаларына қоғамдық-саяси сараптама жасауға қатысу;

- шет елдердегi қазақ диаспорасына ана тiлiн, мәдениетi мен ұлттық дәстүрлерiн сақтау және дамыту, оның тарихи Отанымен байланыстарын нығайту мәселелерiнде қолдау көрсету;

- этносаралық қатынастар саласындағы келiспеушiлiктер мен дауларды реттеу, қақтығысты жағдайларды болдырмау жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу және практикалық шараларды iске асыру және оларды шешуге қатысу және басқа да көптеген бағыттарға басымдық беріп, жұмыс істейді.

Ассамблеяның барлық аймақтарда, облыстар мен Астана, Алматы қалаларында бөлімшелері бар. Бұл шын мәнінде демократиялық сипатқа ие қоғамдық ұйым құруға, оның жұмысын халық билігінің бастауы ретінде «төменнен» бастап жүргізуге, ең бастысы барлық аймақтар мен аудан, ауылдарды қамтуға мүмкіндік берді.

Жалпы алғанда Қазақстан Халқы Ассамблеясы ақылдастық, уәкілеттілік сипаттары бар халықтық органның жүйесіне айналып, еліміздің аса күрделі, сан-салалы этномәдени құрамын бір атаның балаларындай елді дамытып, өркендету деген ортақ іске жұмылдырудың таптырмас құралы болып отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев өз қолымен құрып, тікелей өзі басқарып отырған Ассамблея Қазақстан халқының әрқилылық арқылы тұтастыққа ұмтылған этномәдени қауымдастығының үнін ешбір жалғаусыз, делдалсыз тікелей президентке жеткізетін шынайы халық билігінің органы.

 

0

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы «Қазақстан-2050: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» тақырыбымен ашылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.Оның жұмысына ҚХА мүшелері, Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, саяси партиялар, діни конфессиялар, дипломатиялық миссия басшылары, зиялы қауым мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және шетелден келген қонақтар қатысуда.Сессия барысында Мемлекет басшысы Сочиде өткен XXII қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Д.Тенге «Құрмет» орденін және Ассамблеяның бірқатар мүшелеріне «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалін» табыс етеді.Біз келісім мәдениетін дәстүр ретінде ұрпаққа мұра етуге тиіспіз. Бұл туралы бүгін елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстан-2050: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» атты күн тәртібімен өтіп жатқан ХХІ сессиясында Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтты.«Қымбатты отандастар, қадірлі қауым! Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясының ашылуымен баршаңызды шын жүрегіммен құттықтаймын.  Ұлы Жамбыл ақынның «Жігерлі болса ер болар, бірлікті болса ел болар» деген сөз бар. Бүгінгі сессияның өзегі бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті біздің осындай бірлікті ел болмысымыздың кепілі. Мәдениет тіршіліктің тірегі. Ортақ игіліктің ұлықталып ұлы істерге ұйымдастырудың бірегей тетігі. Бейбітшілік, руханият пен келісім бәрінің тамыры мәдениетте», — деді Н.Назарбаев.Мемлекет басшысының пайымынша, XXI ғасырдың ең басты заңы татулық. Татулық пенен тыныштық арқылы экономика өсіп, халықтың әл-ауқаты күшейеді, бейбітшілік орнайды.«Келісім — экономика мен саясаттың қауіпсіздігіндегі өмірдің заңы. Біз келісім мәдениетін дәстүр ретінде ұрпаққа мұра етуге тиіспіз. Келісім мәдениеті мәңгілік болуы керек», — деді Елбасы.Сондай-ақ,  сессия қорытындысында жиынға қатысушылардың Қазақстан халқына үндеуі қабылданады деп күтілуде.

 

 

 

 

"Қазақстан - 2050" Стратегиясы: "Бір халық - бір ел - бір тағдыр"

ШҚО. Жарма ауданы, «Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі» КММ 

Сынып жетекші:Г.К.Мамалакова

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: 
«Бір халық – бір ел – бір тағдыр» 
Тәрбие сағатының мақсаты: Жас жеткіншектерге еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев жайлы толық мағлұмат бере отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясындағы елбасының халыққа арнап жолдаған жолдауымен таныстыру. Еліміздің тәуелсіз алғалы 22 жыл ішінде жеткен табыстары жайында айтып өту. Отанын құрметтей білетін, болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлестерін қосатын азамат тәрбиелеу. 
Көрнекіліктері: Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевқа арналған плакат қанатты сөздер, шарлар, суртер, тақырып жазылған лозунг. 
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. 
1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 
ІІ. Алғы сөз (кіріспе) 
Армысыздар, құрметті қонақтар, ата – аналар мен Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары. Бүгінгі «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Сіздерге жұмыстарыңызға табыс, жанұяларыңызға бақыт, дендеріңізге саулық, береке – бірлік пен байлық тілей отырып тәрбие сағатымды Қаз дауысты Қазыбек бидің мынадай сөздерімен бастауға рұқсат етіңізер. 
Біз қазақ мал баққан елміз, 
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. 
Басымыздан құт – береке қашпасын деп, 
Найзаға үкі таққан елміз. 
Ешбір дұшпан басынбаған елміз, 
Басымыздан сөз асырмаған елміз. 
Достықты сақтай білген елміз, 
Дәм – тұзды ақтай білген елміз. 
Деп осылай тебіренген Қазақ елінің қамын ойлаған Қаз дауысты Қазыбек би болатын. Ата – бабамыз аңсаған сол тәуелсіздікті алғанымызға 22 жыл толғалы отыр. 1991 жыл 16 желтоқсан республикамыздың өз егемендігін алған күні. 
ІІІ. Еліміз егемендік алғаннан бергі жылдарға шолу. 
Ал олай болса, еліміз егемендік алғаннан бергі жылдарға шолу жасайық. 
• 1991 жылы 29 тамыз. Ядролық полигонның ресми жабылуы. 
• 1991 жылы 10 қазанда қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 
ғарышқа самғады. 
• 1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «ҚР Мемлекеттік 
тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заңға қол қойды. 
• 1992 жылдың 2 наурызда Қазақстан БҰҰ – ның мүшелігіне қабылданды. 
• 1992жылы 4 – маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран 
бекітілді. 
• 1993 жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы 
қабылданды. 
• 1993 жылдың 15 қараша айында. ҚР ұлттық ақшасы «Теңге» айналымға 
енгізілді. 
• 1994 жылы ақпан айында Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі 
шартқа қол қойды. 
• 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халықтарының Ассамблеясы 
құрылды. 
• 30 тамызда ҚР – ның қазіргі Конституциясы қабылданды. 
• 1996 жылы Алматы қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды. 
• 1997 жыл «Қуғын – сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп жарияланды. 
• 1997 жылдың 10 желтоқсанда мемлекеттік өкіметтің жоғарғы органдары 
жаңа астанаға көшіріле бастады. 
• 1998 жылдың 10 маусымда Қазақстанның жаңа астанасы – Астана 
қаласының тұсау кесер рәсімі өткізілді. 
• 1999 жылдың 24 ақпанында Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы санақ 
өткізілді. 
• 2000 жылдың 10 қазанында Жаңа халықаралық ұйым – Евразиялық 
экономикалық одақ құрылды. 
• 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдығы аталып өтті. 
• 2002 жыл Денсаулық жылы болып аталды. 
• 2003 – 2005 жылдар. Ауылды көтеру жылы 
• 2004 жыл – «Денсаулық жылы» 
• 2005 жылдың 4 – желтоқсанда ҚР Президентінің Бүкілхалықтық сайлауы 
болды. 
• 2006 жылы 7 – қаңтарда жаңа әнұран қабылданды. 
• 2006 жылы Ресейдегі «Абай жылы» және Қазақстандағы «Пушкин жылы». 
Тәуелсіздіктің 15 жылдығы, «Желтоқсан оқиғасының» 20 жылдығы. 
• 2007 – 2009 жылдары «Мәдени мұра» бағдарламасының екі жылдық 
жоспары қабылданды. 
• 2008 жылы 6 – шілдеде. Астана қаласында «Қазақ елі» момументі ашылды. 
• 2009 жылы 25 ақпан мен – 6 наурыз аралығында ҚР Ұлттық санағы 
өткізілді. 
• 2010 жылы ҚР Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастығы ұйымына 
төрағалық етті. 
• 2011 жылы ҚР Ислам Конференциясына Төрағалық етті. 
• 2011 жылы. Астана мен Алматыда 7інші – Қысқы Азия ойындары өтті. 
• 2013 жыл. Тәуелсіздіктің 22 жылдығы. «Желтоқсан оқиғасының» 
27 жылдығы. 
ІV. Қазақстан халқы Ассамблеясында мемлекетіміздің тұңғыш 
президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жодауы. 
Өздеріңіз газеттерден оқып – танысып, теледидарлардан көріп, біліп жүрген шығарсыздар қасиетті қазақ жерін татулықтың талбесігі етіп, бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл кәмелетке толды. Ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы болсын деп қолымызбен құрған Ассамблеяның дүниеге келгеніне 18 жыл толды. Осы аралықта ол өзінің өміршеңдігін көрсетіп, біздің бейбіт қоғамның ажырамас бөлігіне айналды. Елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы болды. Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді. Бүгінде олар тегі басқа болғанмен теңдігі бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Осылай, елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр. «Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер. «Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан. «Бір тағдыр» – бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер! Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп – өркендеген Қазақстан! 
Осының барлығын қоса алғанда, Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет дегенді білдіреді. 
Ассамблеяның ең басты міндеті – еліміздегі қоғамдық келісім. Қазақстандағы қоғамдық келісім – ең алдымен қазақтың келісімі екенін мықтап есте ұстаған абзал. Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес. 
Халқымыз «тар жерде табысқан, кең жерде келіседі» демейтін бе еді?! Ең тар замандарда қазақ құшағына алған өзге этнос өкілдері бүгінде өз бауырларымыз атанып, бізбен бір халыққа айналды. 
Қазақстан – бұл біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Сондықтан да біз бір халықпыз – бір елміз – бір тағдырмыз! 
V. Ой – толғаныс. 
Туған жер, Отан туралы мақал – мәтелдер айтып талқылау. 
1. Отанды сүю от басынан басталады. 
2. Туған жер тұғырың. 
3. Отан оттан да ыстық. 
4. Ескіні еске алмай, жаңа жадыңа түспейді. 
5. Татулық табылмас бақыт. 
6. Ырыс алды –ынтымақ. 
7. Бірлігі жоқ – ел тозады, бірлігі күшті – ел озады. 
VІ. Тәрбие сағатын қорытындылау. 
Міне егемендігімізді алып, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан – жылға көркейіп, небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде. Өз халқын жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы елдің тағатсыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы. Әр жылғы жолдаудан еліміз жаңа серпіліс пен батыл қадамдар күтеді. 
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным, 
Көк туымды қалайша құлатармын. 
Тып – тыныш тұрып жатқан жайымыз бар, 
Бәріміз баласындай бір атаның. 
Елімізде бақ – береке, ырыс болсын, 
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын. 
Халқымның ахуалы дұрыс болсын. 
Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – деп бүгінгі тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз. Еліміздің Егемендігі жасай берсін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты кезекті Жолдауы – мемлекетіміздің алдағы жылдарға арналған даму бағдары, біздің әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы жаһандық қадамы. Ертеңгі күнге зор үміт артатын, болашаққа бағыт-бағдар беретін Мемлекет басшысы мәңгілік ел болу идеясы арқылы, жалпы ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып, халқымызды біріктіретін күш ретінде бұл маңызды құжат бірлік пен берекенің, қажырлы еңбектің тұғырнамасы екендігін баса айтты. Ұзақ жылдардан бері аудан тұр­ғындарының әлеуметтік мәсе­ле­лерін шешумен айналысып жүр­гендіктен, мені Президент Жол­дауындағы негізгі жеті бағыттың ішінде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі міндеттердің жүзеге асырылуы алаңдатады. Қала ... Толығырақ оқу →

БЕЙБІТШІЛІК БЕСІГІ

 

 

Елбасының 2014 жылғы 29 тамыздағы Жарлығымен 2015 жыл Қазақстан халқы ассамблеясы жылы деп жарияланды. Осы орайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан халқы ассамблеясы жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның кеңейтілген отырысы өтіп, осынау айтулы шараны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жос­пары бекітілді. Қазақстан халқы бірлігін нығайту, қоғамды Мемлекет басшысының  бейбітшілік пен келісім саясаты аясында шоғырландыру мақсатында  орайластырылған мерекелік шаралар «Біздің күшіміз – бірлікте!» ұранымен өткізілетін болады. Әрбір қазақстандық елімізде болып жатқан оқиғаларға өзінің де қатысы бар екенін сезіну үшін мерекелік шараларға халықтың барлық әлеуметтік санатын тартатын ..

 

Жергілікті тарихшы Мұхтарбек Кәрімов мемлекетіміздің 550 жылдық тарихын кең көлемде атап өтудің маңызы зор, дейді.

2015 жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, таяуда Астана қаласының активінде айтулы күнді атап өту керектігі туралы айтқан болатын.

Тарихқа үңілетін болсақ, қазақ хандығы XV ғасырдың ортасында құрылды. Хандықтың құрылуы Керей мен Жәнібектің басшылығымен Шу мен Талас өзендерінің жазығына бастау алған. Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы  маңызды оқиға болды.

Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.

«Бүкіл дүниежүзі алдында қазақ мемлекеті өзінің дербестігімен және әртүрлі халықаралық саясаттағы рөлімен көзге түсуде. Сондықтан, мемлекетіміздің 550 жылдық тарихын кең көлемде атап өтудің маңызы зор»,  - дейді тарихшы Мұхтарбек Кәрімов.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының мәлімдемесінің толықтай нұсқасы:

2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толады. Осыған байланысты, елімізде бұл оқиғаны мерейтой күндерінің қатарына қосу мен Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған іс-шараларды өткізу жөнінде мәселе қарастырылды.

Мемлекет құрылуының мерейтойы ең алдымен азаматтардың патриоттық сезімдерін арттыру мен қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға бағытталып отыр.

Министрлік бірқатар мемлекеттік органдармен үлкен дайындық жұмыстарын жүргізді.

Қазақстандық тарихшы-ғалымдардың Мұхамед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегін негізге ала отырып, жан-жақты зерттеу нәтижесінде Қазақ Хандығының құрылған жылы 1465 жыл деген қорытындысы алынды.

Көптеген тарихшылардың пікірінше, осы уақыттан бастап Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығы Еуразия құрлығындағы мемлекетаралық қатынастардың жеке субъектісіне айналды.

Қазіргі таңда Қазақ Хандығының 550 жылдығын атап өтудің тұжырымдамасы дайындалды.

Аталған тұжырымдамада Қазақ Хандығы құрылуының ғылыми деректері, мерейтойдың концептуалдық негіздері, идеологемалары, негізгі мақсаттары мен міндеттері және оның кезеңдері келтірілген.

Қазақ Хандығының 550 жылдығын атап өту басты үш концептуалды негізде жүзеге асырылатын болады, олар:

– патриоттық: қазақ халқының Отанына сүйіспеншілігі;

– ақпараттық: ғылымикөпшілік бағдарламаларды, ғылыми-танымдық деректі фильмдерді, қазақ халқының жоғары мәдениеті мен өнегелік қасиеттері туралы көркем фильмдерді жасап, жетекші орталық телеарналар арқылы тарату;

– ғылыми: қазақ хандығының құрылу проблемаларын зерделеу мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғылыми конференциялар ұйымдастыру.

Министрлік сондай-ақ, мерейтойды атап өтудің іс-шаралар жоспары жасады. Оған сәйкес, келесі жылдың басынан Қазақ Хандығының құрылу тарихын зерттеу мәселелерін талқылау бойынша жобалар іске аса бастайды, соның ішінде қазақ мемлекеттілігі туралы ақпараттарды анықтау мақсатында Батыс Еуропа, Ресей, Түркия, Қытай, Иран, Египет, Өзбекстан сияқты елдердің мемлекеттік мұрағаттары мен музейлерінен, ғылыми-зерттеу орталықтарынан іздестіру жұмыстары қолға алынады.

Жоғарыда айтылғандарға орай, патриоттық видеороликтер, ғылыми-көпшілік, ғылыми-танымдық бағдарламалар мен ғылыми дәйектерге негізделген деректі фильмдер көрсетіліп, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, патриоттық акциялар, ойындар, фестивальдар, көрмелер т.б. өткізіледі. Сондай-ақ, біз «Мәңгілік ел» ұлт тарихына арналған деректі, көркем және анимациялық фильмдер сериясын түсіруді жоспарлап отырмыз.

Сонымен қатар, мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндермен (Наурыз, Жеңіс күні, Мемлекеттік рәміздер күні, Астана күні және т.б.) байланысты барлық шаралар Қазақ Хандығының 550 жылдығы аясында өтетін болады.

Жылдың аяғына дейін өңірлерде мерейтойлық іс-шаралар жалғасады. Жалпы, келер жылы мерейтойға арналған 100-ге жуық ірі шара өткізу жоспарлануда.

Аталған іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысымен бекітілетін болады.

 Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапхана­сында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Қазақ хандығына – 550 жыл» атты кітап көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Көрменің мақсаты – қазақ хандығы мен қазақ халқының тарихын, еліміздің өркендеуіне және нығаюына өмірі мен қызметін арнаған көрнекті тарихи тұлғалардың еңбектерін және есімдерін оқырмандарға насихаттау болып табылады. Іс-шараға белгілі тарихшылар, ақын-жазушылар, кітапхана оқырмандары мен БАҚ өкілдері қатысты. Көрме аясында «Әбілхайыр хан» атты деректі фильм (сценарийі – Асқар Әлімжанов, қоюшы режиссері – Қанат Есенаманов) көрсетілді.

«2015 жылды ұлттық тарихымызды ұлықтау, бүгінгі белестерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы деп есептеу керек», – деген Елбасымыз Н.Назарбаев 2015 жылы Қазақстан Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ата Заңымыздың 20 жылдығын атап өтетіндігімізді мәлімдеді.

«Ұлы Дала мемлекеттері», «Тарихи зерттеулер», «Қазақ хандығы», «Әдебиет және Тарих», «Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан», «Жасай бер, Тәуелсіз Қа­зақстан» атты алты бөлімді көрмеге қазақ, орыс, шет тілдеріндегі және сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорынан 3000-нан астам еңбек қойылған.

Көрменің ашылу салтанатында жазушы, Мемле­кеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республи­касы Ұлттық кітапханасының Бас директоры Әлібек Асқар, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, М.Х.Дулати қорының директоры Мұхтар Қазыбек, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының орынбасары Нұрлан Аты­ғаев, филология ғылымдарының докторы, профессор Дандай Ысқақұлы, тарихшы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, «Адал бизнес принт» баспасының директоры, Қазақстан тарихи даму диаграммасының авторы Әділбек Бегедаев сөз сөйледі.

– Қазақ тарихының тамыры тереңде жатыр. Біз – Орта Азиядағы ежелден келе жатқан мемлекеттердің біріміз. Мен жақында іссапармен Хакасияда болдым. Ол жерде осыдан үш мың жыл бұрын жасалған ескерткіштер табылған. Біздің ата-бабаларымыз Алтай тауларында өмір сүрген. Жалпы, түркі халықтарының тарихы ортақ қой. Міне, бұл ежелгі ескерткіштер біздің тарихымыздың тереңде екендігін дәлелдейді. Осы уақытқа дейін біз тарихта орыс және батыс ғалымдарының жазбаларын пайдаланып келдік. Шын мәніндегі тарихты әр халық өзі жазуы керек. Олар бұрын тарихты орыстық көзқарас, батыстық көзқарас дүниетаным тұрғысынан жазса, енді біз өзіміздің көзқарасымыз бойынша Тәуелсіздік тұрғысынан қарап төл тарихымызды жазуымыз керек, – деді С.Демирел атындағы университет ректорының кеңесшісі Дандай Ысқақұлы.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кездейсоқ мақалалар

Тарих, құқық және экономика факультетінің археология және этнология мамандығының бірінші курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Қазақ хандығының құрылғанына-550 жыл» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты - жастарды өз тарихын білудегі танымдық қасиеттерін қалыптастыру бағытында елжандылыққа, отансүйгіштікке баулу. Ашық сабақ барысында қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер мен қазақ хандығының негізгі құрылу кезеңдері жөнінде мәліметтер берілді. Сұрақ-жауап ойыны жүргізіліп, Қазақ хандығы туралы деректі фильм көрсетілді. Студенттер қазақ халқының басын қосудағы Жәнібек пен Керейдің сіңірген еңбегін жан-жақты талдап, тарихи деректер келтірді. Ашық сабақ соңында факультеттің аға тәлімгері, заңтану магистрі Бота Жусупова мен қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлжан Мейрманова сөз алып, тақырып төңірегінде өз ой-пікірлерін білдірді.


Н.Назарбаев:  2015  жылы  еліміз  Қазақ хандығының  550 жылдығын  мерекелейді

Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласы активімен кездесу барысында келесі жылы еліміз қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелейтінін айтты. Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады

« Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім ол бүгінгі шекарасындағы,  бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым-қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн», – деді Қазақстан Президенті.

 

 Ағымдағы жыл - қазақ тарихы үшін айтулы жыл. Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл, Абылай ханның туғанына - 300 жыл, Желтоқсан көтерілісіне - 25 жыл, ал Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханның туғанына - 145 жыл. Айтулы даталар Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығымен қатар келіп отыр. Атаулы жылдарды азаттығымыздың мерейтойымен сабақтастырып атап өту жағы ақсап тұрған жоқ па? Қалай ойлайсыз? 
- Биыл Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына басымдық беріліп отыр. Саяси тұрғыдан қарағанда, Тәуелсіздіктің 20 жылдығын атап өту - өте орынды деп ойлаймын. Биліктің өзі бүгінде қазақ тарихының бай екенін, мемлекеттік дәстүрі бұрыннан бар болғанын жақсы түсінеді. Көп адам біле бермейтін бір факті бар: қазақтың орталықтандырылған мемлекеті Ресейден бұрын қалыптасқан. Қазақ хандығының пайда болуы 1460-шы жылдар деп айтамыз, біреулер 1459, 1963, енді біреулер 1472 жыл деп айтып жүр. Қалай дегенмен де 15-ші ғасырдың 60-шы жылдары Шу өзенінің бойында Қазақ хандығы бой көтерді. Ал орыс мемлекеті орталықтандырылған мемлекет ретінде 1613 жылы ғана орнай бастады. Сол жылы орыс князьдары жиналып Михаил Романовты патша етіп сайлады. Міне, бұл - пародокс. 
Кеңес заманында қазақта мемлекет болмаған деген идеология үстемдік құрып тұрды. Содан орыстарда «мемлекет болған» екен, ал бізде «мемлекет болмаған» екен деген түсінік қалыптасты. Ал қазақ, өзбек, түрікмен, қырғыз сияқты түркі халықтары тарихи аренаға 15-ші ғасырдың ортасында шыққан. Қазақ хандығы құрылғанда қазақ, ноғай, өзбек болып бөлінген. Соның ішінде, өкінішке қарай, ноғайлар бүгіндері өздерін жоғалтып алар жағдайда тұр. Қазір Ресей аймағында көп болса 100 мың ноғай бар шығар. Ал кезінде олардың Қазақ хандығымен терезесі тең еді. Қазақ хандығы мемлекетке тән сайлау мекемелері, жыраулар, билер институты бар, кәдімгі демократиялық формада дамыған мемлекет болатын. Ал өзбектер, менің байқауымша, аймақтық деңгейде қалды. Хиуа хандығы, Қоқан хандығы, Самарқанд уәлаяты, Ташкент болып бөлек-бөлек тұрды. Кейініректе, яғни 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары мемлекет болып қалыптасты. Ал Қырғыз мемлекеті Енисейде құрылған. Содан айырылып қалғаннан кейін 20 ғасырдың 30-шы жылдары республика ретінде қалыптаса бастады. Мемлекет дегеніміз - тек ханды сайлау ғана емес, бір жарғымен өмір сүру және өте маңызды саяси мәдениетті қалыптастыру. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақ хандығы Оралдың арғы жағындағы көршіден көш ілгері дамыды. 
Қазақ тәуелсіздік үшін аянбай соғысқан халық. Бұл өте ұзақ әңгіме. Бір ғана 20-шы ғасырдың басын алайық, Алаш зиялылары мен большевиктік топ құрамында жүрген Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Сұлтанбек Қожановтар - осы екі тараптың да түпкі ойларының негізі бұрынғы қазақ мемлекетін қайтадан қалпына келтіру болды. Сол азаматтарды алға жетелеп отырған осы идея еді. Ол идея осыдан 20 жыл бұрын ғана жүзеге асты. Қазақ тәуелсіз ел атанды. Сондықтан біз тәуелсіздік туралы айтқанда, бұрынғы тарихымызды ұмытпаймыз. Себебі байырғы тарихымызды әжептәуір зерттеп қалдық. Салыстырып айтсам, Франциядағы Париж коммунасы 72 күн ғана өмір сүрген екен. Бұл псевдосоциалистік мемлекеттің алғашқы мысалдары еді. Міне, сол небары екі айдан астам уақыт ғана өмір сүрген Париж коммунасы туралы мыңнан астам зерттеулер мен монографиялар жазылыпты. Олай болса, Тәуелсіздігіне 20 жыл толған Қазақстан туралы да мыңдаған зерттеу жазылуы керек. Сол зерттеулер арқылы әрбір қазақстандықтың санасына біз тәуелсіз мемлекетпіз деген идеяны сіңіруіміз керек. 
- Сіз басқаратын Мемлекет тарихы институты қазақ мемлекеттігінің жаңа тарихын зерттеп, зерделейтін, тарих ғылымына жаңа ой-тұжырымдар ұсынатын, ұлттық құндылықтарды қалыптастыратын ғылым ордасы болуды мақсат етеді. Бұл мақсат қаншалықты орындалып отыр? Жаңа тарихты жазудағы жас ғалымдардың үлесі қандай? 
- Біздің институттың құрамы өте жас. Қателеспесем, кадрларымыздың орташа жасы - 37 болса керек. Басқа институттарда 42-47 жасты құрайды. Бізде жас ғалымдар кеңесі бар. Бауыржан Еңсепов деген жігіт басқарады. Өзі 27 жаста. Сонымен қатар Николай Лапин, Анар Габдуллина, Рүстем Құдайбергенов, Марал Томанова сияқты жастар бар. Жастарды көп шақырамыз. Келем деген маманға вакансия бар. Бірақ оларға қойылатын талап та жоғары. Мысалы, кем дегенде ғылым кандидаты болуы керек. Екіншіден, оның зерттеп, жазып жүрген ғылыми еңбегі болуы шарт. Біздің елімізде ғылым кандидаттары мен докторлары өте көп. Бірақ солардың арасында шынайы ғылымды іліп алып кететін мамандар аз екені көрініп тұр. Біздер - ғалымдар жоғары оқу орындарындағы педагог тарихшылар және ғылыми жұмыс атқаратын ғалым-тарихшылар болып екіге бөлінеміз. Бұл екі топқа қойылатын талап екі басқа. Осы мәселені ұмытпаған жөн. Институт дайындаған өнімдер туралы мынадай көрсеткіштер келтіруге болар еді. Институт 2008 жылы қазан айында жинақталды, директор ретінде мен өзім қазанның 8-де жұмысқа шықтым. Біз 2009 жылы 15 кітап, 2010 жылы 14 кітап шығарсақ, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына 20 кітап шығармақпыз. Оның арасында оқулық, хрестоматия, хроника сияқты ірі еңбектер бар. Сонымен қоса көптеген халықаралық конференциялар, Форумдар өткіздік. 2010 жылы ТМД елдері тарихшыларының 2 форумы, түркі өркениеті конгресі т.б. өтті. Институт ғалымдары кәсіби тарихшылар Академиясын, тарихшылар лигасын құрды. Біздің мақсатымыз тарихшылардың басын қосып бірігіп жұмыс істеу. 
- Кейбір азаматтар Мемлекет тарихы институтын кезінде Қазақстан компартиясы орталық комитетінің жанында жұмыс атқарған Партия тарихы институтына балайды. Сонымен, бұл институттың баяғы кеңестік институттан айырмасы не? Әлгіндей пікірлердің туындауына не себеп деп ойлайсыз? 
- Кеңес одағы кезінде Алматыда марксизм-ленинизм институты болды. Ең жақсы ғимарат соларға берілетін. Бірақ тарихты қалай жазу керектігін оларға Мәскеу айтып отыратын. Әрине, тәуелсіздікке дейінгі тарихтың көптеген ғылыми жаңалық ашқанын жоққа шығармаймыз. Әйткенмен, олар Мәскеудің нұсқауымен жұмыс істеді. Ал көпшілік біздің тарихты Алматыдағы партия тарихы институты жазып отыр деп ойлайтын. Шындығында, ол институт Мәскеудің айтқанын қағазға түсіретін мекеме ғана болды. Тарихтың осындай бір қиын жағы бар, ол - биліктің тарихқа араласуы. Ал тәуелсіздіктің бір тамаша тұсы, тарихшыларымыз үшін «Алтын ғасыр» туды. Қазір архивтер ашық, соғыс туралы дейсің бе, тәуелсіздік дейсің бе, өткен заман дейсің бе, барлық мәліметті қарауыңа мүмкіндік бар. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қытай, Германия, Польша елдеріне барып жатқан ғалымдар бар. Сосын ең маңызды мәселе, қазір цензура жоқ. Бұрын кітап шығару үшін рұқсат алу шарт еді. Қазір цензура жоқ, бірақ рецензия өте қажет секілді. Себебі қазір тарихты жазуға тракторшы да, зоотехник те, дәрігер де араласа бастады. Олар тарих жазу оңай деп ойлайтын сияқты. 
- Сіз айтқан мүмкіндікті тарихшыларымыз қалай пайдаланып жатыр? 
- Біраз еңбектер жазылды. Қазақстан тарихының 20-шы, 30-шы жылдары жақсы зерттелді. Айталық, Алаш ұйымының құрылуы, оның даму эволюциясы туралы, аштық туралы еңбектер шықты. Сонымен қоса әлі де болса, тарихшыларымыздың қоғам алдындағы қарызы мол. 
- Сонда тарихымыздың қай кезеңі қамтылмай отыр деп ойлайсыз? 
- Айта берсе, өте көп. Көне заманның өзін жазған тарихи еңбектердің бәрін қайта қарауымыз керек. Бұл сөзімнің кейбіреулерге ұнамайтынын жақсы білемін. Бірақ ақиқаты сол. Мысалы, сақ дәуірін алсақ, бұрын кеңес заманында сақтардың тілі иран, парсы тілі деп көрсетілді. Сол кезде шыққан Қазақстан оқулықтарын қарап көріңізші, дәл солай жазылған. Ал соңғы деректер бойынша, сақ, үйсіндер көне түрік тілінде жазып, сол тілде сөйлеген екен. Бұл жаңалық па? Жаңалық! Бізге керек пе? Керек! Бұрын Қазақ хандығы туралы айтылған тарихта Түркі қағанаты туралы айтылмайтын. Айтқан күннің өзінде таптық көзқарасқа сүйенетін. Жалпы, кеңес кезеңіндегі тарихтың дамуы таптық күреске негізделді ғой. Маркстің «Локомотивом истории является борьба классов» деген сөзі де бар. Сол сөзге сүйенген тарихшылар көне Рим болсын, көне Қазақстан болсын, тек қана қанаушы тап пен қаналушы тап арасындағы күресті көрсететін әдет тапқан сол кезде. Біз қазір ол идеологиядан бас тартуымыз керек. Тәуелсіздікке дейінгі кітаптарымыз сол идеологиямен жазылған. Мәселен, Қазақстанның Ресейге қосылуын алайық. Тарихшылар сол үшін талай таяқ та жеді, сотталды, ату жазасына кесілгендері де бар. Қазақстанның Ресейге қосылуына Әбілқайыр ханның Анна Иоаннага хат жазғаны себеп болды, содан кейін орыстар келіп бізді өз билеуіне алған дейді оқулықтарда. Ал орыстың Ключевский, Карамзин, Соловьев деген тарихшыларының еңбегінің бірде-біреуінде Әбілқайыр ханның хаты туралы айтылмайды. Неге? Себебі Әбілқайырдың хат жазғаны рас болғанымен, Қазақстанның Ресейге қосылуы сол бір хатқа қарап қалған жоқ еді. Бұл - Ресей империясының шекарасын кеңейту үшін Қазақстанды өзіне қосып алу саясаты болатын. Менің зерттеулерім бойынша, байқасаңыздар Памир тауының арғы жағындағы аймаққа - Ауғанстан, Үндістан жеріне ағылшындар келіп тоқтайды да, бергі солтүстік жағындағы - Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан - барлығы Ресей империясына кіреді. Соған қарап, Н.Халфин деген кеңес заманындағы бір жақсы тарихшы Ресей мен Британ империясының арасында келіссөздер болған дейді. Құпия протоколдар болған сияқты. Бұл да зерттеуге тұрарлық дүние. Сонымен қатар Қазақ хандығының құрылуы, дамуын да қайта зерттеуіміз керек. 1460 жылдары Шудың бойында ту көтерген кіп-кішкентай ғана Қазақ хандығы елу жылдан кейін жерінің бір жағы Сібірде, бір жағы Жайыққа, оңтүстігі Ташкентке, шығысы Алтайға созылып жатқан үлкен елге айналды. Қазақ халқы осы заманға дейін бір тілде, бір дінде болған және сөздерінде диалекті жоқ. Неге? Бұл орталықтандырылған жүйенің арқасы. Ал басқа елдер 20-30 жылдан кейін құрып кетіп отырды ғой. Қазақ хандығы осы жерден айырылмай келді, біз соны әлі толыққанды зерттеген жоқпыз, ал оның геосаяси маңызы, Қазақ хандығының мемлекеттігінің мықтылығы ашық айтылған жоқ. 
Сонымен қатар бір өте маңызды мәселе бар, Қазақстанда кеңес өкіметі қалай орнады? Бүгінге дейінгі тарихта кеңес өкіметі біздің елге оңай орнай салғандай етіп көрсетілген. Сонда қазақ большевиктерге бірден бағына салды ма деген сұрақ туады. Олай болса, 30-40 жылдарға дейін қазақ даласында неге көтерілістер басылмады? Демек, кеңес өкіметі қазақ даласын 2-3 жылда жаулап алды деген бекер сөз. Негізі, қазақ кеңес өкіметін қабылдамаған халық. Большевиктердің 1917 жылы Ресей билігіне Германияның Бас штабының ақшасымен келгенін бұрын да жазған жоқ едік, соны оқулықтарға мен жаздым. Ол дәлелденген нәрсе. Ал кеңес заманында қазақ қоғамы қалай өзгерді? Біз осыған да әлі жауап берген жоқпыз. Репрессия болғанын айтамыз, аштық болғанын айтамыз, Ұлы Отан соғысын айтамыз. Бірақ осы күнге дейін Ұлы Отан соғысында қанша қазақстандықтың қатысқаны, қаншасының қаза тапқаны тағы белгісіз. 
- 400 мыңнан астам қаза тапты дейді ғой. 
- Ол - қате цифр. Ол санды кем дегенде екіге көбейту керек. Себебі 1945 жылы Сталин ҰОС-да совет халқының 7 миллионы қаза тапты деді. Он жылдан кейін Хрущев АҚШ-та Эйзенхауермен кездескенде 20 млн адам опат болды деді. Кейінірек ғалымдар бұл соғыста 28 млн адам жоғалттық деп айтып отырды. Ал 1991 жылы кеңес өкіметі құлардың алдында Қорғаныс министрлігінің жариялаған дерегінде 30 млн-дай адам қаза тапты делінген. Шетелдік М.Хайнес деген ғалымның айтуынша, сеңес өкіметі 42 млн адамынан айырылды. Сондықтан да соғысқа қатысқан, соғыста қаза тапқан қазақстандықтардың санын қайта қарауымыз керек. 

