Инфоурок Начальные классы КонспектыТәрбие сағаты "Өмірдегі барлық жылу- адамнан" (2-сынып)

Тәрбие сағаты "Өмірдегі барлық жылу- адамнан" (2-сынып)

Скачать материал

1.Жақсылықтан үйреніп                                                  6.Жақсы бала еңбекшіл

 Боламыз біз жақсы адам                                                 Ер азамат болады.       

Жамандықтан жиреніп                                                    Қиындықты жеңіп кіл

Үлгі аламыз жақсыдан.                                                    Құшағы гүлге толады.

 

2.Анаң- күнің жүрегің                                                  7.Таза бала мұнтаздай

Әкең – өмір тірегің                                                        Сүйсінеді қараған

Сен бақытты ұлансың                                                   Ұқыпты деп бұл қандай

Бәрі саған қуансын.                                                       Жақсы көрер бар адам

 

3.Шындықты сақтаймыз                                         8.Қайырымды жандар айнала

Шыншылды жақтаймыз                                            Шеңберге келсін жайлана

Шаршы топ алдына                                                    Жалықпастан қайта біз

Шығарып мақтаймыз.                                                Махаббат сөзін айтамыз.

 

4.Ата-ананың тілегі                                                               

Адам  болып өскенің

Адамдықтың тірегі

Адал болып өскенің

 

5.Әдептілік дегенің                                       9.Сүйеміз барлық ананы

Әрқашанда қорегің                                        Жүрегім оттай жанады               

Әсемпаздық дегенің                                       Бақыттымыз осы біз

Әуре-сарсаң әлегің                                         Қасымызда досымыз.       

 

Ашық тәрбие сағаты:  Өмірдегі барлық жылу –адамнан.  /2-сынып/

Мақсаты:1.Мейірімділік туралы балаларға түсінік беру.

                   2.Күнделікті өмірде осы қасиеттерді қолдануға үйрету.

Көрнекілігі: 1.Мейірімділік- асыл қасиет. /Мақал/

                       2.Мейірімділікті анадан үйрен. /Халық даналығы/

                       3.Қайырымдылық- жылы жүректен. /Халық даналығы/

Ақботаның қоржынынан шыққан сөздерге арнап балалар тақпақтарын айтады. /Жақсылық, адалдық, шыншылдық, еңбекқорлық, ұқыптылық, қамқорлық, мейірімділік, сүйіспеншілік, әдептілік/.

1.Жақсылықтан үйреніп                                              6.Жақсы бала еңбекшіл

 Боламыз біз жақсы адам                                                 Ер азамат болады.       

Жамандықтан жиреніп                                                    Қиындықты жеңіп кіл

Үлгі аламыз жақсыдан.                                                    Құшағы гүлге толады.

2.Анаң- күнің жүрегің                                               7.Таза бала мұнтаздай

Әкең – өмір тірегің                                                        Сүйсінеді қараған

Сен бақытты ұлансың                                                   Ұқыпты деп бұл қандай

Бәрі саған қуансын.                                                       Жақсы көрер бар адам

3.Шындықты сақтаймыз                                        8.Қайырымды жандар айнала

Шыншылды жақтаймыз                                            Шеңберге келсін жайлана

Шаршы топ алдына                                                    Жалықпастан қайта біз

Шығарып мақтаймыз.                                                Махаббат сөзін айтамыз.

4.Ата-ананың тілегі                                                               

Адам  болып өскенің

Адамдықтың тірегі

Адал болып өскенің

 

5.Әдептілік дегенің                                    9.Сүйеміз барлық ананы

Әрқашанда қорегің                                        Жүрегім оттай жанады               

Әсемпаздық дегенің                                       Бақыттымыз осы біз                                                        Әуре-сарсаң әлегің                                         Қасымызда досымыз.       

 

Кіріспе:

Күй сазымен мейірімділік туралы әңгіме тыңдау:

Бір мазасыз балапан өмір сүріпті. Күндердің күнінде ол анасынан «Мейірімділік деген не?- деп сұрапты». «Сен әлі кішкентайсың. Өскеннен кейін түсінесің»,-деді анасы. Бірақ балапан шыдамсыз еді.Ол жауапты тезірек  білгісі келіп жолға шығады. Жолда ол жылап жүрген ешкіні кездестіреді. Ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып алуға көмектесуін сұрайды. «Менде уақыт жоқ деді балапан,- мен мейірімділіктің не екенін білуім керек» - дейді де әрі қарай жүгіріп кетеді. Шалғайдан қыз баланы кездестіреді,  ол ағашқа ілініп қалған шарды ала алмай жүреді. «Балапан, балпан маған шарды алуға көмектесіп жіберші» ,- деп сұрайды қыз. «Менде уақыт жоқ деді балапан,- мен мейірімділіктің не екенін білгім келеді». «Ал мен білемін. Менің анам әрдайым қайырымды адамдар туралы  әңгіме айтады».  «Маған да айтшы»- деді балапан. «Бірінші сен шарды  алып бер». Балапан ұшып барып шарды алып береді. «Мінеки сен қайырымды іс істедің. Мейірімділік деген осы». «Қандай оңай?» –деп таң қалды балапан.                         Негізгі бөлім                                                                                                                   Сұраққа жауап /әңгіме/                                                                                                    а/мейірімділік деген не?                                                                                              ә/неге мейірімді болу керек?                                                                                               б/қалай мейірімді болуға болады?                                                                                Мейірімділік –ол басқалардың игілігіне қамқор болу. Қайырымды болу- жердегінің бәріне қамқорлық жасау дегенді білдіреді. Мейірімділік адамдармен, табиғат және жан-жануарлармен қарым-қатынаста байқалады, айқындалады.  Мейірімді болу деген адамдарға қамқорлық жасау және де қоршаған ортаға, өзіңе жасағаннан артық болмаса, кем қамқорлық жасамау.

2. «Кім мейірімді болғысы келеді?» ойыны

/Әріптерден « Мейірімділік»  сөзін кім тез құрастырса, сол мейірімді оқушы атанады./

3. «Құпиялы қасиет» ойыны

Барлық балалар бір шеңберге тұрады. Қолдарын алдарына қарай бір-біріне тигізіп, созады. Мұғалім қолында мейірімділік қасиетін білдіретін белгі ретінде тиын /монета/ ұстап тұрады. Мұғалім екі алақанының арасындағы тиынды балалардың алақандарына салған сияқты тигізеді де былай дейді: «Айжан мейірімді», «Асқат мейірімді» т.б. Балалардың әрқайсысы өзінің алақанына тиынды салғандай алақанын жабады. Мұғалім шынында тиынды бір оқушының алақанына салады. Мұғалім барлық балаларды шеңбер бойымен аралап өтеді. Балалардың біреуі тиын кімде екенін шешуге тырысып, былай деп айтады:  «Айжан өте мейірімді». Сонан кейін Айжан алақанын ашады да, тиын бар ма, жоқ па екенін көрсетеді. Балаларға тиын кімде екенін табуға үш мүмкіндік беріледі.

4.Жағдаяттарды шешу /топтарға тапсырма: балалардан әртүрлі жағдайда қандай әрекет жасайтынын сұрау/

1.Сенің шешең жұмыстан шаршап келді. Сен  мейірімді болсаң не істер едің?    2.Даладан сен қанаты сынған құс көрдің. Сен  мейірімді болсаң не істер едің?    3.Көшеде саған кәрі атай кездесіп, сенен дәріханаға дейін шығарып салуын сұрады. Егер сен  мейірімді болсаң не істер едің?

Мұғалім: Мейірімді адам өзге адамға, туған-туысқандарына, табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады.                             Адам өзін және өзгелерді жақсы көру арқылы өмірін қуаныш пен шаттыққа, махаббат пен бақытқа бөлейді.

Күй сазында мұғалім  келесі сөздерді іштерінен қайталауды сұрайды:                Мен мейірімдімін. Мен барлық адамдар мен жан-жануарларға қайырымдылық жасаймын. Мен өзімнің қолымнан келгенше басқаларға көмектесемін. Мен сөзбен ғана емес, шын мәнінде мейірімді болуға тырысамын.

5.Жетістікке жету қадамдары / «Мынадай адамды мейірімді деуге бола ма?»   -балалар  «иә» не  «жоқ»  деп жауап берулері керек/.

а/ қыста құстарға үйшік жасаса

ә/әрқашан кімге көмек керек екенін сезіп жүрсе

б/ құстарды таспен атса

в/шешесіне кішкентай інісін бағуға көмектессе

г/күнде кәрі әжесі үшін дүкенге барса

ғ/ағаштың бұтақтарын сындырады

д/өзге адам ауырғанда көңіл бөлмейді

6. «Тиінге жаңғақ жинауға көмектес» ойыны

7. Дәйексөзді жаттау:

«Сөз жүзінде ғана емес, шыныменен мейірімді болыңдар».

8. «Ата-анаға құрмет» атты бейнеролик көру.

9. Жүректен шыққан  мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық сезімдері кімдерге, нелерге арналатынын жүрекшелерге жазу арқылы сабақты қорытындылау.

10. Хор « Анашым»   /Мейірімділікті анадан үйрен/

 

Өткізген:  Есқалиева Рыс Қызылғұлқызы /бастауыш сынып мұғалімі/

Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі

Түпқараған ауданы, Маңғыстау облысы

205-2016 оқу жылы, қаңтар.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Өмірдегі барлық жылу- адамнан" (2-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор по маркетингу

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Долысын-ай боранның Тұлыбыма орандым.Кімге қамсау тұлыбың От жағалық құлыным.Деді апам бара ғой. Бірер шөрке жара ғой.Жеңіл- желпі киініп Белді буып түйіініпЖұмысқа тез кірістім Мол жаруға тырыстымСалдым күшті мен шындап Бірте-бірте шым- шымдапБойға жылу тарады, Апам маған қарады.Деді сосын ерледің, От жақпай-ақ терледің.Жылуы бұл жұмыстың Қызуы ғой бұл істің.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 383 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.05.2020 444
    • DOCX 19.2 кбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Малиновкина Ольга Валерьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Малиновкина Ольга Валерьевна
    Малиновкина Ольга Валерьевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 85249
    • Всего материалов: 248

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 091 человек

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 827 человек

Мини-курс

Figma: основные принципы дизайна и композиции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Аспекты эмоционального благополучия и влияния социальных ролей на психологическое состояние

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе