Мұғалім: Сәлеметсіздер ме оқушылар? Бүгінгі біздің тәрбие
сағатымыздың тақырыбы: «Салауатты өмір салтын сақтайық» деп аталады.
Адамның басты байлығы – денсаулық. Денсаулық
дегеніміз, адам ағзасының қалыпты дұрыс жұмыс істеуі. Денсаулық-адамға табиғат
берген басты құндылық. Денсаулықты нығайтудың негізгі тәсілдерінің
бірі-Салауатты өмір салтын сақтау.
Медбике: Жеке бас гигиенасы – бұл адамның жеке мүшелерін
күтуде тазалық ережелерді орындау арқылы өз денесінің тазалығын сақтай білуі.
Олардың барлығы да маңызды. Егер сен олардың барлығын жаттап, есте сақтайтын
болсаң, ешқашанда ауырмайсың, әрі сүйкімді, әрі мықты боласың.
1-оқушы: Тамаққа әр түрлі тағам өнімдерін пайдаланған
тиімді. Олардың бірінің құрамында дәрумендер көп болса, екіншісі ағзаның күшті
болуына көмектеседі. Әрқашан тамақтанудың негізгі ережелерін сақта.
2-оқушы:
Қолыңды сабындап жу.
Қисаймай, түзу отыр.
Қасықты оң қолыңмен ұста.
Тамақ ішіп отырып сөйлеме, күлме, кітап, газет оқыма.
3-оқушы:
Шамадан тыс тойып ішпе.
Нанды үзіп же.
Тамақтан соң, ауызыңды шай, қолыңды жу.
4-оқушы: Тұр
асқа бата беріп,
Ас же, іш,
Бойға сіңіріп,
Ас ішсең толасың,
Аман-сау боласың,
5-оқушы: Ас-адамның
арқауы,
Ас пен күш артады.
Тағам іш жағымды,
Тазартар жаныңды.
Мұғалім: Денсаулықтың
тағы бір дауасы-таза ауа. Табиғат-ананың адам ағзасының жетілуіне тартар сыйы
көп.
6-оқушы: Жер шары-дәу әлем.
Қоршаған ауамен.
Ауамен тыныс ап,
Өсті өмір, ырыс-бақ.
7-оқушы: Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
-Қане, балалар жұмбақтар шешіп табиғи дәрумендерді табайық!
8-оқушы: Бүрі, бүрі, бүрі бар,
Күн келбетті түрі бар. (Күнбағыс)
9-оқушы: Аспай піскен,
Қайнамай піскен. (Жемістер)
10-оқушы: Іші жұмсақ, сырты
қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті. (Қарбыз)
11-оқушы: Аласы ғана бойы бар,
Тоғыз қабат тоны бар. (Орамжапырақ)
12-оқушы: Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты. (Алма)
13-оқушы: Жерге қазық қақтым,
Басына айдар тақтым. (Сәбіз)
14-оқушы: Ай бұтаққа ілінеді,
Айтыңдаршы кім біледі? (Алмұрт)
15-оқушы: Дөп-дөңгелек доптай,
Іші қызыл шоқтай,
Дәмін татып көрсең,
Одан дәмді жоқтай. (Анар)
16-оқушы: Іші сұлу, сырты
түкті. (Шабдалы)
17-оқушы: Жеп көріп ем өзін
мен,
Жас шығырды көзімнен. (Пияз)
18-оқушы: Бақшаның алып жемісі,
Қайнамай піспес кемісі.
Қоңыр күзге сақтайды,
Сары майдай ел іші. (Асқабақ)
Мұғалім: Атмосферадағы зиянды сәулелер, радиация, газ,
шаң-тозаң – бәрі ағзаға әсер етеді, ауаны ластайды. Адам денсаулығы олардан
зардап шегеді. «Адам азса, заман тозады», оны жаңғырту да, құрдымға құлдырату
да өзімізге байланысты.
Медбике: Арақ ішу, темекі тарту, есірткіге бой ұру –
мұның бәрі де адамның денсаулығына зиянды заттар. Күні кешеге дейін «нашақор»
деген атау қазақ ұғымында болған емес. Маскүнемдік те бізге жат еді. Ластықтан
жиіркенетінбіз. Егер міне, деректерге жүгінсек, республика бойынша 20 мыңнан
аса нашақордың бар екені анықталып, тіркеуге алыныпты. Бұл – елімізді жайлаған
үлкен дерт түпсіз құрдым.
Нашақорлық жойылсын!
«Емдеуші нашақор мен тілші» атты көрініс.
19-оқушы: Спортпен шұғылданған
адамның денесі шымыр болады. Мұндай адамның суық тиіп ауыруы сирек . Спорт
ойындарының түрлері: шаңғы тебу, хоккей, коньки тебу, футбол, волейбол,
баскетбол, т.б. бар.
20-оқушы: Денім сау болсын десең –
спортпен шұғылдан!
Мұғалім: Денсаулық мықты болу
үшін – үйқының да орны ерекше.
21-оқушы: Адамға су, ауа, ас қалай
қажет болса, ұйқы да сондай қажет. Дені сау бала тәулігіне 10 сағат ұйықтау
керек. Бала кешкі сағат 9-да ұйқыға жатып, таңертең сағат 7-де тұру керек.
22-оқушы: Академик И.Павловтың айтуынша, ұйқы жүйке жүйесінің «құтқарушысы», ол
ең алдымен миды тынықтырады.
23-оқушы: Ұйқы – адам өмірінде аса
қажетті нәрсе, ұйқысыз өмір сүру мүмкін емес. Сенің көңіл-күйіңмен денсаулығың
сенің қалай ұйықтағаныңа байланысты.
Мұғалім: Денсаулықты нығайтуда,
жұмысқа қабілеттілікті арттыруда және суық тиюден сақтандыруда ағзаны
шынықтырудың маңызы зор.
24-оқушы: Шынығуға табиғи күштер:
күн сәулесі және ауа пайдаланылады. Шынығу ауа райының жағымсыз
себеп-шарттарына ағзаның қарсылығын арттырады.
25-оқушы: Су – табиғат байлығы,
Өзен-көлге барғайсың.
Кемі екі рет әр күні,
Суға түсіп алғайсың.
26-оқушы: Кейбір тосын істің де
Пайдасы зор білгейсің.
Жалаң аяқ қар үстінде,
Бірер минут жүргейсің.
27-оқушы: Әуес болып шылымға,
Қылыққа жаман ұрынба
Жамандық саған жабысып,
Ісің кетер құрдымға.
1-оқушы: Шашыңды сап аузыға
Тырнағыңды тістеме.
Жетелейтін ауруға,
Мұндай қылық істеме.
Пайдалы кеңестерді тыңдайық!
2-оқушы: Ұйқыңнан ерте
тұру,
Жадырап, жарқың күлу,
Әдетің болсын әрқашан,
Жаттығу жасау, жуыну.
3-оқушы: Салтымызға
жауыққан,
Ішпе ішімдік, шектегін.
Саулығыңа қауіпті,
Темекі де шекпегін.
4-оқушы: Ертеңгілік асты
ішкеннен соң,
Таза ауамен мектепке беттеген жөн.
5-оқушы: Қабақ түйсең саған
ешкім қарамас.
Жылы сөйлеп, барлығымен амандас.
6-оқушы: Барлық жанға
жолыққан,
Амандасып жүргейсін.
Адамдықты ту етіп,
Адал өмір сүргейсін!
7-оқушы: Аман болса бұл
басым,
Тағы шығар бұл шашым.
Бәрі бірге:
Жағымсыз әдеттер, кедергі келтірсе,
Бірімізге біріміз көмек бере жеңеміз.
Саусақ салып ауызға, тырнақты тістемей,
Жуылмаған жемісті біз жемейміз,
Бірге жүріп, жағымсыз әдеттерді ұмытамыз
Бір ауыздан бәріміз тазалықты құптармыз.
Медбике: Тамақтану-адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік.
Біздің денсаулығымыз көбінесе тамақтануымызға байланысты. Адам үнемі күш-қуат
жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін ол дұрыс тамақтана білуі тиіс. Салауатты
өмір салтын ұстанайық балалар.
Мұғалім: Балалар, бүгінгі жиында денсаулық жайлы
қараған мәселені келешекте тиымды пайдалансақ, салауатты өмір сүреміз.
Денсаулықтарың өз қолдарыңда екенін ешқашан ұмытпаңдар!
№19 орта мектебі
«Салауатты өмір салтын сақтайық»
тәрбие сағаты
Класс: 6 «Ә»
Өткізгендер: класс жетекші Китигулова Ж.А.
медбике Смайлова Э.С.
2015-2016 оқу жылы
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.