Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыТәрбие сағаты "ана" мерекелік шара

Тәрбие сағаты "ана" мерекелік шара

Скачать материал

    Тақырыбы: Ана деп ән саламын.

    Мақсаты: Ананың өміріндегі қоғамдық орнын, қадір-қасиетін оқушылар санасына ұялата отырып, адамгершілік пен эстетикалыққа, мейірімділік пен қайырымдылыққа тәрбиелеу, анаға, қыз балаларға құрмет көрсету, сыйлай білу мәдениетін қалыптастыру.

    Көрнекілігі: Аналар туралы нақыл сөздер, ұлы аналар, батыр қыздар, ару әйелдер туралы буклеттер.

Барысы:

    Мұғалімнің кіріспе сөзі:

    Ана, Ана, Ана... Осы сөздің өзі адамға қандай күш береді. Дүниеде ананың мейіріне, аялы алақанына не жетеді?! Дүниеге келіп, көзіңді ашып көретінің – Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай бауырына басып, біз үшін жан ұшыра шырылдайтын да – Ана. Тек жақсылық тілейтін де – Ана. Ана – біз үшін пана, дара, дана тұлға. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиіннің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді. Халық арасында «Меккеге анаңды үш рет арқалап апарсаң да қарызыңды өтей алмайсың» деген сөз ананың соншалықты қадірлі екенін адамзатқа ұғындыру үшін айтылса керек.

Орасақ та жәннат ішік, құндызға,

Баласақ та айға, күнге, жұлдызға.

                                            Ана соның бәрінен де ардақты,

Одан асқан құдірет жоқ ұл-қызға.

1.   Анаға жыр, ән шашу.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,

Махаббатың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,

Қандай жақсы ортамызда жүргенің!

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың.

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым!

                           Мұзафар Әлімбаев

 

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды,

Сен деп жаздым алғаш өлең, дастанды.

Қуандым ба,

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды,

Жаңарыңнан көрдім алғаш дастанды.

Еркелесем бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба,

Тек өзіңнен жасқандым.

                          Қадыр Мырзалиев

 

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген – бәйтерегі өмірдің,

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

Ана деген – асыл жандар болаттай,

Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл Ананы,

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.

 

Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе ананың мейірін,

Орнар еді бар әлемге тыныштық.

 

Ана десем – шешек атып жанары,

Өмірімнің бастау алар жаңа әні.

Ана деген тіршілікте пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

 

Ән: «Ана туралы жыр».

Сөзі: Ғафу Қайырбеков

Әні: Шәмші Қалдаяқов

Өмірде ана – бұлақ, ана – пана,

Өмірде өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем, талай шешен,

Талай ер, талай ақын, талай дана.

Ана! Ол – біздің елде ардақты адам,

Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.

Өзінің аяулысы Отанына

«Ана» деп біздің халық текке айтпаған.

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Қалайша аяулы ана тына алармын

Ән болып сағыныштан ақтарылмай.

 

Ана деген – адамзаттың анасы,

Ана деген – сәбилердің панасы.

Ана деген – жарық жұлдыз, шырағың,

Ана деген – қайнар ыстық бұлағың.

Ана деген – өмірдегі қамқорың,

Ана деген – сүйенерің, жан құрбың.

2.   Ана – құдірет.

    Иә, үйдегі алтын қазық ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде. Ана – бар мұратын отбасының игілігіне байлаған әлемдегі ізгі адам.

 

бақыты,абыройы
ақыл-парасаты
 

 

 


ұрпақ  жалғажалғастырушыыытәрбиешіынтымақтастырушыыасыраушыалтын діңгегі                                                                                                                                                 

Ана - отбасы
 

 

 

 

 

 

 

 


  

     Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш. Ана – бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірбан адам.

 

алтын ұяң
қайнар бұлағың
шуақты күнің
 

 


         

 


өмір нәріңАна өмірдемақтанышың                                                                                                                                                 

 

 

 

әсемдік,
сұлулығың

                                

 

 

 

 

 

    Ана- барлығын жеңетін тіршіліктің бұлағы. Ана – адамзат мекен ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам.

 

жылуы мол
жүрегі күн
алақаны аялы
 

 

 

 


тілегі шексіз                                                                                                                                                 

Ана мейірбан
өмірі шырақ
 

 

 


  

 

жүзі шапақ
жаны нұр
 

 

 

 


Жүрегі – күн, жаны – нұр, жүзі – шапақ,

Ана – мақтан, ана – өмір, ана – атақ.