- Ұлы Отан соғысы демекші, өткен жылы Ресейдің премьер-министрі Владимир Путин орыс халқымен «тікелей желіде» сұхбаттасып отырып, ҰОС-да орыс халқының арқасында жеңіске жеттік деді. Сөзбе-сөз келтірсем, «Статистика времен Второй мировой войны свидетельствует, что наибольшие потери понесла именно РСФСР - свыше 70 процентов. Это значит, что война выиграна, не хочу никого обижать, за счет индустриальных ресурсов Российской Федерации. Это исторический факт, это все в документах», - деп мәлімдеді. ҰОС-на қазақ даласынан аттанған состав-состав оқ-дәрілер туралы неге айтылмады деп ойлайсыз? 
- Меніңше, 70 пайыз деген цифрды қайта қарау керек. Бұл соғыста орыспен қоса, теперіш көрген, аянбай соғысқан украиндар мен беларусьтар да бар. Оларды неге айтпасқа? Сосын қолынан күш келгенше Кавказ халықтары да соғысты. Орталық Азия халықтары - қазақтар, өзбектер, қырғыздар да соғысқа аттанды. Ресейге жақын болған соң ба, қазақтар соғыстың ауыр нүктелеріне түсіп қалып отырды. 1941 жылы күзде Мәскеуде, сосын 1942-1943 жылдары Сталинградта, Курск түбінде шайқасты. Берлинге барған қазақстандықтар да көп. Әрине, сан жағынан орыстар көп еді, бірақ басқа халықтардың да жоғалтқаны аз болған жоқ. Сондықтан бұлай деп сөйлеу адами жағынан да, моральдық жағынан да білдей бір елдің Үкімет басшысына жараспайды. Бұл жерде мәселе тек Путинде емес, орыстар түсіріп жатқан Ұлы Отан соғысы туралы деректі және көркем фильмдерде де «орыс армиясы», «орыс жеңісі» деген сөздер көп айтылады. Қайта бұрын кеңес одағы кезінде басқа ұлттарды көрсететін. Қазір олай емес. Қаласын-қаламасын, бұл кеңес халқының жеңісі. Оны тарихтан сызып тастай алмайсыз. Ал егер орыс саясаткерлері жаңағыдай бұрмалай берсе, басқа халықтар, әрине, ренжиді. 
- Бірақ осы мәлімдемеге ТМД көлеміндегі ешбір елдің ресми органы пікір білдірмеді. Мұны кездейсоқ біреу емес, үкімет басшысы айтып отыр емес пе? 
- Ұлы Отан соғысының жеңісіне арналған Мәскеудегі шараға көп елдердің өкілдері бармай жүр ғой. Бұл дипломатиялық тілмен айтқанда, қарсылық белгісі болып саналады. 
- Қоғамда «халық тарихшылардың не жазып жатқанын білмейді» деген пікір бар. Олай болса, халық пен тарихшылар арасындағы байланысты қалай орнатуға болады? 
- Тарихшылар жазбаса мектепке, университет студенттеріне арналған оқулықтар қайдан шығып жатыр? Халықтың белгілі бір бөлігі тарихшылардың еңбегін білмеуі мүмкін. Себебі қазір жазылған тарихи кітаптар бюджет қаржысына шығады да, таралымы 2 мыңнан аспайды. Сондықтан ол кітаптарды дүкеннен таба алмайсыз. Бұл «Мәдени мұра» бағдарламасымен шығып жатқан кітаптарға да қатысты мәселе. Өйткені ол кітаптар мектептер мен университеттерге, кітапханаларға таратылады да, жеке адамдардың қолына тимейді. Олай болса, кітаптардың тиражын көбейту керек. Сонымен қатар «Қазақстан тарихы» деген арнайы бағдарлама ашып коммерциялық жоба жасауға болады. 
Шыны керек, біз тарихымызды әлі де болса күңгірт білетін халықпыз. Ана тілін білмейтін, біле тұрып, сыйламайтындар баршылық бізде. Өйткені оларға өз тарихын кемсітіп оқытқан. Құлдық психологиямен оқытқан, тарихың жоқ деп тәрбиелеген, олай болса бұл мәселені мемлекет те қолға алуы керек, қазақтың өзі де көтеруі керек. Біздің қоғамда мен түсінбейтін бір жағдай бар, қазақ интеллигенциясы биліктен бір нәрсе күтеді де отырады. Мен бұл жерде билікті ақтайын деп отырғаным жоқ. Кемшілігі де бар шығар, бірақ зиялы қауым да халық арасында тарихымызды, тілімізді насихаттап, санамызды қалпына келтіруіміз үшін күресуі қажет. Құлдық сананы жойып, еркін ұлт ретінде қалыптасуға үлес қосуы тиіс. Мәселен, грузиндер құлдық психологиядан тез шығып кетті. Бұлардың интеллигенциясы мықты ма деп ойлаймын. Егер өз мәселемізді өзіміз шеше алмасақ, онда қандай халықпыз? Ол үшін көп нәрсенің керегі жоқ. Тарихыңды сыйла, ана тіліңде сөйле деп балаңа дұрыс тәрбие бер, бар болғаны сол. 
- Менің бір байқағаным, біз оқыған тарихтың бәрі соғыс туралы жазылған екен. Әлем тарихы болсын, қазақ тарихы болсын, соғыс туралы «сөйлейтін». Бүкіл ел тек соғысып ғана өмір сүрген бе деген ойға қалатындай. Ол заманда мәдениет болмаған ба, ол заманның рухани құндылығын неге оқымаймыз деп ойлайтынбыз. Ал сіздер жаңа тарихты жазуда осы мәселені қаншалықты ескересіздер? 
- Шынында да, кеңес одағы кезінде жазылған оқулықтардың барлығы бітпейтін соғыстан тұрады. Қит етсе, бай мен кедейді соғыстырып қояды. Бейбіт өмір жүз жыл тұруы мүмкін, ол туралы үш бет жазылады, ал үш жыл соғысса сол туралы он бет жазады. Себебі сол кезде халықты соғыспен қорқытып ұстау саясаты болды. Бізді кәдімгідей соғысқа дайындайтын, Америкамен, Жапониямен, Қытаймен қорқытатын. Былайша айтқанда, тарих қорқытып-үркіту пәні болды. Ол - рас. Қазір бұл идеологияны өзгерту керек. Негізі, тарихта соғыс аз болған. Осы күнге дейінгі өмірдің 98 пайызында халық бейбіт өмір кешкен. Олай болса, тарихты милитаристік көзқарастан арылтуымыз керек. Меніңше, бір үлкен орталық құрып, Қазақстанның барлық тарихшыларын жинап, ақылдасу үшін тарих оқулығын жазатын тарихшылардың басын қосып отыру қажет. Ол жиынға мәдениеттанушылар, саясаттанушылар мен социолог ғалымдар да тартылуы тиіс. Сіз бізден басқа елдің тарих пәніне арналған оқулығы керемет екен деп ойламаңыз. Мен әдейі АҚШ-тың тарих пәні оқулықтарын алдырттым. Олар өнері мен аймақтарын зерттеп кетеді екен. Ал бізде кеңес заманында кешенді түрде зерттеп, іздейтін. Ол жақсы еді. Тек бізді құртқан идеология. Сондықтан шет елдерде тарихты оқытудың классикалық оқулық үлгісі жасалды деп айта алмаймын. 
- «Атамұра» баспасынан 2004 жылы 4-сынып оқушыларына арналған «Дүниетану» оқулығының қайта басылған нұсқасында адамның пайда болуы туралы бірнеше аңыздар келтіріледі. Содан кейін Дарвин ілімі бойынша адамның маймылдан жаралғаны жан-жақты түсіндіріледі. «Дарвин осындай тоқтамға келген» деп тоқтай салмайды. «Мұны Дарвиннен кейінгі ғалымдар да зерттеп, қуаттай түсті» деп баланы соған сендіреді. Ал жаңа тарих адамды қалай пайда болды деп оқытады? 
- Бұрынғы материалистік-атеистік көзқарас адамның жаралуына қатысты діни болжамды жоққа шығаратын. Қазір биология мен генетиканың өзі адамның маймылдан емес, әу баста-ақ адам ретінде қалыптасып дамығанын көрсетіп отыр. Біз мұны оқулықта да жаздық. Құранда өзіңнен аумайтын адам шығарам деп жазылған дейді. Біз оған күлетінбіз. Қазір клондастыру деген шықты ғой. Көптеген нәрсе Құранда айтылған. Ғарыш мәселесі де. Институтта жаңадан шыққан кітаптарда жаңаша көзқарас қалыптасып қалды деп айтар едім. 
- Билікте қандай адам отырса, тарих соған ыңғайланып жазылады дейді. Осы тұрғыдан сіздер жазып жатқан жаңа тарих саясаттанып бара жатқан жоқ па? Кезінде кеңестік жүйенің көзқарасымен жазылған тарих енді қазіргі биліктің көзімен жазылып кетпей ме? Осындай әңгіме сіздердің Елбасыға қатысты шығарып жатқан кітаптарыңызға қатысты айтылып жүрген жоқ па? 
- «Тарихты жеңгендер жазады» деген сөз бар. Ендеше, биліктің тарихты жазуға қатысы болады, оған сөз жоқ. Бір қызығы, институт құрылғалы біз бірнеше кітап жарияладық. Сендер сенбеулерің мүмкін. Біз айына бір-екі кітап дайындап, шығарып жатырмыз. Бірақ бізді былай жаз деп ешкім цензураға салған емес. Біз неге қазіргі заман туралы, Президент туралы көп жазамыз? Ал неге жазбасқа? КСРО құлаған кезде елдің алғашқы Президенті Н.Назарбаев болса, елде болып жатқан игі өзгерістер сол кісінің бастауымен жүзеге асып жатса, елімізде тыныштық салтанат құрып тұрса, халқымыз бай болса, жаңа Астана салсақ, ұлттық теңгемізді енгізсек, онда ол кісі туралы кітап аз жазылып жатыр деп ойлаймын. Өркениетті елдерде Мемлекет басшысы, ірі қоғам қайраткерлері туралы кітаптар өте көп шығады. Басқа жұрт тұлғалар арқылы сол елдің тыныс-тіршілігін біледі. Бізде Елбасы туралы кітап жазылса, соған жағынғысы келді деп түсінетін әдет бар. Тек Президент қана емес, саяси тұлғаларымыз туралы да көп жазуымыз керек. Төл тарихымызда, мемлекет тарихында ашылмаған, шешілмеген мәселе өте көп. Керей мен Жәнібек, Тәуке хандар, билер, батырлар, Алаш көсемдері туралы көп ізденістер керек. Отан тарихында ашылмаған беттер әлі көп. Қазір тарихшылар бір-біріне мін айта бермей бірігіп жұмыс істеу керек. Қазіргі тарихшылар арасында әртүрлі ахуал бар. Біреулер жаңа заманға, нарыққа төселіп алса, елге пайдалы еңбек етіп жүрсе басқа біреулер сол жершілдік небір бұқпантайлық жағдайдан шыға алмай отырып қалғаны да рас. КСРО тұсында жазылған тарих неге тартымсыз еді? Өйткені ол кезде тарих бір ғана көзқараспен жазылды. Қазір бізде бірнеше тарих институттары бар, іргелі тарих факультеттері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де, Абай атындағы ҚазҰПУ-де жұмыс істеп тұр. Қарағандыда, Семейде , Астанада, Оралда білікті тарихшылар шоғыры қалыптасты. Бұл өте жақсы нышан, арамызда әділ бәсеке орнығуда. Біз әріптестерімізді конференцияларға, жаңа кітапты бірлесе жазуға арнайы шақырып тұрамыз. Бізбен бірге жоба жазғандар ішінде профессорлар Ақтөбеден Н. Абдуллаев, Оралдан Т.Рысбеков, Ә.Мұқтар, Семейден Е.Сыдықов, А.Исин, Астанадан Т.Садықов, С.Ковальская, Алматыдан Қ.Атабаев, Н.Мұхамедханұлы, Ғ.Кенжебаев бар. Ұсынысымызды үстірт қабылдап, ұжымдық еңбек жазудан қашқақтайтындардың атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын. Өкінішке қарай, ондайлар да кездеседі. 

Бүркітбай Аяған, Мемлекет тарихы институтының директоры, профессор

Маған тарих не үшін керек,не береді ?,- деген сауалға «Тарих дегеніміз ұлттың сана мен зерде, еліміздің басынан өткен қилы кезеңдердің обьективті және субьективті себептеріне, сол арқылы бүгінгі егемендігіміз бен тәуелсіздігіміздің тарихи-құқықтық құндылығына әлеуметтің көзін жеткізу. Зердені табиғат жаратып, тарих шыңдайды» ,- біздерге қазіргі өміріміз қымбат, өткеніміз ата-бабамыздың ізі, болашағым ұрпағымыма анамат дей отырып,тарихты қаз-қалпында ұрпаққа аманаттау басты мәселе болмақ. Биылғы жыл Қазақстан тарихындағы ерекше жыл Қазақ хандығының 550 жылдығы осы мерей тойды тойлап қазақ халқының түп тарихы түріктерден бастау алып , 1465-1466жылдары негізін қалаған Керей мен Жәнібек «қазақ» ұлттын өз алдына бөлек хандық етіп қазақ хандығының негізін қалады. Тарих ғылымында ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бері Қазақ хандығының негізін қалаған екі тұлғаның – Керей мен Жәнібектің есімдері анықталып, белгілі болған. В.В.Вельяминов-Зернов алғаш рет Оразмұхаммед ханның шығу тегін анықтау барысында «Тарих-и Рашидидің» мәліметтерін айналымға енгізе отыра, былай деп жазған болатын: «Қазақтар туралы (В.В. Вельяминов-Зернов қырғыз қайсақтар деп жазады – Б.К.) «Тарих-и Рашидиде» Мұхаммед Хайдар айтқан мәліметтер хижра бойынша 860 жылдан 944 жылға дейінгі, яғни 1456 жылдан 1537-38 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Осы 80 жыл ішінде Мұхаммед Хайдар бойынша қазақтардың ең басты тұлғалары: жошылық Керей мен Жәнібек, Керейдің ұлы Бұрындық, Жәнібектің ұлдары Әдік пен Қасым және Әдіктің ұлы Тахир болды». Міне, осы кезден бастап Керей мен Жәнібек хандардың Қазақ хандығының құрылуындағы тарихи рөлі анықталып, қазіргі күндерге дейін оны ешбір зерттеуші теріске шығармай, керісінше, оны зерттеушілердің бәрі бірауыздан мойын­дап отыр. Олай болса, осындай тарихи тұлғалардың өздеріне жеке тоқтап, олардың шығу тегіне, ата-бабаларына, жеке өміріне, хандықты құру ісіндегі іс-әрекеттеріне қатысты мәселелерге арнайы тоқтап өту арқылы олардың қазақ тарихындағы алатын орны мен атқарған рөліне назар аударалық.
Махмуд бен Уәлидің жазуы бойын­ша, алғашқы қазақ ханы Керей хан болғандықтан, арнайы қарастыруды Керей ханнан басталық.
Жазба деректер мен тарихи зерттеулерде алғашқы қазақ ханының есімі – Гирей, Герей, Кирай, Керей түрінде кездеседі. Қазақ тілінде жазылған әдебиеттер мен зерттеулерде соңғы есім жиі және тұрақты пайдаланылатындықтан, біз де осы есімді өз зерттеуімізде қолданамыз.
Бұл сөздің түп-төркіні мен мағынасына келсек, В.В.Бартольд ол жөнінде былай деп жазады: «Өзінің деректерін көрсетпей, Ахмед Вефик-паша өз сөздігінде «гирей» – моңғол сөзі, моңғолша «гарай» делініп, «еңбегі сіңген», «лайықты», «құқылы» деген мағынада қолданылады». Қазіргі кезде Моңғолиядан тарихи Отанына қоныс аударған және көне моңғол тілін жетік білетін бауырларымыздан бұл сөздің мән-мағынасы жөнінде сұрастырғанымызда, кезінде тарих пәнінің мұғалімі болып, зейнеткерлікке шыққан, ардагер-ұстаз Нығмет Мәмбетұлы ақсақал: «гарай» – көне моңғол сөзі, оның екі мағынасы бар, біріншісі – «биік», «еңселі», «алып» дегенді білдірсе, екіншісі – «ержүрек», «батыл», «еркін», «берік» деген мағынаны білдіретінін хабардар етті. Араб тілінде бұл мағыналардың «хайдар», «ғайдар» деген сөздермен берілетінін ескере келе, моңғол тіліндегі – «керей» сөзі мен араб тіліндегі – «хайдар» сөздерінің мағынасы ортақ, бірдей деген қорытындыға келеміз.
Мұндай есімнің Алтын Орда дәуіріне дейінгі араб, парсы тілдеріндегі шығар­маларда кездеспеуіне және де тек қана осы дәуірде ғана Шыңғыс ұрпақтары мен көшпелі қоғамның жоғарғы тобы арасында жиі кездесуіне қарағанда бұл сөздің түп-төркіні моңғолдық, ал мағынасы жоғарыда айтып өткен «ержүрек», «батыл», «алып», «берік» деген мағынаны білдіреді деген пікірлерді толық қолдаймыз.
Керей ханның шығу тегі, бұған дейін айтылғандай, Жошы ханның үлкен ұлы – Орда Еженнен бастау алады. Орда Ежен, оның ұлы Сасы бұқа, оның ұлы Ерзен, оның ұлы Шымтай және оның ұлы Орыс хан болып жалғасады. Орыс ханнан Керейге дейінгі шежіре ортағасырлық деректерде жақсы сақталған. Т.И.Сұлтанов аударған «Муизз ал-ансабтың» мәліметінде «Орыс ханның 15 баласы: 8 ұл және 7 қызы болған делінеді де: «Бірінші ұл – Тоқтақия, ол хандық билікте болған. Оның үш қызы және үш ұлы болған: 1) Анике-Булад, 2) Бугучак, 3) Тенгриберди» деп айтылады. Ал «Тауарих-и гузида-йи нусрат-намада» Тоқтақияның ұлдары «Тенгри-Берди, Йагуджак-анеке, Пулад» деп беріледі. «Анике» немесе «анеке» сөзінің біресе Болаттың алдында, біресе Йагуджактың соңында берілуін қолжазбаны көшірушілерден жіберілген техникалық қате деуге болады. «Тауарих-и гузида-йи нусрат-наманың» осы мәліметтері 1426 жылы жазылған «Муизз ал-ансабқа» тәуелді болғандықтан, біз осы шығармадағы мәліметті негізге аламыз. Ал Анике-Булад немесе Болатта бір ғана ұл болған, оның есімі – Керей. Сөйтіп, Орыс ханнан бері қарай таратсақ, Орыс-хан, оның ұлы Тоқтақия, оның ұлы Анике Болат және оның ұлы Керей хан болып жалғасады.
Керей ханның Орыс ханға дейінгі ата-бабалары жөнінде тарихи зерттеулерде біршама жақсы қарастырылғандықтан, біз оларға тоқталмаймыз. Зерттеулердің бәрінде де Орда Еженнен бастап Орыс ханға дейін Шығыс Дешті Қыпшақтағы Орда Ежен әулеті билігінің үзілмегендігі айтылады. 1377 жылы Ақ Орда билеушісі Орыс хан қайтыс болғаннан кейін таққа оның үлкен ұлы Тоқтақия, яғни Керейдің атасы келеді де, 2 ай ғана билік құрады. Т.И.Сұлтановтың жазуы бойынша, Керей ханның атасы Тоқтақия «жұмсақ мінезді және әділетті» адам болып, Әмір Темір мен Тоқтамысқа қарсы күресте қайтыс болған. Ал Керейдің әкесі Анике-Болат немесе Болатқа келсек, ол – Тоқтақияның үш ұлының бірі. Оның есімі деректерде шежірелерге қатысты ғана айтылады. Басқа жағдайларда Анике-Болат туралы ешқандай мәліметтер айтылмайды. «Тауарих-и гузида-йи нусрат-нама» бойынша Керей хан – Болаттың (Анике Болаттың) жалғыз ұлы. Тоқтақияның Болаттан басқа Тәңірберді және Бұғышақ атты екі ұлы болып, Бұғышақтың Мұхаммед, Ахмет және Әли атты үш ұлы және Имен би атты қызы болғандығы белгілі.
Керейдің қай жылы дүниеге келгендігін деректер айтпайды, бірақ оны салыстыру әдісі арқылы болжап, шамамен айтуға болады. Орыс ханның үлкен ұлы Тоқтақия да, кіші ұлы Қойыршақ, олардың жас арасын шамамен 15-20 жыл деуге болады. Тоқтақия ұлы Болат болса, Қойыршақтың ұлы – Барақ. Барақтың 1428 жылы қайтыс болғаны белгілі. Барақтың үш ұлының үлкені – Жәнібек хан. Ал Жәнібек хан мен Болаттың ұлы Керейдің бір тарихи кезеңде өмір сүргені және белгілі. Олардың да арасындағы жас айырмашылықтары 10-20 жыл деп санауға болады. Керейдің есімі ХV ғасырдың 60-шы жылдарының соңынан, ал Жәнібектің есімі ХV ғасырдың 70-ші жылдарының ортасынан бастап жазба дерек мәліметтерінде кездеспейді. Соған қарап оларды 60-70 жыл өмір сүрген деп есептесек, онда олар XV ғасырдың басында дүниеге келген болып шығады.
ХV ғасырдың 50-ші жылдарында, яғни Қазақ хандығының құрылар қарсаңында Орыс ханнан тараған Керей мен Жәнібек секілді шөберелерді санағанымызда, Темір Мәліктің ұрпақтарынсыз олардың саны 20-ға жуықтаған. Олардың ішінде жасы жағынан ең үлкені Керей болған. Сондай-ақ Орыс ханның үлкен ұлы – Тоқтақия, ал оның үлкен ұлы – Анике Болат, ал оның жалғыз ұлы Керей болғандықтан, ХV ғасыр ортасында Шығыс Дешті Қыпшақтағы Орда Ежен әулетінің, Орыс хан ұрпақтарының арасында ата жолы жағынан Керейдің мәртебесі жоғары болған.
Сол себепті Керей Махмуд бен Уәли айтқандай, Әбілқайыр хандығы бөлініп кеткенде жасы мен жолына қарай хан болып сайланды. Ол оншақты жылдай хан болып, Қазақ хандығының іргетасын қалаған хандардың қатарына жатады. Жазба деректер оның нақты қай жылы қайтыс болғанын айтпаса да, жанама мәліметтер арқылы оны анықтауға болады. Әбілқайыр хан қайтыс болып, оның орнына отырған Шайх Хайдар ханға қарсы күрескен қарсыластарды шайбанилық деректер нақтылай атайды. «Тауарих-и гузида-йи нусрат-намада» Шайх Хайдардың жауларына: «Қажы Мұхаммед ханның ұлы Сейтек, Қажы Мұхаммед ханның немересі, Махмудектің ұлы Ибақ, Барақ ханның ұлдары Жәнібек пен Керей, Арабшахтың ұрпағы Буреке сұлтан, маңғыттан Аббас, Мұса, Жаңбыршы билер жатқызылады». Ал «Фатх-наме» мен «Шайбани-наме» деректерінде Керейдің есімі аталмай, тек Барақтың ұлы Жәнібек ханның есімі басқалармен бірге айтылады. Соңғы екі дерек мәліметін негізге ала отыра, біз Керей хан есімінің оларда кездеспеуін, сол тұста, яғни 1469-1471 жылдары Керей хан өмірде болмаған, нақтырақ айтсақ, осы жылдарға дейін Керей хан қайтыс болып кеткен деп ой түйеміз. Керей ханның Жәнібек ханмен бірге Қазақ хандығын құрудағы іс-әрекеттері алдағы тараушада қарастырылатындықтан, біз бұл жерде оған тоқталып жатпаймыз.
Ал енді Жәнібек ханға келсек, тарихи деректерде оның есімі әртүрлі жағдайларға байланысты Керей ханға қарағанда жиі кездеседі. 1426 жылы жазылған «Муизз ал-ансаб» еңбегі мен ХVІ ғасырдың алғашқы жылдарында жазылған «Тауарих-и гузида-йи нусрат-намада» оның есімі хандар шежіресіне байланысты кездессе, «Тарих-и Рашиди», «Фатх-наме», «Шайбани-наме» секілді тарихи шығармаларда Қазақ хандығын құрушылардың бірі ретінде жиі айтылады. Ал Әбілғазы, Қадырғали Жалайыри, Гаффари, Хайдар Разидің еңбектерінде Жәнібек хан есімі Шығыс Дешті Қыпшақта билік құрған әулеттің өкілі ретінде ұшырасады. Жәнібек ханның есімі ортағасырлық деректерде жиі айтылса да, тарих ғылымында оның тарихи рөлін алғаш анықтап берген В.В.Вельяминов-Зернов болды. Ол Ораз Мұхаммед ханның шығу тегі мен ата-ба­баларын анықтау барысында көптеген мұ­сылман деректерінің мәліметтерін ғы­лыми айналымға енгізе отыра, Жәнібекті Кереймен бірге Қазақ хандығының алғашқы 80 жыл­дық тарихындағы ірі тұлғалар дей келе, Жәнібекті Әбілқайыр хан дәуірінде Орта Азия тарихында өзіндік маңыз атқарған және одан кейін қазақтардың билеушісі бол­ған дейді де, «одан басқа біз бұл екі тұлға­ның (автор бұл жерде екі тұлға деп Жәнібек хан мен оның ұлы Жәдік сұлтанды айтып отыр – Б.К.) қазақ халқын құрушылар екендігін білеміз» деп нақты көрсетеді. Осыған байланысты зерттеушінің «қазақ халқын құрушылардың» бірі ретінде Жәнібекті атап көрсетуін оның этникалық үрдіс пен саяси үрдістің аражігін ажыратпай, екі үрдісті бір үрдіс деп қарастыруынан деп түсінеміз. Сол себепті де біз В.В. Вельяминов-Зерновтың «қазақ халқын құрушылардың» бірі деген ойын қате деп қабылдап, Жәнібекті Қазақ хандығын құрушылардың бірі болған деген пікірмен толықтырамыз.
Жәнібек ханның шығу тегі мен ата-бабаларына келсек, ол Керей ханның шөберелес туысы болғандықтан, олардың Орда Еженнен Орыс ханға дейінгі бабалары ортақ болып келеді. Сол себепті де біз бұл жерде Жошыдан Орыс ханға дейінгі Жәнібек ханның ата-бабаларын қайталап жатпай, бірден Орыс ханнан тарайтын аталарына тоқталамыз. Бұл туралы бұған дейін айтылып өткендей, 1426 жылы жазылған «Муизз ал-ансаб» пен ХVІ ғасырдың алғашқы жылдары жазылған, мәліметтері бірінші шығармаға тәуелді «Тауарих-и гузида-йи нусрат-намада» айтылады. Т.И.Сұлтановтың дәлелдеуі бойынша, «Муизз ал-ансабтың» Париждегі ұлттық кітапханада тұрған қолжазбасынан алынып, «Сборник материа­лов относящихся к истории Золотой Орды» атты жинақтың екінші томына енгізілген Шыңғыс хан ұрпақтарына қатысты мәліметтерде біршама қателіктер жіберіліп, «Шыңғыс хан әулетіндегі бірнеше ондаған ханзадалар сиқырлы таяқтың әсеріне ұшырағандай, оғландарға айналып кеткен». Соған байланысты ол шығарманың Орыс хан ұрпақтарына қатысты мәліметтерін деректану ғылымының талаптарына сай орыс тіліне аударды. Біз Жәнібек ханның ата-бабасы жөнінде қарастырғанымызда Т.И.Сұлтанов аудармасын пайдаланғанымызды ескертіп өтеміз. Ол аудармада Жәнібек ханның ата-бабалары жайлы былайша беріледі: «Орыс ханның бірінші ұлы – Тоқтақия. Ол билік құрған… Орыс ханның сегізінші ұлы – Құйыршық. Оның Пайанде-сұлтан, Рукйиа деген екі қызы және Барақ атты бір ұлы болды. Барақ билік құрған. Барақта төрт бала: Саадат-бек деген қызы және Әбу Сайд, Мир Қасым, Мир Сайд деген үш ұлы болған». «Тауарих-и гузида-йи нусрат-намада» Әбу Сайд Барақ ханның үш ұлының кішісі және Жәнібек хан деген қосымша есіммен берілсе, Қадырғали Жалайыр ол туралы Барақтың ұлы «кіші Жәнібек хан» деп дәлірек түсіндіреді. Осылайша деректердегі Жәнібек хан туралы айтылатын шежірелік мәліметтерде оның шын есімі – Әбу Сайд, ал лақаб есімі – Жәнібек екендігін білеміз. Ал Қазақ хандығының құрылуы барысын баяндайтын мәліметтердің бәрінде оның есімі Керей ханның есімімен бірге Жәнібек хан деп кездеседі.
Енді Керейдің Әбілқайыр ханнан бөлінгенге дейінгі, яғни XV ғасырдың 50-жылдарындағы өмірі туралы бір-екі ауыз сөз айтсақ. Өйткені кез келген оқырманға Керей мен Жәнібек Әбілқайырдан бөлінгенге дейін Дешті Қыпшақтың кай жерінде өмір сүрді деген сұрақ тууы мүмкін. Мұндай сұраққа ортағасырлық ешбір дерек жауап бере алмайды. Тек кана жанама мәліметтер мен соңғы жылдары табылып, ғылыми айналымға енгізілген ауыз әдебиетінің деректері ғана бұл сұраққа толық жауап береді.
Тарихтан белгілі, Шыңғыс хан төрт ұлына жаулап алған жерлерін бөліп береді. Оның бөлісі еуро­палықтардың Африканы бөлуіндей емес, белгілі бір қағидатқа негізделді. Ол жаулап алынған халықтардың шаруашылық, этникалық, тілдік және т.б. белгілеріне қараған. Сол сияқты Жошы ұлысы да өз ішінде ұсақ ұлыстарға бөлінгенде, негізінен, шаруашылық жағдай ескеріледі. Моңғол жаулауына дейін-ақ Хорезммен күресте әлсіреген Қыпшақ хандығында XII ғ. II жартысы мен XIII ғасыр басында екі аймақ пайда болған еді. Шығыс аймаққа – Қазақстанның оңтүстік, орталық және солтүстік-шығысы енеді (Караңыз: Ахинжанов С.М. Кипчаки в истории средневекового Казахстана А., 1995, 211-212-бб.). Ал Аралдың солтүстігі мен одан батысқа қарай жатқан жерлер – Батыс аймаққа қараған. Қыпшақ дәуіріндегі табиғи-шаруашылық жағдайға сай бөлісу Жошы ұлысында да ескеріліп, Жошының үлкен ұлы Орда Ежен, негізінен, Шығыс аймақты басқарады. XIII ғ. соңы – XIV ғ. басында Орда Ежен ұлысының орталығы Алакөл маңынан Сырдың орта ағысы бойына көшіріледі.
Баян ханнан Барақ ханға дейін Сыр өңірі Ақ Орданың саяси-әкімшілік, сауда-айырбас, діни-мәдени орталығы болады. Мал бағушы тайпалардың қысқы жайылымдары мен қыстаулары осы өңірде еді. 1428 жылы Барақ хан өліп, хандық билік шайбанилық Әбілқайырға көшкенімен, Ақ Орда хандарының ұрпақтары Сыр өңірінде қала берген. Олардың ішінде Керей де, Жәнібек те және басқалар да бар. 1446 жылы Әбілқайыр хан Сыр өңірін Мауреннахрдан қайтарып, өз астанасын Сығанаққа көшіреді. Шайбанилық сұлтандардың Сыр өңіріне келуі ордаежендік сұлтандарға өте ауыр болады. Ең жақсы жайылымдар мен қыстаулардан айырылу ордаежендік сұлтандар үшін «көп қиыншылыққа ұшырау» болған.
Керей ханның атасы Тоқтақияның, Жәнібек ханның атасы Қойыршақ хан мен әкесі Барақ ханның билікте болуы әулет өкілдері ішінде осы отбасыларының мәртебесін ерекшелендіреді. Екінші, ХV ғасырдың ортасында шайбанилық әулетке қарсы күресте Керей мен Жәнібек хандар текті атаның ұрпақтары ретінде беделді әулеттің өкілдері ретінде басшылық жасамай, тыныш қалуы мүмкін емес болатын. XV ғасырдың 50-жылдары соңында Керей мен Жәнібек «қиыншылыққа» көнбей, осылайша Сыр өңірінен көшкен. Біздің бұл ойымызды тарихи аңыз мәліметі де дәлелдей түседі. 20 жылдан астам уақыт бойы Шу мен Талас, Сыр өңірлерінде археологиялық барлау мен қазба жұмыстарын жүргізген археолог Мадияр Елеуов ел аузындағы тарихи ауыз-әңгімелерді де жинастырады. Оның жиған аңыздарының бірнешеуі жарық көрді. Ондағы 5 аңыздың екеуі Керей мен Жәнібектің Шу бойына келуіне байланыс­ты айтылады. Бірінші аңызда – «Сырдың бойынан тышқан жылы қара күзде бір түмен елімен ауа көшкен ағайынды Керей мен Жәнібек сұлтандар қыс түсе Мойынқұмға жетіпті» деп баяндалады (Елеуұлы М. Шу өңірі: аңыз бен тарих. ҚазМУ хабаршысы. Тарих сериясы, 3-шығуы. Алматы, «Қазақ университеті» баспасы, 1996, 7-б.). Осы аңыздың соңында біршама жылдар өткеннен соң, екі сұлтанның Сырға қайта оралғандығы жөнінде жазылады. Ал төртінші аңыз болса: «қара күзде Сырдан қопарыла көшкен қалың елді Керей мен Жәнібек сұлтандар Мойынқұмға бастап келіпті» деп басталады да, бір-бірімен іргелес жатқан екі ескі қала жұртын көріп, Жәнібек сұлтан Керейге: «Алла Тағала екеумізді ажырамасын деп осы екі ескі жұртты бізге бұйыртқан шығар, қаласаңыз, біріне сіз, ал екіншісіне мен қоныстанып, қала салайық» деген екен. Сол кезде шығысқа қарап тұрған Керей хан бетін батысқа бұрып: «Уәде, бірақ біз бұл жерде ұзақ тұра алмаспыз, Алла Тағала сәтің салған күні – Түркістанға жол жүруіміз керек» депті. Екі аңыз да біздің ойымызды дәлелдей түсіп, Сыр өңірі – Керей мен Жәнібек сұлтандардың ұлысы болғандығын баяндайды. Соңғы аңыздағы Түркістан аты қандай мағынада айтылғаны белгісіз, оның не қала, не Сыр өңірінің XIV-XVI ғасырдағы атауы мағынасында айтылып тұрғанын ажырату мүмкін емес, бірақ та анық нәрсеге Сыр өңірінің де, Түркістан қаласының да Шудың батысында орналасқандығы жатады. Бұл мәліметте Сыр өңірінің Керей мен Жәнібекке «атамекен» екендігін көрсетеді.
1446 жылдан бастап Сыр өңірі Әбілқайыр ханға қарады дедік. Осы жылдардан бастап 1457 жылға дейін Керей мен Жәнібек бастаған сұлтандардың Әбілқайыр ханға наразылығы өсе түседі. Ақ Орданын мұрагерлері осы жылдарда тек өздері ғана «оппозицияда» болмаса керек. Оларды жергілікті ру-тайпа көсемдері қолдай бастаған секілді. Өйткені 1428 жылы Әбілқайыр хандыққа отыруына Дешті Қыпшақтың 71 ру-тайпа басшысы «дауыс» берсе, 1457 жылғы Сығанақ түбіндегі қалмақтармен ұрысқа түсу үшін хан жарлығымен небәрі 17 тайпадан ғана жасақ жиналады (Қараңыз:ХV-ХVІІІ ғғ. Қазақ хандығы тарихының материалдары. А., 1969, 143-144-бб). Осы дерек Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы Дешті Қыпшақта­ғы саяси өмірдің бір айнасы іспетті. Саяси билік өздерінде болмаса да жергілікті ха­лықтың ресми ханды мойындамайтынына екі сұлтанның көзі жетеді.
Меніңше, Керей мен Жәнібек Әбілқа­йырдан бөлінбей тұрып, алдын ала қайда баратындарын айқындап, келісіп алған. Қалай болса да, екі сұлтан Әбілқайыр ханның қарсыласына кетуді ұйғарғаны «Менің жауымның жауы маған жау емес» деген қағида бойынша, оларға Моғол ханы Есен Бұға хан тиімді болады. Екі жақты өзара келісімнің болғандығын төмендегі жағдайлар қуаттайды. Біріншіден, Керей мен Жәнібек қарамағындағы ұлысымен М.Елеуовтің аңызында бір түмен елмен көшкен. Осыншама адаммен, төрт түлік малымен мақсатсыз, бағыт-бағдарсыз көшу ақылға сыймайды. Ұлыспен түгелдей көшуге қарағанда алдын ала уағдаластық болған. Екіншіден, Моғол ханы Есен Бұға хан сұлтандарды құрмет көрсетіп күтіп алады (ХV-ХVІІІ ғғ. Қазақ хандығы тарихының материалдары. А., 1969, 352-б.). Бұл алдын ала келісімнің болғандығын дәлелдейді.
Бөлінуге түрткі болған оқиғаға көпшілікке белгілі аңыз – қарақыпшақ Қобыланды мен арғын Ақжол би арасындағы жанжал жатты. Ақжол бидің қанын өтеуге арғын тайпасы тағы да Керей мен Жәнібекке жүгінеді. Бұл да екі сұлтанның Дешті Қып­шақтағы Әбілқайыр ханға қарсы тұрар тұлғалар екендігін көрсетеді.
Мұхаммед Хайдар Дулати мен Махмұд ибн Уәли екі сұлтанның Моғолстанға келуін, Есен Бұға ханның оларға Шу мен Қозыбасы жайлауы арасында орналасқан жерді бергенін жазады. Не себепті Есен Бұғаның бұл өңірді екі сұлтанға бергенін «Бахр ал-асрар фи манакиб ал-ахиар» авторы былай түсіндіреді: «Бұл кезде Моғолстанда Шыңғыс ханның ұлы, Шағатай хан ұрпақтарының бірі Уәйіс хан ұлы Есен Бұға хан билік етіп тұрды. Дәл осы тұста Әмір Темір курэканның ұлы Мираншахтың, оның ұлы Сұлтан Мұхаммед-мырзаның, оның ұлы Әбу Сайд мырза жоғарыда аталған ханның ағасы Жүніс ханды Ирактан алдыртып, көмек береді және қолдау көрсетеді, сөйтіп, оның бөлігіне қауіп төнеді. …Екі сұлтанға ол Моғолстанның батысынан жер берді, ол Есен Бұға ханның иелігі мен Жүніс ханның қол астындағы жердің арасында орналасқан еді. Бұл жер – Шу мен Қозыбасы деген жерлер болатын» (Көрсетілген кітап, 352-б.). Осы мәліметте Керейдің хан болғандығын автор атап көрсетеді (Көрсетілген кітап, 353-б.). М.Елеуовтің бірінші аңызында «…Құмды қыстап шыққан қалың ел көктемде Тұлпарсазда Керейді ақ киізге көтеріп, хан сайлап, өздерін «қазақ» деп атапты», – делінеді (Елеуов М. Шу өңірі: аңыз бен тарих. 7-б.). Көріп отырғанымыздай, жазба дерек пен ауыз әдебиетінің мәліметтері бірін-бірі толықтырып, Керейдің алғашқы Қазақ ханы болғандығын жариялап тұр.
«Неге тұңғыш хан Жәнібек емес, Керей болды» деген сұрақ төңірегінде жауап бере кетелік.
ХІ-ХІІІ ғасырлардағы ерте феодалдық қыпшақ мемлекеттілігіндегі өзіне ғана тән белгіге – хандық биліктің әкеден балаға емес, әкеден немере туысқа не ініге берілетіндігі жатты (Ахинжанов С.М. Кипчаки в истории… 282-б.). Бұл әдет сырттан әкелінбей қыпшақтарға дейінгі және қыпшақтар кезіндегі жергілікті тайпалардағы әулеттегі жасы үлкенді сыйлаудан, соған құрмет көрсетуден туса керек. Моңғол жаулауы нәтижесінде хандық билік әкеден балаға қалдырылатын заңға айналды. XV ғасырда моңғолдар енгізген бұл жолды жергілікті халықтың әдет-ғұрпы ығыстырып шығарады. Қыпшақ дәуіріндегі хандық биліктің мұрагерлік жолы XV ғасыр ортасында қалпына келтіріле бастайды. Оған Керейдің хан сайланылуы дәлел. Әбілқайыр ханға дейін Дешті Қыпшақтың билеушісі Барақ хан болған еді. Моңғол дәстүрі бойын­ша келесі хан оның ұлы Жәнібек болуы тиіс. Жергілікті халық дәстүріне сай келесі билік Барақтың немере туысы Керейге тиді. Ал Керейден соң оның ұлына билік тимей, Жәнібек хан болды. Жәнібектен соң хан Бұрындық болды.
Міне, не себепті Керей хан болды деген сұрауға біздің жауабымыз осындай. Келесі мәселе қай жылдан бастап Керей хан болған деген сауал төңірегінде болмақшы.
Бұл сұрақ «Қазақ хандығы қашан құрылған» деген сауалмен тікелей байланыс­ты. Соңғы 4-5 жыл төңірегінде осы мәселе бойынша көптеген айтыс-тартыстар бол­ды, бірақ негізгі мәселе жайында бір тоқтамға келер пікір айтылмады. Мақала авторы да осыған байланысты өз ойларын білдірген болатын. Төменде біз ең соңғы деректерге сүйене отырып, Керей ханның қай жылдан бастап хандық құра бастағаны туралы тағы да пікірімізді айта кетелік.
Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашидиінде» «Қазақ хандарының билік ете бастағаны хижраның 870 жылы» деп жазады. Бұл – қазіргі жыл санау бойынша, 1465-66 жыл. Алғаш рет бұл мәліметтің ақиқаттығына күмән келтіріп, көрсеткен орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының зерттеушісі Т.И.Сұлтанов болды (Султанов Т.И. Кочевые племена Приаралья в. XV-XVII вв. М., 1982, 113-114-бб.). Енді М.Елеуовтің тапқан аңызының мәліметіне жүгінелік. Ондағы бірінші аңыз: «Сырдың бойынан тышқан жылы қара күзде бір түмен елімен ауа көшкен ағайынды Керей мен Жәнібек сұлтандар қыс түсе Мойынқұмға жетіпті. Құмды қыстап шыққан қалың ел көктемде Тұлпарсазда Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлап, өздерін «Қазақ» деп атапты» десе, екінші аңыз бұл жөнінде: «Қара күзде Сырдан қопарыла көшкен қалың елді Керей мен Жәнібек сұлтандар Мойынқұмға бас­тап келіпті. Құмды қыстап, мал-жаны аман қалған екі сұлтан көктемде Тұлпарсазда той жасап, бәйге шаптырыпты» деп баяндайды (Елеуұлы М. Шу өнірі: аңыз бен тарих. Көрсетілген еңбек, 7-8-бб.). Екі аңыз да Керей мен Жәнібектің Моғолстанға келуін «тышқан жылы, қара күзде» деп, ал Керейдің хан көтерілуін «көктемде» деп жарыса мәлімет беріп отыр. Сонда аңызда қай жыл тышқан жылы деп көрсетілген? Тағы да жазба дерек мәліметіне жүгінелік. Әбілқайыр ханның өмірін тарих етіп жазған XVI ғасыр тарихшысы Масуд ибн Осман Кухистани оның қайтыс болған жылын «874 жылы тышқан жылы 57 жасында…» деп көрсетеді (XV–XVIII ғғ. Қазақ хандығы тарихының материалдары. А., 1969, 171-б.). Бұл – қазіргі жыл санау бойынша 1469-70 жыл. Керей бұдан бір мүшел жыл ерте хан сайланған, яғни 1457-58 жылы хан болған.
Жазба және ауыз әдебиеті деректерінің мәліметтерін бір-бірімен толықтырып, 1457-58 жылдар оқиғаларының даму барысын былайша қалпына келтіруге болады. 1457 жылы жазда Әбілқайыр хан қалмақтардың жорығы туралы естіп, қарауындағы елге жасақ жию туралы жарлық етеді. Сол жылдың күз айларының басында ол қалмақтардан жеңіледі. Жарлықка құлақ аспағандарды Әбілқайыр хан жеңілудің себебі деп, жазалауға кіріседі. «Өздеріне төніп келе жаткан қауіпті болдырмай, алдын алу үшін Керей мен Жәнібек өз Отанын тастап, бөгде елге кетеді». Екі сұлтан да 1457 жылы жазда өз жайлауында болып, хан жарлығын естіген. Жарлыққа сай әскер жібермегендіктен, олар Сыр бойындағы қыстауларына барудан қауіптеніп, 1457 жылдың кара күзінде Шу бойына жеткен, әрине, алдын ала Есен Бұға ханмен келісе отырып. Ал келесі жылы, яғни 1458 жылдың көктемінде Түлпарсазда Керейді хан етіп сайлаған. Сол дәуірдің заңдылығы бойынша ханның сайланып, хандық биліктің қалыптасуы – жаңа мемлекеттің құрылғандығын көрсетеді. Деректің екі түрін бір-бірімен толықтыру, бізге осыңдай нәтиже бергізіп отыр. Біз осы жерде мынадай мәселені айтып өткіміз келеді. Керей 1458 жылы хан болып сайланса да, ол толық дербес мемлекеттің ханы емес еді. Әбілқайырдан бөлініп кету мен Керейдің хан сайланылуы – жаңа мемлекеттің толық қалыптасуындағы алғашқы қадам болды. Ал толығымен дербес мемлекеттің құрылуының аяқталуын біз 1470-71 жылы жүзеге асқан деп санаймыз. Өйткені осы жылы қазақ билеушілері Шығыс Дешті Қыпшақ аумағынан Әбілқайыр ханның ұрпақтарын толығымен қуып шығып, шайбанилық әулеттен билікті кейін қайтарады.
Керей хан 10 жылдай Шу бойында хандық құрған (қараңыз: Елеуұлы М. Көрсетілген еңбек, 7-б). Бұл жылдар хандықтың құрылуының алғашқы кезеңі, сатысы болатын. Керей ханның билігі тұсында жаңа хандық – саяси күш ретінде бірнеше міндетті орындайды: 1) Жүніс ханның Есен Бұға ханның тағына таласы уакытша болса да тоқтатылады; 2) Моғол ханы Есенбұғаның өз елінде ықпалы өседі; 3) «көшпелі өзбектер» елінің күйреу процесі тереңдей түседі; 4) Әбілқайыр ханға наразылардың бәрі Қазақ хандығына келе бастайды, сөйтіп, хандық халқы тез көбейеді… Мұхаммед Хайдар Ду­латидың мәліметі бойынша, 1470 жылға де­йін хандық халқы 200 мыңға дейін жеткен.
«…10 жылдай хандық құрған Керей хан Хан тауына жерленіпті» (Елеуұлы М. Көрсетілген еңбек, 7-б.). Мүмкін Хан тау аталуы осыған байланысты шығар.
«10 жылдай…» дегеніміз – 7-8 жыл шамасы. Керей хан өліп, орнына немере туысы, үзеңгілес серігі Жәнібектің хан болғандығы белгілі. Егер Керей 7-8 жылдан соң қайтыс болса, онда Жәнібек ханның билікке келуі 1465-66 жылға сәйкес келіп тұр. «Тарихи-Рашиди» авторының «қазақ сұлтандарының билік құруы 870 жылдан (хижра бойынша) басталады» деп жазуы 1465-66 жылға байланысты айтылды ма екен? Бұл әлі толық дәлелдеуді және зерттеуді қажет етеді.
Керей ханның қайтыс болған жылы жөніндегі біз пайдаланып отырған аңыз мәліметі жазба дерек мәліметтерімен сәйкес келеді. «Шайбани нама», «Фатх нама», «Тарихи Кипчакхани» деректерінде Әбілқайыр ханнан кейін, оның ұлдарына қарсы жүргізген күресте Керей хан есімі кездеспейді, тек қана Жәнібек хан аталады.
«Хандар шежіресі» Керей ханның үш ұлы болғанын жазады: Бұрындық хан, Қожа-Мұхаммед және Сұлтан Әли. Бұрындық туралы жазба деректерде азды-көпті мәліметтер баршылық, ал соңғы екі ұл жөнінде ешбір деректе айтылмайды. Бұрындық ханнан соң хандық билік толығымен және түпкілікті түрде Жәнібек хан ұлдары мен оның ұрпақтарына көшеді.
Жәнібек ханның 1450 жылдардың соңына дейінгі өмірі белгісіз, ол жөнінде ешбір деректе айтылмайды. Солай десек те, ордаежендік әулеттің негізгі билік жүргізген аумағы Ертістен Ырғыз – Торғайға дейінгі, Сырдан Тобылға дейінгі аумақ болғандықтан, Барақ хан қаза тапқаннан кейін де әулет өкілдері осы өңірлерде өмір сүрген дейміз. Сырдың орта ағысы бойы Дешті Қыпшақ үшін де өте маңызды аймақ болғандықтан, екі аумақтың билеушілері ол өңірді өз қарамағында ұстауға күш салатыны белгілі. 1427 жылы Ұлығбек Барақ ханнан жеңіліп, Сығанақ өңірінен айырылып қалса да, Барақ хан қайтыс болғаннан кейін оның бұл өңірді қайтарып алатынын түсіну қиын емес. Тек 1446 жылы ғана күшейіп алған Әбілқайыр хан Сыр бойындағы қалалар мен өңірлерді Темір әулетінен қайта қайтарып алады. Осы жағдайларды ескере келе, 1428-1446 жылдар Орыс ханның немерелері Керей де, Жәнібек те өз ұлыстарымен Темір әулетіне жартылай тәуелді болған. Ал 1446 жылы Сыр бойында шайбан әулетінің билігінің орнауымен Жошыдан тарайтын екі әулет арасында бәсекелестік пайда болады. Бұл өз кезегінде дами келе ашық жаулыққа ұласады да, ордаежендік әулеттің сол тұстағы жетекшілері Керей мен Жәнібек өз қарамағындағы ру-тайпаларды бастап, Әбілқайыр ханның үстемдігінен дербестеніп, Махмуд бен Уәлидің айтуынша, «бөгде елге» көшуге мәжбүр болады.
Осылайша жоғарыда қарастырылған мәселелерімізді түйіндей келе, төмендегідей қорытындыларға келеміз.
Бірінші, Қазақ хандарының шығу тегін Жошының кіші ұлы – Тұқай Темірден тарату ХVІ ғасырдың басындағы шайбанилық әулет өкілдерінің қазақ хандарының Шығыс Дешті Қыпшақтағы билігін әлсірету, жою үшін әдейі жасаған идеологиялық күресінің бір көрінісі деп білеміз де, Жошының үлкен ұлы Орда Ежен ұрпақтарының билігі ХІІІ ғасырдың 20-шы жылдарынан Орыс ханға дейін, одан кейінгі Барақ ханға дейін де үзілмеген.
Екінші, Барақ хан қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақта Жошының бесінші ұлы Шайбан ұрпақтарының билігі орнығып, ордаежендік әулет өкілдері биліктен уақытша шеттетіледі. ХV ғасырдың 50-ші жылдарында Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған әулет өкілдері Орда Ежендік әулеттің билігін қалпына келтіру үшін күрес жүргізеді де,

Тәуелсіз елім Қазақстан!

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту.

   Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.

   Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың  байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері,Қзақстан Республикасының рәміздері:Туы,Елтаңбасы,Әнұраны.Н.Ә Назарбаевтың суреті.

Нақыл сөздер,Қазақстан туралы әндер.

Тәрбие сағатының барысы:

Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын.Мен еліммен мақтанамын.Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.

Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ.                Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық                    тарихы бар.Қазақстан тәуелсіздік алды.

Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

Оқушы:16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

Оқушы:Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі            туралы заң қабылданды.

  Оқушы:   Атыңнан айналайын егемен ел,               «Туған ел» суреті

                   Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

                   Мерейің құтты болсын Қазақстан!

                   Ғасырлар тойы болшы келе берер!

Оқушы:   Мерекең құтты болсын егемен ел,

                         Терезең барлық елмен тең ерен ел.

                         Бабалар мәңгі бақи арман еткен,

                         Теңдікті,бостандықты иеленгендер.

Оқушы:    Бостандық құтты болсынерікті ел,

                  Айдын көл, көк майсалы көрікті жер

                  Бостандықты аңсаған батырлардың

                  Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.

Ән «Отаным - Қазақстан»  

Оқушы:   Егемен елімнің ертеңі деп,

                         Елбасы баға берді жастарыма

                         Оқу оқы, білім ал, елің үшін

                         Еңбек ет тыным таппай, жан аяма.

Оқушы:       Халқымның мақтанышы - алып тұлға.        «Бәйтерек» суреті

                      Әлемнің назары ауды Ақ ордаға

                         Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,

                         Ұқсайды менің асқақ арманыма.

 Оқушы:      Ел болдық егеменді, теңдік алып,

                         Бар әлем қазақ елін болды танып

                         Қайнауы кенге толы Қазақ елі,

                         Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.

«Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә Назарбаев» суреті.

Оқушы:        Ел болдық ерік алдық астаналы

                           Енді кімнен қазағым жасқанады?                                                                            

                           Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

                           Нұрсұлтанның атымен басталады.

Оқушы:        Жаралдық молшылықтан толы ағыстан

                           Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан

                           Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,

                           Көркейген елім менің – Қазақстан!

Хор      «Елім менің»       Сөзі: Н. Назарбаев           Әні: Б.Тілеуханов

«Астанаға саяхат»  суреттер көрсетіледі.

Оқушы:         Көз қуанып күн сайын көркеміне,

                            Көңіліміз сенеді ертеңіне                                              «Астана» суреті

                            Қазақстан – алып ел, төрі Астана,

                            Таңым ғана лайық ел төріне.

 Оқушы:         Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,       

                            Құл емеспіз, еркі жанбыз, азатпыз

                            Ел намысын ешбір жанға бермейиіз,

                            Өмірді алға бастырамыз өрлейміз.

Отан туралы мақал-мәтел білеміз бе?

 Ойын «Мақал-мәтел» жалғасын тап.

Оқушы:          Отаным – Қазақстан туған жерім,

                            Мұнай мен газ болады асыл кенім

                            Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан,

                            Артамыз елбасына үлкен сенім.

Оқушы:             Ұлттық өрнек мұрамыз

                            Адастырмас мұраттай

                            Нық көтеріп тұрамыз

                            Жалауды біз құлатпай.

Оқушы:     Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері.Қазақстан Республи-       касының да өз рәміздері бар.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.

 Оқушы:        Бұлт баспасын күнімді                        «Ту» суреті

                             Тарылмасын өрісім.

                             Биік ұстау Туымды-

                             Қасиетті борышым.

Оқушы:     Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астын-                         да қадықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрвшты көгілдір түсті мата. Бұл түс- ашық аспанның,тыныштықтың белгісін көрсетеді.Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәрі-                     не нұрын шашып, сәулесін төгеді.Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік тіршілік атаулыға ортақ.           Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтер»п ұшып бара жатқан қыран құс – ерлік белгісі. Матаның                  сол жағында ою - өр негі бар тік жолақ орналасқан. Бұл қазақ елінің әшекейі. Алтын күн, Қыран                    және ою- өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштық пен байлықтың           белгісі.

Оқушы:         Желбірейді шалықтап

                            Қазақстан жалауы

                            Көкке қыран қалықтап,

                            Қанат қағып барады.

Оқушы:             Мен қазақпын, ұланымын қазақтың

                                Тәуелсізбін, егеменмін азатпын

                                Көк байрағым тұр көгімде желбіреп

                                Алатаудай көкке өрлеген азатпен

 Оқушы:             Бабам тұлпар жаратты                                              «Елтаңба» суреті

                                 Құлынын да танып ақ

                                 Тұлпар барда қанатты

                                 Шайқалмасын шаңырақ.

Оқушы:         Тәуелсіздік көркі ол да,

                        Өрке ниет өрінде

                        Нұр төгеді Елтаңба

                        Ақ Орданың төрінде.

Оқушы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнелеген.Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған.Жарық жұлдыз – Ота-          нымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан  нұр шашып тұрғанын бейнелейді.Қанатты тұл-                пардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мін-                   ген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астында түсіп халықты қасіреттерден азат еткен,еліміздің азаттығы мен жеңімпаздығының белгісі.Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылық-                 ты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал                    екенін көрсетеді.

Оқущы:         Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға

                           Жасы тұрмақ, шығады екен қарьты аңға        

                           Қалай оның елтаңбасы болмайды

                           Түлегіне дейін салса ен – таңба?!

Оқушы:     Енді бүгін өлген Туым тірілді

                    Әнұраным жалғап алды ғұмырды

                    Босағада қалып келген Елтаңбам

                    Баяғыша төріме кеп ілінді.      

Оқушы:     Батырлыққа уызынан жарыған

                           Ер түркіні байрағынан таныған

                           Өзі ақын, өзі әнші халықта

                           Кім айта алар

                           Болмаған,- деп - Әнұран?!

Оқушы:     Кез келген мемлекеттік рәміздің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран   мемлекеттік салта-              натты ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың  мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі              өмірі мен келешек арманы айтылған.

Хор  «Әнұран»  Бәріміз әнұранды айтып берейік.

Оқушы:          Бақтың құсы әр адамға қонып бір

                             О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр...

                             Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,

                             Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

Оқушы:          Көк аспанда нұлы күн

                             Күлімдейді далама

                             Бақыт тілеп тұр бүгін

                             Ол барлық пәк балаға.

«Сөзжұмбақ»  шешу.

Оқушы:           Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,

                             Бейбітшілік пен бостандық жыр әнім

                             Самғап жүрсек бостандықта, биікте

                             Шарықтайды кең көлемде бұл әнім.

Хор  «Қазақстан»

 

 

 

                    

 

 

Тақырыбы: «Ұлы жеңіс - жасасын!» (тәрбие сағаты)

Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар, батырлардың суреттері, Ұлы Отан соғыс кезіндегі техникалар.Өтілу барысы: Топ ішін безендіру. Музыка ойнап тұрады.

«Әнұран»

Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.

Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 - де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда бұға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 67 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 67 жылдығы.

Үн таспадан тыңдау: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1941 жылы 22 - маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын - қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

Тәрбиеші: Соғыстың алғашқы күндерінен бастап - ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір ауыл, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.

1 бала: Соғыс жалмап аға - іні бауырды,Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы,Әкесінен айырыпты баланы.

 

Тәрбиеші: Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн 870 мың қазақстандықтар болған.

Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.

- Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанынан елін қорғаған еді.

Момышұлы Бауыржан (1910 - 1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері - Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.

Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.

Тәрбиеші: Батырлар туралы тақпақтарды кім біледі?

Қарақат:

Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі

Әлия атты көңілде

Әпкеміз деп жүреді.

Аты аңыз, жыр қылып,

Елдің батыр түлегі.

Әр жүректе тұр күліп,

Әлия атты батыр қыз.

Сабрина:

Мәншүк апай батыр қыз

Ардақтаймыз атын біз!

Ұқсап Мәншүк апайға

Өсіп келе жатырмыз!

Манас:

Қайтпаған жауыннан

Қаһарман Бауыржан

Қан ішер фашисті

Қырды ол мыңдаған.

Ерлігі әрқашан

Есімде сақталады

Ұрпағы ұмытпайды.

Өмірінен үлгі алады.

- Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте берді, күте берді.

Әлібек:

Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді қалама,

Жеңіс келді әке боп

Елдегі көп балаға.

Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті.

Тәрбиеші:

Арылтып жаудан жерінді

Табанға жаншып өлімді

Жеңіспен желпіп өмірді

Оралды ерлер көңілді

Десеңдер бұл қай күні

Тоғызыншы мамыр күні!

 

- Балалар, жеңіс туралы тақпақтар айтайық.

Ербол:

Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылға сән көрік

Жеңіс келді алақай,

Ұмытылмас мәңгілік.

Карим:

Жүйрік озар әйгілі

Күні бүгін бәйгенің

Ура, Ура балалар!

Тоғызыншы май бүгін.

Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т. б. өз жерлестеріміз: Тулақбаев Арон ата, Аяпбергенов Қамеш ата.....

Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. 1 минут еске алу. (әуен ойнайды.)

Тәрбиеші:. Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақтың өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, мектепте алаңсыз білім алып жатқанымыз, шаттана күлгеніміз, жайраңдап күлгеніміз - бәрі де сол Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жемісі. Әрине, соғыс болмасын! Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім алып, өз жеріміздің патриоттары болуға мүмкіндіктер бар.

Тәрбиеші: Балалар, біздің шекараны кім қорғайды? (солдаттар)

Ербол:

Шекарада солдат тұр.

Ел бақытын қорғап тұр.

Көңілденсін ағалар,

Амандық хат жолдап тұр.

Ән: «Атамекен»

Тәрбиеші: Осымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұлы жеңіс – жасасын!» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

9 мамыр. Жеңіс күні. Тәрбие сағаты. Сценарий

9 мамыр. Жеңіс күні. Тәрбие сағаты. Сценарий

Жеңіс күніне арналған тәрбие сағатының тағы да бір сценариін мына жерден ала аласыздар.

Тәрбие сағатының мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Ер есімі – ел есінде» аталатын ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.

«Батыр бала Болатбек» әні орындалады.

1-оқушы: Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады. Осынау сөздер соғыстан қаза тапқандар ескерткішіне де қашалып жазылған.

2-оқушы:

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

3-оқушы:

Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырдың бірі әрі бірегейі – Бауыржан Момышұлы. Соғыс кезінде қолбасшы Рокоссовский лейтенант шеніндегі жап-жас қазақ жігітінің қабілетіне риза болып, полк командирлігіне тағайындаған. Б.Момышұлы соғыс кезінде 207 рет шайқасқа қатысып, 2 рет ауыр жараланды. Басшалық тарапынан бірнеше рет Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылады. Бірақ, атақ кешіктіріле береді. Еңбекқор Б.Момышұлы мойыған жоқ. Ол 37 дәптер күнделік жазған батыр, бейбіт өмірдің қаруы қаламды алып қазақ және орыс тілдерінде көптеген кітаптар жазады. «Артымызда Москва» кітабы Кубаның бүкіл әлемге белгілі басшысы Фидель Кастроның сүйіп оқитын кітабына айналды. Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысында ұрыс жүргізу әдістері үлгі ретінде қабылданып, Кубаның әскери академиясында оқытылды.

Интерактивті тақтадан Б.Момышұлы туралы мына материал көрсетіледі:

4-оқушы: 9 мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қаруды шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті.

5-оқушы: Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті.

Рақымжан Қошқарбаев туралы бейнематериал көрсетіледі:

6-оқушы: Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.

Ата-анасынан ерте айрылған Мәншүк жастық шағын да тәрк етті. Алматы медициналық институтында оқып жүрген шағында жау жақтан ескен соғыстың ызғарлы желі жас қайыңның жапырағындай жайқалған бойжеткенді жұлып түсіреді. Халқына төніп тұрған қауіпке жаны шыдамай, дамыл таппастан әскерге өзі сұранып, жоғарыға мынадай өтініш жазады: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз». Ел үшін қан төгіп, жан беріп жатқан отандастарына қалай да өз жәрдемін бергісі келген ниетпен, 1942 жылдың тамыз айында «Қызыл армия» қатарына алынды.

1943 жылдың 15 қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде қантөгіс соғыс болды. Сол күні Мәншүк жан серігі - пулеметімен дамылсыз оқ атып, ерен ерлік көрсетті. Жауыз жаудың Мәншүкке қарсы атқан оғы оның ажал оғы болып, өрімдей қызды қыршыннан қиып түсті.

http://massaget.kz/userdata/users/user_51387/1398844884.jpg

7-оқушы: 1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын еді.

1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап, 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

Әлия мен Мәншүк туралы ән орындалады.

Әлия туралы бейнематериал көрсетіледі:

8-оқушы: Оны – «дала сермеңдесі», «көк тәңірісі», «аспан перісі», «қанаттылар ханы» деп құрмет тұтты. Дәл осындай текті құстың болмысы қазақтың арда ұлы, Кеңес одағының батыры атағын екі рет алған қыран текті Талғат Бигелдинов еді.

Дүниежүзілік екінші соғыстың ажал қорғасындары аспан көгін осқылап жатқан тұста, қазақтың сайын даласынан, Қараөткелден түлеп ұшқан сарша қыран көкке темір тегеурінді әскери ұшақты 305 рет көтерген екен.

9-оқушы: Қабиденұлы Төлеген Тоқтаров – қатардағы жауынгер. 1942 жылдан бастап 1943 жылға дейін Сталинград майданында соғысқан. «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.

10-оқушы: Ұлы Отан соғы­сының ержүрек батыры, халқымыздың біртуар перзенті – Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген.1941 жылдың қараша айында Оңтүстік-Батыс майданның штабына аттандырылып, бас­қыншылар қолында қалған Украина жерін азат ету үшін жау тылына түсіріледі. Қайсенов атамыз сол жерде Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядының басқарушысы болады. Бұдан кейін, 1944 жылдың соңына дейін Чехославакия (қазіргі Чехия), Румыния, Молдавия елдеріндегі партизан қозғалыстарына қатысты. Соғыс аяқталған жылдардан соң бейбіт еңбекке араласып, Қазақстан Жазушылар одағында, баспа мекемелерінде қызмет атқарған. Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің ерлігін суреттейтін «Жас партизандар» (1954), «Ажал аузында» (1959), «Жау тылындағы бала» (1961), «Жау тылында» (1973) секілді көптеген шығармалардың авторы.

«Әрқашан күн сөнбесін» әні үш тілде орындалады.

11-оқушы: Соғыс жылдарында айырықша көзге түскен ақындардың бірі – Нұрсұлтан Жұбатұлы. Ауылда мұғалім болып істейтін сауатты кісі болған. Оның майдан даласынан оралмай қалған батырдың бірі Ү.Түктібаевтың анасы Наурызбикеге арнап жазған «Майданнан хат» және анасының атынан жауынгер ұлына арнап жазған «Майданға хат» атты толғаулары осы күнге дейін ел есінде. Енді осы толғауларды тыңдап көрейік. Оқушы домбырамен орындайды:

«Майданнан хат» (үзінді):

Хат жазамын майданнан,

Мейірімшіл ғазиз-анама

«Жақыным-жарым» дегенмен,

Анаңдай жақын бола ма?

Көңілінде тілек, көзде жас,

Екі қолың жағаңда.

Қасірет шегіп, қан жұтып,

Сарғайдың ба санаға?

Сағынған соң мен ойлап,

жүрегің оттай жана ма?

Ет бауырың елжіреп,

Қайғыра берме балаңа.

Сабырдың суын бере көр,

Жаныңдаға жараңа.

Ажалсыз адам өлмейді.

Мезгілсіз шөлмек сына ма?

Ердің басы ел үшін,

Арыма жаным садаға.

Бұлт жамылып қар төсеп,

Мен жатырмын далада.

http://massaget.kz/userdata/users/user_51387/1398844855.jpg

«Майданға хат» (үзінді):

Құлыншағым аман ба?

Қолыма тиді сенен хат.

Хабарыңды есітіп,

Қуанып қалды ғаламат.

Күніге тоқсан тілеймін,

Құлыным кел деп саламат.

Жүрегім – жалын, ішім у,

Жанымда ауыр жарақат.

Суретің келді хатыңда,

Шекпен киген жалаңқат.

Ерге лайық бес қару,

Асыныпсың автомат.

Суретіңе қарасам,

Емшегім иіп, сүт тамад.

Көзімнің жасы төгіліп,

Ұйқыдан кетті рахат.

Отаның үшін қарағым,

Арың қымбат жаныңнан.

Бөбектерің аман-сау,

Ас жейді әзір қолымнан.

Ербеңдеген ермегім,

Тастамаймын қолымнан.

Лақ-қозы қайырсам,

Қалмайды сүйем соңымнан.

Жағдайсыз емес келінім,

Оны да көрем бағымнан.

Қайырмайды тілімді,

Жібектей майда жамылған.

Көңілімде алаң жоқ,

Жаны сүйген жарынан.

Уһілеп кейде демалып,

Шығады түтін жалыннан.

Хабарыңды жиі жаз.

Өтпесін көп күн арадан.

Талқандап жауды аман қайт,

Бұлт серпіліп көгімде.

Жазылсын жүрек жарадан!

«Қариялар азайып бара жатыр" әні орындалады.

2-Жүргізуші:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!

1-Жүргізуші:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!

Ж. Нәжімеденовтың «Бейбіт күн тілегі» әні қорымен орындалады:

Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқ даусы мәңгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын.

Қайырмасы:

Кел, достарым, ән бастадым.
Көтеріп жаңғырық!
Данасын дала, баласын ана,
Жоқтамасын мәңгілік!

Көктесін жас ағаш одан әрі,
Өткен күн қайтадан жанбайды.
Сұлудың кестелі орамалы,
Сүртсін, тек тершіген маңдайды.

Қайырмасы:

Қайғыны білмесін ана жаны,
Қазіргі адамда арман сол.
Әлемнің бар сәби балалары,
Оянсын ұйқысы қанған соң.

Қайырмасы.

 

Мақсаты: Оқушыларды Отан сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу.

І жүрг:
Ұлы кешке сенген күн,
Фашистерді женген күн.
Ағаларға ерген күн,
Бақыт гүлін терген күн — деп ақын Қадыр Мырза Али жырлағандай «Бақыт гүлін терген күн!» атты Ұлы жеңістің 65 жылдығына арналған тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Көрініс: «Соғыс қасіреті» (күй ойнап тұрады)

Немересі:  Әже, әже! Бүгін меннен бақытты адам жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді. (әжесін құшақтап еркелей күледі)

Әжесі:  Талабына нұр жаусын, арманыңа жет балам! (маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады, әкесі жымыиып, салмақты киіпте пышағын қайрап отыра береді, келіні ыдыс алып, келе жатып, радиодағы хабарды тығдап тұрып қалады).

Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4-те Неміс фашисттері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабул жасамау туралы шартты опасыздықты бұзып, біздің еліміздің терреториясына басып кірді.

(Ән «Священная война», қолындағы ыдысы түсіп кеткен келіні жылап, бетін жабады).

Немересі: 
— Аттан! — деді,
Ол қазір аттанады.
Жауынгердің ролін атқарады.
Неге бізге үмітсіз тесілесің?
Аттан, әке,
Жолыңнан кешігесің.
Кудесінде жаны бар пақырларың,
Тауып жейді сенсіз де несібесін. (әкесін келіп құшақтайды)

Әкесі: 
— (әкесі қолындағы бір жасар баласын қызына беріп тұрып)
Тыңда балам, тыңда күнім,
Болуға жара қолқанат.
Кәрі анам, сәби інің,
Барлығы саған аманат.

Әжесі: 
— Оралсын аман жеріне,
Көріссін туған елімен.
Келің-ау көздей қалтаға
Топырақ салып беріп жібер.

Келін: 
— (қалтаға салынған топырақты берген келін)
Кебін киген өледі,
Кебенк киген келеді.
Үлкен үйден дәм татса,
Кешікпей дейді келеді. (жарының соңынан жылап қалады)

Документальный фильм

І жүрг.:  Отан ана жылағанда шер сеніп,
Тапжылмастан төгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық, деді де,
Қолдарына қару алды ерленіп.

IІ жүрг.:  Бұлт торлады аспанды,
Қара жер қанға ластанды.
Зеңбірек атып жан-жақтан,
Осылай соғыс басталды.

Монтаж: 1 — оқушы:
Соғыс деген қайдан шықты,
Авторы кім алғашқы?
Есіл адам, есі кетіп,
Оған несін жармасты?!
Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты?

Соғыс деген — аққан соры ақсүйектің, құлдың да,
Соғыс деген — төккен ары ұлдың және қыздыі да.
Соғыс деген — Сотқарлардың қолындағы найзасы,
Соғыс деген — соғыс деген — зұлымдықтың айнасы.

2 — оқушы: Қиылды,
Қанаты тәтті арманның.
Үзілді қайырмасы бақтарда әннің.
Әлемде еі сұмдық күн ана үшін —
Майданға азаматтар аттанған күн.
Бұлт басты,
Ашық сәні қашты аспанның.
Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.
Анаға ең ауыр күн тіршілікте —
Боздап кеп,
Боздағымен қоштасқан күн.
Қайғыдан кәрі таулар қап-қара боп,
Жеткізді жерге дейін қайың басын.

3 — оқушы:
Жабаады,
Дала төсін нала, қайғы.
Шын қайға жас кәріге қарамайды.
Қып-қызыл көлдің бетін
Сұңқылдаған,
Аққулар қанатымен сабалайды.
Долданып,
Лайланып тасқын әні
Сай-сайды тастарымен бастырады.
Селкілдеп,
Желкілдеген қамыс құрақ.
Өкіріп,
Өзен басын тасқа ұрады.

4 — оқушы:
Күннің де жүзі қызыл күндегіден,
Иттердің ұлуы көп үргенінен.
Қаншапшып, қауызыннан райханның,
Еменнің жас тамып тұр дінгегінен.
Жас бала дір-дір етті мұны көріп,
Жіберді төгіп, мұңын өрік.
Қоштасу,
Жылау,
Тілеу,
Қайрат беру...
Дүние кетті бір сәт күңіреніп.

5 — оқушы:
Найзағай жиі-жиі шақпақталып,
Майданға азаматтар жатты аттанып.
Ежелден біздің елдің рухы асқақ,
Сенімін қалды сонда сақтап халық.
«Алар жау сыбағасын оңбай бізден».
Шығамыз
Соңғы күшпен,
Соңғы айбынмен.
Қорғаймыз байтақ елді,
Өйткені оны
Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.

Хор

1 жүрг.: 1941 жылдың 16 қарашасында немістер Москваға Волокалам бағытында ұрысқа шықты. 1075 — атқыштар полкі 4 — ротасының 2 — взводы тұрған бекініс жаудың 30 — танкісі шабул жасады. Взвод жауынгерлері барлығы 28 адам төрт сағатқа созылған ұрыста жаудың 14 танкісін қиратты. Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 18 панфиловшының 23-і қаза тапты. 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді.

2 жүрг.: Соғыс жылдары қазақстандық бес әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды. Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты панфиловшылар дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан батальон, кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады.

Көрініс: «Отан үшін отқа түс».

(шағын бөлмеде қабырғадағы картаға мұқият қарап, генерал тұрады).

Генерал: Қап! Мына фашист иттің тікендей қадалып тұрғанын қарашы! Соқыр ішектей созылып тұрғанын лағалеттің. (осы кезде Бауыржан кіреді)

Бауыржан: Бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын жолдас генерал!

Генерал: Ах, соғыс, соғыс! Майдан, қырғын арпалыс, қылшылдаған аяз, қасарысқан дұшпан. Осының барлығына шыдау керек.

Бауыржан: Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық емес пе?! Шыдаймыз, жеңеміз жауды!

Генерал: Капитан Момышұлы, сізге батальоныңызбен бірге Москва түбін жаудан азат етуді бұйырамын.

Бауыржан: Құп болады жолдас генерал.

І жүрг.:  Қызыл армия Масква түбінде Гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл шайқаста Бауыржан Момышұлы басқарған батальон ерліктің тамаша үлгісін көрсетіп, жауды ойсырата жеңді. Фашистердің Москва түбінде жеңілуі Ұлы Отан Соғысындағы түбегелі бетбұрыс болды.

IІ жүрг.:  Соғыс кезінде оқ атылмады демесе, ауылдағы тіршіліктің қиындығы майдандағыдан кем болған жоқ. Аналар мен балалар, ақсақалды аталар бәріне төзді. Таңның атысынан көннің батысына дейін ферманың жұмысымен әскерлерге арнап шұлық тоқыды.

Оқушы:
Отанға жаулар қаптады,
Опасыз жаулар таптады.
Қасиетті жер үшін
Қастерлеп батыр ел үшін.
Әлия, Мәншүк, Төлеген,
Жаулардың көзін жойды олар.

Ән «Әлия»

І жүрг.:  Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына міне 70 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарихы атты өз төрешісі бар.

І жүрг.: 1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен — Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр — Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өрттеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.

IІ жүрг.:  Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 70 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенде — 70 жыл.

70 жыл — бейбір көктем таі атқалы,
70 жыл — шуақты күн таратты әнін.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
70 жыл — жауыздықтың ажал оғы,
Біздің елдің үстінен ұшпағалы.

Ән «Ақ көгершін»

Қазақ биі

Шашу шашылады.

І жүрг.: 
Сен неткен Отан — анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай берғ Ұлы Отаным — қазақ елім.

IІ жүрг.: 
Желбіре, көгілдір Ту, көк аспанда,
Не жетсін жөні келіп жарасқанға.
Сен менің құдіретім, кием-дағы,
Айбардың айтсын сөзді адасқанға.

 

Ән: «Қазақстаным» Тақырыбы: Ұлы Жеңіске - 68 жыл

Мақсаты: Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту; Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны құрғауға баулу; Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге баули отырып, балаларды үлкен адамдарды сыйлауға, оларды құрметтеуге баулу.

Көрнекілік: нақыл сөздер, газеттер, буклеттер, суреттер.

Тәрбие сағатының барысы:

Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 4 - те бейбіт жатқан елімізге Германия тұтқиылдан соғыс ашты. Суық хабар сол күні байтақ елімізге, жер - жердегі ауыл - селоға тарады. Ер азаматтар асығыс соғысқа аттанды.

Бұлт түнеріп аспаннан                              Соғыс жалмап аға - іні бауырды,

Талай көзден жас тамған                          Соғыс жалмап аға - іні бауырды,

Тұтқиылдан жау тиіп,                              Зар жылатты тыныш жатқан ауылды

Қырғын соғыс басталған                          Жалғызынан айырыпты ананы

                                                                  Әкесінен айырыпты баланы

         Тастар көкке атылды,                                    Оқ астында зулаған,

         Орман шулап, тау құлап.                              Туған жермен бір болып.

Жиырма сегіз батырды,                                Жау алдында тұрады,

Жеңе алмайды жау бірақ.                             Жиырма сегіз шың болып.

Танктер Москваға келді төніп,

Ағылды жау әскері желіктеніп.

Ұшқыштар біздің сонда түйілгенде,

Отына пулеметтің ерік беріп.

Отан қорғаған қаһарман ұлдарының бірі – Кеңес Одағының батыры, Қазақ халқының батыры Бауыржан Момышұлы. Ұлы Отан соғысы басталысымен жерлесіміз генерал Панфиловпен бірге 316-атқыштар дивизиясын жасақтап майданға аттанды.

  Бауыржан атамыз артынан ұлағатты сөздер мен мақал-мәтелдерін  қалдырып үлгерген.

 Олар:  туған жер, Отан, ел, ерлік, бірлік, ынтымақ, достық, адамгершілік, білім т.б. туралы

Ел үшін аянба-ерлігіңе сын,                             Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше,

Жұрт үшін аянба-жігіттігіңе сын.                    Шындықтың уын ішіп өлген артық.

 Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,                          Отан үшін отқа түс күймейсің.

 Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.                          Өршіл рухтан өлмес ерлік туады.

Ару қыздар - алаулап от кешкендер

Сыздап тұр - ау әлі күн оқ тескен

Қаласыңдар мәңгілікке ел есінде

Ару қыздар - алаулап от кешкендер.

Әлия 1924 жылы Қобда ауданы, Көкбұлақ деген жерде туған. Екі жасында жетім қалып, Әубәкір деген ағасы тәрбиелеген. Әлия ерекше ұстамды зерек болды.

Соғыс басталғанда ол небәрі 17 жаста еді.

 

Мәншүк 1922 жылы дүниеге келген. Шын аты - Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншақ деп атаған. Мәншүк соғысқа өз еркімен аттанғанда 19 - ға жаңа шыққан талдырмаш, пысық, жігерлі қыз еді.

            Қыр қызы орындады берген антты,

Халқына адал болу ердің салты.

Елі үшін қасық қанын аямаған,

       Жүректе мәңгі өшпейді Мәншүк аты.

 Даламыздың гүлі                                             Мәңгі жасап жерде енді,

Балауса гүл, балғын қыз.                                 Биік бол деп таулардан.

Жанын қиып, халқы үшін,                                Сенің балғын бейнеңді

Жанып түскен ақ жұлдыз.                                Жасап қойдық мәрмәрдан.

Отанға жаулар қаптады,

Опасызжаулартапталды.

Қасиеттіжерүшін,

Қастерлепбатыреліүшін,

Әлия, Мәншүк, Төлеген

Жаулардыңкөзінжойдыолар.

Жауынгер біздің саңлақтар,                           Арылтып жерден жауымды,

Жауды жеңген солдаттар.                               Табанға жаншып өлімді

Ардақты Отан – ел үшін,                                Жеңіспен желпіп өмірді,

Бақытты туған жер үшін.                                 Десеңдер бұл қай күні?

                                        Хормен: Тоғызыншымайкүні.

9 мамыр -  жеңіс күні, адамзат аңсап күткен күн,

9 мамыр - жеңістің туын тіккен күн.

9 мамыр - азаттық күрестің айбынды күні.

Иә, содан бері 68 бейбіт жыл артта қалды.

                                        68-жыл-бейбіт көктем таңы атқалы,

68-жыл –шуақты күн таратты әнін

Бейбіт тілеген әр отбасында сонан бері,

Ашылды жеңіс күннің парақтары.

Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,         Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті!

Жақсы үміттің шырағы жанды міне!         Жер бетінен жамандық мүлдем кетті.

Аспан бетін қаптаған қара тұман               Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,

Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні!           Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.

Тыныштық! Жаса тыныштық!                    Ағалар саптан шықпасын

Осы сөз бізге тым ыстық                            Аналар қабақ шытпасын

Көркейе берсін еліміз                                 Бақытқа жетіп бар адам

Көркейе берсін ырыс –құт!                        Сәбилер тыныш ұйықтасын

Бақытты болсын балалар                           Елін жерін сүйетін

Соғысты сүймес адамдар                            Ертеңі үшін күйетін

Өркендей берсін қалалар                            Рухы биік ұланбыз

Гүлдене берсін далалар                               Болашаққа сенетін!

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ТӘРБИЕ САҒАТЫ «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА 20ЖЫЛ»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по маркетингу (тур. агенства)

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ассамблеяның ең басты міндеті – еліміздегі қоғамдық келісім. Қазақстандағы қоғамдық келісім – ең алдымен қазақтың келісімі екенін мықтап есте ұстаған абзал. Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес. Тәуелсіздікке 23 жыл тәрбие сағаты(Тәуелсіз Қазақстан) Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан» Сабақтың мақсаты:Жас жеткіншектерді еліміздің тәуелсіз алғалы жеткен табыстарымен таныстырып,білімдерін нығайту. Отанын құрметтей білетін,болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлесітерін қосатыназамат тәрбиелеу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 143 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.12.2020 2818
    • DOCX 381.7 кбайт
    • 56 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Анохина Ольга Михайловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Анохина Ольга Михайловна
    Анохина Ольга Михайловна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 62179
    • Всего материалов: 201

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 549 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 125 человек

Мини-курс

Путь к внутреннему спокойствию: освобождение от тревоги, злости и стыда

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 630 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 183 человека

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегрированное управление бизнес-процессами

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе