Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации
версия для слабовидящих
Главная / Начальные классы / Тәрбие сағаты:"Қылмыстың өтеуі жаза"

Тәрбие сағаты:"Қылмыстың өтеуі жаза"

білімділік: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;

дамытушылық: оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету;

тәрбиелік: оқушыларды мейірімділікке,қайырымдылыққа,кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

-мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

-мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ –жауап,әңгімелеу.

Көрнекі құралдар: Бейнефильм, слайдтар,оқулық,суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

-оқушылардың назарын сабаққа аударту;

-психологиялық дайындық;

-шаттық шеңбері,сәлемдесу.

Мұғалім:

-Саламатсыздар ма құрметті оқушылар және ұстаздар!Бүгінгі біздің өзін-өзі тану пәнінен «Мейірімділік-асыл қасиет» тақырыбындағы ашық сабағымызға қош келдіңіздер.Сабағымызды бастау үшін балалар барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық. Енді балалар менің айтқанымды қайталап қимылмен көрсетеміз. (баяу музыка қосылып тұрады)

Мұғалім:

-Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)

Қуанасың сен де, (көршісін көрсетеді)

Қуанайық достарым, (қолдарынан ұстайды)

Арайлап атқан күнге. (қолдарын көтереді)

Ән: «Күлімде, күн, күлімде»

Мұғалім:

-Балалар бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп қол соғып қояйық.

Үй тапсырмасын тексеру:

-Балалар сендерге үйге тапсырма достарыңды,мұғалімдеріңді, өзін-өзі тану оқулығын жарнамалау берілген, кім үй тапсырмасын айтуға дайын?

(оқушылар жауабы тыңдалады)

Жаңа сабақ:

-Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Мейірімділік-асыл қасиет», Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі , сол туралы білеміз.

-Балалар сендер мейірімділік дегенді қалай түсінесіңдер?

(балалар жауабы)

Мұғалім: Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

Енді балалар оқулықтарымызда «Сары тауық пен балапандары» деген әңгіме бар,сол әңгімені мына тақта арқылы көреміз, қазір барлығымыз осы тақтаға назар аударайық. (Әңгіме балаларға мультфильм түрінде көрсетіледі)

Сұрақтар:

1. Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?

2. Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?

3. «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

(балалар жауабы)

Мұғалім:

Тапсырма: (интер-белсенді тақтамен жұмыс)

-Сары тауық өзінің бойында бар, қандай жақсы қасиеттерді балапанына үйретті? Сол жақсы қасиеттерді балапанның бойына жабыстырамыз, ал қандай жағымсыз қасиеттер балапанның бойында болмау керек соларды себетке саламыз.

«Болады-болмайды» тренингі

(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)

-Мейірімді болуға .... (болады),

Кешірімді болуға .... (болады),

Қатыгез болуға .... (болмайды),

Тәртіпті болуға .... (болады),

Әдепті болуға .... (болады),

Ұрысқақ болуға.... (болмайды),

Сыпайы болуға .... (болады),

Қайырымды болуға .... (болады),

Бұзық болуға .... (болмайды),

Бауырмал болуға .... (болады),

Ақылды болуға ..... (болады),

Мақтаншақ болуға .... (болмайды),

Шыншыл болуға .... (болады),

Арам болуға .... (болмайды),

Маман болуға .... (болады),

Жаман болуға .... (болмайды),

Айтпақшы,

Жаман болуға ....! (болмайды).

Мұғалім:

-Балалар жаңа өздерің мультфильмде көргендей сары тауық балапандарына бір-біріне адал, қамқор,мейірімді болуды үйретіп жатыр, ал сендерге балалар жақсы болуды, мейірімді болуды кім үйретеді?

(оқушылар жауабы)

- Дұрыс балалар, сендерге мейірімді болуды мектепте ұстаздарың, үйде аналарың үйретеді. Ендеше сол өзіміздің аналарымыз туралы айтайық, ол қандай адам? (баяу музыка ойнап тұрады)


кішіпейіл мейірімді бауырмал

hello_html_m34759a61.gifhello_html_m7921e772.gifhello_html_m3eb527a.gif


hello_html_1dce58e7.gifhello_html_7e08aad7.gifсыпайы кешірімді

Ана

hello_html_70300d12.gifhello_html_126484ae.gifhello_html_m410d31e9.gif



әдепті жақсы жанашыр


Дәйексөз:

Мұғалім тақтадағы «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді.

Ана - халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші - Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.

Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады)

Күлімдеген .... мейірімді. (күн)

Кіршіксіз ақ .... мейірімді! (қар)

Таза мөлдір.... мейірімді! (су)

Бәрімізді көтеріп түрған .... мейірімді! (жер)

Аяулы .... мейірімді! (анам)

Қадірлі .... мейірімді! (әкем)

Әлпештеген .... мейірімді! (әжем)

Еркелеткен .... мейірімді! (атам)

Жылы жүзді .... мейірімді! (ұстазым)

Тату-тәтті .... мейірімді! (достарым)

Жағдаяттарды шешу:

1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?

2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай шықты , сен не істер едің?

3-жағдаят: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?

4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?


Мұғалім:

-Балалар сендер өздеріңді мейірімді баламын деп санайсыңдар ма? Ендеше бәріміз бірге «Мейірімділік ағашын» өсірейік, ол үшін сендер өздеріңді не үшін мейірімді санайтындарыңды айтып, «мейірімділік ағашына» жемістерді ілеміз.

Сабақты бекіту:

-Балалар бүгін сабақта адам бойындағы тағы бір асыл қасиет мейірімділік туралы білдіңдер. Осы сабақта өздеріңе не алдыңдар, үйрендіңдер?

(оқушылар жауабы)

-Дұрыс балалар, адамдар бір-біріне әрқашан қамқоршы, адал, қиын жағдайда қол ұшын беруі керек, әр күнін күлімдеп қарсы алып, өзін қоршаған адамдарға,бауырларына мейірімділік таныта білуі керек.

Үйге тапсырма:

-«Мейірімділік» кестесін толтырыңдар. Бірінші бағанға-мейірімді істердің,екінші бағанға-мейірімді адамның қасиеттерінің тізімдемесін жасаңдар.

Бағалау:

-Балалар сіздер бүгін сабаққа барлығыңыз өте жақсы қатыстыңыздар, сондықтан мен сендерге алғысымды айтып, «мейірімділік гүлін» сыйлағым келіп тұр. (оқушыларға түрлі-түсті қағаздардан қиылған гүлдер беріледі)

«Жүректен-жүрекке» шеңбері

-Балалар барлығымыз шеңберге тұрып бір-бірімізге жүрек жылуын білдірейік. Балалар бір-біріне кезектесіп есімдеріна сай жылы сөздер айтады, мысалы «Ғазиза сен ғажайыпсың, Ақжол сен ақкөңілсің т.б».

Рахмет осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар.

  • Начальные классы
Описание:

Еліміздің төл Конститутция Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет деп жариалаған. Құқықтық мемлекет құру үшін қоғамның құқықтық мәдениеті болу керек.

Құқықтық мәдениеттің басты элементтері құқықтық сауаттылық пен азаматтардың заңды сыйлап, оны орындауы болып табылады. Құқықтық мемлекет құру жас жеткіншектерден басталады, өйткені болашақ қоғам ұрпақ қолында.

Скачать материал
Автор Белхаирова
Дата добавления 26.01.2017
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров 526
Номер материала MA-069791
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

Популярные курсы