Ана – дәуір, ана – абырой, ана – жауһар,

Олармен күн кешудің өзі ғажап.

 

 

Қызыл түс – қуаныш,

Жасыл түс – тіршілік,

Сары түс – күн шуағы.

   Мұғалім: Оқушылар, аналар жайында сендерге сұрақ қояйын.

1.     Ұлы даланың даңқын, еркіндігін қорғаған, рухы биік жандар, сайын сахараның   

падишалары атанған аналарды ата.

-         Сүйініш, Гауһар.

2.     Өткен ғасырдың ортасында бүкіл әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік

 соғыста қазақ қыздарына тән қайсарлықты қайта жаңғыртқан қос жұлдыз.

-         Әлия, Мәншүк.

3.       Әдебиет арқылы сан ғасырды көктей өтіп, бүгінгі күнге аты аңыз болып жеткен кейіпкерлер.

-         Қыз Құртқа, Қыз Жібек, Ақжүніс, Баян, Айман, Гүлбаршын, Айша бибі, Данагүл.

4.   Бүкіл бір халықтың анасына айналған қасиетті аналар.

-     Домалақ ана, Белең ана, Жұбан ана, Бегім ана, Болған ана.

 

3.   Ана ұлылардың көзімен.

    Ананың берген тағылымына ешқандай бақ-дәулет те, хан қаһар да, батырдың абыройы да теңесе алмайды. Осындай ананы құдіретті ұлылар қалай суреттеген екен?

    О.Бальзак: «Адамдар – әрқашан да өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды».

    В.Белинский: «Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді».

    Н.Пирогов: «Әйелдер адамды жас кезінен баулиды. Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады».

    Дулат Бабатайұлы: «Ата-ананың ақылы – салулы қара жолмен тең».

    Абай: «Әйел сұлу болмайды көркіменен, мінезіне көз жетпей көңіл бөлме».

    К.Д.Ушинский: «Әйелдің өз перзентін үйретіп, өсіруге ұмтылуы қанында бар және онда мұнымен бірге осыған сай қабілет бар».

    В.А.Сухомлинский: «Әйел затының ерлігі мен қажырлығы ер азаматқа бекзаттық, сұлулық, ақниеттілік, адамдық қасиеттерін бітіретінін мен мың сан мәрте көз жеткіздім».

    В.Гюго: «Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол сәби үшін ең жылы ұя».

    Қорытынды.

    Мұғалім: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деген: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де бірегейі – біздің қазақ». Ендеше біз де барша аналарға қуаныш пен бақыт тілейікші. Балаларының ер жетіп адам болуын тілейікші. Себебі анаға одан артық тартудың қажеті жоқ.

    Ислам діні – әйелді ер адамның жай ғана бір баламасы немесе бақылаушысы емес, қайта оны ер адамның бүтіндеушісі, толықтырушысы есебіндегі айнымас бір бөлігі деп бағалаған.

    Расында Исламның әйелге деген құрметі – әділеттіліктің ең биік үлгісі. Алла Тағалла әйелге отбасы мен ошақ қасын, ал ер адамға қоғамдық өмірді бұйырған да, әйелге адамды, ұрпақты тәрбиелеу сияқты ең ізгі міндетті тапсырған.

    Хадис: Мұхаммед (с.а.у.) айтқан «Жәннат аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.

    Ұлтымыздың бүкіл ұлағат өрісі – аналар. Сіздердің Мейірім шуақтарыңыз жарқырап, шұғылалы сезім сәулелеріңізбен нұрландырып, даналықтың бастауы бола беріңіздер деген тілекпен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "ана" мерекелік шара"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по автотранспорту

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 516 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.08.2020 909
    • DOCX 83.9 кбайт
    • 37 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Афонина Анна Витальевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Афонина Анна Витальевна
    Афонина Анна Витальевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 89143
    • Всего материалов: 210

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 88 человек из 34 регионов

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 90 человек из 33 регионов

Мини-курс

Музыка в мире: народные и культурные аспекты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Формирование здоровых детско-родительских отношений: влияние и преодоление сепарации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 115 человек из 39 регионов

Мини-курс

Брендинг и архитектура бренда: создание уникальности и цельности в маркетинге

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе