Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыТӘРБИЕ САҒАТЫ: 1 МАМЫР ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ "БІР ЕЛ-БІР ТАҒДЫР"

ТӘРБИЕ САҒАТЫ: 1 МАМЫР ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ "БІР ЕЛ-БІР ТАҒДЫР"

Скачать материал

Еңбек негізгі мектебі

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сағаты: 1 мамыр ҚР халықтарының бірлігі күні «бір ел-бір тағдыр»

 

 

Өткізген: Ибрайханова А.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еңбек ауылы-2015 ж.

 

АЛҒЫ СӨЗ

 

«Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз...

Тату елге тыныштық орнайды, бейбiт елде ғана береке болады...»

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

 

         «Бірлік – берекеге, береке – мерекеге жеткізеді»,- деп дана халқымыз айтқандай, алдымызда 1- мамыр мерекесі келе жатыр. Міне, тәуелсіз Қазақстан халқы кезекті Бірлік мерекесін тойламақ. 1 - мамыр бұрындары халықаралық ынтымақ күні ретінде мерекеленсе, қазір елімізде өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың татулығы мен достығы күні ретінде аталады.  

         Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.  "Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.

         Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

 

 

 

 

 

 

«Бір ел – бір тағдыр»

Xалықтар достығы фестивалі

            Жүргізуші: Құрметті қонақтар, мұғалімдер және оқушылар! Бүгінгі 'Бір ел-бір тағдыр" атты мерекелік кездесуге хош келдіңіздер! Сіздер білесіздер, кең байтақ Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл қазақ халқының ұлылығынан, "Кең болсаң, кем болмайсың" дегендей қазақ халқының пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.

            Жүргізуші:

Қазақ осы - айтатұғын елге сыр,

О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,

Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.

Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,

Қазақ осы - өнер алды тіл дейтін.

Қазақ осы - карасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін, - деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз. Сол айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздерге мәлім. Бүгінгі кездесуіміз - Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластығымыз. құрметтілігіміз, парасаттылық пен имандылығымыздың айғағы.

            Кездесуді бастауға рұксат етіңіздер! Енді қонактарды таныстырып өтейін. Қонақтарды таныстыру. /орыс, қазақ, өзбек, үнді, сыған,түрік, корея ұлттары/.

            Ән: "Атамекен ".

Жүргізуші: Сіздерге әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар. Казкенов Е.Ж., Нұхай Н., Амангельдинова Д.У.

Құрметті әділ қазылар алдарында тұрған ұлттық тағамдарға назар аударып, өз бағаларын қойындар.

Жүргізуші: Түріктер сталиндік репрессия кесірінен Грузияның оңтүстігі Месхет деген жерден Қазақстанға жер аударылған. Түрік мәдени орталығы Алматыда 1991 жылы кұрылған.

Алдарыңызға түрік ұлттык-мәдени орталығының өкілін шақырамыз, қарсы алыңыздар! 

Түрік мәдени орталыгының өкілі қазақ тілінде өлең оқиды.

Түркістан Түркістан - екі дүние есігі ғой,

Түркістан - ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған,

Түріктің Тәңір берген несібі ғой.

Ертеде Түркістанды Тұран дескен,

Тұранда ер түрігім туып өскен.

Тұранның тағдыры бар толқымалы,

Басынан көп тамаша күндер кешкен.

Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе,

Түрікке азаматта ел жеткен бе?!

Кең ақыл отты қайрат, жүйрік қиял,

Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?

 

Жүргізуші: Ендігі сөзді сыған ұлтына берейік.

 

 1-жүргізуші:

Бұралып гөзел біздің билегенде,

Өзбектің асқақ әні тербегенде,

Қол соқпай дәті шыдап тұра алар,

Құрбылар, айтындаршы қандай пенде?! Өзбек ұлтының өкіліне сөз берейік.

            Өзбек ұлтының өкілі: Өзбекті сарт деп те атайды. Ең алдымен өзіміздің Қазақстан Республикасының азаматы болғанымды мақтан тұтатынымды айтқым келеді. Қазақ пен өзбек бір тамырдан шыққан халықпыз ғой, қыз алып, қыз берісіп, тату-тәтті өмір сүрудеміз. Жүрегі кең, бауырмал қазақ елінен өз тарапымызға айтылған ауыр сөз, бөтен ой естіген емеспіз. Мен елімнің амандығын, осы бетпен алға жүре беруін тілеймін!

            "Өзбек биі" орындалады.

 

 

Жүргізуші: Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

Ортақ бізге бір Отан,

Еңбек ортақ, жыр ортақ.

Ортақ бізге барлығы,

Байлықгың ең үлкені — халықтар достығы.

Ортаға қазақ ұлтының өкіліне сөз берейік.

Өлең жолдары айтылады, «Саржайлау» биі

Жүргізуші: Сөз кезегі үнді мәдени-орталығына беріледі.

 

 

Жүргізуші: Кәрістер коре сарам, часон сарам, ханчук сарам болып үшке бөлінеді. Кәрістердің Қазақстанға келуі сол сталиндік репрессия кезінде Қиыр Шығыстан депортацияға ұшырауынан басталады. (Осы кезде бір бала шығып корей ақыны Ен Сен Неннің өлеңін оқиды)./ортаға кәріс өкілдері шақырылады/

            1937жыл еді.

Поезд жүйткіп келеді.

Терезеден тұрмын қарап таңдана:

Дала, дала, кең дала.

Содан кейін азаптан торыққаным есімде,

Содан кейін қазақтарға жолыққаным есімде.

Құшақ жайып қарсы алғаны есімде,

Құрмет қылып ән салғаны есімде.

Жоқ, ұмытпан,

¥мыта алман жандарды ол,

Достықтың отымен жүрегімді жылытқан.

Қазакстан! Гүлстан! Ғажапстан! Күнстан!

Жеттім сенде арманыма аңсаған.

Қарыздармын. Бас иемін мен саған.

Бас иемін сенде туып,

Сенде ержетіп оқыған,

Саган келіп ес жинаған өзімдей

Кәрістердің атынан.

Жүргізуші: Бәрекелді, қандай өлең! Ортаға орыс ұлты шақырылады.

Орыс мәдени орталығының өкілі: Алматы облысына қарасты Орыс мәдени орталығы 1992 жылы құрылған еді. Содан бергі кезде біздің орталық өлке жұртшылығының баянды тірлік құруы үшін аз еңбек сіңірген жок. Әрине, негізгі максатымыз - славян мәдениетін дамытуға, орыс тілін оқытуға, ұлттық салт-дэстүрімізді насихаттауға бағытталған. Біз елімізде ешқандай қақтығыс, төңкерістің болмағанын қалаймыз. Қазақстан әркашанда осындай тұрақты қалыпта болып, төбемізден күн күліп тұрса екен дейміз. Басқа бізге түк керек емес.

            Барлық мерекелерде басқа халықтармен бірге өзіміздің өнерімізді көрсетіп, ән салып, би билеп, той тойлаймыз. Біз үшін басты мәселе - өзара түсіністігімізді дамыту. Қазақстан жасасын!

 

Жүргізуші: Бүгінгі кездесуіміз өте көңілді өтті деп ойлаймын. Қазақта "Отаны бірдің - тілегі бір, жүрегі бір" деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа болса да Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, дүние жүзі мойындап отырған Қазақстан атты еліміз! Бұл кездесуге жас ұрпақтың өкілдері де келіпті. Олар өздерінің Отан туралы ой-толғамдарын ортаға салуды жөн керді.

            Мирас:

Қайсарлығы қара тасты үгіткен,

Қаһарынан қас дұшпаны үріккен.

Қайрымдылығы тас жүректі жібіткен,

Арғы тегі Алаштан тараған, керегесін ағаштан кұраған елміз.

Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз.

Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз.

            Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанның жұпарын иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз.

            Шыдамның шегіне жеткенде, намыс оты еті түгілі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарай анталап тұрған жаудың алысқанының аузына ұрып, жұлысқанының жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз.

            Жүргізуші: Атырау-Алтай арасын, Алатау-Арқа даласын, Ана сүтін арда емген ақ пейіл қазақ баласы баяғы заманнан ата-жұрттың киесі қонып, осы даланың иесі болып келеді. Қазақ қазақ болғалы нені бастан кешпеді, жалындаған намысына су бүрікті, өшпеді, қылбұрау сап шыңғыртты, сағынды талай сындыртты. Өз ішімізден шыққан алауыздықтан бірін-бірі абақтыға тықкан күнді де көп көрдік. Талайды бастан өткердік. Тырнағын ішіне бүгіп келгенге сендік, бодандыққа үгіттегенге ердік. Ұлтының қамын ойлаған алтын айдар ұлдарымызды өз қолымыздан жығып бердік. Бүгінге қанагат, өткенге салауат айтып, жаңағы қаралы жылдар мен жаралы күндерді қарт тарихтың қойнына тапсырдық.

            Зарина: Запыран жұтқан жылдар оралмасын, еліміз жоғалмасын, тоналмасын. Заман тыныш, санаң дұрыс, қайран елім, енді қайтіп көрмесінші бодандықты басың! Тамыры терең рухың тас жарып шықты қайтадан, даламды тербеп байтақ үн, оянып қайта ой-санам, арылып алаң күдіктен, болашаққа үмітпен қарап, өмір атты айдында өрге жүзіп кемеміз, қарқындап есіп келеміз.

            Алина: Қайта оралып өткенім, қайта жанып өшкенім, қайта түлеп көктедім. Ендігі бізге керегі ынтымақты-ырысты, берекелі-бірлікті, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған, татулық туын ұстаған, басынан бағы ұшпаған еліндегі таныштықты, жеріндегі ырыс-құтты сақтайтын, басқа елдер санасатын, түсінісіп жарасатын терезесі тең, керегесі кең ел еді. Алыс-жақын шетелдерде, бабаларым ат ізін салмаған мекендер де Қазақстанды танып, назарына алып жатыр. Бірлігіме әлі талай ел қызығар!

            Әбіш: Себебі сайын дала төріне, Сарыарқаның жеріне, сан ғасырлық тарихы бар елдігімізді білгізіп, Елордамызды тұрғызып алдық. Астананың келбетіне қарасаң, өзгеріс бар орасан. Сән-салтанат сұлулыққа малынған Сарыарқаның нақ төріне салынған көп қабатты зәулім үйлер ормандай, мәңгі биік рухымыз болғандай, ұрпақ үшін бой көтерген қорғандай, Елорданың келбетіне қазіргі қалай тұрсың толғанбай?! Жас қаламыз, Бас қаламыз, Астанамыз өсе берсін өскен сайын ұлтымыздың көгертеді көсегесін!

            Анеля: Намыстан жаратылған нағыз ұлт дара тұрған қазағым өзің едің, қайрылма қанатыңнан, айырылма тіл-дініңнен, арайлы болсын бір күнің бір күніңнен. Ошағың қисаймастан, шаңырағың шайқалмастан түтінің түзу шықсын түндігіңнен. Жас мемлекет саналсақ та, жан берісіп, жан алсақ та, сұқтанған суық көзден ата-жұртыңды аман сақта нар ұлдары қазақтың. Өйткені біздің далаға ынтызар болмайтын кімдер, бүкіл әлем қызығар орнайды күндер. Ананың жасы, Арудың ары, Батырдың қаны төгілген бұл даланы көздеріңнің қарашығындай қорғай біліңдер, бізден кейінгі ұрпақ! Өйткені біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазакстан!

            (Осы кезде кездесуге қатысушылар бәрі бірігіп Қазақстанның Әнұранын орындайды)

            Жүргізуші: Иә, біз қазақ деген көл-дариядай кеңбіз ғой, осыншама халықты шеттетпей, достық қарым-қатынаста, татулықта тұрып жатырмыз. "Кең болсаң, кем болмайсың" деген сөз әр қазақтың көкірегінде сайрап жатқан болар.

Жүргізуші.: Келесі сөз кезегің әзіл қазылар алқасына беріледі.

            Жүргізуші: Әрине, қазақтың қай тойы батасыз аяқталған?! Олай болса, мен бүгінгі кездесуді Оразақын Асқар ағамыздың айтқан батасымен аяқтағым келеді.

Елбасымыз алысты көрсін,

Ел-жұртымыз табысты болсын.

Қыздарымыз сұлу,

¥лдарымыз намысты болсын.

Көршілеріміз тыныш болсын,

Малымыз төлдеп, дастарханымызға ырыс толсын.

Рудан өсіп, ұл өзін сыйлап,

Ала алсын асылын жинап,

Алаштың азаматтары бір ауызды болсын.

Мәдениетіміз мәңгі болсын,

Тұрмысымыз сәнді болсын.

Бәрін айт та, бірін айт,

Дербестігіміз мәңгі болсын!   (Әумин!)

            Барлықтарыңыз дастарханнан дәм алыңыздар! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ТӘРБИЕ САҒАТЫ: 1 МАМЫР ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ "БІР ЕЛ-БІР ТАҒДЫР""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по маркетингу (тур. агенства)

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Еңбек негізгі мектебіТәрбие сағаты: 1 мамыр ҚР халықтарының бірлігі күні «бір ел-бір тағдыр»Өткізген: Ибрайханова А.К.Еңбек ауылы-2015 ж.АЛҒЫ СӨЗ«Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз...Тату елге тыныштық орнайды, бейбiт елде ғана береке болады...»Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ «Бірлік – берекеге, береке – мерекеге жеткізеді»,- деп дана халқымыз айтқандай, алдымызда 1- мамыр мерекесі келе жатыр. Міне, тәуелсіз Қазақстан халқы кезекті Бірлік мерекесін тойламақ. 1 - мамыр бұрындары халықаралық ынтымақ күні ретінде мерекеленсе, қазір елімізде өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың татулығы мен достығы күні ретінде аталады. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. "Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді. «Бір ел – бір тағдыр» Xалықтар достығы фестивалі Жүргізуші: Құрметті қонақтар, мұғалімдер және оқушылар! Бүгінгі 'Бір ел-бір тағдыр" атты мерекелік кездесуге хош келдіңіздер! Сіздер білесіздер, кең байтақ Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл қазақ халқының ұлылығынан, "Кең болсаң, кем болмайсың" дегендей қазақ халқының пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар. Жүргізуші: Қазақ осы - айтатұғын елге сыр,О, ағайын, халық емес ол кесір.Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,Қазақ осы - өнер алды тіл дейтін.Қазақ осы - карасың ба, ақсың ба,Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін, - деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз. Сол айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздерге мәлім. Бүгінгі кездесуіміз - Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластығымыз. құрметтілігіміз, парасаттылық пен имандылығымыздың айғағы. Кездесуді бастауға рұксат етіңіздер! Енді қонактарды таныстырып өтейін. Қонақтарды таныстыру. /орыс, қазақ, өзбек, үнді, сыған,түрік, корея ұлттары/. Ән: "Атамекен ".Жүргізуші: Сіздерге әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар. Казкенов Е.Ж., Нұхай Н., Амангельдинова Д.У.Құрметті әділ қазылар алдарында тұрған ұлттық тағамдарға назар аударып, өз бағаларын қойындар. Жүргізуші: Түріктер сталиндік репрессия кесірінен Грузияның оңтүстігі Месхет деген жерден Қазақстанға жер аударылған. Түрік мәдени орталығы Алматыда 1991 жылы кұрылған.Алдарыңызға түрік ұлттык-мәдени орталығының өкілін шақырамыз, қарсы алыңыздар! Түрік мәдени орталыгының өкілі қазақ тілінде өлең оқиды.Түркістан Түркістан - екі дүние есігі ғой, Түркістан - ер түріктің бесігі ғой. Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңір берген несібі ғой.Ертеде Түркістанды Тұран дескен, Тұранда ер түрігім туып өскен. Тұранның тағдыры бар толқымалы, Басынан көп тамаша күндер кешкен.Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе, Түрікке азаматта ел жеткен бе?! Кең ақыл отты қайрат, жүйрік қиял, Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?Жүргізуші: Ендігі сөзді сыған ұлтына берейік. 1-жүргізуші:Бұралып гөзел біздің билегенде, Өзбектің асқақ әні тербегенде, Қол соқпай дәті шыдап тұра алар, Құрбылар, айтындаршы қандай пенде?! Өзбек ұлтының өкіліне сөз берейік. Өзбек ұлтының өкілі: Өзбекті сарт деп те атайды. Ең алдымен өзіміздің Қазақстан Республикасының азаматы болғанымды мақтан тұтатынымды айтқым келеді. Қазақ пен өзбек бір тамырдан шыққан халықпыз ғой, қыз алып, қыз берісіп, тату-тәтті өмір сүрудеміз. Жүрегі кең, бауырмал қазақ елінен өз тарапымызға айтылған ауыр сөз, бөтен ой естіген емеспіз. Мен елімнің амандығын, осы бетпен алға жүре беруін тілеймін! "Өзбек биі" орындалады.Жүргізуші: Ортақ мекен жер шары,Төбемізде бір аспанБарлық ұлттың баласы,Достығымыз жарасқан.Ортақ бізге бір Отан,Еңбек ортақ, жыр ортақ.Ортақ бізге барлығы,Байлықгың ең үлкені — халықтар достығы.Ортаға қазақ ұлтының өкіліне сөз берейік.Өлең жолдары айтылады, «Саржайлау» биіЖүргізуші: Сөз кезегі үнді мәдени-орталығына беріледі.Жүргізуші: Кәрістер коре сарам, часон сарам, ханчук сарам болып үшке бөлінеді. Кәрістердің Қазақстанға келуі сол сталиндік репрессия кезінде Қиыр Шығыстан депортацияға ұшырауынан басталады. (Осы кезде бір бала шығып корей ақыны Ен Сен Неннің өлеңін оқиды)./ортаға кәріс өкілдері шақырылады/ 1937жыл еді.Поезд жүйткіп келеді.Терезеден тұрмын қарап таңдана:Дала, дала, кең дала.Содан кейін азаптан торыққаным есімде,Содан кейін қазақтарға жолыққаным есімде.Құшақ жайып қарсы алғаны есімде,Құрмет қылып ән салғаны есімде.Жоқ, ұмытпан,¥мыта алман жандарды ол,Достықтың отымен жүрегімді жылытқан.Қазакстан! Гүлстан! Ғажапстан! Күнстан!Жеттім сенде арманыма аңсаған.Қарыздармын. Бас иемін мен саған.Бас иемін сенде туып,Сенде ержетіп оқыған,Саган келіп ес жинаған өзімдейКәрістердің атынан.Жүргізуші: Бәрекелді, қандай өлең! Ортаға орыс ұлты шақырылады.Орыс мәдени орталығының өкілі: Алматы облысына қарасты Орыс мәдени орталығы 1992 жылы құрылған еді. Содан бергі кезде біздің орталық өлке жұртшылығының баянды тірлік құруы үшін аз еңбек сіңірген жок. Әрине, негізгі максатымыз - славян мәдениетін дамытуға, орыс тілін оқытуға, ұлттық салт-дэстүрімізді насихаттауға бағытталған. Біз елімізде ешқандай қақтығыс, төңкерістің болмағанын қалаймыз. Қазақстан әркашанда осындай тұрақты қалыпта болып, төбемізден күн күліп тұрса екен дейміз. Басқа бізге түк керек емес. Барлық мерекелерде басқа халықтармен бірге өзіміздің өнерімізді көрсетіп, ән салып, би билеп, той тойлаймыз. Біз үшін басты мәселе - өзара түсіністігімізді дамыту. Қазақстан жасасын!Жүргізуші: Бүгінгі кездесуіміз өте көңілді өтті деп ойлаймын. Қазақта "Отаны бірдің - тілегі бір, жүрегі бір" деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа болса да Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, дүние жүзі мойындап отырған Қазақстан атты еліміз! Бұл кездесуге жас ұрпақтың өкілдері де келіпті. Олар өздерінің Отан туралы ой-толғамдарын ортаға салуды жөн керді. Мирас:Қайсарлығы қара тасты үгіткен,Қаһарынан қас дұшпаны үріккен.Қайрымдылығы тас жүректі жібіткен,Арғы тегі Алаштан тараған, керегесін ағаштан кұраған елміз.Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз. Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанның жұпарын иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз. Шыдамның шегіне жеткенде, намыс оты еті түгілі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарай анталап тұрған жаудың алысқанының аузына ұрып, жұлысқанының жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз. Жүргізуші: Атырау-Алтай арасын, Алатау-Арқа даласын, Ана сүтін арда емген ақ пейіл қазақ баласы баяғы заманнан ата-жұрттың киесі қонып, осы даланың иесі болып келеді. Қазақ қазақ болғалы нені бастан кешпеді, жалындаған намысына су бүрікті, өшпеді, қылбұрау сап шыңғыртты, сағынды талай сындыртты. Өз ішімізден шыққан алауыздықтан бірін-бірі абақтыға тықкан күнді де көп көрдік. Талайды бастан өткердік. Тырнағын ішіне бүгіп келгенге сендік, бодандыққа үгіттегенге ердік. Ұлтының қамын ойлаған алтын айдар ұлдарымызды өз қолымыздан жығып бердік. Бүгінге қанагат, өткенге салауат айтып, жаңағы қаралы жылдар мен жаралы күндерді қарт тарихтың қойнына тапсырдық. Зарина: Запыран жұтқан жылдар оралмасын, еліміз жоғалмасын, тоналмасын. Заман тыныш, санаң дұрыс, қайран елім, енді қайтіп көрмесінші бодандықты басың! Тамыры терең рухың тас жарып шықты қайтадан, даламды тербеп байтақ үн, оянып қайта ой-санам, арылып алаң күдіктен, болашаққа үмітпен қарап, өмір атты айдында өрге жүзіп кемеміз, қарқындап есіп келеміз. Алина: Қайта оралып өткенім, қайта жанып өшкенім, қайта түлеп көктедім. Ендігі бізге керегі ынтымақты-ырысты, берекелі-бірлікті, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған, татулық туын ұстаған, басынан бағы ұшпаған еліндегі таныштықты, жеріндегі ырыс-құтты сақтайтын, басқа елдер санасатын, түсінісіп жарасатын терезесі тең, керегесі кең ел еді. Алыс-жақын шетелдерде, бабаларым ат ізін салмаған мекендер де Қазақстанды танып, назарына алып жатыр. Бірлігіме әлі талай ел қызығар! Әбіш: Себебі сайын дала төріне, Сарыарқаның жеріне, сан ғасырлық тарихы бар елдігімізді білгізіп, Елордамызды тұрғызып алдық. Астананың келбетіне қарасаң, өзгеріс бар орасан. Сән-салтанат сұлулыққа малынған Сарыарқаның нақ төріне салынған көп қабатты зәулім үйлер ормандай, мәңгі биік рухымыз болғандай, ұрпақ үшін бой көтерген қорғандай, Елорданың келбетіне қазіргі қалай тұрсың толғанбай?! Жас қаламыз, Бас қаламыз, Астанамыз өсе берсін өскен сайын ұлтымыздың көгертеді көсегесін! Анеля: Намыстан жаратылған нағыз ұлт дара тұрған қазағым өзің едің, қайрылма қанатыңнан, айырылма тіл-дініңнен, арайлы болсын бір күнің бір күніңнен. Ошағың қисаймастан, шаңырағың шайқалмастан түтінің түзу шықсын түндігіңнен. Жас мемлекет саналсақ та, жан берісіп, жан алсақ та, сұқтанған суық көзден ата-жұртыңды аман сақта нар ұлдары қазақтың. Өйткені біздің далаға ынтызар болмайтын кімдер, бүкіл әлем қызығар орнайды күндер. Ананың жасы, Арудың ары, Батырдың қаны төгілген бұл даланы көздеріңнің қарашығындай қорғай біліңдер, бізден кейінгі ұрпақ! Өйткені біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазакстан! (Осы кезде кездесуге қатысушылар бәрі бірігіп Қазақстанның Әнұранын орындайды) Жүргізуші: Иә, біз қазақ деген көл-дариядай кеңбіз ғой, осыншама халықты шеттетпей, достық қарым-қатынаста, татулықта тұрып жатырмыз. "Кең болсаң, кем болмайсың" деген сөз әр қазақтың көкірегінде сайрап жатқан болар.Жүргізуші.: Келесі сөз кезегің әзіл қазылар алқасына беріледі. Жүргізуші: Әрине, қазақтың қай тойы батасыз аяқталған?! Олай болса, мен бүгінгі кездесуді Оразақын Асқар ағамыздың айтқан батасымен аяқтағым келеді.Елбасымыз алысты көрсін,Ел-жұртымыз табысты болсын.Қыздарымыз сұлу,¥лдарымыз намысты болсын.Көршілеріміз тыныш болсын,Малымыз төлдеп, дастарханымызға ырыс толсын.Рудан өсіп, ұл өзін сыйлап,Ала алсын асылын жинап,Алаштың азаматтары бір ауызды болсын.Мәдениетіміз мәңгі болсын,Тұрмысымыз сәнді болсын.Бәрін айт та, бірін айт,Дербестігіміз мәңгі болсын! (Әумин!)Барлықтарыңыз дастарханнан дәм алыңыздар! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 793 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.03.2020 1578
    • DOCX 29 кбайт
    • 37 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Яковлева Виктория Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Яковлева Виктория Викторовна
    Яковлева Виктория Викторовна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 66216
    • Всего материалов: 212

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 782 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 991 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 410 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 760 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 979 человек

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Карьера и развитие в современном мире

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Классики русской педагогической мысли

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе